Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009



Pdf көрінісі
бет31/47
Дата12.02.2017
өлшемі3,7 Mb.
#3948
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Налмишева Қ. Н. Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  Түлкібас  ауданында туризмді   дамытудың...   
 
 
қимылының тиімділігін арттыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, 
туристік  қызмет  көрсетуге  деген  сұранысты  барынша  қанағаттандыруға, 
жергілікті  тұрғындардың  жұмыспен  қамтылуын  қамтамасыз  етуге  зор 
мүмкіншіліктің туары айдан анық. 
Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 
Қауіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге 
немесе  азайтуға  әсер  ететін  басты  фактор.Туристің  қауіпсіздігі  мемлекет 
саясатына,  турфирмалар  қабылдайтын  шараларға,  сондай-ақ  туристің  жеке 
басының іс-әрекетіне тікелей байланысты. 
Аудан  туризмі  дамуындағы  түйінді  мәселенің  бірі  туристік  кадрлар 
даярлау  болып  табылады.  Соның  нәтижесінде,  мамандарды  даярлау, 
туристік  ресурстарды  ұстау,  туристерді  қабылдау  үшін  оларды  пайдалану 
технологиялары  мен  ықтимал  клиенттер  арасында  туристік  қызмет 
көрсетулерді атаулы жарнамалаудың әдістемесі ескерусіз жүргізілуде. 
Аудандағы  тиімді  туристік  салаға  сәйкес  кадрлар  әлеуетін 
қалыптастыру үшін: 

 
жаңа  буындағы  «туризм»  мамандығы  бойынша  жоғары  кәсіптік 
білімнің мемлекеттік стандартын әзірлеу; 

 
туристік  кадрларды  даярлауды  жүзеге  асыратын  жоғары  оқу 
орындарында  туристік  қызметтің  әр  түрлі  қажеттілігі  мен  даму  деңгейін 
ескере отырып, мамандануын анықтау

 
мамандарды оқытуда олардың отандық туристік ресурстарды игеруіне, 
оларды  пайдалану  әдістеріне,  жаңа  ақпараттық  технологияларды  білуіне, 
тілдік дайындауға негізінен иек арту

 
орта  арнаулы  оқу  орындарында  бірінші  деңгейдегі  туристік 
қызметшілерді даярлауды ұйымдастыру; 

 
ауданның  жалпы  білім  беретін  оқу  орындарында  туристік  сыныптар, 
секциялар мен үйірмелер құру қажет.                                     

 
Туристік жағынан дамыған көпшілік елдерде туризмнен түскен жалпы 
табыстың  30-дан  50-ге  дейінгі  пайызын  ішкі  туристік  рынок  құрайды.  Бұл 
ретте Түлкібас ауданының ішкі туризмін дамыту қажет. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Оңтүстік  Қазақстан  энциклопедиясы. -Алматы: 2005. 
2.
 
«Түлкібасы  –  тұлпарлар    туған    жер,  сұңқарлар    қонған    жер»  Тарихи    танымдық    кітабы:  -Алматы: 
ЖШС «АСА» 2008. 
3.
 
Алатау мен  Қаратау  қауышқан  жер. Ұжымдық  жинақ. -Алматы: КАЗақпарат 2002ж. 
4.
 
Алиева Ж.Н. Туризмология  негіздері. -Алматы: 2004. 
5.
 
Туризм - мүмкіндігі  мол  сала. Егемен Қазақстан. 2007 ж. 27 шілде, 4 бет.   
 
 
 
 
 
 
 
 

245 
 
 А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
А.НАЗАРОВ  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы 
 
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ АРҚЫЛЫ ҚИМЫЛ ТАПШЫЛЫҒЫН 
ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 
 
В этой статье рассматриваются пути устранения гиподинамии через физические нагрузки. 
 
This article deals with the removal ways of insufficient movement by physical training.  
 
Қазіргі  кезде  қоғамның  әлеуметтік  жағдайын  жақсарту  мақсатында 
қоғамдық  қарым-қатынас  құру  басты  мәселенің  бірі  болып  табылады.  Бұл 
адам  баласының  саналы  түрде  атқаратын  іс-әрекеттері  барысында  жүзеге 
асады.  Оның  тіршілігінде  ерекше  жағдай  аз  күш  салу  мен  аз  қозғалыс  жиі 
кездеседі. Қимыл-қозғалысының кемшілігі деп адам организміне  өзгерістер 
тудыратын  қимыл  әрекеті  қарқынының  шектелуін  айтады.  Ол  кейбір 
ауруларда,  ғарышкерлерде  байқалады.  Өйткені  олар  ұзақ  уақыт  шағын 
кабинада және салмақсыздық жағдайда, тірек-қимыл аппаратына гравитация 
әсері жойылғанда, жұмыс істейді [1.35-46].  
Аз  қозғалыс  адам  организміне  қауіпті  жағдай  туғызады.  Сондықтан 
дәрігерлер оның организмге әсерін толық білуі қажет. Аз қозғалыс бірнеше 
түрге  бөлінеді.  Ең  әуелі  ол  созылмалы  және  жіті  болып  екіге  бөлінеді. 
Сонымен  бірге  бүкіл  организм  қозғалыс  әрекеті  тыйылатын  жалпы  қимыл-
қозғалыс  кемшілігі  және  жеке  бұлшықет  қимылы  шектелетін  жергілікті 
қимыл  тапшылығы  кездеседі.  Клиникада  тағы  екі  түрі:  амалсыз  және 
міндеттелген қимыл-қозғалыс кемшілігі кездеседі.  
Созылмалы  қимыл-қозғалыс  кемшілігінде  еңбек  пен  тұрмысқа 
байланысты  күнделікті  қозғалыс  белсенділігі  төмендейді.  Бұл  көбінесе  аз 
қимылдайтын,  отырып    жұмыс  істейтін  кісілерде  байқалады.  Олардың 
организмінде  мүшелер  мен  жүйелердің  әрекеттік  белсенділігі  әлсіреп, 
реттеуші  тетіктер  нашарлайды.  Сондықтан  организмнің  әртүрлі  әсерлерге 
шыдамдылығы азаяды.  
Қимыл-қозғалыс  кемшілігінің  денеге  әсер  етпейтін  жері  жоқ.  Аз 
қозғалыстың  салдарынан  жоғары  реттеуіші  орталық,  ішкі  ағзалар,  шеткері 
орналасқан  қан  тамырлары,  сүйек  буындары,  т.б.  көптеген  өзгеріске 
ұшырайды.  Адамның    жұмысқа  деген  қабілеті  төмендеп,  өзін  қоршаған 
ортаға  бейімделу  қасиеті  кеміп,  “тіршілік  жүйесі”  әлеуметтік  және 
биологиялық  құбылыстарға  төтеп  бере  алмай    қалады.  Қимыл 
тапшылығының зияны ең алдымен ми қыртысын зақымдайды. Оның себебі 
әрбір  қимыл-қозғалыстан  бастап,  өте  күрделі  гимнастикалық  жаттығуларға 
дейін  барлығы  тек  жоғары  реттеуші  орталықтың  бақылауымен  ғана 
орындалады.  Сондықтан  ми  және  бұлшықеттер,  буындардың  қимыл-
қозғалысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Орталық жүйке жүйесінен 
(ми  қыртысынан)  түскен  “бұйрық”  арқылы  қатты,  екпінді  қозғауға,    не 
ақырын  қимылдауға  болады.  Ал  қозғалысқа  түскен бұлшықет   керісінше 
 
 
 

246 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Назаров А.  Дене шынықтыру арқылы қимыл тапшылығын шешу жолдары 
 
 
миға  қарай  жүйке  талшықтары  арқылы  орындалған  жұмыстың 
“қорытындысын” жібергендей хабар береді. 
Сонымен  жоғары  жүйке  жүйесі  бір  жағынан  бұлшықет,  буындардың, 
ішкі  ағзалардың  қызметін  қадағаласа  (қан  айналымы,  өкпе,  жүрек,  бауыр, 
ішкі секреция бездерінің жұмыстарын), екінші жағынан, өзі осы мүшелердің 
толық ықпалында болады [2.61-85].  
Денсаулықтың  кепілі  адамның  еңбекке  деген  қабілеті,  қандай  жаста 
болса  да,  дамылсыз  соғып  тұрған  жүрекке  байланысты.  Барлық  қимыл-
қозғалыс, денеде өтіп жатқан мыңдаған құбылыстар тек сау жүректің арқасы. 
Жүрек бұлшықеті ретпен жиырылып-жазылып, қанды қолқа тамырға итеріп 
шығарады,  ол  ары  қарай  тарамдалып,  кішкене  тамыршалар  арқылы  бүкіл 
денені “жуып” шығады. 
Сол  арқылы  денедегі  әрбір  жасуша,  ең  шеткері  орналасқан  жүйелер, 
оттегі, су, тұз, т.б. қажетті заттармен қамтамасыз етіледі. Содан соң бұлшық 
ет босаңсыған шақта, керісінше көк тамыр арқылы көмірқышқыл және тағы 
басқа заттарға толы қан қайтадан жүрекке келеді. 
Қимыл  тапшылығы жүректің  осылай  өз  ретімен жұмыс  істеуіне  кедергі 
келтіреді.  Жүрек  бұлшықеттерінің  жиырылу  күші  кеміп,  денеге  тарайтын 
қанның  мөлшері  төмендеп,  қажетті  қоректік  заттарға  тапшы  болып  қалады 
[2.28-43].   
Қимыл-қозғалысты аз мөлшерде қысқартқанның  өзі денеге айтарлықтай 
өзгеріс  тудырады.  Мәселен,  бұлшықеттің  солуы,  жүрек  жиырылу  күшінің 
кемуі,  ішкі  ағзалар  қызметінің  нашарлауы,  т.б.  сияқты  құбылыстар 
байқалады.    
“Сақтауға қажет бір құрал болса алдымен жүрегіңді сақта, өйткені өмір 
бастауы – сол жүрек” – деген атақты ғалым У.Гарвей. 
Қимылдың  кемдігі  зат  алмасуының  төмендеуіне  мүмкіндік  туғызады. 
Энергия  шығыны  азайып,  тотығу  әсерленісінің  қарқыны  мен  ферменттер 
белсенділігі төмендейді, газ алмасуы өзгереді. 
Адамдарда  бұл  жағдайда  жүректің  соғу  күші  әлсіреп,  минуттық  көлемі 
азаяды.  Сондықтан  жүректің  өз  көлемі  кішірейеді,  миокардта  құрылымдық 
өзгерістер  байқалады.  Қантамырлар  жүйесінде  өзгерістер  туады.  Артерия 
тамырларының  тонусы  әлсіреп,  қан  қысымы  төмендейді.  Капиллярда  қан 
іркіліп  қалады,  сондықтан  олардың  қабырғасының  суға  және  электролитке 
өткізгіштігі  өзгереді.  Бұдан  дененің  кез-келген  жерінде  су  іркіліп,  ісіктер 
пайда  болады.  Бұлшықеттер  жиырылмағандықтан  лимфа  ағысы  тоқтап, 
ұлпаларға су жиналады [3.24-31]. 
Қимыл-қозғалыс тапшылығынан пайда болатын аурудың бірі – семіздік. 
Ол  адам  бойындағы  артық  салмақ.  Археологиялық  қазбалардың  көрсетуіне 
қарағанда, семіздік адам организміне тас заманынан бері тән құбылыс. Сол 
ерте  заманнан-ақ  семіздікпен  күрес  жүргізілген.  Мәселен,  ежелгі  Спарта 
елінде бозбаланың салмағы белгілі мөлшерден асып кетсе, оны қаладан қуып  
жіберген. 
 
 

247 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Назаров А.  Дене шынықтыру арқылы қимыл тапшылығын шешу жолдары 
 
 
Қазіргі  медицинаның  дәлелдеуі  бойынша,  семіздік  денсаулықты 
құртады,  өмірді  қысқартады.  Статистикаға  жүгінсек,  адамдардың  орташа 
жасын  7-10  жасқа  дейін  кемітеді  екен.  Салмағы  өте  жоғары  адамдар,  
салмағы  қалыпты  адамдармен  салыстырғанда  2  есе  көп  өлетіні  белгілі. 
Семіздіктің салдарынан адамдар қант диабеті, бауыр, өт жолдары, жүрек-қан 
тамыры  ауруларына  жиі  шалдығады.  Әсіресе,  семіздік  қан  қысымының 
жоғарылауына үлкен ықпал жасайды. 
Семіздік тек қимыл-қозғалыстың кемдігінен пайда болады деу қате. Оған 
әсер  ететін  жайттар  көп.  Ол  адамның  тамақтану  мәдениетін  білмеуі,  яғни 
бірыңғай  тамақтың  түрлерін  қолданудан  да  болады.  Мәселен,  өте  майлы 
тағамдарды,  сұйық  заттарды  көп  қолдану,  сол  сияқты  витаминдердің 
жетіспеуі,  зат  алмасуының  бұзылуы,  денеде  тұздың  көбейіп  кетуі 
айтарлықтай физиологиялық өзгерістер туғызады. 
Осыған қоса ішкі секреция бездері қызметі кенет төмендеуі де үлкен әсер 
етеді. Негізінде семіздікті сыртқы және ішкі себептерге байланысты екі түрге 
бөледі.  Сыртқы  себептерге  мешкейлік,  аз  қимылдау,  бала  кезде  тәттіге 
әуестену,  т.б.,  ал  ішкі  себептерге  ішкі  секреция  бездерінің  бұзылуы,  зат 
алмасуының нашарлауы, т.б. жатады [3.54-60]. 
Семіздік  қандай  себептен  пайда  болса  да  ол  денсаулыққа  өте  зиян. 
Өйткені  артық  салмақ  жүрек,  өкпе,  қан-тамырлары,  асқазан,  ішек-қарын, 
буындарға үлкен күш түсіреді. Сондықтан семіздікке шалдыққан адамдарда 
сан  алуан  белгілер  байқалады.  Олардың  ауырмайтын  жері  жоқ,  соған  орай 
емделмейтін  әдістері  де  болмайды.  Әйтсе  де  оның  бәрі  ретімен  берілген 
жаттығуға жетпейді.  
Қимыл-қозғалыстың тапшылығы тек ересек адамдар арасында кездеспей, 
жасөспірім,  балалар  арасында  да  байқалады.  Өскелең  организмге  сыртқы 
күштің әр түрлі жағымсыз әсерінен омыртқа жотасы, аяқ, табан құрылысы, 
пішіні өзгеріп кетеді. Олар іштен туа пайда болған және жүре пайда болған 
деп  екіге  бөлінеді.  Аурудың  жүре  пайда  болуы  улануға,  жаралануға,  зат 
алмасудың  бұзылуына,  денеге  инфекция  енуіне,  сол  сияқты  қаңқа  сүйектің 
қисаюы қимыл тапшылығына да тікелей байланысты [3.81-93].  
Қорыта  айтқанда,  тобықтай  сөздің  түйінін  түйіндей  келгенде,  қимыл 
тапшылығының салдарынан көп ауруларға шалдығатынымыз белгілі болды. 
Әрине,  оған  ықпал  жасайтын  да  адамның  өзі.  Көбіне  бір  қалыпты  отырып 
қызмет  ету,  әсіресе,  толық  адамдардың  буындарға  еш  қимыл  түсірмей, 
қозғалыссыз отыруы жүрекке айтарлықтай күш түсіреді. Ал қимыл-қозғалыс 
тапшылығы  болса,  организмде  тұрып  қалған  зиянды  заттар  да  сыртқа 
шықпай, жасушаларды жалпы адамды тез қартайтады. 
Міне,  сондықтан  тағы  емдеу  гимнастикасына,  дене  тәрбиесіне,  дене 
шынықтыруға, табиғат факторларына жүгінуге тура келеді. 

248 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Назаров А.  Дене шынықтыру арқылы қимыл тапшылығын шешу жолдары 
 
 
Тек  ұқыпты  орындалған  дене  тәрбиесі  ғана  организмді  көптеген 
жағымсыз әсерлерден сақтайды, кейбір аурудың алдын-алады. Ал балаларды 
тікелей емдеп жазады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1.
 
Икіманова Г. Саулық пен сымбат. -Алматы: “Қайнар” 1991. 
2.
 
Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А. Адам физиологиясы. -Алматы: 2005. 
3.
 
Сатпаев Х.К., Нілдабаева Ж.Б., Өтепбергенов Ә.А. Адам физиологиясы. -Алматы: 1995. 
 
 
 
 

249 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
А.ЕСЕНЖОЛОВА   
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы 
 
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР 
 
В статье рассматриваются проблемы внеклассного правового воспитания
 
This article deals with out-of-class works of legal upbringing of pupils. 
 
Қазiргi  кезде  оқушылардың  арасында  айтылып  жүрген  құқықтық  
тәрбие  күрделі қоғамдық құбылыс  болып табылады. Сондықтан да бiз бұл 
мәселенi шешу барысында оқушылардың құқықтық тәрбиесін қалыптастыру 
мен  дамытуда  сыныптан  тыс  жұмыстардың  алатын  орнын    анықтауымыз 
керек.  Оқушылардың  құқықтық  тәрбие  берудегі  сыныптан  тыс  жұмыстар 
әртүрлi аспектiлер негізінде жүргізіледі.  
Президенттiң  Қазақстан  халқына    Жолдауында,  2030  жылға  дейiнгi 
стратегиялық даму бағдарламасында жасөспiрiмдердiң тәрбиесiне, салауатты 
өмiр салтын насихаттауға басты назар аударылған. 
Құқықтық  мәдениетке  тәрбиелеу  дегенiмiз  -  өзiнiң  өмiрiндегi  орнын, 
атқаратын мiндетiн, қазiргi және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершiлiгiн 
саналы  сезіну  және  өзiн-өзi  үздiксiз  бiрқалыпты  жетiлдiру  үдерісі  болып 
табылады. 
Құқықтық  тәрбиені  қалыптастыру  өлшемi  ретiнде  оқушылардың 
физиологиялық,  психологиялық  және  әлеуметтiк  дамуын  алуға  болады. 
Рухани даму оқушының  құқықтық тәрбиесін қалыптастырудың өзегi болып 
табылады.  Ол  оқушының  тәндiк,  жандық,  рухтық  сипатының  бiртұтас 
үйлесiмдiлiкте  қалыптасуымен  сипатталады.  Оқушылардың  құқықтық 
мәдениетiн дамыту күрделi, қозғалмалы үрдiс болғандықтан тәрбие арқылы 
ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  жататын  тәжiрибе.  Ал  осы  нәтижелi  тәжiрибе 
оқушылардың құқықтық мәдениетiн дамытады. 
Оқушылармен  жүргiзiлетiн  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысының  жүйесi 
оларды  құқықтық  мәдениетке  тәрбиелеуге  жан-жақты  дамыту  мақсатында 
мектептiң өзiнiң, педагогтардың, оқушылар ұжымының, ата-аналар активiнiң 
мүмкiндiктерiн барынша толық пайдалануға болады және екi негiзгi мiндеттi 
шешумен анықталады. 
а)  сабақтан  тыс  тәрбие  жұмысының  барлық  негiзгi  түрлерi  мен 
бағыттарын, бiрiншi кезекте қоғамдық-саяси қызмет пен қоғамдық пайдалы 
еңбектi,  дене  шынықтыру  мен  спортты,  алуан  түрлi  көркемдiк  қызметтi, 
техникалық шығармашылықты, туризм мен өлке тануды дамыту
б) құқықтық мәдениетке тәрбиелеуде оқушылардың жеке мүдделерi мен 
бейiмдiлiктерiн барынша қанағаттандыруды қамтамасыз ету үшiн сыныптап 
тыс алуан түрлi жұмысқа барлық жастағы оқушыларды тарту. 
Сыныптан  тыс  тәрбие  жұмыстары  арқылы  оқушылардың  құқықтық 
мәдениетiн қалыптастыруға бүкiл педагогикалық ұжым қатысады [1]. 
Оқушылардың  құқықтық  мәдениетiн  қалыптастыруда  сыныптан  тыс 
жұмысқа  негiзi  мынадай  талаптар  қойылады. Ол оқушылардың құқықтық  
 
 

250 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Есенжолова  А. Құқықтық тәрбие берудегі сыныптан тыс жұмыстар   
 
 
мәдениетiн  қалыптастыру  үшiн  жан-жақты  дамуына  көмектесу.  Балалар 
үйiрмелерi, секциялары, әр түрлi қоғамдары мен басқа да өз бетiмен жұмыс 
iстейтiн  шығармашылық  бiрлестiктер  жүйесi  олардың  пайдалы  және 
қызғылықты iстердi молынан таңдап алуға мүмкiндiк беруге тиiс. Сыныптан 
тыс  жұмыс  процесiнде  жекеленген  балалар  мен  жеткiншектер  үшiн  белгiлi 
бiр сабақтарды таңдап алу ерiктi iс болып табылатындықтан, мұндай жұмыс 
жүйесiнiң  болуы  әрбiр  мектеп  үшiн  мiндеттi.  Сыныптан  тыс  жұмыс 
оқушылардың  құқықтық  мәдениетiн  қалыптастыру  жүйесiн  мектеп 
оқушыларының  шығармашылық  қабiлеттерiн,  қоғамдық  белсендiлiгiн 
көрсететiн  майдан  бола  отырып,  оқушылар  ұжымдарының  қалыптасуына 
және топтасуына, оқушыларды саналы тәртiп, жауапкершiлiк, өз мектебiне, 
бүкiл ұжымға пайдалы болуға тырысу рухында тәрбиелеуге мүмкiндiк бередi 
[1]. 
Құқықтық  тәрбие  беру  дегенiмiз  –  оқытудың  құқықтық  санасын 
қалыптастыру,  салт-дәстүрлер,  әдет-ғұрыптар  негізінде  өзара  сыйластық 
қарым-қатынасты,  құрметттеуді,  адамдарды,  туған  жерді,  отанды  қадірлеу, 
т.б.  Құқықтық  тәрбие  адамгершілік,  отансүйгіштік  мінез-құлықпен  тығыз 
байланысты.   
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың жас ерекшелiгiне, оның 
дүние  танымына,  тұлғаның  құндылық  бағдарына,  т.б.  байланысты.  Бұл 
мәселені  шешу  оларды  тәрбиелеудің  «объективті-субъективті»  қатынасы  
негiзінде  жүргізіледі.  Сыныптан  тыс  жұмыстардың  жаңа  технологиясы  – 
оқушы  болмысын  құндылық-мәндiк  тұрғыдан  игерiп,  оның  өзгеруге  бейiм 
екенiн түсiнiп, ескеру керек. 
Оқушыларға  құқықтық  тәрбие  беру  олардың  құқықтық  санасын,  іс-
әрекетін  қалыптастырумен  байланысты.  Іс-әрекет  сана-сезіммен  тығыз 
байланысты. Оқушылардың iс-әрекетi мақсатты бір әрекет болып табылады.  
Мақсаттылық  –  объективті  дүниенің  бейнесі  іспетті.  Оқушылардың  отан 
алдындағы  парызын  сезінуі,  жауапкершілігі,  т.б.  мінез-құлықтары  іс-
әрекетпен байланысты.   
Іс-әрекет  қажеттілікпен  байланысты.  Оқушылар  өздерінің  қажеттiлiгін 
игеріп,    сол  қажеттiлiкке  жету  әрекетi  үшiн  шешiм  қабылдады.  Өзiн-өзi 
саналы түрде игеруі өзін-өзі тәрбиелеумен байланысты. Ол үшiн оқушының 
iс-әрекетiнде  жүйелi  тәртiп  болуы  керек.  Қалыптасқан  жүйелi  тәртiп 
ережелерi – құқықтық негiзi болып табылады. Құқық - өмiр заңына айналған, 
заңды  құбылыс.  Ол  халықтың  тұрмыс-тіршілігімен,  салт-дәстүрімен 
байланысты.  Мысалы,  ата-анаға,  отанға  қызмет  ету  парызы  –  перзенттiк 
парыз  деп  аталады.  Ата-ананың,  халқының  адал  перзентi  болу  -  әрбiр 
оқушының  ар-ождандық  мiндетi,  өмiрдегi  бақыты.  Сонымен  қатар, 
қарашаңырақ дәстүрі, т.б. құқықтық тәрбие  беруге негіз бола алады.  
Оқушының  құқықтық  мәдениеттiлiгi:  сыйлау,  құрметттеу,  қызмет 
көрсету,  өнеге  тұту,  үлгi  тұту,  антты  орындау,  мiнәжат  ету  әрекетiмен 
көрiнiп, қайырым, мейiрiм, шапағат болып қалыптасады. 
 
 

251 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Есенжолова  А. Құқықтық тәрбие берудегі сыныптан тыс жұмыстар   
 
 
Құқықтық  тәрбие  берудегі  құқық  тәрбиесінің  формалары  пікірталас, 
кездесу,  т.б.  Бүгінгі  таңда  мектеп  өмірінде  кең  өріс  алғын  адамгершілік 
тақырыбындағы пікірталастар құқықтық сананы қалыптастырады. «Азамат» 
пікір  сайыс  клубы  сыныптан  тыс  жұмыстарды  «Қылмыс  және  қоғам», 
«Заман  және  заң»  деген  тақырыпта  пікірталас  өткізеді.  Сонымен    қатар 
заңгерлермен  кездесу  өткізудің  де  тәрбиелік  мәні  бар.  Бұл  кездесулер 
адамгершілік  мәселесін,  отан  алдындағы  борышкерлікті  сезіну  мәселесін 
толғанарлық  етіп әңгімелеп беру өте орынды.  
Отбасындағы  өзара  сыйласым  жайлы  өнегелі  отбасы  мүшелерімен 
кездесудің  де  тәрбиелік  мәні  бар.  Онда  ұл  мен  қыздың  өзара  қарым-
қатынасы және ата-ананы құрметтеу тәрбиесі жан-жақты талқыланса дұрыс 
болар еді.  
Оқушы  жастардың  арасында  «Қарашаңыраққа  қалуға  бола  ма,  болмай 
ма?»  деген  тақырыпта  пікірталас  өткізу  олардың  құқықтық  тәрбиесін 
қалыптастырады.  Бұл  тәрбие  сағаты  барысында  оқушылар  ата-аналарға 
құрмет көрсету, салт-дәстүрді сыйлау, т.б. жайлы құндылықтарды игереді.    
Құқықтық тәрбие сабақ берумен шектелмейдi. Ол сабақтан тыс уақытта 
да  жалғастырылады  және  тереңдетiле  түседi.  Оқыту  процесiнде  құқықтық 
тәрбиенiң  күрделi  де  көп  қырлы  мiндеттерiн  толық  көлемде  жүзеге  асыру 
мүмкiн  емес.  Сондықтан  сыныптан  тыс  уақытта  жүргiзiлетiн  әр  түрлi 
тәрбиелiк  iс-әрекет  қажет.  Сыныптан  тыс  жұмысқа  мектеп  оқушыларымен 
сабақтан  тыс  кезде  жүргiзетiн  тәрбие  және  бiлiм  беру  сипатында 
ұйымдастырылған әрi мақсатты бағыты бар сабақтар жатады.  
Сондықтан  осы  алуан  түрлi  салалардың  үйлесiмдi  болуының  маңызы 
зор. Н.К.Крупская мектептен тыс жұмыс жөнiндегi кеңесте сөйлеген сөзiнде: 
«Құқықтық  тәрбие  белгiлi  бiр  сағаттарда  жүргiзiлiп  қана  қоймайды. 
Балалардың  бар  өмiрiне  арналып,    олардан  нағыз  мәдениетi  оқушы  өсiру 
үшiн бағытталуы қажет» – дейдi [2].  
Сыныптан  тыс  жұмыстың  өзiндiк  ерекшелiгi  бар.  Оқыту  сабақтарына 
қарағанда  сыныптан  тыс  жұмыс  ерiктi  негiзде  өткiзiледi.  Оның  бiрiншi 
ерекшелiгi, мiне, осында. Оқушылар ынта мен бейiмдiлiктерiне байланысты 
өз  беттерiмен  әр  түрлi  үйiрмелерге  жазылады,  сабақтан  тыс  уақытта  өз 
қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. 
Демек,  ерiктiлiк,  ең  алдымен  сыныптан  тыс  сабақ  түрлерiн  еркiн  таңдап 
алуды  бiлдiредi.  Педагогтар  және  оқушылар  ұжымдарының  мiндетi  – 
сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың ешқайсысын қалдырмай, түгел тарту. 
Мұны,  әрине,  ешқандай  мәжбүрлеусiз  атқару  керек.  Бiрақ,  оқыту 
сабақтарынан соң балалардың өз бетiмен кетуiне жол беруге болмайды [1]. 
Сыныптан  тыс  жұмысты  ұйымдастырудың  екiншi  ерекшелiгi  оның 
мiндетi  бағдарлама  көлемiмен  байланысты  болмайтындығында.  Оның 
мазмұны мен формасы негiзiнен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-
тiлектерiне, жігерлiгіне байланысты болады. Пәндiк және басқа үйiрмелердiң  
бағдарламалары  шамалық,  бағдарлық   күйде   болады.   Осы  
 
 

252 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет