Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009



Pdf көрінісі
бет12/47
Дата12.02.2017
өлшемі3,7 Mb.
#3948
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Бейсембаева С.Б. Дыбыстыќ ќұбылыстар және олардың ым тілімен байланысы 
 
 
Адамныњ 
бейвербалды 
ќимылдарыныњ 
кµрінісініњ 
жетекші 
ж‰йелерініњ  бірі  –  акустикалыќ  ж‰йе.  Акустикалыќ  ж‰йеніњ  басты 
ќ±рылымыныњ  бірі  тиісті  компоненттері  бар  просодика  болып  табылады. 
Фонация  –  дыбыс  жасау,  тіл  дыбыстарыныњ  жасалуы  кезіндегі  дыбыстау 
м‰шелерініњ бірлескен ж±мысы, сондай-аќ оныњ нєтижесі, яѓни ќ±лаќпен 
сезілетін  (есту  арќылы)  сµздіњ  дыбысталуы.  Тілдіњ  ырѓаѓы,  ќаттылыѓы 
(громкость), 
интонация, 
к‰лкі, 
жылау, 
сыбыр, 
т.б. 
сияќты 
паралингвистикалыќ ќ±былыстар белгілі.  
Ењ алдымен, оларѓа адам даусыныњ м‰мкіндіктерін – кµтерілуі немесе 
тµмендеуі;  одан  соњ  дауыс  тембрі  –  нєзік,  назды,  дµрекі,  жуан,  ќоњыр 
дауыстар  (тембрі  бойынша  дауыстардыњ  бас,  баритон,  тенор,  контральто, 
меццосопрано,  сопрано  деп  бµлінетіні  белгілі);  сµздіњ  ырѓаѓы  –  жылдам 
жєне баяу, дауыстыњ кенеттен к‰шеюі немесе, керісінше, оныњ тµмендеуін 
жатќызуѓа  болады.  Б±л  жерде  адам  даусыныњ  табиѓи  ќасиеттері  жµнінде 
айтылып  жатќан  жоќ,  олар  µзгермейді.  М±ндаѓы  сµз  болып  отырѓан 
аќпараттыњ  негізгі  мазм±нын  толыѓыраќ  жеткізу  ‰шін  ќолдануѓа 
болатындары ѓана. 
Т.М.Николаеваныњ 
айтуынша, 
Дж.Трейгер 
паралингвистикаѓа 
дыбыстыќ айтылыммен ќатар ж‰ретін дыбыстыќ сипаттаѓы келесі ќосалќы 
ќ±былыстарды  енгізеді.  Ол  ќ±былыстардыњ  екі  т‰рін  (типін)  айырады: 
1)дыбыстыќ  ќ±рылымы  немесе  єуені  жоќ  кейбір  дыбыстыќ  шулар;  2)тілдік 
те,  сондай-аќ  тілдік  емес  шулардыњ  модификациясы  (жетілдірілуі),  яѓни 
дауыс ќасиеттері. ¤з кезегінде  єуезділік ‰ш топќа бµлінеді: сипаттаѓыштар, 
топтаѓыштар,  бµлгіштер.  Сипаттаѓыштар  –  б±л  к‰лкі,  жылау,  сыбыр,  ±лу; 
топтаѓыштар:  айтудыњ  (дыбыстаудыњ)  ќарќындылыѓыныњ  типі,  негізгі 
тонныњ  (дауыстыњ)  биіктігі,  т.б.;  бµлгіштер:  у,  хм,  уф-уф,  ућ  жєне  т.б. 
секілді  дыбыстардыњ  тілдік  емес  тіркестері.  Трейгер  дауыс  ќасиеттеріне 
белгілі бір айтылымныњ дыбыстыќ ерекшелігініњ сипаттамасын жатќызады. 
Б±л – сµздіњ ырѓаѓы (баяуланѓан, кµтерілген), дауыстыњ ќырылдаѓаны, сµз 
сµйлеудіњ  ќиындыѓыныњ  дєрежесі  (суретті  ќараңыз).  Айта  кету  керек, 
паралингвистикалыќ  феномендердіњ  екі  тобыныњ  да  барлыќ  санамаланѓан 
жаѓдайларында сµз тілдіњ нормативті ќ±былыстары жµнінде болып отырѓан 
жоќ 
(мысалы, 
логикалыќ 
екпінніњ 
экспираторлы 
формасы 
паралингвистикаѓа ќатысты емес) [4,51]. 
 

87 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Бейсембаева С.Б. Дыбыстыќ ќұбылыстар және олардың ым тілімен байланысы 
 
 
Дж. Трейгердіњ дыбыстыќ сипаттаѓы ќ±былыстарды 
ќ±рылымдыќ топтастыруы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дауыс ќасиеттері белгілі бір т±лѓаныњ жеке ерекшеліктерініњ  сипаттамасы 
ѓана бола алмайды, олар єлеуметтік т‰рде де сипаттайды. Аѓылшын жазушысы 
Б.Шоудыњ белгілі “Пигмалион” драмасындаѓы ат жарысындаѓы эпизод бєрініњ 
де  есінде.  Онда  Элиза  Дулитлдіњ  мінез-ќ±лќы  мінсіз  бола  т±ра,  оныњ  дауыс 
мєнері  (дыбыстауы,  сµйлеуі  емес)  єлі  де  жетілмеген.  Б±л  кµріністе  (в  этой 
сцене) Элизаныњ ым, ишаралары оныњ сµйлеу мєнеріне сай келмейді де, к‰лкі 
туѓызады. 
Айтылѓан дауыс сипаттамалары жеке жєне єлеуметтік ќана емес, ±лттыќ та. 
Кµп  жаѓдайда  алыстан  былдырлаѓан  сµзді  єлі  т‰сінбей  т±рып-аќ  кім  сµйлеп 
т±рѓанын аныќтауѓа болады – француз ба, єлде поляк па. 
Мысалы,  поляктар  ‰шін  синтагмалардыњ  єуезді  кµтеріњкі  аяќталуы  тєн. 
Сол  сияќты  А.Доде  француздардыњ  “сарымсаќтыњ  иісі  секілді  ±заќтан 
танылатын  оњт‰стіктік  дыбыстауы”  жµнінде  айтады.  Тілдіњ  дыбыстыќ 
ќасиеттерініњ ±лттыќ ерекшелігін басќа тілдіњ µкілдері тез ањѓарады, себебі ана 
тілін єрдайым жаппай ќолдану ол тілді кењ ауќымда ќабылдауды ќиындатады. 
Адамныњ  даусыныњ  ќасиеттері  ым,  ишара  жєне  мимикамен  тыѓыз 
байланысты.  Дауыс  жєне  ым  мимикамен  бірлікте  сол  адамѓа  тєн  барлыќ 
бµліктері бір-бірін айќындайтын бірлікті ќ±райды.  
Экспрессивті мінез-ќ±лыќ кµрініс беретін бір ортаќ б‰тінді жасай отырып 
сµздіњ  просодикалыќ  белгілері  мен  мимиканыњ,  ишараныњ  ерекшеліктері 
кµрінетін сол органикалыќ бірлікті атап µту ќажет. 1903 жылы-аќ Ю.Озаровский 
тембрдіњ  (кењірек  алѓанда  просодикалыќ  белгілердіњ)  мимикамен  байланысы 
жµніндегі зањды т±жырымдады. Оѓан сєйкес “дауыс тембрі (тон) (ал ол арќылы 
сµйлеушініњ рухани µмірініњ кішігірім µзгерістеріне  
 
 
дыбыстыќ сипаттаѓы 
ќ±былыстар 
єуезділік 
дыбыстыќ ќасиеттер 
сипатта-
ѓыштар 
топта-
ѓыштар 
бµлгіш-
тер 
сµз 
ырѓаѓы 
дауыстыњ 
ќырылдауы 
ќиындыќ 
дєрежесі 
к‰лкі 
жылау 
сыбыр 
±лу 
Дыбыстауд
ыњ ќарќын 
дылыѓыны
њ
 типі 
Негізгі 
тонныњ
 
биіктігі 
Дыбыстардыњ 
тілдік емес 
тіркестері (у, хм, 
уф-уф) 

88 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Бейсембаева С.Б. Дыбыстыќ ќұбылыстар және олардың ым тілімен байланысы 
 
 
дейін  беріледі)  мимикада  туындайды”  [5.108].  Дауыс  бояуы,  реңкі  мен 
сµйлеушініњ  мимикасы  арасындаѓы  т±раќты  байланыс  оныњ  жеке  басыныњ 
мінездемесін,  сипаттамасын  аныќтау  ‰шін,  оныњ  психологиялыќ  портретін 
жасау ‰шін µте мањызды, себебі “даусы бойынша сµйлеушініњ ќандай да бір 
пластикасын
 
көз  алдымызға  келтіріп,  біз  µзімізге  адамныњ  т±раќты  келбетін, 
оныњ т±раќты маскасын, гримін, портретін бе … сала аламыз” [5.117].  
Ым,  ишарамен  жасалатын  кµптеген  ќасиеттер,  дєлірек  айтќанда 
ќызметтердіњ  жоѓарыда  аталѓан  дауыстыњ  бейнелі  ќасиеттерінде  маѓыналыќ 
параллельдері  болуы  м‰мкін.  Сµз  тіл  жµнінде  емес,  сµйлеуші  саналы  немесе 
еріксіз  т‰рде  ќолданатын  дыбыстыњ,  дыбысталатын  сµздіњ  бейнелеуіш 
ќ±ралдары  жµнінде  болып  отыр.  Б±л  маѓынасындаѓы  ым,  ишараныњ 
классикалыќ  т‰сінікте  “дыбысты  ымдардыњ”  ішінде  дублерлары  бар.  Атаќты 
лингвист  Е.Д.Поливанов  дыбыстар  жµнінде  айтќанда  дєл  осы  маѓынасында 
ќолданѓан [6.295-300]. 
Осылайша,  дыбыстыќ  ќ±былыстар  шартты  болуы  м‰мкін,  мысалы, 
т‰шкіру, тілдік емес ‰зік-‰зік дыбыстар, т.б. 
Дыбыстыќ  ым,  ишаралар  бейнелегіш  болуы  м‰мкін.  Мысалы,  адам  бір 
нєрсе  туралы  єњгімелеп  отырып  былай  деуі  м‰мкін:  “Кенет…”  –  ары  ќарай 
атыстарды немесе соќќыларды бейнелеу кетеді. 
Дауыстыњ  дыбыстары  єрине  ымдар  секілді  эмоционалды  болуы  м‰мкін. 
Б±л  эмоционалдылыќ  еріксіз  болуы  м‰мкін:  шынайы  ашу-ыза,  шынайы 
ќуаныш,  шынайы  ќайѓы-м±њ,  алайда  сµйлеуші  саналы  т‰рде  ќолдануы 
м‰мкін. Адам µзініњ даусы арќылы ашу, кек, ќуаныш, µкініш, сµгісті жеткізе 
алады жєне оны ќабылдауѓа аныќ есеппен жасайды. 
Ырѓаќ жасаушы ќызметтеріне келсек, ол ќол ишараларынан гµрі дыбыстыќ 
ымдарѓа аз дєрежеде тєн. Алайда егер тыњдап ќараса, бірќатар наќты кµрінетін 
ырѓаќты ќ±рылымы бар сөз сөйлеу, орындауларда ырѓаќты кідірістерде єлдебір 
єлсіз, біраќ ырѓаќты білдіретін соған тән дыбысты естуге болады. 
Дауыстыњ  кµмегімен  фразаныњ  ішінде келтірілген жеке дара элементтерді 
атап  кµрсетуге  (подчеркнуть)  болады.  Дауыспен  ым  немесе  ќалыптыњ 
µзгерісімен  істеуге  болатындай  б‰кіл  абзац  немесе  бірнеше  сµйлемді  бірден 
атап кµрсетуге  болмайды. Оныњ ‰стіне атап кµрсету жеке дыбыс-ыммен емес, 
сµздер мен лебіздерді жалпы к‰шейту, белгілеу арќылы ж‰ргізіледі. 
Осылайша,  б±л  паралингвистикалыќ  ќ±былыстар  тілден  бµлек  µмір  с‰ре 
алмайды, µз кезегінде тіл де ќаттылыќ (громкость), жылдамдыќ, сµздіњ ырѓаѓы, 
дауыстыњ тембрі секілді міндетті ќатар ж‰ретін ќасиеттерден айрыла алмайды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Валиханов Ч. Избранные произведения. -Алма-Ата: 1958. 
2.
 
Муканов М.М. Этнопсихологическая специфика невербальных коммуникативных знаков //Интеллект и речь. -
Алма-Ата: 1972. Вып.2.   
3.
 
Татубаев С.С. Жесты как компонент искусства. -Алма-Ата: Казахстан, 1979. – 109с. 
4.
 
Николаева Т.М. Невербальные средства коммуникации и их место в преподавании языка //Роль и место 
страноведения в практике преподавания русск. яз. как иностранного. -М.: Изд. МГУ, 1969. 
5.
 
Озаровский Ю. Музыка живого слова. Основы русского художественного чтенія: Пособие для чтецовъ, 
драматическихъ и оперныхъ артистовъ, ораторовъ, педагоговъ. -Спб., 1914. -319 с. 
6.
 
Поливанов Е.Д. По поводу «звуковых жестов» японского языка //Статьи по общему языкознанию. -М.: Наука, 1968.  
 
 
 
 
  

89 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
М.БАЛАУБЕКОВ 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
Ж.И.ИСАЕВА  
филология ғылымдарының кандидаты, 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚ  
ПАРЕМИОЛОГИЯСЫНЫҢ  СЕМАНТИКАСЫ 
 
В статье расcматривается  семантика народной  паремиологии в  словах назидания Абая.   
 
This article deals with semantics of folk paremiology in Abai’s sermons.      
   
«Тіл халықтың ең ұлы байлығы» деген еді көрнекті жазушы  М.Шолохов 
[1.3].  Тыңдаушы  адамға  тіл,  әрине,  сөз  арқылы  жетеді.  Халқымыз  «Сөздің 
көркі – мақал» дейді. Тарихи-әлеуметтік өмір тәжірибесінен алып, терең де 
зерделі  тұжырым  жасап,  асылдай  қорытып,  алмастай  шыңдап,  айтатын 
мақал-мәтелдер    мен  қанатты  сөздер  (нақыл  сөздерді;  қалыпты,  орнықты, 
қалыптасқан  тіркестерді;  афоризмдерді;  ұтымды,  жинақты,  образды, 
айшықты өткір  сөз орамдарын) халық өлшеусіз көп шығарған. Әрбір тіл де, 
сол  тілде  сақталып  жүрген    сөздің  інжу-маржаны  да  –  атамзаманнан  бері 
жасап  келе  жатқан  өте  көне    мәдениеттердің  көзі.  Ол  халықпен  біте 
қайнасып,  бірге  жасайды.  Сондықтан  да  ол  –  ел-жұрт    өмірінің    айнасы, 
табиғи шындықтың өзі. 
Мақал-мәтелдер  –  халық  шығармашылығының  төл  жемісі.  Әуелі  жеке 
адам ойлап шығарғанымен жүре-бара олардың  авторы ұмытылып кетеді де, 
жұрт сынынан өткендері  халық  қазынасына – фольклор (ауыз  әдебиетінің) 
шығармаларына айналып отырады. Осыдан барып мақал-мәтелдер  көбінесе 
«халық даналығы»  деп аталады. Көне түркі  тілдерінде «аталар сөзі» деп те 
атайды, яғни  бұл – «атадан балаға  мирас  болып келе жатқан қазына» деген 
сөз [2.5]. 
Қазақ  тіл  білімінің  қазіргі  даму  сипатын  жан-жақты  айқындау  тіл 
ғылымының жаңа теориялық ілімдерімен, қайталанбас идеялық мазмұнымен 
толықтырған ғылыми  ізденістер арқылы  мүмкін болып отыр  [3.75]. 
Абайдың қарасөздері – қазақ әдебиетіндегі  дара туынды. 
Ұлы  Абайдың    әр  сөзі  –  біздің  рухани  байлығымыз,  әрбір  пікірі  –
күнделікті өміріміздің  төрешісі. 
Ақынның  қарасөздерін  өз  дәрежесінде  түсіндіру  және  оны 
заманымыздың талабына сай кейінгі ұрпақтарға баяндай білу – оңайлықпен 
қолға түспейтін жайт. 
Өйткені, қарасөздерінің мән-мазмұны ғасырлар бойы жаңаруда. 
Абай қарасөздеріндегі халық паремиологиялық қорының  семантикалық, 
этнолингвистикалық    мәнін  ашу  –  бүгінгі  күннің  көкейтесті  мәселелерінің 
бірі. 
Демек, қай жағынан алып қараған күнде де Абай қарасөздерінің көтеріп 
отырған тақырыбы бүгінгі күн үшін өзекті болып  табылады.  
 
 
 

90 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Балаубеков М., Исаева Ж.И. Абай қарасөздеріндегі халық паремиологиясының  семантикасы 
 
 
Абайдың  тіл  жөнінен  ұлылығы  сонда,  ол  бір  жағынан    қазақтың  әдеби 
тілінің,  көркем  сөз  үлгісінің  барлық  қадір-қасиетін,  түр-сипатын  өз 
қарасөздерінде  молынан  қамтып,  көрсете  білсе,  ол-шешендік  үлгісі  десе, 
ағаттық болмайды. Жазушы қазақ тілінің бар сөздік байлығын, мүмкіндігін, 
жеріне жеткізе пайдаланады.  
«Қара  сөздерді»  көлемі  жағынан  шағын-шағын  46  бөлек  шығарма 
құрайды.  Олардың  жанрлық  сипаты  да  әр  түрлі:  көбі  публицистикалық 
туындылар,  46-сөз  берілген  білім-таным  үлгісіндегі  тарихи  очерк,  25-сөз 
Сократ  пен  Аристодимнің    әңгімесі  деп  берілген  үлгі-өсиет,  5-сөз  мақал-
мәтелдерді талдаған филологиялық этюд, 37-сөз – афоризмдер жиынтығы, 7-
сөз  психологиялық  тақырыпты    қозғаған  этюд  іспетті,  43-философиялық  
толғанысын,  38-сөз  дін,  мораль  мәселелері  жайындағы  ой-пікірлері  болып 
келетін  ғылыми-публицистикалық  еңбек деп ажыратып жүрміз [4.529]. 
Абайды қазақ көркем сөзі мен әдеби тілінің  жаңа кезеңінің бастаушысы, 
оларды  жаңа  сапаға  көтеруші,  сөз  өрнегінің  соны  үлгілерін  ұсынушы  деп 
танығанда, сол жаңалықтардың, сол үлгі-қалыптардың  әрі қарай жалғасуын  
іздейміз.  Егер  жалғаспаса,  ол  жаңа  кезең,  жаңа  сапа,  жаңа  өрнек  болып 
саналмай, дүниеге бір-ақ  рет келіп, тұйықталған феномендік құбылыс болып 
табылар еді. 
Абайды ұлы деп танытып отырған белгі  – оның поэтикалық дәстүрінің, 
рухани  қазынасының,  көркем  тілінің    жалғастық  тапқандығынан,  өзінен 
кейінгілерге үлгі – эталон болғандығынан көрінеді [4.550]. 
 Ұлы  Абай  бар асыл  ойын    өз халқына,  келер    ұрпағына   арнады.  Ол  ең 
алдымен  жастардың  алдында    тұрған    басты  міндет    ғылым,  білім    үйрену 
жолы  екенін    атап    көрсетті.  Адам    бойындағы    қазынаның  үлкені,  әрбір 
жігерлі  жастың талпынатын арманы  ғылым болуы  керектігін ашып айтты. 
“Дүниенің  кілті    өнер  мен  ғылымда  тұр.  Сол  малды  сарып  қылып    ғылым 
табу керек. Өзіңе табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз ахрет те  жоқ, дүние 
де  жоқ.  Ғылымсыз  оқыған    намаз,  тұтқан  руза,  қылған  қаж  ешбір  ғибадат 
орнына  бармайды” дейді (10-қарасөзінде). 
«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» 
дей  келе  ақын:  «Біреуінің  күні  жоқ  біреуінсіз,  Ғылым  сол  үшеуінің    тілін 
білмеу»  деп  ғылымды    аса  жоғары    бағалайды.  Білім  –  ғылым    үйренбекке 
талап  қылушыларға:  «Адам  көңілі  шын  мейірленсе,  білім-ғылымның  өзі  де  
мейірленеді, тезірек қолға түседі… Ғылымды  үйренгенде  ақиқат мақсатпен  
білмек  үшін  үйренбеу  керек.  Бахасқа  бола  үйренбе…  деп  жазады»  (32-
қарасөзінде) деп ескерту жасайды [5.97].  
Абай  шығармаларында,  соның  ішінде  “қара  сөздерінен”  халықтың 
қымбат  қазынасына    айналған      қазақ  мақал-мәтелдері  филологиялық  этюд 
түрінде   беріледі.  
Атап  айтар  болсақ,  ұлы  данышпан  Абай  бесінші,  алтыншы,  жиырма 
тоғызыншы,  отыз  алтыншы,  отыз  тоғызыншы  және  қырық  төртінші  қара  
сөздерінде  мақал-мәтелдерді  сөз мәйегі ретінде  қолданған. 
 
 

91 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Балаубеков М., Исаева Ж.И. Абай қарасөздеріндегі халық паремиологиясының  семантикасы 
 
 
Абай  қарасөздеріндегі  мақал-мәтел  әділет,  сақтық,  турашылдық, 
ғылымға  құмарлық,  еңбекті  бағалағыштық,  шындықты  сүйгіштік  және 
аярлық,  бәле  құмарлық,  мақтаншақтық,  мансапқұмарлық,  өтірік-өсекке 
құмарлық, 
еріншектік 
сияқты 
адам 
баласының, 
оның 
ішінде  
замандастарының    мінез-құлықтары  мен  қадір-қасиеттері,  бұлардың  бәрі 
сайып 
келгенде, 
ағартушылық, 
тәрбиелік 
мақсатты 
көздейтін, 
адамгершілікке үгіттейтін  әңгімеге апарады [4.528-613]. 
Айтпақ  ойын,  діттеген  мұратын,  арман-үмітін,  толғатқан    ой-пікірін, 
айналасына, замандастарына деген көзқарасын  тоқсан ауыз сөздің тобықтай 
түйіні  –  мақал-мәтелдердің  семантикасы,  этнолингвистикалық  сипаты 
арқылы жеткізе білген деп түсінеміз. 
Мәселен,  Абай  бесінші    қара  сөзінде  халық  санасына    сіңісті    болған 
мешеулік философиясына  талдау жасайды. Қазақтың «Ә, құдай, жас баладай 
қайғысыз қыла гөр!» – деген тілегін қалайша түсінуге болады – дейді ол. Жас 
баладай  болу    деген  не  ұғым?  Демек,  салиқалы  іс-әрекетке  бармай,  барға 
разы,  жоқты  ескермей,  балалық  түсінікпен  өмір  сүрушілік.  Мұндай 
түсініктерді  Абай  қазақ  мақал-мәтелдерінен    таба  алады:  «Түстік  өмірің 
болса,  күндік  мал  жина»,  «Өзіңде  жоқ  болса,  әкең  де  жат»,  «Ер  азығы  мен 
бөрі  азығы  жолда»,  «Малдының  беті  –  жарық,  Малсыздың  беті  –  шарық», 
«Ердің  малы  елде,  еріккенде  қолда»,  «Алаған  қолым  –  береген»,  «Байдан 
үмітсіз  –  құдайдан  үмітсіз»,  «Қарының  ашса,  қаралы  үйге  шап»,  т.б.  Бұл 
мақалдан  шығатын  қорытынды:  қазақтардың  қайғысы  малда  екен,  бірақ  ол 
мал  үшін  қам  жемейді  екен  де,  ол  малды  қалай  табуды    білмейді  екен. 
Малдыларды  алдап-арбап,  не  олармен    жауласып,  қулық-сұмдық  жасау  ұят 
та, қайғы да емес, ал малды қалай табуды ойлап ынта жасау қайғы. Одан да 
жас  баладай  қайғысыз  болғанды  ұнатады.  Абай    халықтың  дәстүрлі  мал 
шаруашылығынан кәсіби өзге әрекеттерге  өтуін мақсат етіп отыр [6.334]. 
Халық ұғымында мал – қазақтың өмір бойғы  тіршілік тірегі. Өмір бойы  
мал  бағып  тіршілік  еткен,  оның  сырын  жақсы  білген  халық  әрбір  түліктің 
қандай  қасиеті  барлығын,  адам  өмірінде  қандай  орын  алып,  қызмет 
атқаратындығын  мақал  арқылы  көрсетіп  отырады.  «Түстік  өмірің  болса, 
кештік  мал  жина»  дей  отырып,  сол  малдардың  қасиетіне  тоқталады.   
Мәселен, «Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы; Түйе жисаң –
надан  жи,  сиыр  жисаң  –  тарғылдан  жи»,  «Мал  бақсаң,  қойдан  бақ,  май 
кетпейді  шарадан» деп бағалайды. Төрт түліктің тұрмыс-тіршілікте қандай 
екендігін  айтады.  
Абай  алтыншы  қарасөзінде  «Өнер  алды  –  бірлік,  ырыс  алды  –  тірлік» 
деген  мақалы  төңірегінде  философиялық  мәнде  ой  өрбіткен.  Тегінде 
мақалды  бәріміз  айтамыз,  бірақ  оның  ішкі  мазмұнын,  семантикалық 
мағынасын,  этнолингвистикалық  мәнін  зердемізге  салдық  па?  Абай  «Бірлік 
қандай  елде  болады»  деп  ашық  сауал  қояды.  Басы  бодандыққа  түскен,  ел 
болып  өзін  билемеген  халықта  қандай  бірлік  болмақ,  оны  қазақтар  біле 
бермейді,  олардың  ойынша  бірлік  ат  ортақ,  ас  ортақ,  киім ортақ, дәулет  
 
 

92 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Балаубеков М., Исаева Ж.И. Абай қарасөздеріндегі халық паремиологиясының  семантикасы 
 
 
ортақ  болса  болғаны.  Абай  бұл  тоғышарлықты,  тар  өрістілікті  сынайды. 
Олай  болған  адамдар    не  кедей,  не  бай  болмай  ортақ  дәулет  біткенше  мал 
тасудың  орнына  жатып  ішер    жалқауға  айналмасына    кім  кепілдік    береді. 
Сондықтан ойшыл  бірлік малда емес, ақыл бірлігі қажет деген қорытынды 
жасайды.  «Бірлік  малға  сатылса»  атасы  басқа  да,  діні  басқа  да  жалданып 
еңбек  қылады.  Ал  мұндай  бірлік    қар  суындай  уақытша  тіршілік.  Ағайын 
бірлік  етсе,  онда  ол  өз  бетімен    харекет  етіп,  пайда  таппай,  пәле  іздеумен 
айналыспақ. Бұл бірлік тек ортақ  дәулет таусылғанша ғана. Абай мұндайды 
жоққа  шығарып,  нағыз  бірлік  ақыл  бірлігі  дейді.  Ақын  ақыл  бірлігі  не 
дегенді  айтпаған.  Оның  көп  қырлары  бар.  Мыс:  ..ақылға  салып  ел  қамын  
ойлау нағыз бірлік. Абай тегі  осы бағытты  мегзеп отырса  керек. «Бірлік» 
хақында осындай ой айтқан Абай  мақалдың екінші  жартысындағы «тірлік» 
деген  ұғымды  талдайды.  Абай  әншейін  оғып-бұғып,  қорқып-үркіп  өмір 
сүргенді тірлік деп есептемейді. Тірлік туралы ақын Абай философиясы таза 
прагматизмге  ғана емес, адам бойындағы парасаттылыққа бастайды [6.334]. 
Осындай  ұйымшылдық,  ынтымақ,  бірлік  жайындағы  мәселелер  қазақ 
мақалдарының  көрнекті  тақырыбына  айналған.  Бұл  тақырыптағы  
мақалдардың    негізінде    ақыл-ойы  сергек    халықтың  аталған    мәселелер 
жөніндегі    даналық  көзқарасы,  өмір    тәжірибесінен  алып,  білгірлікпен 
жасаған  қорытындысы  жатады.  Тұрмыс  талқысынан  туып,  әрбір  тарихи 
кезеңнің  сындарынан  өткен  түсініктерін  мақал  арқылы  көрсеткен    болады. 
Үй-ішінің, ел-жұрттың, бүкіл қоғамның құралуы ұйымшылдық пен бірлікке 
байланысты  деп біледі. «Бірлік бар жерде тірлік бар, бекінген күші бар» деп 
бағалады. Мұны  «Бірлік болмай тірлік болмас; Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ», 
«Ырыс алды – ынтымақ» деген секілді мақалдардың селбестігінен  көреміз.   
Бұл  келтірілген    мақалдардың    бәрі  де    өмір  шындығына    негізделіп,  
туғандығын, халық ынтымақ пен бірлікті, ұйымшылдықты  жақтайтындығын 
білдіреді.  Бұлар  тұрған  жерде  халық  алға  басады,  нығайып,  күшейеді, 
алынбас қамалға айналады деп түсінеді. Ал, бірлік,  ынтымақ, ұйымшылдық 
жоқ  жерде    ыдырап  тозудың  орын  алатындығын  аңғартады.  Халықтың: 
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі  келеді» деуі 
осыдан [7.83-336]. 
Абай жиырма тоғызыншы қарасөзінде  кейбір мақалдардың  мазмұнына 
ғылыми  талдау    жасайды.  Ақын  қазақтың  «Жарлы  болсаң,арлы  болма!» 
деген мақалының мән-мағынасына тоқтала келіп, жалға жүріп, мал тап деген 
ой  айтпақ  болса,  еңбектеніп  мал  табудың  несі  ар?  Адал  еңбекпен    мал 
іздемек  –  ол  арлы  адамның  ісі»  –  дейді.  «Атың  шықпаса,  жер  өрте»  деген 
мақалды талдай келе  жер өртеп, ел бүлдіріп, бұзық болып ат шығару  мұрат 
па?  –  деп  мінейді.  «Алтын  көрсе,  періште  жолдан  шығады»  деген  өз 
құлқынын  құптап шығарған қулардың  арам ойынан туғанын айтады. «Ата-
анадан  мал  тәтті,  алтынды  үйден  жан  тәтті»  деген  мақалдың  да  мән-
мағынасын   әшкерелей  келе,  ата-анасын  малға  сатқан, ант атқан арсызды  

93 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Балаубеков М., Исаева Ж.И. Абай қарасөздеріндегі халық паремиологиясының  семантикасы 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет