Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ САБАҚТАСТЫҚ ПРИНЦИПТЕРІН



Pdf көрінісі
бет54/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71

ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ САБАҚТАСТЫҚ ПРИНЦИПТЕРІН 

 ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 

 

В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  преемственности  при  обучении  иностранным 

языкам в вузах.  

 

This article is devoted to using foreign languages at high educational establishments. 

 

Сабақтастық  принциптерін  оқыту  үдерісінде  жүзеге  асыру  –  қазіргі 

педагогика іліміндегі көкейкесті мәселелердің бірі.  

Білім  беру  жүйесіндегі  кез-келген  жаңалық  оқу  процесін  ұйымдастыру 

мен  жоспарлауды  әртүрлі  өзгерістерге  алып  келеді,  сондықтан  оқу  процесін 

ұйымдастыруда жекелеген тәсілдер немесе оқыту құралдары емес, тұтас жүйе 

қажет.  Сабақтастық,  жүйелілік  принциптеріне  негізделген  оқу  процесін 

ұйымдастыру  жүйесі  ғана  жинақталған  білім  арқылы  оңтайлы  шешім 

қабылдай  алатын,  бәсекеге  қабілетті,  кәсіптік  деңгейі  жоғары  жаңа  типті 

білікті  мамандар  мен  жалпы  білім беретін  мектептер  түлектерін дайындауға 

мүмкіндік береді.  

Білім  беру  жүйесін  модернизациялауда  жаңа  жолдарды  іздестіру  оның 

әрбір басқыштарының және тұтас алғанда өзара байланысының динамикалық 

дамуын  қамтамасыз  ететін  механизмді  енгізу  қажеттігін  туындатып    отыр. 

Қазақстанның  білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаты  ең  алдымен 

үздіксіз  білім  беру  проблемасын  шексіз  мақсатында  білім  беру  мазмұнына 

өзгерістер енгізуге бағытталған, осы орайда ол үздіксіз, жүйелілік, сәйкестік 

секілді дидактиканың жетекші принциптеріне негізделді.    

Жоғарыда  келтірілген  дидактикалық  принциптер  білім  беру  жүйесінде 

іске қосылған, оларды жүзеге асыру кезекпен емес, бір мезгілде, комплексті 

түрде жүргізілуі керек. Барлық принциптер өзара тығыз байланысты, бірінің 

талабы  екіншісімен  астасып  жатыр.  Олар  бағыттаушылық  функцияны 

атқарады,  оқытудың  сапалы  нәтижелеріне  жету  жолдарын  көрсетеді. 

Принциптер  мүмкіндіктерді,  күш  жігерді  қалыпқа  түсіруде,  егер  олар 

бұзылмаса алға ілгерілеу болатынын сеніммен айтуға болады.  

Негізгі  дидактикалық  принциптердің  негізгі  жайлары  мен  оқытуда, 

тұтастай  алғанда  «Мектеп-ЖОО»  жүйесінде  шет  тілін  оқытуда 

сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында білім беру процесін жүзеге асыру 

ерекшеліктерін қарастырайық.  

Қазіргі  білім  беру    жүйесінің    маңызды  сипаттарының  бірі  –  оның 

үздіксіздігі. Бұл ғалымдардың пікірі бойынша, адамның білім беру қарқыны 

мен ынтасын қамтамасыз етуі тиіс сабақтастық принциптігін жүзеге асыруды 

ұйымдастыру қажеттігімен ерекшеленеді.  

   


 

389 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Төлегенова Ш.А. Оқыту үдерісінде сабақтастық принциптерін жүзеге асыру 

 

 



  Жеке  адамды,  оқушылардың  интеллектуалды  қабілетін  дамытуға, 

жемісті  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға  бағытталған  мақсат,  міндет, 

жұмыстың  формалары  мен  әдістерінің  бірлігі  үздіксіз  білім  беру  шарты 

болып  табылады.  Бұған  мектептердегі  білім  берудің  түрлі  кезеңдері  мен 

жоғары  беру  жүйесінің  түрлі  басқыштарында  білім  беру  компоненттерінің 

үйлесімділігі  мен  сәйкестілігі  де  кіреді.  Оқу  танымындағы  диалектикалық 

секірістер,  оқушылар  білімін  жинақтау  жүйесінің  қалыптасуы  жекелеген 

оқыту жағдайларының тұтас оқу процесіне бірігуге мүмкіндік беретін оқыту 

жүйесін құру да жатады.  

 

Сонымен  қатар,  көптеген  оқу  мекемелерінің  жұмыс  тәжірибесі  мен 



зерттеулер нәтижелеріне (П.А. Михайлов, Е.А. Маслыков, Л.Н. Мазаева және 

басқалар)  талдау  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  қазіргі  оқыту 

практикасындағы  елеулі  кемшіліктер  оқыту  жүйесі  элементтері  арасындағы 

сабақтастықтың  сақталмайтынын  көрсетеді.  Мұның  барлығы  оқу  процесін 

тиімді басқаруды ұйымдастыруға кедергі келтіреді.  

  Н.М.  Гулевская  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде,  оның  ішінде  «мектеп-

ЖОО» жүйесінде сабақтастық сақталмауының төмендегідей себептерін бөліп 

көрсетеді: 

- Жекелеген пәндер бойынша жалпы білім беретін мектептер мен жоғары 

оқу орындарында сәйкес бағдарламалар мен сәйкестіктің болмауы;  

-  Білім  берудің  барлық  деңгейлерімен  басқыштарында  сабақтастықтың 

болмауы;  

- Базалық компоненттің (білім беру ядросының) болмауы, бұл оқытудың 

теңдестірілгенді тежейді; 

Жаратылыстану  және  гуманитарлық  білім  беру  жүйесінде 



фундаметалды компоненттердің айқындалмауы [1].  

  Автордың  пікірінше,  оларды  болдырмау  шарттарының  бірі  білім  беру 

мазмұнын  сұрыптауды  мақсаткерлікпен  жүргізу,  бұл  оқытудың  сапалық 

көрсеткішін көтеруге, оның құрылымы мен мазмұнын жетілдіруге мүмкіндік 

береді.  

  Қоғамдық  дамудың  тарихи  тәжірибесі  жүйеден  тыс  оқыту  міндеттерін 

шешудің  мүмкін  еместігін  көрсетеді.  Диалектикалық  материализмнің  таным 

теориясының негізінде оқытудағы жүйенің қоршаған орта дамуының жалпы 

заңдылықтарына  тәуелділігін  ашып  көрсетуге  болады.  Білім  беру  осы 

заңдылыққа негізделеді. Оқыту материалында қоршаған ортаның бейнеленуі 

оны  оқытудың  жүйесін  белгілейді.  Оның  салдары  негізгі  талаптары  жүйеде 

білімді,  қабілетті  және  дағдыны  қалыптастыру  болатын  оқытудағы  жүйелік 

принципін  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Баршаға  белгілі,  егер  дағдыны 

жүйелі  түрде  жаттықтырып  отырмаса,  онда  ол  өзінің  ойлау  жүйесінде 

қиындықтарға тап болады.  

  Сонымен қатар, ол оқытуға творчестволықпен қарауды талап етеді. Бұл 

оқу процесін ұйымдастыру кезіндегі тәжірибеден,  нақтылап  айтқанда, түрлі  


 

390 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Төлегенова Ш.А. Оқыту үдерісінде сабақтастық принциптерін жүзеге асыру 

 

 



жоспарлау  барысында  көрінеді.  Біз  оқытуды  жоспарлай  отырып,  оны  тұтас 

жүйе  түрінде  елестетуге  қабілеттіміз.  Оқытушы  тақырыптың  жоспарлауда 

теориялық практикалық жұмыстың үздіксіздігін, оқу материалдарын меңгеру 

деңгейін қайталау мен бақылауды белгілейді. Оқытушы дәрістік жоспарлауда 

тақырып мазмұнын құрауда алдымен теориялық оқуға мән береді, ал жаттығу 

дәрістері  кейінге  қойылады.  Мынадай  фактілер  де  маңызды:  жүйелік  пен 

үздіксіздік  педагог  қызметінде  ғана  жүзеге  асырылып  қоймайды,  сондай-ақ 

оқушылардың  өз  жұмыстарында  да  қарастырылады,  сондықтан  олардың 

бойында оқу қызметін тиімді жоспарлау дағдысын қалыптастыру қажеттігін 

басты назарда ұстау керек.  

  Ол  оқу  процесінде  көптеген  ережелерді  сақтау  жолымен  жүзеге 

асырылады.  Біздің  зерттеуімізде  олардың  негізгілері  мен  маңыздылары 

төмендегідей.  

-

 



Барлық оқу пәндерін оқыту жолдары бойынша қатаң болу керек, олардың 

әрбірінің  бұрын  игерілген  материалды  негізге  алуын  және  алдағы 

оқуларға берік негіз болуын назарда ұстаған дұрыс.  

-

 



Дәрісінің мазмұны мен оның әдістері жинақталған білімнің үздіксіздігін, 

икемділік  пен  дағдыны,  ойлау  мен  таным  мүмкіндіктерін  дамытуды 

қамтамасыз етуі керек.  

-

 



Оқытылатын пәндер аралығындағы тығыз байланыс болуы тиіс.  

-

 



Оқытушының  іс-әрекетінде,  сөздері  мен  талаптарында  қатаң  жүйелілік 

болған жөн және оның оқылатын материалдардың бірте-бірте күрделенуі 

маңызды.  

Егер  жүйелілік  принципі  оқу    бағдарламалары  мен  оқулықтардың 

мазмұнында  көрініс  тауып  отыратын  болса,  оқытудағы  сабақтастық 

принципімен  тығыз  бірліктегі  мүмкіндік  принципі,  біздің  пікірімізше, 

оқытудың түрлі сатысындағы оқылатын материалдардың қиындық туғызатын 

деңгейін  бағамдап отыруға қабілетті болады.  

Оқытудағы  мүмкіндік  талаптары  оқу  материалдарының  жас  мөлшеріне, 

жеке  ерекшеліктеріне,  білім  алушының  әзірлік  деңгейіне,  сондай-ақ  оқу 

мерзіміне  сәйкестігін  айқындайды.    Мүмкіндіктің  түбірлі  белгісі  – 

оқушылардың    бойындағы  бар  білімінің  байланысы.  Егер  мұндай  байланыс 

орнықпаған жағдайда, білімді терең түсінуде қиындық туады. Бұл жерде оқу 

материалының  күрделілігі,  оқыту  формасы  мен  әдісінің  сәйкессіздігі,  т.б. 

себеп болады.  

Осыған  байланысты  оқытудың  мүмкіндік  принципі  оқушыларға 

берілетін  жаңа  білімнің  білім  алушылардың  бұрыннан  бар  біліміне,  өмірлік 

тәжірибесіне  сүйену  қажеттігіне  бастайды;  оқытылатын  білім  жүйесі 

оқушылардың  жалпы  дамуының  тереңдей  түсуіне  немесе  осыған  негіз 

қалауға мүмкіндік туғызады.  

Оқыту  сабақтастығы  жүйе  ретінде  оқыту  процесінің  негізгі 

компоненттеріне  сәйкес  өзіне  құрылымдық   компоненттерді    иеленеді.

  


 

391 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Төлегенова Ш.А. Оқыту үдерісінде сабақтастық принциптерін жүзеге асыру 

 

 



Ю.К.Бабанскийдің 

пікірінше, 

оқыту 

процесінің 



компоненттеріне 

төмендегілер  жатады.  Тұтассыз,  ынталандырушы-мотивациялық,  бақылау 

реттеушілік,  бағалау  нәтижелілік  [2].  Оқу  прцесінің  барлық  компонеттерін 

өзара заңдылық байланыста қарастыру керек. Оқыту мақсаты білім беру мен 

әлеуметтік  іс-әрекеттің  субъектісі  ретіндегі  білікті  жұмысшылар  мен 

мамандарды  қалыптастыруда  қоғамдық  әлеуметтік  сұранымды  орындау 

қажеттігін  көрсетуде  оқытудың  мазмұнын  белгілейді.  Сондай-ақ,  оқыту 

процесінде  бақылауды  реттеуді,  бағалауды  қамтамасыз  ете  отырып,  белгілі 

бір нәтижелерге қол жеткізуі тиіс.  

Оқыту  процесінің  біртұтас  компонентті  бағдарлама  талаптары,  білім 

алушылардың  еркешеліктері  мен  жеке  өзгешеліктерінің  педагогтардың 

педагогикалық  және  методикалық  шеберліктерінің  есебі  негізінде 

айқындалады.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Гулевская Н.М. Дидактические основы преемственности школьных и вузовских учебных программ.  

 


 

392 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

Б.Б.ЖОЛДАСОВА 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің  аға оқытушысы  



 

БОЛАШАҚ ТЕХНОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІН ТІГІН МАТЕРИАЛЫН                

КӨРКЕМ ӨҢДЕУГЕ ҮЙРЕТУ МҮМКІНДІКТЕРІ 

 

В  этой  статье  рассматривается  проблема  внедрения  новых  методов  технологии  обработки  и 

создания  образцов  уникальных  штор  на  основе  элементов  декоративно-прикладного  искусства  по 

оформлению интерьера для будущих преподавателей предмета «Технология». 

 

  



  This  article  considers  the  problem  of    introducing    new  technology  methods    of  the  processing  and 

creating    samples  of  unique  curtains  on  the    basis    of  decorative-applied  art  elements  on  staging  of  the 

interior for future Technology teachers. 

 

Халық өнері, ұлттық дәстүр сол халықпен бірге жанданып, өзгеріп және 



дамып  отыратындықтан,  ол  өнер  өміршең  болып  саналады.  Қолөнері– 

халқымыздың  тұрмыс-тіршілігінің  қайнар  көзі,  ғасырлар  бойы  жалғасын 

тауып келе жатқан асыл дүниелері. Жалпы алғанда, өнерге деген құштарлық 

оқыту  мен  тәрбиелеу  үдерісінде  педагогикалық-психологиялық  тұрғыда 

жастардың талабына, дарынына, қабілетіне және талап-тілегіне сай бағыттау 

олардың кәсіби білімінің дамуына өзіндік әсерін тигізуге көмектеседі.  

Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Ғасырлар  мақсаты  –  қоғамның  нарықтық 

қарым-қатынасқа  көшуі  кезінде  саяси-экономикалық  және  рухани 

дағдарыстарды  жеңіп  шыға  алатын,  ізгілікті,  XXI  ғасырды  құрушы,  іскер, 

өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» 

деген пікірінің өзі қоғам сұранысына сай кәсіби білімі қалыптасқан жастарды 

тәрбиелеуге жаңа көзқарас тудырады. Біздің пікірімізше, өмірге икемді, іскер 

мамандар даярлау мәселесіне, яғни жоғары оқу орындарында технология пәні 

мұғалімдерін  тәрбиелеп,  оқытып  шығаруға  жаңа  тұрғыдан  келу  керек. 

Әсіресе, қолөнерге бейімдеп, олардың кәсіби білімін қалыптастыруға аса мән 

берілуі тиіс.  

Бүгінгі студент – ертеңгі болашақ маман иелеріне көркем өңдеудің қыры 

мен  сырын  меңгерту  және  олардың  кәсіби  шығармашылық  іс-әрекеттерін 

дамыту арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған көркемдік мәдени 

бай  мұраларын  игерту,  туған  халқының  өнеріндегі  парасатты  дәстүрлеріне 

деген  дұрыс  көзқарасын  қалыптастыру  –  қазіргі  кезеңдегі  мектептен  бастап 

жоғары  оқу  орындарының  білім  беру  моделінің  барлық  саласындағы  кәсіби 

білім берудің негізгі де басты міндеттерінің бірі.  

Жалпы  адамзат  мәдениетін,  ой-пікірдің  дамуын  жас  ұрпаққа  жеткізуші 

тұлға ретінде  мұғалім өте маңызды рөл атқарады. Бүгінгі мұғалім – ой-өрісі 

кең,  мәдениеті  жоғары,  жаңаша  ойлауға  қабілеті  бар,  халқымыздың 

педагогикалық  мұрасын  және  дүниежүзілік  озық  педагогикалық  ой-пікірді 

меңгерген ізденімпаз маман. 

Ғалым  Д.Пошаевтың  зерттеуінше,  мұғалімнің  тәрбиелік  іс-әрекетінің 

тиімділігі  жөніндегі шешуші мәселе- мұғалімге терең педагогикалық

 мәдениетті  


 

393 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Жолдасова Б.Б. Болашақ технология мұғалімдерін тігін материалын көркем өңдеуге үйрету... 

 

 



қалыптастыру  болып  табылады.    Педагогикалық  мәдениетке  психология 

негіздері,  педагогика,  тәрбие  және  оқыту  біліктілігі  мен  дағдысы, 

педагогикалық шеберлігі жатады [1]. 

Қазіргі  кездегі  технологиялық  білім  беруге,  жастардың  технологиялық 

мәдениетіне  сәйкес еңбек  іскерліктері  мен дағдыларын  қалыптастыру  өзекті 

мәселенің  біріне  айналып  отыр.  Қазақстан  Республикасы  орта  білім 

мемлекеттік  стандартында  мектеп  оқушыларының  кәсіби  бейімделуін 

анықтаумен  мамандық  түрлеріне  баулу  қарастырылған.  Сондықтан, 

Қазақстан 

Республикасының 

жалпы 

білім 


беретін 

мектептері 

тұжырымдамасында  мұғалімнің  дайындығына  мынадай  талаптар  қояды: 

«мұғалім оқу материалын дайындап беруші, талап етуші ғана емес, баланың 

өз  бетімен  ізденуінде  білік  пен  дағдыны  қалыптастырушы,  оның  іздену-

зерттеу жұмысына қамқоршы, жетекші деңгейіне дейін көтерілуі тиіс» [2].  

«Тігін материалдарын көркем өңдеу» курсы студент жастардың тігін ісі 

жүйесі  негізінде  білім  алу  мен  шығармашылық  іс-әрекет  жұмыстарын 

орындауға  мүмкіндік  туғызатын  бағытта  жүргізіледі.  Сонымен  бірге,  оқу-

тәрбие  барысын  пайдалы  еңбек  түрімен  ұштастыра  жүргізу  мақсатын 

көздейді.  Тігін  материалын  көркем  өңдеуде  көркемдік  шешім  мен  өңделу 

сапасы  жоғары  болып,  жастардың  еңбек  етуге  іскерліктері  мен  дағдысын 

қалыптастырып  қана  қоймай,  олардың  тігін  өндірісі  мен  өз  мамандығына 

қызығушылығын  арттырып,  шығармашылық  қабілетін  дамытуға  септігін 

тигізеді.  Пәнді  игеру  нәтижесінде  технология  пәні  мұғалімдерінің  тігін 

бұйымдарын әзірлеуге ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, алған білімдерін 

жалпы  білім  беретін  мекемелерде,  жалпы  білім  беру  үдерісінде  қолдана 

білуге үйренеді.  

Тігін  материалын  көркем  өңдеудің  әдіс-тәсілдерін  меңгеру  барысында 

алға қойылатын міндеттер: 

-

 

интерьерді әрлеуде перде түрлерін зерделеу



-

 

қазіргі сән ағымында перде үлгілерін әзірлеуге бағыт беру; 



-

 

бұйымның көркемдік шешімін арттырып, сәндеуге үйрету; 



-

 

түрлі тігін материалдарынан перде үлгілерін әзірлеуде шығармашылық 



қабілетін дамыту; 

-

 



пішімі,  үлгісі  бойынша  перде  түрлерін  пішуге  және  өңдеуге 

дағдыландыру; 

-

 

арнайы,  автоматтандырылған  тігін  машиналарында  жұмыс  жасауға 



жаттықтыру; 

-

 



студенттерді пайдалы еңбектің қажеттілігін сезінуге үйрету. 

 

Болашақ технология пәні мұғалімдері тігін материалдарын көркем өңдеуде 



технологиялық  үдерістерді  жүзеге  асыратын  техникалық  құралдарды,  яғни 

материалдық  игіліктер  өндіру  мақсатында  өнім  алуда,  сондай-ақ  қайта  өңдеу 

процесінде еңбек құралдары мен жабдықтарының жиынтығын зерделейді.  

Сондықтан, технология пәні мұғалімі - оқушыларды қол өндірісіне баулуда 



 

394 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Жолдасова Б.Б. Болашақ технология мұғалімдерін тігін материалын көркем өңдеуге үйрету... 

 

 



өндірістік үдерістерді жүзеге асырушы.

 

  Тігін  материалдарын  көркем  өңдеу  курсы  бойынша    студенттерге  бұйым 



дайындауда  технологиялық  және  осы  үдерістердің  ғылыми  негіздері  жөніндегі 

білім  берумен  қатар,  лабораториялық  және  практикалық  сабақта  олардың  еңбек 

іскерліктері мен дағдыларын еңбектің сферасына сай қалыптастыру тиімді болып 

табылады.  Студенттердің  білім,  іскерлік  және  дағдысының    қалыптасуы,  еңбек 

үрдісін  және  оның  құраушы  бөліктерін  орындауға  баулу  оқытудың  әр  түрлі 

әдістері  мен  ұйымдастыру  формалары  көмегімен  жүзеге  асырылады.  Тігін 

материалдарын  көркем  өңдеуде  қалыптасатын  графикалық  білімі  олардың 

техникалық дайындығының негізі болып есептеледі. Интерьерді безендіру  үшін 

өлшемнің  дәлдігін,  көлемін  сипаттауда  сызбалар,  технологиялық  карталар, 

схемалар пайдаланылады. 

Болашақ  мұғалімдер  көркем  өңдеу  бойынша  маңызды  іс  -  жалпы  еңбектік 

дайындықтарды  игеріп,  материалды  өңдеу  бойынша  жалпы  білім  мен  ептілік 

және  дағдыны  меңгереді,    графикалық  сауаттылығын  арттырады,  тігін 

өнеркәсібінде  машинатану  негіздерімен,  материалтанумен,  үй  мәдениеті 

негіздерімен  танысып,  өндіріс  салалары  жөнінде  түсініктерді  қалыптастырады. 

Сонымен  бірге,  бағдарламада  жоспарланған  оқу  материалдары,  тақырыптар, 

практикалық  және  лабораториялық  жұмыстар  оқу-тәрбие  жұмыстарының  іске 

асуына негіз болады [3].  

Болашақ  мұғалімдерді  материалды  көркем  өңдеу  жұмыстарына  дұрыс 

дайындау  үшін  ұйымдастырушылық-педагогикалық  шарттар  керек.  Олар:  оқу 

орнының  материалдық-техникалық  базасы;  басқа  өндіріс  орындарымен 

байланысы,  көркем  еңбекке  және  кәсіпке  баулудың  формалары  мен  әдістерін 

пайдалану  және  қолдану,  оқытудың  құралдары  т.б.  Оқытушы  студенттерге 

төмендегідей білім мен ептіліктерді қалыптастыруы керек [4]: 

-

 

технологиялық сипаттағы білімдер жүйесін; 



-

 

технологиялық дүниетанымын; 



-

 

көркем  еңбек  барысын  жоспарлауды,  бақылауды  және  өзіндік  іс-әрекетті 



бақылауды ұйымдастыру

-

 



әртүрлі  оқу-өндірістік  жағдайларда  және  іс-әрекет  түрлерінде  жасалатын 

жалпы еңбектік ептіліктерді; 

-

 

шығармашылық ойлауды, шығармашылық  іс-әрекет элементтерін;  



-

 

жинау, талдау, талдап қорыту, мәнді жақтарын бөліп алу, жіктеу, топтамалау 



сияқты технологиялық ептіліктерді; 

-

 



еңбек сапасын және жеке тұлғаға тән қасиеттерді

-

 



еңбек  адамына  құрмет  көрсетуді,  еңбек  сүйгіштікті,  ұжымшылдықты,  өз 

бетінше  жұмыс  жасауды,  белсенділікті,  үнемшілдікті,  ұқыптылық  пен 

зейінділікті, еңбек ету тәртібі мен жауапкершілікті. 

  

Оқыту  әдістері  деп,  мұғалім  мен  олар  жетекшілік  ететін  оқушылардың 



жұмыс  тәсілдері  түсініледі,  оқыту  үдерісінде  оқушы  білім,  іскерлік  және 

дағдыны  игереді,    дүниетанымы  қалыптасады,  танымдық  қабілеттері  мен 

шығармашылық белсенділігі артады. 


 

395 


 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Жолдасова Б.Б. Болашақ технология мұғалімдерін тігін материалын көркем өңдеуге үйрету... 

 

 



 Оқыту  барысында  ғылыми  теорияны  практикалық  тәжірибе  негізі  арқылы 

оқытушылар  студенттердің  біліктілігін  арттыруға  жол  ашады.  Практикалық 

біліктілік  –  еңбек  қызметтерін  сапалы,  мақсатты,  тиімді  тәсілдермен  атқара  алу 

қабілеттілігі,  белгілі  бір  ережеге  және  оны  нақты  міндеттерді  шешу  барысында 

лайықты  пайдалануға  негізделген жаңа  әрекетті  меңгерудің  нәтижесі. Білікті  іс-

әрекет орынды тәсілдерді таңдай  білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды 

тәжірибеде орындаудан көрінеді [3]. 

Практикалық  сабақ  барысында  студент  пен  оқытушы  ынтымақтастықпен 

өзара көмек көрсетеді. Студенттердің іскерліктері мен дағдыларын іске асыруда 

бірлескен  қимыл-әрекет,  практикалық  қызмет  аясында  кәсіби  шеберлікке  баулу 

процесі барысында қалыптасады. 

Тігін  материалдарын  көркем  өңдеуде  қалыптасатын  дағды  іс  әрекетті 

орындай  білуде  жаттығу  арқылы  бекітілген  білік  болып  табылады.  Сонымен,  

кәсіби  дағды-белгілі  бір  кәсіпті  меңгеру  барысында  практикалық  жаттығулар 

арқылы  қалыптасатын  еңбек  қызметінің  автоматты  түрде  сапалы  әрі  сандық 

көрсеткіші.  

Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар: 

-  қимыл  дағдысы,  мұнда  еңбек  қимылдары  дәл,  нақ  және  аз  күш  жұмсай 

отырып тиімді үйлестіру әрекетін қалыптастырады; 

- ойлау – жұмыс барысында арнайы ойлау процесін қажет ететін дағды

-  сезім  –  іс-әрекетті  атқару  кезінде  сезім  мүшелері  арқылы  қалыптасқан 

технологиялық  процестер.  Сондай-ақ  бұл  әрекет  әсіресе,  технологиялық 

процестерді ұйымдастыру мен бұйым сапасын бақылау кезінде байқалады. 

Тігін  материалдарын  көркем  өңдеу  пәнін  оқытудың  және  оны  реттеудің 

психологиялық  негізінің  өзінің  арнайы  ерекшеліктерін  білу  шарт  болып 

табылады.  Бірінші  кезең  еңбектік  сипаты  мен  психофизиологиялық 

ерекшеліктері жөніндегі қажетті ақпараттарды қабылдаумен аяқталады. Болашақ 

мұғалімдер еңбек міндеттерін объектіні бақылау немесе еңбек үрдісімен алдын–

ала  танысу  негізінде  айқындайды.  Екінші  кезеңде  еңбек  іс-әрекетінің  негізінде 

жатқан  негізгі  ережелерді  ұғыну  іске  асады.  Олар  еңбек  үрдісін  түсінеді,  еңбек 

жөніндегі  жаңа  білімдер  алады.  Үшінші  кезеңде  алған  білімдерді  жаттығулар, 

өзіндік  жұмыс  жасау,  қосымша  түсіндірулер  жүйесі  арқылы  бекіту    жүреді. 

Төртінші  кезеңде  алынған  білім  біртіндеп  практикалық  іс-әрекетке  ұштасады. 

Еңбектік  білім,  іскерлік  және  дағдыларды  қалыптастырудың  барлық  

кезеңдерінде  олар  бақылануы  және  тексерілуі  қажет,  бұлар    еңбек  процесінде  

түзетуді енгізуге мүмкіндік береді. 

Бұйым    жасау  барысында  студенттер  өзіне-өзі  сұрақ  қоя  білу  іскерлігін 

қалыптастыру  өз  жұмысын  жоспарлауды  жетілдірудің  неғұрлым  тиімді  әдісі 

болып табылады. Мысалы, перде тігуді неден бастау керек, негізгі бөлігін және  

басқа  бөлшектерді  қандай  материалдан  жасауға  болады,  қандай  сәндеп  өңдеу 

түрлерін  қолданады  және  қандай  тәртіппен  бөлшектерді  құрастыру  керек? 

Студенттер  жұмыстың  ең  негізгісін  көре  білетін болады, оны әр кезеңге бөліп, 

қандай  әдіспен  орындау  керектігін  белгілейді.  Еңбек  әрекетін  жоспарлауды 

жетілдіру объектіні графикалық құжат бойынша жасаған кезде тиімді өтеді.  



 

396 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет