Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов



жүктеу 4.57 Mb.

бет3/32
Дата22.12.2016
өлшемі4.57 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Любви безмерной памятник. – 

Астана: Аударма. 2002. С. 64. 

1

 Ауэзов М.о. Мысли разных лет, 1961, с. 407. См. еще Потанин Г.н. в юрте 



последнего киргизского царевича, с. 298.

2

 Жирмунский в.М., Зарифов Х.т. узбекский народный героический эпос, с. 



298-299; Гацак в.М. восточно-романический героический эпос. М., 1967, с.12.

3

 веселовский А.н. Историческая поэтика, л., 1940, с. 131.



61

АБАй ПОЭЗияСЫНЫҢ РеНеССАНСТЫҚ СиПАТЫ

Көп  уақытқа  дейін  гуманитарлық  ғылымда  Ренессанс 

ұғымын  евроцентристік  тұрғыда  түсіну  орын  алып  келді.  XX 

ғасырдың  соңғы  ширегінен  бастап,  Ренессанс  тек  Батыс  Еуро-

пада  ғана  емес,  Шығыс  халықтары  тарихында  да  орын  алғаны 

айтылып,  жазылып,  дәлелденді.  «Мусулъманский  Ренессанс», 

«Иранский  Ренессанс»,  «восточный  Ренессанс»  деген  ұғымдар 

– бүгінде толық мақұлданған ақиқат және барлық Ренессансқа 

ортақ  заңдылықтармен  қатар  әр  ұлттық  өркениеттің  өзіне  тән 

ерекшеліктері де анықталып жатыр.

Біздің де өз Ренессансымыз бар. ол да жалпы зандылықтардан 

ада емес әрі өзіміздің өзгешелігімізден де құралақан емес. Міне, 

осы екі үрдіс тұрғысынан қарағанда, қазақ қоғамының Ренессан-

сы Абайдан бастау алатынына көз жеткіземіз.

Егер Ренессансты тек қана ескі мәдениеттің қайта жаңаруы, 

жаңғыруы  деп  түсінсек,  онда  оның  мән-мағынасын  тарыл-

тып  алатын  секілдіміз.  Күллі  әлемдегі  Ренессанстың  ең  басты 

заңдылығы,  бұрынғы  мәдениетті  жаңғырту  ғана  емес.  Мұңдағы 

ең басты қасиет – Адамға көңіл бөлу, Адамды дәріптеу. Адамды 

– барлық нәрсенің қожасы деп түсіну. Қасиетті Құранда солай 

ғой. Алла тағала Адам Атаны жаратқанда, оған барлық періштені 

бағындырып,  мойындатқан  ғой.  тек  Ібіліс  қана  Адам  Атаға 

мойынсұнбаған.  демек,  Адамды  бағаламау  –  шайтанның  ісі. 

Адамды  бағаламау,  оны  ойыншық  ету  –  әр  дәуірде,  әр  қоғамда 

болып тұрған. Ұлы ақындар мен ойшылдар осыған қарсы болған, 

күрескен. Адамды түкке санамаған қоғамды олар надан қоғам деп 

атаған.

Абай да солай. «Атымды Адам қойған соң қайтіп надан болай-



ын?» – деп, адамның бұл ғаламда ерекше екенін айтады.

Рас,  Абайға  дейінгі  поэзияда  да  адам  туралы  жырланбады 

емес, жырланды. Адамның әр жасы, әр жастағы оның жағдайы, 

адамның  жақсы-жаман  болуы,  кісілердің  араласы,  қатынасы  – 

бәрі де сөз болды. Алайда, ол поэзияда сырттай сипаттау басым 

түсіп жатты, бейнелеу логикаға негізделіп, әңгімелеудің барлығы 

дидактикалық сипатта болды, өйткені сөз болып отырған нәрсенің 

бәрі өмірде болатын ғана шындық деп түсінілді.

Абайға  дейінгі  поэзияның  шыңы  –  жыраулар  шығармасы 

десек,  олардың  басым  көпшілігі  мемлекеттік  проблемаларды 



62

айтып, әміршісінің қасиеттерін жырлады. Жыраулар – хандық 

мемлекеттің  идеологі  болғандықтан  өздерінің  басты  міндеті  – 

ханды  дәріптеу,  мемлекетке  қызмет  ету  деп  білді,  әміршінің  де, 

батырдың да іс-әрекетін осы тұрғыдан бағалады (яғни, жыраулар 

поэзиясы – мемлекеттік әдебиет болды).

Мұндай үрдіс жалғыз бізде емес, күллі әлем әдебиетінде болған. 

Айталық, падишахқа, халифке, монархқа қызмет ету, мемлекетті 

күшейтуге  тырысу  –  Шығыста  ХIII–ХIV  ғасырлардағы,  Баты-

ста  –  XVII  ғасырдағы  абсолютизм  дәуіріндегі,  Ресейде  –  XVIII 

ғасырдағы әдебиеттерде орын алды.

Жалпы, мұндай дәстүр – қай халықтың болса да мемлекетінің 

қалыптасу, нығаю кезеңінде болатын заңдылық. Өйткені ол кез-

де  патша  (монарх,  хан)  –  мемлекеттің  символы  деп  саналды, 

ал  жыраулар  мен  батырлар  өздерінің  әміршісі  арқылы  мемле-

кетке  қызмет  етеді  деп  ұғынылды.  Егер  соғыс  болып,  жеңіске 

жетсе,  немесе  жер  жаулап  алса,  ол  мемлекеттің  күштілігі  деп 

есептелді,  бейбітшілік  орнаса  –  мемлекеттің  гүлденуіне  пайда-

лы  деп  қабылданды.  Міне,  хандар  мен  жыраулардың  жағдайы 

мен  ара-қатынасын,  сол  тұстағы  әдебиетті  осы  түсінік  негізінде 

пайымдауға болады. Сол себепті жыраулар көбінесе жалпылықты 

айтады,  жекелік,  даралық  мәселелерге  көңіл  бөлмейді,  деталь-

дарды елемейді. демек, жеке адамның тағдыры, оның ішкі сезім 

бұрылыстары, өмірінің кейісті тұстары жыраулар толғауында сөз 

бола қоймайды. тіпті болған күннің өзінде мемлекеттік жәйтке, 

жалпылыққа қатысты жағдайда ғана айтылады.

Ал, Абай ең басты мәселе етіп Адамды, оның жеке ісін, сезімін, 

тұрмысын,  көңіл-күйін,  басқа  кісілермен  қатынасын  алады. 

оның поэзиясында Адам – Алланың махаббатпен жаратқан ең 

ұлы, ең сүйікті туындысы. Сол себепті бүкіл әлемнің, қауымның, 

болмыстың темірқазығы – Адам. оның мүмкіндігі мен құдіреті 

– орасан. Адам өмірдің өлшеуіші, қозғаушы күші, тірлікті дамы-

тушы, қоғамды түзеуші. Міне, осы Адамды түсіну мен осы Адам-

ды тану міндетін алға қойып, Адамды – дүниенің биік мұраты деп 

түсінуі – Абайды Ренессанстық тұлға, ал оның поэзиясын қазақ 

Ренессансының басы екенін айғақтайды.

Шығыста  Ренессанстық  белгі  –  исламның  Аллаға,  оның 

сүйікті туындысы Адамға (Адам Атаға) айрықша мән беру болса, 

Батыс елдерінде Ренессанстың ең басты белгісі – инквизициядан 

құтылып, Адамға бұрылу, оның ішкі дүниесіне үңілу еді. Мәселен, 



63

Батыстың сол кездегі ұлы ойшылдары мен өнерпаздары (леонар-

до  да  винчи,  Микеланджело,  тициан,  данте,  т.б.)  инквизиция 

тұсында тапталған Адамды құдай дәрежесіне көтеріп, антикалық 

құдайларды Адам қатарына қосқаны белгілі.

Абай  болса  Адамды  –  танылуы  қиын  жұмбақ  («Мен  бір 

жұмбақ  адаммын»)  деп  біледі.  Сондықтан  Абай  Адамға  өзін-өзі 

түсініп,  тани  алатын  сенім  дарыту  қажет,  ол  үшін  оның  рухын 

көтеріп,  оны  қанаттандыру  керек,  дүниенің  кілті  өз  қолында 

екеніне, бәрін өзі істей алатынына иландыру міңдет деп санаған 

(«Сен де – бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан!»).

Абай түсінігінде, Адамның құдіреті оның рухани азаттығында, 

ар  тазалығы  мен  сезім  еркіндігінде,  ойдың  тәуелсіздігінде,  сөз 

бостандығы мен мінездің тәуекелдігінде… тек рухы еркін, санасы 

ерікті Адам ғана құлдыққа түспейді.

Абай  поэзиясынан  Адамның  өзі  –  құдірет  екенін,  құдіреті 

–  білімінде,  ақылыңда,  жүрегі  мен  жанында  екенін  көреміз. 

Адамның жасампаздық еңбегі мен іс-әрекеті, шығармашылық әрі 

ойлау қабілеті, оның махаббатты білу, сезіну, сүйе білу қасиеті – 

өлмес, өшпес, ешнәрсеге теңдесі жоқ құдірет.

Адамды бар жағынан тексерген Абайға Адам – бір жағынан, 

біртұтас әлем, екінші жағынан, адам өз ішінде қайшылығы мол, 

күрделі тұлға. осы екеуі біріге келіп, тән мен жанның, тән азабы 

мен жан азабының ара-қатынасын құрайды, көрсетеді.

Ауырмай тәнім,

Ауырды жаным,

Қаңғыртты, қысты басымды.

тарылды көкірек, 

Қысылды жүрек.

Ағызды сығып жасымды, –

деген Абай тән азабы мен жан азабын қатар алып, жан күйзелісінің 

ауыр екенін жай ғана айтпайды. тән күйзелісі сыртқы денені ғана 

ауыртады. Адамға одан әлдеқайда қиыны – жан ауырғаны. Жан 

күйзелісі  миға  салмақ  салады,  жүректі  мазалайды,  азаптайды, 

қинайды.  Сол  себепті  де  Абайдың  «жүрегі  қырық  жамау»,  сол 

себепті де ол «жүрегінің түбіне терең бойлауға» шақырады. Жан 

күйзелісі  терең  ойға  батырады,  тұңғиыққа  сілтейді,  тығырыққа 

тірейді. ой жүрек түбіне кетіп, тыным бермейді, тез тарқамайды, 

көкейде жүреді. түпсіз, шексіз мұңға айналып, адамды қажытады, 


64

шаршатады.  Жалықтырады  һәм  жабырқатады.  «ойлы  адамға 

қызық жоқ бұл жалғанда», – деген тұжырымға да әкеледі.

Мұндай  ойлар  ақын  Абайға  Адам  мүмкіндігінің  шектеулі 

екеніне  көз  жеткізген  соң  келсе  де,  ол  Адамды  –  өмірге  текке 

келмеген жан, ол өзінің тағдырына өзі қожа бола алатын, қоғамға 

керек тұлға деп біліп, Адамның сондай болуын қалайды. Өмірде 

өз орнын тауып, пайда келтіретін Адам – саналы Адам, толымды 

Адам.

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:



Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», –

дейді Абай. «Ыстық қайрат» – бұл үнемі іздену, алға ұмтылу, жа-

сампаз болу. «нұрлы ақыл» – елге сәуле түсіріп, ізгілікті іс істеу, 

құдай берген ақылды тек жақсылыққа жұмсау. Ал, «жылы жүрек» 

– иман жүзді болу, адамдарға түсіністікпен қарау, олардың мұң-

мұқтажын,  көңіл-күйін  ұға  білу.  Міне,  осы  үш  қасиет  ізгілікті 

мақсатта  пайдаланылған  жағдайда  ғана  толымды  адам  деген 

мәртебеге ие болуға болады.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 

Сонда толық боласың елден бөлек, –

дейді Абай.

Мұндай  адам  өлмейді.  «Өлсе-өлер  табиғат,  адам  өлмес!»  – 

дегенде,  Абай  толымды  адамның  ісі,  сөзі,  ойы  өлмейді  дегенді 

меңзейді.  «Өлді  деуге  сыя  ма,  ойлаңдаршы,  Өлмейтұғын  ар-

тына  сөз  қалдырған?!»  –  дегенде  де  Абай  адамның  санасын, 

ойын,  сөзін  сол  адамның  өзімен  қатар  қойып  отырған  жоқ  па? 

олай болса, Абай үшін дүниенің басты өлшемі – Адам, оның ісі 

мен  ойы,  жаны  мен  санасы,  сөзі  мен  сезімі.  Абай  поэзиясының 

Ренессанстық сипаты да осында деп білеміз.

Қазақтың бас ақыны: Халықаралық ғылыми-теориялық 

конференция материалдары. – Алматы: Дәуір, 2004. Б. 6-9.


65

АБАй жӘНе ұЛТТЫҚ иДея

«Абай  және  ұлттық  идея»  деген  тіркес  тосындау  естілуі 

мүмкін.  Себебі  Абай  лексиконында  «ұлт»  деген  сөз  жоқ  және 

«ұлттық идея» деген ұғым біз үшін тым соны, ол бүгінгі таңда жиі 

айтылып,  талқыланып  жүр,  әрі  әртүрлі  мағынада  қолданылуда. 

Бірақ Абай сияқты данышпанның даналығы да сонда: ол әрқашан 

заманауи. Әр ұрпақ өз заманының проблемасын таба алады Абай-

дан, онымен сырласады, ақылдасады, ой салыстырады, сұрағына 

жауап  іздеп,  оның  шешімін  де  ала  алады.  Бұрынғы  ағаларымыз 

бен бүгінгі буын сияқты, келер ұрпақ та Абайға барады, Абайды 

оқиды, таңырқайды, басын шайқайды. Абайды зерделейді, өзінше 

таниды, толғақты мәселелерді Абай арқылы түсінеді. Міне, біз де 

бүгін өмір талабы алға тартып отырған өзекті проблема бойынша 

Абайға ден қойып отырмыз.

Абайға дейін де, Абай тұсында да қазақ ақындары «ұлт» деген 

сөзді қолданбаған. Бұл – Алаш зиялылары енгізген ұғым. Абайда 

«қазақ, халық, ел, жұрт, алаш, ру» деп айту бар. Былай қарағанда, 

ұлт туралы Абай не айтты екен деген сұрақ тууы әбден орынды. 

Алайда,  Абай  ойларының  байыбына  зер  сала  қарасақ,  «ұлт»  де-

ген  сөзді  қолданбаса  да,  Абай  «ұлт  болу»,  «ұлтты  жетілдіру»  де-

ген  сияқты  идеяларды  поэзиясында  да,  прозасында  да  әдемілеп 

айта білген. тек соны біздерге көре білу, тани білу, түсіне білу ке-

рек сияқты. ол үшін ең алдымен Абай тарихқа, қазақтың өткені 

мен өз тұсындағы жағдайына қалай қараған, оны қалай түсінген, 

қалай бағалаған деген мәселеге көңіл бөлген жөн деп ойлаймыз.

Міне,  осы  тұрғыдан  келегенде,  Абайдың  бәріміз  жақсы 

білетін  «Біраз  сөз  қазақтың  түбі  қайдан  шыққандығы  туралы» 

еңбегі  айрықша  мәнге  ие.  Аталған  мақаласында  ол  сонау  түркі-

моңғол  бірлігі  заманынан  бастап,  қазақтың  қалай  өзінше  ел 

болған кезіне дейінгі ұзақ тарихын қысқаша шолып өткен. осы 

тұста Абай көне түркі қағанаты, исламның келуі, ислам мен ескі 

діннің күресуі, араласып кетуі, Шыңғыс ханның билігі, осы кез-

де  қазақ  жұртының  мемлекеттік  мәселеге  араласып,  Майқы 

бидің  Шыңғысты  хан  көтеруге  қатысуы,  Жошы  мен  Шағатай 

мемлекеттері, Алтын орда, Әмір темір патшалығы, Моғолстанның 

пайда болуы, Бабырдың билігі, Қазақ хандығының өмірге келуі, 

– міне, осының бәрін айта келіп, мынадай түйін жасайды:


66

«Қазақтың бар қатты өсе бастағаны құба қалмақтың жұрты 

бұзылған соң, осы Сарыарқаға орныққан соң ғана болса керек».

1

 



демек,  бұл  кезеңде  Қазақ  хандығы  күшейіп,  жоңғардан  жерін 

азат етіп, дербес ел болып, Қазақ мемлекеті атанып, жан-жағына 

өзін  мойындатқан  мемлекетке  айналған.  олай  болса,  қазақ  сол 

заманда-ақ ұлт болған деп айта аламыз. 

осы  жерде  мына  бір  мәселеге  көңіл  аударайық.  «Ұлт» 

дегенді  қалай  түсінеміз?  Бәрімізге  белгілі,  маркстік-лениндік 

концепция бойынша «ұлт» болу үшін қай халық болса да алдымен 

феодализмді  бастан  кешіріп,  содан  соң  буржуазиялық  қоғам 

құрып,  капиталистік  формациядан  өтуі  керек  болатын.  Бірақ 

бұл тұжырымның бүкіл адамзатқа ортақ заңдылық емес екенін, 

әлемнің өткен тарихы да, қазіргі заманғы өмірі де көрсетіп отыр. 

Біздіңше,  «ұлт»  деген  ұғымды  біржақты  емес,  кең  мағынада, 

әр  елдің  өз  тарихы  мен  болмысына  қарай  түсінген  жөн  секілді. 

осыны ескеріп, біз де өз хал-қадерімізше, Абайға ден қоя отырып 

және бүгінгі елімізде болып жатқан процестер мен проблемалар 

тұрғысынан қарап, пікірімізді ортаға салуды жөн көрдік. 

Қазіргі шақта «ұлт», «ұлттық», «ұлттық идея» дегенді көбінесе 

этникалық  тұрғыда  түсініп,  қолданып  жүрген  сияқтымыз. 

дәл  қазіргі  кезеңде  «ұлт»,  «ұлттық»  сөздерін  «мемлекет», 

«мемлекеттік»  деген  мағынада  да  ұғыну  керек  тәрізді.  Егер  осы 

шартпен  келсек,  «ұлт»  дегенді  «этникалық  ұлт»,  «мемлекеттік 

ұлт» деп екі мағынада қолдануға болатын сықылды. 

Этникалық ұлт дегеніміз – өте ерте заманда бір тектес, ортақ 

тілі, әдет-ғұрпы бар тайпалардан құралған қауым болып шығады. 

Этникалық ұлт қандай жағдайда болса да сақталады. ол басқа бір 

ұлттың  езгісіне  түсіп,  жан-жаққа  бытырап  кетсе  де  этникалық 

сипатын  жоғалтпайды.  Әлем  тарихында  мұндай  мысалдар  көп. 

Ежелгі мемлекеттердің бірі пайда болып, бірі жойылып кеткенмен, 

сол  мемлекеттерді  құраған  этникалық  ұлттар  мүлде  жоғалып 

кеткен жоқ. Мысалы, ассирия, курд, еврей сияқты көне этникалық 

ұлттар  ұзақ  уақыт  бойы  қаншама  мемлекеттер  құрамында 

болғанымен біздің заманымызға ұлт болып сақталып жетті. тіпті 

қазіргі  Еуропа  мен  Азияның,  Американың  мемлекеттері  де  бір 

емес,  бірнеше  этникалық  ұлттардан  тұрады.  Францияда  тұрып, 

өзін  неміс  ұлты,  Германияда  тұрып,  өзін  түрік  ұлты,  Италияда 

тұрып,  өзін  армян  ұлты,  Канадада  тұрып,  өзін  украин  ұлты 

1

 Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. А.,1995. 223-б.



67

санайтын  жұрт  аз  ба?  Бізде  де  солай  ғой.  Қазақстанда  тұрып 

жатып,  өздерін  орыс  ұлтымыз,  неміс  ұлтымыз,  өзбек  ұлтымыз 

деп есептейтіндер – сол этникалық ұлттардың өкілдері емес пе?

Ал,  мемлекеттік  ұлт  дегеніміз  –  мемлекетті  құрған  негізгі 

этникалық ұлт. ол өз маңайына басқа да этностарды топтастыра 

отырып, бәріне ортақ бір саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, 

әскери-хұқықтық жүйесі бар қоғам құрады. Соның нәтижесінде 

мемлекеттік ұлт тарихи даму барысында біртекті бола бермейтін 

бірнеше  этникалық  ұлттың  бірлігіне  де  айналады.  (Бірақ  соның 

өзінде де әрбір этникалық ұлт өзін сақтайды). Сөйтіп, мемлекеттік 

ұлт  сол  мемлекеттің  негізгі  бөлігі  бола  тұрып,  басқа  этникалық 

ұлттармен бірге өмір сүріп, біртұтас қоғамға өзек болады, соның 

кепілі әрі біріктірушісі және қорғаушысы қызметін атқарады. 

осы  аспектіден  келгенде,  Абай  не  дейді?  Абай  сөздерінен 

байқайтынымыз:  қазақтың  арғы  бабалары  есте  жоқ  ескі  заман-

да,  сонау  түркі-моңғол  тайпаларының  бірлігі  кезінде  этникалық 

ұлт  болып  қалыптасқан  да,  түркі  дәуірінде  мемлекеттік  ұлтқа 

айналған. Бірақ сол мемлекеттік ұлт статусын үнемі сақтап тұра 

алмаған.  Бір  мемлекетті  екінші  мемлекет  басып  алып,  оның 

еркіндігін жоғалтқан сайын ұлт та біресе біреуге тәуелді болып, 

біресе өзінше дербес өмір сүріп отырған. Сөйтіп, қазақтың өз аты-

мен жеке мемлекет құрып, мемлекеттік ұлт болуы Қазақ хандығы 

тұсына дөп келген. Бұл – құба қалмақтың басқыншылығын жо-

йып, қазақ ұлтының шарықтаған шағы. 

Абайдың мына сөзі дәл осы бір кезеңді суреттесе керек:

«…Рас, – деп жазады Абай 39-сөзде, – бұрынғы біздің ата-

бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайлығы, 

тазалығы  төмен  болған.  Бірақ  бұл  замандағылардан  артық  екі 

мінезі бар екен…

…ол екі мінез қайсы десең, әуелі – ол заманда ел басы, топ 

басы деген кісілер болады екен. Көш-қонды болса, дау-жанжалды 

болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман 

өздерінің шаруасымен жүре береді екен. ол ел басы, топ басыла-

ры қалай қылса, қалай бітірсе, халықта оны сынамақ, бірден-бірге 

жүгіргізбек болмайды екен…

Екінші – мінезі намысқорлық. Ат аталып, аруақ шақырылған 

жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салыса-

ды екен…»

1



1

 Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. А., 1995, 2-т., 211-б.



68

Міне,  Абайдың  айтып  отырған  екі  қасиеті  мемлекеттік  ұлт 

болған  жұртқа  тән.  Алғашқысы  –  халық  түгелімен  ел  басына 

бағынған,  яғни  мемлекетті  басқарған  қайраткерге  толық  билік 

берген.  Халық  соны  тыңдаған,  соның  бұйрығын  орындаған. 

Ал,  сол  ел  басының  билігі  топ  басылары  арқылы  жүзеге  асып 

отырған.  Ендеше,  ел  басқарған,  басшы  болған  қайраткер  – 

мемлекеттің  күшті  болуына,  халықты  бірлікте  ұстауға  міндетті 

болған.  Абай  айтқандай,  билікті  қолына  алған  адам  «бұзылмақ 

түгіл,  жетпегеніңді  жетілтемін  деп,  жамандығын  жасырып, 

жақсылығын  асырамын  деп  тырысады  екен…  оның  бір  себебін 

Абай былай түсіндіреді: «оны (ел басын – С.Қ.) зор тұтып, онан 

соң  жақсылары  азбайды  екен».  Бәрі  өз  бауыры,  бәрі  өз  малы 

болған соң, шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын 

жемей  қайтеді?»

1

  Мұның  бәрі  мемлекеттік  ұлтты  сақтау  мен 



күшейтуге бағытталған. 

Абайдың айтып отырған екінші қасиеті – қазақ жеке мемле-

кет болғанда ешкімге намысын жібермеуші еді, елдің бірлігі күшті 

еді. Аруақ шақырып, мемлекетті қорғауға барлық қазақ күш салу-

шы еді, – деген идея.

«…Кәнеки, енді осы екі мінез қайда бар?. 

Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді.

…Бұлардан айырылдық!» – дейді Абай.

2

неге айырылдық? орыстан жеңіліп, мемлекеттен айырылған 



соң,  мемлекеттік  ұлт  та  өз  мәртебесі  мен  сипатынан  ада  болды. 

Абай  тұсында  мемлекеттігіміз  де,  ұлттығымыз  да  тәуелділікке 

түсті. Қазақ өз тағдырын өзі шешуден қалды. Өзгеге бодан болған 

жұрттың  этникалық  ұлт  ретіндегі  мінез-құлқы  да,  іс-әрекеті  де, 

ой-арманы да басқаша болды.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың!

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың…

…Бас-басына би болған өңкей қиқым

Мінеки бұзған жоқ па елдің сыйқын?

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді ырқың.

3

1



 Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. А., 1995, 2-т., 211-б.

2

 Cонда, 211-б.



3

 Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. А., 1995, 1-т., 51-б.



69

«Ырқың  өз  қолыңнан  кетті»  –  дегені  Абайдың  тікелей 

қазақ  мемлекетінің  жойылғанын,  қазақ  енді  дербес  ұлт  ретінде 

жоқ екенін, енді ешнәрсені өз еркімен істей алмайтынын айтып 

отырғаны күмәнсіз.

Өзінің  өмір  сүрген  шағындағы  қазақтың  ұлтсыздануы, 

азып-тозуы,  мінез-құлқының  өзгеруі,  тіпті  бүкіл  болмысының 

адамшылық сипаттан кете бастауы, жұрттың білімнен қашықтап, 

надандыққа ұрынуы – осының бәрі Абайдың тәнін емес, жанын 

ауыртады. Сондықтан да ол осы ащы шындықты барын-барша ай-

тып, елді ширатуға, оятуға, намысына тиіп, қайраттандыруға ты-

рысып, сыншылдыққа, шыншылдыққа толы, өкініші мол өлеңдер 

жазып, қара сөзбен ойланып, күйзелді.

Абайды қатты қинаған ендігі мәселе – қалай қазақты бұрынғы 

мемлекеттік ұлт қалпына келтіру болды. оның жолын іздеді. Сы-

нады, мысқылдады, білімге шақырды, ақыл айтты, күлдірді, ашу-

ландырды… Болмаған соң мынандай ойға келді:

«Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі 

нәрсе керек…

Әуелі – бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек… 

Екінші – ол адам есепсіз бай боларға керек» (41-сөз).

Абайдың  «қазақты  түзеймін»  деп  отырғаны  –  сөз  жоқ, 

ұлттығын қалпына келтіру деген ниет. Әрине, ол үшін қазақтың 

мемлекетін қайта құру керек. Бірақ Абай «қазақты түзету» үшін 

оның мемлекеттігін қайтару қажет деп ашық айтпайды. Әлбетте, 

ол  отарлыққа  қарсы  қару  алып,  күресуге  де  шақырып  отырған 

жоқ. Мұның бірнеше себебі болуы мүмкін. Біріншіден, Абай за-

манында отаршылдық жүйе әлі керегесі сөгілмей, күшейіп тұрған-

ды.  тіпті  отарлыққа  қарсы  қару  алып  күрескен  кейбір  елдердің 

қаншалықты шығынға ұшырап, көшбасшылары жер аударылып, 

азап  шеккенін  Абай  оқып  та,  көріп  те  білген.  Екіншіден,  Абай 

Ресей  империясына  қарсы  қару  алып  күрескен  Кенесары  хан 

мен  оның  сарбаздарының  қандай  тағдырға  ұшырағанын  жақсы 

білгені  күмән  туғызбайды.  Үшіншіден,  отарлықтан  құтылудың 

жолы  тек  қана  қарулы  соғыс  емес,  басқа  да,  яғни,  халықты 

бос  шығынға  ұшыратпай,  оның  білімін  көтеріп,  елді  ғылымға 

жетілдіріп барып іске асыруға болады деп түсінген сияқты. (Бұл 

оның  гуманистік  көзқарасынан  туындаса  керек).  Абайдың  ойы 

–  Ресейдің  құрамында  болып-ақ  (өйткені  бұл  жағдай  сыртқы 

жаугершіліктен аман болу үшін керек еді) халыққа жаппай білім 



70

беру  мен  оны  ғылымға  үйрету  арқылы  қазақты  жаңа  сапаға 

көшіріп,  жаңа  ұлт  деңгейіне  көтеру  болатын.  Сол  себепті  де 

ол  орыс  тілін,  мәдениетін,  өнері  мен  ғылым-білімін  меңгеруге 

шақырды.  тек  сонда  ғана  орыспен  тең  сөйлесіп,  тең  дәрежеге 

жеткен соң, отарлық, құлдық сезімнен арылып, қазақ өзін жаңа 

сипатта көрсете алады деп сенді. Сөйтіп жаңа сапалы әрі саналы 

халық неғұрлым білімді, ғылымды, өнерлі болса, ол соғұрлым биік 

мұратқа  жетеді,  яғни  нағыз  жаңа  ұлтқа  айналады,  ал  мұның  өзі 

түптеп келгенде мемлекетті қайта құруға мүмкіндік туғызады деп 

ойлады. 

дәл осы тұста Абай мемлекетті басқару үшін не қажет екенін, 

оны кім басқару керектігін айта отырып, ол мемлекет құру үшін 

қоғам революциялық жолмен емес, кәдімгі табиғи, эволюциялық 

жолмен  дамуы  тиіс  деген  көзқарас  танытады.  Әрине,  осындай 

табиғи,  эволюциялық  жолмен  даму  заңы  бойынша  мемлекетті 

есепсіз  бай  адам  басқаруға  тиіс.  Және  оның  қолында  бек  зор 

өкімет пен жарлық , яғни күшті билік пен заң, жол-жоба болуы 

шарт. Абайдың есепсіз бай адам басқарсын деуі – мемлекет таза 

болсын,  жемқорлық  пен  сыбайластықтан  алшақ  болсын  дегені. 

Өйткені кедей адам, біріншіден, елді басқара алмайды, екіншіден, 

ол алдымен өзіне байлық жинап, жұртты қанайды әрі жемқорлық 

пен сыбайластықты жайлатады.

Ал, сол ел басының қолында зор өкімет пен жарлық болсын 

деуі  –  мемлекетті  басқарушыға  толық  билік  беру  керек,  оның 

билігін, жарлығын жүзеге асыратын топ басылары, яғни тұрақты 

аппараты,  әскері,  жұртты  бағындыратын  шабармандары  т.б. 

атрибуттары болуы қажет дегені. 

Әрине,  Абайдың  бұл  айтып  отырғаны  –  нарықтық  мемле-

кет  әрі  монархистік  мемлекет.  Біз  Кеңес  өкіметі  тұсында  мо-

нархизм дегенді – ескілікті, заманы өткен, тіпті керітартпалық, 

реакциялық  билік  деп  біржақты,  тек  таптық  тұрғыдан  түсініп 

келдік.  Алайда,  қазіргі  монархиялық  билік  бар  мемлекеттердің 

тәжірибесіне  қарасақ,  монархизм,  өркениетті,  конституциялық 

сипатта  болса,  қоғам  да,  халық  та  өркендеп,  дами  алады  екен. 

Мұны бүгінгі Испания, Швеция, Бельгия, Англия сияқты елдердің 

өмірі көрсетіп отыр. Ендеше, Абайдың елді басқаратын бір кемел 

керек дегені – өмірдің, қоғамның табиғи дамуының заңдылығы 

деп түсіну қажет. Абайдың мына сөздеріне көңіл бөлейікші:


71

…Көп шуылдақ не табар,

Билемесе бір кемел?

Берекелі болса ел –

Жағасы жайлау ол бір көл.

Жапырағы жайқалып,

Бұлғақтайды соқса жел.

Жан-жағынан күркіреп,

Құйып жатса аққан сел…

1

Міне, кемел кісі басқарған елдің жағдайы – идеалды десе де 



болғандай. Кемел адам – ол дара, барлық қабілет-қасиеті бойын-

ша елден ерекше кісі, сондықтан оны Абай «единица» деп атай-

ды. 

…Единица – жақсысы,



Ерген елі бейне нөл.

Единица нөлсіз-ақ,

Өз басындық болар сол.

Единица кеткенде,

не болады өңкей нөл?

2

осылайша  Абай  елге  тұтқа  болған  азаматты  «тұлға-тобыр» 



деген  философиялық  тұрғыда  қарап,  оларды  қарама-қарсы 

қояды  да  елдің  берекелі,  бақытты  болуы  ең  алдымен  басшыға 

байланысты,  содан  кейін  ғана  оның  соңына  ерген  көпшіліктің 

тіршілігі  маңызды  болмақ  деген  пікір  ұсынады.  Сөйтіп,  ол  ел 

басы,  яғни  мемлекетті  басқаратын  адам  ең  әуелі  –  кемеңгер-

тұлға, сонсоң зор билік иесі, үшінші – есепсіз бай болуға тиіс деп 

есептейді. 

Сонымен  Абайдың  ойларынан  бүгінгі  жағдайға  қатысты 

қандай тұжырым жасауға болады?

Біздіңше,  Абай  пікірлеріне  сүйене  әрі  бүгінгі  өмірімізге 

қатысты проблемаларды ескере отырып, шартты түрде болса да 

мынадай  үш  нәрсені  анықтап,  айқындап  алуға  болатын  сияқты. 

Бұлар: ұлт, ұлттық идея және ұлттық мүдде. оларды мүлде бөліп 

тастауға болмайды. олар бір мақсатқа бағытталған біртұтас жүйе. 

Біз оларға тек анықтама беруге ұмтылып отырмыз. 

Біріншісі  –  ұлт.  Біз  қазіргі  кезеңде  мемлекеттігімізді 

қайтарып, мемлекеттік ұлт ретінде қалыптасып жатырмыз. демек, 

1

 Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. А., 1995, 1-т., 116-б.



2

 Сонда, 116-б.



72

біз енді ұлт дегенді тек этникалық, яғни этнос, деген ұғымда ғана 

емес,  мемлекет  деген  мағынада  да  түсініп,  қолдануға  мүмкіндік 

алып  отырмыз.  Егер  халықаралық  терминге  сәйкестендірсек, 

этникалық  ұлт  дегеніміз  –  этнос,  ал  мемлекеттік  ұлт  дегеніміз 

–  нация  деген  ұғымдарды  беретін  сияқты  көрінеді.  Егер  солай 

болса, «ұлттық» («национальный») атты мәртебесі бар мекемелер 

этникалық емес, мемлекеттік деген мағынаны бермек. Мәселен, 

«ұлттық  кітапхана»  деген  –  тек  бір  ғана  ұлттың  кітапханасы 

деген  сөз  емес  қой.  Сол  сияқты  «ұлттық  университет»,  «ұлттық 

институт», «ұлттық академия» дегендер де этникалық мағынаны 

білдірмесе керек. осындағы «ұлттық» деген статусты мекемелер-

ге қазақ халқының қайтадан құрып жатқан мемлекеті беріп отыр 

емес  пе?  Ендеше,  осы  мемлекеттің  негізі  саналатын  қазақ  ұлты 

өзінің этникалық сипатын сақтай отырып, мемлекеттік ұлтқа ай-

налуда деп айтуға болады. 

Екіншісі  –  ұлттық  идея.  осы  идеяны  жүзеге  асыру  –  ора-

сан еңбек пен төзімділікті, ұзақ уақытты талап етеді. тәуелсіздікті 

сақтаудың шарттары көп. олардың ең бастылары, – әрине, Пре-

зидент  н.  назарбаевтың  мейлінше  салиқалы  жүргізіп  жатқан 

сыртқы  және  ішкі  саясаты.  Содан  соң  –  қазақ  халқының  ауыз 

бірлігі мен ұлттық менталитеті (меймандостығы, қанағатшылдығы, 

тәубешілдігі, төзімділігі т.т.). тағы біреуі – елімізді мекендейтін 

басқа  этникалық  ұлттар  өкілдерінің  қазақпен  және  өзара  бір-

бірімен  тату  тұруға  тырысуы.  Әрине,  жіліктеп,  салалап  айтар 

болсақ,  тәуелсіздікті  сақтау  әскери,  хұқықтық,  экономикалық, 

рухани,  мәдени,  әлеуметтік  мәселелердің  дұрыс  та,  әділ,  әрі 

уақтылы  шешіліп  отыруына  байланысты  екені  белгілі.  Біздің 

құрып жатқанымыз – жаңа, республикалық мемлекет. Ал, жалпы 

мемлекетіміз жас емес, оның бірнеше ғасыр тарихы бар. (Қазіргі 

көптеген  республикалар  да  осылай).  Біз  бұрын  жоғалтып  алған 

мемлекеттігімізді қайтарып, жаңғыртып, жаңаша құрудамыз. Бұл 

дегеніміз – ұлтымызды да жаңа дәрежеге көтеріп жатырмыз де-

ген сөз.


Президент н. назарбаев тараз университетіндегі кездесуде 

ұлттық  идея  туралы  қадап  тұрып,  өте  дәл  айтты:  «Біздің  ұлттық 

идеямыз  –  тәуелсіздік,  тәуелсіздікті  сақтап  қалу  және  ұлттың 

дәрежесін көтеру… Ендігі ең қастерлі міндетіміз – тәуелсіздікті 

жариялап  алу  бар  да,  сол  тәуелсіздікті  сақтап,  баянды  ету.  Өз 

мемлекеттілігін,  өз  жер  аумағын  сақтап  қалған  мемлекет  қана 



73

нағыз  мемлекет  болады.  осы  үш  мәселе  төңірегінде  түпкі  идея-

мыз болуы керек».

1

 



  Үшіншісі  –  ұлттық  мүдде.  Бұл  бүгінгі  тіршілік  пен  келе-

шек  өмірдің  қажеттіліктерінен  туындайды.  Сол  себепті  мұнда 

этникалық та, мемлекеттік те мүдде қатар жүреді. Себебі біз енді 

Адамзат өркениетінен қалмауға тиіспіз. оның озық ойлары мен 

жетістіктерін  түгел  игеріп,  пайдалана  білуіміз  керек.  Бұл  үшін 

ең  әуелі  қазақ  ұлтын  жаңа  дәрежеге  көтеру  керек.  Енді  қазақ 

– дала халқы емес, қала ұлты болып, бүтіндей аграрлықтан гөрі 

индустриялық мемлекет құруға міндетті. Қазіргі мемлекетімізде 

осы  бағытта  үлкен  бағдарлама  жасалып,  Президент  те,  Үкімет 

те  елдің  индустриялық-инновациялық  даму  жолына  түсуін 

қатты  қадағалап  отыруы  –  ұлттық  мүддені  көздегендік.  Егер 

бұл  бағдарлама  ойдағыдай  жүзеге  асатын  болса,  Қазақстан  тек 

ауылшаруашылық өнімдері мен шикізат өндіретін ел қатарынан 

шығар  еді.  Соның  нәтижесінде  қазақ  ұлты  мүлде  жаңа  сапаға, 

сипатқа  көшер  еді,  ал  мұның  өзі  мемлекетімізді  индустриялы 

сыртқы  озық  елдермен  бәсекеге  түсе  алатын  өнім  шығарып, 

әлемдік  рынокта  да  өз  орнын  алатын  мемлекетке  айналдырары 

күмәнсіз.

Ендігі  тағы  бір  үлкен  мүдде  –  Қазақстанды  ұлттық  мемле-

кет ету. Бүкіл өркениетті елдер оу-баста ұлттық мемлекет болып 

құрылған және сол этникалық ұлт негізіндегі мемлекет болып да-

мып келе жатыр. (Англия, Германия, Франция, Италия, Бельгия, 

Ресей т.б. алсаңыз да, ішінде қаншама этнос көп болса да, өздерінің 

этникалық ұлт ретіндегі мемлекеттігін сақтауда). Ұлттық сипатта 

құрылған мемлекет тек ерте заманда ғана болған құбылыс емес. 

ХХ  ғасырда  азаттық  алған  Азия  мен  Африкадағы  халықтардың 

көбісі  ұлттық  мемлекет  құрғаны  мәлім.  Екінші  дүниежүзілік 

соғыстан кейін қайта құрылған Израиль мемлекеті де таза ұлттық 

негізде пайда болды емес пе? олай болса, бүгінгі заманда ұлттық 

мемлекет  болмайды  деп  айтуға  болмас.  Мұны  тМд  кеңістігінде 

пайда  болған  мемлекеттердің  тәжірибесінен  де  көруге  болады. 

Ұлттық мемлекет тек бір ғана ұлттан тұрмайды. Әлемде бір ғана 

ұлттан тұратын мемлекет кемде-кем. Әсіресе, үлкен және дамыған 

мемлекеттерде  көптеген  ұлт  өкілдері  тұрады,  бірақ  сол  мемле-

кеттер  ұлттық  мемлекет  болып  саналады.  Рас,  Америка  мен  Ав-

стралия құрлықтарындағы кейбір мемлекеттер мұндай жағдайда 

1

 «Егемен Қазақстан» газеті. 2005 жыл, 26 сәуір.



74

емес. Алайда, ол мемлекеттердің отарлық негізде пайда болғанын 

ескеру керек. Аталған құрлықтардың өз жұртын қырып-жойып, 

шеттен келгендер үстемдік еткені, сөйтіп этникалық ұлтсыз мем-

лекет құрғандары тарихтан аян. 

олар  бұл  мәселеде  бізге  үлгі  бола  қоймас.  Құдайға  шүкір, 

Қазақстанның  байырғы  жұрты  –  қазақ  халқы  «мың  өліп,  мың 

тірілсе де», этникалық ұлт сипатын жоғалтқан жоқ. Қазір мемле-

кет құрып мемлекеттік ұлт ретінде жер-жаһанға танылып жатыр. 

Сондықтан, алдағы басты ұлттық мүддеміздің бірі – Қазақстанды 

ұлттық  мемлекетке  айналдыру.  Бірақ  бұл-бізде  тұратын  басқа 

этностардың мүддесін жоққа шығару емес, керісінше, солармен 

бірлесе, жұптаса отырып істелетін міндет. Ұлттық мүддені жүзеге 

асыру  –  өркениетті,  демократиялық  жолдармен,  келісімді  іс-

шаралар  арқылы  болмақ.  Бұл  істе  мемлекеттік  саясатпен  қатар 

ғылым мен әдебиеттің, өнер мен мәдениеттің де рөлі үлкен. олар 

ұлтқа, ұлттық идеяға, ұлт мүддесіне, қоғамға қызмет етуге тиіс.

Міне, Абайды ұлттық идея тұрғысынан оқығанда туған ойлар 

осылар.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал