Факультетінің деканы п.ғ. к


Әлеуметтік үйрету теориясы



бет68/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   127
Байланысты:
кіші мектеп ,даму психологиясы

6.Әлеуметтік үйрету теориясы

Әлеуметтік үйрету тұжырымдамасы баланың қазіргі заманға бейімделуін және оның қазіргі заман әдеттері мен нормаларын игеруін көрсетеді.Бұл бағыттың өклдері классикалық шарттастық пен оперантты үйретумен қатар,имитация және еліктеу жолы бар деп есептейді.Мұндай үйрету америка психологиясында қаралды.Әлеуметтік үйрету теориясында даму проблемасы фрейдизмнен бастау алған бала мен қоғам арасындағы антогогизм негізге алынған.

Ғалымдар әлеуметтену деген ұғым енгізді.Әлеуметтену дегеніміз-қарым-қатынас пен іс-әрекет барысында индивидтің әлеуметтік тәжірибені белсенді меңгеру үрдісі мен нәтижесі.Әлеуметтік үйрету мәселесімен шетел психологтары А.Бандура,Р.Сирс,Б.Скиннер,т.б. айналысты.

А.Бандура (1925) жаңа мінез-құлық қалыптастыру үшін жазалау мен марапаттау жеткіліксіз деп санады.Сондықтан ол жануарлардан алынған қорытындыны адамның іс-әрекетіне тасымалдауға қарсы шықты.Оның ойынша,балалар жаңа мінез-құлықты имитациялар мен бақылаудың арқасында қабылдайды,яғни балаларға белсенді деп танылатын адамдарға еліктеу және идентификациялар арқасында жүзеге асады.

А.Бандура балалар мен жасөспірімдер агрессиясын зерттеді.Бір топ балаларға ересектердің әр түрлі іс-әрекеттері (агрессивті және агрессивті емес) және одан кейін болатын салдарын (жазалау,марапаттау) бейнелейтін бейнефильм көрсетілді.Мысалы:фильмде ересектің ойыншықтармен агрессивті айналысқаны көрсетілді.Кино көріп болған соң балалардың өздері жеке қалдырылды және сол кинода көрсетілген ойыншықтарға ұқсас ойыншықтармен ойнады.Бұның нәтижесінде киноны көрген балалардың агрессивті іс-әрекеті ол киноны көрмеген баланың агрессивті іс-әрекетінен ұлғая түсті және жиі көріне бастады.Егер кинода агрессивті іс-әрекеттің нәтижесі марапатталса,онда жасөспірімдерде осы агрессияның көрінісі тіпті өте жоғары деңгейде болды.Ал,егер ересек агрессивті адамның іс-әрекеті нәтижесінде ол адам жазаланатын болса,жасөспірімдерде агрессияның көрінуі төмендеді.

Бандура «стимул-реакция» деген диаданы жекешеледі.Бұл сұлбада ол балалар үлгіге еліктегенде,жаңа іс-әрекет қалыптасатынын түсіндіретін төрт аралық үрдісті енгізді:

1.Үлгі іс-әрекетіне көңіл бөлу;

2.Үлгі әсерін есте сақтау;

3.Көргеніңді қозғалыс арқылы қайта өңдіру;

4.Баланың көргенін орындауға итермелейтін мотивация;

Осылай А.Бандура танымдық үрдіс ролін мойындады.

Атақты американ психологі Р.Сирс (1908-1998) жеке тұлға дамуының диадалық анализ принципін ұсынды.Бұл принцип тұлғаның көптеген алғашқы қасиеттері диадалық жағдайларда қалыптасатынын тұжырымдайды.Өйткені,адам әрекеті басқа адамға тәуелді және соған бағдарланған.Диадалық қатынастарға бала мен ананың арасындағы қарым-қатынас,әке мен баланың арасындағы қарым-қатынас және т.б. жатады.Ғалымның ойынша,өзгермейтін ерекшелік болмайды,жеке тұлғаның қалыптасуына диадалық қарым-қатынасқа енетін барлық мүшелердің әсері болады.Сирс бала дамуының 3 фазасын жекешеледі:

1.Рудиментарлық тәртіп фазасы-ерте нәрестелік кезеңде қалыптасқан туа біткен қажеттіліктер мен үйретулерге негізделген.

2.Алғашқы мотивациялық жүйелер фазасы-үйрену отбасынан басталады.

3.Екінші мотивациялық жүйелер фазасы-үйрету отбасынан тыс жерлерде жүзеге асады (бұл баланың мектепке баруымен байланысты болады).

Сирс әлеуметтену үрдісінде ең бастысы-ата-аналардың бала тәрбиесіне ықпалы деп есептеді.

Сирс үйретудің негізгі компоненті көреалмаушылық деп есептеді.Баланың ең алғашқы тәуелділігі анаға екені белгілі,ол ерте сәбилік шақтағы кезеңде байқалады.Сирс тәуелді тәртіптің бес формасын көрсетті.


  1. «Негативті алаңдау» - бала ата-ананың көңілін ұрыс арқылы немесе оларды тыңдамай және ара-қатынасты бұзу арқылы өзіне зейінін аударғысы келеді.Мұның себебі,төмен талаптар мен балаға қатысты шектелудің жеткіліксіздігі.

  2. «Ұдайы растауларды іздеу» - кешірімдер,өтініштер,артық уәделер немесе қорғаныш,сая,жұбаныш іздеу.Мұның себебі, балаға деген өте көп талаптар,әсіресе ата-ана тарапынан шамадан тыс жетістікке жетуді талап ету.

  3. «Позитивті зейін аудару» -топқа мүше болып кіру немесе өзінің іс-әрекетіне мақтауды талап етуден байқалады.

  4. «Жақын арада болу» - бір баланың немесе топтың жанында әрқашан да ересектердің болуы.Бұл форманы «піспеген» деп атауға болады,яғни іс-әрекеттегі ұнамды тәуелділіктің көрінуінің пассивті формасы.

  5. «Қол тигізу және жібермеу» - бұл агрессивті емес қолын тигізу,құшақтау немесе басқаларды жібермеу арқылы жанында ұстап қалуға тырысу.Бұл жерде тәртіптің піспеген тәуелді формасын айтуға болады.

Р.Сирс ата-аналарға балаларды тәрбиелеуде балаға әсер ететін тәрбие формасын табуы қажет деп есептеді.Ол үшін келесі ережені ересектер ұстануы қажет:өте күшті емес, өте әлсіз емес тәуелділік;өте күшті емес,өте әлсіз емес индентификация;

Жаңа тәртіпті қалыптастырудағы марапаттау мен жазалау рөлін американ психологі необихевиорист Б.Скиннер (1904-1990) қарастырды.Оның тұжырымдамасының негізгі түсінігі бекіту, яғни оы іс-әрекеттің қайталану мүмкіндігінің көбеюі немесе азаюы.Ол осы үрдісте марапаттау рөлін де қарастырды,бірақ жаңа іс-әрекет қалыптастыруда бекіту мен марапаттау рөлдерін айырды,ол бекіту іс-әрекетті күшейтеді,ал марапаттау керісінше әсер етеді деп есептеді.Оның ойынша,бекіту теріс және оң болады және алғашқы ( тамақ,су,суық) мен шартты (ақша,махаббат белгілері,көңіл,т.б.) болады.

Б.Скиннер жазалауға қарсы шықты,оның ойынша ол тұрақты және ұзақ эффект бермейді,ал жазалау жаман іс-әрекеттерді елемеуді ауыстыра алады.

Американ психологі Дж.Гевирц әлеуметтік мотивацияның пайда болу шартына және баланың ересекке бауырмалдығы мен ересектің балаға бауырмалдығын зерттеуге көп көңіл бөлген.Жетістіктер Сирс пен Скиннердің идеяларына негізделді. Гевирц баланың іс-әрекет мотивациясының негізі бекітуге негізделген үйрену мен қоршаған ортаның ынталандыру әсері деген шешімге келді.Сондай-ақ,баланың әр түрл реакциялары, мысалы:күлкі, жылау, қуаныш, т.б. баланың тәртіп мотивациясының қайнар көзі болып табылады.

Американ психологі У.Бронфенбреннер зертханалық зерттеулердің нәтижелерін табиғи жағдайларда тексеру қажет деп есептеді,яғни отбасында,құрбы-құрдастар мен топтарда, т.б. Ол отбасы құрылымына және баланың іс-әрекеті дамуындағы маңызды фактор ретінде басқа да әлеуметтік институттарға көп көңіл бөлді.Сондықтан ол өзінің зерттеулерін отбасын бақылау арқылы жүргізді.

Бронфенбреннер америка жанұяларында «жастық сегрегациялар» феноменінің пайда болуын зерттеді.Бұл феномен жастардың қоғамда өз орнын таба алмауына байланысты тұжырымдалады.Мұның нәтижесінде адам өзін қоршаған адамдардан үзіліп қалғандай сезінеді және олармен өштесіп алады.Ақыры көңілі қалаған жұмысты тапқанда,ол жұмыстан ләззәт алмайды,сондықтан оған деген қызығушылық бірте-бірте сөнеді.Адамдардың басқа адамдардан және жұмыстан жекеленіп қалғандай сезіну фактісі америкалық психологияда «бөтендену» деген атпен танылды.

Бронфенбреннер бөтенденудің түп-тамырын қазіргі жанұялардың келесі ерекшеліктерінен көрді:

-аналардың жұмысқа көп уақытын бөлу;

-ажырасудың көбеюі,соған байланысты әкесіз өскен балалар санының өсуі;

-әкенің жұмыстан босамауынан,әкемен қарым-қатынастың жетіспеушілігі;

-жеке бөлме мен телевизордың пайда болуынан ата-анамен қарым-қатынастың жетіспеушілігі;

-көршілермен және туысқандармен сирек қарым-қатынас.

Осы және бұданда басқа көп қолайсыз жағдайлар бала психикасының дамуына әсер етеді,бөтенденуге әкеп соғады,мұның себебі,жанұяның бөтенденуіне әкеледі.Бірақ Бронфенбреннер есептеуінше,бөтендену күші бірінші жанұяда емес,қоғамның өмір сүруіне және жанұялар соқтығысатын объективті жағдайларға байланысты пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет