Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011



Pdf көрінісі
бет20/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Ортаев Б.Т. Дидактикалық жоспарға негізделген оқыту технологиясы
 
 
 
Сонымен, «дидактикалық жоспарға негізделген оқыту технологиясы деп
мұғалім  мен  оқушының  бірлескен  іс-әрекетінің  болжамды  құрылымын 
дидактикалық  жоспарға  сәйкес  оқыту  әдістері  мен  тәсілдері  тұрғысынан 
анықтайтын  және  белгілейтін  оқыту  үдерісінің  үлгісін  түсінеміз».  Берілген 
анықтама  педагогикалық  технологияларға  берілген  анықтамаларға  қайшы 
келмейді және педагогикалық технологиялардың құрылымдық элементтерін, 
тәсілдер негізін қамтиды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Законодательство  Российской  Федерации  об  образовании:  Базовые  федеральные  законы.  – 3-е 
изд., доп. – М.: ИФ «Образование в документах», 2002. -152 с. 
2.
 
Бершадский  М.Е.  В  каких  значениях  используется  понятие  «технология»  в  педагогической 
литературе? // Школьные технологии. – 2002. -№1. 3-20. – С. 
3.
 
Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. – М.: Академия, 1999. – 288с. 
4.
 
Талызина Н.Ф. Технология обучения и ее место в педагогической теории // Современная высшая 
школа. – 1977. - №1. 91-96. – С. 
5.
 
Левина  М.М.  Технологии  профессионального  педагогического  образования.  –  М.:  АСАDЕМА, 
2001. 
6.
 
Зевина  Л.В.  Системная  организация  деятельности  учителей  –  слушателей  курсов  повышения 
квалификации  по  освоению  современных  образовательных  технологий.  Диссертация  на 
соискание ученой степени кандидата педагогических наук. – Ростов н/Д., 2000. – 140 с. 
7.
 
Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. –М.: Народное образование, 1998. 
8.
 
Селевко  Г.К.,  Селевко  А.Г.  Социально-воспитательные  технологии  //  Школьные  технологии.  -
2003. - №3. 3-176– С. 
9.
 
Селевко Г.К. Доминанта в развитии личности // Народное образование. - №8. – 1995. 56-62- С. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

159 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Б.ДАУЛЕТБЕКОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АУЫЗША ЕСЕПТЕУГЕ ҮЙРЕТУ 
 
В  статье  всесторонне  рассмотрены  проблемы  обучения    школьников  начальных  классов 
устному счету. 
 
The article deals with some problems of teaching pupils of primary school counting in their heads. 
 
Қазір  техниканың  дамыған  заманы.  Бұрынғы  есепшот,  басу  мәшинкесі 
секілді  техникалық  құралдардың  орнына  қазір  калькуляторды,  компьютерді 
пайдаланып жүр. Мәселен, осы калькулятордың көмегімен кез келген есепті 
жылдам, әрі оңай шешеді. Оқушылар осы құралға үйір болып алды. Негізінде 
калькулятордың  ешқандай  пайдасы  жоқ.  Технологиялық  жетістік  деп  кейде 
мұғалімдерге  оны  оқытуды  жүктейді.  Соңғы  кездері  осы  жөнінде  ғалымдар 
«калькулятор оқушылардың ойлау жүйесін шектеп жатыр» деп дабыл қағуда. 
Калькулятор  -  оқушылардың  есеп  шығарудағы  ой-өрісіне,  санасына,  жалпы 
психологиясына  қаншалықты  кері  әсерін  тигізетіндігі  белгілі.  Мектеп 
қабырғасында оқушылардың оны қолданбағаны дұрыс. 
XXI ғасырдың қазіргі балалары бөлу, көбейту, қосу, азайту амалдарынан 
түзілген жай есептерін тек қаламның көмегімен қағаз бетіне түсіріп отырады, 
олар ауызша есептеп шығару әдісін ұмыта бастағандай.  
Сондықтан,  бастауыш  сынып  математикасын  оқыту  үдерісінде  есеп 
шығара білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың бірден-бір 
бағыты – оқушыларды есеп шығаруға үйрету.  
Оқушыларды  есеп  шығаруға  үйрету  математиканы  оқытудағы  ең  қиын, 
әрі  күрделі  мәселелердің  бірі.  Оқушыларға  бір  ғана  математикалық  есепті 
шығаруда оның неғұрлым тиімді, үнемді шығару жолдарын табу мақсатында 
бірнеше  тәсілдерді  қолдану  ұсынылуы  мүмкін.  Бұл  мақсатқа  жету  үшін 
теориялық қағидаларды, сол сияқты есеп шығарудың әдіс пен тәсілдерін еске 
түсіру  керек,  бұл  құралдардың  бәрін  есепте  баяндалған  ситуацияларға 
пайдалануға  мүмкіндігі  тұрғысынан  талдау  жасалуы  керек.  Осылай 
оқушыларды  есепті  шығарудың  тиімді  тәсілін  іздестіру  үрдісімен 
қаруландыру керек.  
Оқушыларды  есеп  шығаруға  үйрету  алғашқы  сабақтардың  өзінде-ақ 
басталып, сынып жоғарылаған сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік қалыптаса 
бастайды.  Ауызша  есептеуге  үйрету  бастауыш  сыныптан  басталатыны 
бәрімізге мәлім.  
Оқу  үдерісінде  дайын  білімді  жай  ғана  беру  оқушының  ой-өрісінің 
дамуына  теріс  әсер  ететіндігін  Е.В.Ильенков  атап  көрсеткендей,  «ми  мен 
ақыл  ой-өрісті  кеміс  етудің  ең  бір  дұрыс  тәсілі  -  білімді  формалды  жаттау» 
[1]. 
Ешкімге  құпия емес, математика күрделі де қиын пән. Математиканы 
 

160 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Даулетбекова Б.
 
Бастауыш сынып оқушыларын ауызша есептеуге үйрету
 
 
 
жаттауға  болмайды,  оны  түсіну  керек.  Ал,  егер  математика  оқушыға 
түсініксіз және сабақ бірыңғай жүргізілсе, онда пәнді қалай түсінуге болады? 
Міне, осы жерде педагогикалық тапқырлық керек, бір ғана мақсат оқушыны 
пәнге  қызықтыру.  Математиканы  оқыту  үдерісінде  бастауыш  сынып 
оқушыларының  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыруда  және  олардың 
математикалық  қабілеттерін  дамытуға  септігін  тигізетін  жұмыстың  әртүрін 
пайдалану  керек.  Осының  негізінде  математика  сабақтарында  тапқырлыққа 
берілетін  материалдардың  негізгі  мақсаты  оқушылардың  қызығушылығын 
ояту, ойлау әрекетін белсендіру, ой-өрісін кеңейту болып табылады. Олардың 
түрлері  әртүрлі  болып  келуі  мүмкін:  ребустар,  қазақ  халқының  ауызша 
есептері, өлең-есептер, викториналар, т.б. 
Бастауыш сынып оқушыларын ауызша есептеуге үйрету уақыт үнемдеу 
тұрғысынан  да  тиімді.  Бір  ғана  мысалдың  нәтижесін  бірнеше  тәсілмен 
есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны, 
ақтық  нәтижеде  не  болатыны  ауызша  айтылады  да,  оларды  жазуға  уақыт 
жұмсалмайды.  Оған  қоса  қай  тәсілді  қолдану  оқушының  өз  еркінде 
болғанымен,  олардың  барынша  тиімдісін  іріктеп  алуды  үйретуге  де 
мүмкіндік мол [2].  
Математика  сабағында  ауызша  есептеу  дағдыларын  қалыптастыру 
жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін 
дамыту  үшін  есеп  шығарғанда  орындайтын  амалдарды  ойша  шешіп  алуды 
дағдыландырған жөн.  
Мысалы, оқулықта көрсетілмеген ауызша есептеудің жолдарын көрсетсе
мысалы,  екі  таңбалы  «5»-пен  аяқталатын  (15,  25,...,95)  сандарының 
квадраттарын  немесе  өзін-өзіне  көбейтуді  қалай  есептеуге  болатынын 
түсіндіру және оны есеп шығаруда қолдана білуге машықтандыру: 
15х15=225 
Мұнда бірліктері 5-пен аяқталғандықтан 5х5 көбейтіндісі 25, ал алдыңғы 
сандары,  яғни  ондықтары  1  және  1,  оның  біреуіне  1-ді  қосып,  қосындыны 
екінші 1-ге көбейтеміз (1+1)х1=2 шығады, сонда 225 болады. 
25х25=625 
Мұнда бірліктері 5х5 көбейтеміз 25, алдыңғы сандары ондықтары 2 және 
2, оның біреуіне 1-ді қосамыз, 3 болады, оны екінші екіге көбейтіп жазамыз 
6, сонда 625 болады.  
Сонымен, беспен аяқталатын екі таңбалы сандардың квадратын тапқанда 
ондықтардың  біреуіне  1-ді  қосып  екінші  ондықтың  цифрына  көбейтеміз  де 
артына 25-ті тіркеп жазамыз. 
15 х15 = 225 
25 х 25 = 625 
35 х 35 = 1225, ((3+1)х3=12 осыған 25 тіркеп жазамыз) 
45 х 45 =2025 т.с.с. 

161 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Даулетбекова Б.
 
Бастауыш сынып оқушыларын ауызша есептеуге үйрету
 
 
 
95 х 95 =9025, ((9+1)х9=90 соңына 25 тіркеп жазамыз). 
Міне,  осындай  ауызша  есептеулерді  үйретсек,  оқушының  математикаға 
деген қызығушылығы оянады.  
Ауызша  есептеу  тәсілдері  оқушылардың  жан-жақты  дамуына,  олардың 
математикалық тілінің жетіле түсуіне, сондай-ақ уақыт үнемдеу тұрғысынан 
тиімді болып табылады. 
Ауызша есептеулер әдетте, екі таңбалы сандарға жүргізіледі, ал жазбаша 
есептеулер ауызша есептеу қиын болған жағдайда ғана көп таңбалы сандарға 
жүргізіледі. 
Бастауыш  сыныптарда  ауызша  есептеу  дағдыларын  қалыптастыру 
бойынша  орындалатын  жұмыс  ерекше  орын  алады,  өйткені  бастауыш 
сыныптарда  төрт  жыл  бойы  оқығанда  оқушылар  ауызша  есептеу  тәсілдерін 
саналы түрде игеріп қана қоймай, сонымен қатар берік есептеу дағдыларына 
ие  болуы  тиіс.  Ауызша  есептеу  дағдыларын  меңгерудің  білім  берерлік, 
тәрбиелік  және  тәжірибелік  мәні  бар.  Олар  арифметикалық  амалдар 
теориясының көптеген мәселелерін игеруге көмектеседі. Ауызша есептеулер 
жазбаша  есептеу  әдістерін  жақсы  игеруге  көмектеседі,  өйткені  жазбаша 
есептеулер  ауызша  есептеулердің  элементтерін  қамтиды.  Олардың 
тәжірибелік мәні  - есептеудің тездігі мен дұрыстығымен әсіресе, амалдарды 
жазбаша есептеу мүмкін болмаған жағдайларда [3].  
Ауызша  есептеу  дағдылары  үнемі  жетілдіріп  отыру  үшін  есептеудің 
ауызша  және  жазбаша  әдістерін,  қолданудың  дұрыс  қатысын  тағайындау 
қажет.  Ауызша  есептеулерде  жаттығулар  бүкіл  сабақ  бойында  жүргізілуі 
тиіс.  Оларды  үй  тапсырмаларын  тексерумен,  оқып-үйренген  материалды 
пысықтаумен қосып қарастыруға да болады. 
Осымен  қатар  мұғалімдердің  тәжірибесінде  мынадай  жақсы  дәстүр 
қалыптасқан, әрбір сабақтың басында ауызша есептеулерге 5-7 минут арнайы 
уақыт бөліп, ауызша санаулар жүргізіледі. Егер ауызша есептеулер қызықты 
өтсе, онда сабақ ары қарайда қызықты және табысты өтеді.  
Ауызша  есептеулер  оқушылардың  ойлауының  дамуына,  олардың 
зеректігінің, математикалық көрегендігінің және байқағыштығының дамуына 
көмектеседі.  
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі М.Өтелбаев - 
«Қазақ ілім мен білімнің кез келген саласына бейім халық. Оның бір себебі, 
біздің  ұлтымыздың  өз  тарихында  көп  сұрыпталғанынан.  Небір  алапатқа 
ұшырады.  Мұндай  құбылыс  адам  бойында  ширығуды,  өмірге,  қоғамға 
икемделе  өмір  сүруге  деген  ішкі  түйсікті  оятады.  Ішкі  түйсік  логикаға,  ал 
логика есепке жетелейді»- деген бір сұхбатында.  
Қазақта  логикаға  бағынған  ішкі  динамика  қатты  дамыған.  Ертеде 
жылқышылар алдынан ағын судай жөңкіліп өтіп жатқан үйір-үйір жылқыны 
көзбен  «іліп»  санап  үлгерген.  
Бұған  зердесі  ояу  адам болмаса, қисынын
  

162 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Даулетбекова Б.
 
Бастауыш сынып оқушыларын ауызша есептеуге үйрету
 
 
 
келтіре  алмайды.  «Теңге  алу»,  «жамбы  атуды»  алатын  болсақ,  бүгінгі 
өлшеммен  алғанда,  сағатына  пәлен  километр  шауып  келе  жатып  жерде 
жатқан  теңгені  қапысыз  іліп  алу  үшін  арақашықты  және  ат  бауырына 
қырындай аунайтын қас-қағым сәтте асқан дәлдікпен есептей алған. Әрі тепе-
теңдікті  сақтап,  бойды  ілезде  тіктеп  үлгеру  секундтың  бөлшегіндей  қас-
қағым сәт. Осы аралықты есептесе, арифметкиалық дәлме-дәлдік шығар еді.  
Ағызып келе жатқан аттың жылдамдығын, жебені не ерте емес, не кеш 
емес, жамбыны қағып түсіретін шамаға жеткенде ғана жұмсау уақытын және 
садақты шірей тартқандағы қолдың қатысының шамасын, сондай-ақ жебенің 
ұшу  жылдамдығын  өлшем  бірліктеріне  салып  есептеп  жіберсе,  ертедегі 
қазақтың  асқан  математикалық  интуицияға,  қабілетке  ие  болғанын 
дәлелдейді.  Міне,  осының  бәрі  қазақтың  математикалық  интуициясын 
дамытуға  себеп  болған  сияқты.  Ендеше,  қанына  осындай  қасиет  сіңген 
балада,  әсіресе,  ауыл  баласының  есепке  жүйрік  болып  келуіне  таңқалатын 
ештеңе жоқ.  
Қандай  зәулім  үй  салсаң  да,  оның  іргетасы  дұрыс  қаланбаса,  күндердің 
күнінде құлап қалатыны белгілі. Дәл сол секілді баланы тәрбиелеу мен білім 
беруде  мықты  іргетас  қаланбаса,  жас  ұрпақтан  болашақта  білімді,  көргенді 
және кез келген ортада өзін еркін сезінетін азамат шықпайтыны хақ. 
Сондықтан,  математиканың  қиындығына,  күрделілігіне  қарамастан, 
болашақ  ұрпақты  осы  пәнге  қызықтыру,  білім  деңгейін  көтеру  біз  үшін 
орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Нұғысова  А.  Болашақ  математика  мұғалімдерін  оқушылардың  есеп  шығару  іскерліктерін 
қалыптастыру жұмысына дайындау. –Алматы, 2002. 
2.
 
Бантова М.А. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы. -Алматы, 1978. 
3.
 
Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы. -Алматы, 1981. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

163 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Ә.ҮСЕНОВ 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
МУЗЫКА САБАҒЫНДА БЕРІЛЕТІН ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ 
              
В этой статье рассматривается значения эстетического воспитания в школе и роль предмета 
музыки. 
 
The  article  deals  with  the  significance  of  aesthetic  education  at  school  and  with  the  role  of  music 
lessons. 
 
Білім  беру  жүйесі  –  тірлік-тауқыметі  мол,  қиын  да  күрделі  сала.  Өйткені 
оның негізгі мақсаты ұрпақ тәрбиесіне арналған. Ал ұрпақ тәрбиесі  - білімділік 
пен ізденімпаздықты, қажымас қайраттылық пен төзімділікті талап етеді [1]. 
Қазақ атам заманнан ұрпақ тәрбиесіне өте жауапкершілікпен қараған халық. 
Қыздарына  «қырық  үйден  тыю»  десе,  ұлдарын  ержүректілік  пен  батырлықты 
бойына сіңіріп, ел қорғаны бола білуге баулыған. Қызды жатжұрттық деп, қонақ 
ретінде  сыйласа,  ұлын  отбасының,  қара  шаңырақтың  болашақ  иесі  деп 
мәпелеген.  Ибалы  да  инабатты  қыз  елінің  көркі,  өжет  те  өткір  ұл  ел  ішінің 
ұйытқысы  бола  білген.  «Ана  көрген  тон  пішер,  әке  көрген  оқ  жонар»  демекші, 
тәрбиенің  бастауын  халықтық  педагогикадан  алған  жастарымыздың  өнерпаз 
болуы  да  атадан  келе  жатқан  дәстүр  жалғастығынан  десек,  артық  айтқандық 
емес.  Шаршы  топты  жарып,  әнін  салған  кешегі  Ақан  сері  мен  Біржан  сал,  қос 
ішекті домбырадан күйін күмбірлеткен Құрманғазы мен Дина, Парижде дүниені 
дүр сілкіндіріп ән салған Әміре. Айта берсек, бұл тізімнің ұзаққа созылары анық. 
Солардың  ұрпағымыз  деп  мақтанатын  бүгінгі  жас  өскін,  солардың  әнімен 
сусындаған,  нәр  алған,  ләззат  алған  өрендеріміз  талғамы  биік,  заманауи 
талаптарға сай азамат болып өсіп те келеді.  
 
Мектеп  оқушыларының  ұлттық  өнерге  деген  қызығушылығын 
арттыруда халық композиторларының шығармалары мен әндері ерекше орын 
алатыны  анық.  Осы  ретте  олардың  эстетикалық  сезімдерін  оятуда  музыка 
пәнінің  атқарар  жүгі  ауқымды.  Тек,  біздің  мұғалімдер  осы  пәннің  аясында 
халық  әндерінің,  халықтың  арасынан  шыққан  тума  таланттардың 
шығармашылығының  кеңінен  насихатталуына  көңіл  аударса.  Пәндік 
бағдарламаға  солардың  туындыларын  көбірек  енгізсе  деген  ниетіміз  де  жоқ 
емес.  Асыл  қазынаның  сарқылмас  қайнар  бұлағы  –  қазақтың  кең  даласын 
әсем  даусыменен,  тамаша  әндерімен  әуелеткен  ұлттың  шын  мәніндегі 
мақтаныштары.  Сол  бұлақтан  сусындаған  жанның  жүрегі  таза,  пейілі  адал 
болатыны  тағы  рас.  Ұлтына  деген  сүйіспеншілігін,  жанашарлығын  ол  сол 
қайнаркөзден  сусындай  отырып,  арттыратыны  және  шындық.  Жалпы 
музыканы меңгерген жан табиғат құдіретін де терең түсіне алады. 
Демек,  дүниенің  түрлі  ғажайыптарын  ұғынып,  сұлулықты  сезіне  білуге 
деген қызығушылықты қалыптастыру  - оқушылардың бойында өнерге деген 
құлшынысты  арттырудан  бастау  алады.  Әсемдік  әлеміне  ұмтылу,  содан 
рухани  күш-қайрат  алу  –  бұл  жас  балғынның  көзқарасын  қалыптастыру. 
Мұндағы басты мақсат - оқушының эстетикалық талғамын қанағаттандыру. 

164 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Үсенов Ә.
 
Музыка сабағында берілетін эстетикалық тәрбиенің мәні
 
 
 
«Эстетика»  гректің  «эстезис»  деген  сөзінен  шыққаны  белгілі.  Оның  өзі 
қазақшалағанда айналадағы құбылыстарды сезіммен қабылдауға дайындық деген 
ұғымды  білдіреді  екен.  Талай  ғалым  осы  тақырыпта  қалам  тербеп,  ол  туралы 
жалпыға  ұғынықты  пікір  қалыптастырған.  Талай  ғылыми  еңбектер  жазған. 
Солардың бірінде Ресей ғалымдары Н.Кипященко мен Н.Лейзеров «Эстетикалық 
тәрбие  сұлулық  пен  эстетикалық  даму  заңдылықтарына  сай  әсемдікті  бағалай 
білу  қабілетін  жетілдіруге  бағытталған  мақсатты  жүйе»  -  деп  анықтама  берген 
екен [2]. Шындығында да әсемдікті жандүниесімен қабылдай білу кез келгеннің 
қолынан келе бермейтін нәрсе. Осыдан келіп әрбір жастың эстетикалық талғамы 
деген  тіркес  шығады.  Оның  эстетикалық  талғамын  қалыптастыру  үшін  тағы  да 
сол ұлттық өнерге ден қоюымыз керек дегенді қайталағым келеді. 
Демек,  эстетикалық  тәрбие  болмыстағы  және  өнердегі  сұлулық  пен 
әсемдікті  дұрыс  қабылдауға  және  эстетикалық  сезім  мен  талғамды 
қалыптастыруға  тәрбиелейді.  Жалпы  эстетикалық  тәрбиенің  негізгі  мақсаты  - 
жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компоненттеріне: 
- эстетикалық қабылдау; 
- эстетикалық сезім; 
- эстетикалық талғам жатады [3]. 
Эстетикалық  қабылдау  деп  әсемдікті  қабылдау  процесін  айтады,  мұның 
нәтижесі  эстетикалық  әсерлену,  эмоция  болып  табылады.  Демек,  табиғат,  өнер, 
адам  жасаған  заттар,  адамның  сыртқы  кейпі,  адамның  рухани  жан  дүниесі, 
тұрмыс-салты,  әрекеттер,  адамның  өзі  де  эстетикалық  қабылдаудың  объектісі 
болып саналады. 
Эстетикалық сезім - адамның рухани өмірін әр тарапты дамытудың кажетті 
шарты. Сондықтан әрбір адам, рухани жағынан бай болып, әсемдікті көре біліп, 
одан лаззат та ала білуі тиісті.  
Эстетикалық  талғам  -  әсемдікті  дұрыс  бағалай  білуге  тәрбиелеу.  Міне  осы 
эстетикалық  сезім,  эстетикалық  қабылдау,  эстетикалық  талғам  бір-бірімен 
ұштасқан  жағдайда  ғана  адамның  сана-сезімі  ояу,  таным-түсінігі  кеңейе  түсіп, 
дүниені  тереңінен  тани  біледі,  сезіне,  ұға  білуіне  септігін  тигізеді.  Осы  орайда 
оқу-тәрбие  үдерісі  барысында  үлкен  маңызға  ие  тәрбиенің  бір  саласы  - 
эстетикалық тәрбие.  
Бұл  орайда,  жалпы  мектеп  оқушыларының  рухани  сезімін  байыта  түсетін 
музыка  сабағының  пән  мұғалімдерінің  өзінің  эстетикалық  сезімдері 
мен 
эстетикалық  мұрат-мақсаттары  биік  болғаны  дұрыс  деп  ойлаймыз. 
Сондықтан  пән  мұғалімдерінің  мамандығына  деген  қызығушылығы  мол, 
әрбір  сабақты  жоғары  дәрежеде  өткізе  білгенде  ғана  музыка  сабағының 
атқаратын рөлі де көтеріле түсетіні анық. 
 
Осындай  талаптарды  орындауда  халқымыздың  рухани-мәдени  жағынан 
байи  түсуіне  бүгінгі  күні  қуатты  дамып  отырған  бұқаралық  ақпараттық 
құралдардың  көмегі  арта  түсуде.  Бұрынғы  кездері  тек  газет-журналдардан 
ғана оқып  танысып отырсақ, бүгінде теледидар арқылы еліміздің қай
 түкпірінде  

165 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Үсенов Ә.
 
Музыка сабағында берілетін эстетикалық тәрбиенің мәні
 
 
 
қандай мәдени іс-шаралар өтіп жатқанын, еліміздің бас қалалары Астана мен 
Алматыда  жыл  сайын  өтіп  жататын  өнер  тарландары  мен  жасөспірімдердің 
концерттік  бағдарламалары  мен  үлкен  шығармашылық  фестивальдардың 
куәсі  болудамыз.  Дәл  қазір  «Қазақстан»  ұлттық  телеарнасында  өткізіліп 
жатқан  «Айгөлек»  байқауының  өзі  қандай  керемет.  Бастауыш  сынып 
оқушылары  және  тіпті  бала-бақша  өрендері  сайысқа  түсіп,  небір  жезтаңдай 
әншілеріміз  бен  өнерпаздарымыз  іріктеліп  жатыр.  Жыл  сайын  Астанада 
өтетін «Шабыт» фестивалі және «Жас қанат» әншілер байқауы талай жастың 
жолын ашып, өнер айдынында еркін қалықтауына мүмкіндік туғызып отыр.  
Осындай  мүмкіндіктерді  пайдалана  отырып,  мектептің  музыка  пәні 
сабағының  ролін  арттыра  білуге  өз  үлесімізді  қоса  білуіміз  керек.  Әрине 
бүгінгі  күні  сабақ  берудің  жаңаша  формаларын  кеңінен  қолдана  отырып, 
сабақты  түрлендіре  өткенде  ғана  балалардың  музыка  сабағына  деген 
қызығушылықтары  арта  түсетінін  біздер  көріп  те,  байқап  та  жүрміз. 
Республикалық  деңгейдегі  осындай  ән  мен  өнер  байқауларына  бала  жіберу, 
одан  жүлделі  орындар  алу  музыка  пәнінің  мұғалімі  үшін  маңызды  істердің 
бірі болуы тиіс дейміз. 
Оқушылардың  эстетикалық  сезімін  дамыту  оларға  мынау  жақсы,  әдемі, 
ал мынау жаман, көріксіз деп ауызша айтуда ғана жүзеге аспайды, сонымен 
бірге бала күнделікті тұрмыста да, мектепте де эстетикалық талғампаздықтың 
үлгі өнегесін күн сайын көріп отыруы керек.  
«Эстетикалық  сезім,  эстетикалық  таным  –  адамның  этикалық,  яғни 
адамгершілік  танымының  алдында  жүреді…  Сондықтан  адамның  бүкіл 
адамгершілігі,  кісілігі  -    эстетикалық  сезімінің  қалыптасуына  байланысты» 
деген  екен  Нобель  сыйлығының  лауреаты  Иосиф  Бродский  швед 
академиясында  сөйлеген  сөзінде  [4].  Сол  айтпақшы,  ата-бабаларымыздан 
қалған  ұлы  мұраны  мектеп  оқушыларының  бойына  ерте  бастан  қанықтыра, 
әрбір  оқушының  музыка  сабағындағы  эстетикалық  сезімдерін  оята  отырып, 
білім нәрін санасына құя білгеніміз олардың адамгершілік қасиеттерінің мол 
болуына, кісілігінің келбетті болуына ықпал ететіні анық. 
Қорыта  келгенде,  әрбір  оқушының  бойында  өз  халқына  деген 
сүйіспеншіліктері,  пәнге  деген  қызығушылықтары  арта  түскенде  және  пән 
мұғалімдерінің  өз  шәкірттерін  музыка  өнеріне  баулудың  қыр-сырын  терең 
меңгере  білгенде  ғана  өз  ұрпағының  эстетикалық  талғамы  мен  танымы 
нығайа түспек. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Күнпейіс  Ж.  Бастауыш  сыныптарда  этнопедагогика  материалдары  арқылы  оқушылардың 
дүниетанымын қалыптастыру. Оқу-әдістемелік көмекші құрал. Алматы: «Дарын». 2006. 
2.
 
Көкшеева  З.  Эстетикалық  қызығуды  қалыптастыру-маңызды  міндет  //Қазақстан  мектебі,  №12, 
2006. 
3.
 
Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы: «Дарын». 2004. 
4.
 
Жәлелұлы О. Ат жалындағы аңсар //Қазақ әдебиеті, №3, 21-27 қаңтар, 2011. 

166 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет