І.Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау (оқу құралдары, оқушылардың сабаққа қатысуы, сыныптың сабаққа әзірлігі)
ІІ.Өткен материалдарға шолу:
Оқушылардың өткен материалдардан үйге берілген тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқушыларға арнайы торкөздері бар қатты қағаздар мен маркерлер беріп тапсырманың есте сақтағандарын тексеру.
Өткен сабақтағы аудан ұғымы, фигуралардың аудандары, тіктөртбұрыштың ауданы тақырыптары.
ІІІ. Жаңа сабақ Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру. Сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижені айту.
Оқушылар аудандар таұырыбын өткеннен кейін бүгінгі сабақата тек үшбұрыш түрлерінің аудандарын қорытып шығарады.
Ол үшін оқушыларды отырған орындары бойынша топқа бөліп, әр топтан бір оқушы шығып мұғалім үстелінен жасырын (тікбұрышты, тең қабырғалы, тең бүйірлі) үшбұрышты таңдайды. Сол таңдаған бойынша оқушылардың өткен сыныптардан білетін үшбұрыштардың периметрлері, қабырғаларының қасиеттері мен қабарғаларының арасындағы байланысты еске түсіру үшін әр топқа 10 есептен беріледі. Тапсырмалар берілген қағаздың соңында есептердің жауаптары беріледі. Оқушылар сол жауаптарды рет – ретімен орналастырулары керек. Жауаптардың жанына есептердің нөмірлерін салады.
Аяқтаған командалардың есептері тексеріледі.
Екінші кезеңде оқушыларға топтары бойынша үшбұрыш түрлерінің аудандары беріледі. Сол формулаларды дәлелдеулері керек.
1. Теңбүйірлі үшбұрыштың табаны , бүйір қабырғасы болса, ауданы
формуласымен анықталатынын дәлелдеңдер.
2. Қабырғасы болатын тең қабырғалы үшбұрыштың ауданы
формуласымен анықталатынын дәлелдеңдер.
3. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері және . Оның ауданы
формуласымен есептелетінін дәлелдеңдер.
Командалар дәлелдегеннен кейін оқушыларға үшбұрыштың қабырғалары әртүрлі болғандағы аудандарын табуға арналған Герон формуласын білетін білімдерін қолданып қорытып шығару.
Оқушыларға дәлелдеуді көрсеткеннен кейін аудан табуға арналған тапсырмалар үлестіріледі.
Әр топқа 11 есептен беріледі.