5.Бихевиоризм және әлеуметтік даму теориясы
Бихевиоризм және әлеуметтік даму теориясының негізгі зерттеу пәні баланың ішкі дүниесі емес,бақыланатын мінез-құлық тәртібі.Сондықтан бұл бағыт «бихевиоризм» (ағыл.behavior-тәртіп) дегенді білдіреді.Теорияның қайнар көзі И.Павловтан басталады.Одан әрі адамға байланысты қарастырған Дж.Уотсон (S-R) «стимул-реакция) сұлбасын ұсынады.Күрделі қарым-қатынас кезінде бұл сұлба өзінің әлсіздігін көрсетті.Необихевиоризмнің негізін салған Э.Толмен бұл сұлбаға толықтыру енгізді.Ол S мен R-дің ортасына «аралық айнымалы» енгізеді де,сұлба S-V-R болады.Аралық айнымалыға ішкі толқымалы сезімдер (тілек,сөз және т.б.) енді.Бихевиоризм негізінен бала дамуы тек үйретудің сандық үрдісі,яғни нышандар,дағды бірте-бірте қалыптасады.Бұл үйрету жаңа психикалық жаңалықтың негізінде жасалмайды.Теорияның күшті жағы:психологияға нақтылық,объективтілік,өлшем деген түсініктер енді.Әлсіз жағы:адам санасын есепке алуға болмайды,баланың белсенділігінің,ерік-күш жігердің болмауы.
Бала дамуындағы екі факторлы,конвергенция теориясы.
ХІХ ғ. Конвергенция немесе екі факторлы теория пайда болды.Негізін салған-В.Штерн.Оның айтуынша,психикалық даму конвергенция (қосылу),яғни ішкі және сыртқы жағдайлардың қосылуынан пайда болады.Мысалы,бала ойынына қоршаған орта ойынға қажетті материал дайындайды,ал баланың онымен ойнауы ойын түйсігіне байланысты.Биологиялық және әлеуметтік дамудың арақатынасын шешу үшін егіздер әдісі пайда болды.Егіздер монозиготолы (бір жасушадан тараған) болады.Егер әр түрлі тұқымқуалаушылық негізі бар балалар әр түрлі дамыса,негізгі фактор тұқым қуалау болады,егер бірдей болса,негізгі фактор орта болып есептелінеді.Монозиготолы әр түрлі жағдайда өскен балалар психикалық дамуы бірдей болса,онда негізгі фактор-тұқымқуалаушылық,ал әр түрлі болса,орта әсер етеді.Монозиготалы және дизиготолы егіздер коэффицентін анықтау барысында тұқымқуалаушылық пен орта әсерін көруге болады.В.Штерн дифференциалды психология өкілінің маманы болған.Ол балаға әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсерін зерттеген.Бұл теорияның мәні,бала психикасының даму үрдісі тұқымқуалаушылық және әлеуметтік орта әсерімен қалыптасады.Конвергенция теориясының негізгі қарастыратыны өмір сүру барысында қалыптасатын қасиеттерге тұқымқуалаушылық пен әлеуметтік орта қандай әсерін тигізеді.
Психологияда тағы екі теория тұжырымдамалары бар,эмпиризм («бала-таза тақта») және нативизм («туа біткен ойлар»).Штерн осы екі қарама-қарсы көзқарастың өмір сүруінің негізі болса,онда олардың қосылуында ақиқат жатыр дейді.Психикалық даму-бұл ішкі мәлімет пен сыртқы жағдайлардың қосылуы.Бірақ басты маңызды фактор туа біткен факторлар деп есептеді.Мысалы:қоршаған әлеуметтік орта балаға ойын материалын береді,ал қашан және қайда ойнау туа біткен түйсігі-ойын компонентіне байланысты.
В.Штерн рекапитуляция тұжырымдамасын жақтаушы болды.Бала нәрестелік шақтың бірінші айларында сүтқоректілер сатысында;өмірінің екінші жартыжылдығында ол заттарды ұстау,еліктеуді меңгеру арқасында сүтқоректілердің жоғарғы сатысына өтеді;келешекте сөйлеу мен тік жүруді меңгеріп,адам күйінің алғашқы сатысына көтеріледі;бірінші бес жылдықта әңгіме,ойын меңгеру барысында ол алғашқы қауымдық адам;жаңа саты-мектепке бару жоғары деңгейде әлеуметтік міндеттерді меңгерумен байланысты;бірінші мектептік шақ-көне заманмен,орта сыныпта-мәдениетпен,ересек жаста қазіргі өмір мәдениетімен байланысты болады.
Конвергенция теориясының дамуын «алма ағашынан алысқа түспейді», «алдыңғы арба қайда-артқы арба сонда» деген нақыл сөздер дәлелдейді.Ағылшын психологі Г.Айзенк (1916-1997) интеллект 80% тұқымқуалаушылықпен, ал 20% әлеуметтік орта әсерімен анықталады деген.
Даму үрдісіне биологиялық және әлеуметтік факторлардың әсерін психологтар егіздері зерттей отырып салыстырып, «егіздер әдісі» атты әдістемені дәлелдеді.Әлеуметтік орта бірдей емес,сондықтан бала қандай әлеуметтік жағдайда тәрбиеленетінін ескеру қажет.Зерттеу нәтижесі анық,нақты болу үшін екі белгісізден тұратын жағдаяттарды қарастыру керек.Осы әдістің көмегімен дамудың индивидуалды ерекшеліктерін зерттеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |