Идентификаттау әдістерін классификациялау. Қазіргі замағы теорияға сәйкес идентификаттаудың келесі классификациясын ұсынуға болады:
1) идентификаттаудың қорытынды нәтижесі бойынша (құрылымдық және параметрлік);
2) идентификаттау объектісін зерттеу тәсілі бойынша (белсенді және пассивті)
3) идентификатталатын модельдің типі бойынша (сызықты және бейсызықты; детерминді және стохастикалық; үздіксіз және дискретті уақытты; стационарлы және бейстационарлы; бірөлшемді және көпөлшемді; статикалық және динамикалық; параметрлері жинақты және таралған).
Белсенді және пассивті идентификаттау. Объектті идентификаттау сәттілігі екі факторлардың қатынасына тәуелді: объекттің құрылымы туралы априорлы ақпараттың көлемі және өлшенген ақпарат көлемі. Априорлық мәліметтер модельдің құрылымын, яғни оның түрін (кірістер мен шығыстар санын, олардың арасындағы байланыстар түрін) анықтауға жәрдемдеседі. Идентификаттаудың белсенді тәсілінде кірісті жүзеге асыруды зерттеушінің өзі объекттің кірісіне сынақтау сигналдың қолайлы формасын(секірмелі сигнал, импульстік сигнал, гармоникалық, тікбұрышты, трапециялық, үшбұрышыт және с.с. тербелістер түріндегі сигналдарды) беру арқылы қалыптастырады. Объект шығысының жүзеге асырылуы оның сынақтау сигналына қайтаратын реакциясы болып табылады. Бұл кезде идентификаттаудың қазіргі теориясында экспериментті оптимальды жоспарлау әдістері кеңінен пайдаланылады. Идентификаттаудың пассивті тәсілінде объекттің кірісі мен шығысының жүзеге асырылуы ретінде объекттің қалыпты жұмыс жасау барысындағы олардың табиғи өзгерулерін қабылдайды.
10.10 суретте модельді құрудағы априорлы ақпарат (құрылым туралы) және өлшеулер туралы апостериорлы ақпарат арасындағы байланыс көрсетілген. Суреттің жоғарғы бөлігі ары-қаарй сықтандырып және кәдімгі дифференциальды теңдеулерге түрлендіріп физикалық заңдарды пайдаланудың нақтылы мысалы ретінде модельді құру үрдісін бейнелейді. Пайда болатын теңдеулер модельдің құрылымын анықтайды. Әр қадамда қателер пайда болады. Суреттің төменгі бөлігінде өлшеулерге негізделген және деректерді өңдеуді және бағалау алгоритмдерін қамтитын бағалау процедурасы бейнеленген. Мұнда да қателердің әртүрлі түрлерін ескеру керек.
Сурет 10.10 - Априорлы ақпарат (құрылым туралы) және өлшеулер туралы апостериорлы ақпарат арасындағы байланыс
Бақылау сұрақтары
1 сәйкестендіру кезеңдері;
2 сәйкестендіру сапасының өлшемдері мен көрсеткіштері;
3 құрылымдық және параметрлік сәйкестендіру;
4 белсенді және пассивті сәйкестендіру.
Әдебиеттер
Негізгі әдебиет
Ахназарова С.Л., Кафаров В.В. Методы оптимизации эксперимента в химической технологии: Учебное пособие для вузов. - 2-е изд., перераб. и дополненное. -М.: Высшая школа, 2015. -327с.
Построение математических моделей химико-технологических процессов. Под ред. Дудникова Е.Г. - Л.: Химия, 1970. –312 с.
Практикум по автоматике и системам управления производственными процессами: учеб. пособие для вузов /под ред. И.М.Масленникова. -М.: Химия, 2016. -336с.
Қосымша әдебиет
Толчеев В.О., Ягодкина Т.В. Методы идентификации линейных одномерных динамических систем. -М.: Изд-во МЭИ, 2007