А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Küçüktopuzlu K-F., Yilmaz Ö. Turizmde tüketici hakları
Kurulun verdiği kararlar herhangi bir mahkemenin verdiği karar gibi hukuki
değer taşır ve hukuki yaptırıma sahiptir.
Tüketiciler, memnuniyetsizlikleri durumunda iade taleplerini, TÜRSAB “
Tüketici Şikayetleri Departmanı ” , “Tüketici - Acenta İlişkileri Komisyonu ” ve
“Tahkim Kurulu’na ” yapmak durumundadırlar.
Seyahat Acentaları faaliyetlerinden dolayı oluşabilecek tüketici haklarına
karşılık olmak üzere kuruluş teminatı, yurtdışına yapılan turlar için de, turun bitişinden
iki ay sonra iade edilmek üzere tur masraflarının %25’ine tekabül eden bir teminatı
Turizm Bakanlığı emrine vermek zorundadırlar .
Tüketicinin veya seyahat acentasının şikayet konusu ile ilgili herhangi bir kanuni
yola başvurmaması durumunda, tüketici talebi bakanlıkça değerlendirilir ve yapılan
değerlendirme sonucu seyahat acentasına ve tüketiciye bildirilir.
Tüketiciye bir ödeme söz konusu ise, ödemenin acenta tarafından bildirim
tarihinden itibaren 30 gün içinde yapılmaması durumunda tüketiciye ödeme Bakanlıkça
teminattan yapılır.
SONUÇ
Mevcut Tüketiciyi Koruma Kanunu bir başlangıç olup hizmetler sektörüne özgü
özelliklerle kapsamı genişletilmeli ve değişen koşullara uygun olarak eksiklikler
giderilmelidir.Turizm alanında AB Tüketici Politikası kapsamındaki konular
incelenerek ivedilikle Türkiye’ye uyarlanması tamamlanmalıdır.
Bir tüketici olarak da turistin yasal ve ekonomik hakları konusunda bilinçli ve
bilgili olması ve her hangi bir mağduriyet durumunda ilgili makamlara başvurarak
hakkını araması gerekmektedir.
KAYNAKLAR
1.
AB Tüketiciyi Korur.
www.deltur.cec.eu.int/abtüketici.rtf. 2007
.
2.
Anon. Evrensel Tüketici Haklari, Tüketici Bülteni, Ekim. 2002. Ankara.
3.
Akipek.S. Türkiye´de Tüketicinin Korunmasinin Yasal Boyutu ve Tüketicinin Korunmasi Hakkinda Kanun,
Standart Dergisi, Sayi. 471, s. 24-31. Mart. Ankara.
4.
Ünüsan C., Sezgin M. Turizm Pazarlamasi, Atlas Kitapevi, Konya. 2004, s.96
5.
Durmaz.Y. Modern Pazarlamada Tükeici Memnuniyeti ve Evrensel Tüketici Haklari, Journal of Yasar
University, July, No.3.Vol.1. Izmir. 2006.
6.
Ersoy A.F. Avrupa Birligi Uyum SürecindeTüketicinin Korunmasi, Standart Dergisi, s.75-83, Ekim.
Ankara. 2002.
7.
Eymür E. Türkiye´de ve Avrupa Birligin´de Tüketici Haklarinin Korunmasi ve Tüketici Örgütleri, Gazi
Üniv.Sosyal Bilimler Enst.,Yayimlanmamis Master Tezi. Ankara.1999.
8.
Tekeli H. Turizm Pazarlamasi ve Planlamasi, Detay Yayincilik. Ankara. 2001,s.140.
9.
Kozak M. Turizm Sektöründe Tüketicilerin Sikayetlerini Bildirme Egilimleri ve Cözüme Yönelik Bireysel
Öneriler Üzerine Bir Alan Arastirmasi, Mugla Üniversitesi, Arastirma Uygulama Merkezi, Mugla. 2005
10.
Seyahat Acentalari Yönetmeligi.
www.kultur.gov.tr/TR/Genel/trashx
(Erisim; Ekim.2010 )
11.
Medlik S. Otel Isletmeciligi, Uludag Üniversitesi Yayinlari.Bursa.1997, s. 156
www.antalyakentkonseyi.org/tr/surdurulebilir_tuketim_ve_tuketici_haklari_calisma_grubu_donem_raporu.d
oc
(Erisim; Ekim. 2 010 )
323
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Б.С.МЫРЗАЛИЕВ
экономика ғылымдарының докторы, профессор
С.Т.ҚАРАБАЕВ
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРДАҒЫ АУДИТТІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
В статье рассматриваются методические особенности аудита в туристических организациях –
туроператоров и турагентов.
This article deals with methodical features of audit in the tourist organizations, of tour operators and
travel agents.
Аудит – есептерге баға беру, ұйымның қызметіне және жағдайына
байланысты фактілерге қорытынды баға беретін, тәуелсіз жоғары білімді
тұлғамен жүзеге асырылатын қызметтің түрі. Ол ақпараттық тәуекелді
төмендету үшін бағытталады, себебі қатысушыларға қаржылық есептерде
жалған және дұрыс емес ақпараттар беруі мүмкін.
Туристік ұйымдағы аудиттің мақсаты – осы ұйымның ұйымдастыру
қызметі, нормативтік-құқықтық және есепті-сараптамалық құжаттарының
дұрыстығына аудитор (аудиторлық ұйым) қорытынды жасау үшін дербес
тексеру жүргізу болып табылады.
Туристік ұйым аудитінің алдында мынадай мақсаттары мен міндеттер
бар:
туристік ұйымның құрылымын терең бағалау;
туристік ұйымның шығындары, шығыстары мен кірістері есебінің
ақпараттық дұрыстығын тексеру;
туристік ұйымның валюталық операциялар есебінің ерекшеліктерін
зерттеу;
бухгалтерлік есеп және басқару есебінің жағдайын жан-жақты немесе
толық зерттеу;
даму перспективаларын зерттеу;
ұйымды тексеру және салық есебінің әдістемесін тексеру;
аудиторлық қорытынды құру;
есептік талдау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарын және
бағыттарын құру.
Туристік фирманы аудиторлық тексеру – бұл туристік ұйымның
қаржылық жағдайына байланысты аудиторлық бағалау мен талдаудың
дәлелдерін көрсетеді, сонымен қатар, аудитор өзінің қорытындысында осы
экономикалық субъектінің бухгалтерлік есебі және бухгалтерлік есептілігінің
дұрыстығын растайды. Экономикалық субъектінің нормативті актілерінің
талаптары орындалмау фактілерін аудитор анықтаған жағдайда, яғни ол орын
алса терең зерттеп, осы орын алған ережелердің орындалмауы бухгалтерлік
есепкерліктің дұрыстығына қалай әсер ететінін бағалау керек. Аудитор
324
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Мырзалиев Б.С., Қарабаев С.Т.
Туристік ұйымдардағы аудиттің әдістемелік ерекшеліктері
нормативті актілердің талаптары орындалмау фактілерін аудиторлық
қорытынды жасаған кезде ескеруі қажет.
Аудиторлық тексеру ерікті (ұйымның жеке басқару шешімімен, меншік
иелерімен мақұлданады) немесе міндетті болуы мүмкін. Міндетті аудит
ұйымның немесе жеке кәсіпкердің әр жылдағы бухгалтерлік есебін және
қаржылық (бухгалтерлік) есептілігін міндетті аудиторлық тексеру болып
табылады. Әдетте туристік ұйымдарда аудиторлық тексеру негізінен ерікті
түрде болады, яғни жеке меншік иесі талабымен орындалады.
Аудиторлық тексеру толық болуы мүмкін, яғни бухгалтерлік есептің
барлық бөлімдерін қарастырады. Егер аудиторлық тексеру жеке ұйымда
болса, онда турфирманың басшылығымен мақұлданған есептің тек таңдалып
алынған бөлімдері ғана тексеріледі [1].
Туристік ұйымда аудиторлық тексеру жүргізу үшін тексерілуші
тарапынан негізінен келесі құжаттар көрсетілуі тиіс: мемлекеттік тіркелу
туралы куәлігінің көшірмесі, салық есебі және жылдық баланстың табыстары
мен залалдары есебінің шешімдері туралы куәлік, олар тексеріп жатқан кезең
туралы салық ұйымына ұсынылған түпнұсқада мөр басылған және қол
қойылған болуы керек, жарғылық құжаттар, қолда бар лицензиялар мен
бұйрықтардың көшірмесі, банктегі есеп-айырысу, валюталық және басқа да
шоттар туралы мәліметтер, қол қоюға рұқсаты бар бірінші және екінші
басшыны және бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі,
лицензия мен рұқсаттың көшірмесі, аудиторлық тексеру жүргізуге рұқсаттар
немесе басқа да құжаттар, ұйымның (мекен-жайы) және оның құрылымдық
бөлімшелерінің мекен-жайы туралы мәліметтер, есепті кезеңдегі тексеру
кезіндегі есеп саясатының бұйрығының көшірмесі, бас кітап, барлық шоттар,
есептер бойынша алғашқы құжаттар, аванстық есептер, есеп-айырысу туралы
құжат, сатып алу туралы кітап, сату туралы кітап, келісім-шарттар,
атқарылған жұмыстың актілері [2].
Қазіргі таңда жалпы аудитта және ұйымның мүліктік, салалық түрлеріне
байланысты аудитта көптеген әдістер қолданылады, бірақ туризм саласында
әдістемелік
зерттеулер аз. Туристік ұйымдарда негізгі құралдары,
материалды емес активтері, ақша қаражаты, есеп-айырысу қаражаты, қарыз
құралдарының аудиттік әдістемесі басқа саладағы мекемелердің аудиттік
әдістемесімен бірдей. Бірақ туристік ұйымдарда өзінің ерекшелігі бар.
Туроператорлар мен турагенттердің құқықтық және нормативтік
реттелуі, кірістер мен шығыстары, валюталық операцияларының аудиттегі
ерекшеліктерін қарастырамыз.
Аудиттің құқықтық және нормативтік реттелуі. Туроператордың –
ұйымның құқықтық және нормативтік жүйесін тексеру барысында аудитор
тексеріліп жатқан субъектінің заңдық актілерін, туристік фирманың
қызметінің реттелуін, яғни белгіленген ережелерді сақтайтындығын
анықтайды.
325
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Мырзалиев Б.С., Қарабаев С.Т.
Туристік ұйымдардағы аудиттің әдістемелік ерекшеліктері
Туризмдегі туристік қызмет және бухгалтерлік есеп заңдармен және
нормативтік құжаттармен реттеледі.
Тексеру барысында аудитор турфирманың қызметі нормативтік құжаттарға
сай келуін қарастыру керек. Туроперторлық немесе турагенттік қызметке
лицензиясы бар болуын міндетті түрде тексеру қажет, әріптестерімен және
клиенттермен (туристермен) келісім-шарттарын тексеру.
Туроператор – ұйым өзінің қызмет барысында сату, сатып алу, қонақ үй,
тасымалдау, тапсырмалар, агенттік келісім-шарттар, сақтандыру қызметтеріне
келісім-шарт жасау арқылы құқық алады. Аудитордың міндеті осы құжаттарда
орын алған заң бұзушылықты және қарама-қайшылықты заң тұрғысынан
бағалау. Ең бірінші кезекте келісім-шарттардың атауының мазмұнға сәйкестігін
анықтау. Содан соң, барлық шарттардың орындалуы тексеріліп, оның Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес тіркелген барлық келісім-
шарттардың
заңдылығы
зерттелінеді.
Сонымен
қатар
Қазақстан
Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына
сәйкестігі тексерілуі қажет [3,4].
Агенттік келісім-шарттарға сәйкес көптеген туроператорлар турагенттермен
шаруашылық операциялар жүргізеді. ҚР Азаматтық кодексіне және
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкес барлық
баптар бойынша құжаттарды тексеру, олардың осы келісім-шартта
көрсетілгендей жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
Кіріс және шығыс аудиті. Жалпы алғанда туроператор мен турагенттердің
кіріс және шығыс аудитінің әдістемесі ұқсас, бірақ біршама ерекшеліктері бар.
Басты ерекшелігі турагенттер әдістемелік нұсқауды шығынның бухгалтерлік
есебі бойынша қолданады, оған сұраныс және өндіріс, қоғамдық тамақтану орны
және сауда орындарындағы қаржы нәтижелері кіреді. Сондықтан аудитор
турагенттегі шығын есебінің әдістемесін берілген әдістемелік нұсқау
нормаларына сәйкес болуы тиіс. Содан соң, басқа регламенттік құжаттардың
жағдайы қалай жүргізіліп жатқанын анықтау қажет.
Шығынның қаржылық есебі шеңберінде аудитор туроператордың шығын
топтамасының шығын құрамының ерекшеліктері талабына сәйкес жауап бере
алатындығын анықтайды, оның құрамына туристік қызметпен айналысатын
ұйымдардың туристік өнімінің құны кіреді. Берілген құжатқа сәйкес
туроператордың шығындары 5 элемент бойынша топтасуы тиіс: материалдық
шығын, еңбекақының шығыны, әлеуметтік қажеттілікке аударымдар,
амортизациялық аударымдары және т.б. шығындар. Сонымен қатар еңбекақы екі
негізгі белгі бойынша жіктеледі:
қызмет бағыты бойынша: қарапайым қызмет бойынша шығындар,
ұйымдастырудан тыс шығындар, күтпеген шығындар;
қызмет сапары бойынша: материалды-өндірістік жабдықтарды алумен
байланысты шығындар, басқару және өндіру процесімен байланысты шығындар
[5].
326
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Мырзалиев Б.С., Қарабаев С.Т.
Туристік ұйымдардағы аудиттің әдістемелік ерекшеліктері
Егер туроператорда басқару бухгалтериясы ұйымдастырылған болса, онда
аудитор басқару есебінің – есептеу-аналитикалық жүйесі блогының жеке
тексеруін жүргізуі тиіс. Басқару есебінің аудиті бірнеше сатыда жүреді: басқару
бухгалтериясы құрылымын заң тұрғысынан және экономикалық тұрғысынан
бағалау, ішкі фирмалық құжаттармен танысу, бұл құжаттар басқару бухгалтерия
қызметкерлерінің қызметін, басқару бухгалтерияның жұмыс істеуін және
қызметін анықтаушы құжаттар болып табылады.
Аудитор бухгалтерлік есеп шоттарында шығынның орналасу тәртібін
тексеруі қажет. Туроператордың шығын есебін тексерудің соңғы сатысы есептеу-
аналитикалық жүйесінің осы бөлігін жүзеге асыру бойынша нұсқауларды өңдеу
болып табылады. Ішкі фирмалық бірнеше құжаттың ішінен балама құжатты
жасау өте тиімді, яғни ол дегеніміз – құрамына туристік өнімнің құны (қызмет)
мен қаржылық нәтижені құру енетін – шығын құрамы бойынша жағдай құжаты.
Ары қарай туроператордың шығыс есебінің әдістемелік құрамы тексеріледі.
Аудит процесі барысында шығындарды аудитордың жұмыс құжаттарында үш
позиция бойынша топтастыру қажет: қарапайым қызмет шығындары,
ұйымдастырудан тыс шығындар және күтілмеген шығындар. Туроператордың
шығын құрамын, оның классификациясына сәйкестендіре отырып зерттеу,
қателіктерді табуға мүмкіндік береді, мысалыға есепті жылдың табыс сомасының
түсініксіз азаюы.
Туроператорда шығындар екі бағыт бойынша пайда болады: жаңа туристік
өнімді құру және чартерлік рейстер. Чартерлік рейстердің шығын құнына
транспорт құралдарының барлық орындарын сатып алу қызметі кезінде пайда
болады немесе оның бөліктері ұйымдастырушы-жеткізушінің транспорт
құралдарында белгілі орын санын сатып алуда пайда болады.
Аудитор жаңа туристік өнімді өңдеуге кеткен шығын есебінің тәртібін және
дұрыс негізделуін мұқият тексеруі тиіс. Туристік өнімді ұйымдастырған соң,
белгілі мерзім ішінде бұл шығындарды туристік өнімнің құнына бірдей
бөліктерге бөліп енгізеді, оны туроператор анықтайды. Аудиторлық тексеру
барысында туристік өнімді жүргізу және өңдеу кезінде толтырылатын құжатты
заңды тұрғыда талдау жүргізіледі. Сондай-ақ, жаңа туристік өнімді өңдеу
бойынша шығынның дұрыс бөлінуін қадағалау қажет [6].
Аудиторға іс-сапарлық шығындарға көңіл аудару қажет. Ең алдымен
қызметкерлерге арналған іс-сапар құжаттары тексеріледі. Құжаттама құрамына
басшының іс-сапар жайлы бұйрығы, іс-сапар куәлігі, аванстық есеп және оған
қосылып тігілетін растаушы құжаттар енеді. Аудитор барлық растаушы
құжаттардың дұрыс толтырылуын және бар болуын анықтайды. Сондай-ақ
кәсіпорын қызметкерлері туроператорлар мен турагенттердің іс-сапар
шығынының дұрыс негізделуін тексереді. Содан соң іс-сапарға арналған шығын
есебі бойынша шоттардың дұрыс корреспонденциялануын және аналитикалық
талдаудың дұрыстығына назар аударылады.
Көптеген туристік компаниялар салық төлеудің жеңілдетілген жүйесінде
жұмыс жасайды, себебі бұл туристік мекемелер үшін өте тиімді. Туристік
327
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Мырзалиев Б.С., Қарабаев С.Т.
Туристік ұйымдардағы аудиттің әдістемелік ерекшеліктері
ұйымдар көбіне объект ретінде «кіріс алу шығысты» таңдайды, себебі
турфирмаларда шығыс көлемі жеткілікті көлемде үлкен.
Туроператор және турагент өзара сату-сатып алу келісім-шартына отырады.
Олай болса, агенттіктің қызметін сауда қатынасы ретінде, ал тур жолдаманы - әрі
қарайғы сату үшін сату тауары ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда
жолдаманы – бұл тауар және оны бірегей салықтың есебіне арналған шығын
ретінде қарастыруға болады. Алайда мұндай қатынас бұзу болып есептеледі.
Мамандар туристік жолдаманы – тауар деп есептемейді. Ол тек қана турға
шығуға құқық береді. Сондай-ақ фирмалар бірегей салық есебі кезінде шығынды
ескере алмайды [7].
Пайда болған мәселені шешу үшін сату-сатып алу келісім-шарты орнына
басқа да келісім-шарттарға отыруға болады. Мысалыға, бұл қызмет көрсету
немесе делдалдық келісім-шарт болуы мүмкін. Бірінші жағдайда турагент
(орындаушы) туроператордың сұранысы бойынша туристке қызмет көрсетеді.
Олай болса, күнделікті тұруға құқық алу, авиаұшуға, трансферге және т.б. кеткен
шығынды материалды шығындарға жатқызуға болады. Екінші жағдайда
комиссия келісім-шарты, агенттік келісім-шарт немесе осы келісім-шартқа ұқсас
болуы керек. Мұнда туроператор комитет жағынан қатысады (принципиал), ал
турагент – комиссионер (агент) ретінде қатысады. Келісім бойынша бір жақ
екінші жақтың тапсырмасымен сыйақыға туристік өнімді жүзеге асырды.
Агенттікке тек комиссиондық сыйақы беріледі және бұл оның негізгі табысы.
Аудитор туроператордың барлық шығыстары мен кірістерінің нормативтік
құжаттарына сәйкестігін мұқият тексеруі тиіс, сондай-ақ туроператор мен
турагенттің арасындағы келісімнің дұрыстығына талдау жасауы тиіс.
Қарапайым кіріс ретінде туроператор туристік өнімнің сатылуынан алған
сыйақыны жатқызуы тиіс. Туроператор активтерін уақытша қолданудың
төлемақысымен байланысты кірістер – туроператордың операциялық кірістерін
құрайды.
Кірісті есептеуді ұйымдастыру аудиті екі бағытта жүруі тиіс: синтетикалық
және аналитикалық есептің мәліметтерін тексеру.
Аудитор ұйымның кірістер есебінің дұрыстығын тексеру барысында
пайданың көлемі жайлы мәлімет алады. Бухгалтерлік есепте пайданың бес түрі
болғандықтан, жалпы пайданың, өнімді сатудан түскен пайданың, салық салуға
дейінгі пайданың, салық салудан кейінгі пайданың және таза пайданың
көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеруі тиіс. Әсіресе ұйымның таза пайдасының
бөлінуіне көп көңіл бөлген жөн.
Валюталық операциялар аудиті. Бірінші кезекте аудитор қаржылық
реттеу және қаржылық басқару жайлы заң актілерінің жағдайындағы
шаруашылық операциялар және есептік регистр жүргізудің заңдылық сәйкестігін
анықтайды, бухгалтелік есептің жүргізілу жағдайына назар аударады. Содан соң,
қаржылық есеп бойынша шаруашылық операцияларын жүргізуге негіз болатын
құжат топтамаларын тексереді.
328
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Мырзалиев Б.С., Қарабаев С.Т.
Туристік ұйымдардағы аудиттің әдістемелік ерекшеліктері
Аудитор ағымдағы қаржылық операциялардың орындалу мақсатын
анықтайды. Шетел валютасын алу және жұмсау бойынша операция мақсатын
анықтау – валюталық операциялар блогын толық тексеру үшін қажет (шетелдік
іс-сапарлар бойынша шығындарды төлеу, валюталық пайданың бөлігін міндетті
түрде сату және т.б.).
Ары қарай шаруашылық операцияларын жүргізу тәртібі аудиттеледі. Бұл
шоттағы субшоттардың бар болуы және дұрыс қолднылуы анықталады.
Аналитикалық есептің сенімділігі, есептік регистрлердің тексерілуімен
дәлелденеді (шот карточкасы, валюталық шот, есептесу және т.б.) және оны
синтетикалық есептің берілгендерімен салыстырады.
Міндетті тәртіпте туроператор немесе турагенттің валюталық сыйақының
бір бөлігін өз уақытында сатылғандығы тексеріледі. Валюталық сыйақының
міндетті бөлігін сату бойынша құжаттарды рәсімдеудің заңдылығы тексеріледі
және бухгалтерлік есепте оның жүзеге асуының дұрыс бейнеленуі аудиттеледі,
қалған сыйақы бөлігінің турфирманың ағымдағы валюталық есеп шотына
аударылуы аудиттеледі.
Турфирмалар валюталық операцияларды есепке алудың түрлі әдістерін
қолдануы мүмкін. Аудит мақсаты валюталық операцияларды есеп бойынша
шоттарды корреспонденциялауда қателіктерді табуға негізделеді. Аудит
тапсырмасына валюталық операцияларды есепке алуда қолданылатын әдістің
тиімділігін анықтау және оны жүзеге асыру жолдары немесе балама әдісті
қолдану жатады.
Валюталық операциядан турагенттің алатын сомасы арнайы транзитті
валюталық шотқа аударылады. Аудитордың тапсырмасы берілген шоттағы шетел
валютасының есепке алынуы мен қозғалысының дұрыстығын тексеру болып
табылады. Сонымен қатар барлық құжаттардың сәйкестігі, арнайы валюталық
шотқа валютаның аударылуы, бухгалтерлік, валюталық және салық заңдарының
талаптарына сәйкестігі анықталады.
Коммерциялық ұйымда жүргізілген тексеру нәтижелері жайлы ақпараттан
тұратын негізгі экономикалық құжат – аудиторлық қорытынды болып табылады.
Аудит барысында аудитордың іс-әрекеті аудиторлық тексерудің басты
мақсатына жету – экономикалық субъектінің бухгалтерлік есебінің сенімділігінің
дұрыстығына назар аудару. Осы пікір аудиторлық қорытындының мазмұнын
құрайды.
Аудиторлық қорытынды – аудиттелетін тұлғалардың қаржылық есептілігін
қолдануға арналған негізгі заңды құжат. Ол аудиторлық қызметтің стандартты
ережелеріне сәйкес құрылған және онда аудиторлық ұйымның немесе жеке
аудитордың аудиттелетін тұлғаның қаржылық есептілігінің сенімділігі жайлы
пікірі, сондай-ақ, оны жүргізу тәртібінің ҚР «бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік туралы» заңдарына сәйкес жүргізілуін қадағалайды.
Осы заңға сәйкес аудиторлық фирма жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша
нормативті актіге сәйкес бухгалтерлік есептің берілген аспектілерінде барлығына
сәйкестілігі жайлы пікірін білдіруі тиіс, ол ҚР-дағы бухгалтерлік есеп және
есептілікке сәйкес реттеледі.
329
Достарыңызбен бөлісу: |