Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


Медицина факультеті студенттеріне дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет21/30
Дата09.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8587
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30

 
Медицина факультеті студенттеріне дене тәрбиесі
 
сабағын ұйымдастыру 
 
 
профессорлар құрамы мен студенттердің педагогикалық өзара іс-қимылының 
нәтижесінде  жүзеге  асырылады.  ЖОО-ғы  студенттерінің  оқу-тәрбие 
қызметінің  негізгі  түрлеріне  оқу,  танымдық,  тәрбиелік,  ақыл-ой,  оқу-
өндірістік, қоғамдық, интернационалдық, еңбек, ғылыми-зерттеу жұмыстары 
және басқалар жатады.  
Бұл  салада  зерттеулер  көрсеткендей,  ол  адамның  мақсатты-бағыты 
белсенді қызметінің түрі ретінде төмендегідей жалпы педагогикалық қызмет 
түрлерінің қызмет істеуіне жағымды әсер етеді. 
1. оқу. 
2. тәрбиелік. 
3. оқу-өндірістік. 
4. студенттердің ақыл-ой және өзге де жүйке қызметіне. 

 
172 
5. еңбек. 
6. эстетикалық. 
7. интернационалдық және басқа. 
Дене тәрбиесі жеке бастың төмендегідей маңызды компоненттеріне әсері 
бар: 
1. денсаулық жағдайына
2. ағзаның психофизиологиялық мүмкіндіктерінің оқу қызметінің қазіргі 
барысына сәйкестігі; 
3. дене тәрбиесінің дайындығына; 
4. дене бітіміңіздің жетілуіне
5.  болашақ  кәсіби  қызмет  пен  Отанды  қорғауға  және  басқаларға 
қамқорлық жасайтын жалғыз ғана оқу пәніне. 
Дене  тәрбиесі  сабағының  құрылымы  кіріспеден,  негізгі  бөлімнен  және 
қорытындыдан  тұрады.  Сабақтың  кіріспе  бөлімі  студенттерді  сабақ 
жоспарында  қарастырылған жалпы дамыту жаттығулары мен арнайы дамыту 
жаттығулары  даярлығы  негізінде    орындалады.  Ол  анатомиялық, 
физиологиялық,  гистологиялық  және  психологиялық  тұрғыда  жүзеге 
асырылады.  Басқа  да  тапсырмалар  мысал  ретінде  көрсетілген.  Сабақтың 
негізгі  бөліміндегі  оқытушының  басты  міндеті  сабаққа  жоспарланған 
спорттық  жаттығу  қимылдарын  меңгеруге  машықтану  дағдыларын 
қалыптастыру,  жеке  тұлғаның  ерік-күшін,  жігерін  дамыту,  студенттердің 
денсаулығын  нығайту.  Сабақтың  қорытынды  бөлімі  белсенді  іс-қимылдан 
кейін  бойдың  қызуы  мен  ентігін  басып,  бел  суыттыру,  сөйтіп  келесі  пән 
сабақтарына тың күйінде баруға жағдай жасау. Дене тәрбиесі – бұл студентті 
сауықтыруға, оның денесін дамытып, шынықтыруға, қозғалыс дағдыларының 
жиынтығын  меңгеруге,  таңдап  алған  спорт  түрінде  нәтижелерге  жетуге, 
жоғары  өнімді  еңбек  пен  әскери  қызметке  дайындауға  бағытталған  арнайы 
педагогикалық  үдеріс.  Бұл  жоғары  білім  беру  жүйесінде  қарастырылған, 
жалпы педагогикалық міндеттерді шешетін  адам қызметінің  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Абдукаримов Б.Ү.
 
Медицина факультеті студенттеріне дене тәрбиесі
 
сабағын ұйымдастыру 
 
 
ерекше  түрі.  Дене  тәрбиесі  процесінде  шешілетін  жалпы  педагогикалық 
міндеттердің  қатарына  төмендегілерді  жатқызу  керек:  тәртіптілікке 
тәрбиелеу,  ақыл-ой  және  оқу  үдерісінің,  еңбек,  эстетикалық  тәрбиенің  және 
тағы басқалардың нәтижелілігін қамтамасыз ету. 
Дене тәрбиесінің айрықша міндеттеріне: 
- студенттердің қалыпты қозғалыс режимін қамтамасыз ету және осының 
негізінде қажетті дене қасиеттерінің деңгейін дамыту
- денсаулықты нығайту; 
- психофизиологиялық тұрғыдан дамыту және ағзаның негізгі жүйелерін 
(тыныс алу, жүрек-қан тамырлары, қозғалыс-тірек аппараттары) дамыту; 
-  таңдап  алған  мамандығын  меңгеру  үшін  және  болашақ  нақты 
жұмысында  қажет  болатын  маңызды  кәсіби-қолданбалы  дене  қасиеттерін 
қалыптастыру; 

 
173 
-  өмірдің  келесі  кезеңдерінде  және  басқа  уақыттарда  дене  тәрбиесіне 
деген тұрақты көзқарастарды студенттер бойына қалыптастыру [1.15]. 
ЖОО-да болған алғашқы күндерден бастап, дене тәрбиесі сабақтарының 
барысында  өздеріне,  денсаулық  жағдайларына,  дене  тәрбиесі  дайындығына 
сын  көзбен  қаралады.  Денсаулық  жағдайына  байланысты  арнайы  дәрігерлік 
топқа жатқызылған медицина мамандығының бірінші курстың студенті дене 
жаттығуларымен  үздіксіз  шұғылданбаса,  жоғары  оқу  орнын  аяқтау  кезінде 
кәсіби  қызметі  саласында  қиындық  көретіндігі,  дәрігерлік  мекемелерге 
көбірек  қаралатындығы  әдістемелік  тұрғыдан  дәлелденген.  Осындай 
білімділіктер  негізінде  дене  тәрбиесіндегі  бір  ғана  маңызды  жағы  жүгіру 
мүмкіндігінен  айырылған  немесе  ондай  мүмкіндігі  жоқ  немесе  оны 
жоғалтқан  өзге  студенттерді,    осы  мүмкіндіктің  біз  үшін  қаншалықты 
маңызды  екендігін  түсінеміз.  Осының  негізінде  дене  тәрбиесі  сабағы 
жоспарының  медицина  бірінші  курс  студенттерінің  сабақ  үдерісін 
төмендегіше айқындадық. Сабақтың жоспарына сәйкес анықталған тақырып 
барысы мен сабақ реті көрсетіледі. Мысалы: 
Тақырыбы:  (Волейбол) Допты жоғарыдан және астынан екі қолмен 
бір-біріне беру. 
Мақсаты: Студенттерге допты беру икемділігін үйрету. 
Міндеттері: 1.Допты жоғарыдан екі қолмен екіншісіне беру
 2Допты төменнен екі қолмен екінші ойыншыға беру. 
Құрал жабдық: ысқырық, доп, секундомер. 
Өтетін орны: ашық алаң, волейбол алаңы. 
Сабақ бөлімі 
Сабақтың мазмұны 
Жүктеме 
уақыты 
Жалпы 
әдістемелік 
нұсқаулар 
Кіріспе бөлім 
20' 
Сапқа тұрғызу. 
Кезекші мәліметі. 
Сәлемдесу. 
Студенттерді түгелдеу. 
Сабақтың  мақсатын  және  міндеттерін 
түсіндіру. 
 
 
 
 
 
 
Саптың түзулігіне, 
студенттердің 
киіміне 
назар 
аудару. 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Абдукаримов Б.Ү.
 
Медицина факультеті студенттеріне дене тәрбиесі
 
сабағын ұйымдастыру 
 
 

 
174 
 
Оңға бұрыл, жүр! 
Қол жоғары аяқ ұшында жүр. 
Қол белде өкшемен жүр. 
Қол белде табан сыртымен жүр. 
Қол белде табан ішімен жүр. 
Қолды созып жартылай отырып жүр. 
Толық отырып жүр. 
Алға отырған қалыпта секіріп жүр. 
Жүгіру, жүгіру жаттығулары: 
Тізені көтеріп жүгір. 
Аяқты жанбасқа тастап жүгір. 
Аяқ ұшын көтеріп жүгір. 
Оң  жақ  қапталмен  қолды  алға  айналдырып 
жүгір. 
Сол  жақ  қапталмен  қолды  артқа  айналдырып 
жүгір. 
Артқа қарап жүгір. 
Жеңіл жүгіру. 
Дем жинау. 
Жалпы дамыту жаттығулары орнында: 
Бірінші жаттығу 
Б.Қ. аяқ иық көлемінде қол белде 
С.Б. 1-4  басты солға айналдыр, 
5-8 басты оңға айналдыр. 
Келесі жаттығу 
Б.Қ. аяқ иық көлемінде қол иықта 
С.Б. 1-4 қолды алға айналдыр, 
5-8 қолды артқа айналдыр. 
Келесі жаттығу 
Б.Қ. аяқ иық көлемінде сол қол жоғары, оң қол 
төменде 
С.Б. 1-2 сол қол жоғарыда сермеледі, 
3-4 оң қол жоғарыда сермеледі. 
Келесі жаттығу 
Б.Қ. аяқ иық көлемінде қол кеудеде бүгулі 
С.Б. 1-2 қол кеудеде сермеледі, 
3-4 қол сол жаңға жазып сермеледі 
Келесі жаттығу 
Б.Қ. аяқ иық көлемінде қол белде 
С.Б. 1-4 белді солға айналдыр, 
5-8 белді оңға айналдыр. 
Келесі жаттығу 
Б.Қ. аяқ иық көлемінде қол тізеде 
С.Б. 1-4 тізені ішке айналдыр, 
5-8 тізені сыртқа айналдыр. 
Келесі жаттығу 
Б.Қ. аяқ иық көлемінен алшақ 
С.Б. 1-2 сол аяқты жазып оң аяққа отыр, 
3-4 оң аяқты жазып сол аяққа отыр. 
Арнайы жаттығулар: 
Тізені көтеріп биікке секіру 
Ерсілі қарсылы жүгіру 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3-4 рет 
 
 
 
 
5-6 рет 
 
 
 
5-6 рет 
 
 
 
5-6 рет 
 
 
 
 
5-6 рет 
 
 
 
5-6 рет 
 
 
 
5-6 рет 
 
 
Жаттығуды 
баста, 
жаттығуды аяқта 
 
 
 
Ысқырық 
белгісіне 
қарап орында 
 
 
 
Жаттығуды 
толық 
орында 
   
Жаттығуды 
топпен 
бірге орында 
 
 
 
 
 
 
Жаттығуды 
санақ 
бойынша орында 
 
 
Жаттығуды 
топпен 
бірге жаса 
 
 
Қол шынтағын бүгпе, 
Тізені бүгпе 
 
 
Алақан жоғары қарай 
орындалады 
 
 
 
Тізені  бүкпе,  қол 
белде, 
жамбасты 
толық айналдыр 
 
Қол  тізеде  толық 
айналдыр 
 
Жаттығуды 
санақ 
бойынша орында 
негізгі 
бөлім 65' 
 1. Допты ойынға қосу және алып жүру. Допты 
ойынға  қосудан  бұрын  ойынды  қай  команда 
бастайды  соны  анықтайды.  Содан  кейін  доп 
ойынға 
қосылады. 
Қол 
добы 
ойын 
ерекшелігіне  қарай  допты  алып  жүру  допты 
жерге  ұру  арқылы  және  бір  қолмен  тастау 
арқылы іске асады. Допты төреші белгі берген 
кезде ғана қосуға болады. Оны алып жүру бір-
біріне допты лақтыру арқылы орындалады. 
 
 
 
20' 
 
 
 
 
 
Қыздар  допты  алып 
жүру  әдісін  жеке 
орындайды. 
Ұлдар  допты  алып 
жүру  әдісін  жеке 
орындайды. 
Допты  алып  ойынға 
қосу және алып жүру 
командалық жүзеге 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Абдукаримов Б.Ү.
 
Медицина факультеті студенттеріне дене тәрбиесі
 
сабағын ұйымдастыру 
 
 

 
175 
 
 Осылайша  келіп  допты  қақпаға  соға 
лақтырады. 
 2.  Допты  қағу  және  келесі  ойыншыға 
беру. 
Допты  қағу  ауадан  немесе  жерге  соғып 
берген  әдіс  түрінде  орындалады.  Допты 
қаққанда  алақан  ашық  белгілі  аймақта 
тұрып  қақпаға  бірден  соғады.  Ойыншыға 
допты  беру  қаққан  допқа  тосқауыл  келсе 
немесе  тиімді  тұрған  команда  мүшесіне 
беру  әдісі.  Команда  допты  қақпаға  соғуға 
тырысады.  Көп  доп  қақпаға  түсірген 
команда  жеңімпаз  болып  табылады.  Екі 
жақты ойын.  
 
 
 
15' 
 
 
 
 
30' 
асыру. 
Допты 
қаққанда 
немесе  ойыншыға 
бергенде 
келесі 
ойыншыны 
ұстамау. 
Ойыншыны 
соқпау. 
Допты 
қақпаға 
соғу. 
Уақытты 
тиімді 
пайдалану 
Қорытынды 
бөлім 15' 
Қайта сапқа тұр. 
Сабақ  барысындағы  кемшіліктер  мен 
жетістіктерді саралау. 
Студенттерді бағалау. 
Студенттерге СӨЖ беру. 
Студенттермен қоштасу 
 
1' 
5' 
 
5' 
4' 
Сызық 
бойында 
тұр. 
Студентке 
жеке 
айту. 
Бағаны  кредиттік 
жүйе 
бойынша 
қою 
Келесі 
сабаққа 
дейін 
 
Қысқартылған сөздер: Б.Қ. – бастапқы қалып 
                                           Н.Т. – негізгі тұрыс 
                                           С.Б. – санақ бойынша 
                                           10' – 10 минут 
                                           30'' – 30 секунд 
Жоғарыда  көрсетілген  сабақ  жоспарын  және  медицина  студенттеріне 
берілген мазмұндық ерекшеліктерді қорытындылай келе, мынадай жәйттерге 
мән  бердік.  Медицина  студенттерінің  сабақ  деңгейі  5-6  жылдық  көлемде 
анықталады.  Онда  әртүрлі  формада  оқытудың  жаңа  технологиялары 
пайдаланылады.  Осыған  салыстырмалы  түрде  басқа  мамандықтардың 
айырмашылығын көрсеткенде 1-2 жылдық деңгей көлемі артық екені белгілі. 
Осы ерекшеліктерге байланысты медицина студенттерінің ұзақ мерзімді дене 
тәрбиесі  сабағы  өзінің  пән  байланыстылығымен  толық  мәнді  үдерісті 
қамтамасыз  етеді.  Дегенмен  бұл  үдерістер  тиімді  оқу  үдерісін  құру  үшін 
маңыздылығы жоғары әдістеме деңгейін анықтайтын мәселе деп білеміз.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Иванов Г.Д., Құлназаров А.Қ. Студенттердің дене тәрбиесі. Астана: Мирас, 2008. 220 б. 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Б.ОМАРОВ  

 
176 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы 
 
ҚАЗАҚША КҮРЕС ЕРЕКШЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР САТЫСЫНДА 
 
В  этой  статье  рассматриваются  некоторые  преимущества  национальной  борьбы.  Также 
говорится, что казахская борьба одна из главных национальных ценностей в спорте. 
 
This  article  deals  with  some  advantages  of  national  wrestling.  The  author  of  the  article  presents 
Kazakh wrestling as one of the main national values in sport. 
 
Қазіргі  таңда  Қазақстан  өзінің  стратегиялық  даму  барысында  көптеген 
сындарлы  саясаттарды  басынан  кешуде.  Дегенмен  осындай  жаһандану 
заманында  өзінің  ұлттық  болмысын  сақтауда  көптеген  шаралар  жүзеге 
асырылуда.  Сондықтан  да  болса  керек,  ұлттық  болмысымызға  сай  ұлттық 
құндылықтарымызды насихаттау және әрі қарай дамыту біздің борышымыз. 
Қазақша  күрес  осындай  құндылықтардың  ерекше  бір  түрі  ретінде 
сипатталады. 
Қазақша күрес – спорттың бір түрі. Қазақша күресте түрегеп тұрып, тез 
қимыл  жасалады. Кейде самбо, еркін, классикалық күрестің, Орта Азия мен 
Кавказ  халықтарының  ұлттық  күрестерінің  айла-тәсілдерін  де  қолдануға 
болады. Ережеге сәйкес белден төмен, аяқтан, саннан ұстауға болмайды. Әдіс 
қолданғанда  бір  қолмен  бәсекелесін  белдіктен  немесе  шекпен,  шапан 
жағасынан,  жеңінен  ұстап,  шалып,  үйіріп,  сүріндіру,  итеру,  жамбастап 
кеудеден  асыра  лақтыру,  т.б.  тәсілдерді  қолдануға  болады.  Бұрын  Қазақша 
күресте салмақ категориясы болмаған. Қазақша күрес 1953-70 жылдары төрт 
салмақ  категориясы  бойынша  жүргізілді.  ҚазССР  Министрлігі  Советі 
жанындағы  Дене  мәдениеті  және  спорт  жөніндегі  комитет  коллегиясының 
қаулысы бойынша, қазақша күресте аса жеңіл (48-52 кг), жеңілдеу (52-57 кг), 
жартылай жеңіл (57-62 кг), жеңіл (62-70 кг), жартылай орта (70-78 кг), орта 
(78-87  кг),  жартылай  ауыр  (87-97  кг)  және  ауыр  (97  кг-нан  жоғары)  деп 
бөлінген  8  салмақ  категориясы  белгіленді.  1973  жылдан  осы  категория 
бойынша  үздік  балуандарға  «Қазақ  ССР-інің  спорт  шебері»  атағы  берілетін 
болды.  Алғаш  бұл  атақты  ауыр  салмақта  Манарбек  Есімов  (Талдықорған 
облысы),  жартылай  орта  салмақта  К.Рахимов  (Алматы  облысы)  алды. 
Қазақша  күрестен  жыл  сайын  жасөспірімдер,  жастар,  ересектер  арасында 
республика  біріншіліктері  өткізілумен  қатар,  атақты  балуан  Қажымұқан 
Мұнайтпасов  (1962  жылдан),  Соц.  Еңбек  Ері  атағын  2  рет  алған  Жақаев 
Ыбырай  (1968  жылдан)  атындағы  жүлделер  сарапқа  салынады.  Қазақша 
күрестің  атақты  балуандары  Балуан  Шолақ,  Боранқұл  (Семей),  Тәжі 
Шеріпбай (Қызылорда), т.б. есімдері халық арасында кең тараған [1]. 
Қазақша күрес ұлттық спорт түрі. Оның тәсілдері сан алуан. Жекпе-жек 
барысында  бір  қолмен  белдіктен  немесе  күрте  жағасынан,  жеңінен  ұстап 
шалу,  үйіріп,  сүріндіру  жұлқу,  тізеден  қағу,  іліп  лақтыру,  кеудеден  асыра 
лақтыру сияқты көптеген тәсілдер қолданылады.  1928 жылға  дейін  қазақша  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Омаров Б.
 
Қазақша күрес ерекше құндылықтар сатысында
 
 
 

 
177 
күрестің  біріңғай  ережесі  болмаған.  Балуандардың  салмағы  да  ескерілмеді. 
Сондықтан  да  қарсыластарынан  күш,  айла-әрекеті  басымдығынан  гөрі, 
салмағы  ауыр  балуандар  жеңіске  жетіп  жүрді.  1928  жылы  қазақша  күрестің 
біріңғай ережесі қабылданды. 1938 жылдан бастап республикалық спорттық 
жарыстардың  бағдарламасына  енгізілді.  1938  жылы  Алматыда  өткен 
колхозшылардың  1  спартакиадасы  бағдарламасына  енетін  балуандар 
бәсекесінде  үш  салмақ  дәрежесі  бойынша  семейлік  балуандар  С.Адасқанов, 
К.Алтыбасаров,  И.Төленов  жеңіске  жетті.  1939  жылы  Семей  қаласында 
қазақша  күрестен  Қазақстанның  алғашқы  чемпионаты  өтті.  Өз  салмақ 
дәрежелері  бойынша  алматылық  А.Құрманбаев,  батыс  қазақстандық 
Е.Досқалиев, павлодарлық О.Мусин бас жүлдені еншіледі. Ал үздік бәсекеде 
Е.Досқалиев  түйе  балуан  атанды.  Қазақша  күрес  балуандары  халықаралық 
аренада тұңғыш рет 1952 жылы Ашғабат қаласында сынға түсті. Сегіз салмақ 
дәрежелері 
бойынша 
өнер 
көрсеткен 
жерлестеріміз 
Ж.Баяғанов, 
Қ.Бақыжанов, Ә.Сәлімбаев чемпион атанды. 1955 жылы қазақша күрестен 8 
салмақ  категориясы  бойынша  (52,  57,  63,  70,  79,  87,  97  және  97  кг-нан 
жоғары)  белгіленіп,  алғаш  рет  одан  өткізілетін  жарыстың  ережелері 
(М.Рақымқұловтың  авторлығымен)  жарияланды.  1959  жылы  Мәскеуде 
ұлттық күрес жаттықтырушылары арасында Бүкілодақтық семинар өтті. Сол 
жолы  мамандар  алдында  ел  чемпиондары  Ж.Татиев  пен  С.Аманжолов 
қазақша күрестің тәсілдерін көрсетті. Қазақша күрестің салмақ дәрежелері де, 
ережесі  де  жиі  өзгерістерге  ұшырады.  Кей  жылдары  үш,  төрт,  бес,  сегіз 
салмақ  дәрежелері  бойынша  жарыстар  өтіп  жүрді.  1960  жылдан  бастап 
қазақша  күрес  бойынша  аудандық  және  облыс  біріншіліктері  жүйелі 
өткізіліп,  Бүкілқазақстандық  спартакиадалардың  бағдарламасына  тұрақты 
түрде  енгізілді.  1971  жылы  ҚазКСР  Дене  мәдениеті  және  спорт  жөніндегі 
мемлекеттік  комитеттің  коллегиясы  разрядтық  нормативтер  мен  талаптар 
белгіленген  жаңа  ережелер  мен  жіктелімді  бекітті.  Қазақша  күрес  те 
классикалық және еркін күрестегідей 48, 52, 57, 62, 68, 74, 82, 90, 100 және 
100  кг-нан  жоғары  деп  10  салмақ  категориясына  бөлінді.  Кейіннен  1998 
жылы  бұл  салмақ  категориялары  өзгертілді.  Осы  жылы  «Спорттың  ұлттық 
түрлері  бойынша  Қазақ  КСР-нің  спорт  шебері»  атағы  енгізіліп,  куәлік  пен 
омырау белгі берілетін болды. Қазір еліміздің қазақша күрес балуандары үш 
салмақ  дәрежесі  бойынша    күш  сынасады.  Бұл  салмақ  дәрежелері  бойынша 
60  кг-ға  дейінгі  балуандар  –  кіші  балуан,  74  кг-ға  дейінгі  балуандар  –  орта 
балуан, 74 кг-нан жоғары балуандар – бас балуан деп аталады. Ә.Сәлімбаев, 
М.Рақымқұлов, Н.Садуақасов, Ж.Құлжанов, М.Сүлейменов сынды балуандар 
қазақша  күрес  тарихына  өшпес  із  қалдырды.  Қазақша  күреспен 
айналысқандар  самбо,  дзю-до,  еркін  күрес  және  жекпе-жек  түрлерін 
меңгереді [2]. 
Қазақша  күрестің  кеңес  дәуіріне  дейінгі  дәстүрлі  белдесу  түрі  1950 
жылдардан  бері   қарай  жойылды.  Бүгінде  қазақша  күрес  деп  аты  ғана
  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Омаров Б.
 
Қазақша күрес ерекше құндылықтар сатысында
 
 
 

 
178 
сақталып жүр. Ал негізгі күрес түрі, ережесі, айла-тәсілдері барлығы жапонның 
дзю-до деп аталатын күресіне ауып кетті [3]. 
Себебі,  біріншіден,  палуандар  кілем  үстіне  шыққанда  «қоян-қолтық» 
ұстасып  белдеспейді.  Палуандар  жапон  күресіндегі  сияқты  кілем  үстінде  еркін 
күреседі. 
Үшіншіден, тең аяқталатын да белдесу болады [4]. 
1971  жылдан  бері  «Қазақ  ССР  спорт  шебері»  деген  спорттық  жоғары  атақ 
белгіленді. Жарысқа қатысушы палуандар міндетті түрде дәрігерлік комиссиядан 
өтеді және жарыс кезінде дәрігерлік бақылауда болады. 
Күрестің  ұлттық  түрі  «қазақ  күресінің»  даму  тарихы  қазақ  халқының 
тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен 
мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, 
жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. 
Қазақтың  ұлы  батыры  Қажымұқан  есімі  қазақ  халқының  тарихына  ғана  еніп 
қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді 
[4]. 
«Қазақша  күрес»  бойынша  бірінші  ірі  жарыс  1938  жылы  ауыл 
шаруашылығы  аймақтары  арасындағы  спартакиада  аясында  өткен.  Сол  сәттен 
бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. 
Ірі  Халықаралық  турнирлер  1952  және  1975  жылдары  Азия  аймағы 
спортшыларының  қатысуымен  өткізілді.  Ұлттық  күрестің  дамуы  Қазақстан 
егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық 
чемпионаттар  мен  біріншіліктер  жыл  сайын  өткізілетін  болды.  2004  жылы 
Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда 
«Қазақша  күрес»  күресі  бойынша  халықаралық  федерация  ұйымдастырылды. 
Федерацияның президенті Түкиев Серік Адамұлы [5]. 
2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия 
чемпионаты  өтті.  2005  жылы  қарашада  Астанада  ҚР  Президентінің  жүлдесіне 
«Қазақша  күрес»  күресі  бойынша  ірі  халықаралық турнир  болды. Оған әлемнің 
25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, 
Голландия, Франция және басқалары бар [6]. 
2006-2010  жылдары  аралығында  қазақша  күрес  үлкен  қарқынмен  дамыды 
және  халықаралық  деңгейде  өз  аренасын  тапты. Бұл  қазақ  спортының айрықша 
ұлттық  төл  мәдениетін,  салт-дәстүрін,  әдет-ғұрпын,  ұлттық  идеясын,  ұлттық 
санасын паш етті. Дегенмен әлі де асар тауы мол ұлттық құндылықтар сатысында 
өз  белсенділігін  және  үдемелілігін жүзеге  асыруда  үлкен  күш құдыретімен  алға 
басып, өз болмысымен дүниені жарып шығуды қажет етеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Рысбекұлы Қ. Қазақ балуандары. Алматы: Ер-Дәулет, 1996. 
2.
 
Әлімханов Е. Қазақтың балуандық өнері. Алматы: Атамұра, 2008. 
3.
 
Байдосов К.Р. Казахская национальная борьба. Алма-Ата: Мектеп, 1978. 
4.
 
Болғанбаев М. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. Алматы: Қайнар, 1983. 
5.
 
Жаналин Б. Казахша курес. Правила соревнований. Алматы, 1993. 
6.
 
Матущак П.Ф., Мухитдинов Е.М. Қазақша күрес: Оқу құралы. Алматы: Рауан, 1995. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
А.Л.ТАШИМОВА  

 
179 
 А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет