Филология факультеті



жүктеу 5.01 Kb.

бет9/11
Дата06.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.Қазақ əдеби тілін қалыптастыруда Махамбеттің тұтқан орны қандай

2.Ақын шығармаларының  басты тақырыптары қандай болды

3. Махамбет шығармалары тілінің лексикалық сипаты қандай қабаттардан  
тұрады

4. Ақын өлеңдерінде жаугершілікке қатысты қандай лексемалар  
қолданылған

5. Махамбет шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктерін атап көрсетің. 
                Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Р.Сыздықова. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993. 
2.  М.Балақаев.,  Р.Сыздықова.,  Е.Жанпейісов.  Қазақ  əдеби  тілінің  тарихы. 
Алматы. 1990ж. 
3. С.Исаев. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989. 
4.  Қазақстан  ҒА.  Тіл  білімі  институты.  Авт.  Колл.  Қазақ  əдеби  тілінің 
тарихи көздері. Алматы, 1989ж. 
Ыбырай Алтынсарин жəне қазақ əдеби тілі  
Жоспары: 
1. Ы.Алтынсариннің қазақ əдеби тілін дамытудағы орны. 
2. Қазақ балалары ұшін арнап жазылған тұңғыш еңбегі туралы. 
3. Ы.Алтынсариннің тіл саласындағы еңбектері. 
Тірек  сөздері  Ыбырай - қазақтың  ұлттық  жазба  əдеби  тілінің  негізін 
салушылардың  бірі,  Ыбырайдың  ақын  əрі  жазушылық  қызметі  жəне 
ағартушылық,  педагогтік  қызметтері  туралы,  кітаби  тілге  көзқарасы,  тіл 

 
 
109
саласында  істеген  еңбектері, »Начальное  руководство  к  обучению  киргизов 
русскому языку» еңбегіне сипаттама. 
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ əдеби тілінің дамуына Ыбырай 
Алтынсариннің  ролі  зор  болғаны  белгілі.  Ыбырай  Алтынсарин  сол  дəуірдегі 
қазақ  əдеби  тілін  ерекше  сапамен  дамытып,  оны  жаңа  белеске,  биік  дəрежеге 
көтеріп  жазба  əдеби  тілді  жаңа  ұлттық  сипатқа  жеткізуге  ат  салысқан  адам. 
Ыбырай кейінгі ұрпақ үшін екі түрлі саладағы еңбегімен ардақтыі біріншіден, 
ол  өзінің  жазушылық  қызметімен  қазақ  əдебиетінің  тарихында  шағын  көркем 
прозаны  тудырып  қалыптастырған  жəне  оны  нақ  жазба  əдебиеттің  ең  биік 
үлгісімен жазған тұңғыш жазушы əрі тамаша жаңашыл ақын болды. Екіншіден, 
ағартушылық, педагогтік қызметінде əдеби тілді қалыптастыруды практикалық 
істер арқылы жүзеге асырды.  
Ыбырайдың педагогтік ағартушылық қызметі мектеп ашу, бала оқыту, ол 
мектепте  тəлім-тəрбие  жұмыстарын  ана  тілінде  өткізу,  бенгілі  жүйемен  сабақ 
жүргізу  жəне  оны  жалпы  халықты  ағарту  жұмысы  мен  халықтың  ой-санасын 
заман ағымына лайық жақсылық, жаңалыққа қарай тарту жолындағы тəрбиелік 
істерімен тығыз байланысты. Ыбырай Алтынсариннің педагогтік, ағартушылық 
еңбектерінің нəтижесі-оның қазақ тілінде жазған оқулығы (хрестоматиясы) еді. 
Сондай-ақ  ұлы  ағартушы  орыс  тілімен  қатар  қазақ  тілін  де  мектепте 
оқытылатын,  білім  беретін  оқу  тілі,  білім  тілі,  мектеп  тіліне  айналдыру  үшін 
күресті.  Оның  бұл  еңбегі  «іс  жүзінде  қазақ  тілін  ұлттық  əдеби  тілі  етіп 
дамутудың  ең  алғашқы  қадамдарының  бірі  екенін»  көрсете  келіп,  А  Ысқақові 
«өз туған халқын шексіз сүйетін қазақтың ұлы ағартушысы, тұңғыш педагогы 
«Ы.Алтынсарин қазақ арасында, қалың бұқараның ішінде жай сауат ашу ісінен 
бастап  білім  алуға,  білім  беруге,  білім  таратуға,  білім  көтеруге  дейінгі 
жұмыстарды  жүзеге  асыру  үшін  де,  тəлім-  тəрбие  беру  үшін  де,  үгіт  насихат 
жұмыстарын жүргізу үшін де, əдебиет пен өнерді дамыту үшін де, ғылым мен 
жалпы мəдениетті көтеру үшін де, сондай-ақ халықтың бүкіл саяси -əлеуметтік 
өмірі  мен  экономикалық-шаруашылық  жұмысының  сала-саласында  жұрттың 
бір-бірімен  кеңесіп,  келісіп  жұмыс  істеу  үшін  де-тіл,  тіл  болғанда-ана  тілі 
бірден-бір оңтайлы ең төте, ең сенімді құрал екенін жақсы бағдарлаған сияқты, 

 
 
110
Ана  тілінің  осындай  құдіретті  күшін  үлкен  көрегендікпен,  байсалдырықпен 
түбегейлі  болжап,  жете  түсінген  ұлы  бабамыз  Ы.Алтынсарин  оны  қазақ 
жұртының  ұлттық  тілі  етуге  барынша  жəIат  қояды  да,  осы  мəселемен 
байланысты  негізгі  түйіндерді  шешуге,  көптеген  шараларды  нақтылы  іске 
асыруға өзі басы-қасында болып, əрі басқарушы, əрі ол істі атқарушы, əрі үлгі-
өнеге көрсетуші ұстаз, əрі жөн көрсететін, əрі ерінбей жалықпай үгіт жүргізетін 
насихатшы  есебінде  қызмет  істеп,  зор  еңбек  сіңірді.  Бұрынғы  соңғы  қазақ 
ағартушылары мен қоғам қайраткерлерінің ішінен ана тілінің ролін арттыру, ол 
үшін  ана  тілінің  қоғамдық  қызметін  кеңейту,  оны  жан  жақты  дамыту,  сөйтіп, 
мерейін көтеру жолында қызмет ету жағынан Ы.Алтынсаринге дейін қазақ тілі 
не  орыс  мектебінде,  не  ауылдағы  мусылманша  оқитын  медреселерде  пəн 
ретінде  оқытылып  көрген  еместі.  Алтынсарин  ана  тілін  тұңғыш  рет  мектептің 
оқу жоспарын енгіздіртті,-деп көрсетеді.  
1II1-жылдан  бастап  мұсылман  діні  міндетті  түрде  қазақ  тілінде 
оқытылатын  болады  да,  одан  қазақ  тілінде  оқулық  жасау  Ы.Алтынсаринге 
тапсырылады.  Ол  кездегі  қазақтар  мектепте  дін  үйретілмесе,  балаларын  оқуға 
да жібермеуі да күмəнсіз. Онан қала берді бұл құралды əлдеқандай діндар адам 
жазса,  ол  не  түркі  тілімен,  не  оның  татаршылаған  нұсқасымен  жазылып,  əрі 
түсініксіз, əрі нағыз фанатизмге жетектейтін бірдеме болып шығуы шексіз еді. 
Солай  болса,  ана  тілінің  мерейін  жоғарылатып,  қоғамдық  қызметін  кеңейту 
мақсатымен  бұл  мүмкіншілікті  пайдаланып,  осы  арнаулы  құралды 
Алтынсариннің өзі жазуы керек болған. Жəне ол көп нəрсені оқып, ойлап оны 
таза  қазақ  тілінде  жазып  шыққан.  Ы.Алтынсарин  жазған  осы  кітап 1II3-жылы 
Петербургте 
бекітіледі 
де, 1II4-жылы 
«Шариат-ул-ислам» 
(Мұсылманшылықтың тұтқасы) деген атпен Қазанда жеке кітап болып шығады. 
Сонымен бірге бұл тұста Қ.Жұмалиевтің «Алтынсариннің қазақ қыздары үшін 
мектеп интернаттар ашуға жарты өмірін сарп етуі тек жалаң оқыту, хат білдіру 
ғана  емес,  қазақ  əйелдерінің  əлеуметтік  жұмыстарына  араласуын,  қоғамның 
праволы  мүшесі  болуын  аңсаған  ұлы  арманнан  туған  істер  болатын»-деген 
пікірін  келтіре  кеткен  де  орынды  болар.  Сөйтіп,  Ы.Алтынсарин  демократтық 
бағыттағы практикалық ағартушылық қызметі арқылы қазақ əдеби тілінің жаңа 

 
 
111
салада,  халықтық  сөйлеу  тілі  негізінде  қалыптасып,  дамуына  үлкен  еңбек 
сіңірді. Осы тілде оқып білім алуға, оқытып, үйретуге болртын, халыққа өнер-
білім  себуге  болатынын  дəлелдеп,  оны  ұштай  түсу  жолында  аянбай  еңбек 
еткен. Ыбырайдың ақындық, жазушылық, аудармашылық қызметі оның басты 
ағартушылық  қызметінен  туындап,  сол  басты  мақсатқа  бағындырылып 
отырылады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин өз шығармаларын сол кездегі 
өзі қалап, мектепте өзі жүргізген сөйлеу тілі негізіндегі қазақтың əдеби тілінде 
жазды.  Бұл  салада  оның  ұстанған  принципі  айқын.  Ол  сөйлеу  тілі  негізіндегі 
қазақ  əдеби  тілінің  қоғамдық,  əлеуметтік  мəдени  өмірдің  барлық  салаларында 
қызмет ете алатынын дəлелдеп, əсіресе оқу-оқыту ісінде осы принципті мықтап 
тұрып басшылыққа алып, бұлжытпай іске асыруға тырысты. 
Ыбырай  да,  Абай  сияқты,  бірсыпыра  түркі  халықтарына  қызмет  етіп 
келген Орта Азиялық түркі əдеби тілі мен сол тұстағы қазақша «кітаби тілден» 
бас  тартты.  Сол  кітаби  тілде  жазылған  не  көркемдік,  не  нормалық  сипаты 
шамалы  кейбір  үлгілерді  қатты  сынады.  Əсіресе  діни  кітаптардың  тіліне 
қарсылық  білдірді.  Өзінің  «Хрестоматиясының»  алғы  сөзіндеі  əлі  күнге  дейін 
қазақ балалары мен ересектер түсініп оқырлықтай таза қазақ тілінде жазылған 
бірде-бір кітап жоқ. Орыс-қазақ мектептерінің оқытушылары қазақ балаларына 
ешқандай  пайдасы  жоқ  бола  тұрса  да,  олардың  өз  ана  тілінен  ешқандай 
артықшылығы болмаса да, татар тіліндегі кітаптарды қолдануға мəжбүр болып 
жүр,  балалардың  тілдерін  татарша  «сындырып»  оқытудан  не  пайда.  Өйткені 
татар  зиялыларының  (оқымыстыларының)  өздері  ұнатпайтын,  менсінбейтін, 
араб,  парсы  сөздеріне  лық  толған  кітаби  тілі  əрі  түсініксіз,  əрі  мазмұны  кілең 
діни  сарындағы  кітаптар  болғандықтан,  оларды  оқудан  не  практикалық  үміт 
ақталмайды,  не  нəтиже  шықпайды,  балаларды  орысшадан-қазақшаға, 
қазақшадан-орысшаға  аударып  үйреткенде  қолайсыздығы  өз  алдына,  тіпті 
мəнсіздіктен бас қатады,- деп жазады. 
Н.И.Ильминскийге  жазған  бір  хатында  осы  ойын  жəне  қайталапі  «Қазақ 
оқушыларының діни оқуға пайдаланатын құралдары көбінесе татар кітаптары, 
бірақ бұл кітаптарда ешқандай жүйе де, тіпті көбінде ешбір мағына да жоқ» -
деп білдіреді. 

 
 
112
 Ы.Алтынсаринның  тіл  саласында  істеген  жəне  бір  еңбегі  -шағын  сөздік 
жасауымен  қазақ  грамматикасынан  мағлұмат  берген  материал  ұсынуында. 
Оның 1I79-жылы жарық көрген «Начальное руководство к обучению киргизов 
русскому  языку»  деген  кітабында  тақырыптық  топтарға  бөлінген  кішігірім 
сөздік береді жəне орыс тілінің грамматикасын қазақ тілімен салыстыра отыра 
таныстырады.  Əрине,  бұл  соңғысы-шын  мəніндегі  ғылыми  курс  емес,  өзі 
айтқандай,  бұл-нұсқау  құрал, «ол  толық  грамматика  емес,  ол  тек  сөйлесуде, 
жазуда  ғана  тілдің  негізгі  заңдылықтарын  дұрыс  пайдалана  білу  үшін  жол 
көрсететін  алғашқы  құрал  ғана».  Ыбырайдың  мұндағы  көздегені-қазақ 
балаларына орыс тілін ана тілі арқылы үйрету. Бұл-грамматика қазіргі қазақ тілі 
грамматикасы кітаптарындай нормалаушы роль атқармаса да, оның сол тұстағы 
кейбір  категорияларды  танып-білудегі  мəні  бар.  Қазақ  тіліндегі  тұңғыш 
лингвистикалық терминдер осы еңбекте жасала бастаған. Əрине, бұлар қазіргі 
терминдерге сай келмейді, бірақ бұдан қазақ тіліндегі оқу-педагогикалық жəне 
ғылыми  стильдер  элементтерінің  алғашқы  пайда  болып-əрі  қарай  дамуындағы 
Ы.Алтынсариннің  еңбегін  көреміз.  Сөйтіп-Ыбырай  өзінің  жазушылық  əрі 
ғылыми  қызметімен  (ол  этнография  саласынан  мақалалар  жазған  жəне  қазақ 
тілінің грамматикасы туралы шағын  жұмыс жариялаған) қазақтың жаңа жазба 
тілінің даму бағытын нұсқады, стильдік тарамдалуына жол салды, көркем проза 
стилінің негізін салды. 
Ыбырай  алдына  қазақ  поэзиясын  жаңғырту,  жаңа  сатыға  көтеру, 
көркемдеу тəсілдерін жетілдіру, түрлендіру сияқты міндеттерді қоймағані ол өз 
поэзиясын  ақындығынан  емес,  ағартушылығынан  ұсынған,  яғни  ол  өлеңдерін 
жалпы  жан  сүйсінерлік  эстетикалық  дүние  деп  емес,  мектепте  оқуға  арналған 
материал ретінде ұсынған. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.Ыбырай Алтынсариннің  қазақ əдеби тілін дамытудағы орны қандай

2. Ыбырайдың ағартушылық-педагогтік қызметі туралы не білесіз

3.Ыбырайдың қазақ балаларына арнап жазған қандай еңбектері бар

4. Ы. Алтынсариннің өз тұсындағы кітаби тілге көзқарасы қандай болды

5. Ыбырайдың тіл саласында істеген қандай 
 еңбектері бар


 
 
113
                             Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Р.Сыздықова. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993. 
2.  М.Балақаев.,  Р.Сыздықова.,  Е.Жанпейісов.  Қазақ  əдеби  тілінің 
тарихы.Алматы, 1990ж.  
3. С.Исаев. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989. 
4.  Қазақстан  ҒА.  Тіл  білімі  институты.  Авт.  Колл.  Қазақ  əдеби  тілінің 
тарихи көздері. Алматы, 1989. 
 
Ыбырай шығармаларының лексикасы 
Жоспары: 
1. Ыбырай шығармаларының тілі. 
2. Арап-парсы тілінен енген сөздер. 
3. Ы.Алтынсарин орыс сөздерін əдеби тілге енгізудегі ерекшелігі. 
4. Ыбырай шығармаларының грамматикалық ерекшелігі. 
Тірек 
сөздері 
Ыбырай 
шығармаларының 
нақты 
тақырыптары, 
дидактикалық  мəндегі  үгіт-шақыру  өлеңдері  мен  табиғат  құбылысын 
суреттейтін шығармалары, тілдік, көркемдік сипаты, орыс сөздерін əдеби тілге 
енгізудегі ерекшеліктері туралы. 
 
Ыбырай  шығармалары  тілінің  лексика-фразеологиялық  құрамы  қазақ 
əдеби  тілінің  байлығынан  алынған.  Оның  əңгімелері  тілінің  жеңілдігі,  оқушы 
ойына қонымдылығы жағынан ғана емес, сюжетінің де есте қаларлықтай, еліте 
тыңдарлықтай  болып  əрі  қызықты,  əрі  ұғымға  қонымды,  қарапайым  болып 
келетіні белгілі. Сондықтан ол туындылар жасқа да, кəріге да ортақ. Сондықтан 
да  болар,  Ыбырай  əңгімелерінің  кейбір  сюжеттерін  кейінгі  көркем  сөз 
шеберлері  өзінше  пайдаланып  та  отырды.  Мысалы, «Ыбырайдың  бай  баласы 
мен жарлы баласы» əңгімесінің сюжеті де, идеясы да Шəкəрімнің «Піскен мен 
шикі»  өлеңінде  түгел  қайталана  жырланған.  Оның  үстіне  Ыбырай  сол  кездегі 
қазақ  жазбасында  тұрақталып  қалыптасқан  араб  жазуын  емес,  орыс  алфавитін 
пайдаланды.  Ыбырай  Алтынсарин  араб  жазуы  қазақ  халқына  қолайлы  емес 
екендігін, араб алфавиті қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, оның ерекшеліктерін 

 
 
114
толық  көрсете  алмайтынын  байқап,  сынап  қана  қойған  жоқ,  сонымен  бірге 
одан  құтылудың  жолын  көрсетіп,  өзі  соныпрактикалық  істе  дəлелдеп, 
тəжірибеде іске асырды. Ыбырайдың поэтикалық дүниесі айрықша мол болмаса 
да, ол əдебиеттің бұл саласындада қазақтың жалпы халықтық тілі мен байырғы 
ауызша əдеби тілін негіз етуге үлгі көрсетті. Ыбырай өлеңдерінің мазмұны мен 
жанры  жағынан  негізінен  екі  топқа  бөлуге  боладыі 1. Дидактикалық 
мəндегілері  үгіт  шақыру  өлеңдері,  нақыл,  тақпақ. 2. Табиғат  құбылыстарын 
суреттейтін туындылар. 
Ыбырай  өлеңдері-ең  алдымен  балаларға  арналып,  солардың  оқуы  үшін 
жазылғандықтан  да  тілі  жеңіл,  қарапайым,  түсінуге  қиындық  келтірмейтін, 
тақырыбы  оқу,  өнерге  байланысты  болып  келетін  дүниелер. «Кел  балалар 
оқылық. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық»-деп оқуға шақырып, өз ойын 
шебер  бұлтақсыз  ойын  баласының  ой-өрісіне  лайықты  етіп  айтады. :лкен 
астарлы  ой  да  жоқ,  мағынасыз  бұлдыр  сөз  де  жоқ.  Бəрі  айқын,  бəрі  де  анық. 
Жəне бұл ой түпкі мақсатты бейнелейдіі 
 Оқысаңыз балалар, 
 Шамнан шырақ жағылар, 
 Тілегенің алдыңнан, 
 Іздемей-ақ табылар. 
 Ерекше  əсер  қалдыратын  сиқырлы  сөз  де  жоқ.  Екіұшты  түсінілетін 
астарлы тіркес те жоқ. Бəрі де бала ұғымына сай, дəл. Осындағы өнер-білімге 
байланысты  философияда  ашық,  айқын  айтылған,  оқушыға  таныс,  күнде  өзі 
көріп жүрген жанлы суреттер. 
Сауысқанның тамағы, 
 Шоқуменен табылған. 
 Өнер, білім бəрі де, 
 Оқуменен табылған. 
 Немесе, «Өнер  білім  бар  жұрттар»  олардың  тірлігі,  іс-əрекеті  қандай, 
өмірде не тындырды, келешегі қандай-бəрі де қарапайым сөзбен ойға қонымды 
етіп түсіндіріледі. Бұдан, əрине, Ыбырай өлеңдері жалаң үгітке құрылып, онда 

 
 
115
сөздер  тура  мағынада  қолданылып,  əсерлі  ойға  əсем  образды  сөз  қолданысқа 
орын қалмаған екен деуге болмайды. 
 «Өнер-білім  бар  жұрттар»  деген  өлеңнің  стилі  де,  ішіндегі  көркемдеу 
элементтері  де  дидактикалық  тұлғалармен  əуендесі  өлең  жеті-сегіз  буынды, 
араласы ұйқасты, ұйқасқа көбінесе етістіктер алынған, мұндағы айшылық алыс 
жерлер,  көзді  ашып-жұмып,  бата  беру  сияқты  фразалар  бұрынғы  үлгілердің 
тілінен алыстамайды, теңеулер де дағдылы құстай ұшу, балықтай жүзу, жастар-
желкілдеп  шыққан  шөп,  өнер-жігіт  көркі  т.б.  Араз  бол,  кедей  болсаң 
ұрлықпенен, мақтанба бақыттымын деп бағыңызға, Арық мал жан жолатпас бір 
жалданса, Əй достарым, Əй жігіттер деп басталатын өлеңдер циклі де бұрынғы 
үгіт-насихат  түріндегі  он  бір  буынды  қара  өлеңдер  мен  жеті-сегіз  буынды 
толғаулар  сарынында  берілген.  Бұларда  да  барлық  лексика-фразеология, 
көркемдеу  элементтері  қазақтың  бай  ауыз  əдебиеті  мұрасы  мен  ауызша 
поэзиясы үлгісінен алыстамайды. 
Ал  екінші  топтағы  «Жаз», «Өзен»  деген  бірді-екілі  өлеңдерінде  Ыбырай 
табиғатты жырлайтын лирика жанрына жуық келеді. Бірақ бұларда да тақырып 
пен  жанр  жағынан  өзгешеленгені  болмаса,  тілі  мен  өлең  техникасы  жағынан 
бұрынғы поэзиядан көш ілгері кеткендік жоқ.  
Таулардан өзен ағар сарқыраған 
Айнадай сəуле беріп жарқыраған 
Өксіген оттай жанып жануарлар 
Өзеннен рахат тауып басылады. 
             Көл бұзылып, көп шығып қойнын ашса, 
        Қаңқылдап қонар оған қаз бен тырна 
 Аз ғана өлеңдердің ішінде осы көрсетілгендей нақты жанды сурет, бейнелі 
көрініс дəл де сəтті берілген. Осы шағын үзіндіден көрінгендей, басы артық сөз 
жоқ, айқын да нақты, образды ой əдеттегі сөздердің кəдімгі тіркестері негізінде 
құралған  сөйлемдер  арқылы  беріліп  тұр.  Өзен  бетінің,  айдынның  «айнадай 
сəуле  беріп  жарқырауы»,  ыстық  күнде  «өксіп,  оттай  жанып»  шөлдеген 
жануарлардың  «өзеннен  рахат  тауып  басылуы», »жайқалып  шыққан  гүлдің, 
ұйқыдан  көзін  ашқан  жас  балаға  ұқсауы»-кəнігі  суреттер,  таныс  көріністер. 

 
 
116
«Көл бұзылып, көк шығып, қойнын ашса» деген сөйлем де ойды қандай əсерлі, 
ұтымды  білдірген. «Аспаннан  рахым  менен  күн  төнгенде»  деген  де 
жақсылықтың  нышаны.  Табиғат  əдемілігіне  күнді  қосып,  əсерлі  сөз  тізбегін 
құрған. «Көлдің  бұзылуы»  яғни  мұзы  еріп,  жазға  қам  жасауы,  оның  үстіне 
əдеттегі  қолданыс. «Көк  шығып»  сөздер  тізбегіне  «қойнын  ашса»  қосылып, 
қалыпты  сөздердің  əдеттегі  байланысын  көркем  де  образды,  əсем  де  əсерлі, 
жинақы  сөз  тіркестері  мен  синтаксистік  конструкциялар  құрылып,  көркем 
көркем ойдың нышаны болып тұр. Сондықтан да көл айдыны қаз бен тырнаның 
көзін  өзіне  тартып,  қаңқылдатып  қондырса,  сол  арқылы  оқушысын  да  нəзік 
сезімге бөлейді. Бұның өзі Ыбырайдың өлең сөздің де шебері екенін көрсетеді. 
Əрине  Ыбырайдың  ұстанған  басты  принципі  жазба  əдеби  тілді  жалпы 
халықтық  сөйлеу  тілінің  негізінде  дамыту  болғандықтан,  ол  кезде  жазба  тілде 
мықтап  орын  алып  келген  кітаби  тіл  дəстүрінен  ол  бойын  аулақ  салды. 
Өлеңінің болсын, əңгіме-новеллаларының болсын тілі жатық, сөйлем дері ұғуға 
жеңіл,  қарапайым  болып  келеді.  Тіпті  сөйлеу  тілінің  кейбір  элементтерін  де 
батыл енгізіп отырады. Мысалыі «Төңіректегі халық айттыі Қазыға барыңыз, ол 
қайсыңның ақ, қараңды табар,»-деп. Сейітқұлдың бір ағасы бар еді жол жүріп, 
ұрлық барымтаны əдет еткен. Су əдемі, айнадай таза су екен, ішіндегі ойнаған 
балықтары  көрініп  жүретуғын  тəрізді  сөйлемдерден  ондағы  сөздердің  орын 
тəртібіне, тиянақсыз тұлғада аяқталуына, жеке сөздердің грамматикалық тұлға-
тұрқына  байланысты  сөйлеу  тілі  элементтерінің  жиі  қолданылып  отырылғаны 
байқалады.  Ыбырайдың  орыс  тіліне  көз-қарасы  айрықша  болды.  Ол  ең 
алдымен,  сөйлеу  тілінде  бұрыннан  орныққан  орыс  сөздерін  пайдаланумен 
қатар,  көптеген  сөздерді  өзі  енгізді.  Купец,  приказчик,  фабрика,  ящик  сияқты 
қазақ өміріне таныс бола бастаған нақтылы зат атаулары болса, Ыбырай тілінде 
кездесетін князь, граф, франк, университет, портрет, награда деген орыс сөздері 
ауызекі  тілге  бейтаныс  жаңа  кірмелер.  Орыс  сөздерін  əдеби  тілге  енгізуде 
Ы.Алтынсариннің екі ерекшелігін көрсетуге боладыі бірі-оларды фонетикалық 
тұлғалануы  жағынан  аса  «сындырмай»  қабылдау,  екіншісі-бейтаныс  орыс 
сөздерін  қазақ  қауымына  таныс  өзге  сөздермен  немесе  суреттеме  тəсілмен 
түсіндіріп  отыру.  Сөйлеу  тіліне  енген  орыс  сөздерінің  қазақ  фонетикасына 

 
 
117
сəйкестеніп  қабылданғаны  мəлім.  Ыбырай  осы  тəртіпті  едəуір  бұзып  орыс 
сөздерін  түп  нұсқаға  жуықтау  түрде  алуды  ұсынады.  Екінші  жайтқа  бейтаныс 
орыс  сөздерін  түсіндіруі  отыру  тəсіліне  келсек,  бұл-  Абай  мен  Ыбырайдың 
қаламдарына  тəн  сипаттардың  бірі.  Ыбырайі  университет  деген  үлкен  бір 
школда  деп  алдыңғы  сөзді  сол  кездегі  қазақтарға  таныс  оқу  орнының  атымен 
(школ)  түсіндіреді.  Немесе,  қағаз  істейтін  фабрик  деген  тіркеспен  берілгенде, 
фабрика сөзінің мағынасы айқын болып шығады. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Ыбырай шығармалары тілінің лексика-фразеологиялық құрамы қандай 
сипатта болған

2.Ыбырай өлеңдерін мазмұны мен жанры бойынша неше топқа бөліп 
үйренеміз

3. Ақынның өнер-білім саласындағы өлеңдеріне сипаттама берің. 
4.  Ыбырайдың  табиғат  құбылыстарын  суреттеуге  арналған  қандай  өлеңдері 
бар

5. Орыс сөздерін əдеби тілге енгізудегі ақынның қандай ерекшеліктері бар

Пайдаланылған əдебиеттер: 
1.Сыздықова Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993. 
2.  М.Балақаев.,  Р.Сыздықова.,  Е.Жанпейісов.  Қазақ  əдеби  тілінің  тарихы. 
Алматы,  
3. С.Исаев. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989. 
4.  Қазақстан  ҒА.  Тіл  білімі  институты.  Авт.  Колл.  Қазақ  əдеби  тілінің 
тарихи көздері. Алматы, 1989. 
5.Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Алматы.1994ж. 
 
Абай жəне қазақ əдеби тілі 
Жоспары: 
1. Абай -қазіргі жазба əдеби тілдің негізін салушы. 
2. Абайдың қазақ поэзиясының тіліне енгізген жаңалықтары. 
Тірек  сөздері  Абай-  қазақтың  қазіргі  жазба  əдеби  тілінің  негізін  салушы, 
қазақтың  əдеби  тілін  жаңа  сатыға  көтергенде  ұстанған  негізгі  принцип-

 
 
118
бағыттары,  ақынның  қазақ  əдеби  тіліне  енгізген  басты  жаңалықтары  туралы, 
өлең құрылысына енгізген жаңалықтары. 
 Абайдың қазақ əдеби тілі даму тарихындағы алатын орны туралы қазіргі 
қоғамдық ой-пікірімізде негізгі бір тұжырымы бар, олі Абай - қазақтың қазіргі 
жазба əдеби тілінің ірге тасын қалаушы деген қағида. 
Абай  да  өз  шығармашылығында  қазақтың  ауызша  тарап  келген  байырғы 
əдеби тілін негіз етті, оның барын дамытып, жоғын толықтырды, жаңа сатыға 
көтерді.  Əрине,  Абай  қазақ  əдеби  тілін  жаңа  сатыға  көтергенде,  бұрынғы 
принцип - бағыттардың  күллісін  жоққа  шығарған  жоқ,  керісінше,  ең  басты 
өмірлік белгілерін сақтап, оларды əрі қарай ұстады. Бұл принцип- бағыттардың 
негізгілері мынадайі 
1.  Жалпыхалықтық  сөйлеу  тілін  əрдайым  негіз  етіп  ұстау.  Қазақтың 
ауызша  дамыған  байырғы  əдеби  тілінің  сөздік  құрамы  мен  грамматикалық 
құрылысы осы принцип бойынша дамығандықтан, ол дəуірден дəуірге ауызекі 
сөйлеу нормасына орай өзгеріп отырған. 
2.  Жоғарғы  принципке  қарама-қарсы  жалғастылық  принципі.  Ертеде 
белгілі  бір  кезеңдерде  пайда  болған  көркемдеу  элементтері  үзілмей  сақталып, 
келесі дəуірлерге қайталап келіп, стандарттануы осы принцип бойынша жүзеге 
асады. 
Абай өзіне дейінгі қазақ əдеби тілінің осы екі даму принципін де қолдадыі 
ол  да,  бір  жағынан,  жалпыхалықтық  сөйлеу  тəжірибесінен  негізін  үзбеуді 
кездесе, екінші жағынан бұрыннан келе жатқан дəстүрлі элементтерді де жоққа 
шығармай, барынша пайдалануды мақсат етті.  
 Абайтанушылардың  жазғандарына  қараған  да,  Абай  қазақтың  бай  ауыз 
əдебиетін,  өзіне  дейінгі  жəне  өзімен  тұстас  Арқа,  Жетісу  ақындарын  жақсы 
білген,  тілдеріне  зер  салған. «Сөздері  бірі  жамау,  бірі  құрау»  деп,  сол 
əдебиеттің ең бетке шығар үш өкілі-Бұқар, Шортанбай, Дулатты сынағанымен, 
олардан  көп  үйренген,  бұл  сөзінде  Абай  олардың  өлең  ұйқастарын,  сөз 
қиыстырған ақындығын олқысынбаған, үшеуінің бірдей идеясын, ой кедейлігін 
сынаған. 

 
 
119
Қазақ  өлеңі  бұрын  білмеген  теңеудің,  эпитеттің,  метафораның  жаңа 
түрлерін  Абай  поэзиясында  ғана  кездестіргенімізбен,  олардың  қолданылу 
принциптері  мен  жасалу  техникасы  Абайға  дейінгі  қазақ  өлеңіне  де  тəн 
болатын.  Бұл  шарттан  ақынның  аттап  өтуі  мүмкін  емес.  Бірақ  осылардың 
барлығын жетілдіру, түрлендіру, кеңейту, оларға жаңа сапалық белгі қосу-ұлы 
ақынның,  тіл  дамуында  айрықша  қызмет  еткен  қаламгердің  еңбегі.  Бұл  жерде 
Абай  өзіне  дейінгі  дамыған,  халықтың  эстетикалық-рухани  сұранысын  сан 
ғасыр  бойы  өтеп  келген  қазақ  поэзиясы  тілінің  жалпы  заңдылықтарын  сақтай 
отырып,  қазақ  өлең  сөзіне  орасан  көп  өзгеріс-жаңалықтар  енгізді  деп  кесіп 
айтуға  болады.  Абайдың  қазақ  поэзиясы  тіліне  қосқан  үлесі,  істеген  еңбегі, 
енгізген жаңалықтары ретінде мына тақырыптарды көрсеткен жөн. 
Бірінші,  Абайды  өз  қолтаңбасының  көрінуі.  Ақынның  өз  қолтаңбасын 
сипаттайтын мынадай тілдік фактілерді көрсетуге боладыі 1.Абай қаламына бір 
ұғымды  əр  алуан  тұрғыдан  айқындау,  ол  үшін  дəстүрлі  эпитеттерді  де, 
жаңаларын да пайдалану тəн. Мысалы, ет жүрек, жау жүрек, ит жүрек, ыстық 
жүрек,  ауру  жүрек  дегендерінде  кəнігі  тұрақты  эпитеттерді  жұмсаса,  асау 
жүрек, сұм жүрек, мұз жүрек, жылы жүрек, қырық жамау, жүрек дегендерінде 
жаңа белгілерді тосын эпитеттерді келтіреді. 2. Абайдың өзіне тəн қолтаңбасын 
танытатын  белгілердің  жəне  бірі-экспрессивтік  бояуы  күшті  модальдік  реңкі 
бар сөздерді образ үшін шебер пайдаланады. Мысалы, бір ғана «Болыс болдым 
мінеки» деген өлеңінде Абай болыс, шабарман, пысықтардың портретін жасау 
үшін  далпылдап,  жалпылдап,  барқылдап,  шаңқылдап,  аңқылдап,  тарқылдап, 
қарқылдап,  шыбындап,  жымыңдап  деген  жағымсыз  бейнелі  етістіктерді 
келтіреді. 
 Екінші,  Абай  шығармашылғы  арқылы  қазақ  көркем  сөзінің  лексикалық 
құрамына  өзгеріс  енді.  Ол  өзгерісті  туғызған  екі  нəрсеі  бірі-ақын  жырлаған 
тақырыптар мен шығармаларының жанрлық құрылысы, екіншісі-жаңа образдар 
іздеу.  Абай  ең  алдымен,  қазақ  поэзиясының  тіліне  бұрын  көп  ұшыраспайтын 
лексикалық  топтарды  қатыстырды.  Оның  басты  тақырыбының  бірі-адам, 
адамның  моральдық  бет-бейнесі,  сыртқы  портреті,  іс-əрекеті.  Адамның 
психологиялық күйін білдіретін сөздерді өлең тіліне молынан енгізді. Мысалы, 

 
 
120
сүйіскен жастарды бір-бірімен кездескен кездегі ішкі көңіл-күйлерін дəл беру 
үшін  бұрыннан  жиі  қолданылатын  жүрегі  лүпілдеу,  буыны  босау,  жүрегі 
елжіреу,  жүрек  балқу,  лəззат  алу,  сағыну  тəрізді  тіркестермен  қатар,  суыну, 
ысыну,  елең  қағу,  бас  шошу,  қызару,  сұрлану  деге  сияқты  жай-күй  атауларын 
да пайдаланады. 
Үшінші,  Абай  поэзиясының  тіліне  айқындық  пен  дəлдік  тəн.  Абай 
қолданған  образдардың  басым  бір  тобы  қазақ  халқының  көп  ғасырлық  күн-
көріс  тіршілігінің  негізі-малға  байланысты  болып  келеді.  Еңбексіз  күн  көрісті 
жөн  көретін  замандастарының  жағымсыз  портретін  берудеі  :ш  күн  қолың 
босаса, Бола қалдың бас асау, Не ұрлық, не қулыққа Байланғанда кестің бау деп 
келтірілген  образдары  жылқыға  қатысты.  Абай  өлеңдерінде  күлкіні  мəліш 
саудаға,  алыс-берісті  асық  ұтысқа,  бозбаланы  оңғақ  бұлға,  жапырағынан 
айрылған ағаш-қурайды қайыршы кемпір-шалға баласа, мұндағы мəліш  сауда, 
асық  ұтыс,  оңғақ  бұл,  қайыршы  кемпір  -шал-барлығы  да  өз  тұсындағы  қазақ 
тіршілігіне өте таныс нəрселер. 
Төртінші,  қазақ  поэзиясы  тілінің  даму  барысында  Абай  енгізген  өзгеріс 
жаңалықтардың  ең  бастысы  фразеология  саласында  болды.  Ең  алдымен  ол 
фразеологияны поэтикалық экспрессияның құралы ретінде жұмсауда күшейтті. 
Бесінші,  өлеңге  қатыстырылатын  жеке  сөздерді  таңдауда  Абай  ұсынған 
жəне  бір  амал  сөздік  пен  шығарма  стилінің  сəйкестендірілуі.  Егер  өлең 
суреттеме сипатында болса, оған таңдап алынатын сөздер көбінесе көз алдыңа 
белгілі  бір  картинаны  елестетіндер  болады.  Мысалы, «Қансонарда  бүркітші 
шығады аңға» өлеңі суреттеу мəнеріндегі тұңғыш тамаша үлгі болып табылады. 
Аң аулау картинасын көзге елестетіп беру үшін ақын жанды-жансыз заттардың 
атауларымен іс-əрекет, қимыл аттарын тура мағыналарында жұмсайды. Қыран, 
оның  аспанға  қайқаң  қағып  шығуы,  түлкінің  аузын  ашып  қоқақтап  тұрғаны, 
қанат-құйрықтың төмен қарай құйылғанда, суылдап ысқырғаны т.т. 
Ирония,  сарказм  мəнерінде  жазылған  өлеңдерінде  мысқылдау,  келекелеу 
бояуы  күшті  етістіктердің  шоғырланып  келтірілуі,  құржаң-құржаң  ету, 
тоңқаңдау  сияқты  «картиналы»  сөздердің  де  қолданылуы-Абайдың  шығарма 
стилі мен тілінің үйлесімін сақтағанын танытады. 

 
 
121
Алтыншы,  Абай  қазақ  өлеңінің  құрылысына  да  бұрын-соңды  болып 
көрмеген  жаңалықтар  енгізіп,  бұл  ретте  де  қазақ  поэзиясын  жоғары  сатыдағы 
жазба  əдебиет  қатарына  қосты.  Абай  ең  алдымен  өлеңнің  ұйқас  түрлерін 
көбейтіп,  құбылтты.  Оның  ішінде  абаб  суретті  шалыс  ұйқас  пен 6, 7, I, 14 
тармақты  жаңа  щумақтардың  ұйқас  фигурасы-қазақ  поэзиясында  бұрын 
болмаған  тың  дүниелер.  Сондай-ақ  Абай  өлеңнің  жаңа  өлшемдерін  енгізді. 
Əсіресе  аралас  буынды  тармақтардың  өлшемі  қазақ  поэзиясында  соны  түр 
болды. 
Қазақ  поэзиясында  проза  синтаксисіне  жақын  құрылымды  да  тұңғыш  рет 
Абай  ұсынды.  Мысалы, «қатыны  мен  Масақбай»  өлеңін  тармақтарға  бөлмей 
тұтас  жазсақі  Сырмақ  қып  астына  байының  тоқымын,  отының  басына  төрінің 
қоқымын  бүксітіп,  бықсытып,  қоқсытып,  келтірді  деген  екі-ақ  сөйлем  (ал 
өлеңде  жеті  жол)  болып  оқылар  еді.  Демек  бұл  тармақ  араларында  өлең 
тасымалы қолданылған прозаға жақын құрылым. 
Қорыта  келгенде,  Абай  қазақ  өлеңінің  құрылысына  барлық  жағынан 
өзгеріс-жаңалықтар  қосты  деуге  болады,  осы  арқылы  ол  қазақ  өлеңін  жоғары 
дəрежелі жазба поэзия деңгейіне көтерді.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал