Ғылыми педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет28/31
Дата15.03.2017
өлшемі2,31 Mb.
#9341
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Әдебиет
1.
 
Амонашвили Ш.А. В школу с шести лет. М., 2007 
2.
 
ВенгерЛ.А. Восприятие и обучение (дошкольный возраст) 2005 
3.
 
Новоселова С.Л. Игра дошкольника. – М. Просвещение. – 2003 
4.
 
Игра – это серьезно. / Дошкольное воспитание – 2003 
5.
 
Развивающие игры. / Обруч – 2003 
6.
 
Швайко  Г.С.  Игры  и  игровые  упражнения  для  развития  речи:  Книга  для  воспитателя 
детского сада / М.: Просвещение, 2007 
7.
 
Сайт бетінен Тукенова А.А. «Балабақшада қазақ тілін оқыту» мақаласы 
 
 
 
УДК 372 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ 
 
Тогтархан А. 
(МКҚК «Балдырған» балалар бөбек бақшасы, Ақжар ауданы,СҚО) 
 
 
 
Қазіргі  кезде  толғандыратын  өзекті  мәселелердің  ең  негізгісі-еліміздің 
болашағы. Еліміздің өркен жайып кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың 
білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі. 

Тогтархан А.
 
244 
Сондықтан  балабақша  –  баланы  тұлға  етіп  қалыптастырудың  алғашқы 
баспалдағы.  Мектепке  дейінгі  білімде  қандай  мәселелер  бар?.  Өкінішке  орай 
мектепке дейінгі мекемеде қандайда бір қиын жүйе әртүрлі мәселелер жиынтығы 
болып  табылады.  Оларды  жою  үшін,  терең  реформациялау  қажет.  Бұл  жүйе 
кезеңінде  және  өз  уақытында  өткізілуі  керек.  Сонымен  қатар  бала  үшін 
балабақшаға  баруы  әлеуметтік  фактор  болып  табылады  және  мектепке  дейінгі 
білім көп баланың мүмкіндігін қамтиды. 
Оған  2010  жылы  шыққан  мемлекеттік  «Балапан»  бағдарламасы  куә 
болады.2015 жылға дейін мектепке дейінгі жастағы балалардың мектепке дейінгі 
тәрбиемен және оқытумен 70%-ын қамтамасыз ету; 2015 жылға дейін 5-6 жастағы 
балаларды  білім  беру  ұйымдарында  мектеп  алды  даярлықпен  толық  қамтуды 
қамтамасыз  ету;  республикадағы  демографиялық  жағыдайды  және  халықтың 
білім  алуға  деген  қажжеттілігін  ескеріп,  мектепке  дейінгі  ұйымдарға  деген 
тапшылық проблемасын шешу үшін қаржы- экономикалық жағыдай жасалуда. 
Айта кетсем,  мектеп жасына дейінгі балада физикалық және психологиялық 
даму сапасы анықталып барлық жеке тұлғаның ерекшеліктері қалыптасады. Осы 
жаста  баланың  даму  қасиеттерінің  ерекшеліктерін  ескермесе,  оның  келешегін 
сәтсіздікке  ұшыратады.  Сол  себепті  баланың  қарым-  қатынасына  назар 
аударайық, қарым-қатынас үлкен мәселе. Қарым-қатынас жасауға тыңдап, тыңдай 
білуді, өз жас шамаларымен және ересектермен қарым-қатынас жасауды, өз ойын 
білдіруді, айтқанды түсіндіруді жатқызу керек. Бірақ толыққанды қатынас жасау 
комуникативті  қасиеттерсіз  мүмкін  емес.  Оны  жасауға  балалық  шақтан  сюжетті 
рөлді  ойынның  жүйесін  дамыту  қажет.  Сюжетті  рөлді  ойындардың  барлық 
жетістіктеріне  қарамастан  тәрбиешілердің  көбі  осы  іс-әрекетке  керекті  уақыт 
бөлмейді.  Көбінде  тәрбиешілер  сюжетті  рөлді  ойындарды  балалардың 
сұранысымен  өткізеді.  Сол  себепті  балалардың  тілінің  дамуы,  қимыл- 
қозғалысының дамуы, ойлау қабілеті, жан-жақты дамуына кері әсерін тигізеді. 
Отбасы  тақырыбын  қарастыру  қажет:  Адамның  өмір  сүру  тарихында 
жаратылған  ұлы  құндылықтың  бірі-ол  отбасы.  Отбасынсыз-ешқандай  ұлт, 
ешқандай  мәдени  қауым  өмір  сүре  алмайды.  Әрбір  адам  сенімді  отбасын  қажет 
етеді.  Оның  жағымды  дамуына  мемлекет  және  қоғам  қызығушылық  білдіреді. 
Отбасылардың көбі экономикалық түрде, ал кей кезде физикалық түрде тірі қалу 
мәселесін шешу барысында, көп ата-аналар баланың тәрбиесі және жеке тұлғалық 
дамуының сұрақтарын шешу туралы ұмытады. 
Құпия емес, көп ата-ана баланың тамақтануына ғана көңіл аударады. 
Бірінші  жолдама-  балабақшаны-  ата-аналар  жұмыста  болғанда  балаларды 
қарайтын орын деп ойлайды. Осы мәселеде, біз педагогтар ата-аналармен жиі-жиі 
қарым-қатынас  жасаймыз.  Осының  нәтижесінде  балабақшаның,  педагогтардың, 
психологтардың  негізгі  мақсаты  ата-аналармен  салмақты  қарым-қатынасының 
қағидасы болып табылады. Педагогикалық білімді насихаттау үшін ата-аналармен 
жұмыс жасаудың жаңа үлгісін дайындау керек деп ойлаймын. 
Отбасы және балабақша өздерінің ерекшелік функциялары болсада  бір-бірін 
алмастырмайды.  Сондықтан  ата-аналар  және  балабақша  арасында  серіктестік 
орнатылған, тығыз қарым-қатынас ойдағыдай тәрбие береді. 
«Әлеуметтік»-  біздің  тәрбиеленушілерімізді  қоғамдық  өмірге  өз  қалауымен 
енгізу.  Біздің  мекеме  бірнеше  бағытта  өзінің  тәрбиеленушілерінің  әлеуметтік 
даму мақсатында әлеуметтік серіктестік арқылы жұмыс жасайды. 
Олардың  біріншісі-  бұл  амал,  олардың  мүмкіндігінше  біздің  балалар  жақсы 
таныстық  мақсатында  әлеуметтік  серіктестікті үнемі жақын байланыста (мектеп, 

Мектепке дейінгі білімнің өзекті мәселесі 
245 
кітапхана,мәдениет  үйі,  қомқорлық  кеңес,  басшылық,  кәсіпкерлер)  ұзақ  уақыт 
тағайындайды. 
Екінші жолдама-біздің балабақшаның ата-аналарымен қарым-қатынасы, олар 
тек  қана  әлеуметтік  тапсырыс  берушілер  емес,  сонымен  қатар  әлеуметтік 
серіктестер болып саналады. 
Балабақшаның  дамуына  және  қаржыландыру  бойынша  өзекті  мәселелерін 
шешуге  қызығушылық  білдірген  ата-аналармен,  әр  түрлі  мекемелердің 
өкілдерінің  қатысуы,  балабақшаның  тіршілік  әрекетін  сапалы  ұйымдастыруды 
бақылау үшін, меңгеру моделін  ашық болып жасайды.  
Бірінші  түрі:  Баклабақшамен  отбасының  өзара  әрекет  жасауында  бар 
мәселелерді екі жақты үрдісте қарастырамыз. 
Бірінші  жағы-  ол  балабақша-отбасына.  Ата-аналардың  педагогикалық 
мәдениетін  жоғарлату  арқылы  балаға  отбасының  оңтайлы  ықпал  етуіне 
бағытталған үрдісі оларға көмек көрсету. 
Бұл  үрдісті  жүзеге  асыру  үшін,  балабақшада  келесі  жұмыс  түрлері 
ұйымдастырылады: ата-аналар жиналысы, ата-аналар мектебі, кеңестер т.б. 
Екінші жағы- ол отбасы- балабақшаға , ата-аналарды балабақшадағы тәрбие, 
білім  үрдісіне  қосу.  Ол  үйірме  жұмысының,  ұжымдық  іс  шараларды 
оңалту,мысалы: серуендер, мерекелер, ойын-сауықтар, саяхаттар бала тәрбиесінің 
оңтайлы болуы үшін, екінші қоғамның денсаулығы үшін. 
Қортындылай  келгенде  баланың  жан-жақты  дамуымен  жақсы  жағыдай 
жасауға  қамтамасыз  ететін  мүмкіндігі  бар,  балалардың  құқығы,  осындай  ата-
аналарға бар екендігі туралы айтылып отыр.      
Бұл  байланыстың  мәнін  мына  формуламен  шығаруға  болады:  «Балабақша- 
отбасына» 
Екінші  түрі:  ересек  адамдардың  балабақшаның  білім-тәрбиелік  үрдісіне 
қосылуы, ол жаңа үрдіс болып табылмайды..  
XX ғасырдың басында бұл ойды -  мектетке дейінгі тәрбиенің негізін салушы 
Маргерт Макмилан ұсынды. 
Бұл  байланыстың  мәні-  «Отбасы-  балабақшаға».  Бұл  екі  байланыс  түрі  де 
өтемді. 
Үшінші  байланыс  түрі-  үйлестік.  Ата-аналармен    тәрбиешілер  серіктес  
болған  кезде,  балаларды  тәрбиелеуде  өздерінің  спецификалық  мүмкіндіктерін 
бірлесе іске асыру кезеңі туындайды. 
Бірінші  кезеңде-ата-аналармен  жұмыстың  мазұмыны  және  түрлері 
ойластырылады. 
Олардың керек- жарақтарын білу мақсатымен сауалнама өткізіледі. 
Ол келешек жұмысты жоспарлау үшін қажет.  
Екінші  кезең-ата-аналармен  тәрбиешілер  арасында  қарым  –  қатынас 
келешекте қызыметтестік іскерлікке алып келеді. 
Ата-аналарды  өткізілетін  іс-шаралармен  қызықтыру  керек,  олар  баланың 
жайлы бейнесін қалыптастыру керек. 
Үшінші кезең-ата-ана өз баласының толық бейнесін қалыптастыру және білім 
беру  арқылы  дұрыс  қабылдау,  отбасында  ала  алмайтын  қызықты  және  күтпеген 
жағыдайда  болу.  Ол  баланың  өз  құрдастарымен  сөйлескендегі  кейбір 
ерекшеліктер  туралы  ақпарат  болуы  мүмкін,  еңбекке  көз  қарасы,  өнімді  әрекет 
түрлеріндегі жетістіктері. 
 

Тогтархан А. 
246 
Төртінші кезең-тәрбиешінің балалар мәселесімен танысуы. 
Бұл  кезеңде  тәрбиешілер  ата-аналармен  сөйлесіп,  үйіне  барған  уақытта  тек 
қана  жақсы  жағыдайлар  туралы  айттпай,  қйыншылықтар,  үрейлер-  баланың 
тәртібінің кемшіліктерін ескертеді. 
Балабақшаның  алдында  тұрған  негізгі  міндеттердің  бірі-  баланың  сапалы 
дамуын қамтамасыз етуде отбасымен қарым-қатынаста болу. 
Мектепке  дейінгі  балалардың  тәрбиесі  отбасында  және  балалар 
мекемелерінде іске асады. 
Балабақша  мен  отбасының  алдында  тұрған  мақсаттармен,  міндеттер  біреу: 
дені сау,жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. 
Қазіргі  күнде  барлық  мамандар  ата-аналардың  балабақша  жұмысына 
қатысқанын  жөн  көріп  отыр,бірақ  ата-аналармен  тәрбиешілердің  қарым-
қатынасында анық келіспеушілік бар. 
Осы қарым-қатынастың дамуына жеке және кәсіптік  факторлар кедергі бола 
алады:  уақыттың  жетіспеуі,  қалыптаспаған  сезімі,  ұлы  стереотиптары  ,реніш 
сезімі- бұның бәрі отбасыларға өз балаларының тәрбиесінде белсенді қатысушы 
болуға  кедергі  жасайтын,  жеке  және  кәсіптік  кате  түсініктердің  қалыптасуына 
әкеледі.  Сондықтан  тәрбиешілер  баланың  игілігіне  әр  жеке  отбасымен  қалай 
қарым-қатынаста болуға өз ынталарын білдіріп және түсінуі керек. 
Ата-аналардың    жақсы  жақтарының  сапасын  және  күшті  жақтарын  есептесе 
жұмыстағы табысты анықтайды. Қарым-қатынастың дамуы  бойынша сенімділік 
күшейеді  және  және  баланың  тәрбиесі  үшін  керекті  мүмкіндіктерді  және 
құралдарды пайдалана ата-аналар анықталған өкілетке ие болады. 
Қарым-қатынас формалары: 
1.ұжымдық 
2.жеке 
3.көрнекі –ақпараттық 
Ұжымдық-ата-аналар жиналысы,ашық есік күндері,тренинг мінезді сабақтар, 
мастер  класстар,  семинар-практикумдар,  рөлді  ойындар,  дөңгелек  үстелдер, 
конференциялар,  конкурстар,  отбасылық  педагогикалык  жобалар,  сауалнамалар, 
тестілер т.б. 
Көрнекі  ақпараттық-  балалар  жұмыстарының  көрмесі,  ата-аналар  үшін 
кітапхана,  қысқаша  ақпарат  бұрышы,  фото  бұрыш,  ауызша  журнал,  қозғалмалы 
папкалар және т.б. 
Жеке  кеңестер,  «Почта  жәшігі»  -  ол  балалардың  дамуы  мәселелері  туралы 
сұрақтар,  сенім  телефоны,  педагогикалық  жағыдайлардың  нәтижесі,  әңгімелесу, 
кеңес беру, отбасыларға үйіне бару, ата-аналарға тапсырмалар т.б. 
Ата-аналармен  жеке-жеке  қатынасқан  тәрбиеші,  бір-бірін  сыйластыққа 
негізделген,  қарым-  қатынасты  құруға,  отбасыларға  көмек  берудің  жолдарын 
белгілеуге, ата-аналарға нақты кеңес беруге мүмкіндік береді. 
Педагогикалық насихаттаудың іскерлік формасы ол арнайы дайындалған ата-
аналардың  балабақшаға  қатысуы  болып  табылады.Ашық  есік  күндері-бұл 
балабақшадағы  балалардың  өмірі  туралы  қызығушылықты  қанағаттандыру  ғана 
емес, бұл ең бастысы ата-аналарды тәрбие- білім беру жұмысының шарттарымен, 
мазмұнымен,  әдіс-тәсілдерімен  таныстыру  тәсілі,  сонымен  қатар  баланың  өмірі 
мен  тәрбиесіндегі  балабақшаның  рөлі  туралы  ата-аналардың  сыртқы  пікірін 
тыңдап, талдау. 

Мектепке дейінгі білімнің өзекті мәселесі 
247 
Педагогикалық  үрдісінің  ұйымдастырылуы,  тәрбиеші  жұмысының 
тәсілдерімен,  оның  балалармен  қатынасу  үлгісімен  танысу  ата-аналарды  көп 
нәрсеге  үйретеді.  Педагогтың  алдында  ата-аналарды  бәсекелесуге  тарту 
педагогикалық үрдісте белсенді қатыстыру тапсырмасы тұр, сондықтан мақсатты 
түрде келесі ережелерді ұстану керек: 

 
Өз  өмірлік  тәжірибеңізге  және  біліміңізге  негізделе,  тек  қана  құқығыңыз 
бар нәрсе туралы ата-аналармен сөйлесу. 

 
Егер ата-анамен парасатты әңгімелесу жоспарласаңыз, оны не дала да, не 
жүріп  келе  жатқан  да  не  таңертең,  не  балалардың  шешіну  бөлмесінде 
айтпаңыз.Ата-ананы  топқа  кіруге  шақырып,  үстелге  жайғастырып  отырғызып, 
әңгімені бастасаңыз дұрыс болады. 
Содан кейін ата-ана амалсыз сізді тыңдауға тура келеді. 
Оған ыңғайлы жағыдайда сіздің сөзіңізді бөле алмайды. 

 
Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен сөйлесе бастағанда , осындай сөзден 
бастамаңыз  «кешіріңіз  сізбен  сөйлесуге  болады  ма?»,  «маған  бес  минут  бөлесіз 
бе?», «Білмеймін солай шығар, менікі мүлдем дұрыс емес,сөйтсе де..» Ал осындай 
сөздерді;  «сіз  түсінбейсіз  бе?»,  «сіздікі  дұрыс  емес»,  «Сіз  тиістісіз»  ,...,  ата-
аналармен сөйлескенде тіпті қолданбаңыз. 

 
Әр  баланың  жетістіктерін,  тіпті  балалардың  өздерін  салыстырмау  керек. 
Егер салыстыратын болсаңыз, тек қана жас шамасының нормасымен, эталонымен 
салыстыруға болады. 
Әр  ата-ана  ең  біріншіден  өз  баласының  жетістіктері  мен  даму    мәселелері 
туралы білгісі келеді, егер ол әңгімелесу барысында басында 10-15 минут ішінде 
өз баласы туралы ештеңе нақты және нанарлық естімеген болса, ол әңгімелесуді 
аяқтауға тырысады. 

 
Қатал  түрде  іс  жүзінде  сөйлесуді,  нақты  фактілерді  көрсетуге,  мәселені 
көрсету  ғана  емес,  сонымен  мәселені  шешу  үшін  бірнеше  жолдарын  көрсетуге 
үйреніңіз. 
Содан  кейін  ғана  ата-ана    сізді  сыншы  ретінде  емес,  көмекші  ретінде 
қабылдайды.Бейнелі түрде айтсақ, ата-ана педагогқа дәрігерге барғандай болады: 
қандай мәселемен кіргені маңызды емес, мәселенің шешіліп шыққаны маңызды. 
Отбасы мен балабақша -  екі тәрбие беретін феномен, олардың әр қайсысы өз 
бетінше  балаға  әлеуметтік  тәжірибе  береді,  бірақ  тек  қана  бір-бірімен 
үйлестірілгенде  олар  кішкентай  адамның  үлкен  әлемге  кіру  үшін  үйлесімді 
жағыдай жасайды. 
Бірте-  бірте  ата-аналардың  түсінбеушілігі,  сенбеушілігі  кетеді.  Ата-аналар 
және  балабақшаның  қарым-қатынасы  сирек  тез  көрініп  жатады.Ол  таңдалған 
мақсатқа  жеткізуге  шыдамдылықты  талап  ететін  ұзақ  үрдіс,ұзақ  және  еңбекқор 
жұмыс. 
Сонымен  жоғарыда  айтылғанның  нәтижесін шығаратын  болсақ  білім  беруде 
өзекті мәселелер бар және олар айқын көрінеді. Әрі қарай қолайсыз социогенезге 
апаруы мүмкін қарым-қатынассыз. 
Бірінші – тәрбиеші және ересектер өздері балалармен жұмыс жасауды құрады. 
Мектепке  дейін  бала  барлық  ақпаратты  өзіне  сіңіреді,  жаңаны  білу  үшін  үнемі 
белсенді  болады  және  жаңа  ақпаратқа  қызығушылығы  артады.  Ата  –  аналар 
баланың  мектепке  бару  уақытын    бір  немесе  бір-екі  жылға  жылжытып,    осы 
кезеңді  пайдаланып  қалу  қалауы  туындайды.  Кейбір  ата  –  аналар  балаларын 
балабақшада көбірек болсын деп, мектепке жібергісі келмейді, кейбір ата – аналар 

Тогтархан А. 
248 
баланың дене және психикалық дамуына қарамастан ерте береді. Мектепке ерте 
бергенде бала оқуға деген қызығушылығын жоғалтады. Сол себепті бала бірінші 
сыныптын бағдарламасын екі рет оқуға тура келеді.  
Осыдан  мынандай  қорынтынды  шығаруға  болады.  Жоғарыда  айтылғанның 
нәтижесі  ерте  білім  беру  мақсатының  баяулауы  болып  табылады.  Өз  артынан 
жағымсыз әсерлер  әкеледі. Мысалы: балалар оқуға қызығушылығын жоғалтады, 
білім  жүйесінде  мектепке  дейінгі  ұйым  мен  бастауыш  мектеп  арасында  мәселе 
туындайды. Баланың білімі білім берудің нәтижесін анықтамайды, бала өзі іздену 
арқылы білімді тауып, қолдануы  маңызды. 
Екінші  –  білім  беру  баланың  өзінің    және  баланың  отбасының  немесе  оның 
заңды  өкілдерінің    мүдделерінен  құрылады.  Білім  берудің  дамыту  түрі  жеке  – 
көзделген  мақсатта  бағытталған.  Ол  жеке  және  жас  шамалас  ерекшелігін 
қарастырып әр баланың қызығушылығына бағытталады. 
Бірақ кейбір тәрбиешілер білімді дамытудың шектеуін көре алмайды. Кейбір 
мәселелерге  байланысты  әр-бір  баланың  білімді  дамыту  мақсаты  іске 
асырылмайды.  Мұндай  білім  баланы  дамытуға    әсерін  береді.    Сол  себепті  әр 
тәрбиеші өзіне мақсат қоя білу керек.  
Бұл  -білім  мен  шеберлігін  дамыту  көмегімен  қамтамасыз  етеді.  Егер  бала 
білімді және белсенді болса, даму процесі жүзеге асырылды деп айтуға болады. 
Сонымен    айтылғанның  барлығына  қортынды  жасай  келе  білім  беру 
жүйесінде  өзекті мәселе бар. Қарым-қатынассыз баланың коммуникативті жеке 
жақтарын дамыту мүмкін емес 
Ата-ана  мен  балабақша  арасында  қарым-қатынас  болмаса  баланың  толық 
дамуы  болмайды.Ата-аналарға  үнемі  мектепке  дейінгі  жасында  балалардың 
қасында  болып,  көмектесіп  отыруға  әсерін  тигізу  керек.  Ал  білім  берудің  бір-
неше жолдарына келсек олар бір-біріне өте қарама-қайшы болса да жиі кездеседі 
Тәрбиешінің  нені  бірінші  жоспарға,  нені  екінші  жоспарға  қолданатына 
байланысты, өте әсерлі білім беру болып бағытталған жеке стильде туындайды, 
бірақ барлығы тәрбиешінің қойған мақсаттарына байланысты. Қазіргі заманға сай 
білім беру мәселелері шешіле ме? әлде шешілмейді ме? Ол біздерге байланысты. 
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағыдайындағы білім берудің 
ұлттық  моделіне  өту  оқыту  мен  тәрбиелеудің  соңғы  әдіс-тәсілдерін,  жаңа 
иновациялық 
педагогикалық 
технологияны 
игерген, 
психологиялық- 
педагогикалық  диогностиканы  қабылдай  алатын,  педагогикалық  жұмыста 
қалыптасқан  бұрынғы  ескі  сүрлеуден  тез  арада  арылуға  қабілетті  және  нақты 
тәжірибелік  іс-әрекет  үстінде  өзіндік  даңғыл  жол  салуға  икемді,  шығармашыл 
педагог, зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді. 
 
 
 
Әдебиет: 
1.
 
«Балапан» бағдарламасы. 
2.
 
Мемлекеттік стандарт. 
3.
 
Бағдарламалар: Балабақшадағы ата-аналармен жұмыс.  
4.
 
Мектепке  дейінгі  білім.  Терминдер  сөздігі  құрастырған  Виноградова  Н.А  т.б.  Айрис 
пресс, 2005.  
5.
 
Отбасының  «Сапалы  уақыты»  -  мектепке  дейінгі  тәрбие:айлық    ғылыми-әдістемелік 
журнал № 5, 2009. 
 
 

Бейнелеу өнерінің ересек топ  балаларының ауызша сөйлеу 
тілдерінің дамуына әсері 
249 
 
УДК 372 
 
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ЕРЕСЕК ТОП  БАЛАЛАРЫНЫҢ АУЫЗША 
СӨЙЛЕУ ТІЛДЕРІНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ 
 
Токкожина Т.А., Ибраева К.И. 
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 
 
 
 
Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  заңына  сәйкес  «Әр  баланың  жеке 
қабілетіне  қарай  иннеллектуалдық  дамуын,  жеке  тұлғаның  дарындылығын, 
талантын,  қабілетін  дамыту»  сияқты  өзекті  мәселе  енгізіліп  отырғаны  белгілі. 
Қазіргі  басты  міндеттердің  бірі  –  жеке  тұлғаны  қазіргі  өмірге  тез  бейімделіп 
кетуіне  көмектесетін  біліммен,  икемділікпен  қамтамасыз  ету,  өз  ана  тілінде 
дұрыс,  таза  сөйлеуге  машықтандыру.  Сондықтан  әр  шәкіртін  өз  ана  тілін 
сыйлауға, құрметтеуге, мақтан тұтуға, таза сөйлеуге үйрету, ойына өзгеріс енгізіп, 
сапасына сілкініс туғызу, біздерге, яғни ұстаздар қауымына байланысты 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 
мақсаты:  «Балаларды  мектепке  дейінгі  сапалы  тәрбиемен  және  оқытумен  толық 
қамтуды,  оларды  мектепке  даярлау  үшін  мектепке  дейінгі  тәрбиелеудің  және 
оқытудың  әртүрлі  бағдарламаларына  тең  қол  жеткізуді  қамтамасыз  ету»,  -  деп 
нақты көрсетілген [1]. 
Ересек  мектеп  алды  жастағы  балаға  сурет  салу,  ермек  сазбен  жұмыс, 
аппликация  және  құрастыру  оның  жан  –  жақты  дамуына  және  тәрбиесіне  үлесі 
зор. Баланың ақыл – ойының жетуіне бейнелеу өнері ерекше әсер етеді, өйткені ол 
өмірді танудағы бейнелі құрал болып табылады. Сонымен қатар баланың ақыл – 
ойының жетуі сөйлеудің дамуымен тығыз байланысты. 
Бейнелеу  өнерінің  сабақтарында  балаларды  жаңа  сөздермен,  сөздерді 
мағынасынан түсінуге үйрету оларды айыру және сөздерді қолдануға, заттардың 
сыртқы бейнесін сипаттау сөздерімен таныстыруға болады. 
Сөздің  атауы  түсінікке  айналу  үшін  көптеген  шартты  байланыстарды  жасау 
қажет, сонымен қатар іс қимылмен ұштастырылған байланыстарды да. Бейнелеу 
өнердің  барлық  түрлері  осыған  көмектеседі.  Ауысып  отыратын  көрнекі 
материалдар,  зат  атауын  түсіндіретін,  нышаның  әрекеті,  бала  үлкен  адамның 
қысқа  сөзіне  құлақ  асып,  әрі  қарай  күрделенген  сөз  тіркесіне,  жаңа  сөздерді, 
олардың  лексикалық,  фонетикалық  және  грамматикалық  түсініктерін 
айқындайды.  Сөз  –  балаға  бейнелеу  өнерінің  қыр  –  сырын  меңгеруге  оның 
үдерісінің негізгі ойын түсінуге мүмкіндік береді [2].   
Іс  әрекет  барысында  бала  тілді  тезірек  саналы  түрде  меңгеруге  бастайды, 
өйткені тіл шынымен практикалық бағыт алады, іс әрекетті орындау үшін үлкен 
рөл  атқарады.  Іс  әрекетін  түрлілігі  тіл  дамуының  оң  жағдайды  проблемалық 
жағдай  арқылы  тудыруға  болады,  өйткені  ол  сөйлеу  белсендігін  туғызады. 
Проблемалық жағдай тілдің коммуникативтік бағытын қалыптастырады. 
Бейнелеу  өнерінің  өзінің  көрнекілігімен  танымға,  тәрбиені  түзелуіне  үлкен 
әсер етеді. Балалар тілдік материалды, нақты нысанаға сүйене отырып жеңілірек 
қабылдайды. 

Токкожина Т.А., Ибраева К.И. 
250 
Сабақта  қолданылатын  материал  жұмыстың  әр  түрлі  кезеңдерінде  және  әр 
түрлі  тілдік  мақсаттарда  қолданылады  топтағы  балалардың  тілдерінің  дамуына 
тәуелді  болады.  Үлкен  адамның  айтқан  сөз  тіркестері,  сөздері  әр  түрлі  сөйлеу 
комбинацияларында қолданылған кезде, сөзді қозғалмалы етеді. 
Оның  құрылымдық  түрі  нақтыланады.  Сөз  –  алдымен  баланың  пассивтік 
содаң – соң белсенді сөздігіне енеді. Осы мақсатпен сабақтарда күнделікті көрнекі 
материалдардың  барлық  түрін  қолдану  қажет:  көрсетіліп  жатқан  іс  әрекеттерді, 
құрылғыларды  сөйлеп  таныстырып  оның  түр  сипаты  мен  қолданылатын 
жағдайларды  таныстыру.  Балалар  материалдың  атауын  жақсылап  ұғыну  үшін, 
жыл бойы тәрбиеші мен логопедтің өздері орындай алатын тапсырмаларды сабақ 
барысында  және  одан  кейін  қолданған  жөн.  Балалар  бұл  материалмен  ойнап 
жатқан  сияқты.  Үстел  үстіне  оны  қойып  немесе  жинап,  әр  түрлі  әрекеттерде 
қолдану. 
Алдында айтылғандай балаға сөздің атауының мағынасына түсіну үшін олар 
затпен  іс  әрекетке  түсу  қажет,  балалар  сөзбен  затты  немесе  іс  әрекетті  көзбен 
көріп  қана  түсіну  қиындыққа  түседі.  Ал  балаға  затты  беріп  оны  іс  әрекетке 
түсіруге  мүмкіндік  берсе,  және  олардың  іс  әрекеті  мен  белгілерін  түсіндірсе, 
сондай  жағдайда  балаға  жаңа  сөздерді  тезірек  үйреніп  әрі  жадында  жақсы 
сақтайды. 
Нақты  іс  әрекет  тілдің  дамуына  ыңғайлы  жағдай  жасауы  негізінен  бала 
заттармен  іс  әрекетке  түсуі.  Осы  фактордың  үлкен  әсерін  Кольцова  М.М.  атап 
өткен. Оның зерттеулерінде балалар сөздің атауын затпен іс әрекетке түссе екі есе 
тез үйреніп алғанын көрсеткен [3]. 
Нақты  іс  әрекет  барысында  сөз  бен  қимыл  белгілерімен  тығыз  байланысқа 
түсуіне мүмкіндік беріледі. 
Сөзбен  заттың  арасындағы  байланысты  орнату,  сөзбен  іс  әрекеттің 
байланысын орнатқан ғана жеңілірек: заттың өзін, ойыншықты, муляжды немесе 
суретті қолдануға болады. Ал сурет арқылы заттың іс қимылын немесе жағдайын 
түсіндіру  қиынға  түседі.  Сурет  салу  барысында  ол  табиғи  түрде  өтеді,  өйткені 
бала қимылды өзі орындайды. 
Логопед  өзінің  жұмысында  сөз  алды  қосымшасы  бар  етістіктерді  қолданып 
отырса бала оны ертерек жадында сақтайды мысалға: қағаз қиып жатты, бұрышты 
қиып жатыр, дөңгелекті қиып жатыр және т.б.   
Бала  бақшаларда  бейнелеу  өнерінің  сабақтарында  ойын  мен  балалардың 
әңгімесі  тығыз  байланыста  болады.  Балалар  суретте  сала  алмаған  кезеңдерін, 
сөзбен  айтып  толықтырады.  Бұл  фактілер  Н.П.Сакулина,  В.С.Мухинаның 
зерттеулерінде көрсетілген. 
Балалар салынған суретке қозғалыс береді (машина келе жатыр), затты салу 
арқылы  белгілі  бір  сюжет  пайда  болады,  заттарды  тірілтіп  олардың  аттарынан 
сөйлейді, дыбыстарын келтіріп диалог құрады. 
Балаларды  топтарда  сурет  салу  кезінде  сөйлеуді  қабылдауға  арнайы 
топтарында үйрету қажет, содаң – соң сөйлеу мен іс әрекетті ұштастыруға баулу 
керек.  Сөзбен  белгілеу  балаларға  заттардың  белгілерін  ажыратуға  көмектеседі 
(Ленточка қызыл, ұзын, әдемі). Сөз сурет салу барысында саналы түрде түсінуге 
көмектеседі. Сөз сурет салу барысында саналы түрде түсінуге көмектеседі. Ересек 
мектеп  алды  жастағы  бала  әлі  өздігімен  салынып  жатқан  затты  жан  –жақты 
бақылай  алмайды.  Сондықтан  үлкен  адам  балаларға  заттың  түрін,  пішінің  түсін 
(доп үлкен, дөңгелек, қызыл) көрсету керек. Сонымен, үлкен адамның басқаруы 
тек сурет салуды үйретуге ғана емес, оның қиялын дамытуға арналу керек. 

Бейнелеу өнерінің ересек топ  балаларының ауызша сөйлеу 
тілдерінің дамуына әсері 
251 
 
Балаларда өзінің түпкі ойы жоқ, олар әлі тақырыпты таңдай алмайды. Сабақ 
барысында  олардың    зейіндерін  суреттің  айқындығына  көбірек  назар  аудару 
қажет.  Бейнелеу  өнердің  тапсырмасы  балаларға  бейнелік  ситуацияға  кіретіндей 
мүмкіндік беру керек, бұл жағдайда тәрбиешімен (логопедпен) орындаған суретті, 
ермек сазбен жұмысты, аппликацияны эмоционалды қабылдайды. Сонымен қатар 
бейнелік  салыстыруларды,  тақпақтарды  қолдану  керек,  олар  заттың  белгілерін 
қалыптастыруға,  бейнені  қабылдауға  дамытуға  мәнерлі  құралдармен  тілді 
байытады [4]. 
Бейнелеу  өнері  түзелу  –  тәрбиелеу  міндеттерін  шешуге  мүмкіндік  береді: 
өздігінен  және  аяғына  дейін  жұмысты  бітіру,  шыдамдылықты,  табандылықты, 
ұқыптылық сияқты жақсы қасиеттерді дамытады. Сондықтан бала жұмысты қалай 
орындаса да, оның нәтижесіне оң көзбен қарау керек. 
Сонымен  айтылған  іс  әрекеттің  барлық  оң  жақтары  мектеп  алды  жастағы 
баланың тілдерінің дамуына және қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. 
Психологтардың  айтуы  бойынша  баланың  ақылының  дамуына  -  әр  түрлі  іс 
әрекеттерді орындау , сурет салу, аппликация және құрастыру үдерісіндегі сапа, 
дағды, икемділік үлкен рөл атқарады. 
Бейнелеу өнері сенсорлық тәрбиемен тығыз байланыста. Зат туралы түсінікті 
қалыптастыру  үшін  оның  қасиеттері  мен  белгілерінің,  түрінің,  түсінін, 
үлкендігінің,  кеңістікте орнын алуы туралы ақпаратты талап етеді. Балалар бұл 
қасиеттерді 
анықтап, 
заттарды 
салыстырады, 
ұқсастықтары 
мен 
айырмашылықтарын айырып ойландырады. 
Бейнелеу өнері сенсорлық тәрбиемен көрнекі – бейнелі ойлауынын дамуына 
мүмкіндік береді. Баланың бейнелеу өнері қоғамға бағытталған. Бала сурет салып, 
ермек  сазбен  жұмыс  жасап,  құрастырумен  айналысуды  тек  өзіне  ғана  емес 
қоршаған  адамдарына  да  арнайды.  Оның  салған  суреті  бір  нәрсені 
айтып,бейнелеген заттарын танығанын қалайды. 
Сондықтан айтылып жатқан іс әрекеттердің оң жақтары мектеп алды жастағы 
балалардың тілдерінің қалыптасуына маңызы зор. 
Бейнелеу  өнері  сабақтарында  жылы  әрі  бірін  –  бірі  түсінетіндей  жағдай 
туғызу қажет. Бұл жағдай тәрбиеші мен бала арасында тығыз байланыс туғызып, 
үлкеннің соңынан сөйлеп сөздерді қайталауға деген құштарлық туғызады. 
Сонымен,  мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  балалардың  өз  ойын  нақты  әрі 
келісті  жеткізу,  сөйлеу  қабілеттерін  дамытудың  негізгі  мақсаты  болып 
табылатынына  көзіміз  жетті.  Балабақшада  ересек  топ  балаларын  оқыту 
барысында  біріктірілген  сабақтарды  (ауызша  сөйлеу  тілдерін  дамыту  мен  сурет 
салу  сабақтарын)  жиі  өткізілсе,  бұл  сабақтар  ойлау  және  сөйлеу  белсенділігін 
анықтауда мүмкіндік туғызып, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамытуда тиімді 
әсер етеді.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет