Барлық оқушылар білуге тиісті: Берілген төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдана алады.
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: Фигуралардың қасиеттерін есептер шығару барысында қолдана алады.
Берілген аудан формулаларын дәлелдей біледі.
Кейбір оқушылар білуге тиіс: Тақырыптық формулаларды, фигуралардың қасиеттерін орынды қолданып, десептерді дұрыс шеше біледі.
1.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.
ә)Сабаққа дайындығын тексеру.
Топқа бөлу. Үшбұрыш, параллелограмм, трапеция, ромб фигуралары сызылған кеспе қағаздарды тарату.
Оқушылар фигуралардың түрлерін ажырата отырып, қажетті топқа орналасады.
І топ: үшбұрыш; ІІ топ: параллелограмм ; ІІІ топ: ромб; ІҮ топ: трапеция. Топ басшысы сайланып, бағалау парағы беріледі, топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалау парағына толтырады.
2. Үй тапсырмасын тексеру: «Сынып көмегі» әдісі арқылы кез-келген оқушыдан сұралады. Есепті шығара білмеген, не түсінбеген оқушы өзіне «көмекші» таңдау арқылы түсінуге тырысады.
3. «Кім жылдам»ширату сұрақтары (әр сұраққа 1 балл) Әр топ оқушылары интербелсенді тақтадағы тақырыптық сұрақтарға жауап береді.