Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет27/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44

 
 
айтќанымен,  мәнін  түсінбеді.  Ќұн  төлеу  кезінде  айыптыныњ  мүлкі  жетпей, 
туыстарынан,  руластарынан  алынып,  олар  ешќандай  ќарсылыќ  білдірмеуі 
тањ  ќалдырѓан.  М.Монтескьеніњ  «У  народа  с  хорошими  нравами  законы 
отличаются  простотой»  [8.108]  деген  сөзі  бар  екен.  Оныњ  мәні  өте 
ќарапайым, әр ру өз мүшесі-руласы үшін жауапты. Өз тентегін өздері басып 
алуѓа тиіс болѓан.  
Сол  үйлесімдіктіњ  ќабылданѓан  нормалары  мен  ережелері  дәстүрге 
айналып, көп замандар бойы айнымас зањѓа айналып та кетеді. 
Бір-бірінен  мыњдаѓан  шаќырым  алыс  жатќан  тікелей  туыстыќ-рулыќ  
жаќындыќтары да жоќ халыќтар арасында, Орта Азия, Сібір, Монѓолия, Араб 
көшпелі  халыќтары  өмірі  мен  мәдениетініњ  басты  белгілері  ұќсас  болып 
келеді.  Бұл  паралелль  ерте  көшплілер  арасындаѓы  мәдени  байланыстармен 
бірге,  көшпелі  малшылардыњ  өмір  сүру  жаѓдайыныњ  ұќсастыѓымен 
түсіндіріледі.  Cалыстыру  материалдары  көшпелі  халыќтардыњ  тұрмысы, 
қоғамдық  қатынасы  мен  көзќарастары  арадаѓы  ќашыќтыќ  пен  алшаќтыќќа 
ќарамастан  бір-біріне  жаќын,  біртипті  екендігін  көрсетті.  Ол  ењ  алдыменен 
шаруашылыќ  мәдени  типологиясыныњ  бірлігіне,  ертедегі  Еуразия 
халыќтарына  тән  діни  көзќарастардыњ  саќталуы,  оларды  көшпелі 
халыќтардыњ иемденуіне байланысты. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Плетникова С.А. От кочевии к городам. - М., 1967.  
2.
 
Турсынов  Е.  Единство  эстетического  опыта  кочевых  и  некочевых  народов//  Кочевники. 
Эстетика. - А., 1993.  
3.
 
Акатаев  Сабет-Казы  Н.  Мировоззренческий  синкретизм  казахов.  /Докторская  диссертация/ 
ДФН. - А., 1995.  
4.
 
Традиционная мировоззрение у народов Передней Азии. /сб.статей/ М.,1992.  
5.
 
Мұќанов С. Ќазаќ ќауымы. - А., 1995. 
6.
 
Штаин Лотор. В черных шатарах бедуинов. /пер с немец./. - М.,1981.  
7.
 
Традиционная  мировозрение  у  народов  Передней  Азии//Жехак  Л.,  Грюнберг  А.Л.  Некоторые 
черты традиционного мировоззрения пуштунов. -М., 1992. 
8.
 
Мариковский П.И. Мудрость жизни. – А., 1992.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

212 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
С.Т.ШЫЛМАНБЕТОВ  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты  
 
ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫ ЖҮРГІЗУДЕ М.ӘУЕЗОВ  
ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ 
 
В  статье  речь  идет  о  необходимости  произведений  М.Ауезова    в  проведении  национальной 
идеологии. 
 
The author of the article emphasizes the necessity of M.Auezov’s works in propounding the national 
ideology. 
 
Ұлттық  идеология  қоғамдық  сананың  жоғары  сатысы  болғандықтан, 
төменгі  сатысы  қоғамдық  психологияның  кеңестік  кезеңінде  көптеген  бұра 
тартуларға  ұшырағандықтан,  біздің  ұлттық  менталитетімізге  де  біршама 
сызаттар түскен деп айтуға толықтай негіз бар. 
Біздің  айтпағымыз,  тозығы  жеткен  мәселенің  тозаңын  шығару  емес, 
қайта  кейбір  керемет  тұстарын  қолданысқа  енгізу.  Олай  ету  үшін  әрине 
мұзарт  шыңның  басында  тұрған  Мұхтар  Омарханұлы  Әуезовтің 
шығармаларына  тағы  да  бір  көз  жүгіртіп  өтсек  әбестік  болмас.  Сонау 
кеңестік кезеңнен бастау алған, Қазан төңкерісінен кейін М.Әуезов баспасөз 
беттерінде пәлсапа, педагогика, методика ғылымдары мен халық ағарту ісінің 
толып  жатқан  мәселелерін  көтергені  белгілі.  Мәселен,  «Абай»  журналының 
1918  жылғы  санында  жарық  көрген  «Ғылым»  атты  мақаласында:  «Адам 
баласының  жаман  құлқы  жаратылысынан  емес,  өскен  орта,  алған  үлгі 
тәрбиесінен, сондықтан баланы жастан болатын тәрбие мәселесіне көп көңіл 
бөлген» 

1.14

.  
М.Әуезов  айтады:  «Адамшылыққа  жүргізу  үшін  көп  ой  керек,  ой  болу 
үшін оқу керек» 

1.6-9

. Әрине оның ар жағында тоқу керек дегенді айтпаса 
да түсінікті ғой. 
Біз  неге  Әуезов  шығармаларын  алға  тартамыз  немесе  оның  танытқан 
тұлғаларының да орны бөлек екенін барша жұрт біледі емес пе? Сонда біздің 
ұлттық  идеологиямызға  Әуезов  шығармаларын  ендіріп,  болмаса  бағдарлама 
жасамақшымысыңдар деген сұрақ заңды түрде қылаң береді. 
Оған  біздің  жауабымыз  да  дайын,  1,5  миллиард  халықты  бір  тудың 
астында  әлдилеп  отырған  бес  мың  жылдық  тарихы  бар  көне  қытай  елінің 
культі Конфуций сияқты ғұламасы екені ақиқат қой, бұған ешкім таласпайды 
да,  тек  мойындайды.  Жоғарыда  келтірілген  М.Әуезовтің  «Адамшылыққа 
жүргізу  үшін  көп  ой  керек,  ойлау  үшін  оқу  керек»  деген  сөздері, 
Конфуцийдің  «Ойлаусыз  оқу  бекер  іс  –  оқымай  ойлау  бос  әрекет»-деген 
сөзімен керемет үндестік танытып жатқан жоқ па?  
Мен осы мақалада М.Әуезовтің шығармалары керемет екендігі жөнінде 
айтпаймын, өйткені оны барлығы біледі емес пе? Тіпті Әуезов
 шығармаларынан 
бейхабар адамның өзі «қандай жазушыны білесің?» дегенде, М.Әуезовті деуі 
заңдылық
, себебі  Абайды  білген қазақ,  Әуезовті ешқашан ұмытпақ емес,
  

213 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Шылманбетов С.Т.
 
Ұлттық идеологияны жүргізуде М.Әуезов шығармаларының қажеттілігі 
 
 
керісінше  уақыт  өткен  сайын  қажеттілік  артып,  ұлықтау  мәселесі  өзінен-өзі 
даму диалектикасы бойынша күн тәртібіне қойылып келе жатыр. Сондықтан 
біз  ұсынған  жобаларға  арқау  ретінде  Әуезовтің  шығармаларының  ішіндегі 
тақырыпқа тұздық болатындарына шолу жасасақ. 
 М.Әуезов  Қазақстандағы  жалпы  педагогика  теориясы  мен  тарихының 
салаларында  арнаулы  зерттеу  еңбек  жазбағанымен,  оқу  және  оқыту 
әдістемесіне айрықша мән берген ғалым ұстаз екені белгілі. 
 М.Әуезов  өзінің  «Қазақ  әдебиетінің  тарихы»  атты  еңбегінде  ұлттық 
психологияның  жекелеген  мәселелерін  қазақтың  ауыз  әдебиеті  үлгілері 
нұсқасынан  іздестіріп,  ғылыми  тұрғыда  сөз  етеді.  Ұлттық  әдебиеттің  шығу 
тарихын  тереңінен  қарастырып,  ауыз  әдебиетінің  үлгілерін  талдауға 
арналған.  М.Әуезовтің  бұл  тұңғыш  оқулығы  1925  жылы  Ленинградта  оқып 
жүргенде  жазылып,  1927  жылы  Қызылорда  қаласында  “Ел  әдебиеті”  деген 
атпен басылып шықты 

2.1-3

. Оқулық ауыз әдебиетін жанр түрлеріне қарай 
талдауға арналған жеті бөлімнен тұрады.  
 Сол жеті бөлімге қысқаша сілтеме жасап кетсек, дұрыс болар. 
1) Бірінші бөлім “Сыншылдық салт өлеңдері” деп аталады. Осы бөлімнің 
“Ел салтындағы шер өлеңдері” деген бөлімшесінде қазақтың тұрмыстық-салт 
дәстүрлеріне  байланысты  шыққан  жоқтау,  естірту,  қоштасу,  көңіл  айту,  т.б. 
өлең түрлерінің мазмұны мен тәлімдік мәнін терең талдауға көңіл бөлген. 
2)  “Дінге  байланысты  өлеңдер”  деген  бөлімшесінде  наурыз, 
бақсылардың  сарыны,  жарапазан  өлеңдерінің  түрлері  мен  шығу  тарихына 
тоқталған.  Діни  өлең-жырлардың  шығу  тарихын  халықтың  мәдени, 
экономикалық және әлеуметтік өсу дәрежесімен байланыстыра қарастырған. 
3)  Ал  «Қыз  ұзату»  үстіндегі  салт  өлеңдері»  деп  аталатын  үшінші 
бөлімшеде  қалың  малға  сатылған  қазақ  қыздарының  ел-жұрт,  ағайын-
туғанымен  қоштасып,  сыңсуы;  “Жар-жар”  айтысында  жаңа  түскен  жас 
келінге  қайын  жұртын  таныстыру,  жұбату  мақсаты  көзделетіні;  “Беташар” 
жырында жат жұртқа келін болып келген жас әйелге жаңа жерде өзін қалай 
ұстауы,  жүріс-тұрысы,  мінез-құлқы,  іс-әрекеті  сөз  болатыны,  онда  көбінесе 
ақыл-нақыл,  өсиет-өнеге  айтылатыны  педагогикалық  тұрғыда  талданып 
баяндалған. 
4) Үшінші бөлім қазақтың батырлар жыры: Едіге, Қобыланды, Алпамыс, 
Ер  Тарғын,  Ер  Сайын,  Шора  Батыр,  Қамбар  Батыр  жырларының  мазмұны, 
шығу  тарихы,  ондағы  көзделетін  мақсат-мүддесі,  Отан  қорғау,  патриоттық 
сарындар жан-жақты қарастырылған. 
5)  “Ел  поэмалары”  деп  аталатын  бөлімде  “Қозы  Көрпеш  -  Баян  сұлу”, 
“Қыз Жібек”, жырларының мазмұны,  көтерген  әлеуметтік  мәселелері: әйел 
теңдігі, жастардың сүйгеніне қосылуды мақсат  етуі,  феодалдық  салт-
 дәстүрдің 
екі жақтың қосылуына бөгет болуы, осы жолда Төлеген мен Қозының өлімге 
ұшырауы айтылады. 

214 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Шылманбетов С.Т.
 
Ұлттық идеологияны жүргізуде М.Әуезов шығармаларының қажеттілігі 
 
 
6) “Тарихи өлеңдер” деп айтылатын төртінші бөлімде тарихи оқиғаларға 
байланысты  туған  “Кенесары  Наурызбай”,  “Исатай-Махамбет”,  “Бекет 
батыр”  жырларының  мазмұны  мен  мәні,  шығу  тарихына  талдау  жасалған 

2.6-12


Осы  еңбектерге  қарап  отырып-ақ,  Әуезовтің  қазақтың  түп-тамырына 
терең бойлағанын аңғару қиын емес шығар, осы еңбектермен таныс болсаңыз 
қазақтың  барлық  салт-дәстүр,  бет-бейнесін  көруге  болады  десек  артық 
айтқандық емес, қайта оңды баға берген болар едік. 
Әуезовтің  тіпті  өзін  ойшыл,  ғалым-педагог  ретінде  танытқан  іргелі 
жұмысының  бірі  –  бастауыш  мектеп  бағдарламасына  сәйкес  жазылып, 
отызыншы  жылдарда  Қызылордада жарық  көрген  «Жеткіншек»  атты  ересек 
жастар  мектебіне  арналған  оқу  құралы.  “Жеткіншек  ”  -  “Жалпы  бөлімнен”, 
“Қазақстан” және “ Кеңес одағы ” деп аталатын тараулардан тұрады. “Жалпы 
бөлімде”  Кеңес  үкіметі  әкелген  жаңалықтарды  қазақ  шындығына  негіздей 
отырып, жеңіл тілмен, шағын көлемде баяндайды 

3.3-9

.       
Кітаптың  “Қазақстан”  атты  тарауларында  елдегі  жер  бедері,  ауа  райы, 
әкімшілік-территориялық 
орналасуы, 
халық 
шаруашылығы, 
жол 
қатынастары,  ауыл  мен  қала  арасындағы  байланыстар  туралы  нақтылы 
деректер  беріледі.  Қысқаша  айтқанда,  М.Әуезов  үздік  шығармалардың 
авторы  ғана  емес,  сонымен  қатар  ұлттық  тәрбиенің  қалыптасу  жолдарын 
ұсынған үлкен педагог деп айтсақ қателеспейтініміз ақиқат. 
 М.Әуезовтің  ұстаздық  қызметтері  туралы  сөз  қозғағанда,  оның  ұзақ 
жылдар  бойы  Қазақ  мемлекеттік  университетінде  қазақ  әдебиеті  тарихынан 
лекция  оқып,  қаншама  әдебиетшілер  мен  журналистерді  дайындауға  қосқан 
үлесін  айтпай  кете  алмаймыз.  Сонымен  қатар  академик  М.Әуезовтің  ұзақ 
жылдар  бойы  Қазақстан  Ұлттық  ғылым  академиясының  Әдебиет  және  өнер 
институтының  фольклор  бөлімін  басқара  отырып,  қазақ  халқының  бай 
қазынасы  –  ауыз  әдебиеті  тарихының  бірінші  томының  бас  редакторы және 
дайындаушысы  болуын,  қырғыздың  эпосы  “Манас”  туралы  зерттеу  еңбегін 
жазуын,  Абайдың  ақындық  қызметі  жайындағы  монографиясын,  т.б.  оның 
қазақ мәдениетін терең зерттеп, әлем ғалымдары алдында көрсетуге сіңірген 
ұшан-теңіз мол еңбегінің бір ұшығы ғана деп қарауға болады. 
Менің айтар ұсынысымның да кезегі келіп жеткен секілді. М.Әуезовтің 
шығармаларына  жасаған  саяхатымыздан  оның  қазақ  ұлтының  тамырынан 
ажырамас  бүр  жарған  бір  бұтағының  жайқалған  жапырағы  екеніне  тағы  да 
бір көз жеткіздік. 
Философиялық  тұжырым  жасар  болсақ,  қазақ  болмысының  ішіндегі  ең 
қажетті  қоспасы  десек те жарасар, қаншама дәуір өтіп, қоғам формациялары 
алмасқан  алмағайып  заманда  керемет  туынды  өкілдері  талай-талай 
жұртшылыққа жарық сәуле түсірер еңбектер жазғаны тарихтан белгілі. 
 Менің ұсынар ұсынысым мынадай: 

215 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Шылманбетов С.Т.
 
Ұлттық идеологияны жүргізуде М.Әуезов шығармаларының қажеттілігі 
 
 
Бүгінгі  таңда  жастардың  жаһандану  отарбасының  даусынан  көбінің 
санасы  сейіліп,  көздері  көне  тарихқа  жетпек  түгілі  кешегі  мен  бүгінгіні 
шатастыратын халге жеттік дегенді жиі айтамыз. Неге?  
Өйткені  біздер  жабық  қоғамнан  ашық  қоғамға  өткен  елміз.  Сондықтан, 
әрине,  шатасушылық  болады,  бірақ  жаһандану  үрдісі  жүріп  жатқанда  қарап 
отыру деген, бұл ашық күнде адасумен бірдей нәрсе. Тәрбие мәселесі үздіксіз 
болу керек, болмаса ғылым да, ілім де болмақ емес. 
 Мен  айтар  едім,  ҚР  жалпы  білім  беретін  орта  мектептерге  бастауыш 
сыныпты  бітірген  соң, жоғары  сыныпқа  көшер  кезең  жеткенде  М.Әуезовтің 
«Абай  жолы»  романы  жөнінде  емтихан  алу  керек,  сонда  біздің  ұлттық 
идеологиямыздың  тамырын  ешқандай  сыртқы,  не  болмаса  ішкі  радикалды 
күштер  құрта  алмайды  деп  білем.  Мысалы,  А.Ясауи  атындағы 
университетінде  «Ясауитану»  пәні  жүреді,  басқа  да  Қазақстанның  өзге 
өңірлерінде  атына  сай  сондай  ереже  бар,  керемет  құптарлық  нәрсе  болмаса 
енгізбес еді ғой. 
Бірақ сіз ол басқа жағдай, біз зайырлы мемлекетпіз, ата заңға қайшы ғой 
дейтін сұрақ туындауына қалай қарайсың дегенге менің жауабым да дайын. 
Біздің  ата  заңда  осы  елдің  құндылығын  бағаламау  деген  бап  жоқ.  «Бұл 
бір  жағы,  ал  өзге  тілде  оқитын  мектептер  ше?»-деген  сұраққа  да  жауап 
дайын, «Абай жолы» әлемнің отыздан астам тілдеріне аударылған, сондықтан 
мәселе болмайды ешқандай. Тағы да бір мәселе, жас жеткіншектерге ауырлау 
тимей  ме?–деген  мағынада.  Оған  да  жауабымыз  дайын,  бастауыш 
сыныптарда  бір  емес,  бірнеше  тілді  меңгеріп  жатқан  жеткіншектерімізге 
қиын тиеді деп айтудың өзі ұлтқа жаны ашымағандық деп білемін. Сонымен 
қатар мен түгел «Абай жолы» эпопеясын толық түсініп талдап беру керек деп 
тұрған  жоқпын,  менің  айтпағым,  жас  буынның  кітапқа  деген  құлшынысын 
ояту осылай басталу керек! Өйткені бастауыш сыныптарда солай сіңірмесек 
жаһандану  отарбасының  түтініне  тұншығып  кететінін  уақыт  өзі  көрсетіп 
отыр емес пе? Сондықтан қарапайым тест түрінде болсын, болмаса ауызша, 
жазбаша  болсын  жеңіл  түрде  оқушыға  тиімді  етіп  құрастыру  керек.  Бұдан 
біздің ұлттың ұтары көп деп білем. 
Екінші  ұсынысым,  ҚР  Жазушылар  одағына  даңқты  жазушымыз 
М.Әуезовтің  есімін  беру.  Мен  ойлаймын,  Әуезов  бұл  атаққа  нағыз  лайық 
тұлға! 
Сөз  туындауы  мүмкін,  Әуезовтің  есімін  берумен,  елдің бәрі  кітап  оқып 
кетпейді ғой деген сияқты, бірақ  заман  заңғар  тұлғалары арқылы идеология 
жүргізетіні  белгілі  ғой,  жоғарыда  келтірген  қытай  ойшылы  Конфуцийді 
тыңдаған  ел жаман  болып
  
отырған жоқ қой, сондықтан асылды ардақтап
 
алашқа  ұлттық  мүддені  көздейтін  мақсаттар  қойып  жатсақ  несі  айып, 
керісінше  талай-талай  жалынды, қаламы  үшкір,  ойы  ұшқыр жазушылар
  
 
 

216 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Шылманбетов С.Т.
 
Ұлттық идеологияны жүргізуде М.Әуезов шығармаларының қажеттілігі 
 
 
Мұхтар  бастаған  жазушылықтың  Мұзарт  шыңына  қарай  бет  алады  деп  мен 
сенемін. 
Сөз  соңында  заманның  заңғар  жазушысы  болған  Ш.Айтматовтың 
«Правда»  газетіне:  «Орыс  мәдениетінің  дамуына  Пушкин  қандай  әсер  етсе, 
осы  күнгі  Ортаазиялық  көркем  ойдың  және  біздің  барлық  көрші  отырған 
халықтарымыздың  рухани  өмірінің  қалыптасуына  М.Әуезов  сондай  әсер 
етті» - деген ойы жарияланған екен дәуірінде 

4

.       
Біздің  елде  талай-талай  тарландар  туып-өскенін  баршамыз  білеміз,  сол 
заңғарлардың 
шыңында 
М.Әуезовтің 
тұратыны 
ақиқат. 
Ұлттық 
идеологиямыз осы тұлғалар арқылы ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Әуезов М. Ғылым // «Абай журналы» 1918.  
2.
 
Әуезов М.  Ел әдебиеті. Қызылорда,  1927.  
3.
 
Әуезов М. Жеткіншек.  Қызылорда, 1930.  
4.
 
«Правда» газеті. 
www.azattyg.org
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

217 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
М.Б.БАЙБОЛОВ  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты  
  
МҰХТАР ШАХАНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ  
ҰЛТТЫҚ НЕГІЗДЕР 
 
В  статье  рассматриваются  вопросы  проявления  высокой  любви  в  поэзии  М.Шаханова, 
ставшего  любимым  поэтом  молодежи,  благодаря  вдохновенным  стихам,  воспевающих  нежные 
чувства  между  людьми,  а  так  же  философская  мысль  и  взгляды  этого  смелого  и  решительного 
литератора на господство религии в общественном сознании ХХ века.  
 
This  article  deals  with  matters  of  high  love  display  in  M.Shahanov's  poetry  who  has  become  the 
favourite  poet  of  youth  thanks  to  inspired  verses,  singing  of  tender  feelings  between  people,  and  with 
philosophical  thought  and  views  of  this  courageous  and  resolute  writer  at  religion  domination  in  public 
consciousness of the XX-th century. 
 
«Адамның,  әсіресе,  өнер  адамының  қиял  қуатының  бай  немесе  жұтаң 
болуы  оның  бала  кезінде  алған  әсеріне  байланысты»,  -  деп  қорытынды 
жасаған  француз  жазушысы  Оноре  де  Бальзак.  Бұған  қосымша  ретінде 
аталарымыздың  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілесің»  деген  қарапайым 
қағидасын тілге тиек етсек те жеткілікті. 
Бүгінгі  таңда  философиялық  қуатты  ойлары  әлемдік  деңгейде  назар 
аудартып  отырған  Қазақстанның  Халық  жазушысы,  арқалы  ақын  Мұхтар 
Шаханов  шығармашылығындағы  ұлттық  негіздерді  зерттеу  нысаны  етіп 
алған  біз,  ақынның  жастық  шағына,  оның  балғын  кезеңде  алған  тәлім-
тәрбиесіне, сусындаған бастауына соқпай кете алмаймыз.  
Кез  келген  даңқты  тұлғаның  өмір  жолы  мен  өсу  баспалдақтарын,  атақ-
абыройға кенелу мен шығармашылық табыстың шыңына жету бағытындағы 
қажырлы  еңбегін  зерделегенде  оның  бақытты  балалық  шағына  тоқталмауға 
лажсызбыз. 
Осы  тұрғыда  ойымыз  түсініктірек  болуы  үшін  аты  аңызға  айналған 
батыр  Бауыржан  Момышұлының  «Ұшқан  ұя»  повесінен  үзінді  келтірсек: 
«Кейде  менің  өнеге  алған,  тәлім  үйренген,  дәріс  оқыған  ұстаздарымды  еске 
түсіріп  отырып  ойға  бататыным  бар.  Сондай  шырын  шақтарда  ең  алдымен 
ата-аналарымның  бейнесі  елестейді.  Солардың  уағызы  басымырақ  бола 
береді... 
Өйткені  есейе  келе  көрген  көп  ұстаздарым  талай-талай  тағылымға  бой 
ұрғызғанымен,  солардың  бір  де  бірі  нақ  өзімнің  әжемдей,  әке-шешем  мен 
ауылдың  қадірлі  ақсақалдарындай  өсиет  айдынына  жүздіре  алған  жоқ, 
молынан  құлаш  сермете  алған  жоқ  десем  ардақты  ұстаздарымның  көңіліне 
келмес...» [1.20]. 
Азаматтығы  мен  ақындығы  қатар  өріліп  келе  жатқан  М.Шахановтың 
тұлғасы, 
қайраткерлік, 
қаламгерлік 
қырларының 
базбір 
тұстары 
Б.Момышұлының  тұлғасымен  үйлесетіні  айқын  аңғарылады.  Әрі  десе, 
екеуінің  де  тәрбиесінің  бастаулары  да  ұқсас,  әкелері  дін  жолын  ұстанған 
тақуа адамдар. 

218 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Байболов М.Б. Мұхтар Шаханов шығармашылығындағы ұлттық негіздер 
 
 
Ақынның  өзі  естеліктерінде  жазып,  сұхбаттарында  айтып  жүргендей, 
әкесінен  тоғыз  жасында  жетім  қалса  да  сол  жасына  дейінгі  кезеңнің  өзінде 
бала  Мұхтардың  көкейіне  ұялаған  әке  тәлімі  аса  зор  ауқымда  да,  олар  осы 
кезеңге дейін шығармашылығына темірқазық болып келеді.  
Сонымен қатар, ОҚО Төле би ауданы, Қасқасу ауылында тұратын, қазір 
жасы  сексеннің  сегізіне  келіп  отырған  М.Шахановтың  туған  әпкесі  Ізет 
әжеміздің ақын інісінің сәби кезеңінен бергі өмірінің кейбір көпке беймәлім 
тұстарынан айтары мол. Ол кісінің айтуынша, әкелері Шахан Досболұлы дін 
жолын берік ұстанған, үлкен молда болған. 
Өткен  ғасыр  басында  дін  иелерінің  елге  иелік  ету  мен  тәрбие  тізгінін 
ұстауда басымдылығы мықты болған. Сөзіміз дәйекті болу үшін, 1917 жылы 
құрылған  Алашорда  үкіметінің  оқу  комиссары  болып  Ахмет  Байтұрсынұлы 
тағайындалғанда  ол  елді  сауаттандыру  ісіне  молдаларды  да  пайдаланған 
деген деректі келтіре аламыз. Мұнда сауатты адамдардың аздығы ғана емес, 
дін өкілдерінің қоғамдағы орны көрінеді.  
Абай атамыз «Әуелі аят, хадис сөздің басы» десе, Ыбырай Алтынсарин 
жастарды  білімге  «Бір  Алланың  атымен,  кел,  балалар,  оқылық!»  деп 
шақырады. 
Алаштанушы-ғалым  А.Ісімақованың  пікіріне  сүйенсек,  ұлт  ұстазы 
А.Байтұрсынұлы  әрбір  мақаласы  мен кітабын  «бисмиллахи  рахмани  рахим» 
деп  бастап  отырыпты.  Бұдан  алар  тағылым,  Кеңестік  идеология  қанша 
жерден  қыспаққа  алғанымен  діннің  санадағы  қуаты  күшті  болғанын 
аңғарамыз.  
Осындайлық  мазмұнды  ортаның,  таза  қоғами  сананың  құндылықтарын 
тұла бойына сіңірген діндар әке ұлына үлгілі өнеге көрсетіп, толымды тәлім-
тәрбие  берген.  Бұл  үлгі  ақынның  ғұмырына  азық,  шығармаларына  арқау 
болып келеді.  
Жаңа  заман  ілімін  де  жақсы  меңгерген  Шахан  атамыз,  тың  туынды  – 
М.Әуезовтің  «Абайын»  оқығаннан  кейін  дүние  есігін  ашқан  ұлына  Мұхтар 
деп  есім  береді.  Бұл  туралы  бізге  ақынның  «Мені  неге  Мұхтар  қойған?» 
аталатын жырынан мәлім.  
Ескіше сауатты, шариғат жолын ақиқат деп ұғынған һәм тұтынған әкесі 
өзі  білетін  қисса-дастандар  мен  туған  жері  Отырардың  қатпарлы  тарихын, 
моңғол  шапқыншылығы  кезінде  қамалды  қаһармандықпен  қорғаған  батыр 
бабалар  ерлігін  жалғыз  ұлын  тізесіне  отырғызып  алып,  санасына  сіңіре 
берген.  
Кейінгі кезеңде аса ауқымды дауға айналған «Шыңғыс хан ізгі адам ба, 
әлде зұлым ба?» деген мәселеде М.Шахановтың ұстанымы айқын болды және 
осы күнге дейін сол ұстанымда келе жатыр. Яғни жарты әлемді ат тұяғымен 
дүбірлеткен  қағанның  өркениетімізді  ғасырларға  шегерген 
қиратқыш    күш  
иесі  екенін   айтудан   жалыққан   емес.  Соңғы  кезеңдегі
  

219 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет