Филология факультеті



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,85 Mb.
#8140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Қазақ тілі түркологияда түркі тілдерінің қай тобына жатқызылады

2. Қазақ тілінің тарихи даму кезеңдерін неше топқа бөліп үйренеміз

3.Түркі бірлестігі дəуіріндегі қазақ тайпаларының тілдік сипаты қандай  
болған

4.Қазақ этнонимі тарихта қай дəуірден бастап белгілі

5.Қазақ халық тілінің бүгінгі сипатының негізі қашан салынды

                 Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1988ж. 
2. Ғ.Мусабаев. Қазақ тілі тарихынан. Алматы, Мектеп, 1988. 
3. Ғ.Айдаров, Ə.Құрышжанов., М.Томанов. Көне түркі жазба  
ескерткіштерінің тілі. Алматы. 

 
 
15
 
Тарихи фонетика, зерттеу обьектілері 
Жоспары: 
1. Тарихи фонетиканың зерттеу обьектісі. 
2. Көне түркі тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстар. 
3. Көне қыпшақ тілі фонетикасы. 
4. Қазақ тілі фонетикалық жүйесінің негізгі ерекшеліктері. 
Тірек  сөздері  тілдің  фонетикалық  жүйесі  туралы,  тарихи  фонетика  тілдің 
фонетикалық жүйесінің құрылымы мен жүйелік заңдылықтарының қалыптасу, 
даму  ерекшеліктерін  зерттейді,  көне  түркі  тілі,  қыпшақ  тілі  фонетикалық 
жүйесінің негізгі ерекшеліктері, фонетика тарауындағы жаңа дыбыстар туралы. 
Тілдің  фонетикалық  жүйесінің  тарихы  немесе  тарихи  фонетика  жеке 
дыбыстардың  немесе  фонетикалық  құбылыстардың  өзгеру,  даму  тарихы  ғана 
емес,  ең  алдымен  фонетикалық  заңдылықтар,  фонетикалық  құбылыстар 
жүйесінің  тарихы  болып  табылады.  Тарихи  фонетика  бүгінгі  тіліміздің 
фонетикалық 
жүйесінің 
құрылымы 
мен 
жүйелік 
заңдылықтарының 
қалыптасуын, даму ерекшеліктерін түсіндіруі қажет. 
Тарихи  фонетика  сөйлеу  тілінің  дыбыстарын,  дыбыстық  заңдылықтарын 
қарастырмайды.  Ол  тек  тілдік  дыбыс  жайлы  ұғымды  негізге  алады,  ал  дыбыс 
жайлы  ұғым  фонетикалық  белгілерді  салыстыра  қорытындылау  барысында 
қалыптасады. Дыбыстық ұғым немесе дыбыс жайлы ұғым тарихи салыстырма 
əдісімен  жəне  іштей  қайта  құру,  реконструкция  əдісімен  туыс  тілдер  мен 
диалектілер  материалдарын  зерттеудің  соңғы,  ақырғы  нəтижесі  болып 
табылады.  Түркология  «тірі»  жəне  «өлі»  тілдерді  тарихи-салыстырма  əдіспен 
зерттеу  арқылы  түркі  тілдері  тарихында  р/з/й,  д/т,  з/й,  ағ/ығ/уғ/ег/іг/у/й 
ауысуларының  болғандығын  анықтаса,  қазіргі  тіл  фактілерін  өзара  салыстыру 
арқылы  қазақ  тілінде  сол  ауысулардың  р/з,  д/й,  к/қ,  у/й  тəрізді  іздері 
сақталғандығын  айқындады.  Ал  мұндай  сəйкестіктер  қазақ  тілінің  көне  түркі 
тіліне,  тіпті  жалпы  алтайлық  тіл  бірлестігіне  қатыс  дəрежесін  көрсетеді. 
Салыстыра  зерттеу,  сондай-ақ  түркі  тілдерінің  өзара  айырым  белгілерін 
айқындаумен  бірге  бір  тіл  мен  екінші  тілдің  байланыс  дəрежесін  ондай 

 
 
16
байланыстардың жеке тілдердің құрылымына ықпалының қандай болғанын да 
айқындайды.  Айталық,  қазақ  тілінде  сөз  басында  айтылатын  ғ,  г,  д,  з  кейде 6 
дыбысы  да  таза  түркілік  құбылыс  еместігі  тарихи  салыстырулар  арқылы  ғана 
белгілі болды.  
Ғылымда  «Орхон-Енисей»  ескерткіштері  дейтін  атпен  белгілі  көне  түркі 
тілінің  фонетикалық  жүйесі  қазақ  тілінде  негізінен  сақталғанымен,  дыбыстық 
құрамда жеке дыбыстардың қолдануында едəуір өзгерістер болғанын көреміз. 
Көне түркі тілінде 8 дауысты дыбыс болған: а, е, ы, і, о, у, ө, ү. Бұлардан 
басқа  Енисей  ескерткіштерінде  бірен-саран  жабық  қысаң  дыбысталатын  е 
дыбысы қолданылған деп есептейді Дания ғалымы В.Томсен. I дауысты дыбыс 
мынадай топтарға жіктелген: ашық дауыстылар: а, е, қысаң дауыстылар: ы, і, у, 
ү, жартылай ашық дауыстыларі о, ө. 
Жасалу орнына қарай жуан дауыстылар: а, у, о, ы. Жіңішке дауыстылар: е, 
ө, ү, і, ерін қатысына қарай езу дауыстылар: а, е, ы, і, ерін дауыстылары: о, ө, у, 
ү сияқты топтарға жіктелген. 
Көне түркі тілінде 16 дауыссыз дыбыс болған. Олар мыналарі б, п, т, д, к-қ, 
г-ғ,  й,  ч,  с,  ш,  з,  м,  н,  ң,  р,  л.  Төрт  дыбысы  к-қ,  ғ-г  екі  дауыссыз  фонеманың 
көрінісі  болған.  Көне  түркі  жазуы  консанаттық  негізде  жасалған.  Жазудың 
дауыссыздарды  белгілейтін  таңбалары,  үш  топқа  бөлінедіі  жуан  дауыстымен 
айтылатын  б,  д,  ғ,  к,  л,  м,  н,  р,  с,  т,  й  жуан  дауыстысымен  де,  жіңішке 
дауыстымен де айтылатын дауыссыздар: м, н. ң, п, ш, ч, з. 
Қазақ  тілінің  негізін  құраушы-қыпшақ  тілі  екені  белгілі.  Қыпшақ  тілінің 
сыпаты  бізге  ең  алдымен  «Кодекс  Куманикус»  арқылы,  Египеттік  мамлюктер 
тілінің ескерткіштері арқылы белгілі. Сол ескерткіштер материалдары бойынша 
көне қыпшақ тілі фонетикасы төмендегідей: дауысты дыбыстарі а, е, о, ө, ы, і, 
у, ү, яғни сегіз дауысты дыбыс қолданылған.  Көне қыпшақ тілі сингорманизм 
заңдылығын  қатаң  сақтаған  тілдің  бірі.  Қыпшақ  тілінің  вокализмі  жөніндегі 
үлкен  ерекшелігі:  ғ,  г  дыбыстарының  түсіп  қалуы  немесе  у,  и  дыбыстарына-
дифтонглерге  айналуы.  Бұл  ерекшелік  қыпшақ  тілін  қазақ  тіліне  тығыз 
байланыстыратын белгіл. 

 
 
17
Қыпшақ тілінде мынадай дауыссыздар қолданылғані б, г, ғ, д, з, к, қ, л, м, 
н,  ң,  п,  р,  с,  т,  ч,  ш,  ж,  в,  й,  х,  һ,  ф.  Қыпшақ  тілі  «жаңалығы»  ж,  х,  һ,  ф 
дыбыстары көне түркі тілінде қолданылмаған. 
Қазақ  тілі-қыпшақ  тобындағы  тілдер  тобына  жатады.  Ал  қыпшақ 
тобындағы  тілдердің  қарлұқ,  оғыз  тобындағы  тілдерден  фонетикалық  негізгі 
айырмашылықтары  мынадайі 1. 8-9 дауысты  дыбыс  бар,  ы,  і,  у,  и  дыбыстары 
түрлі  мəнерде  айтыладыі  татар,  башқұрт  тілдерінде  бұл  дыбыстар  қазақ, 
қарақалпақ,  ноғай  тілдеріндегі  сондай  дыбыстарға  сəйкес  келе  бермейді. 2. 
Аффикстер  құрамында  еріндік  дауыстылар  айтылмайды. 3. Сөз  құрамындағы 
еріндік  үндесу  əлсіз,  сондықтан  жазуда  ескерілмейді. 4. Созылыңқы 
дауыстылар  жоқ.  Екінші  топқа  жататын  созылыңқылар  орнына  қыпшақ 
тілдерінде дифтонгілер айтылады. 5. Көне түркі тіліндегі ғ, г дауыссыздары мен 
дауыстылардың тіркесі орнына өзгерген жаңа тіркестер (ау, ой, ыу, ей, үй, үу, 
ұу) қолданылады. 6. Көптеген тілдерде сөз басында айтылатын қатаң п орнына 
ұяң б айтылады, бірақ жіктеу есімдіктері м, б дыбыстарымен мен, бен түрінде 
дыбысталады. 7. Сөз басында қатаң қ, к, т дауыссыздары жиі қолданылады. I. 
Сөз басында й, ж, дж дыбыстары жарыса қолданылады. 
Қазақ  тілінің  тек  өзіне  тəн  ерекшеліктер  мыналарі 1. Фузияда  л-д-т 
сəйкестігі бар. 2. Сөз басында айтылатын й-ж, дж сəйкестігінен қазақ тілінде ол 
позицияда ж дыбысы айтылады. 3. Сөз басында тек с дыбысы айтыладыі тас. 4. 
Қазақ тілінде ш қарлұқ тілдеріндегі ч дыбысына сəйкес, с дыбысы ш дыбысына 
сəйкес  қолданылады. 5. Сөздің  абсолют  басында  ұяңдардан  гөрі  қатаңдар  жиі 
қолданылады. 6. Интервокал  позицияда  т,  қ,  к  дыбыстары  ұяңдайды,  бірақ 
қазақы, қалмақы тəрізді сөздер құрамында ұяңдамай қатаң сыпаын сақтайды. 
Қазақ  тілі  фонетикалық  жүйесінің  бірақ  ерекшеліктері  əр  түрлі  дəуірде 
басқа  мəдениеттермен,  тілдермен  байланыста  болудың,  əр  түрлі  қарым-
қатынасқа түсудің нəтижесі іспеттес қалыптасқан. Ондай жолмен қалыптасқан 
ерекшеліктердің  бастылары  мыналарі 1. араб-парсы  тілдерінің  ықпалымен 
сөздің абсолют басында, бірінші буында з, ғ, г, ə дыбыстары айтылатын болды. 
2.  Біздің  заманымыздың  алғашқы  жылдарында-ақ  Еділ,  Жайық  төңірегінде 
мекендеген  қазақ  тайпаларының  Шығыс  славяндармен-орыстармен  қарым-

 
 
18
қатынасының; XVII ғасырда  Қазақстанның  Россия  қол  астына  кіруінің 
нəтижесінде  орыс  тілінің  қазақ  тіліне  əсері  күшейді.  Мұның  нəтижесінде 
қалыптасқан ерекшелікі электр, элеватор сөздері орнығу э дыбысы орнықты. Г, 
з  дыбыстарынан  басталатын  сөздердің  аумағы  кеңейдіі  зал,  заман,  зоотехник, 
газ, т.б. В, ф, х, ц, ч, щ дауыссыздары осы дыбыстар айтылатын сөздермен бірге 
келіп орнықты. Жалпы, алтайлық консанантизм қазақ тілінде біраз өзгерістерге 
ұшыраған сыпатында орныққан. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.Тарихи фонетиканың зерттеу обьектісіне нелер кіреді

2.Ескі түркі тілінің фонетикалық сипаты қандай болған

3. Қыпшақ тілінің фонетикалық ерекшеліктері қандай

4.Қыпшақ тобындағы тілдердің басқа топтар тілдерінң  
фонетикалық жүйесінен қандай ерекшеліктері бар

5. Қазақ тілі фонетикасының тек өзіне ғана тəн ерекшеліктері қандай

                             Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1988. 
2. Ғ.Мусабаев. Қазақ тілі тарихынан. Алматы, Мектеп, 1988I. 
 
Дауысты дыбыстар жүйесінің даму жолдары 
Жоспары: 
1. Дауыстылар жүйесі дамуының ерекшеліктері. 
2. Жеке дауысты дыбыстардың тарихы. 
Тірек 
сөздері 
Дауысты 
дыбыстардың 
тарихи 
топтастырылуы, 
Ж.Аралбаевтың  дауыстылар  жүйесі  дамуын  үш  кезеңге  бөліп  көрсетуі,  тілдің 
дамуы барысында жаңадан келіп қосылған дауысты дыбыстардың тарихы, жеке 
дауысты дыбыстардың қолданылу жүйесіндегі тарихи өзгерістер туралы.  
 
Дауысты  дыбыстар  мына  төмендегідей  топтарға  жіктеледіі 1. 
Дауыстылардың ашық жəне  қысаң түрлері. Бұл  дыбыстау мүшелерінің ашылу 
дəрежесіне  негізделеді.  Артикуляциялық  мүшенің  ашылу  дəрежесіне  сай 
дыбыстардың  естілуі  екі  түрліі  а,  е,  о,  ө, -ашық  дауыстылар,  ү,  ұ,  ы,  і-қысаң 

 
 
19
дауыстылар.  Бұл  топтар  қазіргі  түркі  тілдерінің  бəріне  дерлік  тəн. 2. 
Дауыстылардың  жуан  жəне  жіңішке  топтары  дыбыстың  айтылу  тонының 
көтеріңкі  не  бəсең  болуына  негізделеді.  Бұл  принцип  бойынша  дауысты 
дыбыстар бір-бірінен пар болатын екі топқа бөлінедіі а, о, ұ, ы-жуан, е, ө, ү, і-
жіңішке  фонемалар. 3.Дауыстылардың  еріндік-езулік  топтары.  Еріндік 
дауыстылар  түркі  тілдерінің  барлығында  кездескенмен,  көпшілік  тілдерде  сөз 
ішінде  бірінші,  екінші  буындарда  аспайды.  Қазіргі  қазақ  əдеби  тіліндегі 
дауысты фонемалар мыналарі а, е, ы, і, ө, о, ұ, ү. 
Қазақ  тілі  дауыстылар  жүйесінің  дамуын  доцент  Ж.Аралбаев  үш  түрлі 
кезеңге  бөліп  қарайды.  Ол  кезеңдер  мыналарі  көне  түркі  кезеңі,  орты  түркі 
кезеңі жəне жаңа түркі кезеңі. Көне түркі кезеңінде Ж.Аралбаевтың айтуынша 
түбір  сөз  бір  дауысты  фонемадан  (г)  дауысты  жəне  дауыссыз  фонемалардан, 
дауыссыз  -дауысты-дауыссыз  фонемалардан  құрылған.  Сөйтіп  бұл  кезеңде 
фонетикалық  буын  лексика-грамматикалық  морфемамен  сəйкес  болған.  Соған 
орай  үш  дауысты  фонемаі  а,  ы,  у  болған.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  байырғы 
сөздердің  де  басым  көпшілігі  осы  дауысты  фонемалармен  айтылады.  Осы 
кезеңде дауыстылардың еріндік-езулік жіктелуіне негізделген қосарлы түбірлер 
де  (сарт-сұрт)  қалыптаса  бастайды.  Ал  мұндай  түбірлердің  қалыптасуы 
дауыстылар гармониясы заңдылығының басталуы еді. Орта ғасырда жоғарыда 
аталған  дауыстылар  негізінде  жаңа  е,  і,  ү  дауыстылары  келіп  шықты.  Сөйтіп, 
түркі  тілдері  вокализмнің I дауыстыдан  тұратын  жүйесі  қалыптасса  керек. 
Зерттеушілер  о,  ө  дауыстыларын  түркі  негіз  тілінің  құрамында  болған 
дауыстылар  деп  қарайды.  Ой,  оқ,  ол,  он,  өң,  өр,  өс,  өт,  өш  тəрізді  сөздер 
құрамындағы  о,  ө  дыбыстарын  этимологиялық  деп,  яғни  олардың  құрамында 
түркі негіз тілі дəуірінен-ақ айтылған деп қарайды.  
XV-XVI  ғасырлар  арасында  дауыстылар  жүйесі  Ə,  й,  у  дыбыстарымен 
толығады.  Ə  дауыстысы  шығыс  тілдерінің  ықпалының  нəтижесі  болса,  у,  и 
дыбыс  қосындылары  тіл  құрамында  болған  дыбыс  өзгерістерінің  нəтижесі. 
Сонымен  бір  буынды  түбір  құрамындағы  немесе  сөздің  басқы  буынындағы 
дауысты  дыбыстар  ғана  фонетикалық  тұрғыдан  тұрақты,  сөз  мағынасын 

 
 
20
айырушы  элемент  болады  да,  қалған  буындардағы  дауыстылар  соған 
бағынышты болып, бейтарап қалады. 
Қазіргі  қазақ  тілінде  сөздің  басқы  буынында  айтылмайтын  дауысты 
фонема жоқ деуге болады. 
Түбір  сөз  құрамындағы  дауысты  фонемаларды  көне  түркі  тіліндегі 
дыбыстар  тобымен  салыстырғанда,  көзге  оқшау  көрінетін  фонема-ə. V-VIII 
ғасыр  жазбаларының  тілінде  де,  орта  ғасырдың  алғашқы  кезеңдеріне  қатысты 
жазбаларда  да  мұндай  фонема  ұшырамайды.  Қазақ  тілінің  фактілеріне 
қарағанда ə фонемасы түркі тілдерінің əсерімен қалыптасты дейтін пікір дұрыс 
болса  керек.  Араб,  парсы  тілдерінің  өзінде  ғ,  х  немесе  соларға  жақын 
дыбыстардан  басталатын  сөздер  қазақ  тілінде  ə-ден  басталып  айтылып 
қалыптасқан.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  Əкім,  Əлі,  Əли  т.б.  сөздердің  шығыстық 
нұсқасына жақын түрі Хəкім, Ғали. Бұл пікірдің дұрыстығына тағы бір себеп-
бұл фонема қазақ тілінде тек сөздің басқы позициясында ғана айтылады.  
У,  и,  ұ,  ү,  о,  ө  дыбыстарының  тарихы.  Су,  бу,  келу,  кету  сөздерінің 
құрамындағы  у  дыбысын  қазақ  тілі  грамматикасында  дифтонг  дыбыс  деп 
қарайды.  Қазіргі  тілдің  материалдарын  салыстырып  қарайықі  хакасі  сұғ,  тува, 
шорі суг, башқұрті хыу, қазақі су, қырғызі суу т.б. Бұл фактілерден мына дыбыс 
сəйкестігін  көруге  боладыі  уғ//ыу//уу//у.  Сонда  қазақ  тілінде  уғ/у  өзгерісі 
болған.  Сондай-ақ  қазақ  тіліндегі  елу  сөзін  көне  түркі  тіліндегі  елліг  сөзімен 
салыстырғанда  да  іг
>у  сəйкестігі  байқалады.  Сонымен  у  дифтонг  дауыстысы 
көне  түркі  тілінде  қолданылған  уғ  (кейде  іг)  дыбыс  тіркесі  негізінде 
қалыптасқан  болып  шығады.  Осыны  и  дыбысы  туралы  да  айту  керек.  Көне 
түркі тілінің фактілерін салыстырып қарайықі йығ-жи, йығыл-жиыл т.б. Қазіргі 
түркі  тілдерінің  материалдары  да  осыған  ұқсасі  шорі  пег,  басқа  тілдердеі  бег 
(бек, қазақ тілінде бек//би). Мұнда мынадай дыбыс сəйкестігі көрінедіі ығ//ег-и 
(ій).  Сонымен  қазақ  тіліндегі  у,  и  дыбыстары  о  баста  дауыстылар  мен  ғ,  г 
дауыссыздары тіркесінің қазіргі жалғасы болып табылады.  
И  дифтонг  дыбысының  қазіргі  тілде  монофтонгіге  айналу  процесі  де 
байқалады.  Н.Жүнісов,  С.Омарбеков  Шымкент,  Ташкент,  Шу  алқабы 
тұрғындарының  тілінде  ый,  ій  қосар  дыбыстарының  ы,  і  түрінде 

 
 
21
қолданылатынына  мынадай  фактілер  келтіредіі  қымыл-қимыл,  əр  қылы-əр 
қилы,  ықтымал-ықтимал,  пығыл-пиғыл  т.б.  Зерттеушілер  көбінесе  бұндай 
сөздер  басқа  тілдерден  ауысып  орныққанын  атап  өтеді.  Дегенмен,  аталып 
отырған құбылыс халық тілінде пайда болғандығы анық. 
Қазақ  тілінде  дауыстылардың  ішінде  оқшау  тұратын  дыбыстың  бірі-у. 
Түркі  негіз  тілінде  сөздің  абсолют  басында  у  дауысты  дыбысы  болғандығын 
қазіргі  тарихи  тюркология  дəлелдейді.  Түркі  салыстырмалы  тарихи 
фонетикасының  авторлары  у  дыбысынан  басталған  деп  он  сөз  келтіредіі  у 
(ұйқы), у (ұсақ), удз (ұй-қас), уқ (ұқ), ул (ұлтан), ур (үр), ут (ұт), уч (ұшы), уч 
(ұш).  Бұл  сөздер  қазақ  тілінде  ұ  дыбысынан  басталады.  Көне  түркі  тілінде 
сөздің басқы буынында айтылған у дыбысы қазақ т.б. қыпшақ тілдерінде қысқа 
айтылатын о мен у немес у мен ы арасында естілетін жуан дауыстыға ауысқан. 
V-VIII  ғасыр  жазбалары  тіліндеі  қул  (құл),  уйа  (ұя),  уруш  (ұрыс).  МҚі  улуғ 
(ұлығ),  уйат  (ұят), «Түрікше-арабша  сөздік»  қулағ  (құлақ),  қулан  (құлан)  т.б. 
Бұл  фактілерге  қарағанда  қазақ  тіліндегі  сөз  басында  айтылатын  ұ-ның  арғы 
түбі көне түркілік осы позициядағы у дыбысы болады. 
Қазақ  тілінде  сөз  басындағы  ұ  дыбысы  көне  түркілік  оғ,  уғ,  ығ  дыбыс 
тіркестеріне  сəйкес  келедіі  оғлан  (ұлан),  оғул  (ұл),  оғры  (ұры)  т.б.  Көне  түркі 
жазбаларының  тілінде  оғша,  оқша  мағыналас  сөздері  кездеседі.  Қазақ  тілінде 
осының  екеуі  де  сақталғані  ұқса,  оқса.  Бұл  фактілер  көне  түркілік  о  қазақ 
тілінде кейбір реттерде ұ-ға сəйкес келгендігін көрсетеді. 
Сөздің  абсолют  басында  не  бірінші  буында  айтылатын  ө,  ү  дыбыстары 
көне  түркі  тілінің  осындай  позицияда  қолданылатын  дыбыстарына  сəйкес 
келедіі өч-өш, өкүн-өкін, өлүт-өлік т.б. Қыпшақ тобындағы тілдер ішінде көне 
түркілік ө дыбысы ү-ге керісінше, көне түркілік ү дыбысы ө-ге сəйкестігі келіп 
шығадыі көл-күл, көз-күз, күн-көн. Мұндай процестің кейбір іздері қазақ тілінің 
жеке фактілерінен де байқалады. Көне түркі тіліндегі өгір, өгіз сөздері қазақша, 
үйір, өзен түрінде орныққан. 
Қазіргі түркі тілдерінің құрамында а-ның жуан ы-ға сəйкестігі ұшырасады. 
Тайпа тілдері біртұтас тілге ұласу барысында сөздің бір позициясында екі түрлі 
дыбыстың  жарыса  қолданылуы  болды  да,  кейін  сол  екеуінің  бірі  басым 

 
 
22
қолданылатын  болып  қалыптасады.  Соның  нəтижесінде  көпшілік  тілдерде  а 
орнықты да, ызғана тілдерде ы орнықты. Сонымен бірге ы дыбысы дамуының 
екінші  бір  жолы  да  бар  у
>ұ>ы.  Бұл  мына  тəрізді  фактілермен  дəлелденедіі 
турна-тұрна-тырна.  Сөйтіп  бұл  реттегі  ы  делабиализация  (еріндіктердің 
езулікке  айналуының)  процесінің  нəтижесі  болып  шығады.  Бұл  дыбыстың 
жіңішке  варианты-і.  Қазақ  тілінде  і  көп  реттерде  көне  түркілік  осындай 
дыбыстың  жалғасы,  соның  орныққан  түрі  деп  қарауға  болады.  Көне  түркі 
тіліндегі  іш,  іште,  бір  сөздері  құрамындағы  і  дыбысы  қазақ  тілінде  сол 
сапасында қалғані іс, істе бір түрінде дыбысталады. 
V-VIII ғасыр жазбалары тілінде е-і сəйкестігі болған. Бір ғана сөз бірде е, 
бірде  і  дауыстысымен  айтылған.  Мұның  өзі  əлгі  екі  дыбыстың  бір  буынды 
сөздер  құрамында,  тайпа  тілдерін  бір-бірінен  ерекшелейтін  белгі  болғанын 
көрсетеді. Қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде, айталық, башқұрт тілінде түркілік 
е  дыбысы  өзгеріске  түсіп,  қысаңға  айналған,  басқа  тілдерде  е-мен  келетін 
сөздер  қысаң  і-мен  ғана  айтылады.  Ал  қазақ  тілінде  е  дыбысы  сақталған, 
қысқармаған.  Е-і  сəйкестігі  қазақ  тілінде  кей  сөздер  құрамынан  байқаладыі 
керпіш-кірпіш, зерек-зійрек. 
Қазақ  тілі  вокализмі  құрамындағы  «жаңа»  дыбыстар  қатарына  тыл, 
станция,  электр  сөздерінің  құрамындағы  ы,  и,  э  дыбыстарын  да  жатқызуға 
болады.  Сөйлеу  нормасында  кейде  қазақ  тілінің  байырғы  ы,  и,  е  фонемалары 
мен  бұлардың  арасында  көп  өзгешелік  байқалмайды.  Алайда,  екінші  жағынан 
əлгі  сөздер  құрамындағы  ы,  и,  э  қазақ  тілінің  осыған  жақын  дыбыстарымен 
бірдей  емес.  Басты  ерекшелігі-ы,  и,  э  дыбыстарының  фонемалық  мəні  тек 
осындай  сөздер  құрамында  ғана  көрінеді.  Басқа  ыңғайда  бұлар  фонема  бола 
алмайды.  
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.Дауысты дыбыстардың  тарихи топтастырылу жүйесі қандай

2.Қазақ тілі дауыстылар жүйесін доц. Ж. Аралбаев қандай кезеңдерге бөліп  
қарастырған

3.Көне түркі кезеңінде актив қолданылған дауысты дыбыстар қайсылар

4. Басқа тілдердің ықпалы нəтижесінде вокализм жүйесіне келіп қосылған  

 
 
23
дыбыстарды атап көрсетің. 
5.Жеке дауысты дыбыстардың қалыптасуы мен даму     жүйесіндегі негізгі 
ерекшеліктерге сипаттама берің. 
             Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы,1999 
2.  Ғ.Мусабаев. Қазақ тілі тарихынан. Алматы, Мектеп, 1988. 
3. Ғ.Айдаров, Ə.Құрышжанов, М.Томанов. Көне түркі жазба  
ескерткіштерінің тілі. Алматы.  
4. С.Аманжолов. Вопросы диалектологии и историй казахского языка.  
Алматы.1990г. 
 
Дауыссыз дыбыстар жүйесінің тарихы 
Жоспары: 
1. Сөз басындағы дауыссыз дыбыстар. 
2. Дауыссыздар жүйесіндегі тарихи өзгерістер. 
3. Жеке дауыссыз дыбыстар тарихы. 
Тірек  сөздері  Дауыссыз  дыбыстар  жүйесінің  топтастырылу  принциптері, 
дауыссыз  дыбыстардың  қолданылу  жүйесіндегі  тарихи  өзгерістер,  жеке 
дауыссыз дыбыстардың  қалыптасу, даму жүйесіндегі негізгі ерекшеліктер.  
Жалпы  түркілік  консанантизм  мынадай  принциптер  бойынша  əр  түрлі 
топтарға  жіктеледіі  жасалу  орнына  қарай  (еріндік,  тіс,  тіс-ерін,  тіл  арты,  тіл 
алды, көмей, тіл ортасы), дауыстың қатысына қарай (үнді, ұяң, қатаң), айтылу 
жолына қарай (шұғыл, ызың). 
Түркі  тілдерінің  тарихи  фонетикасын  зерттеушілер  сөз  басында 
дауыссыздардың қолданыла бастауын түпкі негіз тілінің жеке тілдерге ыдырау 
дəуірінде пайда болған деп есептейді. Сөздің абсолют басындағы қатаңдардың 
ұяңдануы, сөйтіп бұл позицияда ұяң дыбыстардың пайда болуы қатар айтылған 
екі  сөздің  алдыңғысының  соңғысына  əсері  деп  қаралады.  Қалайда  сөздің 
абсолют  басында  қатаң  дыбыстардың  айтылуы  түркі  тілдері  тарихында  өте 
көне ежелгі құбылыс. 

 
 
24
Түркі негіз тілінің соңғы дəуірінде, оның жеке тілдерге ыдырау дəуірінде 
болған  өзгерістер  қатарына  т
>д,  қ>ғ,  к>г  ауысулары  да  жатады.  Фонетикалық 
өзгерістердің  нəтижесінде  сөз  басында  тек  қатаңдар  ғана  емес,  б,  м  кейбір 
тілдерде ғ, г дыбыстары да қолданылатын болды. 
Сөздің  абсолют  басындағы  қатаң  дауыссыздардың  ұяңдануы  орта 
ғасырларда-ақ орныққан құбылыс. Оған дəлел М.Қашқари сөздігінде кездеседі. 
Қашқари  батысқа  қарай  орналасқан  тайпалар  тілінде  ұяң  дауыссыздардың 
қолданысын  көрсетеді.  Мұның  бəрі  қазақ  тілінің  дербес  халық  болып 
қалыптасуына  дейін  болған  өзгерістер.  Қияр  шығысқа  орналасқан  түркі 
халықтары  тілдерімен  салыстырғанда,  қазақ  тілінде  кейбір  қатаңдардың 
ұяңдануы  байқалады.  Мысалы,  қазақ  тілінде  бау,  балық,  бес,  балта  сөздері 
хакас, шор тілдерінде қатаң п дыбысымен айтылады. 
Қазіргі  тілдің  фонетикалық  жүйесін  тарихи  тұрғыдан  барлағанда,  тілдің 
даму  барысында  конвергенция  процесі,  яғни,  өзгерістер  нəтижесінде 
фонетикалық  бірыңғайлану  орын  алғандығы  көрінедіі  байла,  киім,  жай,  тайа 
сөздердің  й  дыбысымен  айтылуы  тіл  дамуының  барысында  о  баста  əр  түрлі 
дыбыстардың  өзгеріске  түсу  нəтижесі.  Екінші  сөзбен  көне  түркі  дəуіріндегі 
түркі  тілдерінің  бірсыпыра  дыбыстары  қазақ  тілінде  й  дыбысына  айналған. 
Сөйтіп,  бірнеше  фонеманың  бір  фонема  арқылы  берілуі  орын  тепкен.  У,  з 
дыбыстары  туралы  да  осыны  айтуға  болады.  Екінші  жағынан,  жоғарғы 
дыбыстардың  қалыптасуы  бірсыпыра  сөздердің  фонетикалық  дивергенцияға 
ұшырауына  да  себеп  болған.  Оны  қазақ  тілінде  жаз-жай,  бақ-бау,  семір-семіз, 
тіз-тер,  сый-сық  т.б.  сөздер  құрамындағы  з-й,  қ-у-р-з,  қ-й  дыбыс 
сəйкестіктерінен көруге болады. 
Дауыссыз  дыбыстар  құрамында  болған  бұл  өзгерістердің  қайсысы  да 
грамматикалық  тұлғаларға  да  ықпалын  тигізді.  Бір  кезгі  бір  сыпатты,  бір 
вариантты  тұлғалардың  кейбірінің  қазіргі  тілде  бірнеше  вариантта  ұшырасуы 
соның нəтижесі. 
Көне  түркі  тілінде 16 дауыссыз  дыбыс  болған.  Қазақ  тілінде  дауыссыз 
дыбыстар  саны  бұдан  əлдеқайда  көп.  Көне  түркі  тілі  дауыссыздарының 
қолданылу позициясы қазақ тілі дауыссыздарымен бірдей бола бермейді.  

 
 
25
Қ,  к  дауыссыздары  түркі  негіз  тілі  құрамында  қолданылған.  Бұл  жағдай 
қыз,  қара,  кес,  кір,  кел  тəрізді  байырғы  сөздердің  басында  айтылуымен 
дəлелденеді.  Бұл  сөздер  көне,  қазіргі  түркі  тілдерінің  барлығында  осы 
сыпатында қолданылады.  
Көне  түркі  тілінің  қ  дауыссызы  сөз  басында  қазақ  тілінде  өз  сапасын 
сақтаған.  Бірақ  тіл  дамуының  барысында  сөз  ортасындағы  қ  элизияға 
ұшыраған. Оның кейбір іздері қазақ тілінде де кездеседіі тарқау-тарау, уқалау-
уалау т.б. 
Көне  түркі  тілінде  сөздің  абсолют  басында  ғ,  г  дауыссыздары 
жұмсалмаған. Бірақ сөз соңында жиі айтылғані аңдағ, тег т.б. Қазақ тіліндегі ғ, 
г дыбыстарымен салыстырғанда едəуір айырмашылық байқалады. Ең алдымен 
қазақ  сөздерінің  басында  ғ,  г  дыбыстары  айтыладыі  гүл,  ғашық  т.б.  Сөз 
ортасында  айтылған  ғ  дыбысы  қазақ  тілінде  у-ға  айналғані  ағыр-ауыр,  ағуз-
ауыз,  ағна-ауна  т.б.  Кейбір  сөздерде  ғ-ның  й-ге  ауысуы  да  байқаладыі  бағла-
байла, йығыл-жыйыл. Бұның үшінші бір көрінісі едəуір сөздердің құрамында ғ 
түсіп қалғані буғра-бура, буғдай-бидай. 
Көне  түркілік  г  дыбысы  да  осыған  ұқсас  өзгерістерге  ұшыраған.  Сөз 
ортасындағы  г  көп  жағдайда  қазақ  сөздерінің  құрамында  й-ге  ауысқан.  Көне 
түркі ескерткіштері тіліндегі йігне, көгле, өгрен, түгме т.б. сөздері қазақ тілінде 
ине, күйле, үйрен, түйме болып айтылады. Алайда көне түркілік г мен айтылған 
сөздер сол қалпын сақтап қалуы да барі йігіт-жігіт, көгер, өгүт-үгіт. 
Л, р дыбыстары тарихи тұрақсыз деп аталатын топқа жатады.Л дыбысы сөз 
ортасында,  сөз  соңында  түсіп  қалады.  Қазақ  тілінде  мынадай  фактілер 
кездеседіі апкел-алып кел, апар-алып бар. Қазақ тілінде отыр етістігі осы күйіне 
л дыбысының түсіп қалуы арқылы келгені де белгілі. Ал, бол, тол, қыл тəрізді 
сөздер құрамындағы л түркі негіз тілі дəуірінен келе жатқан құбылыс. 
Р  дыбысы  түсіріліп  айтылатын  сөздер  қазақ  тілінде  аса  көп  емесі  беркіт-
бекіт.  Тарихи  тұрғыдан  р  дыбыс  түсіріліп  айтылатын  сөздер  көп  кездеседі. 
Мысалы,  түрікмен,  азербайжан  тілдерінде  аслан,  қазақша-арыстан.  Осы  ізбен 
ала+туру
>аладур>ала-ды формуласы əбден дəлелденеді. 

 
 
26
Тарихи тұрғыдан орны тұрақсыз дыбысы деп н дыбысы да айтылады. Бұл 
жерде еске алатын факт-қазіргі көмектес септікке негіз болған бірлен шылауы 
екі  вариантта  айтылғані  бірлен-білен,  ілен  жəне  бірле-біле-іле,  яғни  бір 
варианты  н  -сыз  айтылған.  Н  дыбыс  түркі  негіз  тілінде  сөз  басында  біренн-
саран сөздер құрамында ғана айтылған. 
Көне,  жаңа  түркі  тілдерінде  сөз  басында  айтылмайтын  дыбыс-ң.  Бұл 
дыбыс  көбінесе  сөз  ортасында,  соңында  ғана  айтылады.  Түркі  тілдерінің 
тарихын зерттеушілердің көпшілігі сөз ортасындағы ң дыбысын нг (нғ) дыбыс 
тіркесінің  жаңа  көрінісі,  соның  фонетикалық  ықпалдасуының  нəтижесі  деп 
қарайды. 
Көне  түркі  тіліндегі  т  дыбысы  сөз  басында  да,  ортасында  да,  аяғында  да 
жұмсалған.  Дегенмен  кейінгі  даму  барысында  бірсыпыра  тілдерде,  əсіресе, 
оңтүстік  тілдерінде  (азербайжан,  түрікмен,  түрік)  сөз  басында  т,  д  -мен 
алмасқан. Қазақ тілінде т сөздің барлық позициясында да ұяңдамайды.  
Көне  түркі  тілінде  б  дыбысы  сөз  басында  айтылған  да,  осы  позицияда  п 
дыбысы  жұмсалмаған.  Қазіргі  тілдерде  сөз  басында  п  келетін  орындарда  көне 
түркі тілінде б айтылған. Ежелгі ескерткіштер тілінде б дыбысы азғана сөздің 
абсолют  соңында  да  айтылған.  Бірақ  бұл  жай  орнықпаған,  бірде  түсіп  қалса 
(субсу),  бірде  қатаң  п-ға  айналған  (саб-сап-сөз  саптау),  енді  бірде  басқа 
дыбысқа айналғані себ-сүй. 
Көне түркі тілінің с дыбысы қазіргі қазақ тілінде сөздің барлық шенінде де 
сақталған.  Бірақ  қазақ  тілінің  құралу  процесінде,  сондай-ақ  даму  барысында 
дыбыстардың үндесу заңдылығының əсерімен сөз басындағы с дыбысы кейбір 
сөздер  құрамында  ш  дыбысына  айналып  кеткендігін  көремізі  шаш  (зат  есім), 
шаш (етістік) сөздерінің бас шеніндегі ш дыбысы соның əсері. Басқа тілдердеі 
көне түркі, ұйғыр, түрік, түрікмен-сач. 
Сөз  басында  с  дыбысының  орнына  ш  дыбысын  айту  түркі  негіз  тілінің 
соңғы  дəуірлеріне  қатысты  құбылыс.  Олай  болса,  қазіргі  тілдегі  сап,  сұңқар, 
сығыр,  сол  тəрізді  сөздердің  басында  айтылатын  с  дыбыс  түркі  негіз  тіліне 
дейінгі  дəуірлерден  бізге  жеткен  қолданыс.  Сөз  ортасындағы  көне  түркілік  ш 
қазақ тілінде түгелге дерлік с дыбысына айналып кеткен. 

 
 
27
Ал көне түркілік ч қазіргі түркі тілдерінде əр түрлі орныққані қазақ-шын, 
татар-чын,  хакас-сын.  Сөйтіп,  түркі  тілдерінде  ч-ш-с  сəйкестігі  келіп  шығады. 
Қазақ  тілінің  өз  топырағына  тəн  екі  аффрикат  дыбыс  барі  дж,  ч.  Алайда  бұл 
екеуі  де  говорлар  құрамында  ғана  сақталған.  Ч  африкаты  көне  түркі 
жазбаларында  өте  жиі  қолданылған  дыбыс.  Көне  түркілік  ч  дыбысының 
жалғасы  деп  осыдан  бұрын  айтылғандай  сөз  басындағы  ш-ны  айтуға  тура 
келеді. 
Қазақ  тіліндегі  ж  қазіргі  түркі  тілдерінің  бірсыпырасында  сөз  басында 
айтылатын й-дің, сондай-ақ көне түркілік й-дің көрінісі. Кейбір ғалымдар көне 
түркі  тілінде  ж  дыбысы  болмаған  деп  есептейді.  Бұл  пікірдің  авторлары  сөз 
басындағы ж-ның өзгерісін былай түсіндіредіі й
>дж>ж. Алайда көне ұйғыр тілі 
ескерткіштерінде  жалаң  ж  да,  аффрикат  дж  да  бар.  Соған  орай  Малов  ж,  дж 
дыбыстары  й-ге  қарағанда  ескі  болу  керек  дейтін  пікір  айтады.  Түркі  негіз 
тілінде болған дауыссыз дыбыс бір буынды сөздің басында қазақ тілінде ж-ға, 
тува, хакас, шор тілдерінде ч-ге айналғані қазақ-жаз, тува-час, чуваш-сур, якут-
сас. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет