«Қазақ әдебиеті» газеті. 2002. 5 қаңтар. 9-б.
377
«БіЗ ұЛТШЫЛДЫҚПеН КүРеСТіК, СеНДеР
ұЛТСЫЗДЫҚПеН КүРеСіҢДеР»
ҚАЛАМгеРДіҢ ОйШЫЛДЫҒЫ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС
XX ғасыр – қазақ әдебиетін әлемге танытып, жоғары
деңгейдегі Еуропа әдебиетімен теңестірген дәуір болды. Ұлттық
көркем ойды осыншама биікке көтерген «Алыптар тобы» деп
аталып кеткен ұлы жазушыларымыз еді. Солардың қатарында
Ғабиден Мұстафин де бар. «Алыптар тобы» тек әдебиеттің өзін
ғана емес, сонымен қатар әдеби сынды, тіпті әдебиеттану ғылымын
да дамытуға зор үлес қосты. Бұл қасиетті Ғабиден Мұстафин бой-
ынан да көреміз. Жазушы арнайы сынмен, я болмаса әдебиеттану
мәселесімен шұғылданбаған. Бірақ өзінің әдебиет пен өнер ту-
ралы толғанысты мақалаларында, өз кезіндегі әдеби процесс
жайындағы баяндамаларында қазақ көркем сөзінің тарихына,
теориясы мен практикасына қатысты тұшымды ой-пікірлер мен
тұжырымдар айтқан. нақтылай түсетін болсақ, әдеби сынның
хал-жайы, жазушының мақсат-міндеті, көркемдіктің талапта-
ры, шығармалардың сапасы сияқты көптеген мәнді мәселелерді
қамтып отырған.
Ғабиден Мұстафиннің мақалалары мен баяндамаларын-
да әдебиеттанудың негізгі-негізгі салалары бойынша айтылған
пікір мен тұжырымдары жазушы өмір сүрген мезгіл үшін ғана
маңызды емес. Әлбетте, Ғабиден де – өз заманының перзенті.
Сол себепті оның сөздері мен жазбаларында сол кездің рухы,
дәуір тынысы анық сезіледі. Компартияның идеологиялық,
таптық ұстанымдары тұрғысынан берілген бағалар, айтылған
ойлар баршылық. Соған қарамастан, Ғабиден ағаның жалпы
әдебиет туралы, жазушы шығармашылығы жөнінде, шеберлік
пен эстетикалық талғам жайында айтқан тұжырымдары әлі күнге
дейін маңызын жоймаған.
Біздің бұл түйінімізді Ғабекеңнің өзі де растайды. ол былай
дейді.
«ойсыз күнім болмады. Әр кезде әр қилы ой келді. Көре келе,
жүре келе, уақыт, жағдай өзгерген сайын ой да өзгере берді...
Кезінде келген ойларымды өзгертпей, бүгінгі күннің әуеніне
салмай, сол күйінде әдейі жібердім. Өйткені, өткеннің дұрысын
да, бұрысын да өзгертпей айтсақ, соған қарап келешекке бол-
жау айтуға болады. оның бер жағында автордың қай кезде, қай
әуенде болғаны байқалады».
378
Міне, Ғабиден аға өзін бір жағынан ғалым ретінде танытып
отыр. Қай нәрсе болса да, әсіресе, әдебиет пен өнер туындысы,
немесе сол туралы зерттеу болса да, өз кезіндегі түрінде жария-
лануы керек. Өйткені ол шығарма, яки зерттеу – сол уақыттың
мәдени ескерткіші, оны өңдеп, жөндеуге болмайды. демек,
Ғабекең ғылыми принципті ұстанып отыр.
Әдебиеттанудың бірнеше саласы бар екені белгілі: әдебиет
тарихы, әдебиет теориясы және әдеби сын. Ғабиден Мұстафин
еңбектерінде осы үшеуіне қатысты пікір мен ойлар аз емес. Ең
алдымен, әдебиеттің өзі туралы не айтады Ғабекең?
«Әдебиеттің түпкі мақсаты – адам жанын тәрбиелеу, –
дейді Ғабиден аға: – Меніңше, әдебиет – өмір айнасы. Өмірдегі
орасан оқиғаларды көрсете алмаса, оның несі айна?... Әдебиет
пен көркем өнер – адамның рухани қорегі... Әдебиет пен көркем
өнер экономиканың әрдайым қосшысы емес, кейде басшысы да
боп кетеді... Әдебиет ой мен тілдің жиынтығы... Көркем әдебиет
адамдар жайында және адамдар үшін. Адам неғұрлым айқын
көрінсе, шығарма соғұрлым айқын...
Әдебиет жазушының ғана мүлкі емес, халық мүлкі... Әдебиет
сөзбен жасалады... Әдебиет өмір туындысы бола тұра, сол өмірдің
өзіне, оны жасаушылардың ақыл, сезіміне ықпал етеді...»
Әдебиетке берілген осы анықтамалардан Ғабиден Мұста-
финнің әдебиетті не деп түсінетінін, оны қалай бағалайтынын
байқауға болады. Ғабекең айтып тұрған «адам жанын тәрбиелеу»
деген сөз тек тәрбиелік мәнде емес, кең мағынада түсінілуге тиіс.
Өйткені мұнда адамды тәрбиелеу емес, оның жанын тазарту,
санасын жетілдіру, ойын өрістету туралы сөз болып отыр. яғни
Ғабиден аға әдебиеттің эстетикалық және эмоциялық қасиеттерін
алға қойып отыр. Сондықтан да ол «әдебиет пен көркемөнер –
адамның рухани қорегі» – дейді. Сол себепті де Мұстафин адам-
ды бірінші кезекке қояды. Бәрі адам үшін істеледі. Әдебиет ең ал-
дымен адамдар жайын суреттеу керек, оның ішкі жан дүниесін,
сыртқы әлеммен қатынасын көрсетуі тиіс. Сонда ғана ол ғұмырлы,
сапалы болмақ, Адамды суреттеп, адам үшін жасалатын әдебиет
әрдайым қоғамға қызмет етеді, демек ол бір партияға, я болмаса
бір тапқа, немесе ресми билік басындағы өкіметке, үкіметке, жеке
басшыға қызмет етуді мақсат тұтпайды. осыдан барып, әдебиет
пен өнердің өздерінің ішкі заңдылықтары болатынын дөп баса-
ды. Екінші сөзбен айтқанда, әдебиет пен өнердің дамуы ылғи да
379
экономикамен байланысты бола бермейтіні анық аңғарылған.
Расында да, тарихтан белгілі: кей замандарда әдебиет пен өнер
қоғамдық, әлеуметтік жағдайдан озып, қоғамға болашақты сілтей
алады. озық ойлы, шынайы көркем әдебиет «өмірдін өзіне, оны
жасаушылардың ақыл, сезіміне ықпал етеді» де, адамның, мінез-
құлқын, болмыстың сипатын өзгертуге әсер ете алады.
Ғабиден Мұстафиннің «әдебиет – жазушының ғана мүлкі
емес, халық мүлкі» деген сөзі, бұрынғы үрдіспен қарасақ, еш
күмәнсіз, дау туғызбайтын аксиома. Ал осы пікірге басқа қыры-
нан, әдебиеттану тұрғысынан келсек, мұнда өте қызық, бүгінде
теориялық мәні бар, актуальді проблема көрінеді. ол – жазу-
шы шығармасының объективті өмірі туралы проблема. тегінде,
шығарма жазылып, жарыққа шыққан соң, ол енді жазушының
еркінен тыс ғұмыр кешеді. осы ғұмырда үш түрлі процесс қатар
жүреді десе де болады: автор – мәтін – оқырман. осы үшеуі – үш
түрлі көркем әлем жасайды. олар – автордың өз әлемі, мәтіннің
объективті әлемі – оқырманның әлемі. Автор жазып отырғанда
өз әлемін жасайды, бірақ ол текстке айналғанда, оқырманға жет-
кенше жеке, өзінше әлем болып жатады. Шығарманы оқыған
адам автор әлемінен бөлек, өз қабілеті мен алған әсеріне байла-
нысты басқа әлем жасайды. Әрине, бұл жерде шығарманың автор
уақытынан кейін де көп заман өмір сүретінін айтпасқа болмайды.
осыған байланысты дәуір талабына сай әр ұрпақ ол шығарманы
өзінше оқып, өз әлемін жасайды. Міне, осылай әдебиет – халық
мүлкіне айналады.
Әдебиет туралы сөз еткенде Ғабиден ағамыз жазушының
міндет-мақсатына және оның шығармасының көркемдігіне
қатысты мәселеге қатты көңіл бөледі. Бұлар да – әдебиеттанудың
өзекті проблемалары екені белгілі.
Алдымен жазушы туралы ойларына тоқталайық.
«Жазушы еңбегі – қиын, жауапты, ең ардақты еңбек – дейді
Ғабиден Мұстафин... – Жазушы қандай әділ, қандай салқын
қанды болам десе де, әлеуметтік тартыстың бір жағына бүйірі
бұрмай, қаны қызбай тұрмайды. Бүйірі бұрған жақты әсірелей
жазады...
...Жазушы – адам жанының инженері болса, оны елемеуге
болмайды...
...Жазушы әрбір жаңа шығармасында проблемалық мәселе
қою керек. Бұрын не айттым, кімді көрсеттім, енді не айтам, кімді
380
көрсетем, қалай көрсетем? – деген сұрақты шешіп алмайынша
шиырдан шыға алмайды...
...Жазушы фотограф емес. Көргенін көрген, білгенін білген
қалпында жаза салған, өзінің творчестволық елегінен өткізбеген
жазушы нағыз жазушы емес. Өмір шындығын әдебиет шынды-
ғына айналдыру жолында талай өткелдер жатыр. тақырып,
фактілер қандай қызықты болғанмен, жазушы үшін материал
ғана. Жақсы материалды олақ қол қор етеді, шебер қол жөндем
материалдан бірдеңе шығарады.
...Жазушы творчестволық еңбек үстінде отырғанда, кең
дүниені қиялымен шолып, тіл теңізінің түбінен сөз меруертін
тереді...
...Жазушы жазбастан бұрын материал іздейді. Өмірде ма-
териал өте көп, бірақ бәрі бірдей жарамды емес. осы материал
тануға келгенде талай жазушы шатасқан, әлі де шатасушылар та-
былады...
...Бірсыпыра жазушылар, сыншылар обобщениеге келгенде
шатасып жүр.
...нағыз жазушы халықтан үйрене отырып, халықтың өзін
азын-аулақ үйретіп те қояды...».
Міне, Ғабиден ағамыз әдебиетті жасаушы негізгі тұлға –
жазушы қандай болуға тиіс, ол нені, қалай жазуы керек деген
мәселелерге айрықша көңіл бөлген. Жазушы лабораториясының
құпиясын да аша түскен. Жазушының өмірге, өзі суреттеп
отырған шындыққа қатынасы, өзіне деген талап-тілегі сияқты
зерттеушілеріміз көп бара бермейтін жәйттерді де біршама
сөз қылады. Әсіресе, ол кісінің жазушы өзі көрсетіп отырған
шындыққа немқұрайды қарай алмайды, оның бүйірі бір жағына
бұрып тұрады деген ойлары әдебиет теориясының кейбір
қағидаларына сыймайды. Бұл пікір эпикалық дүние шындықты
обьективті түрде суреттейді деген теориялық тұжырымды
қоштамайды. Қазір біздің кезімізде де бұл тезиске дау айтылып
жүр. оның жөні де бар. Қай шығарма болса да, мейлі ол роман, по-
весть, мейлі пьеса, поэма болсын, автордың ой елегінен өтіп қана
қоймайды, ол жазушының өз ой-өрісін, мақсат-мүддесін, оның
симпатиясын бойына сіңіріп, субьективті тұрғыда жазылады. де-
мек, бұрынғы тезис даусыз емес. Рас, шығармадағы субьективтік
ашық емес, обьективті формада көрінеді.
381
Біздің бұл ойымызды Ғабекеңнің мына сөзі де құптайды.
«Жазушы – фотограф емес» – дейді ол кісі. Иә, фотограф
обьективке не түседі, соны шығарады, ол салқын қанды, оған су-
рет жақсы шықса болғаны, өз тарапынан оған ештеңе қоспайды,
қосатын құлқы да жоқ. Ал, жазушы болса, материалды құр жи-
нап, соны тізіп жаза бермейді. ол фактілерді іріктейді, орнын
ауыстырады, әрлейді, өз жанынан қосады, айтайын деген ой-
пікірін енгізеді, кейіпкерді қалауы бойынша сомдайды. Енде-
ше, жазушы әдебиетті, өмірді обективті түрінде, сол қалпында
бейнелемейді. Ғабиден аға айтқандай, өмір шындығы мен әдебиет
шындығы бірдей емес, ол екеуінің арасында ұзақ жол бар, неше
түрлі өткелдер бар.
Қаламгердің жазушыларға қойған мына бір талабы да ерек-
ше. «Жазушы, – дейді Ғабекең, – әрбір жаңа шығармасында
проблемалық мәселе қою керек. Бұрын не айттым, кімді
көрсеттім, енді не айтам, кімді көрсетем, қалай көрсетем де-
ген сұрақты шешіп алмайынша шиырдан шыға алмайды». осы
сөздерде үлкен мән жатыр. Біріншіден, жазушы өзіне, өз твор-
чествосына үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Екіншіден,
жазушы өзін-өзі қайталамау керек. тақырып болсын, образ бол-
сын, – бәрі сонылық қасиетке ие болуға тиіс. Үшіншіден, жазу-
шы шығарма жазуға үлкен дайындықпен, айқын мақсатпен келуі
қажет. төртіншіден, жазушы үнемі ізденіс үстінде, үйренуде, оқу
мен тоқуда болуы керек. осылардың бәрі – ең маңызды, жазу-
шыны жазушы ететін, мәселеге тіреледі. ол – «қалай көрсетем»
деген сауал. Гәп осында. нені жазу маңызды, бірақ қалай жазу
одан да гөрі маңызды. Қалай жазу, қалай көрсету деген үлкен
шеберлікті, биік эстетикалық талғамды, білім мен біліктілікті, бай
сөздік қорын, ең бастысы, нағыз талантты кажет етеді. «Қалай
жазу, қалай көрсету, қалай суреттеу» – бүгін де күн тәртібінде
тұрған актуальді мәселе. ол тек жоғары сапалы көркем өнерге
тән қасиет.
осы айтылғандардан енді көркем шығарма проблемасы
туындайды. Ғабиден ағамыз бұл мәселеден де сырт қалмаған.
Ғабекеңді тыңдап көрелік.
«Жақсы шығарма оқушыға эстетикалық ләззат берумен
қатар, білімді де береді, өмір тануға жәрдем етеді...
...оқушы қай жанрдағы шығармадан болса да халықтың ісін,
ойын, сезімін көргісі келеді...
382
...Көркем шығарманың қай қайсысында болса да автор
оқушыға өз ықпалын жүргізуге тырысып отырады. Өзінің жақсы
дегенін жақсы, жаман дегенін жаман көрсеткісі келеді. Бұл үшін
шығарма алдымен ұғымды болуы шарт...
...Шығармада барлығы тіл арқылы беріледі, тілмен жасала-
ды...
...Шығарманың нанымды болуы – бірінші шарт. Алтынмен
аптап, күміспен күптесең де нанымсыз шығарма ұзақ өмір сүре
алмайды.
...таптық қоғамда қандай данышпан болсын тап тілегінен
тысқары еш уақытта ешбір шығарма бермеген...
...Шығарманың маңызы көлемінде емес, мазмұнында,
құндылығында...
...Шығарманы көлемі шешпейді, салмағы шешеді...»
Пайымдап қарасақ, Ғабиден Мұстафин қазіргі таңда да
актуальді болып отырған проблемаларды қамтыған. Ең әуелі ай-
татын нәрсе сол – Ғабекең шығарма бірінші кезекте оқырманга
эстетикалық ләззат беруге тиіс екенін айтады. яғни әңгіме
бүл жерде көркем әдебиеттің табиғи, өзіне тән функциясы –
эстетикалық екенін тап басып көрсетуі. Содан кейін жақсы
шығарма танымдық қызмет атқаратыны ескертіледі. демек,
шығарма (әдебиет) көпфункциялы, көпқырлы дүние екені айты-
лады. Соның бірі –идеологиялық функция болатыны да сөз бола-
ды, ол автордың шығарманың оқырманға ықпал жасауы арқылы
жүзеге асады. осы тұста Ғабекең маңызды мәселені көтереді. ол
– шығарманың ұғымды болуы. Айтылмыш шарт совет тұсындағы
советтік әдебиеттануда, өнертануда кез келген туындыға
қойылатын. Алайда, бүгінгі шақта бұл шарттың біржақты екені
анықталып отыр. Қоғам өзгеріп, эстетикалық, мәдени либерализм
орныққан шақта әдебиет пен өнердің өзі де, олардың мақсат-
міндеті де, қызметі де өзгерді, бұрынғыдан әлдеқайда кеңейді.
Қазіргі көркем өнердің даму барысы, оның сипаты шығарманы
басқаша бағалауды, өзгеше ұстанымдарды қажет етуде. Ендігі
жерде әдебиетті, өнерді, шығарманы бағалағанда олардың
ұғымды, түсінікті болуы аздық етеді. Мұнымен қатар қазір
әдебиетті, өнерді, шығарманы түсіне, ұға білу керек деген шарт
алға тартылуда. Бұл шартты, әсіресе, көркем өнердің дәстүрлі
түрлерінен гөрі жаңа формалары (авангард, сюрреализм, постмо-
дернизм, т.т.) талап етуде. оларды түсіне білу, ұға білу – басты
шарт болып саналады.
383
Ғабиден ағаның тағы бір тұжырымына көңіл бөлейік. ол
кісі былай дейді: «таптық қоғамда қандай данышпан болсын, тап
тілегінен тысқары ешуақытта ешбір шығарма бермеген».
Былай қарағанда, Компартияның таптық идеологиясына сай
айтылған секілді. Бірақ байыбына барсақ, терең ойды көреміз.
Соңғы 10 жыл ішінде тапсыз қоғам болмайтынына көзіміз жет-
кендей. Басқа жұртты былай қояйық. Өз елімізде қалыптасып
жатқан жаңа таптық қоғамды көріп отырмыз. Анау-мынау десек
те, қазір бізде өз буржуазиямыз, орта тап, кедей тап бар екені
белгілі. олардың айырмашылығы тек қана әлеуметтік жағдайында
емес. олардың айырмашылығы саясатта да, мәдениетте де айқын
көрінеді. олай болса, бірте-бірте әрбір тап өзінің мәдениетін (суб-
культура), өзінің әдебиетін, өнерін жасайтыны күмәнсіз, тіпті жа-
сап та жатыр. Буржуазия үшін, дәстүрлі ұлттық мәдениет қораш
көрінеді, олар «жоғары өнерді» тамашалағысы келеді. Сондықтан
олар «Миллениум» сияқты шетелдік шоуларды, Батыстың өнерін
қызықтағанды жөн көреді. Келешекте олар жазушыларды, ком-
позиторларды, т.б. өнер қайраткерлерін жалдап, өздеріне қажетті
шығармалар жаздыртады. Міне, сол жазушылар буржуазия
тілегін орындап, басқа шығарма бермейді.
Жалғыз буржуазия емес, басқа таптар да өз әдебиеті мен
мәдениетін жасайтыны күдік туғызбайды. Себебі, өмірде эко-
номика қандай көп түрлі (многоукладный) болса, мәдениет те
алуан түрлі болмақ. Ғабиден Мұстафиннің сөзі біздің дәуір үшін
де актуальді екенін осыдан-ақ көруге болады.
Ендігі бір назар аударатын жағдай – Ғабиден Мұстафиннің
таза әдебиет теориясының мәселелеріне қатысты ой-пікір
айтқаны. Мәселен, әдебиеттегі жанрлар, түр мен мазмұн бірлігі,
сюжетика мен поэтика, тақырып пен идея, тартыс пен образ, ро-
мантизм мен реализм т.б. Бұлардың әрқайсысына бір мақалада
тоқталып жату мүмкін емес. олар – арнайы зерттеуді қажет
етеді. тек образ бен тип, типичность деген проблемалар бойын-
ша айткан Ғабекең ойларын таразылап көрелік. Ғабекеңе сөз
берелік.
«...Әдебиетте, драматургияда көрсететініміз адам дедік.
Адамның іші-сыртын қамтымай, толық көрсете алмаймыз...
...Адамды алуан-алуан түрде көрсету – шығарманың ең
үлкен қасиеті. Адамдар неғұрлым біріне бірі ұқсамаса, соғұрлым
пьеса түрлене, қызықтыра түседі... Шындықта бір қалыпта қатып
қалған адам жоқ. Бір адамның өзі де өмір бойы өзгеріп отырады.
384
...Бірсыпыра жазушылар, сыншылар обобщениеге келгенде
шатасып жатыр. Аңқау сыншы тың жоспары артығымен орын-
далады, көпшілік жақсы істеді дейді де, әдебиетте жаман істеуші
кездессе, бұл типичный емес деп дауласады...
...Гәп обобщение жасай білуде. Жасай білсең, аздың өзі ти-
пичный...
...обобщение жасау үшін оның көп болуы шарт емес.
...Сатира, типичность жайында партия ғылымдық айқын
түсінік берді...»
Ғабиден аға осы жерде ресми қабылданған «типичность»
ұғымын партиялық түсінікте айтқан тәрізді болып көрінеді. Ал,
егер адамның бейнеленуі туралы айтқандарына көңіл бөлсек,
онда партияның «типичный» деген ұғымына қарсы ойларды
аңғару қиын емес. Мысалы, адамдар бір-біріне ұқсамай, өзгеру
үстінде көрсетілуі керек деген пікірі – дамыған көркем әдебиетте
кездесетін ерекшелік. тегінде, тип деген көркем әдебиетке емес
фольклорға тән нәрсе. Кезінде өмірді революциялық жолмен
өзгертеміз деген Энгельс сияқты, кейін Ресейдің Белинский
бастаған революцияшыл демократтары өз идеологиясы үшін
«тип, типтік жағдай» деген секілді ұғымдарды әдебиетке, өнерге
таңған болатын, олардың бұл бастамасын большевиктер, кейін
Компартия жалғастырып, әдебиет пен өнерге қолданды. оның
үстіне М.Горькийдің орыс фольклорындағы батырлар – халық
армандаған баһадүрдің типтері деген сөзі де әдебиет пен өнерді
бағалауда негізге алынды. Ақиқатына жүгінсек, фольклор мен
әдебиет – көркем сөздің екі түрі, әрқайсысының өзіндік көркем
жүйесі мен әдісі бар, фольклорда типтендіру мен дәріптеу – ба-
сты шарт болса, әдебиетте, керісінше, – дараландыру болып
есептеледі. Әдебиетте әр автор, оның шығармасы, әр кейіпкері –
дараланған, қайталанбас құбылыстар. демек, Компартия идеоло-
гиясы қалыптастырған әдебиеттегі типтік бейне, типтік жағдай,
типтендіру деген ұғымдар қайта қаралуы керек. олар әдебиеттің
өз табиғатына, заңдылығына қайшы. Міне, Ғабиден Мұстафин
мұрасынан алатын тағылымның тағы бір парасы – осы!
«Егемен Қазақстан» газеті. 2002. 3 желтоқсан. 4-б.
385
АБЗАЛ АҒА
Телефон шыр ете қалды.
– Алло! – дедім, сол жақта тұрған телефонның трубкасын
құлағыма тосып.
– Большевистский привет! – деген кең дауыс шықты
аржақтан. – Мен – Аймұхамет Мансұровпын, құтты болсын
орның! – деді ол кісі.
– Рахмет, аға!
– Халің қалай? Мен біраздан соң саған кіріп шығам.
– Жарайды.
Мен трубканы орнына қойып, ол кісімен қалай танысқа-
нымды есіме түсірдім…
1969 жыл. Бүкіл Совет Одағы В.И. Лениннің 100 жылдығына
қызу дайындалып жатыр. Академия да осы қамның үстінде. Жер-
жерге ғалымдарды топ-топ қылып, лекция оқуға аттандырып
жатты. Біздің М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инсти-
туты да көп шараны жоспарлаған. Соның бірі – Республикалық
ақындар айтысын өткізу. (Соңғы айтыс 1961 жылы болған-ды).
Фольклор бөлімінің қызметкерлері түгел дерлік облыстарға кетті.
Мен Омбы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарын аралап,
айтысқа қатыса алады-ау деген ақындармен жүздесіп, оларға күзгі
айтысқа әзір болу керектігін, арнайы шақыратынымызды айтып,
Алматыға оралдым. Қызу дайындық жұмысына кірісіп кеттік.
Межелеген мезгіл де жетіп, әр облыстан ақындар келіп, айтыс
та басталып кетті. Конференция да аяқталуға жақын. Айтыстың
екінші күні Институт директоры Мүсілім Базарбаев шақырып
жатыр деген соң, қабылдау бөлмесіне келдім. Институттың
ғалым хатшысы Бисенғали Наурызбаев пен біздің бөлімнің кіші
ғылыми қызметкері Әділғазы Рахымжанов отыр екен. Үшеуімізді
өз бөлмесіне шақырды да, директор:
– Сіздер қазір Ұзынағашқа барыңыздар. Жамбыл ауданының
бірінші хатшысына жолығып, ертең мына айтысқа қатысып
жүрген ақындарды, конференцияға қатысқан қонақтарды, баян-
дамашыларды қабылдар ма екен және оларға бір дастархан жая-
тын жағдайы бар ма екен, соны біліп-шешіп келіңіздер, – деді.
Біз Ұзынағашқа келіп, аудандық партия комитетінің үйіне
кірдік. Бірінші хатшының бөлмесі екінші қабатта екен. Үстіне
көтерілдік. Абырой болғанда, ол кісі орнында екен. Секре-
386
тарь қызға Алматыдан келгенімізді айтып, бірінші хатшының
қабылдауын өтіндік. Қыз ішкі бөлмеге еніп кетті де, көп ұзамай
қайта шықты.
– Кіріңіздер, – деді.
– Сәлеметсіз бе? – деп, біз бірінші хатшының бөлмесіне
кірдік.
орташа көлемді, кілем дорожка төселген бөлме. нақ төрде
бірінші хатшының үстелі. Сол жақта шкафтар. Ішінде кітаптар,
қағаздар. оң жақтағы терезелерден күн түсіп, бөлме ішін
жарқыратып тұр. Ұзын екі-үш үстел, екі жағында орындықтар.
– Келіңіздер, келіңіздер! – деп бізді бірінші хатшы орнынан
тұрып, үстелді айнала өтіп, жылы шыраймен қолын созды.
Біз кезекпе-кезек ол кісінің қолын алдық. Өзі орта бойлыдан
биіктеу, толықша келген, маңдайы жазық, иықты, басы үлкен,
ақжарқын кісі екен.
– отырыңыздар! – деп бізге терезелерді бойлаған ұзын
үстелді нұсқады.
Біз екі бөлініп отырдық. ол кісі үстел басында, ортамызда
отыр.
– Иә, қандай шаруамен келдіңіздер? Байқаймын, үш бірдей
кісі – целая делегация болып келгендеріңе қарағанда, жай шаруа
емес-ау!
– дұрыс айтасыз, – деді Бисекең. Біз М.о. Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтынан едік. Мен ғалым хатшы-
мын, аты-жөнім Бисенғали наурызбаев. Ал, мына екі жігіт –
Институттың ғылыми қызметкерлері – Әділғазы Рахымжанов,
Сейіт Қасқабасов.
– Жақсы екен. Мен – Аймұхамет Мансұровпын…
– Білеміз, білеміз…
– Мына Әділғазыны бұрыннан танимын. Ал, мына жігіттің
фамилиясы маған таныс сияқты. Қасқабасов деген есте қалатын
фамилия ғой. Әкең қайдан? – деді маған қарап.
– Әкем Семейдікі еді, Абыралы-Абай жақтан. Соғыста мерт
болған, – дедім.
– Ә, иманды болсын. Бәсе, бұрын кездескен фамилия
сияқты.
Сонан соң Бисекеңе қарап:
– Иә, қандай шаруа? – деді.
– Біздің Институт лениннің 100 жылдығына арнап конферен-
387
ция өткізіп, соған байланысты ақындар айтысын ұйымдастырған
еді. Барлық облыстан келді, Қырғызстаннан да бар. Москвадан
қонақтар келген. Ертең бітеді конференция да, айтыс та. Ин-
ститут басшылығы Сізге өтініш жолдап отыр. осы ақындар мен
ғалымдарға бір ілтипат жасап, дастархан жаюға мүмкіндіктеріңіз
бар ма? осы Ұзынағаштың бір асханасы болса да жарайды, –
деді Бисекең жай, сабырмен сөйлеп.
– Мүмкіндік болады. неге болмасын?! Қанша адам? – деді
Айекең.
– Жүз – жүз жиырма кісідей.
– Біз оларды Жамбыл колхозында қабылдайық. Рас, әрбір
келген қонақтарды біз ылғи осы колхозға апарып, ығыр қылдық.
Өздері де шаршады, жағдайлары да онша емес.
– Колхозға ауыр болса, осы Ұзынағашта-ақ өткізуге болар,
– деді Бисекең.
– Жоқ, олай болмайды. Өзі Республикалық айтыс болса.
Ақындар Жәкеңнің басына барып, музейін көріп, бір жасап
қалсын! – деді де Айекең телефон шалды біреуге. Аржақтан
«колхозға біраз шығын болады ғой», – деген сөз естілді.
– Слушай, сен өйтіп айтпа! Мен білмейді деймісің?! Жүз
жиырма кісінің тамағына кеткен ақша бір бухгалтердің жеге-
нінен көп болмас! Көп сөзді қой да, ертең қонақты қабылдауға
дайындал! Сағат нешеге келесіздер? – деді бізге қарап.
– Сағат 2-3-терге қарай жетерміз.
– Ертең сағат 3-ке бәрін даярла! все! – деп Айекең трубка-
ны орнына қойды.
Біз риза болып, рахмет айтып, орнымыздан тұрдық.
– Сенің шешең бар ма? – деді маған қарап.
– Бар, қолымда тұрады.
– Ә, жақсы екен. Хабарласып тұрарсың.
Көңіліміз өсіп, қалаға қайттық. Келген бойда директорға
кіріп, мәселе шешілгенін айттық…
Содан бері 19 жыл өтіпті. Жас болған соң ба, Айекеңе әдейі
баруға батылым жетпеді. тек Рымғалидың үлкен ұлы Ардақтың
үйленген тойында көріп, сәлем бердім. «Үйдегі келініңіз», – деп
әйелімді таныстырдым, бірақ сөйлесе алғамыз жоқ…
Енді, міне, аға өзі келем деп хабарласып отыр…
Айтқанындай, 15 минуттан соң өзі келді. Сол баяғы Айекең,
бетінде, маңдайында сәл әжім көбейген.
388
– Ассалаумағалейкум, аға! – дедім, орнымнан тұрып, қарсы
жүрдім, екі қолымды созып.
– Сәлеметсің бе? – деді, қолымды алып.
Екеуміз қарсы отырдық.
– Ал, қызметің құтты болсын! ЦК-ға келу деген – үлкен
абырой. Партия жұмысы – өте жауапты. Естідім, сені Өзбекәлі
шақырыпты. ол өте мықты жігіт, анау-мынауды шақырмайды.
талабынан шығуға тырыс. Саған әдебиет пен өнер саласын тап-
сырыпты ғой. Өте қиын қауым – бұлар, жазушылар мен арти-
стер. тек турасын айтып, әділ бол, сонда ғана сенің сөзің өтімді,
ісің ұтымды болады. Шешең аман ғой! Ал, мен кеттім. Хабарла-
сып тұрам, – деп, қоштасып, шығып кетті.
Шынында да, Айекең ылғи телефон соғып тұрды. Бірақ қайта
кездесе алмадық.
Достарыңызбен бөлісу: |