1.Фигураның ауданы деп нені түсінеміз ?
2. Қабырғасы а-ға тең шаршы ауданы қалай анықталады ?
3. Параллелограммның ауданы қандай формуламен анықталады ?
4. Трапецияның ауданын қандай формуламен анықтауға болады ?
5.Үшбұрыштың ауданын анықтайтын формулаларды жазыңдар.
6. Ромбының ауданының формуласын жазыңдар.
АКТ.
Көңілді әуен қосып қою.
Бағалау парағы.
Интербелсенді тақта
Сабақтың ортасы.
12 минут
10 минут
6 минут
« Постер» қорғау тәсілін пайдаланып, тақырып бойынша әрбір топқа тапсырмалар беру. Әрбір топқа беретін тапсырмасы:
І топ: үшбұрыш сызбасы бойынша ауданын табу.
ІІ топ: параллелограмм сызбасы бойынша ауданын табу.
ІІІ топ: ромбының қажетті элементтері бойынша кестені толтыру .
ІҮ топ: трапецияның элементтері бойынша кестені толтыру.
(Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады.
Тапсырмаларды орындап дәптерлеріне жазады және тақтаға әр топтың оқушысы шығып, түсіндіреді) .
Оқулықпен жұмыс . « Ойлан- Жұптас- бөліс» әдісін пайдаланып, әр топқа оқулықтан тапсырмаларды бөліп беру, бақылау.
І топ: № 3.33 есеп. АВС үшбұрышында АВ = 16 см, ВС= 22 см, С төбесінен түсірілген биіктігі 11 см. Үшбұрыштың ВС қабырғасына түсірілген биіктігін табыңдар. Дескриптор:
Есептерді шығару барысында формуланы дұрыс қолданады. 1 ұпай.
ІІ топ: № 3.28 есеп.
ІІІ топ: № 3. 32 есеп.
ІҮ топ: № 3.37 есеп.
Оқулықпен жұмыс барысында оқушылардың қажеттілігіне қарай саралау жұмысының « тапсырма» тәсілі бойынша алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар кеспе қағаздар пайдалану.