Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


means of  innovative technologies



Pdf көрінісі
бет30/47
Дата12.02.2017
өлшемі3,7 Mb.
#3948
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47

means of  innovative technologies. 
  
Бүгінгі  таңда  ауыл  мектептері  оқушыларының  салауатты  өмір  сүру 
дағдысын қалыптастыру жолдарын іздестіру көкейкесті мәселенің бірі. 
Ауыл  мектептері  оқушыларының    бойында  салауатты  өмір  сүру 
дағдысын  қалыптастыру  жолдарын  анықтау  мақсатында,  осы  саладағы 
маман,  ғалым  және  педагогтардың  еңбектеріне  талдау,  шолу  барысында 
оқушының бойында дене мүшелерінің салауатты дамуын, сәтсіз жағдайларда 
олардың  алғашқы  медициналық  көмек  көрсету  ептіліктерін,  дербес 
салауаттылықты валеологиялық ережелер мен нұсқаулар негізінде жетілдіре 
алу  ерекшеліктерін,  өз  бойындағы  дене  және  психосаматикалық 
компоненттерінің  ауытқуларын  уақытысында  сезіне  білу  ерекшеліктерін 
негізгі мәселе деп алдық. Сол сияқты денсаулығын сақтау, түзету, арттыру, 
жетілдіруде  жанұяның,  мектеп  ұжымының,  қоршаған  ортаның,  ата-ананың, 
оқушының өзінің рөлінің басым екендігі анықталды [1].  
Ауыл  мектептері  оқушыларының    қиын,  күрделі  жағдайларда  алғашқы 
медициналық көмек көрсету ептіліктерін, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі жүйелеу 
ептіліктерін қалаптастыру маңызды. 
Ауыл  мектеп  оқушыларының  бойында  салауатты  өмір  салтын  білім, 
ептілік, дағды, іс-әрекет деңгейінде қалыптастырудың жекелей мазмұндарын 
аша  отырып,  міндеттемелерін  анықтау  қажет.  Алайда,  біздің  көзқарасымыз 
бойынша,  оқушыларды  эмоционалды-жігерлі  тәрбиелеу    дұрыс.  Мысалы: 
таза,  ұжданды  болуға  ұмтылу,  лас,  жатсыз  әдеттерге  бой  бермеу  (темекі 
шегу,  ішімдік,  нашақорлық,  жыныстық  қатынастар),  қоршаған  ортаның 
өнегесіз және заңға қарсы істеріне қарсы тұруға тәрбиелену.   
«Салауатты өмір салты» түсінігін былайша бөліп көрсетуге болады: 
-  Салауатты  өмір  салты  –  бұл  денсаулық  мәселесіне  адамның  алдына   
қойған  мақсаттарына қол жеткізудің нақты мүмкіндіктері сияқты,    әртүрлі 
факторлардың әсері болатын өмір сүру барысында қалыптасқан көзқарастар 
жүйесі; 
-  Салауатты  өмір  салты  –  адамның  өзінің  шығармашылық  деңгейін  сол 
немесе басқа қырынан жүзеге асыруға мүмкіндік беретін адамның өндірістік
тұрмыстық және мәдени жақтарын  ұйымдастыру тәсілі; 

237 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Данияров Т.А. Ауыл мектептері оқушыларының салауатты өмір сүру дағдысын инновациялық... 
 
 
-  Салауатты  өмір  салты  –  денсаулық  туралы  белгілі  бір  әлеуметтік 
және 
тарихи 
көзқарас, 
сондай-ақ, 
өмірдегі 
тәжірибеге 
оны 
интеграциялау құралдары мен әдістері; 
-  Салауатты  өмір  салты  –  адамның  күнделікті  өмір  сүруінің  түрлі    
тәсілдері, олар организмнің резервтік мүмкіндіктерін нығайтады, биіктетеді 
және  адамның  экономикалық  және  психологиялық  жағдайларында  өзінің 
әлеуметтік және кәсіптік қызметін табысты атқаруды қамтамасыз етеді. 
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен, оқыту 
процесінде  жүзеге  асырылады.  Заманауи  педагогикада  оқыту  процесі 
оқушыны    білмегеннен  білуге  және  мұғаліммен  бірлесе  отырып      сәйкес 
ептілік пен дағдыға    үйрету, оқыту ретінде  қарастырылады. Оқыту процесі 
әртүрлі  педагогикалық  технологиялар  негізінде,  яғни,  осы  процесті  едәуір 
тиімді  де  нәтижелі    ететін  оқушы  мен  мұғалімнің  күш-жігерін,  уақытын, 
денсаулығын  жұмсаудағы  әдістер  мен  тәсілдердің  жиынтығы  негізінде 
құрылады [2]. 
Cалауатты  өмір  салтын  дәріптеу  туралы  сөз  болғанда  ең  алдымен 
денсаулық  сақтау  технологиясы  туралы  айтылуы  керек.  Әдебиеттердегі 
талдау,  шолудан  байқағанымыз  оқу  құралдарында  осындай  ұғым  анық 
көрсетілген,  оқу  материалы  педагогикалық  процестің  ерекшеліктерімен 
ұштастырылған. 
Осы  айтылған  мәселелерден  анықтағанымыз  салауатты  өмір  салтын 
инновациялық  технологиясы  арқылы  қалыптастыру,  жетілдірудің  ғылыми 
негіздері толық зерттелмегені байқалды. 
Педагогикалық  технология  дегеніміз  педагогикалық  процесс  пен  оған 
қатысушылар  іс-әрекетінің  құраушы  кезеңі,  күйлері  арасындағы  өзара 
байланысты бірізді және үздіксіз қозғалысы.   Оқыту  технологиясы  біздің 
көзқарас 
бойынша, 
үйренушілердің 
кәсіби 
маңызды 
қасиеттерін 
қалыптастыруға және дамытуға бағытталады.  
Сонымен,  біздің  тұжырымдамамыз  бойынша  педагогикалық  технология 
дегеніміз  –  ол  ортаға  сәйкес  оқыту  формаларының,  әдістері  мен 
құралдарының біртұтас жүйесі, сондай-ақ  осы жүйені ғылымға негізделген 
дидактикалық үдерісте жүзеге асыру үшін, меңгерілетін пәннің ерекшелігіне 
сәйкес нәтижеге жеткізудегі теория мен практикада пайдалану механизмі. 
Сонымен,  педагогикалық  технология  тұлғалық,  жүйелілік  және  іс-
әрекеттік қатынастарды жүзеге асыру негізінде құралады. 
Ұсынылған анықтамаларда педагогикалық технологияны оқытудың түрі, 
құралы  және  әдісі    деген  жалпы  ортақ  пікірді  аңғару  қиын  емес,  оларды 
мұғалім  өз  жұмысында  білім  берудің  оптималды  нәтижелеріне  қол  жеткізу 
үшін қолданады. Инновация технологиясы формалардың, құралдардың және 
әдістердің  жиынтығын  көрсетеді,  олар  адамның  дене,  психикалық,   
адамгершілік    және    әлеуметтік     жетістігін     қолдаудағы 

238 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Данияров Т.А. Ауыл мектептері оқушыларының салауатты өмір сүру дағдысын инновациялық... 
 
 
оптималды  нәтижелерге  қол  жеткізуге  бағытталған.  Инновациялық 
технологиясында    тұжырымдылық,  жүйелілік,  тиімділік  маңызды  болып 
саналады.  Инновация  технологиясы  жүйе  ретінде  біздің  пікірімізше,  өзара 
байланыстылықты 
жоспарлауды 
және 
жобалауды, 
мұғалім 
мен 
оқушылардың  біріккен  қызметін  ұйымдастыруды,  алға  қойған  мақсаттарды 
нәтижелі  шешу  барысындағы  оқыту  мен  тәрбиелеудің  құралдары  мен 
әдістерін түрлендіруді білдіреді. 
Мектеп  оқушыларының  психофизиологиялық,  жас  ерекшелікетерін 
есепке ала отырып инновациялық  технологиясы ұсынылды. 
Жас  ерекшелікті  психология  мен  педагогика  саласы  мамандарының 
анықтауынша,  жоғарғы  сыныпта  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру 
ерекше мәнге ие. Осы жаста дене, жыныстық, психикалық жетілу кезеңдері 
аяқтала  бастайды.  Өнегелік  сапа  ерекшеліктері  мен  әлемтану  процестері 
қалыптасады.  Жоғарғы  сынып  оқушыларының  бойында  «ересек» 
ерекшеліктері,  қасиеттері  дамиды.  Тұтынушылық  пен  мүмкіншіліктері 
арасында  қақтығыстар,  келіспеушіліктер  көрініс  табуы  мүмкін.  Жас 
жеткеншектер мен ересектер арасындағы қарым-қатынастардың, күрделілігі, 
бір  жағынан  жас  адамдардың  дербестікке  ұмтылуы  болса,  өзге  жағынан 
өмірлік  мәселелерді  шешуде  ересектерден  көмек  күтуі.  Осы  шарттарда 
салауатты өмір салтын қалыптастыру, арнайы әдіс-тәсілдерді инновациялық 
технологиясы ретінде талап етеді [3]. 
Ауыл  мектептерінің  оқушылардың  салауатты  өмір  салтын  инновация 
технологиясы 
арқылы 
қалыптастыру 
жүйесі 
тарауында 
алдымен 
оқушыларды әлеуметтік жат әдеттерден арылтудың әдістемесі талқыланады. 
Онда  өсімдіктану,  биология,  жануартану,  тәнтану,  валеология  сияқты  әр 
сыныптардағы  пәндердің  оқушылардың  салауатты  өмір  сүру  дағдыларына 
әсер ету әдістері қарастырылады. 
Қорыта келе ауыл мектептері жағдайында бүгінгі оқушыларды салауатты 
өмір  салтын  қалыптастыру  мәселелері  жаңа  оқу-тәрбие  технологиясы 
тұрғысында  қарастырылды.  Шешуін  табу  мәселелері әлі  де  көп  екеніне  көз 
жетізілді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жұмысты белсенді ету //  Валеология, 2006. №2.   
2.
 
Амосов Н.М. Раздумья о здоровье. Толықтырулар енгізілген 3-басылым. -М.: Физкультура и спорт, 
1987. 
3.
 
Ақанов А.А. Қазақстан салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары // Валеология дене тәрбиесі 
спорт. 2004, -№1.   
 
 
 

239 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
Қ.Н.НАЛМИШЕВА 
Қ.А.Ясауи  атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТҮЛКІБАС 
АУДАНЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ КЕЛЕШЕГІ 
 
В  этой  статъе  рассматриваются  проблемы  развития  туризма  в  Тулъкибасском  районе  ЮКО  и 
введение в специальный курс “Туризм и краеведение” в школах и в высших учебных заведениях. 
 
The  article  deals  with  some  problems  of  tourism  development  in  Tulkubass  district  of  South  Kazakhstan 
region.  The  author  of  the  article  suggests  to  include  this  material  into  the  special  course  “Tourism  and 
Ethnography” at schools and higher schools.  
          
2008  жылы  тәуелсіздік  алғанымызға  17-жыл  толды.  Осы  уақыт 
аралығында  біздің  еліміздегі  оң  шешімін  тауып  отырған  мәселелер 
баршылық,  соның  бірі  мектептердегі  және  ЖОО-дағы  білім  беру  
салаларында жалпы міндетті мемлекеттік білім беру стандарты. 
2007 жылы білім берудің “Жаңа Заңы” қабылданды. Бұл ретте география 
пәндерінде  оқушыларды,  болашақ  мамандарды  өз  өлкесі,  туған  жері, 
отанының  келешектегі  мәселелерін  қамтитын,    география  пәндерінің  орны 
ерекше.  Әсіресе  8-сыныпта  Қазақстанның  физикалық  географиясы  пәнінде 
оқушыларды  туған  жерінің,  өз  өлкесінің  әсем  табиғатын  бағалауға,  отан 
сүйгіштікке  тәрбиелеп,  ізденіс  іс-әрекетін  қамтуға  өте  пайдалы.  Сонымен 
қатар  ЖОО  география  мамандықтарында  “Туризм  және  өлкетану” 
Мектептегі “Туризм және өлкетану” курстары негізінде білім ала отырып, өз 
өлкелері  туралы  терең  мағлұмат  алады.  Бұл  курстарды  еркін  меңгерген 
оқушы,  студент  өз  өлкесіне  қажетті  осы  саладағы  білікті  маман  болар  еді. 
Сол  себепті    география  пәні  ұcтаздарына  өз  сабақтарында  пайдалану 
мүмкіндігін  тудырады.  Менің  өлкем  туралы,  ондағы  туризмнің  дамуы  мен 
әсем табиғаты туралы мәліметтерді ұсынғым келеді.      
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру 
жөніндегі  шаралар  туралы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2006 
жылғы    29  желтоқсандағы  №231  Жарлығына  және  Туризм  саласын 
дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ 
туризм 
саласындағы 
мемлекеттік 
саясатты 
іске 
асыру, 
облыс 
экономикасының  маңызды  бір  саласы  ретінде  оны  дамытуға  жағдайлар 
жасау  мақсатында  «Оңтүстік  Қазақстан  облысының  туризмді  дамытудың 
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» жасалған. 
 Оңтүстік  Қазақстан  облысының  шығыс  бөлігін  алып  жатқан  Түлкібас 
ауданының  аумағы  2338  шаршы  шақырымды  құрайды.  Ауданның  63  елді 
мекенінде  94,4  мың  халық  тұрады.  Түлкібас  ауданы  солтүстік  шығысында 
Жамбыл  облысымен,  оңтүстігінде  Төлеби  және  Сайрам  аудандарымен, 
солтүстік  батысында  Бәйдібек  ауданымен  шектеседі.  Ауданның  әкімшілік-
аумақтық құрылымына 13 ауылдық, 2 кенттік округ кіреді. 
Түлкібас ауданының тау-кен және қайта өңдеу өндірісін дамыту, тұрғын-
үй  құрылысы,  сауда,  көлік  және  байланыс,  әлеуметтік  жүйелерін  дамыту, 
ауыл  шаруашылық  өнімдерін  өндірумен  қатар  қазіргі  таңдағы      басым  
бағыттарының  бірі – туризм саласын дамыту болып табылады. Ұлы  
 
 

240 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Налмишева Қ. Н. Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  Түлкібас  ауданында туризмді   дамытудың...   
 
 
Жібек  жолы  кесіп  өтетін  ауданда  Қазақстандағы  үлкен  қорықтардың  бірі 
«Ақсу-Жабағылы»  мемлекеттік  табиғат  қорығы  орналасқан.  Климаты 
жағынан қолайлы, табиғи жағдайы ерекше бай, тарихи-мәдени ескерткіштері 
мол  өлкеде  туризмді  дамыту,  оған  отандық  немесе  шетелдік  инвестиция 
тарту, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін тигізері анық. 
Аудан  көлемінде  туристік  ұйымдармен  бірлесіп  жүмыстар  жүргізіліп, 
ішкі және сырттан келу туризмнің дамуына, капитал жинауға ықпал жасауға 
және оларды туризм саласына жұмсауға, туристік ресурстарды пайдалануда 
тарихи  ескерткіштер  мен  қоршаған  ортаны  қорғауға  бағытталған  шаралар 
жүзеге  асырылды.  Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  Түлкібас  ауданы 
климаты жағынан қолайлы, табиғи жағдайы ерекше бай өлкелердің қатарына 
жатады. 
Түлкібас 80 жылдық тарихы бар Ұлы Жібек жолының бойында, Алатау 
мен  Қаратау  қауышқан  төрінде  орналасқан  көрікті,  табиғаты  бай  өлке. 
Ауданның  территориясында  Тянь-Шань  тауы  қыраттары  мен  Қаратаудың 
бойында орналасқан Орта Азияға белгілі Қазақстандағы үлкен қорықтардың 
бірі  «Ақсу-Жабағылы»  мемлекеттік  табиғи  қорығы  орын  алған.  Қорық 
жерінде  мемлекетпен  ерекше  қорғалатын,  Қызыл  кітапқа  енгізілген,  саны 
азайып  бара  жатқан  табиғатта  сирек  кездесетін  аң  мен  құстардың  сирек 
түрлері  тіршілік  етеді.  Ақсу-Жабағылы  қорығын  қызғалдақтар  әлемі  деп 
атауға  болады.  Олардың  ішінде  әйгілі  Грейг  және  Кауфман  қызғалдағы 
өседі. 
Түлкібас ауданының төмендегі факторлар бойынша туристік мүмкіндіктері 
бар: 

 
Табиғаттың  алуан-түрлілігі; 

 
Климаттық  жағдайының  қолайлылығы; 

 
Ұлы Жібек жолы трассасының өтуі

 
Мәдени-тарихи мұра ескерткіштерінің барлығы; 

 
«Ақсу-Жабағылы» қорығының орналасуы; 

 
Аудан территориясында туристік базалар мен қонақ үйлердің заман 
талабына сай салынуы. 
Осы  орайда  Қазақстанның  егеменді  ел  ретінде  қалыптасуы  барысында 
туристік қызметті реттеу мен халықтың табиғи және мәдени мұрасын қайта 
өркендету,  ұлт  экономикасы  үшін  маңызы  мен  болашағын  қолға  алып 
зерттеу,  көкейтесті  мәселеге  айналып  отыр.  Еліміздің  туризм  саласын 
орнықтырып,  дамытудың  қазіргі  кезеңі  сол  қатынастардың  нысандары  мен 
әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Бұл, әрине мейлінше 
қолдауға  тұрарлық  құбылыс.  Дегенмен,  Қазақстандық  халықаралық  туризм 
саласының  еркін  адымдап  дамуына,  туристік  бизнеспен  байланысты 
қатынастардың пайдалануына кедергі боларлық себептері де жоқ емес. Сол 
себептердің  бірі  туризм  қызмет  саласындағы  бай  тәжірибені  өлшейтін, 
әлемдік  рыноктағы  олардың  маңызын,  ерекшеліктерін  талдайтын 
зерттеулердің тапшылығы. 
 
 
 

241 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Налмишева Қ. Н. Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  Түлкібас  ауданында туризмді   дамытудың...   
 
 
Алға  қойылған  мақсаттарды  іске  асыру  үшін  мынадай  міндеттерді         
шешу   қажет: 

 
туристік қызметті реттеу жүйесін жетілдіру; 

 
туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

 
тартымды туристік объект ретінде ауданның беделін қалыптастыру; 

 
ақпараттық және жарнамалық жүйелерін жетілдіру; 

 
туризм  саласындағы  қызмет  көрсетудің  статистикалық  есебінің  
әдіснамалық халықаралық стандартқа сәйкестендіру

 
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету және 
мәдени мұраны сақтау. 
Қазіргі уақыттағы  Түлкібас ауданындағы туристерге 
үздіксіз қызмет көрсетіп   жатқан нысандары 
Жабағылы ауылында «Дом Жени и Люды» ЖШС қонақ үйі орналасқан, 
онда  30  орынға  негізделген  арнайы  жабдықталған  қонақ  үй,  коттеджі  бар. 
2006  жылы  250  шетел  туристеріне  қызмет  көрсеткен.  Бұл  мекеменің 
интернет жүйесінде сайты бар. 
Сонымен  қатар  осы  ауылда  «Арғымақ»  ЖШС  экологиялық  фирмасы 
қызмет  істеуде.  Бұл  мекеменің  материалдық-техникалық  базасының 
құрамында  «Әсел»  туристік  базасы  қызмет  көрсетеді  және  онда  30  орынға 
негізделген 5 коттеджден тұратын қонақ үй комплексі, кафе, асхана, бассейн, 
туристік  құралдарды  орналастыратын  жай,  медициналық  пункт,  автотұрақ 
қарастырылған. 
Жабағылы  ауылында  «Жабайы  Табиғат»  қоғамдық  бірлестігі  «Бүкіл 
дүниежүзілік даму банкінен» грант ұтып алып, туризм саласын дамытуға өз 
үлесін  қосуда.  Алматы-Самара  автомагистралінің  бойында  жоғары  сапалы 
қызмет көрсету түрлері қарастырылған, «Шақпақ» қонақ үй комплексі 2003 
жылдан  бастап  жұмыс  істеуде.  Машат  шатқалындағы  «Эдем»  және 
«Жерұйық» қонақ үй комплекстері бар. 
Туристік  экономикалық  қызметтің  динамикалық  саласы  бір  жағынан 
тікелей  туристік  қызмет  өндірісіне  басқа  туристік  кешендерді  салуды 
қондырғы,  транспорт  байланыс  өндірісін,  тамақ  өнеркәсібін,  ескерткіш 
бұйымдар,  сыйлықтар,  сувенирлер  жасауда  және  т.с.с.  қамтитын  «туризм 
индустриясы» ретінде қарастырылады. 
Әлемдегі  туризмнің  жаппай  дамуы  туризм  индустриясымен  қосалқы 
шаруашылықтарды ғылым мен мәдениетті білім беру жүйесін тез қарқынмен 
дамытуда.  Осыларды  қорыта  айтқанда  туристік  индустрия  қонақ-үй  мен 
орналастыру,  транспорт  құралдарының  қоғамдық  тасымалдауы,  қоғамдық 
тамақтандыру объектілерімен танымдық, емдік, спорттық, сауықтыру, діни-
мәдени,  іскерлік  және  т.с.с.  ұйымдастырудың,  туроператорлық  және 
турагенттік  қызмет,  сонымен  қатар  туристік-экскурсиялық  қызмет  пен 
гидаудармашы қызметін ұсынуды  да қамтиды. 
Ауданға  алыс-жақын  шет  елдерден  және  республикамыздың  басқа  да 
өңірлерінен келген туристерді орналастыру - туризмнің ең қажетті элементі. 
 
 
 

242 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Налмишева Қ. Н. Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  Түлкібас  ауданында туризмді   дамытудың...   
 
 
Орналастыру  болмаса  туризм  де  болмайды.  Кез-келген  туристік 
аймақтың қатаң экономикалық талабы туристерді қабылдаудан түсетін үлкен 
сенімді пайда. Қонақ үй индустриясы қонақ жайлылықтың бір көрінісі, ерте 
кезден келе жатқан салт-дәстүр, қонақты күту, сыйлау, қызмет көрсету т.с.с. 
кіреді. Орналастырудың жүйесі мен құрылымы туризмнің ең негізгі құралы. 
Ол  жерде  уақытша  келушілерге  арнайы  қызмет,  сервис  жасалынуы  қажет. 
Қонақ  үй  сферасында  номерлердің  саны  ең  басты  көрсеткіші,  яғни  осыған 
қарап туристік аймақтың деңгейін бағалауға болады. 
Аудан  орталығы  Т.Рысқұлов  ауылында  алыс-жақын  шет  елдерден  және 
республикамыздың  басқа  да  өңірлерінен  келген  туристерге  жоғары 
деңгейдегі қызмет көрсететін «қонақ-үй» комплексінің жоқтығы айдан анық. 
Аудан  орталығында  орналастырудың  осы  мәселесіне  инвестиция  тартылып 
өз  шешімін  тапса,  келген  қонақтарға  жоғары  деңгейде  қызмет  көрсету, 
қонақтарды күту, келген қонақтарға халқымыздың ұлттық дәстүрі ән-күйін, 
ұлттық  тағамдарын  ұсыну,  сонымен  қатар  кафе-бар,  биллиард,  бассейн, 
сауна,  спортзал,  медициналық  пункт,  автотұрақ  комплекстерін  ұсыну, 
туристерді  қабылдаудан  түсетін  үлкен  сенімді  пайдаға  айналары  анық.  Бұл 
қызметке ресторандық қызметтің де қатысы бар. 
Ауданымыздың  келешегіндегі  осындай  жоғары  деңгейдегі  қонақ  үй 
комплексін қазіргі заман талаптарына сай іске қосу, инвестиция тартудың бір 
бөлігі деп қарауға болады. 
Ауданымыздағы қарт Қаратаудың күңгей сілемінде жатқан биік жотасы 
«Түркібасы әулиеге» жұртшылық бүгінге дейін құдірет тұтынып зиярат етіп 
келеді.  Ел  аузында  айтылып  жүрген  әңгіменің  бір  сарыны  ертеде  Түрік 
қағанаты  дәуірінде  елді  жаудан  қорғау  үшін,  түрік  жұртының  қолбасшысы 
яғни  «Түрікбасы»  осы  биік  төбенің  басында  шатырын  тігіп,  жауға  қарсы 
айбар  шашып  тұрыпты  мыс  деседі.  Дегенмен  осы  аңыз  сөз  шындыққа 
жақындайды. 
Туризмнің  дамуы  -  инфраструктуралық  қызметті  дамытады,  сондықтан 
оның сапасы мен бағытын жоғарылату қажет. Осыған байланысты бұрыннан 
бар  демалыс  орындарын,  бұрынғы  лагерьлерде  (Кемербастау  ауылындағы 
Таңнұры, Машат шатқалындағы Жалын, Машат) туристер мен демалушылар 
үшін  ыңғайлы  жағдай  жасалып,  табиғат  байлықтары  мен  ескерткіш 
орындарына  баратын  бағыттарды  белгілеп,  жаяу  жүруге,  атпен, 
автокөліктермен жүру жолдарын алдын ала қарастырса, табиғат байлықтары 
бүлінуден сақталады. 
Машат  шатқалы  аудандағы  табиғаты  әсем  де  көрікті  жерлердің  бірінен 
саналады.  Мұнда  әсіресе  жаз  айларында  облыс  орталығы  Шымкент 
қаласынан келіп демалушылар саны толастамайды. 
Қазақстан  Республикасының  19.06.1995  жылғы  №2335  «Мемлекеттік 
кәсіпорындар  туралы»  Заңының  18-бабында  «шаруашылық  жүргізу 
құқығындағы кәсіпорындар» табиғатты қорғау, ғылым мен мәдениет,  
 
 
 

243 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Налмишева Қ. Н. Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  Түлкібас  ауданында туризмді   дамытудың...   
 
 
туризм  және  спорт  саласындағы  өндірістік  шаруашылық  қызметті  жүзеге 
асыру  мақсатында  құрылатындығы  атап  көрсетілген.  Осы  мақсатта 
келешекте  басымды  атқарылар  істердің  біріне  аудан  орталығында  өзін-өзі 
қаржыландыратын мемлекеттік туристік кәсіпорынның құрылуын жатқызуға 
болады  (құрылтайшысы  -  жергілікті  уәкілетті  орган).  Ауданның  бүкіл 
туристік  қызмет  көрсету  орталығы  осы  кәсіпорын  арқылы  алыс-жақын 
шетелдерден  және  республикамыздың  басқа  да  аймақтарынан  келген 
туристерді  қарсы  алу,  оларды  орналастыру,  сондай-ақ  туристік 
маршруттармен 
таныстыру, 
гидаудармашылар 
қызметі, 
туристерді 
тасымалдау,  туристердің  қауіпсіздігін  қатаң  сақтай  отырып,  экскурсияға 
шығару, жарнамалау (интернет жүйесіндегі веб-сайттар) және тағы да басқа 
қызмет түрлері іске асса, ауданның туризм саласындағы мәселелері бірқатар 
шешімдерін табар еді. 
Ұлы  Жібек  жолының  бойына  орналасқан  Түлкібас  ауданының  туристік 
маршрутын  аудан  орталығы  Т.Рысқұлов  ауылынан  бастасақ,  мынадай 
бағыттарға бөлуге болады: 
1.
 
Т.Рысқұлов  ауылы  -  «Ақсу-Жабағылы»  мемлекеттік  табиғат  қорығы, 
сонымен  қатар  Жабағылы  ауылындағы  «Ақсу-Жабағылы»      мемлекеттік 
қорығының  мұражайы, (25 км). 
2.
 
Т.Рысқұлов  ауылы  -  Ақбиік  ауылы,  Қаратау  қойнауындағы ұзындығы 
240 метрлік  «карст» үңгірі, (14км;). 
3.
 
Т.Рысқұлов  ауылы  -  Иірсу  ауылы,  Ақсу  өзенінің  арнасы  (каньон),  (29 
км). 
4.
 
Т.Рысқұлов ауылы - «Машат шатқалы» демалыс аймақтары, (45км). 
5.
 
Т.Рысқулов ауылы - Құлан және Сарытөр су қоймалары, (14-20 км). 
6.
 
Т.Рысқұлов ауылы - Жазықкешу ауылындағы Балықты көлі, (17км).  
7.
 
Т.Рысқұлов  ауылы  -  «Түркібасы»  әулиесі,  аудан  орталығындағы  
Т.Рысқұлов атындағы тарихи өлкетану мұражайы, (4км) 
8.
 
Т.Рысқұлов ауылы - Пістелі ауылы, (30 км)                     
Туризмді кәсіпкерліктің бір саласы ретінде  ауданда  дамытуға  ауданның  
климаты,  жері,  суы,  ауасы  толық  сәйкес  келеді.  Болашақтағы  осы  салада 
ауданға тартылатын инвестициялық мүмкіндіктердің біріне тоқталар болсақ, 
Жабағылы, Кемербастау ауылы округтері аумақтарында ірі бизнес  өкілдерін 
тарта 
экологияны 
бұзбайтын 
спорттық 
туризмге 
қажетті 
инфрақұрылымдарды  дамытсақ,  қыс  айларьнда  алғашқыда  тау  шаңғысы, 
шаңғымен  жүгіру,  келешекте  мұз  айдындары  спорттық  базаларын  салу, 
Көкқия  жайлауында  қысқы  қанат  жолының  құрылысын  жүргізіп,  Алматы 
маңындағы  Шымбұлақ  секілді  үлкен  қысқы  спорттық  базаға  айналдырсақ, 
жаз  айларында  жазғы  спорт  түрлерінің  барлығы  бойынша  қажетті  алаңдар, 
спорт сарайлары салынатын болса, оған жер жағдайы, климаты тағы да сол 
секілді  мүмкіндіктері  мол.  Келешекте  мұндай  қыруар  істер  орындалып,  өз 
шешімін  тауып  жатса,  ауданның  туристік  әлеуетін  арттыруға,  мемлекеттік 
және   жеке   құрылымдардың   туризм   саласындағы   өзара   бірлескен   іс- 
 
 

244 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет