Тропикалық жемістерге ананас, банан, манго, финики жатады.
Ананас – шөптесін өсімдік жемістері. Оларды тропикалық климатты елдерден әкеледі. Пішіні мен түсі бойынша жеміс басында жапырақтары бар шырша жаңғағына ұқсас, жеміс массасы 1–2 кг. Жқмсағы ашық сары түсті, нәзік, қышқыл-тәтті, ароматты, құрамында қант (сахароза – 7%), органикалық қышқылдар (0,5%), минералды заттар, С, каротин дәрумендері бар. Балғын түрінде және шырын, компот, тосап жасауда қолданады.
Сапасы бойынша ананасты І және ІІ тауарлық сұрыптарға бөледі. І сұрыпты жемістер балғын, таза, дұрыс пішінді, жетілген, ашық қызыл сарыдан қызыл сарыға дейін түсті, механикалық зақымданусыз, аурулармен және зиянкестермен зақымданбаған болу керек. ІІ сұрыпты жемістер балғын, таза, көріксіз емес пішінді, зақымданусыз болу керек. Жемістерде ұрылғаннан және басқаннан пайда болған дақтар рұқсат етіледі; жасыл ананастар өткізуге жатпайды.
Банандар – шөптесін өсімдіктер жемісі, Вьетнам, Куба, Үндістан, Мексика және басқа тропикалық елдерден әкелінеді. Банан жемісі ұзындығы 20-25 см ұзынша формалы жуан жеңіл алынатын сары түсті қабықпен жабылған. Қабығы астында нәзік, ароматты, сід ұнды тәтті жұмсақ қрналасқан. Піспеген банандар крахмалға (18-20%) бай. Піскен банандар жұмсағында қант (20%), крахмал (2%), органикалық қышқылдар, азотты және пектин заттары, С, В1, В2 дәрумендері бар.
Сапасы бойынша бананды І және ІІ тауарлық сұрыпқа бөледі. Банан жемістері балғын, бүтін, таза болу керек. Қабығы сары түсті, ұшында, жеміс қырларында жасыл түс рұқсат етіледі.
Манго – негізінен Үндістанда кең тараған тропикалық өсімдік жемістері. Жемістері өрік түсті, орташа массасы – 300–400 г, ұзындығы 5–20 см. Жұмсағы сары немесе қызыл сары, нәзік, тәтті, ароматты. Манго жемістерінде қант (11– 20%), қышқылдар (0,2–0,6%), В, каротин дәрумендері бар. Піскен жемістерін тағам ретінде қолданады, олардан шырын, сәл піспеген жемістерінен тосап, маринадтар жасайды.
Құрма (Финики) – тропикалық елдердегі пальма ағашында өседі. Құрма - ұзындығы 4-5 см ұзынша сопақ пішінді, шырынды жеміс, жұмсағында ұзынша сүйек бар. Жемістер саудаға кептірілген түрде түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |