Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов



жүктеу 4.57 Mb.

бет10/32
Дата22.12.2016
өлшемі4.57 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
  бар  еді,  маңайы  көк,  самал  соғып 

тұрушы еді, жотасынан шығып қарағанда аржағында Шыңырау 

деген құдығым бар еді, суы көк мөлдір зәмзәм суындай еді, осы-

ларды  сағынып,  сейілге  бір  шығып,  көңіл  көтеріп  келейін  деп, 

Жайдақкер деген бәйге атыма мініп, Құбажоныма шығып, жан-

жаққа көз салып қарасам, баяғы Шыңырау құдығымның басында 

ақ қостар тігулі тұр. Аппақ ақ қайыңдай киінген бір топ қыздар 

құдық басында ойнап жүр. «Бұл не ғажап, бұрын мұның басын-

да дәл осындай оқиға болған жоқ еді, мен барда ешкім келмеуші 

еді, мені өлді деп санап, құдығымды иеленген екен» деп ойладым. 

Шыңырау құдыққа қарай желе жортып келе жатырмын. Құдыққа 

тақалғанда құдық маңында ойнап жүрген көп қыздар алдымнан 

1

 Мағауин М. Жармақ. 2007. 28–29-бб. 



191

шығып, келе аттың шаужайынан алып, «күйеу келді» деп жабы-

лып, мені аударып алып қалды. Қалған қыздар: бірі сақалымнан 

жұлып, бірі мұрнымнан тартып, бірі иығыма мініп, бірі қойғылап, 

жұлмалап,  «күйеу-күйеу»  деп  әкеп,  бір  үлкен  ақ  қосқа  кіргізіп, 

асты-үстіме көрпе төсеп, неше түрлі тағамды алдыма әкеп қойды. 

Өздері  бірге  отырып,  «күйеужан,  іш»  деп,  барлығы  қойғыштап, 

есімді  шығарды.  Бір  өңкей  сұлу  қыз.  Мұның  қайсысы  менің 

әйелім  екені  белгісіз.  Әйтеуір  «күйеу»  дейді.  Сол  кезде  отыз 

бестегі қалпыма түстім. Сөйтіп, күн батты, түн болды. Бір-екі қыз 

келіп, үйдегі қыздарға: күйеу үлкен үйге кіріп, отқа май құйсын, 

тамақ ішсін дейді – деп келді. Сол-ақ екен, көп қыз қол-аяғымды 

жерге  тигізбей  жұлқылап,  «күйеу»  деп,  жұлмалап  әкеп,  үлкен 

ақ қосқа кіргізіп, қолыма май құйған бақыр беріп: отқа май құй, 

күйеу, – деді. Мен бақырды алып, күйеу ырымын жасап, отқа май 

құйдым. төрге шығарып, алтын тақтың үстінде үлде мен бүлдеге 

бөленген ай мен күндей бір сұлу қыздың қасына әкеп, маған да 

алтын орындық беріп отырғызды. Е, менің жарым осы екен деп, 

сол кезде жиырма бестегі қалпыма түстім. Бір уақытта неше түрлі 

тамақ әкеп қойып, сусын құйды. Басыма ақ мамық жастық қойып, 

шынтақтап отырып, сусын ішуге айналғанда, әлгі алтын тақтағы 

қыз да келіп, менің қасыма шынтақтап келіп отырып, сусын ішті. 

Көп  қыздар  «күйеу»  деп,  жұлқылап  жатыр.  Мен  жасаңғырап, 

баяғы  жас  қалпыма  келдім.  Шәйді  ішіп  болған  соң  қасымда 

шынтақтап  жатқан  қыз  құрбыларына:  «барыңдар,  жақсылап 

төсек  салыңдар»,  –  деп  бұйырды.  Қыздар  барып,  төсек  салып 

келіп, «тақсыр, төсек дайын» деп, патша қызға хабарлады. Патша 

қыз: ал, олай болса деп, барлығымыз сонда бардық. Барсақ, төсекті 

белден ғып салыпты. Әлгі патша қыз: барыңдар деп, қыздардың 

барлығын  таратып  жіберіп,  өзі  менің  қасымда  қалды.  Сонымен 

екеуміз оңаша қалдық. Мен шешініп, төсекке жаттым. Қыз отыр-

ды. Сонан кейін еркектік етіп көрейін деп, қызды қолынан тартып 

едім, маған қыз айтты: жоқ, қазір болмайды, саған серт қоямын, 

сен  таң  атқанша  мына  шамға  қарап,  ұйықтамай  отырасың,  – 

деді.  Сонымен:  жарайды  деп,  таң  атқанша  кірпік  қақпай,  қарап 

отырып,  бір  кезде  талып,  ұйықтап  қалыппын.  таң  атқанда  шо-

шып, ояна келсем, басымда атым байлаулы, мылтығым қасымда, 

басқа түк жоқ, түгел көшіп кетіпті

1



1



 Қазақ ертегілері. А., 1962. 2-т. 42–44-бб. Мұндай сюжет фольклорда мотив, 

эпизод, шарт түрінде жиі кездеседі.



192

Мұнда да кейіпкер басқа бір, тылсымды әлемге тап болады, 

ғажайып  нәрселерді  көреді;  сұлу  қыздар,  аппақ  ақ  үй,  мамық 

төсек,  алуан  түрлі  тәтті  тағам,  өзінің  сұлу  қалыңдығы.  Бірақ 

осының  бәрі  бір  сәтте  жоқ  болып,  кейіпкер  баяғы  баз  қалпына 

түседі.  Өңі  ме,  түсі  ме,  кейіпкер  білмейді,  себебі  қыздармен 

ойнаған шақта ол 35-тегі жасына, сәлден соң 25-тегі жасына, одан 

кейін бозбала кезіндегі жасына қайта түседі. яғни басқа әлемде, 

басқа уақыт мөлшерін бастан кешіреді, кеңістік пен уақыт адам 

қоғамындағыдай  емес,  өзгеше.  осы  үш  кезең  арқылы  Мамай 

батыр  өзінің  ғұмырының  ең  қызықты,  тамаша  мезгілін  еске 

алатын  секілді,  сөйтіп,  өткен  өмірін  шолатын  тәрізді.  оның  тап 

болған мекені – перілердің ауылы, мұнда ол перілердің заңына 

бағынады,  солардың  уақытымен  күн  кешеді.  Соның  арқасында 

Мамай батыр өзін бір сәтке болса да, түсінде болса да, қиялмен 

болса  да,  бақытты  сезінеді.  Ал,  бақыты  баянды  болуы  үшін  ол 

түнде  ұйықтамай,  қараңғылықты  жеңуге  тиіс,  қыздың  серті  со-

лай.  Өкінішке  қарай,  батыр  ұйықтап  кетеді  де,  қараңғы  түнек 

түсіп,  ол  қыздан  айырылады,  сөйтіп,  арманда  қалады.  Бірақ  бұл 

түс пе, қиял ма, әлде елес пе? Айтушы да, тыңдаушы да білмейді.

«Жармақта»  да  қызғылықты  жағдай:  кейіпкердің  басқа 

әлемге баруы, ғажайып тойды көруі, онда той иесі өзі екенін білуі, 

кенеттен жарық сөніп, өз үйінде отыруы – түс пе, елес пе, қиял 

ма?  Кейіпкер  өзі  де  аң-таң,  не  екенін  түсінбейді:  «осындай  да 

қызық түс болады екен», – деп таңданады Мұрат. 

–  Сірә,  көңіл  түкпіріндегі  бір  қиял.  Әрине,  миллионер 

болып  кетсем  де,  таңдап  тапқан  ғылымнан  қол  үзбеймін  ғой. 

Қарымым  ұзарып,  күш-қуатым  арта  түседі.  Күнкөріс  жайына 

алаңдамайсың, кітап шығару мәселесі өзінен өзі шешіледі. Бірақ 

құрғақ  қиял  –  асса,  парықсыз  түске  ғана  айналады.  Парықсыз 

ғана  емес,  қисынсыз  түс

1

,  –  деп  ойға  шомады  да,  Мұрат  үстіне 



қараса,  тойда  кигізген  әдемі  смокинг,  қара  туфли,  т.б.  –  бәрін 

шифонерге  қыстырып,  соңында  жыртық  майка,  шолақ  труси-

мен ғана тұрғанын аңдайды. демек, Мұрат өзінің мүшкіл халіне 

қайта оралады, осыны көрген соң ол қайтадан «жарқын дүниеге, 

той өтіп жатқан алтын сарайға» барғысы келеді, алайда, ол қанша 

тырысса да, алтын сарай да, хрустальді люстра да, кешегі салта-

нат  та  жоқ  –  бәрі  жоғалған,  қайта  оралатын  емес.  Сөйтіп,  елу 

беске толған Мұрат өкініште, арманда қалғандай! Фольклорлық 

1

 Мағауин М. Жармақ. Прага. 2007. 29-б.



193

хикаядағы Мамай батыр сықылды «әдемі өмірдің» жоқ болғанына 

өкіне  ме  қалай?  Рас,  Мамай  түсінен  оянғаннан  кейін  ешқандай 

әрекетке бармайды, ойға да қалмайды, тек өкініп, үйіне қайтады. 

Ал,  «Жармақтағы»  Мұрат  сол  түсті  қайтарғысы  келеді.  ол 

үйден  шықпағанын  сезеді.  Иә,  үйден  шыққан  жоқ.  Жаңағы 

қараңғылықта  көргеннің  бәрі  –  елес,  қиялдан  туған  елес.  ол 

үйіндегі кухняда отырып, шам өшкен сәтте ойға шомып, қиялға 

берілген. Қиял болғанда – биік, асыл арман емес, өкініш салқыны 

бар қиял. Өкініш болғанда өмірінің өткеніне емес, өзінің үлкен та-

лантын, зор мүмкіндігін толық пайдалана алмағанына, ойлағанын 

түгел жүзеге асыра алмағанына өкіну сияқты. Қараңғыда отырып, 

өткен өміріне шолу жасайды. Шолғанда не жақсы, не жаман болды 

деген егіз бағамдау қатар жүреді. осы екі баға адамды, романдағы 

кейіпкерді  екіге  бөледі.  Сөйтіп,  жақсылықтың  иесі  –  Мұрат 

Бейсенұлы  Қазыбеков,  жамандықтың  иесі  Марат  Бейсенұлы 

Қазыбеков  болып  шығады.  осы  екі  бағамдау  бір  кейіпкерді 

ғана екіге бөлмейді, ендігі жерде күллі іс-әрекеттің бәрі қарама-

қайшы болып, екіге бөлінеді. Мәселен, роман басталғандағы екі 

кеңістік (тар пәтер мен кең сарай), екі тұрмыс (Мұраттың қоңыр 

күйі мен Мараттың аста-төк байлығы), екі көңіл-күй (Мұраттың 

зауықсыздығы  мен  Мараттың  шаттығы),  екі  мінез-құлық 

(Мұраттың  қарапайымдылығы  мен  Мараттың  озбырлығы),  т.т. 

Бұл бөліну романның финалында бітеді: Мұрат асылып өлгенде, 

оның жармағы Марат та өледі. Бірақ Мұрат өзінің қалай өлгенін, 

өлгеннен  кейін  басынан  не  өткенін,  денесінің  қандай  халде 

екенін,  жанының  денеден  бөлініп,  көкке  ұшып  кеткенін,  бәрін-

бәрін көріп, сырттан бақылап тұр, содан кейін аспанның екінші 

қабатында  Марат-жармақтың  бейшара  күйге  түсіп,  қиналып, 

мүсәпір  қалпында  Мұраттың  ішіне  кіріп,  ғайып  болғанын  да 

байқайды. Сөйтіп, ол өзінің бүтінге айналғанын түсінеді...

осылай бір адамдағы екі кісі қайтадан бірігіп, о дүниеге ат-

танады,  бірақ  махшар  күні  бәріне  жауап  беретін  жалғыз  өзі  – 

Мұрат екенін ойлайды. Алладан рақым тілеп, «зая кеткен ғапыл 

ғұмырмен, соры арылмаған қайран елімен» қоштасады. 

Мұның  бәрі  –  көркем  әдебиетке  қажетті  шарттылық  екені 

белгілі, бірақ оның өзі тегіннен-тегін алынбаған, оның да белгілі 

мөлшерде негізі бар. Мәселен, адам жанының тәннен бөлек бо-

латыны жайындағы ежелгі наным ел арасында өте ертеден тарап, 

неше түрлі фольклорлық шығармаға арқау болған. Кейінгі заман-



194

дарда қазақтың бұл көне нанымы ислам дініндегі адам өлгеннен 

кейінгі  кезде  жаны  тәннен  бөлініп,  жеке  ғұмыр  кешетіні  тура-

лы  түсінікпен  сіңісіп,  небір  әдемі  діни  дастандардың  сюжетін 

құраған. Фольклордағы осы сарындар романның соңында орынды 

және ұтымды пайдаланылған да, астардың түйінді ойына негіз бо-

лып, оған үлкен мән-мағына берген. «Иманнан айырылмасаңыз, 

барлық Мұрат орнына келері күмәнсіз!» – деп, шығарманың не 

себепті Иман Қазақбай атынан берілгенін аңдатады, имандылыққа 

шақырады... Иман – Қазақбай – Мұрат – үшеуі біртұтас ұғымға 

айналған!...

Сонымен, ойымызды қорыта айтсақ, фольклор мен әдебиет-

тің  ара-қатынасын  зерттеген  ғалымдар  екі  көркемдік  жүйенің 

бір-бірімен  байланысы  төрт  түрлі  болатынын  айтады.  олар: 

генетикалық,  оппозициялық,  үйлесімдік  және  кері  байланыс. 

Бұл  түрлердің  әрқайсысы  әдебиеттің  әртүрлі  даму  кезеңдеріне 

сәйкес  келеді.  Айталық,  әдебиет  жаңадан  пайда  болған  кезде 

фольклормен  тығыз  байланыста  болады  да,  оған  арқа  сүйейді, 

оның көптеген компоненттерін пайдаланады. Бұл – генетикалық 

байланыс.  Ал,  әдебиет  аяғынан  тік  тұрып,  жаңа  көркем  жүйе 

құрып, сөз өнері ретінде қалыптасып, одан әрі дамуға бет алған 

кезде  фольклордан  алшақтауға  тырысады,  оның  дайын  тұрған 

образдық,  тілдік,  композициялық  үлгілерін  пайдаланбауға  күш 

салады,  яғни  бұл  тұста  әдебиет  белгілі  мөлшерде  фольклорға 

оппозициялық тұрғыдан қарайды. Бірақ, соның өзінде, фольклор-

ды жоққа шығармайды, ара-кідік оның сюжетін, кейбір жанрын 

алып тұрады. Әдебиет әбден дамып, көпжанрлы, күрделі көркем-

эстетикалық  категория  дәрежесіне  жеткен  шақта  фольклорға 

қайта  соғады,  оны  бұрынғыдан  басқаша,  өзінің  деңгейіне  сай 

қорыта  пайдаланады.  Мұндай  жағдайда  әдебиет  фольклорды 

көбінесе  символ  ретінде,  астарлы  мағынада,  көркемдік  тәсіл 

ретінде қолданады және фольклордың ашық сыртқы түрлерінен 

гөрі  адам  санасының  терең  түкпірінде  жатқан,  күнде  тысқа 

шыға бермейтін ирреалдық нұсқаларын ассоциативтік мақсатта 

шығарманың  ішіне  сіңістіріп  жібереді.  Мұны  –  үндестік  бай-

ланыс  дейді.  Расында  да,  әдебиет  биік  дәрежеге  көтерілгеннен 

кейін  фольклорды  мәңгі  ескірмейтін  құндылық  ретінде  та-

нып,  бағалап,  содан  өзіне  қажетті  идеяны,  сюжетті,  образды 

іздейді,  оның  ең  бір  терең  мағыналық  формаларын  табады  да, 

өзімен  үндес  етеді.  Ал,  төртінші,  яғни  кері  байланысқа  келетін 



195

болсақ, ол дәстүрлі фольклорға қатысты емес. Бұл, негізінен, ХХ 

ғасырдағы  халық  ақындарына  жасаған  әдебиеттің  ықпалы  ту-

ралы  айтылған  тұжырым.  Кеңес  дәуірінде  Жамбыл,  Стальский, 

Крюкова,  нұрпейіс  секілді  ауызша  жырлайтын  ақындардың 

шығармашылығын  фольклорға  жатқызатынбыз.  Анығында, 

бұл  –  дұрыс  емес,  өйткені,  ол  ақындардың  шығармалары  – 

авторлық  дүние,  өз  пікірі,  қолтаңбасы  бар  туынды.  Сондықтан 

халық ақындарының шығармаларын авторлық ауыз әдебиеті деу 

орынды. осы себепті біз бұл байланыс түрін жазба әдебиет пен 

авторлық ауыз әдебиетінің арасындағы қатынас деп есептейміз. 

Бұл – арнайы қарастыруға лайықты мәселе.

Қалған  үш  байланыс  –  біздің  әдебиетіміз  бен  фольклоры-

мыздың  ара-қатынасында  толық  көрінетін  заңдылық.  Алғаш-

қы  кезеңде,  яғни  генетикалық  байланыс  түрінде,  фольклор-

ды  пайдаланған  қаламгерлер  оның  беткі  қабатын  ғана  игерді, 

сондықтан әдеби шығарма контексіндегі фольклор түпнұсқамен 

салыстырғанда  жеңіл  ұғынылды,  яғни  бұл  тұста  фольклор 

түбегейлі қайта өңделмеді. Бұл, әсіресе, поэзияда және драматур-

гияда  айқын  білінді,  рас,  алғашқы  романдарда  да  көрініс  берді, 

бірақ проза ол кезеңде фольклорды көбінесе фон ретінде алып, 

оны  шығармада  бейнеленетін  мақсатына  қажетті  колорит  беру-

ге жұмсады, солай бола тұра, фольклор поэтикасының көркемдік 

қайнарын  жақсы  пайдалана  білді.  Бұл  айтылғандарға  дәлел 

ретінде  ХХ  ғасырдың  алғашқы  отыз  жылының  ішінде  жарыққа 

шыққан  М.  дулатовтың,  т.  Жомартбаевтың,  М.  Жұмабаевтың,  

С.  Сейфуллиннің,  М.  Әуезовтің,  С.  Мұқановтың  сол  кезеңде 

жарық көрген шығармаларын атауға болады. 

Қазақ  әдебиетінің  фольклормен  оппозициялық  байланысы 

Абай шығармашылығынан бастау алып, бүгінгі күнге дейін бірде 

баяу,  бірде  қарқынды  түрде  жүріп  келеді  десек  болады.  Бұл  – 

заңдылық. Себебі қай құбылыс болса да, өзінің даму барысында 

үздіксіз таласқа, күреске түседі. Мұндай процесс қазақ әдебиеті 

тарихында да болды, алайда, оппозициялық байланыс біздің фоль-

клорды  жоққа  шығарған  емес,  әдебиетіміз  бен  фольклорымыз 

ымырасыз қайшылықта болған жоқ, қайта әдебиет фольклордың 

өмірлік дәстүрлері мен көркемдік компоненттерін кәдесіне жара-

та білді. 

Кеңес  өкіметінің  орнауына  байланысты  жаңа  әдебиет 

қалыптасу  барысында,  әсіресе,  жаңа  өмірді  бейнелеу  мақса-



196

тында  соны  тақырыптар,  формалар  іздеді  де,  фольклордың 

элементтеріне  көп  жүгіне  қоймады.  Мәселен,  бұл  ретте  С.  Сей-

фуллиннің  «Советстан»,  «Альбатрос»,  «Социалистан»,  С.  Мұ-

қановтың  «түрксиб»  поэмаларын  еске  алуға  болады.  Мұндай 

жаңаға  талпыну,  жаңа  өмірді  жаңа  формамен  беруді  мақсат 

ету  –  әдебиетті  фольклордан  біршама  алшақтатты,  бірақ  ажы-

рата  алмады,  тіпті,  кей  тұста  фольклорға  иек  артқаны  да  бар. 

Жалпы,  қазақ  әдебиеті  қай  кезеңде  де  ұлттық  фольклордан  қол 

үзген емес. Мұны бүгінгі кемелденген әдебиеттен де көреміз. Бұл 

кезеңдегі  байланыс  үндестікке  негізделген.  Үндестік  байланыс 

–  әдебиеттің  фольклорға  қайта  оралуы,  оралғанда  бұрынғыдай 

үйренуші де, үйретуші де емес, өзімен тең тұрған руханият деп, 

өзінің дәрежесіне лайық ескірмейтін, таусылмайтын, уақыт өткен 

сайын жаңғыра алатын асыл мұра, қайнар көз ретінде бағалап, со-

дан нәр алу үшін оралып отыр. Қазіргі әдебиетіміздің шоқтықты 

туындылары мүлде жаңаша жаңғырып, фольклордың өзін жаңа 

сапаға көтеріп, фольклорды игерудің ерекше жолын тауып отыр. 

оны біз соңғы жылдары жарыққа шыққан біраз өлең-жырлардан, 

поэмалар мен пьесалардан, романдардан байқаймыз. осы үрдістің 

аса  көрнекті  үлгілері  деп  М.  Мағауиннің  «Жармақ»  романын,  

т.  Әбдіковтің  «Парасат  майданы»  повесін,  А.  Алтайдың  «Алтай 

балладасы» романын, сондай-ақ н. оразалиннің, т. Медетбектің, 

н.  Айтұлының,  Ж.  Бөдештің,  т.б.  ақындардың  кейбір  өлеңдері 

мен поэмаларын, д. Исабектің, Қ. Ысқақовтың, Ш. Хұсайыновтың 

пьесаларын  атауға  болады.  Аталмыш  авторлар  мен  басқа  да 

қаламгерлердің осы тектес туындылары біздің қазіргі әдебиетіміз 

–  әлемдік  сөз  өнеріндегі  үрдіс  аясында  дамып  келе  жатқанын 

мейлінше  толық  айғақтайды.  Әлбетте,  бүгінгі  таңдағы  қазақ 

әдебиеті  фольклордан  тыс  жолмен  де  дамып  келеді,  сондықтан 

оның тақырыбы әр алуан, көркемдік-эстетикалық қуаты мол. Бұл 

тұрғыдан  алғанда,  тәуелсіздік  кезеңіндегі  әдебиетіміз  бұрынғы 

дәстүрлер мен жетістіктерді шығармашылықпен пайдалана оты-

рып, жаңа белеске көтерілді, жаңаша дамуға бет алды. Бұл про-

цесте де фольклордың рөлі болары анық. 

Қазіргі әдебиет және фольклор. 

Алматы: Арда, 2009. – Б. 9-48.


197

ХХ ҒАСЫРДЫҢ ұЛЫ жЫРАУЫ

Қазақ поэзиясында жырау, жыршы, ақын деген үш атау талант 

иелерінің үш сипатын, әдебиетіміздің әр дәуіріне сәйкес үш түрін, 

дәлірек айтқанда үш кезеңін көрсетеді. Бұлар – импровизаторлық 

өнердің  ғана  үш  өкілі  емес,  сонымен  қатар  ауыз  әдебиетінің 

өмірді,  ел  тағдырын,  қоғам  тіршілігін  бейнелейтін  үш  тәсілдің 

иелері десе де болады. Жырау – қазақ мемлекетінің бас идеологі 

ретінде толғанса, жыршы – елдің ерлерін негізгі тақырыпқа ай-

налдырады, ал ақын – адамның тіршілігі мен сезімін суреттейді. 

демек, үшеуі – сөз өнеріміздің ауызша түрінен жазбашаға қарай 

дамуындағы үш саты. Сол себепті бұл үш өнер бір кісінің бойынан 

табыла бермейді, ол тек ілуде бір, ұлы таланттарда ғана кездеседі. 

Сондай  адамдардың  бірі,  бірі  ғана  емес,  бірегейі  –  Жамбыл. 

Жәкең өзін әрі жырау, әрі жыршы, әрі ақын ретінде сезініп, өлең-

жырларында соны ашық айтып отырады.

Шын жүректен жыр төгіп,

Сөйлеп бір кетті жырауың, – десе,

енді бірде:

нені естісек, соны айту – 

Ежелден ісі жыршының, – дейді.

Сонымен қатар:

...Жамбыл ақын сөйлеген

Сөзді бекер демеңдер, – деп тағы қояды. 

Жүз  жыл  өмірінің  сексен  бесін  өлеңмен  өткізген  Жәкең 

– екі ғасырдың куәсі ғана болған жоқ. оның жүз жылғы өмірі, 

шындап  келгенде,  екі  ғасырға  тең  еді.  Өйткені  Жамбыл  тарих-

та  сирек  кездесетін,  мүлде  қарама-қарсы  екі  заманды  көрді, 

қайшылыққа  толы,  күнгейі  мен  көлеңкесі  тепе-тең  жақсылығы 

мен  жамандығы  қатарлас  екі  дәуірді  бастан  кешті.  ол  Қазақ 

хандығының  жойылғанын,  елінің  отарлыққа  түскенін,  қазақ  да-

ласына Ресейдің әкімшіл-отаршыл басқару жүйесін орнатқанын, 

сонымен  қатар  көрші  жатқан  Қоқан  хандығы  мен  қырғыз 

манаптарының қазақ ауылына жасаған жаугершілігін көрді. Бұлар 


198

ғана емес – Жамбылдың көргені. ол өз жеріне орыс казактары 

мен  шаруаларының  қоныстанып,  жергілікті  мал  баққан  қазақ 

жұртының шөлді аймаққа қуылғанының куәсі болды. Қазақстанда 

совет өкіметінің орнауы, ақ пен қызылдардың соғысы, атамандар 

мен комиссарлардың лаңы, конфискалаудың зорлықпен жүзеге 

асқаны, ең ақыры, «халық жауларының» ұсталуы мен жазалануы, 

– бәрі-бәрі оның көз алдында өтті. Сол себепті Жамбылдың «Кең 

жатқан  байтақ-ұлан  шежіремін,  тарихтың  домбырасын  қолына 

алған», – деп айтуы тегін емес. осы көргені мен білгенінің бәрін 

Жәкең өз поэзиясына арқау еткен, оны бірде жырау болып, бірде 

жыршы ретінде, бірде ақын болып жырлаған, толғаған, суретте-

ген.

Жамбылдың майталман ақын болып қалыптасуы тек Жетісу 



ақындық  мектебінің  ауқымында  болған  жоқ.  ол  өзіне  дейін  ер-

теде  өмір  сүрген  атақты  жыраулардың,  өзімен  қатарлас  айтулы 

ақындар  мен  жыршылардың  мұрасын,  күллі  халық  поэзиясын 

толық меңгерген, игерген, өз шығармашылығына өзек еткен.

Ілгеріде Шөже, Балта заманда өткен,

Асекең, Бұқар жырау арманда өткен.

Солардың аруағы маған қонып,

Ел мұңын жырмен толғап, нөсерлеткен, – дейді

Жәкеңнің  өзі  досмағамбетпен  айтысқанда.  Ал,  «Замана 

ағымы» толғауында: 

Замана деп толғанған

Ел қайғысын қолға алған

Абылайдың алдында 

Сөз сөйлеген болжаудан

Бұқар жырау, о да өтті.

Шернияз бен Шортанбай,

досқожа мен нысанбай,

дулат пенен Сүйінбай –

Сөздері жел құйындай,

Өтті еңіреп олар да! –

деп, 

Жамбыл  аты  аталған  жыраулар  мен  ақындарды,  олардың 



мұрасын жақсы білетінін, сөйтіп өз шығармашылығының қайнар 

көзі – қазақ халқының ежелден келе жатқан фольклоры, әдебиеті 

мен мәдениеті екенін білдіреді.


199

Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де мәдениетін 

бойына сіңірген. Қырғыз жомоқшылары мен манасшылары ара-

сында оның достары көп болған, олармен бірге қырғыз жұртын 

көп аралаған, айылдарда өлең айтып, жыр толғаған, күй тартқан, 

айтысқа  түскен.  Атақты  тоқтоғұл,  Мұраталы,  Әлімқұл  сияқты 

өнер саңлақтарының Жамбылға деген ықылас-ілтипаты, сондай-

ақ  Жәкеңнің  қырғыздың  Шәбден  тәрізді  сыйлы  басшыларына 

көрсеткен құрметі көпшілікке аян. Ал, Жамбылдың «Манасты», 

«Ер төстікті» манасшылардан кем жырламағаны тағы да белгілі. 

демек,  Жамбылдың  даңғыл  жырау,  талмас  айтыскер,  майтал-

ман ақын болып өсуіне қазақ пен қырғыз халықтарының мәдени 

мұрасы  негіз  болған.  осы  тұрғыдан  келгенде,  біз  Жамбылды 

халық поэзиясы мен импровизаторлық өнердің университетінен 

өткен  деуімізге  болатын  тәрізді.  Әрине,  бұл  жерде  Жамбылдың 

өз бойына біткен ұлы дарынды айтпасқа болмайды. Ата-анасынан 

дарыған өнер, өз табиғатындағы талант, халық поэзиясы мен ауыз 

әдебиетінің дәстүрі – міне, осының бәрі қосыла келіп, ұлы жыр-

шыны дүниеге әкелді, оны ауыл ақынынан қазақ еліне ғана емес, 

барша әлемге әйгілі жырау етті.

он бес жасынан өлең айта бастаған Жамбылдың ХХ ғасырға 

дейінгі  шығармаларының  бас  нысанасы  –  сол  кездегі  қазақ 

ауылының  күнделікті  тіршілігі,  жеке  адамдардың  мінез-құлқы, 

болыс  пен  байлардың  іс-әрекеті...  ол  шығармалардың  дені  – 

арнау  мен  мысқыл  өлеңдер,  айтыстар.  Бұл  тұста  Жамбыл  шын-

шыл  да  сыншыл  ақын  түрінде  көрінеді.  оның  өзіндік  себептері 

бар  еді.  Жамбылдың  үлкен  ақындық  өмірі  ХІХ  ғасырдың  70-ші 

жылдарынан  басталған  болатын.  Бұл  қазақ  қауымы  үшін  ауыр 

кезең еді. 1860 жылдары Жетісу мен оңтүстік Қазақстанды жау-

лап алған Ресей енді қазақ елін басқарудың жаңа амалын тапқан-

ды. Енді 1867-68 жылғы жаңа мизам негізінде Қазақстан үлкен 6 

облысқа, облыстарын уездерге, уездер волостарға бөлініп, қазақ 

сахарасына  ішкі  Ресейдің  басқару  жүйесі  отаршылдық  сипатта 

көшірілді.  Соның  нәтижесінде  қазақ  еліне  орыс  мемлекетінің 

бюрократтық аппараты тудырған көптеген келеңсіз құбылыстар 

мен іс-әрекеттер жайылды. осының бәрі ең алдымен халықтың 

ғасырлар  бойы  қалыптасқан  тұрмыс  салтын  бұзды,  елдің  ішіне 

іріткі  салды,  адамдардың  санасы  мен  мінез-құлқын  өзгертті. 

Сөйтіп, бұрын естіп-көрмеген ұлыққа жағымпаздық, болыстыққа 

талас,  ағайынға  жала  жабу,  адамның  үстінен  шағым  айту,  кісіні 



200

алдау, өтірік айту сияқты жағымсыз қылықтар пайда болды. Ал, 

қазақ  жерін  болыс-болысқа  бөліп,  елді  жерге  таластыру  мен 

малдан  айырудың  салдарынан  ел  арасында  барымта  етек  алды, 

барымталықты  малданған  арамтамақтар,  тағы  басқа  жалқаулар 

пайда  болды.  Жерден,  малдан  айырылған  жұрттың  тұрмысы 

жүдеп,  рухы  жадап,  ел  күйзеліске  ұшырады.  Бір  жағынан  – 

отаршылдық  саясат,  екінші  жағынан  –  қоқан  мен  қырғыздың 

жаулығы, үшінші жағынан – орыс шенеуніктеріне арқа сүйеген 

бай-болыстардың  іс-әрекеті  елді  аздырып-тоздыра  бастады. 

осындай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, 

ел  басшылары  мен  игі  жақсыларының  жағымсыз  қылықтарын 

сынайды.  Сол  кезде  өмір  сүрген  дулат,  Сүйінбай,  Мұрат,  Шор-

танбай сияқты көптеген ақындар да өз заманының болмысын су-

реттеп, оның жаралы проблемаларын ашық айтып, ащы дауыспен 

жырлады. тек олар ғана емес, сонымен қатар жазба әдебиетінің 

өкілдері  де  дәуір  сипаты  мен  адамын  бейнелеп,  реалистік 

шығармалар тудырды. Сондықтан сол бір кезді әңгіме еткен ауыз 

әдебиетінің  де,  жазба  әдебиетінің  де  тақырыптық  әрі  идеялық 

ұқсастығы, жақындығы бар, олардың мысқылдап, әжуалағаны да 

бірыңғай.  Мысалы,  Шалтабай  болыстың  мінез-құлқын  Жамбыл 

былайша жырлайды:

Салқын келіп тоң-теріс,

Сыртқа сыздап қарайсың.

Сенен басқа жоқ болыс, –

деп өзіңді санайсың...

«Шарға» түсер шағыңда

Қара тер боп шабылдың.

Елге сөзің жеткенше:

«Жамағат!» – деп, жалындың.

Қол билікке жеткен соң,

Салғырттыққа салындың...

Бұл жолдар Абайдың «Күлембайға» берген мінездемесін еске 

түсірмей ме:

Болыс болдым, мінеки,

Бар малымды шығындап.

түйеде қом, атта жал

Қалмады елге тығындап.



201

Сүйтсе дағы елімді

Ұстай алмадым мығымдап.

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап,

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап...

Болыстыққа таласқан адамның сайлауға дейін қандай әрекет 

істегенін, ал сайланып алғаннан кейін өзгеріп кеткенін Абай да, 

Жамбыл да ашық айтып, болыс болған адамның екіжүзді мінезі мен 

қылығын мінейді, оның екісөзділігін сынайды. Болыстың, жалпы 

сол шақтағы ел жақсыларының тіршілігі мен мінез-құлқынының 

мұндай болуы – әрине, отарлыққа түскендіктің салдары еді. олар 

қаладан келген шенеуніктердің алдында құрдай жорғалап, ал ау-

ылдастарына  кісімсіп,  бәлсініп  жүруді  өзіне  күнкөрістің  тәсілі 

етіп алған. Мұны Жамбыл былай деп әңгімелейді:

Үйсін, найман саңлағы,

Өстепкеге жиылдың...

Елде жүрген егейлер

Қалада құр үйілдің.

Ұлық көрсең ұйлығып,

Желді күнгі қамыстай,

Жапырылып иілдің...

Ал, Абай мынандай сурет береді:

Мәз болады болысың

Арқаға ұлық қаққанға.

Шелтірейтіп орысың

Шенді шекпен жапқанға...

Міне, отар елдің «игі жақсы» – деп жүргендерінің сыйқы – 

осы. олар –орыс шенеунігіне жағынып, ұлықтан қорқып жүрген 

әлсіз,  бишара  жандар.  ояз  алдындағы  олардың  аянышты  халі 

Абайды  да,  Жамбылды  да  мұңайтады,  ызаландырады.  Ақындар 

болыстардың мұндай мүшкілдігіне «бек қорланады», «күйінеді», 

«намыстанады».

осы  шыншылдық,  әрі  сыншылдық  қасиетін  Жамбыл 

ақындармен  айтысқан  шақта  да  сақтап,  турашылдығымен 

көрінеді.  Жамбылды  нағыз  ақын  ретінде  елге  танытқан,  оның 


202

есімін бүкіл Жетісуға, Қырғызстанға, Сыр бойына таратқан нәрсе 

– оның сол тұстағы дүлдүл ақындармен айтыстары. Ақындармен 

айтыс Жамбылдың импровизаторлық өнерін шыңдады, ақындық 

шеберлігін  арттырды,  азаматтық  өресін  өсірді  және  оның 

тақырып  аясын  кеңейтті.  Үлкен  айтысқа  түскенге  шейін  ауыл 

ақыны ретінде ғана көрініп, көбінесе той-томалақтарда өлең ай-

тып,  немесе  нақты  бір  оқиғаға  қатысты,  яки  болмаса  белгілі  бір 

адамға  арнап  өлең  шығарып  жүрген  Жамбыл  енді  ақындықтың 

жаңа сүрлеуіне түседі, сөйтіп сапалық өсудің жолына бет бұрады. 

оның айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре ай-

тыс та, сүре айтыс та кездеседі. осының қай-қайсысында болса 

да Жамбыл өзінің нағыз көркем де кестелі сөздің шебері екенін 

көрсетеді.  ол  қарсылас  ақынға  өз  ойын  айшықты  да  ұшқыр, 

ұтымды да өрнекті сөздермен жеткізеді. Сол заманның айтыста-

рына  тән  барлық  әдісті  Жамбыл  да  пайдаланады:  қарсыласын 

ащы  мысқылдау,  оны  өлеңмен  тұқырту,  тіпті  жеке  басына  да 

сөз  келтіру,  оның  мақтаған  адамдарын  жамандау,  руын  дат-

тау...  Қажетті  жерінде  Жамбыл  өз  руын  да  мақтап  айтады,  оны 

қарсыласының руына қарсы қояды:

Шапырашты – мен едім,

Қалың дулат – сен едің.

Аз да болсам әуелі

Ширегіме келмедің.

Бір қадалған жерімнен

Қан алмай кетер демегін.

Есқожа деген елімнен

Кім өтті екен ерлікпен?

Кім жүрген менің шенімнен?

Асыл, гауһар кеткен жоқ

Әсте менің жерімнен, – дейді Жамбыл

дулаттың атынан сөйлеп, әсіресе Қасқарау руының байларын 

мадақтаған Сарбас ақынға: Жамбыл Шапырашты руын мақтаған 

тұста өзін бүкіл румен тең қойып, өзінің «мені» – Шапырашты 

жұрты  екенін  айтады,  өзін  «Шапыраштының  бір  ұлымын»  дей 

тұрып, бүкіл қауымның өкілі етіп көрсетеді, яғни «мен – Шапы-

рашты, Шапырашты – мен» деген мағынада сөйлейді.

Сонымен  қатар  Жамбылдың  даралық  «мені»  тағы  бар. 

ол  атақты  ақындармен  сүре  айтысқа  түскенде  өзінің  жеке 


203

қасиеттерін  ерекше  сезінеді,  өзінің  рулық  көпшіліктен  бөлек 

тұлға екенін айрықша түсінеді және осының бәрін сырлы сөзбен, 

айшықты теңеулер мен метафоралар арқылы жеткізеді:

Мылтықта түтеп тұрған мен – бір пистон,

Асықсаң ажалыңа, келші бермен! – деп

Құлмамбетке айтса, досмағамбетпен айтысқанда өзін былай 

суреттейді:

Құйындап көкке ұшқан мен – бір пырақ,

Арамыз екеуміздің тым-ақ жырақ.

немесе:

Сен – күйкентай, мен – тұйғын,



Жүр жайыңа бұдан да!

тағы да:


Мен – қорғасын сақамын,

Сен – ұтылғыш кенейсің,

Мен – бір соққан дауылпаз...

...Ашып қара көзіңді

Сөз иесі – мен деймін...

Айтыстағы  Жамбылдың  даралық  «мені»  мен  рулық  «мені» 

кейін, кеңес кезінде жыраулық сипат қабылдайды. (ол жайында 

әңгіме кейінірек)...

Басқа  ақындарға  қарағанда  Жамбыл  айтысты  өзгеше 

бағалаған,  оны  тек  қана  күнкөрістің  құралы  деп  есептемеген, 

сондықтан  ол  рулық  қауымнан  гөрі  жеке  байларды  жоғары 

көріп, оларды мақтап, соларға жалбақтаған ақындарға бар ашуын 

төккен,  олардың  мадақтаған  байларына  ел  ардақтаған  адамдар-

ды, әсіресе батырларды қарсы қойған. осының арқасында Жам-

был айтысқа мүлде жаңа сипат берді, тың тақырып енгізді, соны 

леп әкелді, айтыстың рухын, мән-мазмұнын байытты. Сөйтіп, ол 

жеке бір байды мақтау былай тұрсын, руды мадақтаудан айнып, 

елдікті, ерлікті, елін, жерін қорғағандарды дәріптеді.

...Кемітесің кедей деп,

Басқа сөзді таппайсың,

Жетісіп тұрған немедей...


204

...Малыңда емес ел бағы, –

Қорғаған жаудан халықты

Ерлікпенен даңқты.

Елімнің күшті аруағы,

Елімде болды батырлар

Қарасай атты ұранды.

Бұл  Жәкеңнің  досмағамбет  ақынға  айтқаны.  Ал,  Құлмам-

бетке былай дейді:

Ешнәрсе қанша айтқанмен ете алмайсың,

Бұлтарып мен тұрғанда кете алмайсың.

Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,

оны мақтап әуре болмай, жөніңе қайт!

Жамбылды айтысқа мұндай идея мен рух енгізуге әкелген – 

сол  дәуірдің  болмысы  мен  Жамбылдың  жыршылық  өнері.  осы 

бір шақ туралы Жәкең «Менің өмірім» деген толғау-естелігінде 

былай дейді:

«Ел  жүдеген  үстіне  жүдей  берді,  ел  менен  жыр  сұрағанда, 

кепкен ботаның тұлыбына еміренген маядай, батырларды жырла 

дейтін  болды.  Мен  де  жұрттың  тілегіне  сәйкес  «Өтеген  батыр», 

«Саурық батыр», «Сұраншы батыр», «Көрұғлы батыр», «Алатай-

Жапарқұлдың»  жырларын  айтатын  болдым.  Ел  есіткенде 

ыңыранып  жылайтын,  ауру  көргендей  болатын.  осындай  елді 

жарыққа шығаратын батырлар да туар-ау әлі, – десетін».

отарлықта  езілген  халықтың,  жадап-жүдеген  елдің  қам 

көңілін  Жәкең  жыршы  болып  та  көтеріп  жүрген.  осылай  ел 

тілеуі мен қалауы бойынша ел намысын жыртқан, елді қорғаған 

батырлар  жайында  жырлаған  Жамбыл  оларды  өзінің  айтыста-

рында да мадақтап отырады. Қарасай, Саурық, Сұраншы сияқты 

туған  жерін  қорғауда  ерлік  көрсетіп,  аңызға  айналып,  жұрттың 

мақтанышы болған батырлардың жырда әңгімеленбейтін кейбір 

қасиеттерін Жәкең айтыстарында айтып, олардың қаһармандық 

бейнесін бедерлей түседі. Мәселен, Сарбаспен айтысқанда Жам-

был Сұраншыны былай сипаттайды.



205

Сұраншыдай батырдың

Жан жүрмеген шенінен.

Алмастан соққан ақ қылыш

Еш кетпеген белінен.

Ашуланған кісіге

Қабағы жаман түксиген.

досы қатты сүйсінген.

дұшпаны жаман күйінген.

Сұраншыны көргенде

Аузын ешкім ашпаған,

Аяғын қадам баспаған.

Қарсы келген кісіні

Сүйретіп жерге тастаған.

Сабырлықпен іс қылып

Көлденең жатқан мылтықтан

Жан сауғалап қашпаған.

Бұл  –  кәдімгі  эпикалық  батырдың  мінездемесі,  бірақ  одан 

айырмашылығы да бар. оның ашуланған сәтіндегі түрі батырлық 

эпостан  басқаша,  сондай-ақ  мұнда  Сұраншының  мінезі  әдеттегі 

жырдан  өзгешелеу  сипатталады,  оның  досқа  деген  ықыласы, 

ілтипаты  қаншалықты  жылы,  жайдары  болса,  дұшпанға  деген 

қатынасы соншалықты қатал. «Сұраншы батыр» дастанында:

Мейірімді туған Сұраншы

Елін сүйген жасынан,

Жетім менен жесірді

Атына артып көшірген,

Ерегіскен жауларын

Су құйғандай өшірген, – 

деп сипатталады.

Жалпы,  Жамбыл  батырлар  туралы  жырлағанда  жай  жыр-

шы  болып  қана  көрінбейді.  оның  ақын  екені  мұнда  да  айқын 

көрініп  тұрады.  Жәкең  жырлаған  «Өтеген  батыр»,  «Сұраншы 

батыр»,  «Көрұғлы»  дастандарында  ежелгі  эпостық  дәстүрдің 

көп  белгілерімен  бірге  біраз  өзгешеліктер  бар.  Әсіресе,  он-

дай  айырмашылық  қаһармандардың  күйінген  сәттерін  беру-

де,  сондай-ақ  эпоста  мүлде  жоқ  табиғат  суреттерін  бейнелеуде 

және  ескі  батырлар  жырына  тән  кейбір  байырғы  мотивтерді 

түрлендіруде көрініс береді. Бұл тұрғыдан келгенде, Жамбылдың 


206

жыршылық  өнері  арнайы  қарастыруды  талап  етеді.  Өйткені 

Жәкең  –  асқан  шебер  жыршы,  ол  кісі  жырды  айтудың  өзін 

шығармашылық  деп  түсінеді,  яғни,  Жәкең  белгілі  эпосты 

жырлаған шақта да импровизация жасап отырады. Бұған Жәкең 

жырлаған  «Өтеген  батырдың»  екі  нұсқасын  салыстыру  арқылы 

көз жеткізуге болады. Бір сюжетке құрылған екі шығарма болып 

шыққан. демек, Жамбыл сияқты классик жыршылар эпосты құр 

жаттап  алып  айтпайды,  олар  сюжетті,  оқиғалар  мен  адамдарды 

жадында сақтайды да, жырлау барысында өз еркінше импровиза-

ция жасайды, ал импровизация процесі – шығармашылық про-

цесс, оның өзіндік заңдылығы, әдіс-тәсілдері бар. Жәкең осының 

бәрін толық меңгерген әрі игерген, сөйтіп, ол импровизаторлық 

өнердің биік шыңына жеткен.

Кемеліне  келген  импровизаторлық  өнер  мен  бойына  туа 

біткен ғажайып дарын, өзі жинақтаған зор өмірлік әрі ақындық 

тәжірибе  Жамбылды  ХХ  ғасырда  ұлы  жырау  биігіне  көтерді. 

Ежелгі  данышпан  жырауларша  Жамбыл  бұл  тұста  мемлекеттік 

мәні бар мәселелерді көтеріп, қоғам өмірі мен ел мүддесін жыр-

лайды, замана жайлы толғайды. Сол ғасырдың 20-шы жылдарынан 

бастап, Жәкең өзінің бұрынғы тіршілігі мен кеңес кезіндегі өмірі 

жөнінде, халықтың басынан өткен небір қиын-қыстау кезеңдер 

жайында  көптеген  толғау  айтып,  өлең  шығарады.  Қарт  жырау 

көбінесе ертедегі болмысты суреттеп, көне тарихқа көз жүгіртіп, 

сол  уақыттағы  даланы  сипаттайды,  өз  дәуірінің  асқарынан  дана 

абызша замана ағымын шолады, мезгіл мен өмір туралы ойлана-

ды,  соларға  мінездеме  береді.  Қазақ  халқының  сонау  Шыңғыс 

хан  тұсынан  бастап  таланғанын  айтады.  Ресейге  отар  болып, 

езілген шағын бейнелейді, оны «сұм заман», «сұр заман» деп атап, 

«бұлдыр күн, қырғыр күн» деп сипаттайды. Ресей империясына, 

орыс  патшасына  бодан  болған  елдің  хал-жағдайын  Жәкең  өте 

дәл, әрі нақтылап, детальдап әңгімелейді.

Жамбылдың өткен дәуір мен кейінгі заман туралы толғаулары 

– нағыз жыраулық поэзияның озық үлгілері. олардың ауқымы 

кең,  ойы  бай,  тілі  шұрайлы.  1930–1940  жылдар  аралығындағы 

Жамбыл  толғаулары  көп  жағдайда  контрастқа  құрылған, 

сондықтан  оларда,  негізінен,  бір-біріне  қарсы  қойылған  екі 

оппозициялық  бейне  басым  болып  келеді.  Бірі  –  «сұр  заман», 

«сұм заман», сары сахара, қу дала, өлі, немесе өліге жақын дүние. 

осыған сәйкес ол заманның адамдары да – көбінесе залымдар, 



207

момынды зар жылатқан әкімдер, кедейді қан қақсатып, қинаған 

болыстар, қазақты жаншыған зорлықшыл орыс патшасы, Қоқан 

датқасы болып суреттеледі. «Бірі күліп, мыңы жылап жүрген» бұл 

қоғамдағы  ең  бишара  адам  –  кедей.  Жарлылардың  қатарында 

ақынның  өзі  де  бар,  бірақ  ол  өзін  қорғансыз  сезінбейді.  Жам-

был  жаратушының  өзіне  дарытқан  өнеріне,  өлеңіне,  жырына 

сенеді, уытты сөзіне арқа сүйейді, сол арқылы айбат шегеді, ай-

бар  көрсетеді  «Сөзім  –  жалын,  домбырам  –  найза»,  –  дейді 

Жәкең. Сол себепті де ол тіпті кеңес өкіметінің белсенділерінен 

қаймықпай, беттеріне 1921 жылы былай деп айтып салады:

Жаным барда кеудемде,

Сендерден кем болмаймын.

дүрілдетіп жер-жерде

Өлең-жырды толғаймын.

домбыраға қол соғып,

Иығымды қомдаймын.

тек кездесіп қалмаңдар

Ыңғайына сондайдың.

Бұрынғы заман мен кейінгі дәуірді қарсы қоя айтқанда Жәкең 

өз дәуірін «нұр заман», «алтын заман» деп атап, колхоз бен өндіріс 

еңбеккерлерін бақытты адамдар етіп бейнелейді.

Кеңестік Қазақстанды шалқи жырлап, «Асан қайғы, Жирен-

ше  арман  еткен  өлгенше  Жерұйық  атты  жер  –  осы»,  –  дейді 

Жамбыл, өйткені өмірде болып жатқан өзгерістерді, елдің жарқын 

болашаққа  сенгенін,  соған  жетеміз  деп  ұмтыла  еңбек  еткенін, 

соның арқасында қазақтың түгелдей отырықшылыққа көшкенін, 

ауылдарда мектептер, клубтар, кітапханалар салынғанын, өндіріс 

мекемелерінің өскенін көзімен көрді. Сонымен бірге Жамбылдың 

өз  тұрмысы  да  өзгеріп,  өзінің  рухы  да  көтеріліп,  ақындық  ша-

быты  қайта  түлеген  еді.  Мәселен,  «тағы  бітті  жаңа  күш»  атты 

өлеңінде  ақын  осыны  ашық  айтады.  ол  поэзияда  ежелден  келе 

жатқан табиғатқа, тауға, құсқа, аңға қарата сөйлеу әдісін пайда-

ланып, өзінің сөзін Майтөбеге арнай отырып, бұрынғы патшалық 

Ресейдің  отарына  түскен  замандағы  Майтөбенің,  әрі  өзінің 

хал-жағдайын  әсерлей,  бояуын  айшықтай  суреттейді,  таумен 

мұңдасады,  содан  соң  дереу  кеңес  тұсындағы  Майтөбені,  оның 

бауырындағы берекелі тіршілікті, өзінің өзгерген өмірін масатта-

на жырлайды. 


208

Сөз орайы келгенде айта кету керек, қазір Жамбылды өмірді 

біржақты  суреттеді,  кеңес  өкіметінің  жақсы  жағын  ғана  жыр-

лап,  оның  кемшіліктерін  айтпады  деп  кінәлау  –  әділдік  бол-

мас  еді.  оған  бірнеше  себеп  бар.  Ең  алдымен  айтатын  нәрсе  – 

Жамбыл болмысты біржақты суреттеген жоқ, бұған оның кеңес 

өкіметіне дейінгі және кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы 

шығармалары дәлел. Екінші – большевиктік партия бар билікті 

қолына  алған  соң  бүкіл  мәдениетті,  әдебиет  пен  өнерді  өзінің 

ресми  идеологиясының  құралына,  тіпті  оның  бір  бөлшегіне  ай-

налдырды, сөйтіп көркем өнер мен әдебиетті түгелімен партияға, 

оның  көсемдеріне,  мемлекетке  бағынышты  етті,  оларға  қызмет 

еткізді.  Мұндай  саясатты  партия  мен  өкімет  әдебиет  пен  өнер 

қайраткерлеріне арнап алуан түрлі шығармашылық одақтар құру 

арқылы  жүзеге  асырды.  ол  одақтар,  түптеп  келгенде,  мемлекет 

пен  партияның  бір  құрамына  айналып,  олардың  ресми  идеоло-

гиясын  барынша  дәріптеп,  жүзеге  асырып  бақты.  Партияның 

әрбір съезі мен пленумдарының шешімдерін ел санасына сіңіру 

үшін  одақтардың  мүшелері  партияның  штаттағы  функционер-

қызметкері сияқты ел ішіне шығып, насихаттап жүрді, жазушы-

лар мен ақындар тіпті өздерін «партияның солдатымыз» деп атап, 

партияға, мемлекетке, ресми идеологияға қызмет етуді өздеріне 

үлкен  сенім,  зор  құрмет  деп  білді.  Мұндай  жағдай,  –  сөз  жоқ, 

большевиктік партияның әдебиет пен өнерден тек тапшылдықты 

талап  етуі  мен  көркем  өнер  қайраткерлерін,  зиялы  қауымды 

қатаң идеологиялық қыспаққа алуының салдары еді. оның үстіне 

партия  мен  мемлекеттің  ресми  идеологиясының  бас  көмекшісі-

ақпарат құралдарының большевиктік үгіт-насихат жұмысы да өз 

нысанасына дөп тиіп жатты. 

Бір ғана таптық-партиялық идеология мен бір ғана маркстік-

лениндік  методология  орныққан  қоғамда  жеке  адамның  өзіндік 

көзқарасы,  дүниетанымы  болмады,  плюрализм  деген  түсінік 

өмірден  ғайып  болды.  Міне,  осының  бәрі  біріге  келіп,  әдебиет 

пен өнер адамдарын, зиялыларды өтірік-шыны аралас етіп, пар-

тияны,  кеңес  өкіметін,  көсемдерді  жаппай  мадақтауға  мәжбүр 

етті.  Солардың  ішінде  Жамбыл  да  болды.  Өзі  хат  танымай-

тын  әрі  жасы  90-нан  асқан  қарт  ақын,  бір  жағынан,  өмірде  бо-

лып  жатқан  өзгерістерді  көріп,  ескі  мен  жаңаны  салыстырып, 

дүниенің өзгеретініне үміттенген, екінші жағынан, большевиктік 

үгіт-насихатқа  да  сенген;  үшінші  жағынан,  ресми  орындар  мен 



209

жазушылар  одағының  ақынды,  оның  дарыны  мен  даңқын  пай-

далану үшін оның жеке басына, үй-ішіне жасаған қамқорлықты 

өкімет  пен  партияның  өнерге,  әдебиетке  деген  қамқоры, 

ілтипаты  деп  қабылдаған,  соған  иланған.  Сөйтіп,  Жәкең,  сол 

кездегі  миллиондаған  қарапайым  адамдар  тәрізді,  кеңес  өкіметі 

мен большевиктер партиясына сенген, олардың үгіт-насихатына 

нанған, идеологиясы мен саясатын толық мақұлдаған. Өте күшті 

әрі  пәрменді  жүргізілген  идеологиялық  жұмыстың  нәтижесінде 

адамдар  өзін  мемлекеттік  істі  басқаруға  тікелей  қатысым  бар, 

сондықтан  мен  жеке  басымнан  гөрі  қоғам  мүддесін  жоғары 

қойып,  мемлекетке,  партияға  адал  еңбек  етуім  керек  деп  есеп-

теген. осындай иллюзияға сенген қайраткерлердің бірі – Жам-

был.


Халыққа  қызмет  ету,  елдің  қамын  ойлау,  отанды  қорғау, 

қажет  болса  жанын  пида  ету  –  идеалдың  ісі,  ежелден  келе 

жатқан  арман.  осы  идея  Жамбылдың  ХІХ  ғасырдағы  айтыста-

ры  мен  дастандарында  мадақталған  болатын,  оған  Ұлы  отан 

соғысы кезінде күллі шығармашылығын арнайды. Ақынның тек 

соғыс  уақытындағы  шығармалары  ғана  емес,  кеңес  тұсындағы 

поэзиясы,  негізінен,  ер  ел  үшін  өмір  сүруі  керек,  адам  қоғамға 

қызмет етуге тиіс, яғни қоғам мен мемлекет мүддесі жеке бастың 

мақсатынан жоғары болуы қажет деген идеяға саяды. Бұл заңды 

еді. Себебі бар билікті қолына алған большевиктер партиясының 

басты принципі – осы болды да, идеологияны, оның бір саласы-

на айналған әдебиет пен өнерді, қоғамдық ғылымды соған қызмет 

еткізді, сол арқылы адам санасына әсер етіп, бұқара халықты осы 

тұрғыда ойлауға бейімдеді. Жеке адам – түк те емес, қоғам мен 

мемлекет – ең басты нәрсе деп ұғынған көпшілік ресми ұрандар 

мен идеологиялық қызыл сөзге толық сенді. 

түптеп  келгенде,  адам  мемлекетке  қызмет  ету  керек  деген 

идея  –  большевиктердің  жаңалығы  емес  еді.  тарихқа  үңілсек, 

мемлекет алғаш пайда болып, қалыптаса бастаған шақта ең басты 

принцип,  басты  идея  –  этатикалық,  яғни  елге  күшті  мемлекет, 

күшті  әмірші  керек  деген  идея  ұсынылып,  мемлекеттік  бір  ғана 

ресми идеология жасалады да, күллі мәдениет, әдебиет, өнер соған 

жұмыс істейді, сөйтіп елдің патшасын, оның айналасын мадақтап, 

жұртқа  дәріптеп,  қоғамдық  ой-санаға  сіңірумен  шұғылданады. 

Қазіргі  мемлекеттердің  бәрі  алғаш  қалыптаса  бастағанда  солай 

болған және мұндай жағдай мемлекеттердің, қауымның жаңа та-



210

рихи  бұрылыстары  кезінде  қайталанып  тұрған.  Алысқа  бармай-

ақ, Ресей мен Қазақстан тарихын шолсақ, бұған көз жеткіземіз.

Арғы  дәуірін  айтпай-ақ,  Ресейдің  бергі  ХVІ–ХVІІІ 

ғасырлардағы  жағдайын  алсақ,  яғни  Россия  мемлекеті  үлкен 

империяға  айнала  бастаған  шақта  әдебиет  пен  өнер  патшаны 

дәріптеп,  империяға  қызмет  етті.  тредиаковский,  Сумароков, 

ломоносов,  державиндердің  патшаларға  бағышталған  мақтау 

жырлары, одалары таза идеологиялық мақсатта, орыс мемлекеті 

мүддесін  қорғау  үшін  жазылған-ды.  тек  ұлы  Пушкин  ғана 

әдебиетті  «патшаның  құлдығынан»  құтқарып,  «мемлекеттің  қол 

шоқпары» болудан азат етті.

Россияда  октябрь  революциясы  жеңіп,  империя  жаңа 

бетбұрысқа көшіп, СССР атты мемлекет құрған тұста большевик-

тер әдебиетке қайтадан «мемлекет құрығын» салды. ол Маяков-

скийден басталып, кең етек алды. Қазіргі шақта, кеңес өкіметін 

жойып,  орыс  мемлекеті  тағы  да  тарихи  бұрылысқа  шыққанда 

«Россия  –  күшті  мемлекет»  болуы  керек  деген  идея  қайтадан 

қоғамдық  ой-санаға  орнығып  жатыр.  Соған  сәйкес  ақпарат 

құралдары  «қатал  тәртіп»  керек  деп,  ескі  «күшті  басшы  қажет» 

деген  ұғымды  да  жаңашалап  тірілтпек.  Енді  кезек  әдебиет  пен 

өнердікі, және мұның алғашқы нышандары көрініс беріп те жа-

тыр.

Ал, Қазақстан тарихында қалай? Бізде де солай болған. Алтын 



орда ыдырағаннан кейін пайда болған Қазақ хандығы қалыптаса 

бастаған  кезде  «күшті  хан,  күшті  хандық»  керек  деген  идея-

ны  айтушылар  –  жыраулар  болды.  (Бірақ  сонымен  қатар  олар 

–  әміршіге  оппозициялық  ойды  да  алғаш  айтушылар  болды). 

Хандықтың  басты  идеологі  ретінде  жыраулар  өз  толғауларын, 

негізінен,  мемлекеттік  мәселеге  арнап,  әдебиетті  хандыққа, 

оның  идеялогиясына  қызмет  жасатты.  Қазақ  хандығының  жой-

ылуымен  байланысты  жыраулар  тарихи  аренадан  көшті,  сөйтіп 

әдебиет  мемлекеттік  функциядан  арылды.  Россияға  қарағаннан 

бергі  уақытта  қазақ  әдебиетінде  үлкен,  жалпы  мемлекеттік 

мәселе көтерілген емес. тек большевиктер құрған СССР тұсында 

бүкіл  империядағыдай  бізде  де  әдебиет  пен  өнер  қайтадан 

мемлекеттік  идеологияға  жұмыс  істеді.  Совет  одағы  ыдырап, 

Қазақстан  тәуелсіз,  дербес  мемлекет  атанып,  тарихи  бетбұрыс 

жасап отырған кезде «елге күшті мемлекет, күшті басшы керек» 

деген  идея  ел  арасында,  ақпарат  құралдарында  айтылып  жүр. 



211

Кейбір  жазушылар  ежелгі  дәстүрді  жаңғыртып,  мақтау  сөздер 

мен өлеңдер жазуда. Мұның бәрі – мемлекеттің қалыптасуы мен 

өсуі кезінде болатын жәйттар, одан аттап кету мүмкін емес. осы 

күнгі  өркениетті  елдің  көбісі  осылай  дамыған.  Біз  де  хұқықтық 

мемлекетке бару жолында осыдан өтетініміз хақ.

Жамбылды,  оның  шығармашылығын  жаңаша  талдап,  жаңа 

тұрғыда бағалау үшін осы айтылғандарды түгел ескермеске бол-

майды. ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясында жалпы мемлекеттік мәні 

бар мәселелерге «әлеуметтік талап» («социальный заказ») түрінде 

болса да жедел әрі зор жыраулық қуатпен алғаш толғаған және сол 

арқылы өзін де, қазақ жұртын да барша жаһанға жария еткен – 

Жамбыл. ол байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта түлетіп, 

біздің дәуірімізге жаңа сапада, соны мазмұнға байытып жеткізді. 

Асан қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Үмбетей, Бұқар сияқты Жамбыл 

да  жалпы  мемлекеттік  мәселелер  жайында  толғауларын  қалың 

жұртшылық алдында, мемлекет басшысына, партия көсемдерінің 

өзіне қарата жырлады. Кремльде өтетін СССР Жоғарғы Кеңес сес-

сиясында  қазақтан  Жамбылдан  басқа  бірде-бір  ақын  жырлаған 

емес.  Жамбылдың  Кавказда,  Грузия  жазушылары  одағының 

пленумында, Москвада СССР жазушылары мен өнер, мемлекет 

қайраткерлері алдында, сондай-ақ Қазақстандағы көптеген салта-

натты жиындарда өлең-жырлармен толғағаны да – әр ақынның 

тағдырына  жазылмаған.  отан  соғысы  жылдарында  украинаны, 

Москваны,  Кавказды,  воронежді,  ленинградты  қорғаушыларға 

арнап,  олардың  рухын  көтере,  ерлікке  шақыра  жыр  төгу  де  – 

жыраулар  үлгісі.  Мұның  бәрі  –  жыраулықтың  сыртқы,  көзге 

ұратын белгілері, ал оның ішкі, рухани ерекшеліктері Жәкеңнің 

поэзиясында тағы да айқын көрінеді. Жамбыл, ежелгі жыраулар-

ша, замана туралы толғап, дәуірге сипаттама береді, өтіп жатқан 

оқиға-құбылыстарға  өз  бағасын  береді.  Сонымен  қатар  Жәкең 

толғауларында  жырауға  тән  нақылдық,  афоризмдік  сипат  бар, 

ойшылдықтың абыздық нұсқалары кездеседі, сөз өнерінің, жұрт 

алдында айтылған толғаудың ерекше құдіретіне деген құрмет те 

байқалады... Мәселен, мына бір шумақтарға көңіл бөлейік:

Жердің шелін сел жуар,

Елдің кегін ер жуар.

дауыл тұрса бұлт қуар,

Жердегі жауды жұрт қуар...


212

немесе:


Жаудан күту жақсылық –

Зарыққанның салдары.

Байдан күту жақсылық –

тарыққаның салдары.

тағы бір – екі мысал: 

Ел қадірін ер баққан 

Елдер білер – деген сөз.

Зер қадірін зер соққан

Зергер білер – деген сөз.

я болмаса:

Елі жақсы адамнан,

Ері жақсы адамнан.

туар ма бала жігерсіз?

Мұндай  жыраулық  үлгіде  айтылған  нақыл  сөздер  Жам-

был  поэзиясында  айтарлықтай  көп.  олар  ақынның  әртүрлі 

шығармаларында  құмдағы  шашырап  жатқан  алтын  түйірлер 

тәрізді жылтырап көрінеді, көре-тере білген кісіге – зор қазына, 

тағылымы мол рухани байлық. Өзінің құрылымы мен ойлылығы 

жағынан  бұл  шумақтар  кәдімгі  Асан  Қайғының,  Бұқардың 

толғауларына ұқсас. Мұнда ғасырлар бойы жинақталған өмірлік 

тәжірибені қорытып, соның негізінде айтылған ойлар ескірмейтін 

қанатты  сөзге,  мақалға  айналып  кеткен.  Жамбылдың  осы  тек-

тес  толғауларының  басты  тақырыбы  –  адам,  қоғам,  өмір,  за-

ман,  ал  мазмұны  –  солардың  сипаты,  сипаттау  тәсілдері  –  әр 

алуан теңеу, метафора, антитеза, шендестіру, мінездеу. Мұндай 

нақылға  айналып  кеткен  толғауларда  Жәкең  өмірден  түйгені 

мен  тоқығаны  көп  дана  ретінде  көрініп,  мәні-мағынасы  биік  те 

терең мәселелерді қамтиды. Атап айтар болсақ, мынадай: кемел 

тұлға мен тобыр («тәмам қарға жиылса, бір сұңқарға жетпейді»), 

адамның бас бостандығы («дүниенің кеңдігі – жүргеніңде басың 

бос»), имандылық пен қайырымдылық («Қылған қайыр болмаса, 

не әкетесің өмірден»), адамның тұрақсыздығы («Жан қысылса, 

белгілі, – таба алмайсың жақын дос»), өмірдің өткіншілігі («ой-

хой,  дүние  серуен,  Адам  –  бір  көшкен  керуен»),  заманның 



213

қатыгездігі  («Қайтіп  жаның  ашымас,  неткен  заман  қатыбас?»), 

т.т. Жәкеңнің бұл тұжырымдары, бір жағынан, ежелгі жыраулар 

сөзін  еске  түсірсе,  екінші  жағынан,  өзінің  замандасы,  құрдасы 

ұлы Абайдың кейбір ойларымен үндес. Мұны біз екі ақынның за-

ман мен адам туралы айтқан мына бір сөздерінен байқауымызға 

да болады. Жамбыл былай дейді: 

Заман, заман – дегенде,

Заманға қожа – адам ғой!

наразы болсаң заманға,

Бар кінәні соған қой!

Абай жазады: 

Әркімді заман сүйремек,

Заманды қай жан билемек?

Заманға жаман күйлемек,

Замана оны илемек.

Қазақ әдебиетінің екі үлкен саласы – ауыз әдебиеті мен жаз-

ба әдебиетінің ұлы екі өкілі бір ойды екі тәсілмен, екі үлгіде ай-

тып отыр. Жамбыл – байырғы абыз-жырауларша да, Абай – ой-

шыл философтарша. Екеуінің де айтып отырғаны – адам заман 

ағымына жүре бермеуге тиіс, өзінің жағымсыз іс-әрекетін заманға 

жаппауы керек, әр харекетіне өзі жауап бере білуге міндетті. он-

дай  болмаған  жағдайда  адам  өзін  адам  ретінде  сезіне  алмайды, 

оны заман илеп тастайды. нашар адам уақытқа бейімделіп, бүгін 

істеген келеңсіз қылығын ертең мезгіл солай болды деп, заманға 

кінә тағып жүреді. Ал, нағыз адам, кемел тұлға заманға күйлемейді, 

оның қожасы болады, оны өзі билейді. Адам осындай болу керек, 

–  деген  ойды  айтады  ақындар.  Сөйтіп,  олар  адам  және  заман, 

тұлға  және  тобыр  деген  мәселеге  өз  тұрғыларынан  келіп,  екеуі 

де адам өз тағдырының иесі, өз ісіне өзі жауапты деген тұжырым 

жасайды. Рас, тұлға, кемел адам туралы олардың түсінік пайымы 

ұқсас болғанымен бірдей емес. Абай толымды адам деп, ол туралы 

өзінің жүйелі концепциясын жасаса, Жамбыл нағыз адам деп ел 

үшін еңіреген халықтық идеалды есептейді және оны жыраулар-

ша сипаттайды:

Асқақтаған адамда тоба болмас,

Ел қорғаған адамда мола болмас.


214

Елден туып, ер болсаң, елге қара,

Шірік қурай ауылға қора болмас!

Жамбыл  шығармашылығында  оның  өнер  туралы,  ақындық 

шабыт  жайында,  поэзияның  мақсат-міндеті  жөнінде  айтқан 

толғау-өлеңдері  –  жеке  бір  сала.  ол  жырларында  Жәкең  өлең 

қандай  болуы  керек,  ақын  нені  толғауға  тиіс,  қалай  жырлауға 

міндетті  екенін  өрнектеп,  сәнін  келтіре,  бейнелі  түрде  баяндай-

ды. Бірде жырауларша төкпелеп толғанса, енді бірде ақындарша 

айшықтап айтады. Өнер туралы бірде арнайы өлең шығарса, бірде 

жыр-дастандарында толғайды. Соның бәрінде сөз қадірін білетін 

жұрт пен ақындық туды жоғары ұстаған, таланты мен шабытын 

халықты  жырлауға  арнаған  дүлдүл  сөз  зергерлерінің  бір-біріне 

байланысты екенін ескертіп отырады:

Ақын деген – бір бұлақ,

Көмілер көзін ашпаса.

Көзін ашар көпшілік

Сүйсіне тыңдап, қоштаса.

Алтын сөз де – ас болмас

Елеусіз жерге тастаса.

Поэзияның  құдіретін  талай  рет  өз  көзімен  көрген  Жамбыл 

былай дейді:

Жырыңды, досың болса, күлдіріп айт,

Жау болса, жау тигендей бүлдіріп айт!

Жыр деген – біреуге оқ, біреуге – бал,

дәл тиген оқ берендей жұлдырып айт!

Жүз  жыл  өмірінің  сексен  бесін  өлеңмен  өткізген  Жәкең 

айтысқанда  да,  арнау  жырларында  да,  дастандарында  да  осы 

тұрғыдан айныған емес, сол себепті де ол ел ықыласына бөленді, 

жаңа заманда жаңаша түрленді. Жамбыл поэзиясы өміршеңдігінің 

де, ақын есімінің ел жадынан өшпейтіндігінің де сыры – осында. 

Жамбыл – көп ғасырдан бері жасап, дамып келе жатқан қазақ 

ауыз  әдебиетінің  ең  биік  шоқтығы.  оны  ХХ  ғасырдың  жырауы 

деп айтуымыздың да себебі – осы, ол бізге осысымен қымбат.




1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал