Филология факультеті



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,85 Mb.
#8140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Абайдың қазақ əдеби тілінің даму тарихындағы орны қандай

2. Абайдың қазақ əдеби тілін жаңа сатыға көтергенде ұстанған негізгі  
принцип-бағыттары қандай еді

3. Абайдың өзіне дейінгі қазақ тілінде шығармалар тудырып жүрген ақын- 
жырауларға көзқарасы қандай болды

4. Абайдың  қазақ поэзиясы тіліне енгізген жаңалықтарын атап көрсетің. 
5. Абайдың өлең құрылысына енгізген жаңалықтары қандай

                     
                                   Пайдаланылған əдебиеттері 
1. Р.Сыздықова. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993. 
2. М.Балақаев., Р.Сыздықова., Е.Жанпейісов. Қазақ əдеби тілінің тарихы. 
3. С.Исаев. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989. 
 

 
 
122
         Абай шығармалары тілінің лексикасы 
                            ж о с п а р ы: 
    1.Абай шығармаларының лексикалық құрамы 
     2.Абай шығармалары сөздігінің тілдік қабаты 
     3. Қазақтың төл сөздері 
     4. Араб-парсы тілінен енген сөздер 
     5. Орыс тілінен енген сөздер 
Тірек  сөздері  Абай  шығармаларының  лексикалық  құрамы,  қазақтың  төл 
сөздерінің  қолданылу  сипаты,  шығыс  халықтары  тілдерінен  енген  сөздердің 
топтастырылуы, орыс тілінен енген сөздердің қолданылуы. 
Абай творчествасының дені-поэзия. Жалпы ақын лексикасын-поэзия тілінің 
сөздік  құрамын  -негізгі  үлкен  екі  тұрғыдан  зерттеуге  болады.  Өлеңмен 
жазылған  шығармада  жеке  сөздер  мен  сөз  тіркестері  белгілі  бір  көркемдеу 
міндетін атқарып тұрадыі біреулері эпитет болып бір затты анықтап, суреттеп, 
бейнелеп  тұрса, енді біреулері оны басқа бір нəрсеге теңеп тұрады. Сондай-ақ 
сөздер əсірелеу, мағына ауыстыру т.б. сияқты поэтикалық сан алуан тəсілдерге 
қажетті  материал  болып  келеді.  Бұл-лексика  топтарын  көркемдеу  қызметін 
атқаруына,  яғни  поэзия  мүддесін  өтеуіне  қарай  талдау  болады.  Атап  айтсақ, 
белгілі бір ақын өлеңдеріндегі  эпитет, теңеу, фигура т.б. тауып көрсету болады. 
Мұны  қазақ  филологиясында  поэтикалық,  кейде  поэтик  тіл  деп  атап  жүрміз. 
Бұл бір. Екінші тұрғыдан келсек, поэзия лексикасын лингвистикалық тұрғыдан 
талдау  бар,  яғни  жалпы  белгілі  бір  тілдің  лексикалық  құрамы  сияқты,  белгілі 
бір ақын шығармаларының сөздік құрамын да сөздердің тілдік тегіне қарай (төл 
сөздер  немесе  өзге  тілдерден  кірген  кірме  сөздер),  актив-пассивтігіне  қарай 
(архаизмдер,  неологизмдер  жəне  сол  кездегі  актив  сөздер),  əлеуметтік-
диалектілік  құрамына  қарай  (жалпы  халықтық  сөздер,  диалектизмдер,  кəсіби 
сөздер мен терминология, жаргондық сөздер) ажыратып зерттеуге болады.  
Абай  шығармаларының  сөздік  құрамын  қоғам  құрылысына,  əкімшілік  пен 
заң  системасына,  сауда-аттық  пен  оқу-ағартуға  т.б.  қандай  жіктеп,  талдау 
арқылы  ақынның  өз  басының  сөздік  байлығын  ғана  емес,  өткен  ғасырдың  ІІ 
жартысындағы  қазақ  халқының  бүкіл  əлеуметтік,  саяси,  экономикалық  жəне 

 
 
123
мəдени  өмірінің  тілдегі  көрінісін  табамыз.  Оның  үстіне  Абайдың  бұл  қорды 
қалай екшеп пайдаланғанын танимыз. 
Абай лексикасын генетикалық тұрғыдан талдағанда, негізінен, үш қабаттан 
тұрады  деп  табамыз.  Оларі  қазақтың  төл  сөздері  (яғни  түркілік  сөздер),  арап-
парсы сөздері, орыс сөздері.   
Қазақтың  төл  сөздері.  Абай  творчествосында  қазақтың  жалпы  халықтық 
тілін негіз етті деген қағиданы айтуға себеп болатын күшті фактінің бірі-оның 
сөздік  құрамының  басымы,  дені,  негізгі  ядросы  қазақтың  төл  байырғы 
сөздерінің  болуы. ?лы  ақынның  тіліне  негіз  болған  қазақ  сөздері  көне,  жаңа  
болып келеді (қазіргі нормалар алғанда емес, Абай тұсындағы қазақ əдеби тілі 
нормасымен  салыстырғандағы көне мен жаңа элементтерді айтамыз), қордағы 
төл  сөздерді  əдеби  айналымға  салып,  бірқатар  мағынасын  кеңейту,  немесе 
тарылту,  бірсыпырасын  термин  немесе  тұрақты  атау  ретінде  нормаландыру 
процесі Абай тілінен орын алады.  
Абай  сөздігіндегі  шығыс  тілдері  элементтері  дегенде,  араб  пен  парсы 
тілдерін  көздейміз  де,  көп  ретте  ол  екеуін  бөлек-бөлек  қарамай,  араб-парсы 
немесе шығыс тілдері деп атап отырамыз. 
Абай  лексикасындағы  араб-парсы  қатары  түгелімен  неологизмдер  емес 
екені  аян.  Олардың  əдеуір  бөлігі  қазақтың  жалпы  халықтық  тіліне  сіңісіп, 
қалыптасып Н.К.Дмитриевтің түркі тілдерін арабыланған не арабыланбаған деп 
екіге бөлгені бойынша қарасақ, біздіңше, қазақ тілі бірінші топқа əбден жатады. 
Өйткені ислам діні етек жайған ХІХ ғасырда ғана емес, одан да көп бұрын қазақ 
тілі  сөздік  құрамында  қыруар  шығыс  сөздері  болғаны  аян.  Əсіресе  тұрмыс-
шаруашылыққа  қатысты  парсы  сөздері  ену  мерзімі  жағынан  барлығынан  да 
бұрынғы,  əріректері    топ  тəрізді.  Мұндайда  тілдік  құбылыстан  дəлел  ретінде 
Б.Юнусалиев иранизмдердің ішінде түркі сөздеріне тəн жұрнақтарды жалғаған 
түрлерінің кездесетіндігін келтіреді. мыс, осы пікірдің авторы келтірген қырғыз 
тіліндегі    демік  (дем-ік),  қассын  (қас-сы-н)  сөздерінің  аналогияларын  қазақ 
тілінен  де  табуға    боладыі  демігу  (дем-ік),  батыс  говорларындағы  жаны-ғу 
(жан-ық), зораю (зор-ай) дəлелін біз əбден қоштаймыз. 

 
 
124
Қазақ  тіліндегі  парсы  қабатының  белгіл  бір  тобының,  əсіресе  тұрмыс-
шаруашылыққа   қатысты сөздердің қазақша дублеттерінің қазірде  болмауы  да 
бұлардың 
өте 
ертеден 
сіңісіп, 
өзге 
паралельдерді 
тілден 
ығыстырғандықтарының үшінші дəлелі сияқты. 
Сөйтіп,  қайткенде  де,  Абай  лексикасындағы  парсы-ирандық  дұшпан,  дос, 
кедей, дүние, баға, пайда, жан, сауда тəрізді зат есімдер арзан, майда, таза, 
зор тəрізді сын есімдер əбден сіңісіп, қазақтың төл сөзі болып кеткендер. Олар 
жалпы  халықтық  нормадағы  сөздер,яғни  қазақтың  кең-байтақ  даласына  тегіс 
тараған,  барлық  жерде  түсінікті  жəне  көбінесе  барлық  жерде  бірдей  мағынада 
қолданылып келе жатқан лексемалар. Оған дəлел-бұларды Абайға дейінгі ақын-
жыраулар    текстерінен  де,  кейбіреулері  ХІХ  ғасырда  жырланғанына  немесе  
жазылып  алынғанына  қарамастан,  о  бастағы  негізін  сақтаған  ауыз  əдебиеті 
үлгілерінен көреміз. 
Сондай-ақ Абайға дейінгі қазақ тіліндегі араб қабатының бірсыпарыс жалпы 
халықтық  тілге  ертеректе  еніп,  қалыптасып,  сіңісіп  кеткендер.  Олардың  өзін 
жалпылап  екі  топқа  бөлуге  боладыі  ислам  дініне  қатыстылары  жəне  дінге 
қатыссыздары.  Бұл  екі  топтың  қай-қайсысы  да  ХІХ  ғасырға  дейін-ақ  қазақ 
лексикасында айтарлықтай орын алғанын зерттеуші лексикологтар көрсетеді. 
ХVIII ғасыр мен ХІХ ғасырдың І жартысында, орта тұсында жасаған қазақ 
ақын-жырауларының  тілінен  жəне  ауыз  əдебиеті  үлгілерінен  дінге  қатысты 
бірқатар араб сөздерін табамыз. мыс, Бұхар жыраудаі пұсырман, қыдыр, арсы-
күрсі,  қыблаі  Махамбеттеі  фəни,  құрбан,  садағаі  оның  үлгісін  ары  қарай 
жалғастырушы  Шернияздаі  молда,  дұға,  əруақ,  құрбан    т.б.  сөздерді 
ұшыратамыз. 
ХІХ  ғасырда,  əсіресе  оның  ІІ  жартысына  дейінгі  кезеңдерде  қазақ  тіліне 
енген  араб-парсы  сөздерінің  басым  көпшілігі  Абай  өз  шығармаларындаі 
өлеңдерінде де, прозасында да актив пайдаланған. 
Абай  кейбір  өлеңдерінде  жəне  «Қара  сөздерінде»  теология  тақырыптарын 
əңгіме  етеді.  Соған  орай  ислам  дініне  қатысты  сөздердің  ең  алдымен  халық 
тіліне бұрыннан енгендерін қолданады. Бейіс, бенде, ахирет деген тəрізді араб-
парсы  сөздерін  Абай  жалпы  халық  тілінен  алғаны  хақ.  Жəне  бұларды  тек  дін 

 
 
125
жайын  сөз  еткен  жерлерде  емес,  орайы  келгенде  өзге  азаматтық  тақырыптар 
ішінде де қолданады. мыс, орыс тілі аудармаларында христиан дініндегі монах 
дегенді сопы деп аладыі Ол монастырь-сопылар тұрар жері. Тегі, бұл жерде сол 
кездің қазақ оқушысы үшін бірнеше бейтаныс орыс сөздерін қатар келтіруден 
қашып,  мүмкіндігінше  мағынасы  жуық  сөзді  пайдаланған.  Бірақ  мұндай  факт 
жоқ  емес.  Абай  қазақта  жоқ  орыс  тілінен  келген  ұғым  атауларын  қазақшалап, 
немесе арабша-парсышалап беруге тырыспаған. 
Бұрыннан жалпы халықтық тілде қалыптасқан шығыс сөздерін сан жағынан 
Абай  көбірек  пайдаланғаны  дінге  қатысы  жоқ  атаулар.  Дəулет,  амал,  қадір, 
құрмет, бақ, күмəн  тəрізді абстракт ұғым атаулары мен сын-сипатты білдіретін 
момын,  арам,  адал,  мəлім  сияқты  шығыс  сөздерін,  сондай-ақ  оқу-мəдениет 
саласына  қатысты  хат,  қалам,  сия,  қəлем  тəрізді  адамды  əр  алуан  жақтан 
білдіретін сөздерді де Абай еркін жəне актив қолданған. 
Абайдағы  абстракт  ұғым  атауларының  бірсыпырасы  осы  көрсетілгендей, 
бұрыннан  қалыптасқан  шығыс  сөздеріі  ар,  абырой,  мейір,  нала,  парыз  т.б. 
Абстракт  атаулардың  біразы  өзгелердегі  тəрізді,  Абайда  да  -лық,-шылық 
жұрнақтары  арқылы  тілге  сіңіскен  араб-парсы  түбірлерінен  жасалғані 
зұлымдық, қапалық, тəкаппаршылық, адамдық, адамшылық, мейірбандық  т.б. 
Абай тіліндегі жалпы халықтық қолданыстан алынған шығыс сөздерінің  2-
3 белгісін көрсетуге келеді. Ең алдымен, қазақ тіліне Абайға дейін қалыптасып, 
орын тепкен арап-парсы түбірлері Абайдан бұрын да, Абайдың өзінде де қазақ 
тілі  жұрнақтары  арқылы  жаңа  сөздер  жасайды.  мысі  бұрыннан  бар  адалдық, 
дұшпандық, қорлық, зорлық тəрізді есімдер де, Абай  текстерінде  активтенген 
немесе  жаңадан  жасалған  асықтық-ғашықтық,  арлылық,  мейірбандық, 
рақымдылық,  қапашылық  т.б.  түбірі  жоғарыда  көрсетілген  сіңісті,  түсінікті 
сөздер. 
Тілге  ертеректен  енген  шығыс  сөздерінің  грамматикалық  жəне  тұрақты 
тіркес  жасау  қабілетін  Абай  жақсы  пайдаланады.  Баға  қылу,  бəс  кесу,  пейілі 
тарылу, сəлемге келу, ары төгілу, шайтан сөзі т.б. тəрізді тіркестер Бұхардан 
бастап  ХІХ  ғасыр  ақындарында,  фольклорлық  үлгілерде  актив  қолданылған. 
Абай  осылармен  қатар  араб-парсы  сөздерін  қатыстырып  бірнеше  жаңа 

 
 
126
фразеологиялық  жəне  грамматикалық  тіркестер  жасайды.  Мыс,  ғашықтық 
жарасы  (бұрынғы  ғашық  оты-ашық  оты  дегеннің  үлгісімен),  хаққа  мүлгу, 
қалың  қайрат  табу,  ғылым  оқу,  ғылым  бағу,  ғылым  іздеу  тəрізді  тіркестер 
жасап,оларды  жиі  қолданадыі  Ғылым  таппай  мақтанба.  Сол  малды  сарып 
қылып ғылым табу керек. Ғылым тапқандардың жолына.... Бұл- «білімді болу, 
оқу «мағынасындағы тіркес. 
Сөйтіп, Абай қазақ əдеби тіліне бұрын да, кейін де сіңіспеген бір алуан араб 
сөздерін,  тіркестерін  жəне  жеке  сөйлемдерін  стильдік  мақсатпен  пайдаланған. 
Ешбір  мотивсіз  пайдаланылған  бірен-саран  бейтаныс  арабизмдерде  де 
кездеседі.  мыс,  поэмаларын  да  ас,  тағам,  арақ,  шарап  деген  қазақша 
баламалары  бола  тұрса  да,  ңығмат,  хамір  сөздері  қолданылғані  Арақ-жеміс 
əртүрлі  нығмат  дайын.  Миуадан  тартқан  хамір  ас  артында.  Бұл  жерде 
жоғарыдағыдай  белгілі  бір  тақырыпқа,əдеби  жанрға  байланысты  стильдік 
мақсат көзделіп тұрған жоқ,не буын саны, ұйқас тəрізді өлең шарттарына бола 
алынбаған.  Сол  сияқты  қазақша  жазылған  «Ғылым  таппай  мақтанба»  деп 
басталатын    тамаша  шығарманың  текстіндеі  Жамандық  көрсең  нефрəтлі, 
Жамандық  көрсең  ғибрəтлі  деп  шағатайша  «киінген»  арап-парсы  сөздерінің 
бары факт. Бұл сипатты құбылыс өте сирек. Өйткені бұл қатарға баIра, сұхбат, 
ғанибет,  ғайбат,  үддə  тəрізді  арабизмдерді  жатқыза  алмаймыз,  оларды  Абай 
əдеби тілде қалыптастыру мақсатымен қолданғанын жоғарыда айттық.  
Абай  лексикасындағы  орыс  сөздері  туралы  едəуір  жазылды.  М.Əуезов, 
Қ.Жұмалиев,  І.Кеңесбаев,  Н.Сауранбаев  т.б.  бірқатар  зерттеушілер  Абайдың 
əдеби  творчествасына,  оның  қазақ  тілі  тарихынадғы  атқарған  роліне  арнаған 
жұмыстарында  Абай  тілінде  орыс  тілі  элементтерінің  бар  екенін  атап,кей 
жерлерде санына дейін көрсетіп кетеді. Абай шығармаларындағы орыс сөздері 
туралы арнаулы ғылыми мақала да бар. 
ХІХ  ғасырдағы  қазақ  тілінің  генетикалық  қабаттарының  ішінде  орыс 
элементтерін талдау шығыс тілі элементтеріне қарағанда, бірқыдыру оңайырақ 
түседі.  Өйткені,ең  алдымен  қазақтың  жалпы  халықтық  тілі  мен  əдеби  тіліне 
орыс  сөздерінің  көзге  түсерліктей    дəрежеде  ене  бастауы  кейінгі  дəуірлердің 
жемісі,  екіншіден  бұл  кезде  олар  сан  жағынан  да  əлі  көп  емес.  Сондықтан 

 
 
127
Абайдың  орыс  сөздерін  пайдалануы  жайында    бұған  дейін  айтылып  келген 
пікірлер мен азды-көпті талдауларды əрі дұрыс, əрі əдеуір  толық.  
Абай  тіліндегі  орыс  тілінен  енген  сөздері  шығыс  сөздері  сияқты,  олардың 
тілген  ену  мезгілі,  қолданылған  мақсаты,  сіңу  дəрежесі,  қолданылу  жиілігі 
жақтарынан  алып  қарастырамыз.  Абай  текстеріндегі  орыс  сөздерін 
«паспортындағы тіркелу мерзіміне қарай»: 1)өзіне дейінгі кезеңдерде енгендері 
2)Абай  тұсында,  яғни  ХІХ  ғасырдың  ІІ  жартысынан  бастап  енгендер  деп 
топтасақ, «иесінің» «паспортына» қарайі 1)жалпы халықтық қолданыстағылар, 
2)  Абайдың  өзі  ғана  қолданғандар  деп  топтауға  болады.  ХІХ  ғасырдың  ІІ 
жартысына  дейін  қазақтың  əдеби  тіліне  енген  орыс  тілі  сөздері  аса  көп  емес. 
Енгендері  Россиямен  сауда-саттыққа  байланысты  ұғым,  зат  аттары,  əкімшілік 
ел  басқаруға  қатысты  кейбір  сөздер  жəне  күнделікті  тұрмыс-шаруашылыққа 
байланысты  жеке  сөздер  болатын.  Бұлар,  сірə,  халықтың    ауызекі  сөйлеу 
тілінде əдеби тілге қарағанда бірқыдыру көбірек болуы сөзсіз,өйткені өткендегі 
қазақ  əдеби  тіліне,  негізінен,  поэзия  жанры  жататындықтан,  онда  тұрмыс-
шаруашылық  атаулары  көп  орын  алмағаны  белгілі.  Сондықтан  Абай 
шығармаларында  өз  дəуіріне  дейін  енгендерден  шамалы-ақ  сөздерді  атай 
аламыз.  Оларі  cтаршын,  болыс,  сияз,  шар,  партия,  ояз,  шен,  майыр,  орыс, 
солдат, расход, закон, сот, шіркеу, кірес, барқыт т.б. Бұлардың бірқатарының 
Абайға  дейінгі  əдеби  тіл  мен  жалпы  халықтың  сөйлеу  тілінде 
қолданылғандығын көрсетуге болады. мыс, солдат сөзі  Исатай  мен Махамбет 
көтерілісі  тұсынан  жəне  одан  да  əрі  патша  үкіметінің  Қазақстанды  отарлау 
процесінде  əскери  күш  көрсеткен  алғашқы  тұстарынан  бастап-ақ  белгілі  бола 
бастаған.  мысалы,  Махамбет  Жəңгір  хан  туралыі  Патшадан  солдат  алдырып 
дейді.  Бұл  жерде  солдат  -»орыс  армиясының  жауынгері»  деген  мағынада. 
Кейінірек,эпостық  жырларда    бұл  сөз  жалпы  жауынгер,  əскер  деген  ұғымда 
кеңірек жұмсалатын болған. 
Орыс империясының правосы қазақ қоғамында 1812 жылғы Уставтан кейін-
ақ күшін жүргізе бастағаны белгілі. Соған орай закон, сот сөздері сирек болса 
да əдеби тілге ене бастаған. Əкімшілікке қатысты  сөздердің ішінде  шен сөзі, 
ең  алғашқы  кіргендерінің  бірі  болар.  Өйткені  Россия  патшасының  өзге 

 
 
128
халықтары  бағындыруда  қолданған  тəсілінің  бірі  сол  халықтың  үстем  тап 
өкілдерін шен,сыйлық беріп,өзіне қаратып алу болғаны мəлім.Сондықтан қазақ 
даласына шен сөзі отарлау актісімен бірге келген.Тіпті ол шен-шекпен түрінде 
қос  сөз  компоненті  болып  та  үлгерген.  Ал  əйгілі  самауырын  (шайымен  қоса) 
жəне  мата  аттары  (Абайда  олардан  барқыт  қана    қолданылған)  да  ертеден, 
орыс саудасымен қоса келген элементтер. 
Русизмдер деп танып жүрген пар  жəне порым деген екі сөз назар аударады, 
зерттеуші  Б.Сүлейменова  латынның  форма  сөзі  «сыртқы  түр»  мағынасында 
қазақ  тілінде  Абайға  дейін  қалыптасып  орныққан  сөз  дей  келіп,  оның  эпос 
жырларында актив қолданылғанына мысалдар келтіреді. 
Абайда  бұл  сөздің  мағынасы  одан  əрі  кеңейтіліп,бірде  «қалып,  күй» 
мағынасындаі  Кейде  паң,  кейде  көнгіш,  орныменен,  Кейде  елеусіз,  бірде 
«сырты  жылтыр,  алдамшы»  деген  ауыспалы  мағынадағы  мишура  сөзінің 
баламасы  ретінде  қолданылады.  Еш  қызыққа,  арманым  жоқ.  Бəрі  де  бар 
формының. Мұнда да бəрі бір «қалып, сыртқы түр» ұғымы бар. Сөйтіп, бұл екі 
жерде де порым сөзі жоғарыдағылардай  немесе өзге ақындардағыдай адамның 
бет-бейнесі  емес,  жалпы  жүріс-тұрыс,  қылығының  сыртқы  түрі,  қалпы,  күйі 
деген мағынада қолданылған. 
 Пар сөзі де осы тəрізді ертеден актив қолданылып келе жатқан русизм. Бұл 
да эпостық жырларда да ақындарда да мол кездеседі. Мағынасы екі түрлі: бірі 
жəне  көбінесе  ұшырайтыны  «тең» «бірдей»  деген  ұғымдаі  Табылмас  Кіші 
жүзде Маманға пар. Пар келмеген еш əнші тіпті маған. Пар сөзі тіпті қазақша 
тең    деген  таза  синонимімен  қатар  келіп,  плеонастық  тіркес  құрып  та 
қолданылғані  Мұнда  жоқ  сенің  тең  парың.  Бұл  мысалдағы  пар  сөзі    орысша 
пара  сөзінің  көнерген  «человек,  подходящий  другому,  могущий  составить  с 
ним  что-нибудь  целое,  общее»  деген  мағынасынан  алынған.  Абайда  ада    бұл 
сөзді тең, шақ сөздерінің таза синонимі ретінде қатар пайдаланған. Онегиннің 
хатында  Жарамайды  бекер  алдау,  Теңің  емес  мен  сенің    десе,  екінші  бір 
шумағындаі  Сен  тоты  құс  бақта  жүрген,  Қай  жеріммен  пар  келем  дейді.  
Халықтың аты ретіндегі орыс сөзі, əрине, барлығынан бұрын, ең бірінші болып 

 
 
129
енген  русизм.  Абай  тұсында  жəне  Абайдың  өзінде  орыс  сөзі  халықтың 
атауымен бірге, «патша үкіметі қойған жоғарғы əкімдер» дегенді де білдірген. 
Бұлардың  көпшілігінің  қазақ  əдеби  тілінде,  яғни  көркем  əдебиетінде  актив 
қолданылуын  біз  Абай  тұсында  табамыз.  Болыс,  ояз,  сияз,  кандидат,  шар 
сөздері  қазақ  елін  билеудің 1I66-67 жылдардағы  жаңа  системасына  қатысты 
активтене  түскен  атаулар.  Сондай-ақ  партия  -сол  ел  билеудің  жаңа  тəртібінің 
нəтижесінде етек алған жаңа қарым-қатынастың аты. Бұл сөз Абай тұсында осы 
күнгі  саяси  ұйымның  атауы  мағынасында  емес,  одан  тар  мəнде  қолданылған. 
Яғни  бұл  сөз  қазақ  лексикасында  алғашқы  пайда  болған  кезінде  «бір-бірімен 
əкімшілікке  таласқан    қазақ  феодалдарының  өзіне  жақтастардан  жиған  тобы» 
деген  мағынаны  білдірген:  Өз  басын  осындай  таласпенен  кісі  көбейтеміз  деп 
партия  жинағандар...  Барымта  мен  партия,  Бəрі  мастық  құр  құмар.  Кейде  бұл 
ұғымды  Абай  қазақша  топ  деген  сөзбен  де  берген.  Салыстырі  Партия  жиып, 
мал  сойса.-Топ  жиып  ең  бір  бөлек.  Партия  атауын  Абай  жиі  қолданған. 
Жазушы  бұл  түбірмен  партияласу  деген  етістік  те  жасағані  Əрберден  соң 
сыртымызға  шықты,  жауластық,  дауластық,  партияластық.  Бұдан  партиялас 
болу  деген  тіркес  те  жасаладыі  Қай  көп  бергенге  партиялас  боламын  деп... 
Шіркеу  мен  кірес  болса  олар  да  қазақ  жеріне  қалалар  орнағаннан  кейін, 
христиан діні үйлері  салынғаннан кейін ғана жиірек қолданылған зат атаулары. 
Ал Қазақстанда көпшілік қалалардың орнауы, олардың шіркеуі т.б. көпшілікке 
арналған  ғимараттар  салынатындай  дəрежеде  үлғайып,  күшеюі,  тағы  да  ХІХ 
ғасырдың ІІ жартысына тура келеді. Əрине, бұл сөздер 1850 жылдан əрі қарай 
қазақ  тілінде  ешбір  қолданылған  емес  деген  үзілді-кесілді  тұжырымнан 
аулақпыз.  Мүмкін,  Россиямен  шектес  аудандарда  немесе  қаласы,  шіркеуі  ең 
ерте  пайда  болған  маңайларда  сөйлеу  тілінде  шіркеу  де,  кірес  те,  поп  та  т.б. 
христиан дініне қатысты орыс сөздері түсінікті болған болуы да мүмкін.  Абай 
текстерінде қолданылған орыс сөздері екі түрлі каналмен келген. Бірі-Абайдың 
тұсындағы  қазақьың  жалпы  халықтық  тілі,  екіншісі-орыстың  өз  тілі.  Абайдың 
жалпы  халықтық  қолданыстан  алып  пайдаланған  сөздерінің  көпшілігі 
əкімшілік,  заң,шаруашылық,  сауда  салаларына  қатыстыларі  болыс,  кандидат, 
ояз,  сияз,  сот,  шар,  старшын,  майыр,  шен,  партия,  законшік,  кір,  лапке, 

 
 
130
барқыт, самауырын. Бұл сөздердің бірқатары (кандидат, партия, кəтелешке, 
закон)  Абайдан  өзге  ақындарда  жəне  ауыз  əдебиеті  үлгілерінде  өте  сирек 
кездеседі,  немесе  тіпті  кездеспейді,  соған  қарамастан,  біз  бұлардың  барлығын 
Абай  тұсындағы  қазақтың  жалпы  халықтық  ауызекі  сөйлеу  тілінің  қорына 
жатқызамыз.  Сөйтіп,  алдыңғы  болыс,  ояздардан  бастап,  соңғы  кəтелешке, 
мəліштерге  дейінгі  русизмдерді  Абай  заманында  қазақтың  жалпы  халықтық 
тіліне енген сөздер деп есептейміз. Бұған осы сөздердің бірнеше белгілері дəлел 
бола  алады.  Ең  алдымен,  бұлардың  барлығы  дерлік  нақтылы  зат  атаулары,  ал 
бұл  заттар  сол  кездегі  қазақтың  əлеуметтік  жəне  экономикалық  күнделікті 
өмірінде  берік  орын  тепкен  нəрселер.  Бұл  бір.  Екінші  белгісі-қазақ  тілінің 
фонетикалық табиғатына сай ыңғайласқан. Бұл жөнінде қазақ тіл білімінде  көп 
айтылды.  Жалғыз-ақ  ескертетін  нəрсе,  бұлардың  кейбіреулерінің  біз  сөз  етіп 
отырған  кезеңде  фонетикалық  екі-үш  вариантының  болғаны. :шінші  белгісі-
бұлардың  бірқатары  қазақ  тілі  жұрнақтарын  жалғап  жаңа  сөздер  жасай 
бастаған.  Мысалы,  болыс  сөзінен  -тық  аффиксі  арқылы  əкімшіліктің  осы 
звеносының  жинақтаушы  абстракт  атауы  пайда  болған.  Законсыз,  соттау, 
партиялас, шенді деген тəрізді туынды сөздер бұл тұста Абайда да, өзгелерде 
де  қолданылған.  Бірақ  кейбіреулерінің  (партияласу,  законсыз,  сомалау) 
активтенуі,  сірə,  Абайдың  үлесіне  тиетін  сияқты.  Бұл  сөздердің  қазақтың 
жалпы  халықтық  тəжірибесіне  сіңгендігінің  төртінші  белгісі-кейбіреулері  əр 
алуан тіркестер құрай бастағандығыі бодам қылу-бодам болу, шар салу, партия 
жию. 
Сөйтіп,  Абай  лексикасында  русизмдердің  қолданылуы-қазақ  жазба  əдеби 
тілінің даму жолындағы «азаматтық паспорт» алған тенденциялардың бірі. Бұл 
тенденция  Абайдан  бұрын  жалпы  халықтық  тілдің  өзінде  басталған  болатын. 
Оны  Абайға  дейінгі  қалам  иелері  де  жатсынбай  қабылдап,  шығармаларында 
орыс  элементтеріне  орын  бергені  көрінеді.  ХІХ  ғасырда,  көбінесе  ІІ  
жартысында хатқа түскен ауыз əдебиеті үлгілерінде де  орыс сөздерінің едəуір 
кездесуі осыны танытады. 
                 Сұрақтар мен тапсырмаларі 
1. Абай шығармалары лексикалық құрамына сипаттама берің. 

 
 
131
2. Ақын шығармаларының лексикалық құрамында  жаңадан енген сөздер 
3.Абай  шығармаларындағы  шығыс  халықтарынан  енген  сөздерді 
топтастырып, талдау жасаң. 
4. Абай  шығармалары арқылы қазақ тіліне енген орыс сөздері. 
 5.  Абай  шығармаларының  лексикалық  құрамын  қандай  топтарға  бөліп       
үйренеміз
?   

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет