Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет22/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44

 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Алтынбеков А.
 
Ш.Құдайбердіұлының әлеуметтік-педагогикалық көзқарасының қалыптасуына...  
 
 
тәлімін,  Абайдың  тәрбиесін  алуға,  содан  өнер-білім  үйренуге  бүкіл  талапты 
жастарды  шақырып,  оның  қадірін  білуге  үндейді.  «Білімді  сол  кісіден 
ізденелік!  «Әдейі  іздеп  біз  келдік  сізге»  делік.  «Өмір  зая  болмастық  өнер 
үйрет, Ақылыңды аяма бізге» делік» деп, ұлы ақынға шәкірт болудың жөнін 
айтады.  Ш.Құдайбердіұлының  ағасына  әрі  рухани  ұстазына  деген  ізет-
құрметі  бауыры  болғандығынан  ғана  емес,  шын  дананың  қасиетін,  бағасын 
толық  ұғынғандықтан  туындаған.  Ұлы  ақын  қартайып,  қайғы  ойлаған 
шағында Шәкәрімге жер-жиһанды кезіп, Шығыс пен Батыстың өнер-біліміне 
ден қойып үйренуді аманаттайды. Бірақ содан кейін Абай қат-қабат қайғыға 
тап  болып,  сүйікті  ұлы  –  Мағауиядан  айрылады.  Одан  кейін  өзі  де  қайтыс 
болады.  Шәкәрімге,  әрине,  жанашыр  адамынан  көз  жазып  қалу  оңайға 
түспейді.  Ақыры  ол  Абайдың  аманатына  адалдық  танытуды  мақсат  етіп, 
Батыс  елдеріне  сапар  шегеді.  Ұлы  Ахат  Шәкәрімұлының  естелігінде  бұл 
туралы  кеңінен  қозғалған:  «Сүйтіп,  1905  жылдан  1906  жылға  қарсы  күзде 
жүріп  кеттім.  Абайдың  ақырғы  кеңесі  осы  сапарым  -  менің  көзім  ашылып, 
адам  қатарына  қосылуыма  үлкен  себебін  тигізді.  Сол  сапарда  неше  ұлттың 
ғалымдарымен  сөйлесіп,  пікір  алысып,  керек  кітаптарды  алдым.  Ол 
кітаптарды  посылка  етіп,  Семейдегі  Әниярдың  атына  жіберіп  отырдым. 
Стамболда  тарих  қорларын  сақтайтын  орындарда  болып,  әрі  бара  жатқанда 
13  күн  тарих  ақтардым.  Ертедегі  шығыс  ақын-жазушы  ойшыларының 
шығармаларын  түгелдей  алдым.  Гомерден  бастап,  Грек  халқының  ойшыл-
философтарының  шығармаларын,  Батыс  философтарының  шығармаларын, 
ертедегі  Түрік  ғалымдарының  жазған  шығармаларын,  елдің  лұғаттарын, 
Америка жазушыларының шығармаларын алдым. Демек, менің бұл сапарым - 
көкірек көзімді ашып, аңсаған арманыма қолым жеткен сапарым болды. Бұ да 
Абайдың  маған  берген  ақыл-кеңесінің  жемісі»  [3]  дейді  Шәкәрім.  Одан  әрі 
ақын  Меккеге  барып,  көптеген  қажеттіліктерін  табады.  Қайтар  кезде 
Стамбулдың  тарихи  орындарын  аралап,  көптеген  жайттарға  қанығады.  Бұл 
сапар ақынның әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына игі әсерін тигізді. Ол 
туралы «Хақиқат нұрдың жарығын Жарылды жүрек көргенде» деп жеткізеді 
ақын.  
Ақынның  көптеген  өлеңдеріндегі  ел  түзеуге,  халық  түзеуге  деген 
сарындар  оның  көп  жыл  сарылған  еңбегінің  нәтижесі.  «Адамнан  артық 
жәндік  жаралмаған...»  атты  өлеңі  ақынның  сыни  қайраткерлігінің  толысып, 
қоғам  тәрбиесіне  деген  көзқарасының  жетілгендігіне  айғақ  бола  алады.  Ол 
айналадағы жандардың қиянатшыл, екіжүзділік, мейірімсіз қасиеттерін көріп, 
басқалар  үшін  бұл  мінездің  қандай  зиян  тигізетінін  ойлап  қынжылады. 
Адамдық мәртебенің өзі ойшыл үшін кез келген кісіге тиесілі емес. Сонымен 
бірге  оның  «Кісіге  адамшылық  неге  керек?»  өлеңінде  адамдық  пен 
айуандықты бетпе-бет қойып, салыстырып отырып, адамдық қасиеттің орнын 
анықтап  көрсетеді.  «Кісіге  адамшылық неге керек, Адамдық  өзге  айуаннан  

174 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Алтынбеков А.
 
Ш.Құдайбердіұлының әлеуметтік-педагогикалық көзқарасының қалыптасуына...  
 
 
артық  демек.  Ит  талаған  төбеттей  қалай  дейсің,  Аямай  әлі  келгенді  жұлып 
жеген жемек», - деп оқырманға риторикалық сауал қояды, әрі қарай жауабын 
өзі  беріп,  айуанға,  жыртқышқа  тән  әдетін  сынайды.  Одан  әрі  «Мейірім 
жақсы, зұлымдық жаман дейсің, Қасқырлыққа қайтасың құр дөңгелеп, Жаны 
ашып, жәрдем қылмай өткен адам, Өсіп, өніп құлаған бір бәйтерек», - деп өзі 
өлеңінде  адамды  адам  ететін,  адалдық  пен  азаматтыққа  жеткізетін  амалды, 
түрлі  жолдарды  іздестіреді.  Адамның  түзу  жолда  жүруіне,  ар  тазалығы  мен 
жан  тазалығына  ақылдың  үнемі  көшбастаушысы  болып  отыруын  қалайды. 
«Білімділер  сөз  жазып  зарлағанда,  Ой  кезіп,  жердің  жүзін  шарлағанда, 
Алдаусыз  адам  өмірін  түзетерлік,  Әділет,  ынсап,  мейірім  бар  ма  адамда»,  - 
деп  толғанып,  өз  заманының,  қоғамын  сынап,  адам  бойындағы  жағымсыз 
мінез-құлықтарға жиіркене қарайды, басқаларды да жиіркендіреді.  
Ұлы  ақынның  бұл  өлеңдері  жақсылық,  әділдік,  азаматтық  сезім,  ар-ұят 
өзін-өзі  бағалау,  қамқорлық,  қарапайымдылық,  кішіпейілділік  сияқты 
адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастырады.  Нағыз  адамшылықтың  шарты: 
«мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек». Осы төртеуін өн бойына жиған адамға 
ғана  адам  деген  ат  лайық.  «Ынсап»  пен  «мейірім»,  әділет  тұтаса  келе, 
ұжданға  негіз  болады.  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  материалистік  танымға 
үзілді-кесілді қарсылық көрсете отырып, оның мынадай кемшіліктерін ашып 
көрсетеді: 
 1)  Материалистік  таным  жетегінде  кеткен  адам  ұждан  қасиетіне  де  қарсы 
шығады. Өйткені ұждан екі дүние үшін де қажетке жарайды, адам өлген соң, 
оның осы дүниеде атқарған істері үшін жауап береді. 2) Материалистік ілім 
бойынша адам істеген істері үшін ешкімге де жауапты емес. Барлығы да із-
түзсіз  жоғалады.  Бұған  қарама-қарсы  ұжданның  азығы  –  ақ  жүрек  пен  адал 
ниеттілік.  Осы  жолмен  іс  қылған  кезде  ғана  кез  келген  жан  о  дүниеде 
Шәкәрімнің  сөзімен  айтқанда,  мерейі  үстем  болып,  «бәйге  алады».  Ұждан 
ұғымына ақын мынадай анықтама береді:  
«Ұждан – екi өмiрге бiрдей керек таяныш. Бұған нана алмаған адамның 
жүрегiн ешбiр ғылым, өнер, ешбiр заң, жол тазарта алмайды. Егер кiмде-кiм 
жаны  өлгеннен  кейiн  де  көретiн  өмiрiнде  тiрi  болатындығына,  ұжданы  сол 
жанның азығы екенiне ақылмен сынап әбден iстесе, оның жүрегiн еш нәрсе 
қарайта  алмайды.  Адам  атаулының  бәрiн  бiр  бауырдай  етiп,  екi  өмiрде  де 
жақсылықпен  өмiр  сүргiзетiн  жалғыз  жол  –  осы  мұсылман  жолы  секiлдi. 
Кейбiр  дiншiлердi  қорлыққа  түсiретiн  шатақ  дiн  –  жалқаулық.  Әйтпесе 
адамды  жаратушы  –  нақты  бiлiмпаз.  Адам  жаны  өлгеннен  соң  да  ұжданды 
болып, еш нәрседен кемдiк көрмейдi» [4]. 
«Үш анықтағы» «ұждан» туралы көзқарас «Ұждандыны мақтайды тамам 
адам» деген өлеңінде жалғасын табады. Бұл шығармада әлеуметтік шындық 
пен азаматтық көзқарас біте қайнасқан. Адамға, қоғамға жақсылық жасаймын  
деп  жүріп,  талай  жандар өліп кетеді. Ақын  осыны  терең  ойдың  

175 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Алтынбеков А.
 
Ш.Құдайбердіұлының әлеуметтік-педагогикалық көзқарасының қалыптасуына...  
 
 
тезіне салайық деп үндеу тастайды да, ақыры олардың не үшін өлгендіктерін 
зерделейді. «Құр мақтан үшін ажал тапса, онда бұдан артық қасірет жоқ. Ел 
түзеу  үшін  құрбанмын»  десе,  өзі  одан  ешқандай  пайда  ала  алмайды.  Ал,  ең 
негізгі  мақсатпен,  «Құдайдың  разылығы  үшін  өлдім»  дейтін  ешкім  жоқ. 
Сонда өмірін қиып, не үшін тәуекел етті» деп толғана келе, ақын мұның бәрін 
терістеп  шығады.  Сайып  келгенде,  адамның  ұжданы  өлмейді.  Жаны 
жоғалмайды,  сондықтан  осы  дүниеде  ұжданның  іздегенін  тауып,  соны 
жетілдіріп  өмір  сүрген  дұрыс  деген  қағидаға  тоқтайды.  Бұл,  расында  да, 
заман шындығы. Себебі ойшыл өмір сүрген тұс – Кеңес өкіметінің енді орнап 
жатқан  тұсы  болатын.  Жаңа  өкіметті  орнату  жолында  қаншама  адам 
қырылды, өлді. Олардың барлығы да «Құдай үшін» деп өмірлерін қиған жоқ, 
«жаңа  өкімет»  үшін,  не  болмаса  «ұрпақ  бақыты»  үшін  деп  жандарын  қиды. 
Уақыттың өзі өкіметтің өткіншілігін көрсетіп берді. Шәкәрім Құдайбердіұлы 
«ар билейтін» заманның кешікпей ататынын көреген көңілмен болжап, біліп, 
өздерін құр босқа өлімге байлағандарға өкініш білдіріп отыр.  
Шәкәрім  Құдайбердиевтің  азаматтық  рухты  жоғары  көтеретін, 
эстетикалық  сезімге  баулитын  өлеңдерінің  бірі  –  «Сен  ғылымға  болсаң 
ынтық...».  Бұл  өлеңнің  идеясы  тұнып    тұрған  өсиет,  ақыл  мен  нақыл.  Ақын 
жастарға  өнер,  ғылымға  жету  жолдарын  көрсетіп,  оқуға  шақырды.  «Сен 
ғылымға  болсаң  ынтық,  бұл  сөзімді  әбден  ұқ,  Білгеніңнің  жақсысын  қыл, 
білмегенді  біле  бер.  Білген  ердің  бол  шәкірті,  білмегенді  қыл  шәкірт, 
Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер» [2] - деген жолдарында ғылым 
мен  білім,  адамдық  пен  азаматтыққа  жеткізетін  бірден-бір  құрал  екенін 
айтып, шәкірттік пен ұстаздық арасын айшықтап көрсетеді. Шәкәрімнің оқу-
білімге,  өнерге,  еңбекке,  биік  гуманизм,  адамгершілік  идеясына  көзқарасы 
үнемі  Абаймен  үндес  келіп  отырады.  «Қай  ғылымды  білсеңіз  де  қазір  оны 
елге  жай,  «Құры  ішінде  кеткенше  пайдалансын  өзгелер»,-  деп  ғылым  мен 
білімнің  көпке  ортақ  байлық  екенін  түсіндірді.  «Піскен  мен  шикі»  мысал 
өлеңі  ақынның  замандасы,  педагог-жазушы  Ыбырай  Алтынсариннің  «Бай 
баласы  мен  жарлы  баласы»  әңгімесімен  төркіндес,  тәрбиелік  мән-мағынасы 
ұқсас.  Шәкәрім  поэзиясының  биік  тұғыры  –  гуманизм,  туған  халқына  деген 
махаббат,  жан  мен  тән  тазалығы  екенін  айтып,  ұрпақ  санасына  сіңіру  – 
көкірегі ояу, сезімі сергек, зерделі жастық парызы. Шәкәрім еңбек тәрбиесіне 
ерекше  мән  бере  келіп,  өз  шығармаларында  еңбекті  адам  бойындағы 
қасиеттердің ең керектісі деп түсінеді. Еңбектің тек жеке адам өмірінде ғана 
емес, бүкіл адамзат дамуындағы тарихи маңызына көз жеткізе білді. Жалпы, 
адам  өмірін  осылайша  жас  ерекшеліктеріне  қарай  кезең-кезеңге  бөліп 
сипаттау – қазақ поэзиясында ертеден келе жатқан дәстүр.  
Жастық  қызығын  дәріптеген  ақын  адам  өмірінің  осы  екі  кезеңін 
шендестірумен  шектелмейді,  бертін  келе  ұлғайған  жастың  өзіндік  мәні  бар 
екенін насихат қылды. «Әрине, балаң білсе қадіріңді, Орындап екі айтқызбай  

176 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Алтынбеков А.
 
Ш.Құдайбердіұлының әлеуметтік-педагогикалық көзқарасының қалыптасуына...  
 
 
әміріңді.  Жасыңнан  жаның  сырлас  жарың  болса,  Қыл  өткізбей  білетін 
тамырыңды»  -  деп,  адамның  егде  тартқан  тұсында  баланың,  жардың 
қызметіне  ерекше  мән  береді,  оның  тәлімдік-тәрбиелік  тұстарына  ерекше 
көңіл бөледі.  
Қорыта 
айтқанда, 
Шәкәрім 
Құдайбердіұлының 
әлеуметтік-
педагогикалық  көзқарастарының  қалыптасуына  ықпал  еткен  жайттар 
төмендегідей:  
1.  Жас  кезінде  түйген  ойлары.  Әкесі  қайтыс  болған  кезде  алғаш  рет  өз 
халін  жәндікпен  салыстырып,  сол  арқылы  тірі  мақұлыққа  зәбір,  жапа 
көрсетпеуге ант беруі  
2. Туған үй, өскен орта. Атасы Құнанбайдың тәлім-тәрбиесі мен еңбекке 
деген құштарлығы. Сол арқылы қоғамдық санасының қалыптасуы.  
3. Немере ағасы қазақтың ұлы ақыны – Абайдың тәрбиесі, ғылым-білімге 
жетелеуі, ақыл-кеңестері.  
4.  Әр  елдерге,  мемлекеттерге  жасаған  сапарлары.  Сол  арқылы 
туындыларының, өлең-жырларының дүниеге келуі.  
Осылардың  барлығы  Шәкәрімнің  тәлім-тәрбиелік  идеяларының  бастау 
көзі ретінде танылады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Акманова Г.Р. Орта мектепте Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларын оқыту әдістемесі. 
Пед.ғыл.канд.ғыл.дәр.алу үшін дайынд.дисс.авторефераты. - Алматы, 2010. -11-12 бб.  
2.
 
Шәкәрім. Иманым. - Алматы: Арыс, 2000. 238 бет. 
3.
 
Шәкәрімұлы А. Менің әкем, халық ұлы - Шәкәрім // Жұлдыз. – 1992, №1-8.  
4.
 
Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. Алматы, 1991. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

177 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Д.БЕЙСЕЙТОВ 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
БАЛАНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МІНЕЗ АУЫТҚУЫНЫҢ 
КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
В статье рассматриваются вопросы и особенности воспитания подростков школьного возраста 
посредством движения и физических нагрузок, необходимых для полноценного развития.  
     
This  article  deals  with  the  questions  and  features  of  school  age  teenagers    education    by  means  of 
movement and the physical activities necessary for high-grade development. 
 
Жеке  адам  –  бұл  тұтас  бір  жүйе,  өзара  байланысты  психологиялық 
құбылыстардың  ажырамас  бірлігі.  Жеке  адамның  барлық  сапасының 
ажырамас  өзара  байланысы  әрбір  сапа  мазмұнының,  құрылысы  мен 
көрінісінің  басқа  сапаларға  тәуелдігін  қамтамасыз  етеді.  Мысалы,  бағалау 
мен  пайымдаудың  өткірлігі  биік  адамгершілік  принциптермен,  адалдықпен, 
жолдастарына  қамқорлық  сезімін  дамытумен  байланысты  болса,  бір 
мазмұнға иеленеді. Егер оның негізінде қоғамдық маңызды мақсатқа жетуге 
құштарлық  емес,  белгілі  ішкі  эгоцентризм,  алға  шығуға,  ұжымда  айрықша 
орын алуға тырысу жатса, онда ол басқа мазмұнға ие болады. Сонымен жеке 
адамның  кез  келген  сапалары  мен  қасиеттері  олар  қандай  адамгершілік 
қатынастар жүйесінде қалыптасуына және рухани байлыққа, таным-түсінікке 
жетуге бағытталғанына байланысты түрлі сипатқа ие болады [1]. 
 Жеке  адамның  қоршаған  ортаға  –  достарына,  өзіне,  өмірге,  қоғамдық 
істерге  қатысуға  деген  көзқарастарында  оның  дүниетанымы,  ұмтылысы, 
нанымы байқалады. Сондықтан жеке адамның адамгершілігін қалыптастыру 
– қазіргі тәрбиенің өзегі. Дамудың бастапқы кезеңдерінен бастап жарасымды 
қалыптасуға  дейінгі  жеке  адамның  қалыптасу  жолы  –  ұзақ  та  күрделі,  сан 
қырлы  процесс.  Тәрбие  психологиясы  үздіксіз  дамитын,  сапалық  жағынан 
өзгеріп отыратын құбылыспен – әр түрлі жас кезеңдерінде жеке басы мен іс-
әрекетінің  психологиялық  ерекшеліктері  және  қажеттіліктері,  мотивтері, 
қарым-қатынастары  әр  қилы  болатын  баламен  байланысты.  Әр  жас 
кезеңдерінің өзгешелігін ескеру – тәрбие процесін ұйымдастырудағы қажетті 
шарт. Алайда ескеру – тәрбие жұмысының мазмұны мен формаларын белгілі 
бір  жастағы  балалардың  психикалық  дамуының  межесіне  бағындыру  деген 
сөз емес. Баланың жеке басының нақ осы кезеңде бастапқы даму жағдайында 
тұрған, бірақ болашақ соған тиесілі сапаларын қалыптастыруды қамтамасыз 
ете  отырып,  дамыту  перспективаларын  ескеру  маңызды.  Нақ  осы  жағдайда 
жеке  адамды  жобалау  процесі  ұйымдастырылады,  мұны  құру  әлбетте,  жеке 
адамның адамгершілік сфераларын қалыптастыруға сөзсіз ықпал жасамайтын 
жеке адамның толып жатқан жеке-дара қажеттерін ескеруді де талап етеді [1].     
 

178 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Бейсейтов Д. Баланың жас ерекшелігіне байланысты мінез ауытқуының кейбір мәселелері 
 
 
Тәрбие  –  қыры  мен  сыры  мол,  неше  түрлі  тәсіл,  әдістерді  қажет  ететін 
аса  күрделі  процесс.  Оның  негізгілерінің  бірі  –  тәрбиеленушілерге  дұрыс 
талап  қоя  білу.  Адамға  дұрыс  талап  қойылмаса,  тапсырылған  іс  уақытында 
қадағаланбаса,  біртіндеп  берекесіздік  пайда  болады.  Сондықтан  балаға 
кішкентай кезінен бастап шамасы келетін талаптар қойып, міндеттер жүктеп, 
олардың  орындалуын  бақылап  отырмаса,  жас  өскінді  жауапкершілікке,  өз 
борышын  дұрыс  түсіне  білуге  машықтандыру  қиын.  Талап  қою,  міндет 
жүктеу  бала  мектепке  барғаннан  кейін  ерекше  мәнге  ие  болады.  Мұнсыз 
оқудың,  оны  миға  тоқудың  өзі  мүмкін  емес.  Мәселен,  жеті  жасар  бала 
мұғалімнің үйге берген тапсырмасын орындап тұруға біртіндеп машықтануы 
қажет,  ұстаздың  талап  тілектерін  орындау  оқушы  үшін  –  заң.  Оқушыға 
міндет алу, тәрбиешінің талабын мүлтіксіз орындап шығу үлкен жауапты әрі 
жанды жадырататын іс. Бұл жәйт шәкірттің психикасына зор салмақ салып, 
оның психологиясын біртіндеп өзгертуге себепші болады. Өйткені, мектепке 
дейінгі  тәрбиеде  шын  мәніндегі  талап  қоюшылық,  міндет  алушылық 
болмайды.  Белгілі  міндет  жүктеу,  белгілі  талап,  ережелерді  орындату  – 
мектеп  тәртібінің  бұлжымас  заңы.  Балаға  талап  қоюдың  түрлі  жолдарын 
шәкірттің жеке дара, жас, жыныс және ұлттық ерекшеліктеріне қарап әр кез 
нақтылы    жағдайға  орай  үнемі  түрлендіріп  отыру  қажет.  Мәселен  шәкіртке 
қойылатын  талаптың  қарапайым  түрі  –  оған  өз  міндеті  туралы  жайлап 
ескерту  болса,  ал  мұның  жоғары  түрі  кесімді  түрде  бұйыру.  Адамға  талап 
қоюы  –  оны  бір  нәрседен  сақтандыру,  тиым  салу  түрінде  де  қолданылады. 
Дұрыс  талап  қоя  білудің  тиімділігі,  тәрбиелік  мәні  ұстаздың 
байсалдылығына,  байыптылығына  байланысты.  Адамға  талап  қоя  білу  – 
үлкен  өнер.  Оқушыларға  жөндеп  талап  қоя  білмейтін,  қойса  да  орындауды 
аяғына  дейін  қадағаламайтын,  тіпті  оған  қалай  болса  солай  қарайтын 
мұғалімдер  де  кездеседі.  Осындай  мұғалімнің  сынып  ұжымын  ынтымаққа, 
бірауыздылыққа  тәрбиелей  алу  қиын.  Шәкіртке  дұрыс  талап  қоя  білумен 
қатар оның іс-әрекетін оқтын-оқтын қадағалап отыру да қажет. Адам өзін-өзі 
тәрбиелеуде  асқан  шыдамдылық,  қиыншылықтарға  төзімділік,  ерекше 
ұстамдылық танытып ұзақ уақыт қажымай-талмай, ерінбей-жалықпай жұмыс 
істей білуге машықтануы қажет [2]. 
Тәрбие  кез  келген  қоғамның  маңызды  функциясын  құрайды.  Қазіргі 
дамыған  қоғамда  дүниетанымы  биік,  адамгершілік  қасиеттері  мол,  терең 
идеялы,  сенімді,  қоғамдық  белсенді,  болмысқа  шығармашылық  көзқараспен 
қарайтын  адамды  жеке  адам  ретінде  тәрбиелеу  басты  мақсат  пен  міндетке 
айналып,  қарым-қатынас  құрудың  маңызды  шарты  болып  табылады.  Бұл 
міндетті  шешу  қазіргі  психологиялық-педагогикалық  білім  жүйесінде 
талданған  ғылыми  принциптерде  іске  асырылады  және  оларды  үнемі 
теориялық жағынан дамытып отыруды көздейді [3]. 
   

179 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Бейсейтов Д. Баланың жас ерекшелігіне байланысты мінез ауытқуының кейбір мәселелері 
 
 
Жеке  адамның  моральдық-еріктік  өрісін,  адамгершілік  санасын, 
адамгершілік  түсініктерін,  ұғымын,  принциптерін,  сезімдерін,  қылығының 
адамгершілік  негіздерін,  адамгершілік  сезімдерін  басқа  адамдарға,  қоғамға 
деген  қарым-қатынасын    білдіретін    мінез-құлық  тәсілдері  мен  әдеттерін 
қалыптастырудағы  психологиялық  механизмдерді  аша  отырып,  тәрбие 
психологиясы  даму  үстіндегі  жеке  адамды  белсенді  «жобалауды»,  қазіргі 
балалық  шақтың  түрлі  кезеңдеріндегі  тәрбиелеу  процесін  ұйымдастырудың 
принциптерінің, шарттары мен ерекшелігінің жалпы заңдарын талдады. 
Тәрбие  психологиясы  оқушылардың  тәрбие  ықпалы  жағдайындағы 
психикалық іс-әрекеттері заңдылықтарын шәкірттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің 
психологиялық негізін аша отырып, осы механизмдердің жеке адам қасиетін 
қалыптастырудағы  ықпалын  зерттейді.  Тәрбие  психологиясы  кейбір 
психологиялық  өзгешеліктердің  тежелуі  және  қайта  құрылуларын,  жаңадан 
пайда  болуын  және  даму  процестерін  қарастырады.  Міне  сондықтан  да  ол 
баланың жаңа психологиялық мүмкіндіктерін жасауға бағытталуы тиіс.  
Психологиялық білімнің негізгі саласы ретінде тәрбие психологиясының 
басты ұйымдастыру кезеңі – жеке адамды онтегезде белсенді мақсатты түрде 
қалптастыру  мүмкіндіктері  туралы  қағида.  Бұл  қазіргі  психология 
ғылымының  қоғамдық  рөлі  мен  өскелең  адамның  жеке  басын 
қалыптастырудағы генотиптік, яғни жеке қалыптасуындағы әлеуметтік, жеке 
биологиялық  арақатынас  проблемаларының  орнын  бағалау  көзқарасымен 
анықталады.  Жеке  адамның  қалыптасу  шарттары  жөніндегі  биологиялық 
және  әлеуметтік  арақатынасы  туралы  мәселе  –  жеке  адамды  түсінудегі 
шешуші мәселе. 
Баланың  психикасының  даму  заңдылықтарын  іс-әрекеттің  жетекші 
типінің  өзіндік ерекшелігін,  олардың  мектеп  оқушылары  іс-әрекетінің  басқа 
түрлері  мен  қарым-қатынасының  өзара  байланысын  есепке  алу  тәрбие 
процесін  анағұрлым  оңтайлы  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.  Жоғары 
интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктері бар, белсенді, өзіндік іс-
әрекеті  бар  жеке  адамды  қалыптастырудағы  талап  педагог-тәрбиешілердің 
алдына  оқу-тәрбие  жұмысының  мазмұнын,  әдістерін  және  оны 
ұйымдастыруды психологиядан алынған мәліметтер негізінде құру мақсатын 
қояды.  Іс-әрекеттің  жетекші  типін  арнайы  ұйымдастыру  баланың  жеке 
басына  мақсатты  ықпал  жасап,  осы  істің  процесінде  онда  талғам  мен 
мотивтің  қажетті  иерархиясын  қалыптастыруға  бағытталған  негізгі  жағдай 
ретінде  көрінеді.  Бір  жас  кезеңінен  келесі  неғұрлым  ересек  кезеңге  көшкен 
кезде  балалардың  ересек  адамдармен  қарым-қатынасының  жағдайы  мен 
жүйесі  өзгеріп  отыруы  керек.  Өзінің  ажырамас  бірлігін  сақтай  отырып, 
мектеп  ұйымдастыру  формалары  мен  оқыту  әдістеріне,  оқушылардың 
құқықтары  мен  міндеттерінің  сипатына,  мұғалімдер  мен  балалардың 
арасындағы қарым-қатынастарға 
қарай жіктеліп, буындарға айқын бөлінуі
  

180 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Бейсейтов Д. Баланың жас ерекшелігіне байланысты мінез ауытқуының кейбір мәселелері 
 
 
тиіс. Барлық буындарда оқыту мен тәрбиелеу мазмұны біртұтас болған кезде 
әрбір  буын  оқушылардың  интеллектуалдық  және  әлеуметтік  ересектенуінің 
сатысын  айқын  көрсетуге  тиіс:  тәрбие  және  оқу  жұмысының  негізгі 
элементтерінде,  өз  бетімен  ұйымдастыру  формаларында,  өзін-өзі  басқару  
сипатында  және  балалардың  жалпы  мектептің  істерін  жоспарлауға 
қатысуында, тіпті киім киісінде айқын көріну тиіс [4]. 
Ұйымдасқан  тәрбие  процесінің  нәтижесінде  өсіп  келе  жатқан  адамда 
кейінгі  белсенді  өндірістік  және  азаматтық  қызмет  үшін  қажетті  және  оның 
дүниетанымы  мен  адамгершілігінің  психологиялық  негізі  болып  табылатын 
қажетті  түрлі  сапалар  пайда  болып,  тұрақтайды.  Бұл  сапалар  тиісті 
қажеттіліктер  мен  қабілеттіліктерден,  ең  алдымен  өз  еңбегін  дұрыс 
ұйымдастырып, 
қажеттілігінше 
жетілдіре 
отырып, 
еңбекке 
деген 
қажеттіліктер  мен  қабілеттіліктерден  көрініп  отырады.  Мұндай  дамыған 
нормалар  мен  мұраттардың    негізінде  ұжымдағы  қатынасты  құру,  өмірлік 
проблемаларды  ақылдылықпен,  істі  бірлікпен  шешудегі  қажеттілік  және 
қабілеттілік болады. Қажеттілік жоғарыда айтылғандай, іс-әрекетте ғана іске 
асады,  сондықтан  да  тәрбие  жүйесін    мақсатты  түрде  құру  жеке  адамдарды 
қалыптастыруда  неғұрлым  ықпал  жасайтын  іс-әрекеттің  жетекші  типін 
ұйымдастыруды талап етеді.  
Тәрбие  тәсілдерінің  психологиялық  мәні,  алдымен,  тәрбиешінің  алға 
қойған  міндеттерін  орындауға  жұмыла  отырып,  баланың  тек  ықпал  жасау 
объектісі  ғана  емес,  субъектісі  де  екенін,  көп  салалы  қарым-қатынастардың 
белсенді қатысушысы екенін түсінуінен туындап жатуы тиіс. Бұл, біріншіден, 
түрлі жастағы балалар дамуындағы психологиялық ерекшеліктерді, олардың 
жеке  сапаларын,  екіншіден,  бала  енген  ұжым  ерекшеліктерін,  ұжымдық 
қызметтің  сипаты  мен  мазмұнын,  үшіншіден,  тәрбие  процесінің  нақтылы 
шарттарын  ескеруді  талап  етеді.  Түрлі  жастағы  мектеп  оқушыларының 
психологиялық ерекшеліктерін ескеру педагогтар мен оқушылардың біртұтас 
ұжымын  құруға,  тәрбие  процесін  мақсатты  бағытта  ұйымдастырудағы 
тәрбиеші мен  шәкірттердің қарсылықтарын жоюға мүмкіндік береді. Екінші 
сыныптағы  балаларға  да,  алтыншы  сыныптағы  жеткіншектерге  де, 
тоғызыншы сыныптағы жасөспірімдерге де бір типте қарайтын ересектердің 
бұрыс  немесе  олақ  қойылған  талаптарының  салдарынан  мектеп 
оқушыларының  бірқатарының  тілазарлығы,    мойындамауы,  дегенінен 
қайтпауы, қасарыспалығы туады. Балалардың психологиялық ерекшеліктерін 
ескерудің  нәтижесі  олардың  тәрбие  ықпалына  іштей  қарсыласуы  болып 
табылады.  Ол  педагогтардың  оқушы  шынайы  мотивтерді  түсінбеуі  кезінде 
оның мінез-құлқының тек сыртқы  формаларына ғана мән беруі салдарынан 
пайда  болады.  Бұл  құбылысты  көптеген  психологтар  «мәнді  тосқауыл»  деп 
атайды,  ол  мектеп  оқушысы  ересектердің  талаптарын  қабылдамаған  кезде 
туады, себебі, бұл 
 
талаптар  сөзсіз әділетті  болғанның өзінде  де, ол үшін
  

181 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет