«Қазақ әдебиеті» газеті. 2003. 28 ақпан. 3-б.
239
ПРеЗиДеНТ НАЗАРЫНДА – МӘДеНи МұРА
Қауіп етеріміз – науқаншылық
Қай халық болса да өзінің өміріне тұрмыс-тіршілігіне
қажетті пайым-түсінігіне сай мәдениет жасайды. Мәдениеттің
материалдық та, рухани да түрі елдің қоғамдық дамуына байла-
нысты өзгеріп, дамып жаңарып отырады. Қазақ жұрты да өзінің
ұзақ тарихында кезең-кезеңге сәйкес мәдениет жасап отырған.
Бұрынғы сақ, ғұн, үйсін, түркі бабаларымыздан бастап, бүгінгі
ұлтымыздың мәдениетіне шолу жасасақ алуан түрлі мұрамыз
және қазіргі заманға лайық түрлері көп мәдениетіміз бар екеніне
көз жеткіземіз. Әсіресе, өмір салтының ерекшелігіне байланысты
рухани мәдениетіміз өзіндік сипатта болғаны белгілі. ол ауыз-
ша туындап, ауызша орындалып ауызша тараған. Сөйтіп атадан
балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, бір дәуірден екінші дәуірге
көшіп отырған. Жай ғана көшіп қоймаған, әр дәуір сайын толы-
сып, толығып, жетіле түскен, үнемі баю, даму үстінде ғұмыр кеш-
кен. Мұндай ескі мен жаңа біртұтас дүниеге айналған қадамы, бір
жағынан, алғашқы нұсқада сақталса, екінші жағынан, өзгеріске
жаңғыра ұшыраған, үшінші жағынан, соны мәдениеттің негізін
қалаған әрі ажырамас бөлігіне айналған. Екінші сөзбен айтқанда,
рухани мәдениеттің өз ішінде күрделі процесс жүріп жатқан,
сондықтан мәдениет кей тұстарда қоғам дамуынан алға озып, кей-
де кейін қалып отырған. Өкінішке қарай, рухани мәдениеттегі осы
заңдылық Кеңес дәуірінде біржақты қаралып таптық тұрғыдан
ғана бағаланды. Сол себепті рухани мұра үстем таптікі және ке-
дей таптікі деп, жасанды түрде екіге бөлінді де, оның біраз бөлігі
жиналмай, зерттелмей қалды. Соның салдарынан өмірден ғайып
бола бастады. Енді осы олқылықты жойып халқымыздың мол
мұрасын, фольклорын, дәстүрі мен салттарын және сан ғасырлық
әдебиетін бөле-жармай зерделеу мүмкіндігі туып отырған сияқты.
«Сияқты» дейтініміз – бұл жұмыс әдеттегідей, науқанға айна-
лып кете ме деген қаупіміз ауыр болса да айтайық, біз, қазақтар,
бір нәрсені талап етіп бастаймыз да, ұзаққа бармай, мықтағанда
1-2 жылға созамыз да баяғы бәз қалпымызға қайта түсеміз.
Мәселен, тарих жылы, мәдениет жылы деген кездері ел-елге
экспедиция жіберген болдық, материал жинаған болдық. Алай-
да, сол жұмыс аяқсыз қалды. Жиналған материалдар бір жерге
240
топтастырылмады, не нәрсе екені анықталмады, жүйеленбеді,
жарияланбады ғылыми айналымға түспеді. Ұстағанның қолында,
тістегеннің аузында кеткен тәрізді. Бұлай болуының бірнеше
себебі болды. Біріншіден, экспедиция ғылыми негізде, жоспарлы
түрде жасақталмады. Екіншіден, экспедиция құрамына маман-
ғалымдар енгізілмеді, көбінесе «сауаты бар болса – жарайды»
деп маманданбаған адамдар кірді. Үшіншіден, қандай матери-
ал жинау керектігі, текстерді қалай жазып алу методикасы ай-
тылмады. төртіншіден, жергілікті атқару мекемелері бұл істің
маңыздылығына жете мән бермей, формальді қарап, кейбір экс-
педиция ойдағыдай болмады. Ал, атқару мекемелері бұрынғыша
рапорт беруге тырысты. Міне, осы жағдай қайталанбаса екен.
ол үшін, біздіңше төмендегі шарттарды және шараларды ескеріп
жүзеге асыру қажет.
Қолжазбалар қорын ғылыми негізде жүйелеу керек
Президент ұсынып отырған «Мәдени мұра» бағдарламасын
орындау мерзімі 2-3 жылмен шектелмей ұзақ мезгілге жоспар-
ланғаны жөн. Ескі әдетке баспай асықпай-үсікпей, науқандатпай,
таза ғылыми негізде жүйелі бағдарлама жасап, соны әр жылға
есептеп, кезең-кезеңімен істеу керек. Аталған бағдарлама бойын-
ша Президент көрсеткен үлкен-үлкен 4 мәселе бар. Жинақталып
аталған осы мәселелерді таратып айтар болсақ, мынадай кешенді
іс-шаралар жүзеге асырылуға тиіс деп ойлаймыз.
Өткен ғасырларда жиналған қолжазбалар мен жазылып
алынған алуан түрлі шығармалар мен әдет-ғұрыптар, ән мен
күйлер бар. олар әр мекемеде әр түрлі жағдайда сақталуда, әр
түрлі мақсатта пайдаланылуда. Соның бәрін бір арнаулы меке-
меге топтастырып, ғылыми негізде жүйелеу керек. Мұның өзі
бірнеше процесті қамтиды: қолжазбаларды қалпына келтіру (ре-
ставрация), ғылыми сипаттамасын жасау (научное описание),
ұзақ мерзімге сақтау (консервация) жұмыстары. Бұларды орын-
дау үшін арнайы режимі, тұрақты температурасы, мөлшерлі
ылғалы, т.б. бар жағдай қажет. оның үстіне қолжазбаларды «ем-
деу», жөндеп, қалпына кептіру үшін неше түрлі химикат, «дәрі-
дәрмек», арнаулы сұйық заттар болуға тиіс. Былтыр Иранға
барғанда, осының бәрін көріп, таңқалдым әрі қызықтым. Бір
ғажабы – оларда осындай шаруамен шұғылданатындар – кілең
241
жастар. демек, біз де қолжазба мен ескі кітаптарды жөндейтін,
емдейтін мамандар дайындауымыз керек. Бәлкім, мамандарды
сол Иранға, не басқа елге стажировкаға жіберу арқылы даярлау
қажет шығар.
Қолжазба қалпына келтірілгеннен кейін ғылыми тұрғыдан
сипатталуы керек. оның шарттары бар. Сипаттама біткен соң ол
қолжазбаны ұзақ сақталуы үшін «дәрілеп», жөндеп, консерваци-
ялау қажет. Содан соң оның көшірмесін жасау – міндет. осыдан
кейін ғана көшірме бойынша жұмыс істеп, қолжазбадағы неме-
се ескі кітаптағы мәтінді жарыққа шығаруға, я болмаса зерттеу-
ге болады. Әрине, жариялау үшін әуелі ғылыми текстологиялық
жұмыс жүргізген жөн.
Міне, осы айтылғандардың көпшілігін М.о. Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институты жүзеге асыруда.
Институттың Қолжазба және текстология орталығында мыңдаған
қолжазба, ескі кітап және музыкалық жазбалар сақталуда.
Қызметкерлеріміз қолжазбаларды қалпына келтіру, сипаттау,
мәтіндерді текстологиялық тұрғыдан талдау мен жариялау ісін
ойдағыдай атқаруда. Мәселен «Қазақ қолжазбаларының ғылыми
сипаттамасы» деген 6 том еңбек жарық көрді, 7-ші томы баспада
жатыр. Сондай-ақ «Қазақ халық әдебиеті» атты ғылыми-көпшілік
сериямен 14 том жарыққа шықты, т.т. Ендеше, мол қоры, ма-
мандары, тәжірибесі бар Институттың осы орталығын кеңейтіп,
республикадағы қопжазбаларды осында топтастырсақ, біраз ша-
руа тындырылатыны күмәнсіз.
Басты мақсатымыз – барша игіліктерді игеру
Қолжазбалар мен ескі кітаптардағы мәтіндерді жарыққа
шығару – мәдени мұраны сақтау ғана емес, сонымен қатар елге
таратып, қоғамның кәдесіне жарату және ғылыми айналымға
енгізу деген сөз. осыны ескеріп, біздің Институт «Бабалар сөзі»
атты сериямен қазақ фольклорының 100 томдық академиялық
жинағын даярлап, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінің жәрдемімен жарыққа шығаруды көздеп отыр.
осымен қатар мәтіндерді электрондық жинақ ретінде сақтауды
да ойластырып жатырмыз.
Институтта тек қолжазба мен ескі кітаптар ғана жинақ-
талмаған. Бұлармен бірге XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап
242
жазылып алынған жүздеген ән мен күй бар. оларды да келер
ұрпаққа сақтау үшін лазерлі дискіге көшіріп жатырмыз. Келе-
шекте «Қазақ музыкасы» атты бірнеше томды қамтитын антоло-
гия жасасақ дейміз.
Мәдени мұрамыз – тарихымыздың куәсі әрі айнасы.
олай болса, ел арасында әлі сақталып жатқан қолжазбалар
мен ескі кітаптарды жинастыру, сондай-ақ, айтылып жүрген
халық әндері мен өлеңдерін, орындалып жүрген күйлер мен
жырларын, т.б. мұралық дүниелерін жазып алу, бір жағынан,
ұлтымыздың мұрасын сақтау үшін, екінші жағынан, оны білу,
пайдалану, сөйтіп, бүгінгі мәдениеттің қажетіне жарату үшін,
үшінші жағынан, ғылыми мақсатта талдап, зерттеу үшін ауадай
қажет шаруа. Ал, мұны ойдағыдай орындау үшін жыл сайын әр
облысқа жоспарлы түрде мамандардан жасақталған арнаулы экс-
педиция шығарып тұру керек. Экспедиция комплексті болуы
шарт: оның құрамында фольклорист, этнолог, музыкатанушы,
суретші, телеоператор сияқты мамандар жұмыс істеуі шарт. Әр
облысқа кезек-кезек жіберіп, жан-жақты зерттеудің нәтижесінде
Қазақстанның фольклорлық картасын жасауға болады. Бұл –
рухани мұрамыздың қай түрі қай облыста қалай сақталғанын
және зерттелгенін көрсету әрі мұраны зерделеудің келешектегі
бағыттары мен аспектілерін жетік білу деген сөз.
Мұраны сақтаудың озық түрі – СD-ROM
Кезекте тұрған зәру шаруаның бірі – шетелдерде тұратын
қазақтардың мәдени мұрасын жинап, келешек ұрпаққа жеткізу.
Бұл іс бізде жүйелі түрде жүрмей жатыр. Әркім әр елге барып,
өзінше бірдеңе жинаған болып, тапқанын әкеліп, малданып жүр.
Ал, қазақ диаспорасының фольклоры мен ән-күйлерін, салт-
дәстүрлерін, қолөнерін анықтап, зерттейтін білгір мамандардан
құрылған арнаулы экспедиция шығып көрген жоқ. Әрине, қаржы
мен шама жетіп жатса, Қазақстанның өз облыстары мен қатар
шетелдерге де комплексті экспедиция жасақтағанға не жетсін?!
Ерте ме, кеш пе, әйтеуір, бұл жұмыс істелуге тиіс.
Жалпыхалықтық мұраны сақтаудың қазіргі замандағы ең
үздік әрі озық формасы – СD-RоМ-ға (Сидиромға) түсіру.
Мәселен, Египетте қасиетті Құран түгелімен осылай көшіріліп,
қолдануға да, сақтауға да қолайлы жағдай жасалған. түптің
243
түбінде, қолжазбадағы да, кітаптағы да текстерді лазерлі дискіге,
СD-RоМ-ға көшіру қажеттігі – бәрібір алдымыздан шығады,
сондықтан бұл жәйтті осы бастан ойластырған жөн сияқты.
Президенттің Жолдауында аса бір маңызды мынадай ұсыныс
бар. «Ұлттық әдебиет пен жазудың санғасырлық тәжірибесін
қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық десте-
лер жасау». Бұл міндетті орындау – оңай шаруа емес. Әсіресе,
ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту,
біріншіден, теориялық білімі жоғары мамандарды, екіншіден,
айтарлықтай қаржыны, үшіншіден, біраз уақытты талап етеді.
Қазақ әдебиетінің тарихы кеңес кезінде де жазылған болатын.
Бірақ ол тұста көп дерек қамтылмады, шынайы ой айтылмады.
1937, 1950 жылдардағы «ұлтшылдықпен күресу» науқанынан кейін
ғалымдар объективті заңдылықты айтудың орнына партияның
сөзін сөйлеп, өздерінің ойын ашық айтудан қорықты. оның үстіне
отаршылдық саясаттың ырқымен жүріп, қазақ әдебиетінің тари-
хы тек XVIII ғасырдан басталады деген концепциямен жазылды.
Сол 6 кітаптан тұратын әдебиет тарихының шыққанына да 40
жылдай уақыт болды. Содан бергі замандағы әдебиеттің тарихи
даму жолы тыс қалды. Ең бастысы, Қазақстан – тәуелсіз дербес
мемлекет болды, коммунистік идеология өмірден кетті. Енді өз
тарихымызды, өз әдебиетімізді, фольклорымыз бен өнерімізді
ешкімге жалтақтамай, қазақ көзімен қарап, қазақтың мүддесі
тұрғысынан зерттеу мүмкіндігі туды, Мәдени мұрамызды да,
осы күнгі мәдениетімізді де объективті түрде зерделеу, олардың
даму тарихындағы, бүгінгі хал-жәйындағы заңдылықтарды ашық
айта алатын халге жеттік. Міне, осының бәрін ескере отырып,
М.о. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 10 томдық
«Қазақ әдебиетінің тарихын» және 3 томдық «Өнер тарихын»
жазуға кірісті. Межелеген мезгіліміз – 2005 жыл.
«Қазақ әдебиеті» газеті. 2003. 18 сәуір. 3-б.
244
МұРАгеР МұРАТЫ
Өз мемлекеттігінен айырылған қазақ халқы үш ғасырдан
астам уақыт өткен соң қайтадан мемлекет құру мүмкіндігіне ие
болды. осы тарихи мүмкіншілікті жүзеге асыру – аса маңызды,
өте жауапты әрі тым қиын іс болатын. Жаңадан мемлекет құру
ісі аласапыран заманға, қым-қиғаш оқиғалар тізбегіне тұспа-
тұс келді. оның үстіне адамзат тарихында болып көрмеген
социалистік сипаттағы қоғамнан капиталистікке көшу процесі де
қайшылыққа толы болды. Міне, осындай аса бір қиын жағдайда
елді салиқалылықпен, парасаттылықпен басқарып, қоғамды
жұмылдыра білетін әрі соңынан ерте алатын басшы керек болды.
Қазақ халқының ғана емес, бүкіл Қазақстан жұртының бағына
қарай ондай көсем табылды. ол – нұрсұлтан назарбаев еді.
Бүгінгі
Қазақстанның
барлық
жетістігі
нұрсұлтан
Әбішұлының есімімен байланысты десек, артық айтқандық емес.
Есімізге алайықшы. тәуелсіздік алған кезде бізде мемлекетке
қажет атрибуттардың көбісі жоқ еді ғой. Шекарамыз ашық жат-
ты, өзіміздің армиямыз болмады, ұлттық валютамыз да жоқ бо-
латын, жерімізде Ресейдің көп қаруы жатты, континентаралық
баллистикалық зымырандар тұрды, т.б. Еліміздің ішінде бұрынғы
империяны көксеген күштер, бір жағынан, жерімізге қызығушы
сыртқы көздер, екінші жағынан, зор қауіп болды. Әлеуметтік
күйзелістер де жағдайды біраз шиеленістіре түсті. осы пробле-
маларды бірінен соң бірін асқан білгірлікпен жүзеге асыру –
қиынның қиыны еді. Ішкі және сыртқы саясаттың күретамыр
мәселелерін шешумен қатар экономикалық және саяси рефор-
малар тез әрі қарқынды жүргізілді. Соның арқасында Қазақстан
Республикасын бүкіл әлем таныды, танып қана қойған жоқ, тМд
елдері ара-сында алға озып кеткен нарықтық қатынасқа толық
көшкен мемлекет деп мойындады.
