Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



Pdf көрінісі
бет57/66
Дата06.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#7953
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Назанова Г.Ж. Педагогикалық бағыттағы студенттердің мәдени-тынығу жұмыстарын...  

 

 



    

                                                                                                                                           

408 

   


 

 

 



ізгілікті    мотивтері      болуы    керек    дей    отырып  оның  мазмұны  –  бала 

кезінен    қалыптасып,  тәрбиеленетін  адамгершілік  қасиеттер;  өлшемі- 

сезімталдығы мен эмоциясын басқаруы, ал көрсеткіштері: сезімін басқаруы; 

қай кезде қандай әдіс, тәсілдер арқылы  ықпал етуге болатынын сезінуі;  кез 

келген  мәселені  оқушының  бас  пайдасына    шешуі;    өзінің  психикалық 

ахуалы,  көңіл  күйіне  берілмеуі;  оқушылармен  сыйластық  қарым-қатынас 

орната білуі; екіншісі, тұлғалық мотивтер - өзін танып-білуі; өз қабілеттерін 

іс  жүзінде  байқап  көруі;  басқалардың  мүддесі  үшін  өзін  дамытуы; 

өлшемдері:  өмір    тәжірибелері  мен  өмірлік  тәжірибелерін  талдау  мен 

педагогикалық 

тапқырлығын 

дамыту; 


ал 

көрсеткіштері: 

өмірлік 

тәжірибесінің  дұрыс,    бұрысын  ажырата  білуі;  жақсысын  қуаттап, 

нашарынан  бас  тартуы;  оның  орнына  жаңа,  пайдалы  сипаттағы  түрлерін 

қалыптастыруы;    оқушының  бойына  сіңіп  қалған  нашар  әдет,  дағды 

тәжірибелерін ажырата білуі;  жалпы  өмір  тәжірибесі  мен  өмірлік  тәжірибе 

жайлы ұғымының  қалыптасқаны; кез келген педагогикалық ахуалда табан 

астында  жол  табуы;  үшіншісі

  -

  педагогикалық  мотивтерін  қалыптастыруға  

және өзін дамытуға бағытталған  тәрбиелік іс-шараларға белсенді араласуы; 

соңынан  ертіп  еліктетуге  ынталандыру;  ділмарлығы  мен  педагогикалық 

сөйлеуін  дамыту;  ділмарлығы  -  оқушыларға  сөзін  тыңдата  білуі,  сөздерді 

орынды қолдана білуі; сөзінің мағыналығы мен мәнділігі; сөзінің қысқа да 

нұсқа болуы; педагогикалық үрдіске тікелей араласу арқылы оқушылармен 

диалогтік  қарым-қатынас  орната  білуі;  оқушыларды  кез  келген  іске 

жұмылдыра білуі;   

Осылардың  барлығын  қарастыра  келіп,  біз  өз  тұсымыздан  бүгінгі 

пединститутың  студенті,  ертеңгі  мектеп  мұғалімінің  педагогикалық 

бағыттылығын  оның  мотивтерін  сабақтан  тыс  мәдени-тынығу  тәрбие 

жұмыстары арқылы қалыптастыруды көздедік. Осыған орай олардың негізі 

етіп жоғарыда келтірілген еңбектерде қарастырылмай қалған, бірақ педагог 

мамандардың  мотивтерін  қалыптастыру  іс-әрекетінде  аса  маңызды  деген 

кейбір тұстарын іріктеп алдық. Олар мыналар:  

1. Педагогикалық мәселелерді шешудегі тапқырылығын дамыту;  

2. Педагогикалық  сезімталдығын (интуиция мен эмоциясы) басқаруға 

тәрбиелеу; 

 

 3.  Педагогикалық  ділмарлығы  мен  айтқанын  істету,  иландыру, 



нандыру;  педагогикалық  мақсатты  жүзеге  асырудағы  педагогикалық 

сөйлеуін дамыту; 

 

4. Еліктетіп  соңынан ерту секілді іскерлігін дамыту; 



 

5. Өзінің өмір  тәжірибесі және өмірлік тәжірибелерді талдау арқылы 

оқушылардың  өмірлік  тәжірибесіне  тәрбиелік  бағыт  бере  алатын  білім, 

біліктер    қалыптастыру  керек  -  деп  белгіледік.  Бұларды  жүзеге  асырудың 

тетіктері  мотивацияларын  қалыптастыру  деп  ұйғардық.  Бұны  арнайы 

ұйымдастырылған эксперимент жұмыстарында тексеріп көрдік. 

Ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерді  сараптау  нәтижелері  “новация” 

мен “инновация” ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті.  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Назанова Г.Ж. Педагогикалық бағыттағы студенттердің мәдени-тынығу жұмыстарын...  

 


    

                                                                                                                                           

409 

   


 

 

 



 

 

Дегенмен,  әдебиеттерде  осы  екі  ұғымның  әртүрлі  анықтамалары 



кездеседі.  Инновация  ұғымын  энциклопедиялар  мен  сөздіктерде  әртүрлі 

анықтамаларын кездестіруге болады. 

Қазіргі  уақытқа  дейін  ғылыми  әдебиеттерде  (Исхахова  П  т.с.с.) 

инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі: 

1) Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі

мұны  шартты  түрде,  іргелі  де  қолданбалы  ғылыми  зерттеулердің  нәтижесі 

болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды.  

2) Ойлап табу кезеңі, яғни қандай да бір нысанға, материалдық немесе 

рухани өнім-үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу  кезеңі. 

3)  Жаңалықты  енгізу  кезеңі,  мұнда  ойлап  табылған  жаңалық  іс-

жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже  

алынады.  

Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық 

үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ 

басады. 

Жаңалықты пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орын алады:   

4)  Жаңалықты  тарату  кезеңі,  мұнда  жаңалық  кеңінен  қолданысқа 

енгізіліп, жаңа салаларға кіреді. 

5)  Нақты  бір  салада  жаңалықтың  үстемдік  ету  кезеңі,  мұнда 

жаңалық  бұрынғы  жаңашылдық  қасиеттерін  жоғалта  бастайды  да  оны 

едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады.  

6)  Жаңалықтың  қолданылу  аясын  қысқарту  кезеңі,  мұнда  жаңалық 

жаңа өніммен алмастырылады [3].  

Инновациялық  білім  беру  үдерісінің  мән-маңызы,  біздің  пікірімізше, 

оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды 

нарықта  сату  және  одан  әрі  қолданысқа  енгізу  жөніндегі  мақсатты  іс-

әрекеттер тізбегін қамтитындығынан көрінеді. Жоғары оқу орындарындағы 

инновациялық  білім  беруде  мәдениет  рәміздерінің  рөлін  жетілдірудің 



ұйымдық-педагогикалық шарттар жүйесі

-  инновациялық  білім  беру  үдерістері  жұмыс  істейтін  оқу  және  білім 

беру ортасының ғылыми әрі оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін

-  жоғары  оқу  орындарының  инновациялық  құрылымын  құру  кезінде 

білім беру, ғылыми-зерттеу және коммерциялық (инновациялық білім беру 

үдерістеріне  кететін  шығынды  өтеу  және  келешектегі  инновациялық  білім 

беру  үдерістерін  қаржыландыру  әлеуетін  қалыптастыру  мақсатында)  іс-

әрекеттердің үйлесімділігінің орнатылуын; 

-  жоғары  оқу  орындарындағы  инновациялық  білім  беру  үдерістерін 

басқару  құрылымының  инновациялық  білім  беру  үдерісінің  кезеңдерін 

жүзеге асыратын функциялармен сәйкестігін; 

-  оқу  материалдарының  көлемін  және  пәндік  дайындықтың 

қысқартылған  мерзімін  ескере  отырып,  оқыту  әдістері  мен  түрлерінің  ең 

оңтайлы үйлесімділігін; 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Назанова Г.Ж. Педагогикалық бағыттағы студенттердің мәдени-тынығу жұмыстарын...  

    

                                                                                                                                           

410 

   


 

 

 



 

 

-  оқу  материалының  кәсіптік  бағдарлану,  өзекті  мәселеге  бағытталу 



және  мәселені  ашып  көрсету  деңгейінің  қамтамасыз  етілуін  еңбек  нарығы 

мен білім беру қызметтері нарығының маркетингтік зерттелуін қамтиды. 

Қазіргі кездегі жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, 

оны  жетілдірудің  басты  стратегиялық  бағдары  –  қазақ  мәдениет 

рәміздерінің  рөлін  жетілдіретін,  өмірге  жауапкершілікпен  қарайтын, 

дүниетанымдық  мәдениеті  жетілген,  шығармашылық  ойлауға  дағдыланған, 

іскерлік  қабілеттілігі  биік,  гуманистік  ойлауы  басым,  инновациялық 

ілімімен қаруланған адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа 

ұрпағын қалыптастыру болып табылады. 

Ал  енді,  жоғары  кәсіби  білім  берудің  алдында  тұрған  неғұрлым 

маңызды, мәнді міндеттерге келсек, мыналарды бөле-жара атаған жөн: 

-

 



біріншіден,  білім жүйесін жетілдіру; 

-

 



екіншіден, оны үздіксіз әрі көпсатылы құрылым ретінде енгізу; 

-

 



үшіншіден, халықаралық біліми кеңестікке кіру. 

Бүгінгі  таңда  бұрынғы  жоғары  білім  беру  жүйелерін  осы  заманғы 

әлеуметтік,  экономикалық  даму  тұрғысынан  жетілдіру  талап  етіледі.  Ең 

басты мәселе – білімді жетілдіру, жаңа жүйеге көшу болып табылады. 

Еліміздегі  жоғары  оқу  орындарында  білім  мен  ғылымдағы  ең  алуан 

түрлі  және  болашағы  зор  қазіргі  заманғы  білім  беру  технологиялары 

ендірілуде.  Оқытудың  кредиттік  жүйесін,  қашықтан  оқыту  формасын 

енгізуді, маман даярлаудың көпсатылы құрылымына көшуді, оқу үдерісінде 

қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен сабақ берудің озық әдістерін 

қолдануды атап айтуға болады. 

Білім  беру  жүйесінің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  үшін  оны 

халықаралық стандарттар деңгейіне шығару қажет, бұл бүгінгі күннің өзекті 

мәселесі болып табылады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.

 



Атемкулова  Н.А.  Педагогикалық  бағыттылық  қалыптастырудың  құрылымдық  құрамы 

//Қазақстан жоғары мектебі. – 2007. -№2. - Б. 28-33. 

2.

 

Ибрагимов  Р.,  Левенберг  Л.Ш.  Активизация  познавательной  деятельности  младщих 



школьников. Ташкент, ФАН, 1991. -169 с. 

3.

 



Әбиев Ж., Бабаев С., Құдияров А.  Педагогика .   - Алматы 2004.-437 б. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 


    

                                                                                                                                           

411 

   


 

 

 



Б.Б.КЕНДЖАЕВА  

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі 



 

ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚТЫ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЖОБАЛАУ 

 

В  этой  статье  рассматриваются  проблемы  организации  технологий  формирования 

коммуникативной компетентности при обучении иностранного языка. 

 

This 

article 

deals 

with 

the 

problems 

of 

organization 

of 

technology 

of 

communicative competence’s forming in teaching a foreign language.    

 

Шет тілі оқытушыларының жұмыс істеу шарттары соңғы 10-15 жылда 



елеулі  өзгеріске  ұшырады;  жалпыға  бірдей  бұрынғы  бағдарламалар, 

кітаптар, білім беру ұйымдарына деген қатаң талаптар жойылды,  оқытушы 

шығармашылығының  өзіндік  ықыласын  таңдау  жолдары  ашылды. 

Оқытушылардың  өзіндік  еркіндігі  оқытудың  жалпыға  бірдей  стратегияны; 

білім 

алушылардың 



өзіндік 

ерекшеліктеріне, 

сұраныстары 

мен 


мүмкіншіліктеріне  сәйкес  нақты  әдіс-тәсілдерді;  оқыту  шарттарын; 

студенттерге  негізгі  және  қосымша  ретінде  ұсынылатын  оқу-құралдарын 

алып  қою  және  рөлді  ойындар  мен  басқа  да  қажетті  тақырыптарда 

пайдаланылатын  бағдарламаларды  таңдау  сияқты  көптеген  қосымша 

міндеттерді туғызады. 

Психолингвистика, 

әлеуметтік 

психология 

секілді 

аралас 


ғылымдардың  дамуы  шет  тілін  оқытудың  жеке-коммуникативтік 

технологиясын  өңдеуді  жолға  салды.  Бұл  технологияның  өзегі 

коммуникативті  құзырлылықты,  студенттердің  жеке  өзіндік  ерекшелігін 

және  оқу  үдерісінің  коммуникативті  дәлелін  қалыптастыру  болып 

табылады. 

 Мұның  негізгі  мәні  дайын  білімді  хабарлау,  бөтен  пікірлерді  айту 

бүгінгі  таңдағы  алдыңғы  қатарлы  оқыту  формасы  бола  алмайды  дегенге 

саяды. Қарым-қатынас жасауды оқытуды түсіну – бұл аудитория жағдайына 

үйрену,  онымен  бірге  тиісті  тапсырмаларды,  форманы,  өзінің  хабарлау 

тәсілдерін  орындау,  оның  аудиторияға  тигізуі  мүмкін  ықпалдарын 

болжамдау  шеберлігі.  Бұл  лингвистикалық  сауаттылықтың  рөлін  кеміту 

емес, бұл ойды жеткізу құралдарының рөлін төмендету, яғни бұл рөл мақсат 

ретінде танылады. 

Алайда  барлық  айтылған  мәселелер  шет  тілін  оқытуды  заманауи 

тәсілді  сипаттайтын  әуелгі  ережелер,  ал  оның  жүзеге  асырылуы  тікелей 

оқытушыға, оның психологиялық құрылымына, тілді меңгеруіне және білім 

алушыларының осыған ұқсас ерекшеліктеріне байланысты болады. 

Студенттерге  ауызша  кіріспе  курсы  қажет  пе,  ең  бірінші  кезекте 

мотивацияның  қай  түріне  –  коммуникативтік,  танымдық,  эстетикалық 

немесе  ойын  мотивациясына  сүйену  керек  екендігін  ең  алдымен 

оқытушының өзі шешеді. 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Кенджаева Б.Б. Шет тілін оқытудағы коммуникативті құзырлылықты қалыптастыру үдерісін...  

 

 



    

                                                                                                                                           

412 

   


 

 

 



Студенттерге  шет  тілін  оқытудағы  мақсатқа  жетудің  негізгі  шарты, 

біздің  пікірімізше,  қарым-қатынас  орнату  арқылы  орындалады.  Демек, 

қарым-қатынас мақсатқа жету, яғни оқыту құралы болып табылады. Оқыту 

тапсырмасы күнделікті және кәсіптік алаңда коммуникативтік шеберлігі мен 

дағдысын  бойына  сіңірген  студент  құзырлылығын  қалыптастыру  болып 

табылады. Болашақ маманды тәрбиелеу мәдениет пен кәсібін меңгерген, өз 

саласында күрделі мәселелердің шешімін таба алатын және қарым-қатынас 

орнататын ортасына мәдени райды қалыптастыратын тұлғаны оқыту ретінде 

қарастырылады. 

Егер  оқытушының  бойында  тез  арада  тіл  табысу  және  басқаларды 

қарым-қатынас орнатуға  қызықтыру қабілеттері бар болса,  онда студенттің 

ауызекі сөйлеу, хормен жұмыс жасау, қимыл және рөлдік ойындары арқылы 

тілді  меңгеру  қабілеттерін  арттыруы  сөзсіз.  Осы  тапсырмалардың 

орындалуы студенттердің әдебиет, тарих, жалпы ғылымдар салаларында ой 

өрісін,  олардың  жалпы  жоғары  мәдениеттілігін,  сонымен  қатар  ойлау, 

қарым-қатынас, сөйлеу мәдениетін арттырады. 

Демек,  көрсетілген  жүйе  тармақшаларынан,  біздің  пікірімізше,  тілдік 

емес  жоғары  оқу  орындарында  шет  тілін  оқыту  негізінен  бастау  алатын 

өзара байланысқан жүйені бөліп қарастырамыз.  

«Оқыту  мақсаты»  деген  жүйе  тармақшасына  оқытудың  жеке  өзіндік 

тәсілі  мен  студенттің  екінші  тілдік  тұлғалық    қасиетін    арттыруға 

бағытталады. 

«Оқыту  мазмұны»  деген  жүйе  тармақшасында  мынадай  принциптер 

қарастырылады:  ситуативтілік,  модельдеу,  оқу  қарым-қатынасының  қос 

функциясы. 

Оқыту  мен  топтық  ықпал  негіздері  қызметі  болып  табылатын 

топтарды  гомогенді  қалыптастырудың  принциптері    оқыту  үдерісін 

айқындайды. 

«Оқыту  нәтижесі»  деген  жүйе  тармақшасына  мамандыққа  баулу 

принципі жатады. 



Бірінші  принцип  -  жеке  өзіндік  тәсіл.  Оқытушы  мен  студент  пікірлес 

болып  табылады.  Адамның  қарым-қатынасы  байланыс  құрудан  басталады. 

Алдымен  алғашқы  коммуникативтік  бейімделу  мен  бір-біріне  деген 

сөйлеушілердің  қарым-қатынасын  алдын  ала  реттеу  қажет.  Осындай 

жағдайда студенттер тартыншақтықтан арылып, өзін еркін ұстау және өзара 

түсінушілік дағдыларын қалыптастырады. 



Екінші принцип – оқытудың жеке өзіндік тәсілі мен студенттің екінші 

тілдік  тұлғалық    қасиетін    арттыруға  бағыт-бағдары,  яғни  оқытушы 

студенттің  тілдің  төл  иегерлері  сияқты  шет  тілін  оқытып  қана  қоймайды, 

сонымен  қатар  меңгеріп  отырған  тілдің  мәтіндік  қызметін  іске  асыруға 

дайындығын  және  басқа  ұлт  өкілдерімен  адекваттық  өзара  қарым-қатынас 

орнату қабілеттілігін  арттырады.  



Үшінші принцип – ситуативтілік.  Шет  тілін  оқыту   барысында   әрбір 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Кенджаева Б.Б. Шет тілін оқытудағы коммуникативті құзырлылықты қалыптастыру үдерісін...  

 

 



    

                                                                                                                                           

413 

   


 

 

 



студентті  қызықтыратын  мәселеге  және  жағдайға  негізделе  отырып, 

материалдарды  іріктеу  мен  ұйымдастыру    өте  маңызды.  Сөйлеу 

мотивациясы    сөйлеушілерге  қатысты  жағдайларды  туындату  барысында 

пайда болады. 



Төртінші принцип – модельдеу. Елтану білімдерінің көлемі ауқымды, 

демек елдің мәдениеті жайлы екпіндеп айтылған қайнар көздерді табуымыз 

керек.  Алайда  мұндай    жағдайларда  тілді  мазмұндық  көрініс  тақырыбы 

емес,  мәселелер  құрайды.  Тіл  білімдерін  ықшамдау  және  ретке  келтіру 

мақсатында тіл жүйесі кесте, сызба, салыстыру және т.б. сияқты модельдік 

түрде беріледі.  



Бесінші  принцип  –  оқу  қарым-қатынасының  қос  функциясы  болып 

табылады.  Педагог  дағдылардың  қалыптасуын,  өңделуі  мен  бекуін  және 

барлық  сөйлеудің  түрлерін  басқарады,  сөйлеу  арқылы  белгіленген  пәндер 

шеңберінен тыс шыға алатындықтан студенттердің негізгі мақсаты  қарым-

қатынас жасау болып табылады. 

Алтыншы принцип – топтарды қалыптастыру. Студенттердің шет тілін 

меңгеру  деңгейін  анықтау  үшін  олар  алдын  ала  тесттен  өтеді.  Осы  тест 

нәтижелеріне қарай олар топ-топқа бөлінеді. 

Жетінші  принципке  –  оқытудың  қызметтік  негізі  жатады.  Ол 

студенттің  ішкі  және  сыртқы  (ақыл-ой)  белсенділігінде  көрініс  береді. 

Оқытудың  өзіндік,  топтық  және  ұжымдық  формаларының  көлемі 

ұлғайғанда  оқытушының  сөйлеу  белсенділігі  артып,  студенттер  тек  сұрақ 

қойғанда  ғана  белсенділік  танытар  болса  жаппай  дәстүрлі    жұмыс 

қысқарады.  



Сегізінші принцип – бұл әрбір студенттің қарым-қатынас арқылы жеке 

бас даралығын айқындайтын  топтың әсері. 

Тілдік  емес  ЖОО-да  шет  тілін  үйрету  барысында  пайдаланылатын 

жеке  тұлғаға  бағытталған  технология  барлық  білім  беру  жүйелерінде 

студенттің  жеке  басы  құндылықтарын,  табиғи  әлеуетінің  жүзеге  асуын 

негізге  алады.  Бұл  технологиядағы  студенттің  жеке  тұлғасы  негізгі  болып 

саналады.  Студенттің  жеке  басы  қандай  да  бір  дерексіз  жетістік  құралы 

емес, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты болып табылады.  

Жеке  тұлғаға  бағытталған  технологиялардың  студентті  жан-жақты, 

еркін және шығармашылық тұрғыдан жетілдіру мақсаты бар. Бұл мақсаттар 

оқу  үдерісінде  тұлғаның  (студент  пен  оқытушының)  нақты  мәселелермен 

жеке  тұлғалық  даму  жағдайларымен  тығыз  байланысты  алғыр  және 

варияциялық болып келеді. Оқытушы екі жүйені органикалық түрде қосуы 

керек.  Олар  -  пәнді  оқыту  және  студенттердің  жеке  тұлғалық  шеңберіне 

қатысты жұмыс жасау.  

Қазіргі  кезеңде  оқытудың  дәстүрлі,  дамытпалы  тәсілдері  және  жеке 

тұлғаға  бағытталған  элементтері  пайдаланылатын  жаңа  технологияны 

меңгерген үдеріс заңды болып келеді. Мұндай үйлесімде тілдік емес ЖОО-

ның шет тілі  оқытушылары  апробациялық  тәсілдер (соның ішінде саналы- 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Кенджаева Б.Б. Шет тілін оқытудағы коммуникативті құзырлылықты қалыптастыру үдерісін...  

 

 



    

                                                                                                                                           

414 

   


 

 

 



практикалық,  проблемалық,  коммуникативтік,  қарқынды  оқыту  және 

ойындық    модельдеу)  пайдалану  арқылы  оқыту  қызметінің  әртүрлі 

кезеңдерінде жеке тұлғаға бағытталған мүмкіншіліктерді ала алады.  

Біз  ғалымдар  тарапынан  өңделген  жеке  тұлғаға  бағытталған 

технологияны  меңгере  отырып,  тілдік  емес  ЖОО-да  жүргізілетін  шет  тілі 

пәндерінде белсенді түрде пайдалануы мүмкін жақтарын белгілеп шықтық. 

 

Тілдік  емес  мамандықтарда  оқитын  студенттерді  шет  тілін  оқытудың  жеке 

тұлғаға бағытталған педагогикалық технологиясы 

Педагогикалық технологиялар 

Қысқаша түсіндірме 

1. Модульдік негізде 

Меңгерілген  оқу  материалының  бір  бөлігі студенттің 

білімі мен қабілетін міндетті түрде  рейтинг бақылауы 

арқылы  жүреді.  Пәннің  жұмыс  бағдарламасы 

модульді  қалыптастыруда  негізгі  болып  табылады. 

Модуль  бойынша  бақылау  жұмыстары  бір  семестрде 

3 рет өткізіледі, оның ішіне сынақ пен емтихан кіреді. 

2. Ірі блок негізінде 

Ұлғайтылған 

дидактикалық 

бірлікпен 

оқыту 

тақырыптың  жалпы  көрінісін,  материалды  толық 



меңгеруді қамтамасыз етеді. Бірнеше сабақ  «толассыз 

сюжетпен»  біріктіріліп,  жалпы  бір  тақырыпқа 

арналады. 

3.Коммуникативті 

оқыту 

(коммуникативті негізде)  



Қарым-қатынас  негізінде  оқыту.  Үдерістің  негізгі 

қатысушылары  оқытушы  мен  студент  болып 

табылады.  Олардың  өзара  қатынасы  ынтымақтастық 

пен тең деңгейде сөйлесу серіктестігіне негізделген. 

4. Жеке-мағыналы негізде 

Технологияда  ең  маңызды  нәрсе  –  сезімдік-

психологиялық  нұсқаулар,  сабақта  драматургия  түзу 

арқылы студенттер сезіміне әсер ету. 

5. Өзара қарым-қатынас негізінде 

Жұмыс 


сабақта 

ауыспалы 

құрылым 

ұйымдастырылады. 

6. Проблемалық негізде 

Оқытушы  жетекшілігімен  проблемалық  тақырыптар 

мен  студенттердің  өз  келісімі  бойынша  өзіндік 

белсенді  қызметін  туындату.  Осының  нәтижесінде 

кәсіби  білім,  ойлау  қабілеттерін  арттыратын  дағды 

мен  шеберлік  игерілетін  шығармашылық  пайда 

болады. 

7. Ойын арқылы  

Студенттер шынайы ақиқатқа еліктейді.  Бұл олардың 

шынайы  өміріндегі  контекстіне  олардың  келешек 

мамандар ретінде енгуіне көмек береді. Студенттер өз 

мінез-құлқын  басқару  орын  алған  және  жүзеге 

асырылған  қоғамдық және кәсіптік тәжірибені қайта 

құру  мен  меңгеруге  бағытталған  ситуацияларды 

«ойнап шығады».  

8.  Қарқынды  оқыту  (қарқынды  негіз 

бойынша) 

Кең  әрі  мықты  тілдік  базаны  құру  үшін  қажетті 

саналы 

үдерісті 



жандандыратын 

әдістемелерді 

пайдалану. 

9. Озық негізде  

Озық  білім,  тапсырма  (мәселен,  шет  тіліндегі  сөздің 

алдын  ала  дыбысталуын  қабылдау  немесе  шет 

тіліндегі мәтінді оқу) студенттердің жаңа материалды 

меңгерулерінде  тиімдік  дайындыққа  мүмкіндік 

туғызады. 

10.  Компьютер,  бейне  және  үн 

жазбалар  мен  басқа  да  оқытуда 

техникалық құралдар (ОТҚ) негізінде 

Технологияның  ұйымдық  негіздерінің  бірі  –  білім 

беру  саласының  компьютерлендірілуі,  шет  тілін 

оқытудағы 

педагогикалық 

бағдарламалық 

құралдардың пайдалануы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет