Экономика пәнін оқытуда дәстүрлі емес технологияларды пайдалану
Колледждерде экономика пәнін оқыту барысында студенттердің пәнге деген қызығушылығын, ынтасын оятып, дамытуда түрлі рөлдік, іскерлік ойындар, пікірталас, пікір сайыс т.б. маңызы айрықша.
Пікірталас-әлдебір сауал, сұрақ немесе мәселені талдау, талқылау. Пікірталас, әдетте, адамдар әртүрлі көзқараста болып, біріңғай пікірге келмеген күрделі мәселеге арналады.
Пікірталас - студенттердің ақыл-ойын, тілдік қарым-катынас жасау кабілетін жетілдіріп, тұлға ретінде қалыптасуға әсерін тигізеді. Ғалым Р.Мильруд пікірталастық қатынастың маңызын былай деп ашып көрсетеді: <<Дидактикада істің мәнін құмартып, қызығушылықпен талдағанда және онын жауабын табу үшін білім тәжірибесін жұмылдыра отырып іздену, талқылау, өздігінен шешуге талпыну үстінде қарқынды ой еңбегі жүреді». Пікірталас - бұл топтық, ұжымдық ойлау. Оған қатысу, әртүрлі көзқарас білдіру ойды белсенді дамыта түседі, көпшілік алдында өз пікірін айтып уйренуге дағдыланады, мұқият ойланып, өз көзқарастарын орнықтыруға, мәселені өзінше түсінуге жетелейді. Мәселеге сын тұрғысынан қарауға,ойлануға итермелейді. Ғалым Л.Панов оқушылардың оқу үрдісінде өзара қарым-қатынасқа түсе отырып өздерінің ойын еркін айту арқылы ауызша тілдік қатынас беру дағдысын меңгеретіндігін, ал сөздік қоры тамша оқушылардың мұндай жағдайда сөз таба алмай қиналатындығын алға тартады. Сондай - ақ пікірталас үстінде студенттердің жинақталған білім қоры, сонымен бірге білім сапасы да айқындалады. Олар пікірталаста алған білімін танытуға, ойлауға және материалды шығармашылықпен игеріп, баға беруге, сын айтуға үйренеді.
Мәселені талқылау өз кезегінде оның алған білімін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар, студенттердің ақыл -ойын дамытып жаңаша ізденуге, жолдастарының, әріптестерінің өзіндік басқаша да көзқарастарын сыйлауға, әдеп, сабыр сақтай білуге тәрбиелейді. [3]
Қоғамдағы өзекті мәселелерді шеше алатын, жаңа әлеуметтік- психологиялық қабілеттердің қалыптасуына ықпал ететін, оқушылардың сыни ойлау қабілетін шыңдап, шешендік өнерге баулитын мүмкіндіктер жүйелеп ұсынылған. “Дебат” әлем мойындаған технология. Өйткені, - дебат - жаңалыққа құштарлықтың даму көзі. Ең бастысы, өмірдің көркем шындығын келістірп, дәуір көшіне ілестіріп әкететін XXI ғасыр білім беру жүйесінің микромоделі төңірегіндегі ойды, білім мазмұнын іріктеудің басты ұстанымдарын іске асыру жағына көңіл аудартады.
Қоғамдағы сананы қалыптастырып, ұйқыдағы ойды оятатын, сөйтіп ұлттық сана-сезім сілкінісіне алып шығаратын, көтерер жүгі салмақты философиялық мәні бар ұсыныс жасай алатын дәстүрлі емес оқыту формасының өн бойынан қажеттісі мен керектісін іріктеп, дарындылар танымына салу қажет. Мұндағы мақсат: ішкі еркіндігі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, есесін жібермейтін тәуекелшіл белсенді тұлға қалыптастыру. Бұл дебат еліміздің білім беру жүйесінің негізгі элементтерінің бірі ретінде танылуы тиіс.
Дебат арқылы тереңдете оқыту және оның манызы мына төмендегідей:
-қарама-қарсы ой стратегиясы болғандықтан сөз әдебіне үйрету;
-әлеуметтік тілдің дағдыларына калыптастыру;
-дебаттың құндылығы арқылы қоғамда ой-сана алуандылығын туғызу;
/еркін саяси көзқарастардың бәсекелестігін туғызу;
-тыңдаушының сөйлеушіден 2 есе мәдениеттілігін насихаттау;
-пікірсайыс түрлері, оның мәні;
-дебат әдісі арқылы шешендікке алып келу;
-белсенді сөйлеуді ойлай сөйлеумен ұштастыру;
-оқушы дербестігін дамыту;
-оқушы өзін-өзі қадағалап, тексеруге баулу;
-таным қабілетін дамыту;
-өздігінен білім алуға қажеттілік тудыру;
-ақыл-ой енбегіне жалпы мәдениетін арттыру;
-білімге құмарлығын, рухани сенімін күшейту;
-"Ішкі пікір өлгеншені" ұтымды пайдалану;
-пікір шектелмейтін еркін шығармашылық қалыптастыру;
-ғылым дағдыларын жүйелеу.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мынадай:
-дебат технологиясына қойылатын талапты білу;
-дебат ойындарының ерекшелігін меінгеру;
- дебат пен шешендік сөздердің ара қатынасын айыру;
-жұрт алдында еркін сөйлеу;
-ойды корыту тәсілдерін меңгерту;
-беделді құжаттармен жұмыс жасай білу;
-азат ойы болуы - өзін-өзі құрметтеуі. [4]
Бүгінгі пікір сайысы оқытудың дәстүрлі емес формасы ретінде оқыту мен тәрбиелеудің түрлері мен әдістері, оқыту моделі сипатында ғылыми зерттеулер мен әдістемелік құралдарда қаралып жүр.
Осы "Пікір сайыс" оқытудағы жеке бағытталған ыңғайын іске асыру тәжірибесін ұсына отырып, жоғары сынып оқушыларынын азаматтық касиеттерінін саналы деңгейде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Олар мыналар арқылы жүзеге асырылады:
- ішкі мотивация негізінде ұйымдастырылған оқту-танымдық ізденіс кызметіне окушының өзінің белсенді косылуы;
- мұғалім мен окушының бірлескен қызметін, серіктік қатынасын ұйымдастыру, оқыту үрдісінде окушыны педагогтік мақсатқа лайықты тәрбиелік катынасқа қосу;
-жана білімді табу үрдісінде мұғалім мен оқушы арасында, окушылар арасында диалогтік қатынасты қамтамасыз ету.
Демек, пікір сайыс құқықтық мемлекеттің білім беру жүйесінің басты міндетін - демократиялық қоғамның интеллектуалды әлуетін: білікті, жоғары мәдениетті, оралымды да еркін азаматты даярлауды мақсат етеді. [5]
Достарыңызбен бөлісу: |