Өткен он бір жылдың ішінде әрқилы жағдаят болды. Әсіресе,
әлеуметтік салада бұқара көпшілік қиналысқа ұшырады. Пре-
зидент н.назарбаев үнемі елді қиындыққа төзуге, сабырлық
сақтауға шақырып, жағдайдың жақсаратын кезі келетініне
сенім білдіріп жүрді. Міне, сол кезең келген сияқты. Биылғы
халыққа арнаған Жолдауында Елбасы экономика мен саясат
мәселелеріне ғана емес, сондай-ақ қоғамымыздың әлеуметтік да-
муына да зор көңіл бөлген болатын. Атап айтқанда, зейнетақыны
245
көбейту ісі 1 шілдеден нақты жүргізілуде, жалақыны өсіру жаңа
жылдан кейін басталмақ. Әсіресе, ұлтымыздың болашағы үшін
аса маңызды мәселе – мәдени-тарихи мұраны сақтау екенін
нұрсұлтан Әбішұлы айрықша сезініп, қамқорлық көрсетіп
отырғанына ризашылық білдіреміз. Елбасының өзі сәби кезінен
сусындап өскен мәдени мұрамызға, аса бай фольклорымызға,
салт-дәстүрімізге мұншалықты жоғары дәрежеде мән беруі –
бұрын болмаған үрдіс және бұл біздерді, мәдениет пен өнер
қайраткерлерін, мәдени мұраны зерттейтін оқымыстыларды
жаңа ізденістерге, соны зерттеулерге жетелейді. осы орайда
Білім және ғылым министрлігі көптеген игілікті істерге көмек
беретініне кәміл сенімдеміз.
Президент н. назарбаевтың биылғы Жолдауын орындау
мақсатында біздің ұжым бірнеше ғылыми жоба жасап, таяу жыл-
дарда жүзеге асыруды көздеп отыр. «Халықтың мол мұрасын,
соның ішінде осы заманғы мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері
мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау» жөніндегі
Елбасының ұсынысына сәйкес үлкен үш жоба жасалып отыр. Бірі
– «Бабалар сөзі» атты сериямен қазақ фольклорын 100 том етіп,
академиялық түрде жариялау. Алғашқы 3 томы жарық көрді. Биыл
тағы 2 том басылып шығады. осы серия ауқымында Қытай мен
Моңғолияда тұратын отандастарымыздың фольклорлық мұрасы
20 томды құрамақ. Екіншісі – «Қазақстанның фольклорлық
картасы». Бұл жобаның мақсаты – бүгінгі заманда ұлттық
фольклорымыздың хал-жағдайын анықтау, қай облыста қай
жанр сақталған, не ұмытылған, не жаңадан туындап жатыр, осы-
ларды зерттеп, келешек зерттеулерге бағдар жасау. 2004 жылдан
бастап облыстарға кешенді экспедициялар шығару жоспарланып
отыр. Айта кетейік – мұндай жобалар әлі ешбір елде жасалған
жоқ. Үшіншісі – «Қазақ музыкасының антологиясы». ойымыз
– өткен ғасырларда хатқа түскен ноталарды түгел жинап, 5 том
етіп жарыққа шығару. Мұнда ежелгі тұрмыс-салтқа байланы-
сты ән мен күйлер, бақташылық пен егіншілік, аңшылық туралы
әндер мен күйлер, халық композиторларының әндері, бертінгі
уақыттағы классикалық шығармалар, т.т. қамтылады.
Елбасының «Ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық
тәжірибесін қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми,
өмірбаяндық дестелер жасау», қажет деген ойына қатысты үлкен
екі ғылыми жоба жүзеге аспақ. Бірі – «Қазақ әдебиетінің тари-
246
хы», 10 том көлемінде жазылмақ. Екі мың жылдан астам тари-
хы бар көркем сөздің даму жолдары жаңа тұрғыдан зерттеледі.
түркі дәуіріне дейінгі, Көне түркі кезеңіндегі, орта ғасырлардағы
түркілік жәдігерлер, Қазақ хандығы тұсындағы, Ресей құрамында
болған шақтағы және Кеңес дәуіріндегі әдеби процестің ішкі
заңдылықтары ашылып, халқымыздың әлемдік көркем ойға
қосқан үлесі де анықталмақ. Екіншісі – «Қазақ өнерінің тарихы»
3 том болмақ. Бірінші томы бейнелеу өнерінің, екінші томы музы-
ка өнерінің, үшінші томы театр өнерінің туып, даму жылдарына
арналмақ. Мұнда да сонау есте жоқ замандарда таста қашалған
суреттерден бастап, бүгінгі кездегі сан-салалы болған өнердің
классикалық түрлері тәуелсіз Қазақстан тұрғысынан зерделенеді.
Бұлардың бәріне де Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі, сала басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед тарапынан
қажетті қамқорлық жасалуда.
Әлбетте, Президенттің Жолдауына қатысты еңбектеріміз
мұнымен шектелмейді. Межелеген істеріміз көп. Соның бәрі
жүзеге асу үшін ең әуелі елде тыныштық болуы керек, экономи-
камыз осы қарқынмен өсе түсуі қажет. Ал, мұның осылай бола-
тынына сенеміз, өйткені оның кепілі – пайғамбар жасына келіп,
даналық биікке көтерілген Президентіміз нұрсұлтан назарбаев.
Қалың қазақтың бір баласы ретінде Елбасын шын жүректен
құттықтаймын!
«Егемен Қазақстан» газеті. 2003. 5 шілде. 1, 3-б.
247
БОЛАШАҒЫ ЗОР БіЛіМ ұяСЫ
тәуелсіздіктің көк байрағы астында егемендіктің жаңа
ғасырын бастаған еркін еліміздің білім қуатын арттырып,
жаңа арналармен байыту – күн тәртібіндегі бірінші кезектегі
міндеттердің бірі. Жас қазақ мемлекетінің өркениетті ел ата-
нуы жолында халқымыздың бүгінгі ғана емес, өскелең ұрпақтың
ертеңіне қызмет ететін терең мазмұнды үздіксіз білім жүйесі
керектігін назарға алсақ, қазіргі оқу-тәрбие ісін тәуелсіздік та-
лаптарына сай жаңғыртуды мемлекеттік деңгейде қолға ала
бастадық.
Бұл ретте тәуелсіздік қарлығашындай, он жылдан астам
уақыт бойы елімізде жемісті еңбек етіп келе жатқан қазақ-түрік
лицейлерінің оң тәжірибесі үлгі боларлық. түбі бір туысқан екі
ел арасындағы мызғымас достықтың алтын көпіріндей болған бұл
байланыстың айшықты сәттері көп, толағай табыстары да бар.
осыдан он жыл бұрын түрік елінің Қазақстанда 24 қазақ-түрік
лицейін ашып, бұл оқу орындарында мыңдаған талантты түлектер
білім кәусарымен сусындап, түлеп ұшқаны белгілі. Мұндай лицей-
лер 1992 жылы Алматы және түркістан қалаларында, 1993 жылы
еліміздің барлық дерлік облыс орталықтарында ашылыпты. Сон-
да 22 қазақ-түрік лицейінің 10 жылдық мерейтойы биылғы жыл
екен.
«Қазақ-түрік лицейлерінің білімді, білгір жастары – бола-
шақта қазақ-түрік халықтарының арасындағы бауырластық-
тың кепілі», – деп Елбасы н. назарбаев айтқандай, қазақ-
түрік лицейлерінің осы он жыл ішіндегі жемісті еңбегі екі ел
арасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністіктің айқын бір
дәлелі екені күмәнсіз. Жаңа сипаттағы жалпы білім беретін бұл
оқу орындарының осы он жыл ішіндегі басты жетістігі – аз
мерзім аралығында өз істеріне асқан жауапкершілікпен қарап,
оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие берудің арқасында бүкіл
жұртшылық сеніміне ие болып, еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу
орны атануы. Бұл – үлкен бедел, биік абырой.
Қазақ-түрік лицейлері еліміздің білім беру жүйесінде өзіндік
үлес салмағы мен айтарлықтай орны бар білікті білім ордасы-
на айналып отыр. Бұл лицейлерде оқу-тәрбие ісі Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен жұмыс
жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, оқу процесі қазақ, түрік,
248
ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі. Соның ішінде қазақ
тілі мен әдебиеті жеке пән ретінде оқытылып, Қазақстан тарихы
мен географиясы, ән, сурет және дене тәрбиесі сабақтары, құқық
негіздері пәндерінің қазақ тілінде жүргізілуі лицей оқушыларын
ұлтжанды, отансүйгіш азаматтар етіп тәрбиелеуге берік кепіл
болады. оның үстіне орыс мектептерінен келген шәкірттер
үшін оқулық, аудиокассета, оқытушы мен оқушыға арналған
кітаптардан тұратын қазақ тілінен арнайы оқу-әдістемелік
кешеннің қолданылуы мемлекеттік тілді оқыту ісіне баса на-
зар аударылғандығын байқатады. Сондай-ақ математика, фи-
зика, химия және биология пәндері ағылшын тілінде оқылуы да
құптарлық. Өйткені балаларымыздың шетелдік университеттер-
ге баруы жыл сайын өсуде. Әсіресе, техника мен технология және
жаратылыстану ғылымдары бойынша оқимын деген азаматқа бұл
өте пайдалы. Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін ендігі жер-
де осы салаларға көбірек көңіл бөлген жөн.
Бұл лицейлерде шәкірттердің алаңсыз білім алуына барлық
жағдай жасалған: оқыту процесінде әлемдік педагогиканың озық
әдіс-тәсілдері қолданылып, оқулықтар әлемдік стандарттарға сай
дайындалған, қазіргі заман талабына сәйкес оқу зертханалары,
ғылыми-танымдық және көркем әдебиетке бай кітапханалар
бар. оқушылар жатақханада тұрып оқиды. Мұның өзі олардың
шет тілдерінде емін-еркін араласып, ұжымдаса әрекет етулеріне,
өзара пікірлесіп, достық қарым-қатынастарын арттыруына,
адамгершілік асыл қасиеттерге үйренулеріне жағдай жасайды.
Айтылмыш лицейлерде оқушылардың әлеуметтік жағдай-
лары да ескерілген. Өте жақсы оқыған балалардың оқуына
көптеген жеңілдіктер жасалады.
Қазақ-түрік лицейлерінде дарынды шәкірттердің қабілет-
теріне кеңінен жол ашу мақсатында оқушыларды пәндер бо-
йынша олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына жан-
жақты дайындайды, соның нәтижесінде лицей ішіндегі және
лицейаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанған шәкірттер жыл
сайынғы республикалық және халықаралық білім олимпиадала-
рында жүзден жүйрік шығуда. 2001 жылы АҚШ-та 83 мемлекет
қатысқан математика пәнінен өткен Халықаралық олимпиада
қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары 4 алтын, 1 күміс медаль
жеңіп алып, командалық есепте 4-ші орынға ие болса, 2002 жылы
латвияда өткен Халықаралық биологиялық олимпиадада 2 күміс,
249
1 қола, Индонезияда өткен физика олимпиадасында 1 алтын
жүлдені жеңіп алды.
Қазақ-түрік лицейлерінің әлемдік деңгейдегі бұл жетістіктері
көп нәрсені аңғартса керек. осы лицейлер түлектерінің 97 пай-
ыздан астамы еліміздің жоғары оқу орындарының жыл сайынғы
мемлекеттік білім гранты мен несиесі иелері атанып, біразы
түркия, Еуропа, Америка елдерінің таңдаулы университеттеріне
оқуға түсіп келеді. Мына мәліметтерге жүгінейікші: 2002 жылы
республикалық олимпиадаларда жүлдегер болған 187 баланың
47-сі қазақ-түрік лицейлері шәкірттерінің еншісіне тиген. Ал
Халықаралық олимпиадаларда жүлдегер атанған оқушылардың
үлес салмағы қазақ тілінде оқытатын мектептер мен қазақ-
түрік лицейлерін бірге қосқанда 2001 жылы 59 пайызды құраса,
2002 жылы 71 пайызға өскен. Бұл көрсеткіштерден қазақ-
түрік лицейлерін жеке бөліп алсақ, 2001 жылғы Халықаралық
жүлделердің 41 пайызы және 2002 жылғы 61 пайызы осы
лицейлердің еншісінде екен.
Жаңа заманмен бірге жаңа ғасырға нық қадам басқан,
еліміздің білім беру жүйесіне жаңаша үрдіс әкеліп, тың серпін бер-
ген қазақ-түрік лицейлерінің оқу-тәрбие ісінде жинақтаған мол
тәжірибесінен аларымыз көп. дарындыға жол ашып, болашағына
негіз қалаған мұндай оқу орнын тек құптап, жан-жақты көмек
көрсету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |