Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов



жүктеу 4.57 Mb.

бет5/32
Дата22.12.2016
өлшемі4.57 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

Первый всероссийский конгресс фольклористов. 

Сборник докладов. Том ІІІ. М. 2006. С. 29-33.

88

БӘйТеРеК

Әлем  халықтарының  мифологиясында  космостың  моделі 

екі  түрлі  болып  келеді.  Бірі  –  вертикальді  де,  екіншісі  – 

горизонтальді құрылым. осының екеуі де қазақ мифологиясында 

бар.  Горизонтальді  модельдің  көрінісін  дүниенің  төрт  бұрышын 

кезген Қорқыт туралы әпсанадан табамыз. Өлімнен құтылу үшін 

батысқа  да,  шығысқа  да,  оңтүстікке  де,  солтүстікке  де  барған 

Қорқыт  барлық  жерде  өзіне  қазылып  жатқан  көрді  көріп,  ең 

соңында Сырдарияның қақ ортасына келіп, тыным табады. Сыр-

дария  өзені  бұл  жерде  –  космостың  кіндігі  болып  көрсетіледі 

де,  жартылай  горизонтальді,  жартылай  вертикальді  модельдің 

бейнесі  ретінде  суреттеледі.  Ежелгі  мифологиялық  ұғым  бой-

ынша  үлкен  өзендер  –  космос  болып  қабылданады,  олардың 

басы – жоғарғы әлем, ортасы – ортаңғы әлем, аяғы – төменгі 

әлем. Міне, Қорқыттың Сырдарияның қақ ортасына келу себебі 

осы.  Мұндай  үш  әлем  туралы  мифологиялық  түсініктің  бізде 

сақталғаны жөнінде Шоқан уәлиханов жазған болатын. 

Атап  айтарлық  нәрсе,  дүниежүзі  халықтарының  мифоло-

гиясында  үш  әлемнен  тұратын  бүкіл  космосты  үлкен  зәулім 

ағаш  түрінде  суреттеу  орын  алған.  Бұл  ағаш  көп  жағдайда 

мифтік  үш  әлемді,  яғни  аспанды,  жерді,  жер  астын  вертикальді 

түрде  жалғастырып  тұрады.  (Ғылымда  оны  «әлемдік  ағаш»  не-

месе  «космостық  ағаш»  деп  атайды).  Бүкіл  космостың  тағдыры 

осы ағашпен байланыстырылады. ол төменгі, ортаңғы, жоғарғы 

әлемдерді  ұстап  тұрған  тіреу  және  оларды  бір-бірімен  арала-

стырмай,  космосты  таза  ұстап,  ізгілікті  қызмет  атқарады,  сол 

әлемдердегі кейіпкерлердің тағдырына әсер етеді. Әдетте, зәулім 

ағаштың  түбінде,  яғни  төмеңгі  әлемде  орасан  жылан  жатады, 

ал ұшар басында, яғни жоғарғы әлемде құстар патшасы тұрады, 

ұялайды,  бұлардың  бәрі  мифтік  батырдың  өмірінде  үлкен  рөл 

атқарады.

Қазақ  мифологиясында  мұндай  рөлде  Бәйтерек  көрінеді. 

«Бәйтерек»  сөзі  –  ежелгі  түркі  сөзі,  «бәй»  –  «үлкен»  деген 

сөз,  «бай»  сөзінің  өзгерген  түрі  («бәйбіше»  –  «үлкен  әйел», 

«бәйшешек» – «үлкен гүл» деген ұғымдар), ал «терек» – «ағаш», 

ежелден «терек» деп қолданылған. демек, екі сөз бірігіп, «зәулім 

ағаш»  ұғымын  білдіріп  тұр.  Көнеден  келе  жатқан  біздің  мифо-

логиямызда  бәйтерек  күллі  космосты  бейнелейді.  ол  жер  асты-



89

нан өрлеп, жерді көктей өтіп, аспанға тіреледі. Мифтік қаһарман 

әртүрлі  себептермен  жердің  астына  түседі.  Ал,  төменгі  әлем 

– қараңғы, ол – зұлым күштердің мекені, тіпті көп ел мифоло-

гиясында – өлілер патшалығы. осы әлемге тап болған қаһарман 

көкке  тірелген  бәйтерекке  келеді.  Бәйтеректің  түбінде  айдаһар, 

төбесінде  Самұрық  құстың  ұясы,  ұяда  жұмыртқа,  немесе  жаңа 

ғана жұмыртқадан шыққан шақа балапандар. Мифтік қаһарман 

айдаһарды  өлтіріп,  балапандарды  ажалдан  құтқарады,  сөйтіп 

ол  Самұрықтың  ризашылығын  алады.  Самұрық  оны  төменгі 

әлемнен  алып  шығады.  Космостың  төменгі  әлеміне  түскен 

мифтік  қаһарманға  жарық  дүниеге  шығатын  жол  –  бәйтерек. 

тек  бәйтерекке  жеткен  соң  ғана  қаһарманның  жолы  бола-

ды.  Бәйтерек  сонымен  бірге  зұлымдық  патшалығының  өкілі 

айдаһарды үстіңгі әлемге жібермей, қаһарман келгенше төменде 

жорғалатып қояды, тіпті төбесіндегі балапандарға да жібермейді, 

сөйтіп Самұрықтың ұясын да, жоғарғы әлемді де таза ұстайды, өзі 

де шайқалмай, тіп-тік күйінде тұрады. ол мәңгіліктің де символы 

болып көрсетіледі. Самұрық қаһарманды жер бетіне алып кеткен-

де де бәйтерек оның ұясын, балапандарын қарауылдап қалады.

Ал,  Самұрық  болса,  ол  қазақ  мифологиясында  ерекше  құс. 

оның  екі  басы  бар:  бірі  –  адамдікі,  бірі  –  құстікі.  ол  адамша 

сөйлейді, қаһарманмен тілдесіп, рахметін айтады, керемет күшті, 

алып құс. Мәселен, Самұрықты миф былай суреттейді. Кейіпкер 

айдаһарды  өлтіріп,  бәйтеректің  түбінде  демалып  отырады.  Сол 

кезде күнбатыс жақтан бір қара бұлт шықты. Қатты дауыл жерді 

шаңдатты.

– Бұл не? – деп сұрады кейіпкер Жарты төстік.

Сонда екі балапан айтты:

– Бұл біздің анамыздың қанатының екпінді желі, – деді.

Күн нөсер жауын боп, құйып-құйып жіберді.

Бұл қалай? – дегенде, балапан айтты:

–  Анамыздың  көз  жасы,  жылда-жылда  бала  тапсам  да,  бірі 

ілеспей қойды деп жылағаны, – деді.

Күн ашылып, қар жауды жапалақ-жапалақ.

Бұл не? – деді.

Анамыздың қуанып, қарқ-қарқ күлгені, – деді.

Құс  келіп,  ағаш  басына  қонғанда,  үйдің  жуандығынғындай 

ағаш иіліп, жерге тиді – дейді.

осы  үзіндінің  өзі-ақ  Самұрық  құстың  күш-қуатын,  бітімін, 



90

алыптығын  және  сезімталдығын  көрсетіп  тұр.  ол  жылайды, 

күледі,  жақсылыққа  жақсылық  істейді.  оның  балпандары  да 

адамша  сөйлей  алады.  Ал,  бәйтерек  те  жай  ағаш  емес,  ол  өте 

ауқымды, «үйдің жуандығындай». Үй болғанда, алты қанат үйді көз 

алдыңызға елестеді. оны Самұрық жерге дейін игенімен, ол сын-

байды. осы бәйтеректің түбінде батыр Самұрықпен сөйлесіп, тіл 

табысқан соң жер бетіне шығуға мүмкіндік алады. Құс бәйтеректі 

бойлай ұшып, қаһарманды жарық дүниеге алып шығады. осылай-

ша бәйтерек – енді тек үш әлемді байланыстырып тұрған дәнекер 

ғана  емес,  адамға  ізгілік  жолын  көрсетуші,  жақсылық  жасаушы 

да болып көрінеді, яғни ол адамды құтқарушы десе де болады.

Мифологиядағы  бәйтеректің  осыншама  ізгілікті  қызметі  ел 

түсінігінде оны ерекше, керемет ағаш деген ұғым қалыптастырған 

да, «бәйтерек» сөзі қосымша астарлы мағынаға ие болған. Сөйтіп, 

ол  сөз  тілімізде  бірнеше  мәнде  қолданылатын  болған:  біріншісі 

– кәдімгі зәулім ағаш; екіншісі – космостық ағаш; үшіншісі – 

мықты,  зор,  күшті;  төртіншісі  –  тірек,  сүйеніш,  қорған,  пана. 

осылардың әрқайсысы әр мақсатта пайдаланылады. Бірі өсімдікті 

суреттеу, бірі – бүкіл бір елді, көпшілікті сипаттау, бірі – адам-

ды, енді бірі космосты бейнелеу үшін қызмет етеді. осылардың 

бәрі  тұтас  күйінде  бүгінгі  Қазақстан  бейнесін  жасай  алады. 

Астанадағы Бәйтерек – осының айғағы. 

Астана  Бәйтерегі  –  мифологияда  суреттелетін  Космостың 

моделі,  ол  бүкіл  әлемді  символдап  тұр:  аспанға  бой  түзеп,  жер 

шарын көтеріп, ежелгі мифологияны негізге ала отырып, бүгінгі 

Қазақстанды әлемге көрсетіп тұр. Астана – Бәйтерегі қара орман 

қалың қазақтың бейнесі, оның жарқын болашаққа ізгілікті әлемге 

ұмтылысы. Астана Бәйтерегі – қазақ елінің тірегі мен қорғаны, 

ал оның кепілі – Елбасы. Міне, ата-бабамыздың ежелгі мифоло-

гиясынан бізге жеткен Бәйтерек – баянды тірекке, жылуы мол 

панаға айналған. Бүкіл Космостың, байтақ Қазақстанның симво-

лы – Бәйтерегіміз мызғымасын.

«Егемен Қазақстан» газеті. 2008. 20 маусым. 5-б.

 


91

 ЗӘКи АХМеТОв*

Зәки  Ахметұлы  Ахметов  1928  жылы  5  мамыр  күні  Шығыс 

Қазақстан облысы Ұлан ауданының Ұзынбұлақ аулында дүниеге 

келген. лениногорск қаласында орта мектепті бітірген соң Қазақ 

мемлекеттік  университетіне  түсіп,  оны  1948  жылы  тәмамдап 

шығады. 1948–1951 жылдары ленинградтағы СССР Ғылым ака-

демиясы  Шығыстану  институтының  аспирантурасында  оқып, 

1951  жылы  «лермонтов  и  Абай»  атты  тақырыпта  кандидаттық 

диссертация  қорғайды.  Ұзақ  жылдар  Қазақ  қыздар  педагогика 

институтында кафедра меңгерушісі, декан болып қызмет істейді. 

1965 жылы докторлық диссертация қорғап, 1966 жылы профессор 

ғылыми  атағын  алады.  1975  жылы  Қазақ  ССР  Ғылым  академия-

сына корреспондент мүше болып сайланады. Сол жылдан бастап 

Ғылым академиясында М.о. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 

институтының  директорының  орынбасары,  директоры  болады. 

Академияның Қоғамдық ғылымдар бөлімшесін басқарады, вице-

президенті  қызметінде  істейді.  1978  жылы  оған  Қазақ  ССР-нің 

еңбек  сіңірген  ғылым  қайраткері  атағы  беріледі,  1980  жылы  ол 

Академияның  Шоқан  уәлиханов  атындағы  сыйлығын  иеленеді, 

1983  жылы  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  академигі  бо-

лып  сайланады.  1987  жылдан  М.о.  Әуезов  атындағы  Әдебиет 

және  өнер  институтында  қызмет  істеп,  1995  жылы  Қазақстан 

Республикасы  Мемлекеттік  сыйлығын  алады.  2002  жылдың  

17 желтоқсанында мерт болды. 

Бүгінгі таңдағы қазақ әдебиеттануы – көркем сөздің қандай 

күрделі проблемасын болса да жоғары теориялық деңгейде зерт-

тей  алатын,  әбден  толысқан,  төрт  аяғынан  тік  тұрған,  толымды 

ғылым. Бұл ғылымды қазірде жастары жетпістің мол ішіне енген 

ағаларсыз көзге елестету мүмкін емес. олар өздерінен бұрынғы 

ұлылар  мен  алыптар  іргетасын  қалаған  ұлттық  әдебиеттануды 

ғылым  ретінде  қалыптастырып,  осы  күнгі  жағдайына  жеткізді. 

Міне,  осы  шоғырдың  арасында  академик  Зәки  Ахметов  аса 

көрнекті  орын  алады.  оның  есімі  бүкіл  Совет  одағына,  одан  да 

тыс елдерге белгілі еді. оның мұндай танымал болуының ең басты 

себебі – ғылыми-теориялық жағынан өте маңызды әрі мағыналы 

зерттеулері  болғаны  күмәнсіз.  Зәки  Ахметов  үлкен  ғылымға 



*

  Қасқабасов  С.  Алғы  сөз  //  Ахметов  З.  Қазақ  әдебиеттану  мәселелері:  А., 

2008. Б. 5-20.


92

бірден өзін танытып енді. Сонау 1951 жылы ленинградта қорғаған 

«лермонтов  и  Абай»  атты  кандидаттық  диссертациясының  өзі 

сонылығымен әрі тереңдігімен әдебиеттанушы ғалымдарды елең 

еткізді.  Екі  ұлы  ақынның  рухани  жақындығы,  шығармашылық 

үндестігі  олардың  жекелеген  туындыларын  салыстыра  зерт-

теу  арқылы  бұлтартпастай  дәлелденіп,  Абай  аудармалары 

–  түпнұсқалардың  қайталауы  емес,  өнерлік  сайыс  болып 

шыққаны,  бірақ  соған  қарамастан  лермонтов  ойлары  мен 

сезімдері  терең  түсініліп,  дамытыла  түскені  нақты  талдаулар 

негізінде  айқындалды.  осының  өзі-ақ  ғылымға  үлкен  талант 

келгенін  көрсетіп  еді.  Құдай  берген  зор  дарын,  ата-анасынан 

дарыған  қабілет  ленинград  тәрізді  өте  құнарлы  ортаға  түсіп,  өз 

жемісін  берді.  дүние  жүзіне  мәлім  түрколог  Сергей  Ефимович 

Малов  пен  әлемге  әйгілі  виктор  Максимович  Жирмунскийдің 

аспирантурасында  оқыған  Зәкең  таза  академиялық  сипаттағы 

оқымысты  болып  қалыптасты.  Сол  себепті  ол  1950  жылда-

ры  етек  алған  «ұлтшылдықпен  күресу»  науқанына  араласпай, 

әсіресе солақайлыққа, тұрпайы социологияға ұрынбай, өзін таза 

ғалым  ретінде  ұстай  білді.  осы  қасиетін  ол  ғылыми  еңбекте  де 

сақтай алды. Әдебиеттану да, басқа қоғамдық ғылымдар сияқты, 

идеологиялық сипаттағы ғылым, сондықтан ресми идеологиядан, 

саясаттан  тыс  қалмауға  тиіс  деген  қағида  орнаған  қоғамда  Зәки 

Ахметов  өзінің  ең  басты  еңбегін  әдебиеттің  партиялылығы,  не-

месе  совет  әдебиетіндегі  социалистік  реализм  әдісі  сияқты  сол 

шақта  аса  өтімді  тақырыпқа  арнамай,  саясат  пен  идеология-

дан  мүлде  алшақ  жатқан  қазақ  өлеңінің  құрылымы  деген  таза 

теориялық мәселеге арнады. Сөйтіп, 1955 жылдардың ортасынан 

бастап  қазақ  поэзиясындағы  ұйқас,  ырғақ,  буын,  бунақ,  шумақ 

проблемаларымен шұғылданып, көптеген мақала жазған ол 1964 

жылы  «Казахское  стихосложение»  атты  іргелі  монографиясын 

жариялады.  Кезінде  бұл  еңбек  өте  жоғары  бағаланды.  оның 

құндылығы  жөнінде  в.  Жирмунский,  Қ.  Жұмалиев,  И.  Стебле-

ва,  М.  Сильченко,  н.  Смирнова  секілді  ғалымдар  бүкілодақтық, 

республикалық  басылымдарда  мақала  жариялады.  ол  кітапқа 

көптеген зерттеушілер арқа сүйеді, оны теориялық еңбек ретінде 

пайдаланды.  Мәселен,  поэзия  теориясының  білгірі,  академик  в. 

Жирмунский  өзінің  түркілер  поэзиясы  туралы  зерттеулерінде 

Зәки  Ахметовтің  аталмыш  кітабына  көп  сүйенеді  және  ондағы 

Зәкең  ашқан  қазақ  поэзиясындағы  клаузула  мен  элизия 



93

құбылыстарына  айрықша  мән  береді  де,  оның  жалпы  поэзияға 

тән заңдылық екенін айтады: 

«Здесь  достачно  отметить…  докторскую  диссертацию  и  ряд 

статей З.А. Ахметова о казахском стихе, заслуживающих особого 

внимания как по своему теоретическому уровню, так и по богат-

ству и новизне конкретной информации и анализа… З. Ахметов 

своевременно  напомнил  о  дополнительном  фонетическом  при-

знаке силлабической системы, который был выдвинут валерием 

Брюсовым с учетом указанных особенностей итальянского языка 

и стиха… Согласно наблюдению т. Ковальского, которое подтвер-

дил и обосновал З. Ахметов на материале казахского короткого 

(7-8 сложного) народно-эпического стиха (жыр), постоянный ха-

рактер в таком стихе имеет трехсложная клаузула… …З. Ахметов 

систематизировал ряд случаев видимой неравносложности, объ-

ясняемых фонетически факультативной элизией слабых (сверх-

кратких) слогов и явлением зияния…»

1

. Зәки Ахметов әдебиеттану 



саласында талмай жарты ғасырдан астам еңбек етіп, оннан астам 

жеке  монография,  жиырма  шақты  ұжымдық  кітап,  төрт  жүзге 

жуық  мақала  жазыпты.  осыларды  сала-салаға  бөліп,  топтап  ай-

тар  болсақ,  мынандай  ғылыми  проблемалар  анықталады  екен. 

олар: фольклор, әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдеби байла-

ныстар, текстология және аударма болып бөлінеді

2

. (Бұған тағы да 



қазақ мектептерінің 8, 9, 10 кластарына арналған «орыс әдебиеті» 

оқулықтарын  қоссақ,  Зәки  Ахметов  әрі  орыс  әдебиетін  жетік 

білген ірі ғалым-ұстаз екеніне де көз жеткіземіз. оқулықтардың 

10 рет қайта басылғанының өзі көп нәрсені аңғартады). 

Академик  Зәки  Ахметовтің  ең  басты  қасиеті  сол  –  ол 

жоғарыда аталған проблемаларды таза ғылыми сипатта, тереңінен 

қопара  зерттегені.  Және  оларды  тек  қазақ  материалы  негізінде 

ғана  емес,  бүкілодақтық  һәм  жалпы  түркологиялық  контек-

сте  қарастырғаны.  Ал  мұның  өзі  ғалымның  тұжырымдары  мен 

1

 в.М. Жирмунский. о некоторых проблемах теории тюркского народного 



стиха // тюркологический сборник. М., 1970. С. 29, 32, 33, 35 и сл.

2

 Біз академиктің барлық жазғанын түгел қамтымаймыз. Зерттеуімізді оның 



ең басты, танымал еңбектеріне сүйеніп жаздық. Атап айтқанда, мыналар: «лер-

монтов и Абай», 1951; Казахское стихосложение, 1964; о языке казахской поэзии, 

1970; Өлең сөздің теориясы, 1973; Современное развитие и традиции казахской 

литературы, 1978; Поэтика эпопеи «Путь Абая» в свете истории ее создания, 1984; 

Абайдың ақындық әлемі, 1995; Роман-эпопея Мухтара Ауэзова, 1997; основы тео-

рии казахского стиха, 2002; Поэзия шыңы – даналық, 2002.



94

ой-пікірлері  көп  жұрттың  әдебиетіне  тән  заңдылықтар  екенін 

дәлелдеп,  Зәки  Ахметовті  ХХ  ғасырдағы  әдебиеттанушылардың 

ең  алдыңғы  қатарына  шығарды.  Бұл  ойымызды  әлемге  әйгілі 

орыс  ғалымдары  в.  Жирмунский,  в.  Сидельников,  Г.  ломидзе, 

И.  Стеблева,  сондай-ақ  өзбекстандық  Маллаев,  нұрмұхамедов, 

татарстандық  Ғайнуллин,  қырғызстандық  Керімжанова  және 

Қазақстанның С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Ы. дүй-

сенбаев,  н.  Смирнова,  А.  нұрқатов  секілді  оқымыстыларының 

Зәки  Ахметовтің  зерттеулері  туралы  ертеректе  айтқан  әрі 

жариялаған рецензиялары толығымен растай алады.

Алдымен  Зәки  Ахметовтің  фольклор  туралы  жазғандарын 

айтайық.  ол  кісі  әдейілеп  фольклорға  арналған  зерттеу  жүргіз-

беген, бірақ өзінің іргелі зерттеу кітаптары мен бірнеше мақала-

сында фольклорды тілге тиек етіп, фольклортану үшін бек маңыз-

ды  мәселелерді  қамтыған.  Әсіресе,  оның  халық  поэзиясының 

өлеңдік  түрлерін  жан-жақты  зерттегенін  алдымен  айту  керек. 

осы контексте ала отырып, ғалым қазақ фольклорының не-гізгі 

жанрларына өзіндік анықтама беріп, олардың ерекшеліктері мен 

ортақ сипаттарын ашады. Мәселен, эпикалық жыр, ғұрыптық әрі 

тұрмыстық фольклор, өлең мен айтыс, толғау мен терме, мақал-

мәтел мен жұмбақ, аңыз бен әпсана.

Зәки  Ахметов  бұл  жанрларды  сипаттағанда  ең  алдымен 

олардың  поэзиялық  һәм  көркемдік  қасиеттерін  негізге  алады. 

Айталық, ғұрыптық фольклордың үйлену мен жерлеу салттарына 

байланысты айтылатын жар-жар, сыңсу, беташар, естірту, көңіл 

айту, жоқтау сияқты өлеңдерінің ырғағы, буыны, бунағы, шумағы, 

тармағы, ұйқасы өте шебер талданып, олардың поэзиялық пішіні 

мен  болмысы  дәлелді  ашылады.  Қазақ  фольклорының  ең  басты 

жанры  саналатын  жырға  өте  орнықты  анықтама  береді:  «Жыр 

деп  әдетте  эпостық  жырлар  мен  толғау,  терме  секілді  ықшам, 

желдірмелі әуенмен айтылатын тармақтары жеті-сегіз буынды бо-

лып, түйдектеліп келетін шығармаларды айтады. Жырдың өлшемі 

мен  өрнегі  (түйдегі,  ұйқасы),  әсіресе,  эпостық  шығармаларда 

көбірек  кездесетін  болғандықтан  жыр  эпостық  поэзияға  тән 

өлең  түрі  деген  мағынада  да  қолданыла  береді»

1

.  Әсіресе,  Зәки 



Ахметовтің мақал-мәтел мен жұмбақтың өлең формасында, яғни, 

олардың  поэзия  түрінде  болуының  себебі  мен  сырын  ашуы  – 

ұлттық әдебиеттану мен фольклортану үшін жаңалық болғанын 

1

 Зәки Ахметов. Поэзия шыңы – даналық. Астана, 2002, 172-б. 



95

кезінде  байқамасақ  та,  бүгін  мойындауымыз  керек.  Әлі  күнге 

дейін  фольклордың  шағын  жанрларын  осы  тұрғыда  зерттеген 

еңбек жоқ. Сондай-ақ балалар фольклорын да өлеңдік құрылысы 

жағынан тұңғыш рет зерттеген адам – Зәки Ахметов болды. 

осылармен бірге Зәки Ахметов фольклортанудың кейбір жал-

пы теориялық аспектісін де қарастырған. Атап айтсақ: халық өлең 

сөзінің, ырғақтың пайда болуы мен дамуы, халық поэзиясының әр 

дәуірде өзгеріп отыратындығы, сөйлеу тілі мен фольклор тілінің 

жақындығы, фольклордағы, әсіресе, эпостағы импровизация мен 

дәстүр,  фольклорды  жасаушылар  мен  орындаушылар  (жырау, 

өлеңші,  жыршы,  ақын),  олардың  айырмашылығы,  т.т.  Зәки  Ах-

метов  фольклордың  поэтикасы  туралы  да  өте  құнды  байқаулар 

жасап, теориялық тұжырымдар жасаған. Солардың ішінде халық 

поэзиясының  бейнелік-көркемдік  құралдарының  шығу  тегі, 

олардың түрлері мен қолданылу аясы жайында айтқандары біздің 

фольклортану ғылымына қосқан зор үлес екені күмәнсіз. Сөзіміз 

дәлелді болу үшін ғалымның кітабынан бір-екі мысал келтірейік. 

«Қазақ  поэзиясының  сөз  кестесі  мен  өлең  құрылысының 

түпкі  негіздері  ерте  заманда,  көне  дәуірде  қалыптасқанын 

дәлелдейтін  мысалдар  аз  емес.  Айталық,  батырдың  сұрапыл 

қайратын,  жүректілігін  арыстанмен,  жолбарыспен  теңеу 

секілді  бір  алуан  бейнелеу  тәсілдері  көне  заманнан  қалған,  ескі 

түрік  тайпалары  туғызған  әдеби  нұсқаларда  кездесе  береді. 

Бірталай суреттеу, бейнелеу тәсілдері, мысалы, адамның әртүрлі 

қасиеттерін  (ерлігін,  қайсарлығын,  өжеттігін),  әйелдің  сымба-

тын  сан  алуан  аңмен,  баққан  малмен,  құспен  салыстырып  айту, 

табиғат  құбылыстарын  жанды  бейне  қалпында  қабылдап  сезіну 

(кейіптеу) немесе әсірелеп айтудың біраз түрлері – осылардың 

қай елде болсын өте ерте заманда, жазба әдебиеті тумастан бұрын 

қалыптасқаны белгілі».

1

 



Академиктің  бұл  ойынан  фольклор  поэтикасының  шығу 

процесін жалпы типологиялық тұрғыдан қарастырғанын көреміз. 

Әлем  фольклорының  бейнелеу,  көркемдеу  тәсілдері  оу-баста 

ескі  діни  нанымдарға  негізделіп  пайда  болғаны  белгілі.  Мыса-

лы,  табиғатты  кейіптеудің  түбірінде  анимизм,  ал  аңмен,  құспен 

теңеудің  түбінде  тотемизм  жатқанын  фольклортану  бүгінде 

заңдылық деп біледі. 

1

 Зәки Ахметов. Поэзия шыңы – даналық. Астана, 2002, 38-39-бб.



96

Екінші мысал: 

«Халықтық  поэзияда  (қай  елдің  сөз  өнерін  алсақ  та)  белгілі 

бір ұғымға үнемі қатарласып айтылатын тұрақты эпитеттер көп 

кездесетіні белгілі (айдын көл, асқар тау). Мұның өзі кездейсоқ 

құбылыс  емес.  Халық  поэзиясында  бейнелі  сөз  түрлері,  сөз 

нақыштары сан жағынан жазба әдебиеттегідей мол болмағанымен, 

оның  есесіне  жиірек  қолданылады.  Халықтық  өлең-жырларда 

бейнелі сөздердің берік орнығып, тұрақталғанын, әбден екшеліп 

сұрыпталғанын,  поэзияның  тіл  кестесіне  хас  үлгі  нақыштар  бо-

лып қалыптасқанын байқаймыз».

1

 



Зәки  Ахметовтің  бұл  байқаулары  бүгінде  «формулалық  тео-

рия» деп аталады. Фольклорда, әсіресе, оның поэзиялық түрлерінде 

бір шығарманың өн бойында, немесе бір шығармадан екіншіге ау-

ысып жүретін тұрақталған бейнелік тіркестер, суреттеулер, эпи-

теттер мен теңеулер аз ұшыраспайды. Фольклортану ғылымы бұл 

құбылысты да – поэтика заңдылығы әрі шығарманы баяндауда, 

орындау кезінде әдейі қолданылатын тәсіл деп санайды. 

Ғалым  халық  поэзиясының  тіліндегі  ауыспалы  мағынадағы 

көркем құралдарды қарастыра отырып, бүкіл қазақ фольклоры-

ның кейбір ерекшеліктеріне де назар аударады. Мысалы, жалпы 

фольклористика  теориясы  бойынша  халық  әдебиетінде  нақты 

портрет жасау және психологизм болмайды деген қағида бар. Ал, 

Зәки Ахметовтің мына сөзіне көңіл бөлейік.

«Қазақ  поэзиясында,  әсіресе,  халықтық  өлең-жырлар  мен 

эпостық  туындыларда  адамның  кескінін,  сұлу  қыздың,  арудың 

келбет-сымбатын  айшықтап,  мәнерлеп  суреттеуге  үлкен  мән 

беріледі.  Әйел  портреті  мейлінше  көркем  жасалады  және 

бояуының айшықтығы, тартымдылығы нақтылығымен айрықша 

көңіл  аударады».

2

  Әйел  сұлулығы  мен  портретіне  байланысты 



айта  кететін  бір  нәрсе  –  халықтың  эстетикалық  түсінігі  мен 

ұғымының поэзияда көрінуі, халық идеалы мен поэзия идеалының 

сәйкестігі  жақсы  көрсетілген.  Сонымен  бірге  әйел  портретінің 

жасалуы  туралы  ғалымның  ойы  –  жалпы  фольклорда  адамды 

бейнелеу  тәсіліне  қатысты.  негізінде,  фольклорлық  шығармада 

адамның (батырдың, әйелдің) нақты портреті жасалмайды, онда 

да  жалпылама  бейне  суреттеледі.  Жеке  Жібектің  мұрны,  көзі, 

иегі, құлағы, т.б. нақтыланып суреттелмейді. Ақжүністің атақты 

1

 Зәки Ахметов. Поэзия шыңы – даналық. Астана, 2002, 39-б.



2

 Сонда, 47-б.



97

өзін  сипаттауы  да  –  оның  жеке  мүсіні,  портреті  емес.  ол  өзін 

сырттай ғана суреттейді:

Бұқар барсаң, қолаң бар,

Қолаңды көр де, шашым көр.

наурызда жауған қарды көр,

Қарды көр де етім көр.

Қарға тамған қанды көр,

Қанды көр де, бетім көр – 

деуі нақты қыздың портреті емес, бұл – жалпылама сипат. Бұны 

кез келген қызға байланысты айтуға болады. 

Автор  ашқан  фольклорлық  поэзияның  тағы  бір  жанрлық 

ерекшелігі  –  бір  ғана  шумақ  өлең  немесе  жырда  көптеген 

теңеудің  қатарынан,  тізбегімен  келуі.  оның  себебін  қазақ 

ақындық өнерінің табиғатынан іздеу абзал. 

Академик Зәки Ахметов көп жағдайда фольклор мен әдебиет 

тарихын бірлікте алып, оларды қазақ көркем сөзінің тарихындағы 

бір-бірімен тығыз байланысты екі саты деп ұғады. олардың ішкі 

даму ерекшеліктерін де ескеріп, көркем фольклор мен әдебиетті 

параллельді  түрде  талдайды  да,  жазба  әдебиет  үлгілерін  көркем 

дамудың заңды биігі деп есептейді. Сөйтіп, ол кісі фольклордан 

әдебиет тарихы мәселелеріне ауысады. 

Әдебиет  тарихы  –  Зәки  Ахметовтің  зерттеулерінде  үнемі 

даму  үстіндегі  процесс  болып  көрсетіледі.  Сонау  1951  жылы 

жазған «лермонтов и Абай» атты кандидаттық диссертациясынан 

бастап, «Поэзия шыңы – даналық» деп аталатын соңғы еңбегіне 

дейін  әдебиет  тарихына  иек  артып,  оның  әр  алуан  проблемала-

рын әр аспектіде қарастырған. осы тұста аса бір көңіл аударып 

айтатын  нәрсе  –  академик  Зәки  Ахметов  әдебиет  тарихының 

бастауын  орта  ғасырдағы  жалпытүркілік  жәдігерлерге  апарады. 

Өзінің «Казахское стихосложение» атты ең басты еңбегінде бы-

лай деп жазды:

«Из  памятников  древнетюркской  поэтической  культуры,  с 

которыми, как исторически древними и близкими по языку об-

разцами, может быть поставлена в преемственную связь поэзия 

казахского народа, должны быть названы «Кодекс куманикус», в 

какой-то мере образцы из «диван лугат ат тюрк» Махмуда Каш-

гарского  и  др».

1

  осыдан  әрі  қарай  «Кодекс  куманикустан»  мы-



1

 З.А. Ахметов. Казахское стихосложение. А., 1964. с. 204. 



98

салдар келтіріп, қазақ өлеңімен жақындығын көрсетеді. Махмұд 

Қашқари  «диуанындағы»  мақалдар  мен  өлеңдерді  де  келтіріп, 

оларды біздегі үлгілерімен салыстырады. Әсіресе, солардағы және 

қазақтағы 7-8 буынды, 4 тармақты шумақтардың түр жағынан да, 

мазмұн жағынан да жақын екенін бұлтартпастай дәлелдеген. Шы-

нын айту керек: 1964 жылы, яғни, Зәкең кітабы жарыққа шыққан 

кезде,  қазақ  әдебиетінің  тарихы  ХVІІІ  ғасырдан  басталады  де-

VІІІ  ғасырдан  басталады  де-

ІІІ  ғасырдан  басталады  де-

ген  тұжырым  үстемдік  етіп  тұрған  болатын.  Соған  қарамастан 

докторлық  кітабында  Зәки  Ахметов  батылдық  көрсеткен  әрі 

ғылыми объективтілікті сақтаған. 

Жалпы Зәки Ахметовтің әдебиет тарихына арналған жұмысы 

көп.  Солардың  ішінен,  әсіресе,  Шоқан,  Абай,  Шәңгерей,  дулат 

туралы зерттеулерін айрықша атаған жөн. Абай – Зәкеңнің өмір 

бойы зерделеген тақырыбы. Қазақ әдебиеті тарихында Абай есімі 

ерекше екені мәлім. ол – қазақ поэзиясын мазмұн жағынан да, 

түр жағынан да байытып, тек жаңашыл ғана емес, нағыз рефор-

матор,  тіпті  әдебиеттің  қоғамдық  сипатын,  көркемдік  бітімін, 

мазмұнын,  қызметін  түгелдей  өзгерткен  суреткер.  Абай  туралы 

жазылған зерттеу еңбектер көп. демек, бұған пәлендей жаңалық, 

өзіндік тұжырым қосу өте қиын міндет еді. Сөз жоқ, бұл жағдайды 

ғалым үнемі ескеріп отырған. Сондықтан ол Абай шығармаларын 

бұрынғы  авторлардан  басқа  қырынан  қарастыруға  тырысқан, 

ақынның  творчестволық  лабораториясына  үңілген.  Соның 

нәтижесінде З. Ахметов бұрынғы бір еңбегінде Абайдың тіл ұстарту 

өнерінен екі заңдылықты байқаған. Бірі – жаңа, соны сөздер мен 

сөз тіркестерін жасау да, екіншісі – бұрыннан белгілі, дәстүрлі, 

бейнелі сөзді жаңаша көркемдеп, тың мағынада қолдану. Мысал 

ретінде  Абайдың  бұрыннан  қолданылып  жүрген  «жүрек»  пен 

«көңіл» бейнесіне ондаған жаңаша көркем сипаттама тапқанын 

айтуға  болады.  Сондай-ақ  «жол»  бейнесінің  Ақан  сері,  Абай, 

Сұлтанмахмұт өлеңдерінде немесе «асау» метафорасының халық 

жырында, Махамбет пен Абай шығармаларында қолданылуын са-

лыстыра келіп, автор ұлы ақынның бұл метафораға жаңа мазмұн 

бергенін шебер дәлелдейді. 

Бұл  мысалдар  негізінде  Абай  өзінен  бұрынғы  дүниенің 

бәрінен  бірдей  қашпай,  оны  түгел  мансұқ  етпей,  қайта  өз  ойы 

мен  өлеңіне  қажетті  бейнелер  мен  көркемдеу  құралдарын 

творчестволықпен  пайдаланғанын  айта  келіп,  ол  туралы  З.  Ах-

метов  мынандай  қорытынды  шығарады:  «Сонымен  бірге  ұлы 



99

ақынның  таңдаулы  шығармаларынан  халық  поэзиясының  өлең 

өрнегі  мен  сөз  кестесіне  жақындық  белгілер  табуға  болатынын 

көреміз. Мұны жыр өлшемін, оның түйдек ұйқасын өте ұтымды 

ширатып,  өзінше  қолдануынан  бір  көрсек,  ұйқаста  бірімен-бірі 

үйлес көп етістіктерді тізіп келтіруінен және байқаймыз».

1

 

Абай туралы Зәки Ахметовтің 1995 жылы жарыққа шыққан 



монографиясы – ғалымның абайтануға қосқан тағы бір салмақты 

үлесі  болумен  бірге  Абайды  жаңаша  тану  жолында  атқарылған 

ерен еңбек болды.

2

 Ғалым ұлы ақынның бүкіл шығармашылығын 



сала-салаға бөліп, әр қырынан қарастырады. Айталық, ақынның 

адамгершілік  мақсат-мұраты,  ғылым-білім,  ақыл-парасат  жайлы 

ойлары,  сұлулық  сымбаты,  ойшылдығы,  суреткерлік  шеберлігі, 

т.т. Әсіресе, бұрын жеке бөлініп, арнайы түрде сөз болмай жүрген 

бір мәселені Зәки Ахметов бөліп алып зерттейді. ол – Абайдың 

ақындық  өнер  мен  ән-күй  туралы  толғаныстары.  Екінші  сөзбен 

айтқанда,  Абайдың  әдебиетті  қалай  түсінетіні,  оның  атқаратын 

қызметі қандай, ақынның міндеті не деген, сондай-ақ поэзияның 

өзін Абай қалайша жіктейді, яғни өлең, өлең сөз, сөз ұғымдарына 

ұлы ақын қандай мағына беретіні – осының бәрін Зәки Ахметов 

өте тәптіштеп, саралап зерттейді. Сөйтіп ол данышпан Абайдың 

әдебиеттануға,  дәлірек  айсақ,  әдебиет  теориясы  мен  тарихына 

қатысты ойын, көзқарасын анықтайды. «Сөз өнері, өлең, ән-күй 

туралы  пікір  толғайтын  өлеңдерінде,  –  деп  жазады  Зәки  Ахме-

тов, – Абай бұрынғы жыршылар мен ақындардың салып кеткен 

дайын сүрлеу жолымен жүруге құмар емес екенін ашық айтты… 

«Абай  жаңа  заман  қазақ  әдебиетінің  алдына  жаңа  міндеттер 

қоятынын  жақсы  түсінді,  ұлттық  әдебиетті  жаңа  дәуірдің  тілек-

талаптарына сәйкес жаңғырту қажеттігін ерекше көрегендікпен 

сезе білді, және де бұл іске өз талантының бар күшімен қызмет 

етті…»  «Өлең  –  сөздің  патшасы»  өлеңінде  Абай:  «сөз  түзелді, 

тыңдаушы, сен де түзел» – деп, жұртшылықтан ақындық сөзге 

зор маңыз беріп қарауын, поэзияның жоғары қоғамдық міндетін 

түсіне беруін талап етеді»

3



Зәки 



Ахметовтің 

бұл 


сөзінен 

нені 


байқаймыз? 

Байқайтынымыз: Абай өз дәуіріндегі саяси-әлеуметтік жағдайға 

сәйкес  жаңа  эстетикалық  принциптер  керек  екенін  жақсы 

1

 З. Ахметов. Өлең сөздің теориясы. А., 1973, 79-б.



2

 З. Ахметов. Абайдың ақындық әлемі. А., 1995.

3

 Сонда, А., 1995. 150–151-бб.



100

түсінген де, өзі сол мүддеден шығуға тырысқан және ендігі жер-

де  әдебиет  үшін  ең  маңызды  нәрсе  –  нені  жырлау  ғана  емес, 

қалай  айту  әрі  соны  қалай  жұртқа  жеткізу.  Бұл  тұрғыда  Абай 

өлеңді, ән-күйді құр тыңдау емес, ұғыну, түсіну керектігін айта-

ды. «тыңдаушы, сен де түзел» – дегенде Абай ән мен күй, өлең 

жай түсінікті болып қана қоймай, оларды түсіне білу қажет деген 

шартты  ұстанады.  осыдан  барып,  Абай  ақын-тыңдаушы  деген 

бинарлық  бейне  жасап,  біраз  шығармасында  ендігі  тыңдаушы 

қандай  болуы  керектігін,  бірақ  өкінішке  қарай  тыңдаушының 

естісінен  гөрі  есері  көп  екенін  айтады.  Ақынның  бұл  ойларын 

Зәки  Ахметов  бірнеше  өлеңді  талдау  арқылы  ашады.  Ғалымның 

дәлелдеуінше,  Абай  көркем  шығармашылықтың  психология-

сын,  поэзияның  эстетикалық  функциясын  жақсы  түсінген  әрі 

тыңдаушыларға жоғары талап қойған.

Зәки  Ахметовтің  ерекше  мән  берген  мәселесі  –  Абайдың 

поэзияны қалай жіктеп бөлетіні. 

Ғалым былай дейді:

«Абай  өлең  деген  сөзді  көбінесе…  өлең  сөз,  поэзиялық 

шығарма деген мағынада қолданады… Абайдың сөз деген ұғымды 

өлең,  өлең  сөз  деген  мағынада,  солардың  толық  баламасы 

ретінде қолданылатын «талай сөз бұрын көп айтқанмын» дейтін 

өлеңінен анық көре аламыз… «Өлең – сөздің патшасы, сөз сара-

сы» атты өлеңінде де ақын өлең дегенді өлең сөз деген мағынада 

қолданатынын байқаймыз…»

1

. осыдан кейін З. Ахметов мынадай 



тұжырымға келеді:

«Ал  енді  «Біреудің  кісісі  өлсе,  қаралы  –  ол»,  –  дейтін 

шығармасында Абай өлең дегенді өлең сөз және ән өлең деген екі 

мағынада қатар қолданады»

2



Міне, академик Зәки Ахметов ұлы ақынның шығармаларында 



таза әдебиеттің теориясына қатысты мәселелер бар екенін нақты 

мысалдарды талдау арқасында әдемі көрсете алған. 

Әдебиет  тарихын  сөз  еткенде  Зәки  Ахметовтің  Абайға 

дейінгі  де,  одан  кейінгі  де  аса  көрнекті  қайраткерлер  туралы  да 

қалам  тербеткенін  айтпай  кетуге  болмайды.  олардың  кейбіріне 

арнайы  мақала  арнаса,  енді  біреулерін  жалпы  әдебиет,  әсіресе, 

поэтика  контексінде  қарастырады,  сөйтіп  поэзиядағы  дәстүр 

мен  жаңалық,  жалғастық  пен  өзіндік  мәселелерін  салыстыра 

1

 З. Ахметов. Абайдың ақындық әлемі. А., 1995, 153-б.



2

 Сонда, 154-б. 



101

зерттейді.  Мәселен,  осы  қатарда  Махамбет,  Ақан  сері,  Шоқан, 

дулат,  Шәңгерей,  Сұлтанмахмұт  сияқты  аса  дарынды  сөз 

шеберлерінің жасаған бейнелі, символды, метафоралы образда-

ры мен поэтикалық ою-өрнектерін бір аяда алып, олардың ортақ 

та,  даралық  та  қасиеттерін  айқындап  отырады.  Сонымен  бірге 

Зәкең  бұл  ақындар  шығармашылығын  зерттеуде  өзінше  аспект 

таба  біледі.  Айталық,  Шоқанды  көбіміз  фольклорды  зерттеуші 

әрі  жинаушы  деп  білсек,  ол  кісі  Шоқанды  әдебиетші-ғалым, 

мәдениеттанушы деп танытады және оның мұрасын бүгінгі заман 

талабына жауап бере алатын мирас деп санайды. Ал, Шәңгерейдің 

бір өзіне қазақша мен орысшасын қосқанда алты мақала арнаған. 

осы  ісімен  де  Зәки  Ахметов  батылдық  танытқанын  көреміз. 

Шәңгерей туралы да көпке дейін сыңаржақ пікір болғаны белгілі. 

Зәкең  болса  1959  жылы,  әлі  Шәңгерейге  оң  қабақ  танытпай 

тұрғанымызда, әдеби мұраға арналған үлкен ғылыми конферен-

цияда ол жайында салиқалы баяндама жасап, оның талантты ақын 

екенін паш етті. Артынша «Шәңгерей – ақын» және «Шәңгерей 

Бөкеевтің лирикасы» деген екі мақала жариялады. Кейін 1961 ж. 

жарық  көрген  «Қазақ  әдебиетінің  тарихына»  арнаулы  тарауша 

жазды.  Сөйтіп,  асқан  лирик  Шәңгерейдің  қазақ  поэзиясындағы 

ролін  ашып,  орнын  анықтап  берді.  Бұл  ойымызды  Мәскеуден 

шыққан  «Краткая  литературная  энциклопедияның»  (1963  ж.)  

1 томына Шәңгерейдің енуі толық дәлелденсе керек (мақала авто-

ры – Зәки Ахметов).

Үлкен  ғалымға  тән  сабырлылық  пен  зеректікті  Зәки  Ахме-

тов  дулат  ақын  шығармашылығын  зерттегенде  де  байқатады. 

Мәселен, 2002 жылы дулат Бабатайұлына арналған ғылыми кон-

ференцияда  өте  мағыналы  әрі  терең  баяндама  жасап,  ақынның 

ұлттық  әдебиетімізге  қосқан  үлесін  барынша  объективті  түрде 

ашып берді. Мерт боларынан аз-ақ бұрын дулат Бабатайұлының 

шығармалар жинағына (шәкірті Қ. Раевпен бірге) кіріспе мақала 

жазып,  ақын  поэзиясын  жанрлық  тұрғыдан  саралап,  шығар-

маларына талдау жасаған.

Біз бүгінгі ХХІ ғасыр тұрғысынан қарасақ, Жамбыл, Мұхтар, 

Ғабиттер  де  әдебиет  тарихының  өкілдері  болып  саналады. 

Зәкең  солар  туралы  да,  әсіресе,  Мұхтар  Әуезов  жөнінде  айта 

қаларлықтай құнды екі бірдей монография бергенін атап айтуы-

мыз  керек.  «Абай  жолы»  романының  шығармашылық  тарихы 

мен поэтикасын қарастырған бұл еңбектер ғалымдар тарапынан 



102

әлі өзінің лайықты бағасын алған жоқ. оларды зерделеп, талдап, 

ғылымның объектісіне айналдыру – келешектің ісі. Солай бола 

тұрса  да  аталған  жұмыстар  –  әуезовтануға  қосылған  зор  үлес 

екенін мойындағанымыз абзал. 

Мұхтар  Әуезовтің  эпопеясын  зерттегенде  де  Зәки  Ахметов 

өз аспектісін тапқан. Екі кітаптың алғашқысы «Абай жолының» 

поэтикасына  арналған.  Зерттеуші  поэтиканы  жалаң  түрінде 

емес,  романның  туу  тарихына  байланысты,  соның  фонында 

қарастырған.  Мұның  өзі  ғалымды  жазушының  лабораториясы-

на  енгізген,  оның  шығармашылық  психологиясына  үңілдірген. 

Соның нәтижесінде Зәки Ахметов жинақталған материалдың ро-

манда қаншалықты, қандай түрде және қалай пайдаланылғанын 

нақтылап  көрсетіп,  өмір  құбылыстары  мен  болмыс  шындығын 

жазушы қандай дәрежеде көркем жинақтағанын, нені алып, нені 

тастағанын, өзгерткенін және не себепті солай істегенін Мұхтар 

Әуезовтің архивінің негізінде объективті ғылыми талдау жасаған. 

Мәселен, З. Ахметов романдағы Ербол мен өмірдегі Ерболдың іс-

әрекеті  туралы  былай  деп  жазады:  «так,  один  из  близких  Абаю 

людей – Ербол, имеющий реальный прообраз, в романе остается 

преданным до последних дней своей жизни. Рукописные же ис-

точники Ауэзова свидетельствуют, что было время, когда он отда-

лился от Абая. впрочем, об этом упоминается в биографии Абая, 

написанной Ауэзовым в 1933 г. во время выборов 1884 г., когда 

Жиренше, уразбай и другие, создав втайне от Абая свою группу, 

заваливают кандидатуру оспана и добиваются избрания волост-

ным Кунту, Ербол выступает на их стороне».

1

 



Міне,  академик  З.  Ахметов  осылай  «Абай  жолының»  туу 

тарихын  жіті  тексеріп  шыққан,  тіпті  ол  романның  алғашқы  ба-

сылымымен  соңғы  басылымдарды  салыстырады,  сөйтіп  кейінгі 

үлгісінде қандай өзгерістер болғанын, олар неліктен енгізілгенін 

айтып,  атақты  эпопеяның  бүкіл  жетілу  жолын  айқындаған.  Рас, 

бұл  монографияның  өте  терең  де  құнды  зерттеу  екенін,  ұлттық 

әдебиеттануымызға  зор  үлес  болғанын  паш  ете  отырып,  оның 

сол  кездегі  коммунистік  идеологияның  ұстанымдарынан  шыға 

алмаған  тұстары  бар  екенін  айтпасқа  болмайды,  (Бірақ  бұл 

олқылық кітаптың ғылыми маңызына көлеңке түсіре алмайды). 

Зәки Ахметов осыны ескеріп және тәуелсіздік арқасында ой 

1

  З.  Ахметов.  Поэтика  эпопеи  «Путь  Абая»  в  свете  истории  ее  создания.  



А., 1984. С. 28.

103

еркіндігін алған соң Мұхтар Әуезовтің эпопеясына қайта соғып, 

жаңа зерттеу жазды. ол кітабы 1997 жылы ұлы жазушының 100 

жылдығына  орай  «Роман-эпопея  Мухтара  Ауэзова»  деген  ат-

пен  жарық  көрді.  Бұл  еңбек  –  бұрынғы  зерттеудің  көшірмесі 

емес.  ол  көп  нәрсені  қайта  қараған,  тағы  да  архивке  үңілген, 

біраз  жәйттерді  анықтаған.  Ең  бастысы  –  алғашқы  кітаптағы 

идеологиялық ұстанымдар жойылған, зерттеуші енді жазушының 

кейіпкерлер арқылы айтқан өз заманы туралы ой-толғаныстарын 

ашып  көрсетуге  тырысқан.  Зерттеуші  «Абай  жолындағы»  ең 

маңызды  оқиғаларды  бірінен  соң  бірін  талдай  отырып,  Абай 

дәуіріндегі әлеуметтік, мәдени, қоғамдық болмыстың қаншалықты 

көркем дәрежеде көрсетілгенін зерделеген, осы оқиғалар ішінде 

әрекет етуші кейіпкерлердің әдеби образы қалай бейнеленгенін 

нақты  мысалдарды  келтіре,  салыстыра  отырып  баяндаған.  Бұл 

кітапты  оқып  отырып,  «Абай  жолын»  оқып  отырғандай  әсер 

аласың, өйткені З. Ахметов шығарманың ішіне енген, жазушының 

рухын, психологиясын, ой-сезімін өзінің бойына сіңірген. Әуезов 

суреттеулерін  Ахметов  іштей  жіліктеп,  олардың  тамырларына 

бойлаған,  соның  арқасында  жазушы  мен  зерттеушінің  ойлары 

ұштасып, бірін-бірі жалғастырып, нақтылап отырады.

Академик  Зәки  Ахметов  ХХ  ғасырдағы  аса  көрнекті  ақын-

жазушылар жайында да ой толғаған. 

ХХ-ғасырда қазақ әдебиеті жаңа өмірге сәйкес жаңа мазмұнға 

ие  болды.  Ал,  осы  жаңа  мазмұнды  ескі  түрмен  беруге  бола  ма? 

Әлде оны да мүлде жаңадан құру керек пе? Міне, поэзия туралы 

еңбектерінде профессор З. Ахметов осы сауалға толық әрі дәлелді 

жауап беруге тырысқан. 

ол  үшін  автор  совет  дәуірінің  алғашқы  кезінде  туған 

шығармалар мен кейінгі уақыттардағы шыққан өлең-поэмаларды 

өзара  салыстырып,  сондай-ақ  олардың  екеуін  қоса  халық 

поэзиясының  үлгілерімен  салыстырып,  әрқайсысына  тән 

ерекшеліктерді ашады. Соған қоса оларға түр жағынан, бейнелі 

сөзді қолдану әдісі жағынан ортақ қасиеттерді де белгілейді. Мыса-

лы, автор қазақ совет поэзиясының ірі өкілі Сәкен Сейфуллиннің 

поэзиясындағы  бейнелеудің,  көркемдеудің  жаңа  тәсілдері  мол 

екендігін  көрсете  отырып,  бұрыннан  қолданылып  жүрген, 

дәстүрлі  құралдардың  орын  алатындығын  айтады.  Бұл  жалғыз 

Сәкен  емес,  Сәбит,  Ілияс,  Әбділдә,  Қасым,  Сырбай,  Жұбан,  т.б. 

тіпті қазіргі барлық қазақ ақындарында кездесетін жағдай. Бірақ, 



104

әрқайсысының  өзіндік  белгісі  бар.  Әр  ақын  өлең  сөзді  өзінше 

ойнатады, қырлап-сырлайды. Біреуі бұрыннан белгілі сөзді жаңа 

мағынада  қолданып,  басқа  қырынан  көрсетсе,  екіншісі  тыңнан 

сөз бен сөз тіркестерін жасап, жаңадан бейнелі ұғым тудырады. 

осының  екеуі  де  бір  ақын  творчествосында  ұштасып  жатады. 

Және ол ғажап емес. Себебі әр ақын аз сөзбен терең ой беру үшін 

бейнелеп айтуға тырысады. Болмашы, әшейінде көңіл аудармай-

тын  нәрседен  маңызды  бір  қасиет  тауып,  байқағыш  болуға  тал-

пынады.


Академик  Зәки  Ахметовті  филология  ғылымының  шыңына 

көтеріп,  кезінде  бүкіл  Кеңес  одағына  танытқан  ең  жарқын 

еңбектері  –  әдебиет  теориясына,  соның  ішінде  поэтика  мен 

поэзияға,  өлең  теориясына  бағышталған  зерттеулері.  осы  са-

лалар  бойынша  жазылған  мақалалары  мен  монографиялары 

Зәкеңді  Кеңес  одағындағы  ең  мықты  әдебиет  теоретиктерінің 

қатарына  қосты.  Қазақ  өлеңтану  (стиховедение)  ғылымының 

негізін қалаған – Зәки Ахметов десек, артық айтылғандық емес. 

Ұлтымыздың  фольклорлық  һәм  классикалық  поэзиясын  күллі 

адамзат  поэзиясы  контексінде  зерттеу  арқылы  Зәкең  жалпы 

силлабикалық  өлеңге  тән  клаузула  мен  элизия  заңдылықтарын 

қазақ поэзиясында да ашып, әдебиет теоретиктерін тәнті еткені 

мәлім.  Қазақ  өлеңінің  ол  зерттемеген  аспектісі  жоқ  десе  де  бо-

лады.  Соның  нәтижесінде  әдебиеттану  ғылымына  көптеген 

тың  ойлар,  тұжырымдар,  әдемі  байқаулар,  заңдылықтар  мен 

жаңалықтар енгізді. Солардың бірнешеуін санамалап өтсек те бо-

лады. Айталық, қазақ өлеңінің құрылысы, ырғағы, өлеңдегі буын 

теңдестігі,  ұйқас,  бунақ  тұрақтылығы,  шумақ,  ерікті  өлең,  өлең 

өлшемі, өлеңнің тілі, өлең сөздің теориясы, т.т. Бұлардың сыртында 

Абай өлеңдерінің, Сәкен поэзиясының, Сәбит өлеңдерінің жаңа 

өрнектері,  бүгінгі  поэзиямыздағы  дәстүрлі  және  жаңа  форма-

лар, Зәкеңе дейін ешкім сөз етпеген мақал-мәтел мен жұмбақтың 

өлеңдік қасиеттері, дәлірек айтқанда, ұйқасы, ырғағы, құрылысы 

– осының бәрі жиыла келе бір арнаға – өлеңтануға құйып жа-

тыр. Сондықтан да Зәки Ахметов – ұлттық өлеңтанудың негізін 

қалаушы дейміз.  

Зәки  Ахметовтің  өлеңтану  бойынша  жазылған  тұңғыш 

монографиясы  –  «Казахское  стихосложение»  атты  кітабы. 

Қазақ  өлеңінің  тарихы  мен  теориясын  талдайтын  бұл  еңбек 

поэтикалық тіл және стиль жөнінде, ақындар мен жыраулардың 



105

көркем  шеберлігі  жайында  сыр  шертетін  ғылыми  өресі  биік 

дүние. оқырман бұл кітап арқылы қазақ өлеңінің ұйқасу сырына 

қанығып, шумақтық, ырғақтық қасиетіне қанық болғаны сөзсіз.

Зәкиге  дейін  поэтикалық  формалардың  көркемдік  сыр-

сипатын жан-жақты қамтып, ғылыми негізде талдайтын еңбектер 

жетісе  бермейтін.  Өлең  құрылысының  көптеген  мәселелері 

көмескі күйде қалып келген еді. Мәселен, жырлар мен он бір бу-

ынды өлеңдердің құрылысы, көлемі жайында әр кезеңде әр алу-

ан пікір айтылып келгені мәлім. Алайда, халық поэзиясының бұл 

әйгілі түрлері ешқашан арнайы зерттеуге объект болған емес. Ал, 

қазіргі қазақ поэзиясының мәселесі ғылыми әлемде тіпті мардым-

сыз әңгіме боп келді.

Әрине, бұл тақырыпты қозғайтын жұмыстар жоқ емес, бар. 

Көптеген көмескі жайлардың беті ашылғаны да ақиқат. Сонда да 

болса, ол еңбектердің көбінде өлең өрнегіндегі ырғақтық жүйені, 

поэтикалық тілдің дыбыстық сипаттамасын өзге салалармен бай-

ланыссыз өзінше талдап, бір жақты кетеді.

Кітапта  қазақ  өлеңінің  құрылыстық  жүйесі  теориялық 

тұрғыда  қарастырылады.  Және  кезең-кезеңіне  лайықты  топ-

тастырылып,  пікір  айтылады.  осы  тұста  зерттеушінің  мына  бір 

сарапшылдығын  ашып  айтқан  жөн:  ол  өлең  құрылысындағы 

халықтық, әдеби және қазіргі өрнектердің жігін ажыратып әңгіме 

ететіні. Бұл зерттеушіні айқындыққа, анықтыққа жетелеген.

Еңбектің  композициялық  құрылысы  да  логикаға  сиымды. 

Алдымен  кейінгілерге  жол  ашатын,  негіз  болатын  мәселелер 

сөз  болады  да,  біртіндеп  өзекті  проблемаларға  көшеді.  Зерттеу 

жұмысындағы  осындай  жүйелілік  ғылыми  еңбектердің  мәдени 

болмысын танытатын және көбіміз жете алмай жүрген меже. 

Автор қазақ өлеңінің құрылысын зерттегенде, оның өзіне тән 

ұлттық  белгілерін  танытатын  арнаулы  мәселелерді  де  қамтиды. 

Халық өлеңі қазаққа тән суырыпсалмалық дәстүрмен тығыз бай-

ланысты қарастырылады. Абай өлеңдері мен қазіргі поэзиямызды 

әңгімелеген  автор  ең  алдымен  өлең  өрнегіндегі  жаңашылдыққа 

басты  назар  аударады.  Өлең  құрылысын  зерттеудегі  ең  бір 

қызықты  да  мәнді  сала,  қазіргі  өлеңіміздің  ырғақтық-ұйқастық 

жүйесіндегі жаңалық деп білеміз. 

Ғалымның өлеңтануға арналған тағы бір еңбегі – 1970 жылы 

шыққан  «о  языке  казахской  поэзии»  деп  аталады.  Бұл  кітапта 

көтерілген  мәселенің  маңыздылығын  айқынырақ  тану  үшін  



106

көркем  сөз  творчествосының  ішкі  қатпар,  қыртысын, 

поэтикалық  тілдің  нәзік  нюанстарын  ұқпай  тұрып,  көркем 

бейнені,  шығарманың  бүкіл  мазмұнын  түсіне  алмайтынымыз-

ды  айтсақ,  жеткілікті  болар  дейміз.  Өйткені  халықтың  тарихи 

өмірі,  оның  эстетикалық-көркем  көзқарасы  поэзиямен  бірлікте 

қарастырылуға  тиіс.  Ал,  бұл  бірлік,  әсіресе  поэтикалық  тілдің 

бейнелі  сипатынан  айқынырақ  танылады.  Автордың  моногра-

фияны  поэзия  тіліне  бағыштауында  осындай  заңды  сыр  бар. 

Мәселе әдеби туындылардың түрі мен тіліндегі кейбір келісімсіз 

кедергілерді анықтауда ғана емес. Мәселе ақынның қандай ұлттық 

дәстүрге иек артып, өз тарапынан сол ұлттық поэзиямызға қандай 

жаңалықтар әкелуінде, қазақтың әдеби-көркем творчествосының 

бейнелі-бедерлі  мүмкіндіктерін  қалай  байыта,  дамыта  түсеті-

нінде де. 

Зерттеуші қазақ поэзиясының тілін екі түрлі ыңғайда байла-

ныстыра  қарастыруды  жөн  санаған.  Бір  жағынан  жалпы  қазақ 

поэзиясының  тіліне  ортақ  ерекшеліктерді  анықтаса,  екінші 

жағынан поэзиямыздың белгілі өкілдері тілінің сипатын талдай-

ды.  Бұл  принциптің  бірден  бір  дұрыс  принцип  екені  зерттеудің 

ұзын  ырғасында  әбден  дәлелденеді.  Автор  тарихи  дамудың 

негізгі  кезеңдерін  айқындау  үшін  халық  поэзиясының  ауызекі 

айтылатын  түрлерінің,  бұрынғы  жазба  әдебиеттің  және  қазіргі 

поэзиямыздың  тілін  танытатын  факторларды  сөз  етеді.  Кітапта 

қазақ  әдебиетінің  ұлттық  түрін  зерттеудің  айрықша  мәні  бар 

екені  айтылады.  Ғалым  өлеңдегі  поэтиканың  ұлттық  колоритін 

танытатын жағына баса назар аудару қажет екенін аса мән беріп 

айтады. 


Өлеңтанудың және жалпы поэтиканың түбегейлі мәселелері 

Зәки  Ахметовтің  «Өлең  сөздің  теориясы»  деп  аталатын  келелі 

кітабында барынша дәл қарастырылады. Кітап өлең теориясының 

екі  үлкен  тармағына  сәйкес  «тіл  кестесі»  және  «Өлең  өрнегі» 

боп екіге бөлінген. Өлең сөздің бейнелеу құралдарына арналған 

бірінші  бөлімде  автор  сөз  бейнелілігі  деген  не,  оның  ерекшелігі 

неде,  сөзді  бейнелей  қолдану  әдісі  қандай  деген  сұрақтарға  жа-

уап беріп, оқушыға жалпы поэзияның табиғаты, оны басқа жанр-

лардан оқшауландырып тұратын қасиеттері туралы көп мағлұмат 

береді. «Поэзияда қорытындылап – жинақтау мен даралау, ортақ 

сипаттар мен жекелік сипаттар ұштасып, ұласып жатумен»

1

 қатар 



1

 З. Ахметов. Өлең сөздің теориясы. А., 1973. 8-б.



107

көркемдік, бейнелі түрде сипаттау, суреттілік басым болатыны өте 

түсінікті және дәлелді айтылған. Және құрғақ, жалаң сөздермен 

емес,  нақты  мысалдарды  талдау  арқылы  дәлелдеген.  Мәселен, 

Абайдың белгілі лирикалық өлеңі «Желсіз түнде жарық айының» 

талдауы  оқырманға  поэзияның  бар  құдіреті  мен  қасиетін  толық 

танытып  тұр.  Мұндай  өлеңді  қалай  талдау  керек,  әр  лирикалық 

шығармадан нені көріп, ненің негізгі мәселе екенін ажырата білу, 

міне, оқушы қауымның бұл талдаудан алатын тәлімі. Өлең тіліндегі 

бейнелі сөздердің түрлері зерттеуде толық қамтылған және жеке-

жеке қарастырылған. теңеу, салыстыру, балама, метафора, эпи-

тет, аллегория, метонимия, т.б. – бұлардың бәрі қазақ әдебиетіне 

арналған  оқулықтарда  да,  поэзия  мәселелеріне  арналған  зерт-

теулерде  де  қарастырылып  жүргені  белгілі.  Соған  қарамастан 

З.Ахметов  сол  бейнелеу  құралдары  жайында  «қағидаға»  айна-

лып  бара  жатқан  кейбір  тұжырымдарды  батыл  сынап,  дәлелді 

пікір айтады. Келтірілген нақты мысалдары өз ойын бұлтартпай 

дәлелдеуге  сеп  болып  отырады.  Мәселен,  ғалымның  теңеу  жай-

ында айтылған пікірі талас тудыра қоймайды. Автордың өз сөзіне 

жүгінейік: «көпшілікке белгісіз, түсініксіз нәрсені түсінікті, белгілі 

нәрсемен  салыстырып  айту  бір  басқа  да,  ал  бейнелілік  сипаты 

бар  көркем  теңеу  жасау  –  бір  басқа.  Поэзиялық  шығармадағы 

теңеуді алсақ, мұнда мәселе салыстырылып отырған нәрселердің 

белгісіз  немесе  белгілігінде  емес,  сол  айтылатын  өзгешелік 

бұлардың бірінен екіншісінде айқынырақ, көрнектілеу екенінде, 

салыстырудың өзінен көп мағына туатындығында».

1

 

Зәки Ахметов тіл кестесінің негізгі белгілері мен көрсеткіш-



тері – бейнелі сөз бен бейнелеу құралдары жайына жеке тарау 

беріп,  келесі  тарауларда  бейнелі  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің 

халық  поэзиясында,  Абай  творчествосында  және  қазіргі  қазақ  

поэзиясында  қолданылуын  қарастырып,  олардың  ерекшелік-

терімен жалғастығын ашады, өзгеру, өсу процестерін зерттейді. 

Қазақтың  поэзиялық  әдебиетінде  қолданылатын  бейнелі 

сөздердің яки тұспалдау үлгілерінің бірнеше өзіндік сипаты бар 

екенін ғалым кең ашып, дәл көрсете білген. Ең алдымен олардың 

нақтылығы  аталады.  Халық  поэзиясындағы  теңеу,  метафора, 

тұспалдау сияқты көркемдеу құралдары қисынсыз дерексіздіктен 

ада. Керісінше, олардың белгілі бір өмір құбылыстарын байқаудан 

туған нақты әрі жинақы болып келеді. 

1

 З. Ахметов. Өлең сөздің теориясы. А., 1973. 18-б.



108

Қазақ  поэзиясында  ауыспалы  мағынада  қолданылатын 

бейнелі сөздердің шығу төркіні көне заманға меңзейді. Сондай-

ақ  олардың  шығуы  мен  ерекшелігі  қазақтың  көшпелі,  мал 

шаруашылық  өмірімен  де  байланысты.  осыған  орай  З.  Ахме-

тов  қазақ  өлеңінде  кездесетін  бейнелі  сөздерді  екі  үлкен  салаға 

бөледі: а) табиғат суреті мен жаратылыс көріністерін бейнелейтін 

сөздер  және  б)  төрт  түлік  малға  байланысты  ұғым-түсініктерді 

білдіретін сөздер. осы екі түрге сәйкес автордың көптеген нақты 

мысалдарға  жасаған  талдаулары  мен  байқаулары,  пайымдаула-

ры мен тұжырымдары оқырманның білім өрісін кеңейтіп, қазақ 

халық  поэзиясының  қадірін  жете  түсініп  қадірлеуге  баулитыны 

еш күмәнсіз.

Аталмыш  кітаптың  екінші  бөлімі  өлең  өрнегіне  арналған. 

Өлеңді өлең ететін ең алдымен оның ұйқасқа негізделген шумақ-

тық құрылысы, ырғақтылығы, әуезділігі мен үнділігі. Өлең сөздің 

қара сөзден басты айырмашылығы да, міне, осында. оның үстіне 

атам  заманнан  бері  қазақ  өлеңді  әуенмен  айтқан,  ал  тақпақтап 

айту салты кейінгі дәуірде туған. демек, өлеңге әуенділік те тән. 

Қазақ өлең деп әнді де, өлең сөзді де айтады. Өлең сөздің оқылу 

мәнері  мен  айтылу  қалпы  қара  сөзден  бөлек.  тиянақты  ырғақ 

болуы да – өлең сөздің құрылысына тән ерекшелік. Ырғақ қара 

сөзде де бар, бірақ ол өлеңдегідей мөлшерлі емес, тыныс алу үшін 

ғана сөйлем арасында болады. Мөлшерлі ырғақ – өлең жасаудың 

басты шарттарының бірі. 

Қазақ  өлеңіндегі  өлшем  мен  өрнек  үлгілері,  олардың 

түрлену  жолдары  мен  әдістері  сондай-ақ  тармақ,  бунақ,  шумақ 

сияқты  өлең  бөлшектерінің  заңдылықтары  арнайы  сөз  болады. 

Өлшем  туралы  айтқанда,  автор  жалпы  түркі  тектес  халықтар 

поэзиясындағы  өлшем  түрінің  ең  көнесі  жыр  мен  қара  өлең 

үлгісі  екенін  айтады.  Автор  бұл  ойын  көптеген  тюрколог-

ғалымдар пікірімен растайды. Бұл екі өлшем Абайға дейін қазақ 

поэзиясында  басты  болып  келгендіктен,  қазақ  өлеңін  зерттеген 

әдебиетшілердің бәрі дерлік осы екеуіне назар аударып, олардың 

табиғатын ашуға зер салды. Міне, осының бәрін ескере отырып, 

Зәкең бұл екі түрдің өзара жақындығы мен ішкі заңдылықтарын, 

ерекшеліктерін аша түскен, әсіресе ырғақтық құрылыс бітімінде 

бірлестік барын айтуы және оның себебін ашып беруі – үлкен 

жаңалық. Сондай-ақ осы уақытқа дейін көбіміз ескермей жүрген 

мақал-мәтел,  жұмбақ,  нақыл  сөз  сияқты  ұсақ  жанр  үлгілерінің 

өлеңдік  өрнегі,  ырғағы,  өлшемі  еді.  Зәки  Ахметов  бұлардың  да 


109

сипатын  ашып,  заңдылықтарын  тапқан.  Мысалы,  «олардың 

өзінше  қалыпты  ырғағы  бар»  екенін,  «белгілі  өлшеммен»  ай-

тылатынын,  «ырғақтың  құрылысы  жағынан  еркін  және  алуан 

түрлі»  болатынын  және  «өлең  сөздің,  ырғақты  сөздің  мейлінше 

қарапайым алғашқы үлгілерінің белгі-нышандарын жақсы таны-

татынын  біз  зер  салып,  байқай  бермеуші  едік.  Айталық,  мына-

дай  заңдылықты  да  ескермейтінбіз:  екі  тармақты  нақыл  сөздің 

(мақалдың,  жұмбақтың)  көпшілігі  төрттен  сегізге  дейінгі  буын-

нан тұрады екен деп, төрт тармақтылары 7-8 буыннан құралады 

екен. Бір қызығы – 11 буынды тармақ нақыл сөзде өте сирек те, 

ал керісінше, 11 буынды тармақтар жұмбақта жиі кездеседі екен.

Ал,  зерттеуші  жыр  мен  қара  өлеңдегі  өлшемдердің 

айырмашылығы мен өзіндік қасиеттерін жан-жақты қарастырған. 

Жырдағы 7-8 буынды өлшемнің қазақ өлеңінің барлық үлгісінде 

кездесетінін  айта  келіп,  автор  оның  жырмен  бірге  термеде, 

толғауда  мол  қолданылатынын  анықтайды,  терме  мен  толғауға 

ғылыми анықтама береді. Зерттеушінің 7-8 буынды жыр түріндегі 

өлең  үлгілеріне  тән  шумақ  пен  ұйқас,  тармақ  пен  түйдек  ту-

ралы  пайымдаулары  маңызды.  Мәселен,  7-8  буынды  жырдың 

ұйқасы негізінен шұбыртпалы деп жүрсек, Зәки Ахметұлы жыр 

ұйқасының бірнеше түріне (өзекті, желілі ұйқас, жанама ұйқас, 

біріңғай ұйқас, егіз ұйқас) түсінік береді. осы жерде айта кететін 

нәрсе, жалпы қазақ поэзиясындағы ұйқас туралы жазғанда автор 

бірнеше ұйқас түрлерін (айқас, ақсақ, аттамалы, егіз, қаусырма, 

шумақ, аралық) атап, ұйқастың тармаққа да, буынға да, бунаққа 

да, ырғаққа да, дауыс толқынына да қатысты болатынын ескертеді. 

тіпті  «ұйқасты  түрлендіріп  пайдалану  өлең  сөздің  синтаксистік 

құрылыс жүйесін байытып, молықтыра түсуге мүмкіндік береді», 

–  деген  байлау  айтады.  Едәуір  зерттелді  деген  11-буынды  қара 

өлеңнің  өлшеміне  келетін  болсақ,  Зәкең  оның  да  кей  құпиясын 

(тармақтарының буын саны біркелкі болуы, төрт тармақты қара 

өлең шумағында алдыңғы екеуінің негізгі айтылатын ойға тікелей 

байланысты болмауы, дауыс толқынының өзгеру қалпы) ашқан.

Жалпы,  Зәки  Ахметовтің  басты  еңбектерінде  қазақ 

әдебиеті  теориясының  поэзияға  қатысты  ең  іргелі  проблемала-

ры  зерттелген.  Атап  айтқанда,  қазақ  өлеңінің  құрылысы,  халық 

поэзиясындағы  ән  мен  өлең  түрлері,  қазақ  өлеңі  құрылымын 

дамытудағы Абайдың ролі, қазіргі өлең мен өлең құрылымындағы 

жаңашылдық…



110

Зәкең  поэзия  теориясын,  өлеңтану  (стиховедение)  мәселе-

лерін  өмір  бойы  зерттеді,  әр  кезде  оның  әр  түрлі  аспектісін 

қарастырып отырды. тіпті бертінгі кездің өзінде қайта-қайта поэ-

зия теориясына көңіл бөліп, 1994–1995 жылдары «қазақтың жыр» 

өлшемін түрік өлеңімен және «Манастың» өлеңдік құрылымымен 

салыстырмалы  түрде  зерттеп  шықты.  Сондай-ақ  2002  жылы 

«основы теории казахского стиха» атты монография жариялады. 

Мұнда ғалым қазақ өлеңін басқа қырынан қарастырды. Мәселен, 

қазақ  поэзиясындағы  өлең  құрылымының  жүйесі,  тармақтың 

ырғаққа  бөлінуі,  силлабиканың  ырғақтық,  әрі  буындық  негізі 

сияқты бұрын жеткілікті деңгейде зерттелмеген проблемалар өз 

шешімін тапты. Зәкеңнің ең соңғы еңбегі де поэзияға арналған. 

ол  «Поэзия  шыңы  –  даналық»  деп  аталады,  (Өкінішке  қарай, 

Зәкең бұл кітаптың жарыққа шыққанын көре алмады). 

Бұл монографиясы – академик ағамыздың Қазақ поэзиясы 

туралы бұрынғы жазғандарының квинтэссенциясы десе де бола-

ды. Өлеңтанудың ең өзекті, ең басты проблемалары – поэзиядағы 

сөз бейнелілігінің, өлең құрылысын, оның өлшемі мен өрнектерін 

теориялық  әрі  тарихи  тұрғыдан  қарастырып,  олардың  Абай 

шығармашылығындағы  даму  үрдісін  көрсеткен,  сондай-ақ  олар-

ды  ХХ-ғасыр  ақындары  қандай  дәрежеге  көтергенін  де  нақты 

мысалдарға сүйеніп, зерделеген. 

Зәки  Ахметов  әдеби  байланыстар  мәселесі  бойынша  да 

зерттеулер  жазған.  Әсіресе,  қазақ  әдебиетінің  Ресей,  Батыс 

мәдениетімен байланысы туралы ғана айтылып жүрген шақта ол 

кісі  1961  жылы  жарық  көрген  «Қазақ  әдебиетінің  тарихына»  (2 

том, 1 кітап) «Қазақ әдебиетінің Шығыс әдебиетімен байланысы»

деген тарау жазып, әрі әдебиет тарихына, әрі әдеби байланысқа 



қатысты  көптеген  қызықты  дерек  пен  мысалдар  келтіріп, 

ұлтымыздың  әдебиеті  –  күллі  Шығыс  мәдениетінің  бөлшегі 

екенін, одан үнемі нәр алып тұрғанын дәлелдеп шықты. 

Қазақ  әдебиетіне  Шығыстан  келген  сюжеттерін,  әсіресе, 

кең тараған кезі – ХІХ ғасырдың басы екенін айта келіп, автор-

лар  шығыс  әдебиетін  кең  насихаттауда  кітаби  ақындардың  ролі 

ерекше болғанына назар аударады. «Кітаби ақындар деп аталып 

жүргендер – мұсылманша оқып, хат танып, шығармаларын кітаби 

тілмен жазып, діни араб, парсы сөздерін орынсыз қолданған, сол 

сияқты  татар  тілінің  элементтерін  сөзге  көп  кіргізген  ақындар

2



1



 Бұл тарауды Мұрат Бөжеевпен бірге жазған.

2

 Қазақ әдебиетінің тарихы. А.,1961. ІІ том, 1 кітап, 537-б.



111

–  деп  анықтама  береді  екі  оқымысты.  Рас,  бұл  анықтамада 

Кеңес өкіметінің шығысқа деген жағымсыз көзқарасының әсері 

байқалады.  Кітаби  ақындар  діни  араб,  парсы  сөздерін  орынсыз 

қолданады деу – сол кез үшін әдеткі дәстүр болатын. Бірақ бұл З. 

Ахметов пен М. Бөжеев еңбегінің маңызын төмендете алмайды, 

себебі олар шығыстан келген әдеби құбылыстың сипатын жақсы 

ашқан. Атап айтқанда, шығыстан енген шығармалардың идеялық, 

тақырыптық,  жанрлық  белгілерін  анықтаған,  қазақ  әдебиетінде 

назира  дәстүрінің  орныққанын  байқаған,  оның  мысалдарын 

келтірген  және  бірнеше  шығарманы  талдаған.  ХІХ  ғасырдағы 

әдебиетте авторлық мәселесі бүгінгі түсініктен басқаша болғанын 

айтады: «тегінде, – деп жазады олар, – қисса шығарған, әдебиет 

нұсқаларын жинап бастырған бұл ақындар (Жүсіпбек, Ақылбек, 

Мәулекейлер  –  С.Қ.)  авторлық  мәселесін  өзінше,  осы  күнгіден 

басқаша түсінген. ол кезге дейін әдебиет шығармалары ауызша 

тарап  жайылғандықтан  көп  жағдайда  авторы  мен  айтушысын 

айырмаған.  тіпті  жинап  бастырған,  өзінше  өңдеген  халықтық 

шығармаларды да (олардың вариантын) кейбір ақындар өзімдікі 

деп  санаған.  Қисса  өлеңдерінің  ішіне  кейде  қазақтың  батырлар 

жырларынан кесек-кесек үзінді алып кіргізіп, болмаса екінші бір 

ақынның  сөздерін  пайдалана  берген.  Ақылбек  бин  Сабал  1911 

жылы шыққан «Мағшұқнамасында»:

Көргенде дидарыңды іш қайнайды,

Екі алма кеудеңізде қисаймайды.

Бетіне бір жалт етіп қарағанда,

Аласы қара көзі нұр жайнайды, – 

деп  жазады.  Бұл  төрт  жол  өлеңнің  екі  жолы  Абай  сөздері  екені 

белгілі».

1

 



Шынын айту керек, З. Ахметов пен М. Бөжеевтің бұл пікірі 

қазіргі  кезде  өте  актуальді.  Соңғы  жылдары  көптеген  халық 

өлеңдері  мен  жырларын  бір  адамға  теліп  беру  тенденциясы 

етек  алып  барады.  Мұның  себебі  –  өткен  ғасырлардағы  әдеби 

процесті,  әдебиет  заңдылықтарын  білмеу,  бір  жағынан  болса, 

өзіне  жақын,  я  болмаса  ұнаған  ақынын  көтермелеу  мақсатын 

көздеу,  екінші  жағынан.  Ал,  бұлай  ұлттың  мұрасын  әркімге 

үлестіре берсек, біздің халық дарынсыз, ештеңе тудырмаған, жа-

1

 Қазақ әдебиетінің тарихы. А.,1961. ІІ том, 1 кітап, 538–539-б.



112

дында  ешнәрсе  сақтамаған  тобыр  болып  шығады.  Сөз  жоқ,  қай 

шығарманы болса да оу-баста біреу шығарады, бірақ ел арасына 

тарап, бірте-бірте ол фольклорлық айналымға түседі де алғашқы 

авторы ұмытылады. Сөйтіп, ол шығарма ауызша орындалып, ау-

ызша  тарағандықтан  бірнеше  вариантты  болады  және  әр  орын-

даушы оны өзінше өңдейді, әрлейді, содан соң шәкіртіне үйретеді, 

ол да солай істеп, шығарманы жаңа айналымға түсіреді. осының 

нәтижесінде  ол  шығарма  халық  мұрасына  айналады,  халық  жа-

дында сақталады. 

Академик Зәки Ахметов үнемі қазақ әдебиетінің өрісін, аясын 

кең мағынада қарастырады, сол себепті әдебиеттегі халықаралық 

байланыстарды мәдениетті, әдебиетті байытатын, өрісін көтеретін 

құбылыс деп бағалайды. Өзінің тырнақалды «лермонтов и Абай» 

атты еңбегінен бастап Абай туралы соңғы монографиясына дейін 

қазақ  әдебиеті  мен  орыс  әдебиетінің  шығармашылық  байланы-

сы  туралы  ойын  оның  қаншалықты  біздің  ұлттық  әдебиетімізге 

игі  әсері  болғанын  нақты  шығармаларды  талдау  арқылы 

бұлтартпастай  дәлелдеген.  Әсіресе,  Зәкеңнің  Абай  мен  Пуш-

кин, Абай мен лермонтов, Абай мен тургенев, Абай мен Крылов 

шығармашылықтарындағы  рухани  да,  көркемдік  те,  әлеуметтік 

те  тұрғыдағы  үндестік  жайлы  жеріне  жеткізе  зерттегені  қалың 

жұртшылыққа  белгілі.  осы  тұста  Зәки  Ахметов  поэзиялық 

аударманың  Абай  енгізген  ерекшелігін  өте  ұтымды  айғақтап, 

Абай  аудармалары  –  өнер  сайысы,  ақындық  жарыс  екенін  аса 

білгірлікпен айтқан. 

Әдеби байланыс дегенде, Зәкең қазақ әдебиетінің орта Азия 

елдерінің әдебиетімен байланысын арнайы қарастырады. Соны-

мен  бірге  орыс  әдебиетіне  Шығыс  мәдениетінің  әсері  жайында 

да дәлелді жазған. Айталық, тургеневтің «восточная легендасы» 

– шығыс сюжеті екенін «тургеневский сборник» атты Мәскеуде 

шыққан кітапта нақтылап көрсеткен.

Әдеби  байланыс  проблемасын  Зәки  Ахметов  тек  қазақ 

әдебиетіне, әдебиеттануға қатысты алып қарастырмайды. ол кісі 

әдеби  байланысты  кең  мағынада  түсініп,  оның  мәдени,  саяси, 

әлеуметтік аяларын да сөз етіп отырады. Сөйтіп әдеби байланыс 

көпқырлы  болатынын,  ол  ылғи  болып  тұратын  және  байланыс 

жасап отырған елдердің әдебиетін де, мәдениетін де байытатын 

процесс  екенін  айтады.  осы  жағынан  алғанда  Зәкеңнің  орыс, 

украин,  тәжік,  түркі  халықтары  әдебиеттерінің  классиктері  жа-



113

йында жазған мақалалары – бір төбе. Әдеби байланыс тұрақты 

әрі игілікті болуы үшін аударманың ролі ерекше екенін бірнеше 

мәрте тілге тиек еткен. 

оқымысты Зәки Ахметовтің аса бір мән берген саласы – тек-

стология. оған қаншалықты көңіл бөлгенін ғалымның жастайы-

нан, аспирант кезінде-ақ ленинград кітапханаларында жалықпай 

отырып  Абайдың  кейбір  аудармаларының  түпнұсқаларын  іздеп 

табуынан, оларды салыстырып талдауынан көреміз. осы жұмыс 

барысында  ол  Абай,  лермонтовтан  аударған  делініп  жүрген  үш 

өлеңнің  авторлары  басқа  адамдар  екенін  текстерді  нақты  са-

лыстырып,  орнықты  дәлелдеп  шықты.  Мысалы,  Абай,  лермон-

товтан  аударған  деп  жүрген  «Жүректе  көп  қазына  бар,  бәрі 

жақсы» деген өлең я. Полонскийдікі екен. Сол сияқты Абайдың 

«Қалқам-ай,  мен  іздемей  жүремін  көп»  деген  өлеңі  лермонтов-

тан  емес,  басқа  бір  ақыннан  аударылыпты,  бірақ  әлі  кім  екені 

анықталмаған. Ал, «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» да лер-

монтовтан алынбаған. ол ақын в.А. Крыловтың «Разбитое серд-

це» деген өлеңіне жазылған. А. Рубинштейннің романсы бойын-

ша аударылған.

осылармен  қатар  Зәки  Ахметұлы  Абайдың  бұрын  кімнен 

аударғаны белгісіз болып келген бір топ шығармасы лермонтовтың 

мұрасынан  аударылғанын  да  сенімді  етіп  дәлелдеген.  Мәселен, 

«Ал,  сенейін,  сенейін»,  «Рахат,  мені  тастап  қоймадың  тыныш», 

«Қайтсе  жеңіл  болады  жұрт  билемек»,  «Ғашықтық  іздеп  тан-

тыма»,  «Күнді  уақыт  итеріп»,  «Адамның  кейбір  кездері»  т.б. 

өлеңдер.  Бұлар  –  жай  ғана  аударма  емес,  ақындық  шабытпен 

қайта  туындаған  жаңа  шығарма  болып  шыққанын  Зәки  Ахме-

тов  екі  ақынның  әр  сөзін,  ойын  тексеріп,  салыстырып  барып 

дәлелдеген.

1

 

«текстология»  –  деп  жазады  ол,  –  әдеби  шығармалардың 



тексін  автордың  қолжазбасы  (немесе  көшірме  қолжазбалар) 

негізінде,  сондай-ақ  бұрынғы  басылымдармен  салыстырып 

тексеретін,  сенімді  деректер  бойынша  анықтайтын  филология 

ғылымының  саласы.  Шығарма  тексінің  жаңылыс  оқылған,  қате 

басылған  жерлері  табылса,  тиісті  түзету  енгізу  қажеттігі  туады. 

Әрине, ол үшін жеткілікті дәлел керек.

2

 

1



  Қараңыз:  литературные  связи  Абая  (вопросы  текстологии  //  Кітапта:  

З.А. Ахметов. Современное развитие и традиции казахской литературы. А.,1978. 

С.35-78).

2

 З. Ахметов. Абайдың ақындық әлемі. А.,1995. 258-б.



114

осы  принципті  Зәки  Ахметұлы  Абай  шығармаларын 

баспаға  әзірлеу  барысында  қатты  ұстанып  жүрді.  ол  кісі 

Мұхтар  Әуезовтің  басшылығымен  1957  жылы  ұлы  ақынның  екі 

томдығын  дайындауға  қатысып,  Мұхаңның  нұсқауымен  орасан 

текстологиялық  жұмыс  жүргізген,  (Бұл  іске  Ы.  дүйсенбаев  пен 

Ғ. Әбетов қатысқан). Сонда ұлы Мұхаңның әр сөзге қаншалықты 

мән бергенін, қандай мұқият текстологиялық жұмыс жүргізгенін 

Зәкең былай баяндайды:

«…М. Әуезов жәй әншейін сыртта жүріп редактор бола сал-

ған  жоқ,  текстологиялық  жұмыстың  барысында,  қолжазбалар 

мен бұрынғы басылымдар салыстырылып тексерілгенде алты ай 

бойы үзбей басы-қасында болды. Мұхаң Академияға, өзі қызмет 

істейтін  сол  кездегі  тіл  және  әдебиет  институтына  бейсенбі  са-

йын  таңертеңгі  9-да  келіп,  түске  дейін  болып  жүрді.  М.  Әуезов 

1957 жылғы жинақты әзірлеу үстінде бұрынғы басылымдар мен 

белгілі  қолжазбалардың  қалай  салыстырылып,  тексерілгенін  өзі 

үнемі қарап, қадағалап жүрді, және әр түрлі оқылатын сөздердің 

қай нұсқасы алынатынына үлкен мән берді».

1

 



Мұхтар Әуезов тіпті бір сөздің мағынасына дейін көңіл бөлген. 

Бірде Әлкей Марғұлан ленинградтан тапқан бір көшірмеде «тау-

дан түлкі табылар аңдығанға» деген жолдағы «таудан» емес «та-

стан»  болуға  тиістілігін  досына  дәлелдеп  беріпті.  Сол  сияқты 

Әлекең  өзі  Потанин  архивінен  тапқан  «Қозы  Көрпеш-Баян 

сұлудың»  нұсқасын  Абай  шығарған  деп  дәлелдеуге  тырысқан 

шақта Мұхтар Әуезов үзілді-кесілді қарсы шығыпты.

2

 Міне, осын-



дай мектептен өткен Зәки Ахметов әдеби шығармалардың, соның 

ішінде  Абай  мұрасының  текстологиялық  тұрғыдан  объективті 

әрі  біліктілікпен  зерттелуін  талап  ететін.  Сол  себепті  ол  ылғи 

Мұхаңның мына сөзін жиі қайталайтын:

«Абай сөзі деген бір-ақ сөз болса да, Абайша шықса жарасар. 

Абайдың  Абайлығы  да  сонда  шығар.  осы  Абай  өлеңдерінің  са-

нын көбейтейік деп өзеурегенше, бар сөзінің кенеуін кетірмейік 

деп  көбірек  ойланайық,  Абай  сөзін  көбейтеміз  деп,  көбік  етіп 

алмайық».

3

  Бұл  ойға  қосып-алар  ештеңе  жоқ.  Абайға,  жалпы 



әдебиетке, мәдени мұраға мұқият болу – текстологияның басты 

міндеті. 

1

 З. Ахметов. Абайдың ақындық әлемі. А.,1995. 268-б.



2

 Сонда, 268–269-бб.

3

 Сонда, 269-б.



115

Академик  Зәки  Ахметовті  бұрынғы  одақ  көлеміне  мәшһүр 

етіп,  мойындатқан  –  тек  теориялық  еңбектері  ғана  емес.  Аса 

көрнекті ғалым деген атаққа ие қылған сондай-ақ оның әдебиет 

тарихы,  әдеби  байланыс,  текстология  мен  аударма  жөніндегі 

зерттеулері екені сөзсіз. Әсіресе, оның Мәскеу мен ленинград-

та жариялаған еңбектері, соның ішінде «тургеневский сборник», 

«лермонтовская  энциклопедия»,  «История  всемирной  литера-

туры»,  «История  советской  многонациональной  литературы», 

«Краткая литературная энциклопедия», «народы мира» деген өте 

беделді, маңызды әрі қомақты басылымдарда шыққан мақалалары 

мен  очерктері,  эсселері  Зәки  Ахметовті  Совет  одағындағы 

ең  көрнекті  әдебиеттанушы-ғалымдардың  алдыңғы  қатарына 

шығарды. Сөз жоқ, ол кісінің СССР көлеміндегі ғалымдар арасын-

да өте беделді болуының тағы бір себебі – орыстың классикалық 

әдебиетін, Пушкинді, лермонтовты, тургеневті жетік біліп қана 

қоймай,  оларды  Ресей  ғылымының  деңгейінде  зерттегенінде  де 

еді.  ол  қазақ  әдебиеті  тарихындағы  Шоқан,  Абай,  Шәңгерей, 

Мұхтар,  Ғабит  сияқты  ұлы  классиктерді  де  сол  биіктік  талабы-

нан  зерделей  алды.  Бұл  да  оның  ғалымдық  тұлғасын  сипаттады. 

Зәки  аға  еңбектерінің  ағылшын,  армян,  белорус,  молдаван,  та-

тар, түрік тілдерінде жарық көруі де, сондай-ақ оның қазақ пен 

орыс  тілдерінде  бірдей  төгілте  жазып,  сөйлеп,  ойын  мүлтіксіз 

жеткізе  білуі  де  –  ол  кісінің  кең  масштабты,  жан-жақты  білімі 

бар оқымысты екенін де жақсы айғақтады.

Зәки  Ахметов  –  ішкі  мәдениеті  өте  жоғары,  мейлінше 

кішіпейіл, жаны таза азамат еді. Көрініп қалуға, жақсы көрінуге 

ұмтылмайтын, (Содан да болар, бірде-бір орден алмапты). Кісінің 

қас-қабағына,  көңіл-күйіне  үлкен  мән  беріп,  жағдайын  түсінуге 

тырысатын. Жақсылық істеуге даяр тұратын, адамдарға өзі сияқты 

қарап, үлкен сенім артатын. Кейде сенгіштігі өзіне зиян әкеп жат-

са да, сабырлық танытып, ұстамдық көрсетуші еді. Алайда, 23 жа-

сында ғылым кандидаты, 37 жасында ғылым докторы болған, Со-

вет одағына атағы тараған талантты ғалым Зәки Ахметовтің өмір 

жолы  ылғи  да  шуақты  болған  жоқ.  1986  жылғы  Желтоқсанның 

ызғары  оған  да  тиді.  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  вице-

президенті  әрі  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Кеңесінің  депутаты  болып 

тұрған  кезінде  Г.  Колбиннің  қаһарына  ілігіп,  нахақтан-нахақ 

жапа  шекті.  Қызметтен  алынды,  депуттатық  мандатын  тапсы-

рып, өкілеттігін тоқтаттырды. ол аз болғандай, 1987 жылы жазда 



116

Зәкеңнің партиялық мәселесін қаратты. Институттың партия жи-

налысына салып, оған қатаң сөгіс жариялап, есеп карточкасына 

жазу  талап  етілді.  Бір  жақсысы  –  Институттың  партия  ұйымы 

оған барған жоқ. Рас, партия жиналысы өте қызу әрі ауыр өтті. 

Катаң сөгіс беруге мен қарсы шықтым. осы тұста Борис Ерзако-

вич, Зейнолла Серікқалиев, ләйла Әуезова Зәкеңнің кінәсі жоғын 

дәлелдеп, принциптілік көрсетті.

Әділетсіздікке тап болған Зәки аға, әрине, іштей қынжылды, 

бірақ мойыған жоқ. ол өзін нағыз ғалым, шынайы интеллигент, 

үлкен  жүректі  азамат  ретінде  көрсетті,  ешкімді  кінәлаған  жоқ, 

ғайбат  сөзге  бармады.  Өзінің  сүйікті  ісі  –  әдебиетті  зерттеуге 

түгелімен  берілді,  содан  өзіне  жұбаныш  тапты.  талантына  қоса 

орасан еңбексүйгіштігі арқасында тағы төрт монография жазып, 

ондаған мақала жариялады. нәтижесінде 1995 жылы Мемлекеттік 

сыйлыққа ие болды.   

 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал