А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Дайрабаева Г.А. Дамыта оқыту технологиясы
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы
өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде
жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше
шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің
жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары
оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді
шеше отырып, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушы өзінің
деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы”, "Жаман оқушы”
ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады,
құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің
әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді
жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын
қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен
мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін
береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз,
оқушы – "орындаушы”, "мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін
ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да
ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы [3].
Дамыта оқыту жеке тұлғаның ойлауын, танымын, есте сақтау қабілетін,
сезімін, жандүниесін, мінезін, тілін, дарынын дамытуға бағытталады, бір
сөзбен айтқанда тұлғаның шығармашылықпен ойлауын дамытуға ықпал
етеді. Шығармашылықпен ойлау адам дамуының ең жоғары биігі болып
табылады.
Дамыта оқыту оқушылардың теориялық ойлау қабілеттерін дамытуды
негізгі мақсат етеді. Теориялық ойлау әңгіме, пікірталас арқылы
қалыптасады, сол арқылы жарыққа шығады. Оқушы бір нәрсе, құбылыс
туралы өз ойларын сөз арқылы жеткізеді. Сондықтан дамыта оқыту ең
алдымен, оқушылардын санасын, ойлау іс-әрекеттерін дамытуды көздейді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Алимова Қ. «Дамыта оқыту» мәселесінің педагогикада зерттелу жайы //Бастауыш мектеп. №4,
2009.32 б.
2.
Аманжол К. Бастауыш мектептегі дамыта оқыту технологиясы //Бастауыш мектеп. №11, 2005. 3
б.
3.
Сайт: Stud.kz.
366
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Ұ.Н.АДЫРБЕКОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы
СПОРТШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ЖАРЫСТАРҒА
ДАЙЫНДАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
В данной статье рассматриваются проблемы подготовки спортсменов к соревнованиям с
психологической точки зрения.
This article deals in problems of sportsmen's training for the competitions from psychological point
of view .
Спортшыларды жарыстарға даярлау барысында олардың психикалық
хал-ахуалын жетілдіріп, қалыптастыру мақсатында физикалық-техникалық
мүмкіншіліктерін ұлғайту қажет.
Адамды белгілі бір іс-әрекеттерге дайындау – бұл сол іс-әрекетке жемісті
қатысу дағдысын қалыптастыру үрдісі деген сөз. Осы дайындықтың ішінде
бірқатар компоненттерді атап айтсақ: олар – бұлшықеттік, функционалдық,
операциялық, психологиялық, т.б. Кез-келген іс-әрекетке адам
психологиялық жағынан дайын болуы керек. Әсіресе, өзгермелі жағдайларда
мақсатқа жету кезеңдерінде құнды бағыт-бағдарлар қажет. Спортшының іс-
әрекеті дәл осындай белгілерге ие. Психологиялық дайындық – бұл
спортшының бойындағы жарыс алдындағы және жарыста жақсы нәтиже
көрсету үшін, педагогикалық-психологиялық жағынан әсер етудің бір жүйесі
[1].
Психикалық дайындық: біріншіден, спортшы бойындағы барлық
физикалық-техникалық дайындықтарды барлық мүмкіншілігін пайдалануға,
екіншіден, жарыс алдындағы және жарыс кезіндегі қалыптасқан келеңсіз
жағдайларға (өз күшіне сенбеу, жеңіліс қауіпінен қорқу, ұйқының бұзылуы,
т.б) бой бермеуге көмектеседі.
Жарыста жоғары нәтиже көрсету, бұл спортшылардың физикалық-
техникалық мүмкіндігінің жоғары деңгейімен қатар, психологиялық
дайындығына да байланысты екені дәлелденген.
Шындығында, спортшыға өзінің физикалық, техникалық және
тактикалық жетістіктерін көрсету үшін және бойындағы қосымша
мүмкіндіктерге жол ашу үшін спортшыға психологиялық тұрғыдан
дайындық керек.
Жарыстың психологиялық ерекшеліктері, заңдылықтары, себептері және
жарыс алды қалыптасқан жағдай – спортшының психикасына үлкен
жауапкершілік жүктейді. Спортшы бойындағы жылдар бойғы жаттығулар
нәтижесінде қалыптасқан күшін, жігерін жарыста немесе жарыстан санаулы
уақыт бұрын жоғалтуы мүмкін.
Сондықтан, спортшыны міндетті түрде «психологиялық» тұрғыдан
дайындау - жеңістің алғы шарты.
367
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Адырбекова Ұ.Н.
Спортшыларды психологиялық тұрғыда жарыстарға дайындаудың кейбір...
Адамның психикасы және бойындағы ерекше қасиеттері уақыт өте келе
білініп, біртіндеп қалыптасады. Спортшыларды психологиялық тұрғыдан
дайындаудың тиімді жолы оны жарыстарға, спорттық бәсекелерге ұдайы
қатыстыру. Жарыстарға қатысу арқылы, спортшы жоғары көрсеткіштерге
жетеді және өз бойындағы спорттық жетістіктерді шыңдап, мақсатына
ұмтылуға сенімділік пайда болады.
Психологиялық дайындықты екі топқа бөлуге болады:
1) Жалпы психологиялық дайындық
2) Нақты бір жарысқа психологиялық дайындық.
Психологиялық дайындық процесінің негізгі мақсаты – спортшының
психикалық көңіл-күйін жасау болып табылады: 1) ұзаққа созылатын
жаттығу процесіне; 2)жалпы жарыстарға; 3) нақты жарысқа спортшының
психикалық дайындығын жасау. Ұзаққа созылатын жаттығулар мен
жарыстарға психологиялық дайындық алдын-ала жүргізіледі. Бұл жалпы
психологиялық ахуал кезеңіне ұласады, ал нақты бір жарысқа тікелей
дайындық арнайы психологиялық дайындық деп аталады. Осы жалпы және
арнайы психологиялық дайындықтар арасында дайындықтың соңғы
кезеңіндегі спортшының психикалық жағдайын түзету мақсаты көзделген
арнаулы іс-шаралар өткізілуі мүмкін [3].
Жеке тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру мен жетілдіру бұл
дайындықтың түпкі мақсаты болып табылады. Күнделікті іс-шаралардың
мақсаты нақты қойылады. Ол спортшы бойында жаттығу немесе жарыстың
табысты болуын қамтамасыз ететін жағымды психикалық жай-күй жасау
болып табылады. Спорттық мінез – бұл спорттық жарыстарда, жоғары
нәтижеге жету үшін дайындық барысында қалыптасатын адамға тән қасиет.
Спортшының психологиялық тұрғыдан дайындығын білдіретін негізгі
көрсеткіштері:
1)
Кез келген жағдайда сабырлылық таныта білуі;
2)
Оның өзіне және өз күшіне сенуі;
3)
Бойында жеңіске деген құштарлықтың болуы;
Жас спортшылардың психологиялық дайындығы жарыс барысында
шынайы байқалады.
Ресми кездесулер бұл бапкердің өз командасының психологиялық,
тактикалық дайындығын пысықтауы, байқауы ретінде көрініс табады. Кезекті
кездесулерде спортшылар өздерінің жетістіктерімен бірге, өз кемшіліктерін
біледі. Осындай кездесулерде, спортшыларға қажетті психологиялық қасиет
қалыптасады және ол одан әрі шыңдала түседі.
Әрбір спортшы өз бойындағы психологиялық кемшіліктерді біліп,
онымен күресуі керек. Осы кемшіліктерді жеңе отырып, спортта
жетістіктерге жетуге болады. Кей жағдайларда, жарыста жеңіле тұра,
психологиялық тұрғыдан жеңіске жетуге болады. Спортшыларларды
психологиялық дайындау спортшылардың жалпы дайындығы, жарысқа
368
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Адырбекова Ұ.Н.
Спортшыларды психологиялық тұрғыда жарыстарға дайындаудың кейбір...
дайындығы, өзінің жүйкелік-психологиялық жүйесін басқаруды үйренуі
болып табылады. Оның дайындығының негізгі белгілері:
1) Спортқа деген қызығушылық.
2) Дайындық тәртібін бұлжытпай орындау.
3) Бапкер және ұжым алдындағы жауапкершілікті сезіну.
4) Жарыста дайындық кезінде белгіленген межеге жету.
5) Еңбек қорлық пен ұқыптылық, ыждаһаттық.
Жүйке–психикасының қалпына келуін басқару арқылы спортшы көңіл-
күйін қалпына келтіре алады. Жүйкелік–психиканы әріптестерімен әзілдесу,
өз ойын басқа нәрсеге бұру және т.б. әрекеттер жасау арқылы қалпына
келтіруге болады.
Бүкіл дайындық барысында, спортшыға педагогикалық–психикалық әсер
етудің түрлерін, әдістерін қадағалап, жетілдіріп отыру керек [2].
Сонымен спортшыны псиологиялық тұрғыдан жарысқа дайындау
барысында, бойындағы жарысқа деген құштарлығын арттырып, жеңіске
жетелейтін жол көрсету керек.
Жарыста бәсекелестер күші тең болған жағдайда психологиялық жағынан
дайын спортшы ғана жеңіске жетеді. Себебі, ол өзінің техникалық,
тактикалық, теориялық дайындықтарын жоғары дәрежеде, сапалы түрде
көрсете алады.
Техникалық дайындық спортшы бойында жылдар бойғы үздіксіз әрі
сапалы жаттығулардың нәтижесінде қалыптасып, жарыстарда шыңдалады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Сейдахметов Е.Е. Дене шынықтыру және спорт психологиясы. Кентау, 2007.
2.
Валиев А.В. Баскетбол в школьные и студенческие годы. Туркестан: Тұран, 2005.
3.
Попов А.Л. Психология спорта. Москва: Просвещение, 1998.
369
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Г.Д.АШИКБАЕВА
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ
ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
В данной статье рассматриваются методы обучения технологической подготовке учащихся
при изучении предмета «Технология».
In this clause the methods of training of the pupils are considered at increase of technological
preparation in a subject Technology.
Технологиялық даярлығын жүзеге асырудағы педагогикалық үдерістің
барлық қатысушыларының практикалық іс-әрекетін ұйымдастыру мен
қамтамасыз етуін талап етеді. Осыған байланысты оқушылардың
технологиялық даярлығын қалыптастырудың әдістері мен формаларын
әзірлеу мәселелері пайда болады. Оқушылардың технологиялық даярлығын
қалыптастыру мазмұнына сәйкес базалық оқыту формаларының сипатын
бөліп қарауға болады. Оқыту оқушылардың оқу іс-әрекеті мен мұғалімнің
кәсіби қызметін жекелеген компоненттерге бөлуді ұсынады. Мұндай бөлу
тәсілдері мен оқу элементтерін біріктіру тәртібі оқу үдерісінің құрылымы
мен әдістерін түрліше және әртүрлі етіп анықтауы мүмкін.
Технологиялық
тапсырмаларды
шешу
кезінде
технологиялық
процестерді, дайындаманы таңдау арқылы еңбек операцияларының дұрыс
реттілігін анық түсіндіру және студенттерді олардың жиынтығы тұрғысынан
әрқайсысы (операция, тәсіл, қозғалыс, т.с.с.) бойынша талдау жүргізуді
үйрету қажет.
«Технология» пән мұғалімдері технологиялық білім беру барысында
өндіріс жөніндегі мағлұматтарды политехникалық білім берудің мақсатына
сәйкес жүзеге асырады. Ал, “Өндірістік процесс - кең ұғым. Оны өндірістің
технологтары, ұйымдастырушылары, экономистер, психологтар зерделейді.
Өндірістік процестердің барлық жақтары мен құрылымдық элементтері
еңбекке баулудың объектісі мен заты болуы мүмкін және болуы қажет”.
Сондықтан да «Технология» (еңбекке баулу) пәні мұғалімі өндірістік
процестерді зерделеуші және оны оқушылармен жүзеге асырушы болып
табылады.
“Технология (технологиялық процесс) - өндірістік процестің негізгі
бөлігі”. Кең мағынасында технология деп, шикізаттарды, материалдарды алу,
өңдеу немесе қайта өңдеу тәсілдері мен әдістерінің жиынтығын, сондай-ақ
шала өнімдерді (жартылай фабрикаттарды) немесе бұйымды дайындау
түсініледі.
Бұл технологиялық процестердің ішінде жаңа инновациялық
технологиялардың
қолданылуы
(пайдаланылуы)
міндетті
түрде
қарастырылуы тиіс.
370
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Ашикбаева Г.Д. Технологиялық дайындықты жүзеге асырудағы оқыту әдістері
И.Д.Чечель технологиялық процестер жөніндегі теориялық зерттеулерді
және жинақталған тәжірибелерді талдау негізінде технологиялық процестерді
түзуді оқушыларға оқытудың негізгі кезеңдерін төмендегідей етіп көрсетеді
[1].
1.
Ұйымдастыру-технологиялық іскерліктерді қалыптастыру кезінде
технологияның теориялық білімдері ғана басты емес, сондай-ақ іс-әрекеттің
тиімді жоспарын құруға мүмкіндік беретін оқушылардың алдағы әрекет
нәтижелерін талдауымен көре алатын қабілеті қажет.
2.
Оқушыларды өзінің еңбектік іс-әрекетін перспективті жоспарлау,
жекелеген операцияларды және барлық технологиялық процесті тұтастай
талдау, өндіріс тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыру қорын көру іскерлігіне
баулу және бұйым сапасына, еңбекке шығармашылық тәсіл тұрғысынан
қарау, оның еңбек өнімділігін арттыру үшін қажеттілік болып табылады.
3.
Технологиялық құжатты сәтті іске асыру үшін оқушылардың
кеңістікті елестетуін дамыту қажет. Бұл оларда бұйым дайындау процесін
іске асыруда қажетті үлгілерді тудыру іскерлігін қалыптастыруға қабілетті
етеді.
4.
Білім мен іскерліктің арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етуде
теориялық және практикалық сабақтар үшін белгілі жаттығулар жүйесін
әзірлеу қажет.
5.
Техникалық ойлауды дамытуды “ұғымдық-бейнелік-практикалық”
(“понятийно-образно-практической”) құрылымнан шығу қажет.
6.
Оқушыларға технологиялық процестерді түзуде оқыту нақты өнімді
еңбек объектілерінде іске асуы керек, яғни іс жүзінде мысалмен көрсетілгені
жөн.
7.
Технологиялық процестерді түзу іскерлігін қалыптастыруды дайын
болған процесті мақсатты талдаудан бастау қажет, содан кейін бастапқы
мәліметтер бойынша технологиялық процестерді жобалау бойынша өзіндік
жұмыстарға өтуге болады.
Н.Е.Эрганованың пікірінше оқу-бағдарламалық құжаттарды талдау
бойынша “... кәсіптік оқыту педагогы іс-әрекеті мыналардан тұрады [2]:
-
болашақ маманды дайындау жүйесіндегі педагогтың жалпы бағдары;
-
болашақ маманның білімі мен іскерлігіне қойылатын талаптарды
анықтау;
-
кәсіптік іс-әрекеттің ауқымын белгілеу;
-
сабақ кестесін құрастырудағы материалдардың күрделілігін нақтылау;
-
дайындықтың цикл ішілік және цикларалық, оқыту пәнінің пәнаралық
байланыстарын қамтамасыз ету;
-
тақырып бойынша сабақтарды жоспарлау болып табылады”.
Сонымен, біздің ойымызша алдымен болашақ кәсіптік оқыту, еңбек
технологиясы
және
кәсіпкерлік
мұғалімінің
стандарт
шеңберінде
технологиялық дайындығын түзетін пәндер кешенін талдауды маңызды деп
371
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Ашикбаева Г.Д. Технологиялық дайындықты жүзеге асырудағы оқыту әдістері
білеміз.
Ол үшін технологиялық дайындықты түзетін ұғымдарды және іс-әрекет
құраушыларын анықтау қажет. Өндірістік процестерді құраушыларды
сипаттайтын педагогикалық еңбектерді зерделеу нәтижесінде төмендегідей
ұғымдар анықталды:
Технология – өнім алу барысында, шикізат пен материалдардың күйін,
қасиеттері мен формасын өзгерту үшін қолданылатын әдістер. Ал ұғым
тұрғысынан профессор Т.Мендебаев «технология» ұғымының 20-дан астам
түсінігі бар екенін атап көрсетеді [3].
Технологиялық операция – жеке тетікті өңдеу кезіндегі үзіліссіз
орындалатын технологиялық процестің бөлігі.
Еңбек операциясы – нақты мақсатқа жетуге бағытталған еңбек процесінің
элементі.
Еңбек процесі - берілген кәсіп үшін типтік белгілі аяқталған жұмыс
түрінің орындалуымен байланысты жүйелі жұмысшы әрекетінің жиынтығы.
Технологиялық ауысу – операцияның құрал-сайман ауыстырмай
орындауға болмайтын, ары қарай бөлінбейтін аяқталған бөлігі.
Еңбек тәсілі - операцияның жүзеге асуы үшін жеке арнаулы мақсаты бар,
аяқталған еңбек әрекетінің жиынтығы.
Еңбек әрекеті - адамның бір немесе бірнеше дене мүшелерімен үзіліссіз
орындалатын еңбек қозғалыстарының кешені.
Еңбек қозғалысы еңбек процесіндегі жұмысшының қолын, денесін
немесе аяқтарын іске қосу қажеттілігін анықтайды.
Болашақ мұғалімдердің, оқушылардың еңбектік іс-әрекетін қолданудағы
негізгі кезеңдерді: қажетті теориялық білімдерді игеру; жаттығу; негізгі
әрекеттерді түзету және бекіту деп көрсетуге болады.
Еңбек – алға қойылған мақсатқа жеткізетін саналы іс-әрекет. Ал іс-
әрекетті Б.А.Душков “... – бұл қоғамдық мәнді сипаты бар, саналы мақсатпен
реттелетін адамның ішкі (психикалық) және сыртқы (дене бітімі)
белсенділігі” – деп сипаттайды.
Еңбек процесі жөнінде К.Маркс: “Еңбек процесінің жай моменттері
мыналар: мақсатқа сай қызмет, яки еңбектің өзі, еңбек заты мен еңбек құрал-
жабдығы.” – деп атап көрсетеді. Ал, “Еңбек құрал-жабдығы дегеніміз –
адамның өзі мен еңбек затының арасында орналастыратын және оның осы
затқа ететін ықпалын іске асырушы ретінде пайдаланатын зат немесе заттар
кешені.” – деп біледі. Еңбектік іс-әрекетке өндірістік процестерді жоспарлау,
дайындау, жүзеге асыру, бақылау, қызмет етуге қатысты болып табылады.
Өндірістік оқыту әдістерінің тізбегіне теориялық оқытудың жекелеген
әдістері сияқты, кәсіптік іскерліктерді қалыптастыруға бағытталған арнайы
әдістер де кіреді. Теориялық оқыту әдістерін қолдану сабақтың жекелеген
кезеңдеріндегі оқытушы (оқу шебері) мен білімгердің іс-әрекет мазмұнымен
үйлестіріледі (келісіледі). Мәселен, теориялық оқыту әдістерін, алдағы
372
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Ашикбаева Г.Д. Технологиялық дайындықты жүзеге асырудағы оқыту әдістері
тұрған еңбек іс-әрекетінің теориялық негізі қалыптастырылатын кіріспе
нұсқауда қолдануға болады. Бірақ өндірістік оқыту сабақтарында монологтық
немесе көрсету әдістерін, яғни, білімгердің репродуктивті ойлау іс-әрекетін
талдап қорытатын әдістерді қолдану дұрыс болуы неғайбыл. Өндірістік оқыту
әдістемесінде көрсететін әдістердің орнына еңбек әрекеттерін көрсету
әдістері кеңінен қолданылады [4].
Әңгіме оқыту тәсілі ретінде өндірістік оқыту сабақтарында кеңінен
қолданылады. Сондықтан да теориялық білімдерді қайталау кезеңінде
мақсатты түрде диалогтық әдісті қолдану қажет.
Оқу шеберханалары жағдайында, білімгерлерге қиындық тудыратын
өндірістік процестерді үйренуде жаттығу (тренировочный) әдістері
пайдаланылады.
Өндірістік оқытуда кәсіптік іскерліктерді қалыптастыру процесінде
тренажерларды кеңінен ендіру алгоритмдік әдістің басымдылығын көрсетеді.
Оқыту процесінде білімгерлерді техникалық диагностикалауда бұл
әдістің рөлі үлкен. Ол техникалық объектінің жарамсыздығын қалпына
келтіруде оқыту міндеттерін шешуге көмектеседі.
Өндірістік оқыту әдістері мәселелерін қарастырып, жаттығу түріндегі
оқытудың үш проблемалық әдістеріне тоқталмауға болмайды:
-
жобалау, технологиялық процестерді (бөлшектерді өңдеу, құрастыру,
т.б.) құрастыру ойластырылған (болжанған) тапсырмалар;
-
реттеу, технологиялық процестердегі ауытқуларды тренажерге
берілген немесе шартты ойластырылған тапсырмаларды жою және мөлшерлі
жұмыс режимін орнату;
-
диагностикалау, құрылғының жарамсыздығы себептерін іздеу
ойластырылған. Осы үш жаттығудың әрқайсысын көрсету және орындау
процесінде педагог (оқыту шебері) пен білімгер іс-әрекеті құрылымын
қарастыратын болсақ, онда әртүрлі эвристикалық оқытудың әдістерін аламыз.
Еңбек әрекеттерін көрсету, жаттығу, алгоритмдік әдістерді қолдану
ережесін оқытуда (оқу шебері мен студентке қатысты) төмендегідей етіп
беруге болады (кесте 1, 2, 3):
Кесте 1 - Еңбек әрекеттерін көрсету әдістерін қолдану ережелері
Оқытушының (оқу шеберінің) іс-әрекеті
Студенттің (білімгердің) іс-әрекеті
1
2
Қалыптастырылатын
іскерліктердің
арналуын
түсіндіру
Кәсіби
іс-әрекетте
еңбек
процесінің мәнін ұғынуы
Қарапайым ырғақпен барлық еңбек процесін
көрсету
Байқау, еңбек процесін тұтастай
қабылдауға ұмтылу
Еңбек процестеріндегі операцияларды, тәсілдерді
және негізгі әрекеттерді бөліп көрсету
Еңбек іс-әрекетінің құрамы мен
құрылымын талдау
Нұсқау
картасы
бойынша
жекелеген
операцияларды, тәсілдерді және олардың орындалу
жолын көрсету
Нұсқау карта бойынша жұмыстың
әрбір
операциясының,
тәсілінің
орындалу жолын ұғыну
Достарыңызбен бөлісу: |