Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010



Pdf көрінісі
бет18/30
Дата09.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8587
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30

 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
А.М.ЖҰМАШ  
педагогика ғылымдарының кандидаты 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ӘРТІСТІК ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
В  статье  рассматриваются  проблемы  педагогического  и  артистического  мастерства, 
характеризующего  отношение  современного  педагога  к  явлениям  окружающей  нас  среды  и 
являющимся  важным  качеством,  которое  дает  возможность  эмоционально  и  образно  передать 
нужные информации. 
 
The  article  deals  with  problems  of  pedagogical  and artistic  mastery characterizing  the  attitude of  a 
contemporary  teacher  to  phenomena  of  the  environment.  This  mastery  is  a  very  important  quality  which 
gives the opportunity to present the necessary information emotionally and vividly. 
 
Жоғары  оқу  орындарында  болашақ  музыка  мұғалімдеріне  кәсіптік 
білімді  меңгертуде  теориялық  және  практикалық  даярлығымен  қоса,  
педагогикалық  шығармашылық  қызметке  әртістік  шеберлікті  қалыптастыру 
арқылы даярлаумен тікелей сабақтасуы тиіс.   
Қазақстан  Республикасының  жоғары  педагогикалық  білім  беру 
тұжырымдамасында:  «Болашақ  мұғалім  тек  өз  пәнін  жетік  меңгеріп  қана 
қоймай,  педагогикалық  үдеріске  қатысушының  әрқайсының  орнын  көре 

 
148 
біліп,  оқушылардың  іс-әрекетін  ұйымдастыра  білуі,  оның  нәтижелеріне  көз 
жеткізіп,  реттей  білуі  тиіс.  Мұндай  нәтижеге  жету  үшін  жоғары  оқу 
орындарындағы  мұғалім  даярлау  сатылы  түрде,  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптастыру  мақсатында  жүргізілуі  керек»  делінген.  Бүгінгі  жаңарған 
қоғамға өз бетінше дербес, сыни тұрғыда ойлайтын, өзекті мәселелерді көре 
алатын және шығармашылық тұрғыда педагогикалық әртістік шеберліктерді 
пайдалана отырып, кәсіби міндеттерді оңтайлы шеше алатын жаңа тұрпатты 
педагог  қажет.  Біз,  зерттеулерімізде  педагогикалық  әртістік  шеберлікті 
болашақ  музыка  мұғалімінің  жеке  шығармашылық  қабілеттерін  жүзеге 
асыратын  жеке  тұлғалық  кәсіби  маңызды  сапасын  қалыптастыруды 
қарастырамыз. Осы орайда, «мектепке мұғалім-әртіс керек, актер белгілі бір 
рөлді ойнайды, ал әртіс – шығармашыл тұлға, өзінің барлық ізгі қасиеттерін 
педагогикалық үдерісте шебер пайдаланып, оқытуды нәтижелі етеді» [1.168] 
деген  пікірінің  де  мәні  зор.  Педагогика  ғылымында  әртістік  шеберлік 
мынадай бағыттарды қамтиды:   
–  мұғалімнің даралық ерекшелігін бейнелейтін  жекетұлғалық сапасы; 
–  оқыту  әдістерінің  жиынтығын  сапалы  пайдалана  білетін,  ақпараттың 
мәні мен маңызын жарқын да ашық бейнелеуші өнер иесі; 
–  педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі. 
Болашақ  музыка  мұғалімдерінің  кәсіби  педагогикалық  әртістік 
шеберлігін  қалыптастыру  мәселесін:  біріншіден,  оқу-тәрбие  үдерісіндегі 
субъективтік  шығармашылық  әрекеттерін  жүзеге  асырудағы  кәсіби-
педагогикалық 
мәдениеті 
тұрғысынан 
қарастырамыз; 
екіншіден, 
аксиологиялық бағдары тұрғысынан талдаймыз: әлемді және адамзат
 баласының 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Жұмаш А.М. Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық әртістік
 
шеберлігін... 
 
 
іс-әрекетін құндылық  сипатында  түсінуі  жүзеге  асады.  Бұған  кәсіби  өзін-өзі 
жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту жатады. Ал технологиялық 
бағдар  тұрғысынан  қарастырсақ,  педагогикалық  әртістік  шеберлік  кәсіби 
педагогикалық  мәдениет  құрамында  бола  отырып,  мынадай  мәселелерді 
қарастырады:  идеяларды  жүзеге  асыру,  стандартты  элементтерден  жаңа 
композициялар  құрастыру,  дәстүрлі  және  инновациялық  элементтерді 
біріктіру,  белгілі  идеялар  мен  тәжірибелерді  сабақтастыру,  түрлі  бағыттағы 
мәселелердің ортақ мәнін таба білу, ассоциациялау еркіндігі, педагогикалық 
үдерістің  мәні  мен  ерекшелігін  түсіну,  эмоциялық  тұтастық,  рефлексия, 
сөйлеу  мәнері,  шығармашылық  әрекет.  Тұлғалық-шығармашылық  бағдар 
тұрғысынан педагогикалық әртістік шеберлік мұғалімнің кәсіби мәдениетінің 
шығармашылық  бағыты  бола  отырып,  кәсіби  өсуі  мен  жекетұлғалық 
сапаларының көрінуі, шығармашылық еркіндігі мен ой-өрісінің тереңдігі, ой 
ұшқырлығымен танылады. Педагог шығармашылықпен ойлай отырып, өзінің 
және  өзгенің  өміріне  жарқын  сезімдер  мен  әсемдік  ұялатып,  жаңа  идеяның 
пайда болуын, рухани дүниесінің жандануына белсенді әсер етеді.           

 
149 
Сонымен  қатар,  болашақ  музыка  мұғалімінің  оқу  іс-әрекетінің 
нәтижелілігі,  кәсіби  бейімделуі  көптеген  факторларға  байланысты  болып 
келеді. Оған студенттердің танымдық іс-әрекетін реттеу функциясы, өмірлік 
жоспары  мен  қызығушылықтары,  мотивтері,  құндылық  бағдары,  ынтасы, 
кәсіби  талаптану  деңгейі,  мінез-құлықтарын  саналы  басқара  алуы,  кәсіби 
педагогикалық әртістік шеберліктің басты сипаты [2.193]. 
Студенттердің  табиғи  даралық  мүмкіндіктерінің  көрінуіне  және 
дамуына,  педагогикалық  әртістік  шеберлік  ерекшеліктерінің  танылуына 
себеп  болатын  шығармашылық  қызметке  кәсіби  даярлауды  жаңаша  сипатта 
жетілдірудің маңыздылығы артуда. Себебі, музыка мұғалімдері өнер арқылы 
қоғамдағы мәдениет тәжірибесін нығайтып, оқушының мотивациялық-құнды 
қарым-қатынастарын қалыптастыра отырып, білім мазмұнын игеруді жаңаша 
меңгеруге  рухани  талаптандырады  және  ұрпақтарға  мәдени  сабақтастықты 
қамтамасыз ете алады.  
Шығармашылық  әрекетке  кәсіби  өзін-өзі  дамытуын  оқытушының 
бағыттауымен  жүзеге  асыра  отырып,  болашақ  музыка  мұғалімдерінің 
теориялық  және  практикалық  даярлығын  үйлестіру  кәсіби  даярлықтың 
маңызды бөлігі болып табылады.  
Болашақ  музыка  мұғалімдерінің  кәсіби  жеке  ерекшеліктерін  анықтауға, 
педагогикалық  әртістік  шеберлікті  дамытуға,  жетілдіруге  мүмкіндік  беретін 
«шығармашылық кеңістік» құру қажет деп есептейміз.  
Болашақ  музыка  мұғалімдерін  кәсіби  даярлау  жүйесіне  педагогикалық 
және  психологиялық  курстардың,  педагогикалық  шығармашылықты 
жетілдіруге арналған арнайы тақырыптардың енугізу; педагогикалық әртістік  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Жұмаш А.М. Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық әртістік
 
шеберлігін... 
 
 
шеберлікті  дамытуға  бағытталған  тапсырмалар  мен  жаттығулар  жүйесін 
жасау; 
педагогикалық 
қызмет 
ерекшеліктерін 
сипаттайтын 
және 
өнертанымдық  мазмұндағы  пәндерді  сабақтастыру;  әртістік  шеберлікті 
қалыптастыруға бағытталған арнайы бағдарламалар ұйымдастыру оң нәтиже 
береді.  
Сонымен  қатар,  болашақ  музыка  мұғалімдерінің  кәсіби  педагогикалық 
әртістік  шеберлігін  қалыптастыруда  дәстүрлі  педагогикалық  элективті 
курстар мен шығармашылық  шеберханалар, педагогикалық практикалардың 
үйлесімді  байланысы  музыка  мұғалімдерін  рухани  және  кәсіби  дамытуда 
маңызды орын алады және нәтижесінде:  
–  болашақ  музыка  мұғалімі  пән  мазмұнын  жеткізуші,  өзара  қарым-
қатынас  жасаудың  «құралы»  ретінде  ғана  емес,  ең  алдымен  рухани 
құндылықтарды  тасымалдаушы,  дамытушы  ретінде  сезінуге  мүмкіндік 
алады; 
–  музыка  әлемі  мен  адамның  ішкі  рухани  кеңістігіндегі  сезімдік 
байланыстарды ұштастыра алатын, оқушының  әуезді ән арқылы шабыттану, 
қуану,  жарқын істерге талаптануын жүзеге асыруға бағдар беруші;  

 
150 
–  педагогикалық  техника  тәсілдерін  оңтайлы  пайдалану  арқылы  кәсіби 
маңызды  педагогикалық  мәселелерді  шешуде  педагогикалық  әртістік 
шеберлігін  жетілдіруге бағыттайды;  
–  педагогикалық  мақсатты  іс-әрекеттер  мен  шығармашылық  жұмыс 
көңіл-күйін,  эстетикалық  сыртқы  қалпын,  сезімдік  әсерленуін  қамтамасыз 
етеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Адоевцева И.В. Становление элементом педагогического артистизма будущих учителей музыки: дисс. 
канд. пед. наук:. 27.11.01. К.:КГПУ, 2001.   
2.
 
Гарипова Г.А. Формирование артистизма личности будушего учителя музыки: дисс. канд. пед. наук:. 
12.0302. К.:КГПУ, 2002.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Г.Т.ТОҚҚҰЛОВА  
педагогика ғылымдарының кандидаты, 
А.Ясауи  атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
Ә.СЕМБАЕВ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ 
ИНСТИТУТЫНДА 
 
В  статье    рассматриваются  труды  А.Сембаева  по  подготовке  кадров  во  время  работы  в 
научно-исследовательском  институте им. И.Алтынсарина. 
 
The  article  deals  with  A.Sembayev’s  works  on  staff  training  during  his  creative  activity  at  I. 
Altynssarin Research Institute. 
 
Бұрынғы  қазақ  ағартушыларының  зор  рухани  мұрасында  Қазақстанның 
демократиялық  зиялы  қауымының  (интеллигенция)  жаңа  буыны  оқыды. 
Олардың  идеяларын  таратушы  әрi  жолын  қуушы  iзбасарға  Ә.Сембаевты 
жатқызуға болады. Ә.Сембаев ғажайып педагог қана емес, халық ағарту iсiн 
ұйымдастырушы.  1966-1969  жылдары  жалпыға  бiрдей  орта  бiлiм  берудi 
енгiзу және қалыптасу кезеңi аяқталып, маңызды кезең  – ұлттық  мектептiң 
даму  кезеңi,  ғылыми-зерттеу  институтының  директоры,  профессор 
Ә.Сембаевтың  қызметiмен  тығыз  байланысты  болды.  Қазақ  КСР  Бiлiм 
министрлiгiнiң  педагогика  ғылымдарының  ғылыми-зерттеу  институты 

 
151 
ҚазКСР  Министрлер  Кеңесiнiң  1951  жылдың  6  маусымындағы  N-393-р 
өкiмiмен (қаулы) 1950 жылдың 4 қыркүйектегi КСРО Министрлер Кеңесiнiң 
N-14184-р  қаулысы  негiзiнде  ұйымдастырылды  [1].  Жаңа  институт  сол 
қаулымен  жойылған  ҚазКСР  Бiлiм  министрлiгi  мектептерiнiң  Ғылыми-
зерттеу  институтының  негiзiнде  құрылды.  Бұл  шаралар  МҒЗИ-дiң  (НИИШ; 
мектептердiң  ғылыми-зерттеу  институты)  жаңа  тарихи  жағдайларда  Кеңес 
үкiметi  мен  Коммунистiк  партияның  төртiншi  бесжылдық  жоспарын 
орындау, халық шаруашылығын дамыту, сондай-ақ елдiң мәдени құрылысын 
орындау  жөнiндегi  директиваларының  мәселелерiн  шеше  алмауына 
байланысты  туындады.  Осы  мәселелердiң  iшiндегi  Қазақстандағы  ең 
бастылары:  
- жалпыға мiндеттi оқу туралы заңды толық жүзеге асыру; 
- мектептегi коммунистiк тәрбие беру мен оқытуды түпкiлiктi жақсарту;       
- бастауыш, жетiжылдық және орта қазақ мектептерiн әрi қарай нығайту;   
- сондай-ақ оларда қазақ тiлi мен әдебиетiн және орыс тiлi мен әдебиетiн 
оқытуды дамыту әрi нығайту; 
-  оқулықтар  сапасын  жақсарту  және  халық  ағарту  қызметкерлерiнiң 
басқарушылары  мен  мұғалiмдердiң  бiлiктiлiгiн  көтерудiң  бiрыңғай 
мемлекеттiк жүйесiн жүзеге асыру. 
Институт мiндетiне республика мектептерiне жаңа көрнектi құралдарды 
құрастыру;  орта  педагогикалық  бiлiм  және  қазақ  мектептерiнiң  тарихы 
мәселелерi  бойынша  кiтаптар  шығару;  мұғалiмдердiң  бiлiктiлiгiн  арттыру 
жөнiндегi  курстарға  арналған  бағдарламалар  мен  оқу  жоспарларын 
құрастыру; ең жақсы педагогикалық тәжiрибенi көпшiлiкке  тарату жөнiндегi  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Тоққұлова Г.Т. Ә
.
Сембаев Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтында 
 
 
шараларды  жүзеге  асыру;  ең  жақсы  әдiскер-мұғалiмдер  мен  ғылыми 
қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтеруге атсалысу да жатты. 
       Институт  республиканың  халық  ағарту  iсiн  ұйымдастыру  және  дамыту 
мiндеттерiн, оқулықтар мен көрнекi оқу құралдарына қойылатын талаптарды, 
оқу  жоспарларын,  мектепке  дейiнгi  және  мектептен  тыс  балалар 
мекемелерiнiң  барлық  типтерiнде  оқу-тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыру 
жөнiнде  әдiстемелiк-нұсқау  жазуларын  өңдейдi;  қазақ  және  басқа 
мектептерге  арналған  қазақ,  ұйғыр,  орыс  тiлдерi  мен  әдебиетi,  тарих, 
география, жаратылыстану  және  мектептiң барлық  типiнiң  оқу  жоспарының 
басқа  пәндерi  бойынша  оқулықтар  мен  әдiстемелiктер,  көрнекi  оқу 
құралдарын  жасау  жұмыстарын  басқарады;  жаңа  мектеп  жиһазын  жасауды 
басқарады; мектеп және мектепке дейiнгi педагогика, мектептi басқару және 
мектеп  гигиенасы,  педагогика  тарихы  мен  халық  ағарту  iсiн  дамыту 
мiндеттерiн  өңдейдi;  балаларды  мектептерде,  мектеп-интернаттарда, 
мектепке  дейiнгi  және  мектептен  тыс  мекемелерде  оқыту  мен  тәрбиелеу 
саласындағы шаралардың тиiмдiлiгiн тексерудi жүзеге асырады; халық ағарту 
органдары  және  мектептен  тыс  мекеме  қызметкерлерiнiң,  мектепке  дейiнгi 
мекеме, 
мектеп-интернат 
тәрбиешiлерiнiң, 
пионер 
жетекшiлерiнiң, 

 
152 
мұғалiмдердiң  бiлiктiлiгiн  арттыру  курстарының,  практикумдарының, 
семинарларының  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламаларын  өңдейдi;  халық 
ағарту  органдарының  қызметкерлерi  мен  жоғары  оқу  орындарының 
оқытушыларының,  тәрбиешiлердiң,  мұғалiмдердiң  баяндамалары  мен 
әдiстемелiк  зерттемелерiне  (разработка),  көрнекi  оқу  құралдарына,  жаңа 
оқулықтарға  қорытынды  және  пiкiрсарап  (рецензия)  жасайды;  алдыңғы 
қатарлы  педагогикалық  тәжiрибелердi  зерттейдi,  қорытынды  жасайды  және 
практикаға  енгiзедi.  Қазақстан  Республикасында  қазақ,  орыс,  ұйғыр 
мектептерiн әрi қарай дамыту және өркендету саласындағы Кеңес өкiметi мен 
Коммунистiк партия ОК-нiң директиваларын басшылыққа алып, Институт өз 
жұмысын мынадай проблемалар айналасында ұйымдастырды:
 
 
1.   Орта политехникалық еңбек мектебiндегi бiлiм мазмұны. 
2.  Мектепке  дейiнгi  мекемелердiң  тәрбие  жұмыстарының  кейбiр 
мәселелерi. 
3.  Балаларға  коммунистiк  тәрбие  берудегi  отбасы,  мектеп  және 
жұртшылықтың бiрiккен жұмысы.  
4. Қазiргi заманғы балаларды тәрбиелеу және бiлiм беру мекемелерiндегi 
комсомол және пионер жұмыстары. 
 5.  Мектепте  қазақ,  орыс  және  ұйғыр  тiлдерi  мен  әдебиеттерiн,  шетел 
тiлдерiн, тарих пен географияны оқыту жүйесiн әрi қарай жетiлдiру. 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Тоққұлова Г.Т. Ә
.
Сембаев Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтында 
 
 
6.  Оқыту  және  еңбек  процесiнде  оқушылардың  танымдық  және 
шығармашылық белсендiлiгiн дамыту. 
7.  Оқу жұмысында жаңа техникалық құралдарды қолдану әдiстерi. 
8.  Жан-жақты  дамыған  тұлғаның  қалыптасуындағы  маңызды  құрал 
ретiнде оқытуды өндiрiстiк еңбекпен бiрiктiру. 
9. Жұмыс iстейтiн жастарға арналған мектепте тiл мен әдебиеттi оқыту 
әдiстемесi. 
10. Қазақстанда педагогикалық ойлар мен мектеп дамуының тарихы. 
11. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжiрибелерге және т.б. ғылыми 
қорытынды жасау және насихаттау [2].  
Сонымен,  едәуiр  маңызды  зерттеулер  бағытын  анықтай  отырып,  
Ә.І.  Сембаев  ұжымға  қолданыстағы  бағдарламаларды  олардың 
функциялық  маңызы  тұрғысынан,  әсiресе  оқушылардың  бiлiм  деңгейiне 
әсер  ететiн  сапа  белгiлерiнiң  ғылыми  дәлелдiлiгiн,  жинақталған  бiлiм 
сипатын зерттеудiң тиiмдi сызбанұсқасын (схема) ұсынды. 
Олар 
мақұлдаған 
Республиканың 
жетекшi 
мұғалiмдерiнiң 
тәжiрибелiк-эксперименттiк  сабақтарының  ғылыми  дәлелдiлiгiнiң  жүйесi 
                                                           
 
 

 
153 
халық  ағарту  ұйымдастырушылары  мен  практиктерiн,  ғылыми 
жұртшылықты 
қызықтырды. 
Ол 
оқу 
материалдарының 
көп 
артылғандығын  немесе  негiзсiз  жеңiлдетiлгенiн  әдiл  бағалауға  себепшi 
болды; берiлген бiлiмнiң орнықтылық деңгейi мен көлемiн анықтауға жол 
салды;  эстетикалық  және  дене  тәрбиесi  мен  еңбекке  баулудың  даулы 
санатын (категория) анықтады. 
Жасалған  жұмыс  нәтижелерi  қазiргi  заманғы  ұлттық  мектептiң 
болашақтағы  моделiне  қатысты  институт  ұстанымын  (позиция)  (үзiлдi-
кесiлдi)  бекiтуге  мүмкiндiк  бердi.  Бұл  ұстаным  талдап  қорытылған  бiлiмнiң 
танымдық  құндылығы  мен  берiктiгiн  арттыру  жағына  қарай  оқытудың 
шынайы 
қозғалысын 
қарастырды. 
Ең 
алдымен, 
жаратылыстану-
гуманитарлық  пәндер  бойынша  материалдың  теориялық  мәнiн  түсiну  және 
жүйеге  келтiру  арқылы,  әсiресе  жаратылыстану,  тарих,  әдебиет,  бейнелеу 
өнерi,  музыканы  оқытудың  этикалық-этникалық  негiздерiн  байыту  есебiнен 
жүзеге  асырылды.  Осы  мәселелердi  кезек-кезегiмен  шешу  дидактикалық, 
әдiстемелiк  және  әлеуметтiк-педагогикалық  зерттеулердi  әрi  қарай 
тереңдетуге  себеп  болды.  Әлеуметтiк-педагогикалық  зерттеулер  нәтижелерi 
ауыл  және  қала  мектептерiнiң  практикасына  едәуiр  берiк  енгiзiлдi,  себебi 
жұмыстың  тәжiрибелiк  қойылымына  қабылдау  және  жеке  тұлға 
психологиясын,  оқыту  мен  тәрбиелеудiң  гигиеналық  жағдайларын, 
оқушылардың 
физикалық 
мүмкiндiгi 
мен 
шаршағыштықтың 
физиологиялық  көрсеткiштерiн  зерттеу  жөнiндегi  проблемалардың  үлкен 
өрiсi кiрдi [3]. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Тоққұлова Г.Т. Ә
.
Сембаев Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтында 
 
 
Осы  іспеттес  міндеттерді  саралай  келе  Ә.Сембаевтың  сапалы    білім 
мен  саналы  тәрбие    берудің  кепілі    білікті,  жан-жақты  ізденген  маман 
даярлаудың 
маңыздылығы 
үшін 
жасаған 
қызметіне 
жасаған 
талдауымыздан,  сол  кездегі  білім  сапасын  жетілдіру  мақсаттарының  
қазіргі  кезде  де  өзекті  проблема  екендігіне  көз  жеткізуге    болады.  Тек 
уақыт  өткен  сайын    әлемдегі  барлық  ел
  өздерінін  білім  жүйесін,  оқыту 
әдістемесін жетілдіріп отырады. Ал жеке тұлға мәселесі  әр кезде  көкейкесті 
проблема  болып  қала  бермек.  Өйткені    әр  дәуірдің  оған  қояр  талабы  да 
өзгереді. 
Белгілі  ғалым  Ә.Сембаетың  көтерген өзекті  мәселелері бүгінгі күні 
де көкейкестілігін азайтқан жоқ дей аламыз. 
Бір  сөзбен  айтқанда,  Ы.Алтынсарин  атындағы  ғылыми-зерттеу 
институтының  директоры  қызметінде  жүрген  ол  өз  жұмысын 
жандандырып, институт алдына  келелі міндеттер  қоя отырып орындата 
білді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 

 
154 
1.
 
ПҒЗИ фонды (қоры), оп. 1. д. 12, лл. 1-138. 
2.
 
ЦГА Ф. 2070. Оп. 2. д. 158. л. 1-25. Доклад директора А.И.Сембаева на ученом Совете института 2 
апреля 1968 года. Об этапах деятельности НИИ пед.наук за 1967. 
3.
 
ПҒЗИ фонды (қоры), оп. 1. д. 1229, лл. 1-15. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Г.Н.КУРАМАЕВА 
 
СОСТОЯНИЕ И ТЕНДЕНЦИИ ИНОЯЗЫЧНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
Мақалада  шетел  тілінде  білім  берудің  жай-күйі  мен  үрдісін  қалыптастыру  мәселесі  
педагогика,  психология ғылымы тұрғысынан  терең зерттеліп, ғылыми тұжырым жасалған. 
 
The article deals with condition and tendencies in the education of a foreign language from the point 
of  view of  pedagogical and  psychological  sciences.  Some  conclusions on  this  aspect  have  been  presented  in 
this article as well. 
 
Современное  состояние  общества  характеризуется  ярко  выраженными 
тенденциями  глобализации  и  интеграции.  В  данных  условиях  изменяются  и 
задачи,  стоящие  перед  системой  иноязычного  образования.  Построение 
модели 
личности 
нового 
типа, 
востребованной 
современным 
глобализирующимся  обществом,  определение  требуемых  качеств  личности 
нового  типа,  выработка  методик  их  формирования  выдвигаются  как 
первоочередные цели иноязычного образования. Подобные переориентиры в 
стратегическом 
направлении 
иноязычного 
образования, 
возросшая 
востребованность знаний иностранных языков, а, соответственно, возросший 
социально-значимый  статус  иноязычного  образования,  обусловили  те 

 
155 
изменения,  происходящие  как  в  образовательной  политике,  так  и  в 
методологической системе (Г.С.Сухобская). 
Образовательная  политика  в  области  иноязычного  образования 
направлена на:  
-  развивающий  потенциал  иностранного  языка  (И.Л.Бим,  И.А.Зимняя, 
Г.А.Китайгородская, Е.И.Пассов, Е.С. Полат, Г.В.Рогова и многие другие); 
-  коммуникативно-ориентированное  обучение  иностранному  языку 
(И.Л. Бим,  А.А.Вербицкий,  В.П.Кузовлев,  Р.П.Мильруд,  И.Р.Максимова, 
Е.И.Пассов,  R.Allright,  L.Bachman,  М.Holliday,  D.Hymes,  H.Johnson, 
W.Littlewood, K.Morrow, J.Munby, R.Oxford, B.Patten, J.Richards, S.Savignon и 
мн. др.); 
-  исследования  теоретических  моделей  коммуникативной  компетенции 
(Л.Ф. Бахман,  И.Л. Бим,  Ван  Дейк,  Т.А.Горева,  М.Каналь,  Р.П.Мильруд,  
В.В.Сафонова, М.Свейн, Д.Хаймз и др.); 
- интенсификацию учебного процесса преподавания иностранного языка 
(Е.С.Полат , М.Моисеева, В.И.Солдаткин, С.А.Щенников); 
- гармонизацию уровней владения иностранным языком с европейскими 
требованиями 
(С.Л.Володина, 
Л.А.Городецкая, 
Ю.Б.Казанцева, 
Л.М.Карацева, Ю.Б.Кузменкова, Л.Б.Полубиченко, А.А.Тельнова, И.А.Хан и 
др.);  
-  построение  учебно-методических  комплексов  по  иностранному  языку 
(А.И.Бородина,  Т.М.Дридзе,  Л.И.Каминская,  Е.С.Полат,  С.В.Титова, 
Т.Н.Шишкина и др.). 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Курамаева Г.Н. Состояние и тенденции иноязычного образования 
 
 
 
Методологической основой подобных исследований являются: 

педагогическая  психология  (Д. Дьюи,  Д. Роджерс,  Дж. Браун, 
П.Я. Гальперин, И.А. Зимняя, Н.Ф. Талызина и др.), педагогики (Л.В. Занков, 
В.А. Сластенин и др.). 
Проведя 
сравнительно-инвентаризационный 
анализ 
развития 
методической  науки  и  ее  методологии,  можно  сделать  заключение  по 
эволюционному  пути  теории  и  практики  методов  обучения  иностранным 
языкам,  что развитие методики соизучения иностранного языка и культуры 
происходит  в  соответствии  с  основными  направлениями  эволюции 
методических подходов к обучению иностранному языку вообще.  
Вслед  за  британским  методистом  Э. Энтони,  подход  к  обучению 
иностранным  языкам  обычно  определяется  как  реализация  «совокупности 
взаимосвязанных  и  взаимообусловленных  представлений  о  природе  языка  и 
процессе овладения им».  
В  российской  лингвометодической  литературе  данное  понятие 
трактуется  также  как  стратегия  обучения,  в  отличие  от  метода  (иногда 
отождествляемого  с  подходом  в  зарубежной  методике),  представляющего 
собой тактическую модель процесса обучения.  

 
156 
В  то  же  время,  нельзя  не  согласиться  с  И.А.Зимней  в  том,  что  понятие 
«подход к обучению» шире, многозначнее: это мировоззренческая категория, 
в  которой  отражаются  социальные  установки  субъектов  обучения  как 
носителей  общественного  сознания,  а  также  глобальная  и  системная 
организация и самоорганизация, включающая все его компоненты.  
Именно  в  силу  многомерности  самого  понятия  в  настоящее  время  в 
методической  литературе  можно  встретить  описание  самых  различных 
типологий подходов к обучению иностранному языку.  
В  русле  данного  исследования    термин  «подход»  понимается  как 
«стратегия, генеральное направления  в обучении иностранным языкам». 
В  этом  значении  правомерно  его  использование  как  для  определения 
генерального  научного  направления,  таких  как, 
например:    деятельностный,  
антропологический,
  культурологический  и  др.,  так  и  в  идентификации  таких 
стратегий 
обучения 
иностранным 
языкам 
как 
«коммуникативно-
ориентированный»,  «индуктивно-сознательный»,  «интегративный»  и  другие 
подходы. 
На различных этапах развития методики обучения иностранным языкам, 
в  зависимости  от  конкретных  социально-экономических  условий  и 
доминирующих педагогических идей, существовали разнообразные подходы 
к  решению  проблем  обучения  иностранным  языкам.  Сторонники  каждого 
подхода 
подчеркивали 
преимущество 
одних 
и 
доказывали 
несостостоятельность  других,  находясь  в  постоянном  поиске  путей 
повышения эффективности процесса обучения иностранным языкам.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет