Ғылыми жоба тақырыбы: Қазақ батырлар жырындағЫ Әулие-әнбиелер бейнесі мазмұНЫ: Кіріспе



бет10/13
Дата08.11.2022
өлшемі75,49 Kb.
#48431
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Ғайып ерен қырық шілтен – арабтың, көне түркінің және парсының үш сөзінен құралған ғажап тіркес. Арабтың «ғайыбы» – «жоқ болып кету», «көзден тасалану», «құдайлық іс» деген мағыналарда жұмсалады. Көне түркі тіліндегі «ерен» атауы қазіргі қазақ тілінде – «ер». «Шілтен» парсы тілінде «Қырық тән немесе қырық дене» деген ұғым береді. Сонда «ғайып» бір рет, «Қырық ер» екі рет қайталанып тұр. Ғайып ерен қырық шілтеннің тікелей өмірге келуіне әл-Фарабидің тетелес замандасы, арабтың аса көрнекті ғұламасы Әл-Ғазали себепші болған деседі.
Ғайып ерен - мұсылмандар арасында сопылық ілім ықпалымен тараған түсінік бойынша, ерекше қасиеттерге қол жеткізген әулиелер. Қазақ фольклорының кейіпкерлері әдетте Құдаймен қоса «Ғайып ерен, қырық шілтен», «Ғаусыл-ғиас», т.б. әулие-пірлерді рухани көмекке шақырады. Мысалы, «Алпамыс батыр» эпосында әулиелердің кереметі «Сол уақытта батырға, Атса мылтық өтпеді, Шапса қылыш кеспеді, Ғайып ерен қырық шілтен, Қолтықтан сүйеп демеді» - деп жырланады. Кей жерде бұл ұғымда «Қыдыр ата» атауымен айтып жатады. Қыдыр ата да Ғайып еренге, оның ішіндегі қырық шілтенге жатады. Қазақта «қырықтың бірі – Қыдыр» деген сөз бар. Қыдыр - қырық шілтенді басқаратын кейіпкер болуы да мүмкін. Жырдағы әулие-әнбиелердің бейнесін сомдайтын шумақтарын ғана алып отырмыз. Өйткені ғылыми-зерттеу еңбегіміздің басты мақсат-міндеті де осында болып тұр.
Жад қылып жалғыз Жаппарды,
Баланың жанын сұрайды.
«Жеттім, - деп, - жалғыз түбіңе,
Сұлулықтан таптым», - деп [41, 92].
Бұл үзіндіде Алпамыс батыр «Уа, Жаратушы Жаппар ием – Хақ Тағала!» деп Алла Тағаладан медет тілеп тұр. Яғни, қолдаушым – Алла Тағала, - деп құдайдан ғана көмек келетініне сенеді.
Бұл жерде жауы Қараманды жеңу үшін Алла Тағаладан қолдау күтеді. Әулие-әнбиелерге сыйынады, аруақтарға тәу етеді. Батырлар жырында «Уа, аруақ, қолдай көр» деген тіркестер көп кездеседі. Батырлар жырынан аңғаратынымыз олар өздерінің рухын көтеру үшін арқалы сөздерді көп қолданған.
Ала алмасаң кегімді,
Пенде боп сонда қал, - деді.
Шаһимардан жар болса, [41, 102]
- деп аяқтайды. Жырдағы Шаһимардан - Ерлік падишасы, Хазірет Әли халифаның лақап есімдерінің бірі. Әрі қарай жырдағы әулие-әнбиелер көрінісі былай жалғасады.
Адам ата, Хауа ана
Жаралдың әуел нұрменен, [41,116]
Бұл жерде Алпамыс «Адам ата, Хауа ана, Жаралдың әуел нұрменен» деген жолдарды түсіндіру үшін ертеден келе жатқан халық ауыз әдебиетіндегі мына аңыз еске түседі. «Құдай Тағала Адам атаны әуелі топырақтан жаратып, оған өзінің нұрын үрлеп тірілтті. Хауа анамызды сол Адам атаның қабырғасынан оған да нұрдан үлес беріп жатты», - деп. Ал қап, син, нон деген сөздердің түсіндірмесіне келер болсақ, бұлар – аршыға жазылған Адам ата мен Хауа ананың есімдерін таңбалаған араб әріптері (қап – кәф, син –сын, нон - нун), - ал аршы –Алла Тағаланың ең ұлық, ең жоғарғы сатысы, [44,112] - деп профессор Б.Сағындықұлы дәлел келтіреді.
Ау деген Аллаға пәндә.
Самарқанда Шаһизинда,
Су егесі Сүлеймен,
Сіздерден мәдет тілеймін [41, 173].
Самарқанда Шаһизинда деп отырғаны – бұл да мифтік танымнан туындаған періште бейнесі.
Жырдағы Су егесі – Сүлейменге тоқталайық. Қазақ халқында үйге қонақ келгенде жас баланың қолына құман беріп, мойнына сүлгі асып, ас ішердің алдында қонақтардың қолына су құйғызатын дәстүр бар. Аңыз бойынша бұл дәстүр Сүлеймен пайғамбардан қалған деседі.
Әнбие мен әулие
Естісем елден хабарын.
Жырдың өн бойында әулие мен әнбиеге байланысты сөз тіркестері өте көп. Мысалы, жырдың басы әулие-әнбиеге түнеу, олардың аян беруі, әулие-әнбиелердің үнемі батырды қолдап-қорғап жүруі, рух беруі, ажалдан алып қалуы, т.б. көптеген діни наным-түсініктер көп. Жырдағы «Әулие-әнбие» - діни – барлық қасиетті аруақтар деп айта аламыз.
Бұдан шығатын қорытынды жырдағы барлық қасиетті, аруақты адамдардың барлығына «әулие-әнбие» деген атау бергеніміз орынды. Жырдың өн бойына қан жүгіртіп, жамандық пен жақсылық, адалдық пен арамдық істердің барлығының басы-қасында әулие мен әнбиелердің жүруі заңды.
Көкіректің жарасын.
Баһауәддин Нақышбәнд,
Зиярат қылды моласын [41,193].
Бұл Нақышбанди - Ходжа-и бузурук және Шахи-и Нақышбанд атымен кең танымал болған Нақышбанд Баһауидин бин Бурхан ад-дин Мұхаммад әл-Бұхари (1318-1389) - ХІV ғасырдағы ортаазиялық сопылық ағымның ірі өкілі. Отырықшы халық психологиясына лайықты қалыптасқан нақышбандия сопылық ағымының ықпалы Оңтүстік Қазақстанда соңғы ғасырларда Қоқан хандығының үстемдігіне орай күшейген.
Түркістанда Түмен бап,
Сайрамда бар сансыз бап,
Отырарда отыз бап,
Бабтардың бабын сұрасаң,
Ең үлкені – Арыстан бап [41, 193].
Бұл жердегі Түмен бап - моңғол сөзі, бұрынғы уақытта он мың санының мәнін берген адам.
Аты шыққан әлемге,
Хызыр Әлі Қауысты. [41, 194]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет