Ғылымның объекті



бет19/32
Дата16.05.2023
өлшемі119,66 Kb.
#93339
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
Байланысты:
J.B

Іскерлік ойындар -студенттердің сөйлеу қабілеттерін жетілдіретін, дамытатын тиімді тәсіл. Сабақ барысында іскерлік ойындарды қолдану арқылы студенттірге сөйлеу үлгілері, сөйлеу әдеби нормалары меңгертіледі. Мұндай ойындар окушылардың жасқаншақтық, ұяңдық касиеттерін жойып, онын киялына ерік береді. Белгілі бір рөлге енген студент сол кейіпкерге тән қимылдар көрсетіп, кейіпкерлерге тән сөйлеу нормаларын игеруге тырысады. Мұнда студенттердің сойлеу тілі екі формада жузеге асады. Біріншісі, диалогтік сөйлеу, яғни тілдік қарым-кытынас барысында екі адамның тікелей қатынас жасап, бір-бірімен кезқарас, ой-пікір алмасуы. Диалогтік сөйлеудің неізгі ерекшеліктерін, онын жүзеге асу жолдарын С.Әбдіғалиев, С.Нұрғали, К.Соломонов, К.Холодович, Р.Миньяр-Белоручев, Я.Яноушок, т.б. әдіскер-ғалымдар айкындап, диалогтік сөйлеудің мынадай басты белгілерін көрсетті: "Олар, біріншіден, диалогтің екі немесе одан да көп адамның арасында өрбуі; екіншіден, диалогқа қатысушы адамдардың бірде тыңдаушы, бірде сейлеуші болып кезекпе-кезек олардың арасындағы рөлдердің алмасып отыруы; үшіншіден, диалог барысындағы ақпараттардың жеткізілу жағдайы және оларды қабылдау ерекшеліктері; төртіншіден, пікір алмасушылардың алынған ақпаратқа, хабарга деген көзқарастары, реакциясы және оны жеткізудегі бет-әлпеті, қимыл-қозғалысы”. Сонымен катар жеткізілетін ақпараттық хабардың аяқ асты туындап, тілдік қатынасқа түсуі де диалогтік сөйлеудің негізгі белгілерінің біріне жатады.

Ал монологтік сөйлеу бір адамның өз ойын, көз-қарасын білдіруі. Монологтік сөйлеу жүйелілікті талап етеді. Мұнда сөйлемдер толык ойды білдіріп, құрылысы жағынан күрделі боып келеді. Монологтік сөйлеуге студенттердін белгілі бір тапсырманы түсіндіруі, мұғылімнің жаңа такырыпты баяндауы, хабарлама, баяндама жасауы жатады. Монологтік сөйлеуді дамыту үшін алдын ала белгілі тақырыпқа жоспар құрып, сол жоспар бойынша сөйлеу үлгісі жасалады. Ғылымда диалогтік сөйлеудің негізгі ерекшеліктерін Р.Миньяр-Белоручев, Е.Маслыков, П.Бабинская, т.б. ғалымдар қарастырған.


Монологтік сөйлу мен диалогтік сөйлеу өзара тығыз байланыста болады. Сейлеуші мен тындаушы бір-біріне сұрақтар қойып, хабар айтып тұрса ол диалогтік сөйлеу түрі болады, ал диалогтік сөйлеуде сөйлеуші өз сезін ұзақ түрлі фактірлермен дәлелдей сөйлесе, онда ол диалогтік сөйлеудін монологтік сөйлеуге ауысуына жатады. [6]
Шығармашылық” сөзінің төркіні "шығу", "ойлап табу" дегенге келіп саяды. Көрнекті психолог Л.Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал Я. Пономарев оны даму ұғымымен қатар кояды. Сонғы жылдары шығармашылык сөзімен жаналык, бастамашылық, белсенділік ұғымдары астарлас қолданып жүр.
Шыгармашылық жайлы енбектерді талдай келе төмендегідей корытындыға келуге болады. Шығармашылық өте күрделі психологиялык үрдіс. Ол іс-әрекет түрлі болғандықтан, Шығармашылықты төмендегідей ерекшеліктермен сипатталған адам әрекеті деуге болады: тек адамға ғана тан.

-шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;


-әлеуметтік және жеке адамға деген мәнінің болуы;
-шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
-шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
-нәтиженін жаңалығы, соңы.
Құрғақ ойлау мен жаттап алудан гөрі өз ізденісіне нәтижесі немесе шығармашылық әрекетінің жемісі болған жағдайда ғана окушы білімді терең меңгере алады. Осы ойды белгілі ғаламдар да құптайды. Академик Г.Струмин өзінің естеліктерінде былай деп жазады: "мен алдымен журналда берілген есептерді өздігімнен шығарып, кейіннен сол журналга өзімнің құрастырған есептерім мен теоремаларымды жібердім. Тіпті кейіннен сол журналдың корреспонденті болдым. Алайда, бұл менің шағын шығармашылық жұмысым болса да, мен бұл ғылыми жұмысымның бастамасы деп есептеймін". [7]
Дебат пікірталас, пікір сайыс, шешендік өнер. Онда оған қатысушыға өз ойын дәлелдеу үшін шектеулі уақыт беріледі. Әр топ көзқарасын «дұрыс бұрыстығына» қарамай дұрыс деп сендіруге тырысады. Сондықтан әркім өз көзқарасын дұрыс жүйемен құрып, оны дәлелдеп шыгуы керек. Бұл дебаттың ең негізгі ерекшелігі — ережесі мен тәртіпке сәйкес дауластыру.

Әр түрлі ой-пікірді айтып қана қоймайды, оны қарсыласының бағытымен салыстырады, оның дәлелдеу жолын табады, төрешінің колдауын сұрайды.


Дебат- бұл философиялық, психологиялық, этикалық, саяси, - лингвистикалык ғылым. Бұл сайыс экономика сабағын оқу барысында адамнын бір мезгілде жазу, ойлау, айту қабілетін жетілдіреді.
Дебаттын мынадай заңдылығы бар:
1. Максат - ұту емес, үйрену, білімді тереңдету, шешендік өнерді жетілдіру.
2. Шыншылдық - әр ойдың түйінін дұрыс айтып, бағалап отыру.
3. Бір-біріне құрметпен қарап, пікір таластыру, сыпайылыкпен айтысу.
4. Пікірталас кезінде адамның жеке қасиеттерін бетіне басуға, ойымен келіспеген адамды кемсітуге болмайды.

Теория, тәжірибе және ғылыми тұжырым оқытудың белсенділігін арттырады және баланын экономика пәнінен толық білім алуына септігін тигізеді. Дарын-баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан қалаптасады. білім алу арқылы және іскерлік пен шеберлік касиеті қалыптасады.


Жақтаушы қарсы топтардың спикерлері өздерінің аргументтерін дәлелдеп, зерттеулер мен іс-тәжірибелері бойынша сөйлейді.
Мектептегі әдістемелік дебаттарды пайдалану мұғалімдердің шығармашылығын қалыптастыруға өз септігін тигізетіні даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет