Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет19/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44

 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жаздықбаева М.Б. Қазақ халық дәстүрлері негізінде оқушыларды әдепке тәрбиелеу 
 
 
басты  -  қасиет  деп  санайды  және  еңбекті  бірнеше  түрге  бөліп  көрсетеді.  Олар: 
адал еңбек, пайдалы еңбек, халықтық еңбек, көпшілік еңбек, бірлескен еңбек. Ол 
жастарды  халықтық  еңбекпен  айналысуын  жөн  көрді,  және  мынадай  өлең 
жолдарын  да  арнады:  Халықтың  қамын  жесең,  таза  еңбек  ет,  Дәстүрді  ұста, 
көксеген мұратқа жет. Болашаққа апарар бірақ жол бар, Білім, еңбек, тәрбие, ол – 
парасат [2]. Бұл жерде Әл-Фараби таза, адал еңбекті – тәрбиенің алғы шарты етіп 
алды.  «Тәрбиені  неден  бастау  керек?»  деген  еңбегінде  ғылымды,  оқу-ағартуды 
меңгеруді, білім-тәрбие алу, еңбекке үйрену, философияны үйрену үшін адамның 
ар  тазалығын,  оның  жеке  басының  тазалығын,  еңбексүйгіштігі  мен 
қызығушылығын  бірінші  орынға  қояды.  Қазақ  халқының  моральдық-этикалық 
тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері 
бар. Осылардың бәрі атадан-балаға жазылмаған заң ретінде халық педагогикасы 
құралдары  арқылы  өңделіп,  толықтырылып  отырған.  Біздің  пайымдауымызша: 
моральдық-этикалық  дәстүрлер  дегеніміз  моральдық  сана  тәжірибесіне 
ендірілген,  адамгершілік  қатынас  мазмұнында  көрініс  тапқан  моральдық 
ережелер  мен  нормалар.  Тарихи  кезеңдердің  жаңа  дәуірі  туғанымен  ешқашан 
құнын жоймайтын моральдық-этикалық категорияларға: ар, ұят, намыс, абырой, 
ұждан,  абырой,  борыш,  парыз,  борыш,  т.б.  жатады.  Оған  қазақ  халқының 
«Ақылды болсаң, арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Жігіттің құны - жүз 
жылқы, ары - мың жылқы», «Ұят кімде болса, иман сонда», «Әдептілік, ар-ұят – 
адамдықтың белгісі», «Өз ұятын білген кісі, бір кісіге төрелік береді», т.б. деген 
мақал-мәтелдері  дәлел  бола  алады.  Қазақ  халқы  ар-ожданды,  абыройды  қатты 
қастерлеген,  оны  адамгершіліктің  туы  етіп  көтерген,  сондықтан  жастарға  бата 
бергенде «Абыройлы бол!», «А, құдай абыройыңнан айырма» - деп тілек білдіріп 
отырған. Ал, намыс – адамның ішкі сезімі, абыройды қорғайтын құралы. Намыс 
– адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір, күшті лап етпе сезім. Ол 
адамды  жаман  әрекеттерден  сақтайтын  таза  ұлы  қасиет.  Қазақ  халқының 
моральдық-этикалық  тәрбиесі  туған  жерге,  отбасына,  үлкен-кішілерге,  қоғамға, 
т.б.  көрініс  береді.  Үлкендерге  деген  сыйластықты  орнату  мақсатында 
қалыптасқан  нормалар  мінез-құлықтың  қалыптасуына  зор  ықпал  етеді.  Бұған 
мысал:  үлкеннің  жолын  кесіп  өтпе,  сөзін  бөлме,  үлкендерге  сәлем  бер, 
үлкендердің  көңілін  қалдыратындай  қылық  жасама,  т.б.  Мораль,  адамгершілік, 
парыз деген ұғымды ең алғаш отбасынан яғни ата-анасы арқылы біліп, түсінеді. 
Ата-ана  парызы  -  өтелмейтін  парыз.  Соның  ішінде  ананың  орны  ерекше.  «Ана 
сүтін оны Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың», - деп халық бекер 
айтпаған.  Халықтық  тәлім-тәрбиеде  әкенің  де  орны  ерекше  құрметті. 
Аналарының балаларына «әкең біледі», «әкеңмен ақылдас», «әкеңнен бұрын асқа 
отырма»  деп  барлық  нәрсені  әкесінің  нұсқауымен  істеуге  үйретуі  әкенің  қазақ 
отбасындағы  орнын  көрсетеді.  Мұның  бәрі  қазақ  халқының  бала  тәрбиесіне 
үлкен  мән  бергенін  дәлелдейді.  «Он  үште  отау  иесі»  деген  ұғым  бойынша 
бабаларымыз ес білген шағынан бастап баланы өмірге даярлаған, әсіресе ер бала 
шыр  етіп  келген  сәтінен  он  үшке  дейінгі  кезеңде  өмірдің  құпия  сырын, 
ауыртпашылығын, тұрмыс-қарекетінің
 
жыл мерзіміне сай ерекшелігін
  

151 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жаздықбаева М.Б. Қазақ халық дәстүрлері негізінде оқушыларды әдепке тәрбиелеу 
 
 
үйретіп,  құлағына  құйып  отырған.  Он  үш  жасқа  дейін  осынау  ғаламды  дұрыс 
игерген  бала  өзінің  өмірін  де  басқара  алады,  елін  қорғауға  да  ақыл-парасаты 
жетеді деп түсінген. Халық педагогикасында ең негізгі қағида адамнан, адамның 
өмірінен  артық,  одан  қымбат,  одан  қасиетті  ешқандай  құндылық  жоқ  деген 
көзқарасты  ұстану  және  адамды  айырбастайтын,  оны  өмірі  пида  боларлық 
дүниеде ешқандай құндылықтың жоқтығын түсіну болып табылады. «Адам деген 
ардақты ат»,  «Адам болып туған соң, адам болып өлу лазым»,  «Атаның баласы 
болма,  адамның  баласы  бол»,  т.с.с.  халық  даналығындағы  мақал-мәтелдер 
адамның құндылық екенін дәлелдейді [3]. Қазақ халқының моральдық-этикалық 
нормалары  болашақ  мұғалімдерді  мақсаттылыққа,  ішкі  сұраныспен  өмір  сүру 
және  жұмыс  істеу  дағдысын  қалыптастыру  ісіне,  барлық  жағдайда  моральдық 
кодекс  принциптері  мен  жоғары  адамгершілік  идеяларды  басшылыққа  ала 
отырып,  оларды  оқу-тәрбие  ісінде  жүзеге  асыруға,  кәсіби  парыздылық  сана-
сезімінің  қалыптасуына  көмектеседі.  Соңғы  жылдары  тәрбие  берудің 
ауқымының  кеңеюіне  байланысты  оған  қойылатын  талап  та  жоғарылады.  Бұл 
туралы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Егер біз 
адамгершілігі  жоғары  қоғам  болғымыз  келсе,  жұбайлардың  бір-бірінің 
алдындағы жауапкершілігін, ең бастысы балалардың алдындағы жауапкершілігін 
күшейтуге  тиіспіз»  деген  болатын.  Осы  тұста  балаларға  әдеп  тәрбиесін  беруге 
тікелей  араласатын  мектеп,  оның  ішінде  мұғалімдер  мен  сынып  жетекшілері 
болып табылады. Оқушылар арасында әдептілік бағытына сәйкес ата-аналардың 
қатысуымен  тәрбиелік  іс-шаралар  ұйымдастырылады.  Мысалы:  «Қыз  сыны», 
«Жігіт  сұлтаны»,  «Қоғамдық  орындардағы  әдептілік  деген  не?»,  «Жастардың 
әдептілігі»  және  т.б.  әдептілік  тәрбиесі  бағытындағы  іс-шаралар  өткізіледі. 
Тәрбие жұмыстары қыз балаларға тән әдептілік пен ізеттілікке, ұл балаларға тән 
әдеп  әрекеттері  бойында  қалыптасқан  үлгілі  әдептер  мен  қарым-қатынас 
әдептеріне  баға  беріледі.  Олардың  көзқарастары  мен  ойлау  қабілеттеріне  назар 
аударылады.  Тәрбиелік  іс-шараларға  ата-аналарды  қатыстыру  олардың 
белсенділіктерін  арттырады.  Бұл  ата-аналардың  педагогикалық  білімдерін 
жетілдіру  арқылы  әдептілік  тәрбиесін  жақсартуда,  оқушылардың  әдептілік 
қасиеттерін қалыптастыруда жоғары мүмкіндіктер туатынын дәлелдейді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Даналардан шыққан сөз: нақылдар жинағы / Құрастырған Ұ. Асылов. – Алматы: Мектеп, 1987. – 
162 б.  
2.
 
Әл–Фараби. Әлеуметтік–этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1975. – 163 б. 
3.
 
Бахтиярова  Г.  Қазақ  этнопедагогикасы  материалдарын  педагогикалық  пәндерді  оқытуда 
пайдалану. Пед.ғыл. канд. дис., Алматы, 1995, 151 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

152 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Б.Т.ОРТАЕВ  
 
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖОСПАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
В статье рассматриваются определения и характеристики, данные педагогических технологий 
и сведения о технологии обучения, основанной на дидактическом плане. 
 
The  article  deals  with  definitions,  characteristics  and  data  of  pedagogical  technologies.  Some 
information about teaching technology, based on the didactic plan, has been presented as well. 
 
Білім  берудің  қазіргі  даму  жағдайында  педагог  бар  педагогикалық 
жаңалықтарды  жақсы ажыратып қана  қоймай,  сондай-ақ  оларды  практикада 
қолдана  алуы  қажет.  Педагогтың  өзіне,  оның  іс-әрекетіне  қойылатын 
талаптар өзгерді, заманауи өркениет жетістіктерін көрсететін педагогикалық 
құралдар  едәуір  байытылды.  Осыған  байланысты  педагогика  ғылымына 
«мұғалімнің  технологиялық  мәдениеті»  термині  ендірілді.  Аталған  термин 
аясындағы даярлықты жүзеге асыратын «педагогикалық технология», «оқыту 
технологиясы»  ұғымдарына  және  олардың  мазмұнындағы  іс-әрекеттер 
құрылымы бойынша да көптеген зерттеулер жүргізілді және жүргізілуде. 
Педагогикалық  техника  мен  технология  көмегімен  және  құралымен 
мұғалім  өзінің  дайындығын  жүзеге  асырады,  ал,  өнімді  іс-әрекетте  ол 
шығармашылық  даралығын  қамтамасыз  етеді.  Өнімді  шығармашылық  іс-
әрекеттен тыс педагогикалық техника мен технология жойылуы мүмкін. 
«Мұғалімнің  технологиялық  мәдениеті»  ұғымының  басты  құраушысы 
«педагогикалық  технология»  болып  табылады.  Аталған  ұғым  педагогикаға 
өнеркәсіптен  келген.  Педагогикалық  іс-әрекет  саласына  “технология”  деген 
ұғымды  енгізу  “индустриалдық”  технология  (Ф.Б.Гильбрейт,  Ф.У.Тейлор 
және  т.б.)  деген  идеяға  негізделген  және  ол  оқытуда  техникалық 
жабдықтарды 
қолданумен 
байланысты. 
Білім 
беру 
саласындағы 
педагогикалық  технологияның  басқа  бағыттары  оқу  материалын  талдау 
техникасын,  мұғалім  мен  оқушылардың  оқу  іс-әрекетін  (Т.А.Ильина) 
ұйымдастыруды  қарастырады.  Сонымен  қатар,  педагогикалық  технология 
ұстаздар  мен  оқушылардың  аз  ғана  күш  жұмсап  ең  жақсы  нәтижелерге 
жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталады. 
Егер  материалдық  өндіріс  саласында  еңбек  затын  бірте-бірте  терең 
меңгеру  негізінде  еңбек  өнімінің  өсуіне  әкелетін  жаңа  технологиялар 
жасалса,  ал  білім  беру  саласында  технологиялар  ұстаз  іс-әрекетінің  жеке 
жақтарына  сай  жасанды,  қолдан  жасалған  конструкциялар  ретінде 
қарастырылады.  “Технология”  деген  термин  гректің  түп  тамыры  techne  - 
өнер,  шеберлік,  кәсіп  және  logos  -  ғылым,  білім  деген  сөздерінен 
шыққандығы  белгілі.  Екі  сөздің  түп  тамырының  бірлігі  шеберлік  туралы 
ғылым  немесе  ілімді  беретін  сөзді  құрайды,  ол  өндірістік  үдерістерді 
жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы. 

153 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Ортаев Б.Т. Дидактикалық жоспарға негізделген оқыту технологиясы
 
 
 
Педагогиканы  технологияландыруда  бастапқыда  тәрбиесі  төмен 
(қараусыз) балаларды оқыту тұжырымдамасын әзірлеген А.С.Макаренко деп 
саналады. Педагогикалық технологияны жаппай енгізу ХХғ. 60-жылдарынан 
басталады  және  алдымен  американдық,  кейіннен  еуропалық  мектептерде 
реформалаумен  байланысты  болды.  Аталған  үдеріс  оқытуды  кепілдік 
нәтижесіне  айналдыру  үшін  дидактикалық  тәсілдерді  іздестірумен 
үйлестірілді.  Педагогикалық  технологияларды  әзірлеу  мен  қолдану  үдерісі 
бастауында 
Дж.Кэрролл, 
Б.С.Блум, 
В.П.Беспалько, 
Н.Ф.Талызина, 
В.В.Гузеев,  Н.Е.Щуркова,  В.П.Зинченко,  Н.В.Акинфиева,  т.б.  ғалымдар 
болса, 
қазіргі 
уақытта 
Ф.Ш.Терегуловтың, 
В.Э.Штейнбергтің, 
М.И.Башмаковтың,  С.Н.Поздняковтың,  Н.А.Резниктің,  В.М.Монаховтың, 
Т.К.Смыковскийдің, 
Ш.Таубаеваның 
және 
т.б. 
бірқатар 
жетекші 
ғалымдардың еңбектері кеңінен танымал. 
ХХ  ғ.  30  жылдарынан  басталған  «педагогикалық  технология»  ұғымын 
анықтау бойынша басталған пікірталас қазіргі уақытта да жалғасуда. ХХғ. 30-
90-жылдар  арасында  аталған  мәселе  бойынша  шетелдік  және  отандық 
әдебиеттерді  шолу  жасау  Л.В.Зевинаның  [1],  М.Е.Бершадскийдің  [2] 
еңбектерінде көрініс тапқан. 
Олар  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттердегі  «Педагогикалық 
технология» ұғымының эволюциясын талдауға мүмкіндік береді.  
-
 
«білім берудегі технология» (technology in education, ХХғ. 40-жылдар 
мен 50-жылдардың ортасы); 
-
 
«білім  беру  технологиясы»  (technology  in  education,  ХХғ.  50-
жылдардың ортасы мен 60-жылдардың ортасы); 
-
 
«педагогикалық технология» (education technology, ХХғ. 70ж.); 
-
 
«білімдік  технология»  (an  education  tehnology,  ХХғ.  90-жылдарынан 
бері). 
Бұдан  басқа  қазіргі  уақытта  белгілі  педагогтар  «Педагогикалық 
технология»  ұғымын  «білімділік  технология»  ұғымымен  алмастырып,  оны 
нақтылайды.  Бұл  қазіргі  уақытта  педагогикалық  технология  саласында 
тәрбие  мәселесін  қарастыратын  жеткілікті  көптеген  жұмыстардың  пайда 
болуымен де байланысты. 
Осыған байланысты көптеген зерттеушілер «педагогикалық технология» 
категориясы құрылымындағы екі құраушыны бөліп көрсетеді. Олар; 
-
 
оқыту технологиясы немесе білімдік технология, 
-
 
тәрбие  технологиясы  (В.В.Гузеев,  Л.В.Зевина,  В.А.Сластенин 
Г.К.Селевко). 
Педагогтардың  зерттеулеріндегі  «Педагогикалық  технология»  ұғымы 
эволюциясына зейін аудара келіп, екі ағымды бөліп көрсетуге болады: 
-
 
біріншісі  –  оқу  үдерісінде  техникалық  құралдарды  пайдалануға 
бағдарланады (ЮНЕСКО); 

154 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Ортаев Б.Т. Дидактикалық жоспарға негізделген оқыту технологиясы
 
 
 
-
 
екіншісі  –  педагогикалық  технологияны  процессуалдық  категория 
ретінде қарастырады (М.Чошанов).  
Педагогикалық  технология  ұғымының  педагогикалық  айналымға  берік 
енуіне  қарамастан,  оны  түсіну  мен  пайдалануда  қазірге  дейін  әртүрлі 
көзқарастар кездеседі және оларды төмендегідей келтіруге болады: 
-  педагогикалық  технология  –  тәрбие  құралдарын,  оқытудың  арнайы 
жинағын  және  әдістердің,  тәсілдердің,  амалдардың,  формалардың  үйлесімін 
анықтаушы  психологиялық-педагогикалық  нұсқаулар  жиынтығы,  ол 
педагогикалық 
үдерістің 
ұйымдастыру-әдістемелік 
инструментарийі 
(Б.Т.Лихачев); 
-  педагогикалық  технология  –  бұл  оқу  үдерісін  жүзеге  асырудың 
мазмұндық техникасы (В.П.Беспалько); 
-  педагогикалық  технология  –  бұл  жоспарланған  оқыту  нәтижесіне  қол 
жеткізу үдерісінің сипаттамасы (И.П.Волков); 
-  педагогикалық  технология  –  бұл  оқушы  мен  мұғалім  үшін  комфортты 
жағдайды сөзсіз қамтамасыз етумен оқу үдерісін жобалау, ұйымдастыру және 
өткізу  бойынша  бірлескен  педагогикалық  іс-әрекеттің  барлық  бөлшектері 
ойластырылған модель (В.М.Монахов); 
-  педагогикалық  технология  –  педагогикалық  мақсаттарға  қол  жеткізу 
үшін  пайдаланатын  барлық  жеке  тұлғалық,  инструментальдық  және 
әдістемелік  құралдардың  жүйелік  жиынтығын  және  жұмыс  жасау  тәртібін 
білдіреді (М.В.Кларин); 
-  педагогикалық  технология  –  бұл  барлық  оқу  ситуацияларын  жобалау 
негізінде  оқытушы  мен  оқушы  іс-әрекеттерін  алгоритмдеу  (Л.М.Фридман), 
т.с.с.; 
Педагогикалық  әдебиеттерде  мәнді  мәселенің  бірі  педагогикалық 
технология, оқытудың әдістері, формалары және құралдары ұғымдары өзара 
байланысты болып табылады. Аталған мәселеге бірнеше көзқарастар бар: 
-
 
технологияға мөлшерлердің, әдістердің және құралдардың енуі, олар 
инструментальді құралдар болып табылады (М.В.Кларин, В.М.Шепель); 
-
 
аталған ұғымның оқытудың формалары, әдістері және құралдарымен 
теңестірілуі, аталған ұғыммен толықтай сәйкес келуін көрсетеді
-
 
педагогикалық  технология  оқыту  формалары,  әдістері,  құралдары, 
технологиялық білім, іскерлік, педагогикалық шеберлік және т.б. жиынтығы 
ретінде қарастырылады (Б.П.Лихачев). 
Педагогикалық  технология  жөніндегі  біздің  түсінігіміз  оқытудың 
формалары,  әдістері  және  құралдары  білім  беру  үдерісін  жүзеге  асырудың 
инструментальді  құралы  ретінде  қарастырылады,  бірақ  араласпайды  немесе 
бір-біріне сәйкес келмейді. 
Көптеген  ғалымдар  педагогикалық  технологияға  ғылым  мен  практика 
арасында аралық орын береді. Н.Ф.Талызина [3, 4]  бұл  көзқарасты былайша  

155 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Ортаев Б.Т. Дидактикалық жоспарға негізделген оқыту технологиясы
 
 
 
қарастырады, яғни, әрбір педагог нақты педагогикалық үдерісті тұрғызу үшін 
технологиялық  деңгейде  ұсынылған  оқу  үдерісі  жөнінде,  оған  қандай 
білімдер  қажет,  оны  қалай  жасайды  деген  барлық  қажетті  мағлұматтарды 
білуі қажет. 
Ғылым  мен  практика  арасындағы  ерекше  ғылым:  принциптерді 
тұжырымдайтын,  әдістерді  әзірлейтін,  реттілікті  және  оларды  қолдануды 
анықтайтын  болуы  қажет  және  т.б.  Онсыз  негізделген  оқу  үдерісі,  нақты 
оқыту үдерісінің технологиясы болуы мүмкін емес (М.М.Левина) [5]. 
Жоғарыда  педагогикалық  технологияға  келтірілген  анықтамалар 
пайдаланған  әртүрлі  ақпарат  көздеріндегі  келтірілген  толық  тізімді 
құрамайды.  Г.К.Селевконың,  Л.В.Зевинаның  [6,  7]  еңбектерін  талдай  келе, 
педагогикалық  технологияларға  қойылатын  бір  қатар  жалпы  талаптарды 
бөліп  көрсетуге  болады:  тұжырымдылық,  философиялық,  психологиялық, 
педагогикалық  ғылым  теориясы,  тиімділік,  жүйелілік,  басқарылуы, 
өндірушілік,  икемді,  динамикалығы,  көкейкестілігі,  ақпараттылығы,  адамға 
сәйкестілік, ізгіліктілік. 
Бұдан  басқа  кез  келген  педагогикалық  технология  баланың  жеке 
тұлғалық  сапасының  дамуына  бағытталуы  қажет,  мүмкіндік  бойынша  оның 
жеке  тұлғалық  қажеттілігін,  яғни  жеке  тұлғаны  оқытуды  жоғары  деңгейде 
қанағаттандыруы тиіс. 
Педагогикалық  технологияны  таптастыра  келе,  біздер  технологияны 
оқытушы  мен  оқушының  қарым-қатынасын  ұйымдастыру  типі  бойынша 
оқушы  мен  оқытушының  бірлескен  іс-әрекетіндегі  станционарлық  оқыту, 
сырттай  оқыту,  өзіндік  білім  алу,  педагог  пен  өзара  әрекет  етуші 
оқушылардың саны бойынша (жеке дара, топтық, жаппай) бөлуге болатынын 
көреміз. 
Технологияның 
ерекшелігі 
пайдаланылған 
инфрақұрылым 
элементтері  құрамына  байланысты.  Мәселен,  компьютерлік  техниканы 
қолданумен оқытудың заманауи технологиясының мәні анықталады. 
Оқыту  технологиясын  таптастыру  әртүрлі  белгілері  және  негіздері 
бойынша  болуы  мүмкін.  Едәуір  жиі  пайдаланылатыны  А.Я.Савельевтің, 
В.М.Максимованың, М.П.Симбирская, Г.К.Селевконың, В.Т.Фоменконың [8, 
9] таптастыруы. 
Тұтастай  алғанда  төмендегідей  таптастырушылық  белгілерді  бөлуге 
болады: 
-
 
оқыту технологиясы әрекетінің бағыттылығы; 
-
 
оқыту мақсаты; 
-
 
пәндік ортаға сәйкес әзірленетін технология
-
 
қолданылатын техникалық құралдар; 
-
 
әдістемелік тапсырмалар бойынша. 
Осы  таптастырушылық  белгілерге  байланысты  біздер  «Дидактикалық 
жоспарға  негізделген  оқыту технологиясы» танылуы  керек  деп  білеміз. Ол  

156 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Ортаев Б.Т. Дидактикалық жоспарға негізделген оқыту технологиясы
 
 
 
оқытудың  дидактикалық  жоспарына  негізделеді  немесе  сәйкес  жүзеге 
асырылады. 
Мектеп  оқу  пәндерін  оқытуда  әртүрлі  дидактикалық  жоспарлар 
басшылыққа  алынады.  Бірақ  олар  көп  жағдайда  мұғалім  мен  оқушының 
бірлескен  іс-әрекетін  толық  мәнді  көрсетпейді.  Сол  себепті  де  оны 
технологияландыру қажеттілігі туындайды. 
Оқыту  үдерісінде  басшылыққа  алынатын  төмендегідей  (технология 
пәнін оқытуда) дидактикалық жоспарларды атап көрсетуге болады: 
1. Мұғалімнің технологиялық үдерістерді түсіндіруі: 
1)  Алдымен  технологиялық  үдерістің  орындалуы  түсіндіріледі  (оның 
негізінде жатқан ғылыми принциптер зерделенбейді). 
2)  Осыдан  кейін  сұрақтар  қойылады  (яғни  оның  негізін  қандай 
құбылыстар (немесе заңдар) құрайды?, т.б.). 
3) Бұл тәсіл зерделенетін технологиялық үдерістегі құбылыстарға немесе 
заңдарға танымдық қызығушылықты ынталандырады. 
4) Осыдан кейін құбылыстың (заңның) мәні, оның қолданылу шарттары 
айқындалады. 
5)  Нақты  технологиялық  үдеріс  мысалында  пайдаланылатын  заңды 
иллюстрациялау  жүзеге  асырылады,  оның  жұмысының  физикалық 
принциптері,  зерделенетін  технологиялық  үдерістердің  жаратылыстану-
ғылыми және ғылыми-технологиялық негіздері зерделенеді. 
2.  Теориялық  білімдерді  оқыту  схемасы:  фактілер,  техникалық 
объектілер  (І)  →  ұғымдар  (ІІ)→  заңдар  (ІІІ)  →  теориялық  (IV)  →  салдары 
(V).  
3.  Жаңа  тақырыпты  (технологиялық  үдеріске  қатысты)  түсіндірудің 
логикалық үлгісі: фактілер, жағдаяттар (I) → технологиялық үдерістер (II) → 
қолданылатын  техника  (III)  →  ұғымдар  (жалпы,  ерекше,  нақты)  (IV)  → 
заңдар (V) → теориялар (VІ) → технологиялық үдерістерді қолдану (VІІ). 
Осы  сияқты  оқытудың  көптеген  танымал  дидактикалық  жоспарларын 
мысалыға келтіруге болады. 
Мұғалім  жұмысы  барысында  технологиялық  үдерістердің  негізі 
жөніндегі  білімдерді  алдын  ала  бөле  біледі.  Бұл  оқытуда  индуктивті  және 
дедуктивті  тәсілді  қолданудың  алғы  шарты.  Олар,  негізінен,  оқулықтарда 
жалпылық сипатта беріледі. 
Соңғы  көрсетілген  дидактикалық  жоспарға  сәйкес  оқыту  технологиясы 
үшін «Оқытудың бірыңғай технологиясына» (Пошаев Д.Қ.) сәйкес оқытудың 
жиынтық кестесін тұрғызуға болады (кесте 1). 
 
 
 
 
 
 
 

157 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Ортаев Б.Т. Дидактикалық жоспарға негізделген оқыту технологиясы
 
 
 
Кесте 1 - Дидактикалық жоспарға сәйкес оқыту технологиясының жиынтығы 
 
Р/
с 
Мақсаты 
У
ақ
ы
ты
 
Әдістер 
Тәсілдер 
Оқыту әдістері  
Оқу әдістері 
Логикалық 
Техникалық 
1. 
Мотив 
туғызу 
 
Проблемалы 
баяндау 
Жаттығу 
(ақыл-ой, 
аралас) 
Талдау, 
салыстыру, 
жинақтау, т.б. 
Техникалық оқыту 
құралдарын 
пайдалану 
2. 
Оқу 
материалдарын 
меңгерту 
 
Оқу 
демонстрациясы, 
ауызша баяндау 
Техникалық 
құжаттармен 
жұмыс жасау 
Себеп-салдарлық 
байланыстарды 
бөліп алу 
ТОҚ пайдалану 
3. 
Оқу 
материалдарын 
меңгерту 
 
Оқу 
демонстрациясы, 
ауызша баяндау 
Техникалық 
құжаттармен 
жұмыс жасау 
Негізгісін, 
маңыздысын 
бөлу 
Еңбек 
құралдарын, ТОҚ 
пайдалану 
4. 
Білім 
меңгерту 
 
Индуктивті, 
дедуктивті 
баяндау 
Сызбаларды, 
нұсқау 
карталарын 
қолдану 
Талдау 
салыстыру, 
талдап қорыту 
ТОҚ пайдалану 
5.  Байланыстарды 
ұғындыру 
 
Проблемалы 
баяндау, ауызша 
мазмұндау 
Оқу 
эксперименті, 
ғылыми-
техникалық 
әдебиеттермен 
жұмыс жасау 
Себеп-
салдарлық 
байланыстарды 
бөліп алу 
ТОҚ пайдалану 
6. 
Ой 
қалыптастыру 
 
Оқу демонстра-
циясы, пробле-
малы баяндау 
Оқу 
эксперименті, 
жаттығу 
Талдау, 
салыстыру, 
жинақтау, 
талдап қорыту 
ТОҚ пайдалану 
7. 
Теорияны 
практикамен 
ұштастыру 
 
Ауызша баяндау 
Оқу-өндірістік 
жұмыстар 
Бағдарлы іс-
әрекетті 
образды 
қалыптастыру 
Еңбек 
құралдармен 
жұмыс жасау 
 
Дидактикалық  жоспарға  негізделген  оқыту  технологиясының  жиынтық 
кестесіндегі құраушылар: 
- мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті құрылымы мен мазмұнын 
көрсетеді; 
-  оқыту  әдістері  мұғалімнің  оқу  жұмыстарын  анықтауға  мүмкіндік 
береді; 
-  оқу  әдістері  оқушының  орындайтын  іс-әрекетін  және  тапсырмаларын 
анықтайды; 
-  логикалық  тәсілдер  оқушылардың  ойлануын  қамтамасыз  етеді, 
педагогикалық тапсырмалар мазмұнын, түрін анықтауға мүмкіндік береді; 

техникалық  тәсілдер  оқушы  мен  мұғалімнің  бірлескен  іс-әрекетіндегі 
оқытудың техникалық құралдарын, технологиялық машиналарды қолдануды 
алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.
 
Сондай-ақ  мұнда,  оқытудың  нәтижесін  де  бөліп  көрсетуге  болады,  ол 
оқыту мақсатымен сәйкес келуі тиіс. 
 
 
 
 
 

158 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет