Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009



Pdf көрінісі
бет11/47
Дата12.02.2017
өлшемі3,7 Mb.
#3948
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Әйтімов М.К. Қазіргі қазақ романдарындағы ұлттық сипат 
 
 
сюжеті  мен  композициясы  орасан  күрделі  болу  себебі  де  осыған 
байланысты»  [1.313-314].  Қазіргі  қазақ  романдары  поэтикасын  зерделеуде 
ұстаз-ғалымның бұл теориялық пікірінің айқын бағдар беретіні анық. 
Қазіргі  қазақ  прозасы  романдарындағы  тарихи  шындық  аясында 
халқымыздың  ғасырлар бойы  қалыптасқан  салт-дәстүрлері,  әдет-ғұрыптары 
шығармашылық 
көркемдік 
шешіммен 
бейнеленеді. 
Халқымыздың 
мыңжылдықтар  бойы  қалыптасқан  дара,  ұлттық  сипатын  эпикалық 
туындының мазмұны мен пішіні арқылы бейнелеу арқылы ата-бабаларымыз 
салған ұлағат жолының мәңгілік болашаққа ұласатыны ақиқат. 
Көркем  шығармалардағы  ұлттық  сипат  арқылы  халықтардың 
әрқайсысыларына тән дербес ерекшеліктер саралана танылады. Қаламгерлер 
туындылардың мазмұны мен пішінінде белгілі бір халықтың тарихи санасын
дүниетанымын,  әдет-ғұрыптарын,  тілін,  салт-дәстүрлерін  және  т.б.  ұлттық-
этнографиялық  сипатты  құрайтын  ерекшеліктерін  көркемдік  шешіммен 
қамтиды.  Әдебиеттану  ғылымының  бағалау  тұжырымы  да  қазіргі  қазақ 
романдарындағы ұлттық сипат болмысын қарастыруға бағдарлайды: 
«Ұлттық  характер  –  әдеби  шығармадағы  кейіпкердің  ұлттық  сипаты 
мен  ерекшеленген  мінез-бітімі,  оның  белгілі  бір  халықтың  өкілі  екендігін 
танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі. Ұлттық характер – 
тарихи  категория.  Ол  қоғамдық,  рухани  экономикалық  және  саяси 
жағдайларға сәйкес қалыптасады. Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау жолы 
қай адамға болсын тән қасиет. Өмірде, әдебиетте адам бейнесінен бұл қасиет 
толық  көрініп  отырады.  Әр  халықтың  өз  эпикалық  туындыларын  олардың 
талай  замандардан  ұлт  болып  қалыптасуынан  бөліп  қарауға  болмайды» 
[2.211]. 
Фольклор мен әдебиет мұраларының барлығында да ұлттық сипат басты 
ерекшелік  болып  саналады.  Бұл  –  әлем  халықтары  сөз  өнеріндегі  басты 
ерекшеліктердің  негізгісі.  Қазақ  әдебиеті  тарихының  барлық  кезеңдердегі 
мұралардағы ұлттық сипат арқылы халқымыздың замандар бойы жүріп келе 
жатқан жолындағы діл тағылымы айқындалады. 
Әсіресе,  қазақ  романистикасының  көркемдік-дәстүрлік  негіздері  болып 
саналатын батырлық, ғашықтық эпостық және тарихи дастандардағы ұлттық 
сипат халық дүниетанымының эстетикалық шынайылығын дәлелдеді. 
Қазақтың  классикалық  жазба  әдебиетіндегі  Хакім  Абайдың  «Татьяна- 
Онегин»  (1887-1889),  Міржақып  Дулатовтың  «Бақытсыз  Жамал»  (1910), 
Спандияр  Көбеевтің  «Қалың  мал»  (1933),  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың 
«Қамар  сұлу»,  «Кім  жазықты?»,  Жүсіпбек  Аймауытовтың  «Ақбілек», 
«Қартқожа»,  Сәбит  Мұқановтың  «Ботагөз»  және  т.б.  қаламгерлердің 
романдарында бұл ерекшелік айрықша байқалады.  Жазушылардың өздеріне 
тән ұлттық діл дүниетанымы әрине, көркем шығармаларындағы мазмұн мен 
пішін поэтикасы заңдылығымен қамтылғандығын көреміз. 
 
 
 
 

79 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Әйтімов М.К. Қазіргі қазақ романдарындағы ұлттық сипат 
 
 
Қазіргі  қазақ  романдарындағы  ұлттық  сипаттың  бейнеленуі  – 
классикалық  әдеби  үрдіс  жалғастығының  көрінісі.  Әсіресе,  XX  ғасырдың 
соңғы  ширегінде  және  XXI  ғасырдың  бас  кезінде  жазылған  романдарда 
ұлттық сипаттың бейнеленуі белсенді, көрнекті орын алуымен ерекшеленеді. 
І.Есенберлиннің  «Мұхиттан  өткен  қайық»,  Б.Тілегеновтің  «1986  жыл», 
«Тұйық  өмірдің  кұпиясы»,  Р.Тоқтаровтың  «Абайдың        жұмбағы», 
М.Шахановтың  «Желтоқсан  эпопеясы»,  Т.Ахметжанның  «Ақиқат  жолы»,   
С.Елубайдың  «Ақ  боз  үй»,  Д.Досжановтың  «Ақ  орда»,  «Алаң», 
С.Досановтың  «Ұйық»,  «Қылбұрау»,  Ғ.Құлахметтің  «Үйірі  жоқ  көкжал» 
және  т.б.  романдарда  өмірлік  және  тарихи  шындық  сабақтастығын  негізге 
ала  ұлттық  сипатты  бейнелейтін  көркемдік  шешім  ерекшеліктері  әдеби 
үдерістің халықтық тұғырнамасын нығайта түсті. 
Профессор  Т.Сыдықов  тарихи  тақырыптағы  қазақ  романдарындағы 
ұлттық сипатқа байланысты ғылыми байыптайды: 
«Қазақ  тарихи  романдарынан  ұлттық  салт-сана,  әдет-ғұрыптың  небір 
тұрлаулыларын  кездестіреміз.  Қазақтың  салт-сана,  әдет-ғұрпы  –  атадан 
балаға  қалған  асыл  мұрасы,  бүгінгі  соның  жетілген  формасы.  Олардан 
бүгінгі  ұрпақ  өткен  дәуірлердің  қоғамдық  құрылысын,  тұрмыстық-
моральдық  нормаларын,  экзотика,  этнографиясын  танып-білуге,  үйренуге, 
мүмкіндік табады» [3.10]. 
С.Елубайдың  «Ақ  боз  үй»  роман-трилогиясында  қазақтың  ұлттық-
этнографиялық 
діл 
болмысының 
ата-бабалық 
дәстүрлі 
мәдениет 
ерекшеліктері мол қамтылған. Роман-трилогияның басталуынан аяқталуына 
дейінгі  идеялық-композициялық  желіде  қазақтың  көшпелі  тұрмысындағы 
өмірлік  шындық  көріністері  табиғи  шынайылығымен  берілген.  Алғашқы 
кітабының  «Ақ  боз  үй»  аталуы  да  трилогияның  ортақ  атауы  болған. 
Романның басталуындағы пейзаждық суреттеу мен этнографиялық бейнелеу 
тұтастығы  эпикалық  күрделі  шығарма  композициясының  идеялық, 
поэтикалық мегзеулі мағыналық бағдарын да айқындайтындай әсер береді: 
«Елсіз  жым-жырт  бос  жатқан  құла  түз.  Көз  байланып,  қараңғы  үйіріле 
бастаған.  Қадау-қадау  қалқиған  сирек  бұталар.  Ымырт  көрпесін  үстіне 
тартып, жай созылған кең сахара бейбіт ұйқыға бой ұсынған шақ. Төңіректі 
қоршап,  қоймалжың  ұйыған  осынау  тыныштықты  сәл  дір  еткізе  елеңдетіп, 
әлден  уақытта  әрегірек  қалтарыстан  сыңғыр  етіп  тұншығып  қоңырау  үні 
естілді.  Түн  ішінен  құмығып  талып  жетті.  Көп  ұзамай  қоңырау  ашық 
сыңғырлап, жақындай берді. Түйелері шұбап тізіліп, түн ішінде келе жатқан 
керуен шалынды. Ауыр жүк тиелген атан, нарлар. Үнсіз жолаушылар. Түйе 
мойындарындағы  жез  қоңыраулар  жүріске  бір  ырғақпен  тербетіліп  сыңғыр 
қағады. Шертпе күйдей жаяу қоңыр әуен таратады. Тыныш кештің шырқын 
бұзбай осынау бейуақ сәттің тылсым кейпіне әдемі үйлесіп жарасатындай. 
Керуен  көп  ұзамай  жолдан  шықты.  Құмсақ  шағылға  іркілді.  Түйелерін 
шағын алаңға айналдыра шөгеріп, ортаға қапшық, қоржын жүктерін түсірді 
[4.6]. 
 
 

80 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Әйтімов М.К. Қазіргі қазақ романдарындағы ұлттық сипат 
 
 
Романның  «Құдық  басында»  тақырыбымен  басталған  осы  алғашқы 
бөліктің жоғарғы жағында орналасқан эпиграфтың «... Қаратаудың басынан 
көш  келеді,  көшкен  сайын  бір  тайлақ  бос  келеді»  («Елім-ай»)  жолдары  да 
шығарманың  қазақ  тағдырының  тарихи-поэтикалық  баламалаумен  романға 
желі  болғанын  аңғартады.  Бұл  –  мыңжылдықтар  бойы  кең  байтақ  Тұран 
кеңістігін, Алаш жұрты мекендеген атақоныстар бойынша дамылсыз көшкен 
қазақ ұрпақтарының тарихи тағдырының поэтикалық баламалы көрінісі. 
XX  ғасырдың  алғашқы  ширегінің  аяғына  таман  қазақ  халқын  осындай 
үдере  көшу,  ауу,  босу  дүрбелеңіне  ұшыратқан  Ресейдегі  Ақпан,  Қазан 
төңкерістерінің, ақ пен қызыл болып майдандасқан азамат соғысының, мал-
мүлкін тәркілеудің зобалаңдарынан әбден қажыған, сүргінге ұшыраған қазақ 
халқының  сергелдең  жағдайы  осындай  үздіксіз  жосыған  көш  керуендердің 
қозғалыстары жағдайында бейнеленген. 
Қазақ  көші  –  халқымыздың  ұлттық-этнографиялық  болмысының  ата-
бабалардан  сақталған  ғажайып  үлгісі.  Бірыңғай  көшпелі  ауылдар  жылдың 
барлық мезгілдерінде де көшіп жүрген. Ал, жартылай отырықшы, жартылай 
көшпелі  тұрмыс  жағдайында  қысқы  қоныстар  мен  жазғы  жайлаулар 
арасындағы  көшу  керуендерінің  де  тұрмыстық-әлеуметтік  мәні  маңызды 
болған.  Қазақ  көшінің  сән-салтанаты  фольклор  мұраларында  («Қыз 
Жібектегі»  Сырлыбай  хан  елінің  көш-керуені,  т.б.)  да,  классикалық  жазба 
әдебиет  шығармаларында  («Абай  жолы»  роман-эпопеясында),  т.б.  да 
ұлттық-этнографиялық сипатымен бейнеленумен келеді.  
Энциклопедиялық анықтама бойынша: «Киіз үй, қазан-ошақ және басқа 
да қажетті үй мүліктерін артқан шұбатылған көлік тізбегін көш деп атайды. 
Оны  қысқы,  жазғы  жайылымдарды  жүйелі  пайдалану  үшін  көшбасшы 
ұйымдастырып басқарған. Көш көліктері алдын-ала дайындалған. Науқанды 
жыл  мезгілдеріне  орай  оны:  көктеуге,  көшу,  күзеуге  көшу,  қыстауға  көшу 
деп  атайды.  ...  Көштен  қазақ  халқының  аспан  әлемі  туралы  түсініктері  мен 
байырғы қазақ күнтізбесі негізінде бағыт-бағдар анықталып отырған. ...Қазақ 
көштері  көптеген  рәміздік  мәні  бар  ырым-жоралғыларымен,  бұлжымай 
сақталатын  тәртібімен,  тәрбиелік-ғибраттық  маңызды  салт-дәстүрлерімен 
өзара біте қайнасқан» [5.54]. 
«Ақ  боз  үй»  романының  композициялық  желісінде  шығарманың 
басындағы  ауылдың  үдере  көшуінің  одан  кейінгі  де  бірнеше  эпизодтары 
суреттелген.  Роман  композициясындағы  бейнеленген  ауыл  көшулерінің 
барлығы  да  заман  зобалаңының  салдары  тұрғысында  көрсетілген.  Роман 
тақырыбы  етіп  алынған  «Ақ  боз  үй»  тіркесінің  де  поэтикалық  астарлы 
мағынасы  –  киіз  үйлі  қазақ  ауылдарының  көркем  шындықпен  жинақталған 
ортақ  атауы.  Ақ  боз  үй  –  қазақ  халқы  ұғымының  көркем  жинақталған 
поэтикалық атауы. 
 
 
 
 
 

81 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Әйтімов М.К. Қазіргі қазақ романдарындағы ұлттық сипат 
 
 
Романның  басталуындағы  қазақ  ауылының  үдере  көшуі  қат-қабат, 
қарбалас,  аласапыран  оқиғалар  арқылы  одан  әрі  шиеленісе  өрби  түседі. 
Ұлттық-этнографиялық  сипаттың  арқауы  болған  тарих  керуеніндегі  қазақ 
көштері  арқылы  зар  заман  қасіреттеріне  ұшыраған  халық  күйзелісін 
елестетеміз.  Мысалы,  роман  тарауларындағы  кеңес  заманы  ылаңына 
ұшыраған  қазақ  тағдыры  ауылдардың  көшіп-қонған  беймаза  күй  кешкен 
оқиғаларымен 
дамытыла 
баяндалған, 
реалистік 
шыншылдықпен 
бейнеленген. Мысалы: 
1.  «Өкімет  адамдарының»  қарасы  үзілісімен  ауыл  опай-топай  үйлерін 
жығуға кірісті. Бала жылап, ит үріп, түйе бақырып, азан-қазан болып жатыр. 
... Шай қайнатым уақыт ішінде дауылмен араласып дүрліккен ауыл жүктерін 
түйелерге артып та тастады. 
Бұлыш қара арғымағын текіректетіп жолға түсті. Соңынан тізіліп салқар 
көш  қозғалды.  Көзді  буған  қым-қиғаш  шаңыт  әлі  ұлып  соғып  тұр.  Көп 
сексеуілді,  аракідік  жайдақ  құмсақ  адырмен  күнбатысты  оң  шекеге  ала 
отырып, кіші бесін шамасында бір ескі молаға тұмсық тіреді. ... 
...Кіндік  қаны  тамған  жеті-ата  жұртпен  ауыл  осылай  жаназаға 
жиналғандай жылап-сықтап қоштасты. 
Батар күнді бағытқа алып көш тағы салдыртып кетті» [4.97-98]. 
Романның  идеялық  желісінде  тұтас  ауыл  адамдары  да,  кейде  жеке 
отбасылар  да  қазақ  көші  ұғымы  аясында  бағаланады.  Замананың 
зобалаңдарынан  зар  илеген  тұтас  бір  халықтың  тағдыры,  әрине,  жеке 
отбасыларының  тұрмыстық-әлеуметтік  жағдайы  арқылы  да  поэтикалық 
балама тұрғысында алынады. 
Кеңес  үкіметінің  құрсауына  түскісі  келмей  үдере  көшкен  қазақ 
ауылдарын  жазалаушылар  қарулы  жасақпен  бөгейді,  қарсыласқаны  үшін 
пулеметпен  қырады.  Осындай  қанды  оқиғадан  кейінгі  ауыл  көшінің 
бейнеленуі де қазақ тағдырының қайғылы кезеңі шындығын дәл елестетеді: 
«Ойпаңның батыс тұсынан құм арасынан шұбатылып көш шықты. Алқа-
салқа  көш.  Жылап-сықтаған  қатын-қалаш  дауысы.  Көшпен  қабаттасып 
жапырлап жаяулар, оған іле-шала топырлаған аттылар. Жүк артқан түйелер, 
айдаған мал, ойпаңға нөпірлеп шаңытып құлады. 
Күн  ысуы  қайтты-ау  деген  шамада  көш  жолға  шықты.  Кешегі  келген 
іздерімен кейін елге бет түзеді. Көштің дені әйел, бала-шаға, кемпір-сампыр. 
...Мана,  көш  қаша  бытырап  құмға  кіргенде  бір  жалғыз  үйлі  көш  жылға-
жылғаны қуалап бөлек кеткен. Бұл көш Балқияныкі еді» [4.109]. 
Қазақ ауылдарының үдере көшіп көрші мемлекеттерге қарай қашқаны – 
өмірлік  шындық.  Ал,  тарихи  шындық  поэтикасы  бойынша  сол  оқиғалар 
арнасындағы  халық  рухының  бостандықты  аңсаған  ата-бабалық  көзқарас 
сарындары  айқындалады.  Ал,  жалпы  адамзаттың  гуманизм  парасаты 
тұрғысынан алғанда адамдардың мыңжылдықтар бойы қалыптасқан ұлттық-
этнографиялық  дәстүрлеріне,  дүниетанымына  көлденең  киліккен  жат 
ықпалдардың, зобалаңдарының да жөнсіздігін сезінеміз. Адамдардың туған  
 
 

82 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Әйтімов М.К. Қазіргі қазақ романдарындағы ұлттық сипат 
 
 
топырағындағы,  ата  жұртындағы  өзіндік  өмір  салтына  көлденең  киліккен  
ықпалдарға  бағынғысы  келмей,  сол  жамандықтардан  көшіп  қашып 
құтылғысы  келіп  талпынулары  да  табиғи  заңдылық  қатарында  танылады. 
Жазалаушылардың  қаша  көшкен  ауылды  бөгеген  қырғынынан  сытылып 
шыққан жалғыз  үйдің де  тағдыры қазақ  тарихындағы  өмір шындығына  сай 
бейнеленген: 
«Жалғыз көш құм ішін көп шарлады. Алғаш арттан қуғын-сүргін бола ма 
деп беталды қашты. Қуғын-сүргін болмады. Содан бағытын шығысқа таман 
өзгертіп күн-түн демей үдере тартты. Жал-жал құмдар таусылмады. Екі күн 
жүріп үшінші күн дегенде құм арасында бір жасыл жантақты шырмауықты 
шұқырға кезікті.  Көш  кідірді.  Жүктерін  түсіріп, екі  түйе,  бір  ботаны,  тұсап 
жантаққа  жіберді.  Екі  көлік  аттың  да  ер-тұрмандарын  сыпырды.  Көштегі 
адам саны да екеуі еді. Бір еркек, бір әйел» [4.117]. 
Қазіргі  қазақ  романдарындағы  халық  тарихындағы  қайғылы,  қасіретті 
кезеңдеріндегі  ұлттық-этнографиялық  дәстүрлерді  де  уақыт  шындығы 
оқиғаларымен  сабақтастыра  өреді.  Қазақтың  кең-байтақ  даласының,  тез 
жиналып, жылдам көше жөнелетін киіз үйлі тұрмысының бостандығын бала-
шаға,  төрт-түлігі  амандығын  ойлап  басқа  өлкелерге,  бейтаныс  мекендерге 
үдере көшіп тартып кететін ата-бабалық көңіл-күй психологиясы, т.б. бәрі де 
ұлтымыздың  сақталуына  себеп  болғандай  әсер  береді.  Қаншама  жат 
ықпалдар,  басқыншылықтар,  отарлау  озбырлықтары  дендеп  кіріп,  жалпақ 
қазақ  даласын  албастыдай  басса  да,  ішкі  діл  рухының  сақталуында  ұлттық 
салт-дәстүрлеріміздің  үздіксіз  жалғаса  сақталуынан  екендігін  романдар 
поэтикасы жүйесінен аңғарамыз. 
«Ақ 
боз 
үй» 
роман-трилогиясының 
композициясында 
қазақ 
тұрмысындағы  салт-дәстүрлер  сюжеттік  желілердегі  әр  түрлі  оқиғаларда 
бейнеленген.  Қайны  мен  жеңешесінің  ойыны  (Ждақай  мен  Балқия), 
оқымысты  жыраудың  толғау-термелері  мен  дастандары  (Лабақ  ахун  өнері), 
тұрмыс  қыспағы  салдарынан  өзара  тең  емес  адамдарды  атастыру  (Хансұлу 
мен  Қозыбағар),  қыз  ұзату  тойына  әзірлік,  той  мерекесі  кезіндегі  «Той 
тарқар»,  «Қыз  қашар»,  «Жар-жар»,  «Қызды  жөнелту»,  «Сыңсу»,  «Жаулық 
салу»,  «Беташар»,  «Неке  қию»  рәсімдері,  көшіп  жеткендегі  жазғы  жайлау 
көріністері,  құрбан  айты  кезеңдеріндегі  қазақ  дастарханының,  киіз  үйінің 
салтанаты,  қонаққа  төсек  салатын  қазақ  рәсімі  және  сол  сәттегі  қонақтың 
сыртқа шығатыны, қазақ қонағының түнде сол үйдегі қызға, не әйеліне көңіл 
білдіретіні  (Бұқарбайдың  Нарқызға  көңіл  білдіргені),  қыз  алып  қашу 
(Шегенің Хансұлуды алып қашқаны) және т.б. қазақтың тұрмыс-салтындағы, 
көшпелі  қарым-қатынастар  жүйесіндегі  ғасырлар  бойы  жалғасып  келе 
жатқан әдеттер, дағдылар оқиғалар желісінде үйлестіріле бейнеленген. 
Қазақ  тарихының  әр  түрлі  кезеңдеріндегі  тұрмыстық-әлеуметтік  өмір 
шындығының  нақты  көрсеткіштері  –  халық  тілі  қолданыстары.  Қазіргі 
қазақ   романдарында   жазушылар    халық    тілінің    кезеңдердегі     басым  
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Әйтімов М.К. Қазіргі қазақ романдарындағы ұлттық сипат 

83 
 
 
 
қолданылғандарын  авторлық  эпикалық  баяндаулары  мен  бейнелеулерде, 
кейіпкерлердің  монологтары  мен  диалогтарында  поэтикалық  үйлесіммен 
қолданады. С.Елубайдың «Ақ боз үй» роман-трилогиясында да шығарманың 
ұлттық-этнографиялық  сипатын  даралай  түсетін  лексикалық  мағыналары 
көркемдік-эстетикалық қызмет атқарған байырғы сөздер мол қолданылған. 
Қорыта  айтқанда,  қазіргі  қазақ  романдарының  ұлттық-этнографиялық 
сипаты сөз өнері туындыларындағы поэтикалық ерекшеліктердің танымдық 
тағылымын  тереңдете  түсуде.  Ұрпақтарды  қазақы  ұлттық  рух  қуатымен 
тәрбиелеуде мұндай көркем туындылардың маңызы мәңгілікке жалғасады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1.
 
Қабдолов З. Сөз өнері: әдебиет теориясының негіздері. -Алматы: Мектеп, 1983. 368 б. 
2.
 
Әдебиеттану  терминдерінің  сөздігі  /  Құрастырғандар  З.Ахметов,  Т.Шаңбаев.  -Алматы:  Ана  тілі, 
1996. 240 б. 
3.
 
Сыдықов Т. Қазақ тарихи романының көркемдік тіні. -Алматы: Ер-Дәулет, 1996. 164 б. 
4.
 
Смағұл Елубай. Ақ боз үй. Трилогия. -Алматы: Жазушы, 2005. 528 б. 
5.
 
Қазақстан Ұлттық энциклопедия.  -Алматы:  «Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2003. Т.5. 
720 б. 
  
 
  
 

84 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
С.Б.БЕЙСЕМБАЕВА  
 филология ғылымдарының кандидаты 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
ДЫБЫСТЫЌ ЌҰБЫЛЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЫМ 
ТІЛІМЕН БАЙЛАНЫСЫ 
 
В  данной  статье  рассматриваются  явления  звукового  характера  и  их  связь  с  жестово-
мимической коммуникацией. 
 
This  article  deals  with  phenomena  of  sound  character  and  their  connection  with  gesticulation  and 
face expressions. 
 
Біздіњ єрќайсымыз да белгілі бір тілдерді ‰йренгенбіз. Біз ана тілімізді, 
шет  тілін  ‰йренсек,  кµп  адамдар  баѓдарламалау  тілдерін,  µзгелері 
халыќаралыќ  эсперанто  тілін  ‰йренеді.  Алайда  таѓы  да  бір  жалпыѓа 
т‰сінікті тіл бар, б±л – ым, ишара, мимика мен дене ќимылдарыныњ тілі – 
“body language”. 
Соњѓы  кездердегі  ќазаќ  тіл  біліміндегі  лингвистикалыќ  зерттеулерде 
ќатынастыњ  тілдік  емес  ќ±ралдары  мєселесі  жиі  кµтеріліп  келеді.  Б±л 
таќырып ќазаќ ѓалымдары ‰шін тыњ таќырып емес. ¤з кезінде б±л мєселеге 
ќазаќ  ѓалымдарыныњ  кµпшілігі  де  соќќан.  Кейбір  бейвербалды 
элементтердіњ 
сипаттамасын 
Ш.Уєлиханов 
ењбектерінің 
өзінде-аќ 
кездестіруге болады. Мысалы: “тєжім ету - коленопреклонение” [1.152]. 
Кейінірек  М.М.М±ќанов  ишара  мен  бейвербалды  белгіге  аныќтама 
беруге  талпыныс жасады,  сонымен бірге бейвербалды  сипаттаѓы  28 белгіге 
сипаттама  беріп,  топтаѓан.  ¤з  зерттеуініњ  µзектілігін  атай  келе,  ол  “Єрине, 
б±л белгілерді зерттеу ќандай да бір пайда алу маќсаттарын кµздемейді, біз 
оларды  пайдалану  ‰шін  зерттемейміз.  Дегенмен  осында  келтірілген 
белгілер  бізге  сондайлыќ  аян,  біраќ  осы  к‰нге  дейін  ешкім  сипаттамаѓан. 
Оныњ  ‰стіне  олар  ќазір  к‰ннен-к‰нге  жоѓалып  барады.  Сондыќтан 
адамдар  арасындаѓы  ќатынас  жасау  ќ±ралдарыныњ  дамуыныњ  осындай 
тарихи  штрихтарын  есте  саќтау  м‰ддесі  алѓа  шыѓады  (б±л  µз  кезегінде 
коммуникацияныњ  б±рынѓыдан  дєлірек  теориясын  жасауѓа  кµмектеседі). 
Сонымен ќатар б±л баѓыттаѓы ізденістер б±рынѓы ишара-белгілердіњ ќалай 
µзгеріске  ±шырайтыны  мен  Шыѓыстыњ  ертеде  ќаналѓан  халыќтарыныњ, 
оныњ  ішінде  ќазаќтардыњ  µміріндегі  ±лы  тарихи  µзгерістерге  байланысты 
жањаларыныњ  пайда  болуын  аныќтауѓа  жєрдемдесуі  керек”  [2.117].  Б±л 
ж±мыста паралингвистикалыќ элементтер тарихи т±рѓыда ќарастырылады. 
Ишараларды  µнер  компоненті  ретінде  ќарастырѓан  С.С.Татубаевтыњ 
зерттеу ењбегін де назардан тыс ќалдыруѓа болмайды [3]. 
Ќазіргі  уаќытта  ќатынастыњ  бейвербалды  компоненттері  ќазаќ  тіл 
білімінде  зерттеу  нысанына  айналды.  Б±л  мєселені  µздерініњ  зерттеу 
ењбектерінде К.Ш.Ќажыѓалива , А.Д.Сейсенова, Ж.К.Ибраева, т.б. сµз еткен. 
Тілдік  ќатынас  –  µз  маќсаты  ‰шін  алуан  т‰рлі  аќпарат  беру 
каналдарын  ќолданатын  кµпќырлы  ќ±былыс.  Ќазіргі  тањда  сµйлесудіњ 
сєйкесінше  вербалды    жєне    бейвербалды    ќ±ралдары    бар      ольфакторлы   
(арабтардыњ  
 

85 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Бейсембаева С.Б. Дыбыстыќ ќұбылыстар және олардың ым тілімен байланысы 
 
 
тілдесуінде  ќолданылады,  тілдесушілер  коммуникация  арќылы  бір-бірініњ 
аузынан иіс сезуге тырысады), тактильді (кейбір африкалыќ тайпалардыњ 
ќатынастарында  кездеседі,  оларда  сµйлесушілер  бір-бірініњ  ќолдарынан 
±стап  немесе  аяќтарын  айќастырып  т±ру  ќабылданѓан),  кµру  жєне  есту 
каналдары мєлім.  
Біздіњ  ќоѓамымыз  ‰шін  ќатынастыњ  есту  жєне  кµру  каналдары  тєн. 
Кµру  каналы  сµйлесушілердіњ  бірі  алѓашќы  сµзді  айтпастан  б±рын  іске 
ќосылады.  Тілдік  ќатынасты  бастамай  т±рып  сµйлесушілер  бір-бірі  туралы 
олардыњ эмоциялыќ к‰йлерінде негіз ретінде кµрініс беретін алѓашќы єсер, 
пайым  алады.  Тілдік  ќатынасты  бастап  сµйлесушілер  кµру  арнасына  есту 
арнасын  ќосады,  ол  наќты  жаѓдайѓа  байланысты  тілдік  ќ±ралдардыњ 
лайыќтысын  тањдай  отырып  тілдік  жєне  тілдік  емес  ќ±ралдарды  жеке-дара 
немесе бірлікте ќолдануѓа м‰мкіндік береді.  
Ќазіргі  психологтардыњ  зерттеуінше,  адамдардыњ  ќарым-ќатынас 
процестерініњ 60-80%-ы  бейвербалды ќ±ралдардыњ есебінен, тек 20-40%-ы 
ѓана вербалды ќ±ралдардыњ кµмегімен ж‰зеге асады.  
Дєл  осы  мєліметтер  б‰гінде  кµптеген  лингвистерді  бейвербалды 
компоненттердіњ  ќарым-ќатынас  психологиясы  мен  адамдардыњ  µзара 
т‰сінісулері  ‰шін  ќаншалыќты  мањызды  екені  жµнінде  ойлануѓа 
мєжб‰рлейді.  Зерттеушілер  ерекше  назарды  адамныњ  ишара  мен 
мимикасына  аударады.  Осыѓан  байланысты  осы  ерекше  тілді  – 
коммуникация  процесінде,  кµп  жаѓдайда  еріксіз  т‰рде  ќатысатын  дене 
ќимылдарыныњ тілін пайымдау µнерін зерттеу ќажеттілігі пайда болады.  
Кейде  т‰рлі  каналдардан  (вербалды  жєне  бейвербалды)  алынѓан  бір 
ѓана  аќпараттыњ  мазм±нында  белгілі  бір  ќайшылыќтар  болады.  М±ндай 
жаѓдайларда  аќпарат  сенімсіздік  сезімін  тудырып,  сенімніњ  психикалыќ 
с‰згісінен  µте  алмайды.  Дене  ќимылдары  тілініњ  ерекшелігі  олардыњ 
біздіњ  санамыздыњ  ќатпарларыныњ  импульстары  негізінде  кµрініс 
беретіндігі  болып  табылады,  жєне  де  осы  импульстарды  жасанды  т‰рде 
шыѓару  м‰мкіндігініњ  болмауы  ќатынастыњ  єдеттегі  вербалды  каналынан 
осы тілге кµбірек сенім білдіруге м‰мкіндік береді. 
А.Пиздіњ  айтуынша,  Альберт  Мейербан  аќпараттыњ  берілуі  вербалды 
ќ±ралдар арќылы  (тек сµздер) 7%, дыбыстыќ ќ±ралдар арќылы (дауыстыњ 
тонын,  екпінін  ќоса  алѓанда)  35%,  бейвербалды  ќ±ралдар  есебінен  55% 
ж‰ретінін аныќтаѓан. 
Профессор  Бердвисел  адамдардыњ  ќатынасындаѓы  бейвербалды 
ќ±ралдардыњ ‰лесіне ќатысты осындай зерттеу ж‰ргізді. Ол адам орташа 
есеппен к‰ніне тек 10-11 минут ќана сµздермен сµйлейді жєне єрбір сµйлем 
2,5 секундтан кµп уаќыт алмайды деп т±жырымдады. Мейербан секілді ол да 
сµздік ќатынас єњгіме барысында 35%-дан кемірек ќана орын алатынын, ал 
аќпараттыњ  65%-дан  астамы  бейвербалды  ќ±ралдардыњ  кµмегімен 
берілетінін аныќтады. 
 
 
 

86 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет