Филология факультеті



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,85 Mb.
#8140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. ХVIII ғасырдағы қазақ халқының қоғамдық-экономикалық жағдайына  
сипаттама берің. 
2.  Аталған  дəуірдегі  қазақ  əдеби  тілінің  сипатын  көрсететін  тілдік 
нұсқаларды атап көрсетің. 
3. ХVIII ғасырдағы  қазақ əдеби тілінің лексикалық құрамы қандай болды

4. Қазақ əдеби тіліне сол дəуірде енген қандай кірме сөздерді білесіз

5. Əдеби мұралар тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне нелер жатады

                 Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Р.Сыздықова. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993. 
2. М.Балақаев, Р.Сыздықова, Е.Жанпейісов. Қазақ əдеби тілінің тарихы.  
Алматы 1990ж.  
3. С.Исаев. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989. 
4.  Қазақстан  ҒА.  Тіл  білімі  институты.  Авт.  Колл.  Қазақ  əдеби  тілінің 
тарихи көздері. Алматы, 1989. 
 
ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы əдеби тілдің лексикасы 
Жоспары: 
1. ХIХ ғасыр бірінші жартысындағы қазақ əдеби тілін танытатын үлгілер. 
2. Қазақ əдеби тілінің лексикалық құрамы. 
3. Кірме сөздердің сипаты. 
4. Сөз тудыру тəсілдерінің нормалануы. 
Тірек  сөздері  ХIХ  ғасырдағы  қазақ  халқының  қоғамдық-əлеуметтік 
жағдайы,  қазақ  əдеби  тілін  танытатын  үлгілер,  сөздік  құрамның  сипаты,  төл 
сөздер,  араб-парсы  тілдерінен  енген  сөздер,  орыс  тілінен  енген  сөздер,  сөз 
тудырудың  тəсілдері. 
ХIХ  ғасыр  бірінші  жартысында  қазақ  жерінде  оқу-ағарту  ісі  əлі  де  өте 
мардымсыз  болды. 1I22-жылы  Сібір  қазақтары  туралы  устав  бойынша  қазақ 
балаларына  орыс  мектептерінде  оқуларына  право  берілді.  Бұл  оқу  орындары 
отаршыл  аппаратына  кадрлар  дайындады  жəне  оларды  негізінен  байлар  мен 
шонжарлардың балалары оқыды. Мұсылманша оқу-ағарту көздері де аз болды. 

 
 
96
Ана  тілінде  оқытатын  ұлттық  мектептер  атымен  болған  жоқ.  Қазақ  тілінде 
кітап шығару ісі де баспасөз де жоқ болатын. 
 Патша  үкіметі  ХIХ  ғасырдың  ортасына  дейін  қазақ  жеріне  ислам  дінін 
тарату  саясатын  ұстанды.  Екатерина II нің 1783-жылғы  жарлығы  бойынша 
мұнда мектептер салынды. Оларда қызмет етуге Қазақ татарларының дін иелері 
жіберілді.  Олар  бірте-бірте  күш  алып  азаматтық  билік  айту  правосвын  ала 
бастады.  Жергілікті  жерлердегі  мұсылманша  оқу-ағарту  солардың  қатарында 
болды. 
Қазақтық төл əдеби тілі бұл кезеңде де көркем əдебиет оның ішінде поэзтя 
танытты.  Махамбет,  Алмажан,  Дулат,  Сегіз  сері  сияқты  ақындардың  өмір 
кешкен  жылдары I кезең  деп  отырған  уақытқа  дəл  келеді.  Ал  қалғандары 
жөнінде  шарттылық  бар.  Туған-өлген  жылдарын  есептесек  Шортанбай, 
Шернияз, Шөже, Сүйінбай сияқты сөз иелерінің туындылары ХIХ ғасырдың II 
жартысына  дейін  ұласады.  Бірақ  бұлар  тудырған  əдебиет  өзінің  жанрлық 
сипаты,  тілдік,  стильдік  амалдары  туу,  таралу  жолдары  жағынан        II  кезеңге 
өтпей  алғашқы  кезеңде  қаралуы  тиіс.  Аталған  сөз  шеберлерінің  барлығы 
көркем  əдебиеттің  бір  ғана  саласында  поэзияда  қызмет  етті.  Бірақ  поэзияның 
өзі  жанрлық  тармақтары  жағынан  ілгерілегені  байқалады.  Айтыс  жанры  етек 
алады. Айтыс əуелден-ақ күнделікті өмір тудырған жанр болғандықтан бұларда 
тұрмысқа  қатысты  лексика  тобының  орын  алуы  көзге  түседі.  ХIХ  ғасырдың I 
кезеңіндегі əдебиеттің дені бізге бұрынғыша ауызша таралып, сақталған түрде 
жетті. 
Исатай-Махамбет  бастаған  шаруалар  көтерілісі  ілгері  дəуірлердегі 
жаугершілік  мотивтегі  əдебиет  ұлгілерінің  тілін  əрі  қарай  жалғастыруға 
мүмкіндік  туғызды.  Махамбет  өлеңдерінде  бұрынғы  найза,  садақ,  сүңгі, 
жебедеген қару-жарақ аттары өз мағыналарында еркін  жұмсалды. Бұл кезеңде 
жалпы  батырлық  жаугершілік  тақырыпты  да  сөз  еткен  өзге  ақындар  да 
бұрынғы  сөз  қоймасына  жүгінеді.  Сонымен  қатар  бұл  кезеңде  қоғам  өмірін, 
оның  əлеуметтік-экономикалық  жай-күйін  суреттеу  көркем  əдебиеттің  басты 
тақырыбы  болғандықтан  ел  басқаруға,  əкімшілікке,  əлеуметтік  құрылысқа 
қатысты ұғымдарды атайтын сөздердің бұрынғылары хан, ханым, төре, сұлтан 

 
 
97
т.б.  Өздерінің  атауыш  мағыналарында  актив  қолданылып  сөздік  қорына 
қосыла  бастайды.Айталық  патша  сөзі  екі  түрлі  мағынада  жұмсалады.  Бірі 
жалпы билеушіні атайды, ол образ үшін айтылады. Екіншісі нақты бір əміршіні 
Ресей империясының монархын айтады. 
Сауданың  оның  ішінде  орыс  саудасының  қазақ  жерінде  күшейе  түсуіне 
байланысты қолданылатын сөздердің бұрыннан бар сауда, саудагер, ақша, бұл, 
сату,  таразы  сияқтылар  жиірек  ұшыраса  бастайды.  Оның  үстіне  пайда,  өсім, 
қарыз  деген  сөздер  терминдік  дəрежеге  көтеріліп  белгілі  бір  сауда  ақша 
операцияларының атауларын білдіретін болады. 
Өткен  ғасырдың I жартысында  қазақтың  төл  əдеби  тілінде  молда,  сабақ, 
сабақ  оқу,  ұстаз,  хат,  ғалым  т.б.  сөздері  қолданылады.  Бұл  кездегі  əдеби 
ұлгілердің тілінде бұл күнде сол мағынада актив жұмсалмайтын жəне бір алуан 
сөздер  бар.  Мысалы:  Махамбетте,  ереуіл  бастану,  мінкен,  келіскен,  зымыран, 
мараю деген сөздер сол дəуір үшін не қазіргі кезең үшін нормада актив те емес. 
Ереуіл -монғол сөзі тың, күшті деген мағынада, қалықпан ірі, жыртқыш құстың 
аты, қу толағай -тақыр бас дегенді білдіреді. 
Өткен ғасырдың 60- жылдарына дейінгі қазақ тілінің алдыңғы кезеңдерден 
бір  айырмашылығы  оның  лексикалық  құрамына  орыс  сөздерінің  ене  бастауы. 
Ғасырдың  алғашқы 20-30 жылдар  ішіндегі  əдеби  текстерінде  орыс  сөздері  əлі 
де  өте  аз.  Махамбет,  Шернияздарда  шəй,  расход,  срок,  солдат  сияқты 4-5 сөз 
ғана  бар.  ХIХ  ғасырдың II жартысына  дейін  қазақтардың  сөйлеу  тілінде  соқа, 
барона,  паднос,  жармо,  пристав,  майор,  сот  т.б.  сөздер  қолданылған.  Бұл 
кезеңдегі  көркем  əдебиет  үлгілерінен  болыс,  старшын,  майор,  сот, тілмаш  т.б. 
сияқты  жалпы  есімдер  мен  Петірбор  сияқты  бірен-саран  жалқы  есімдер 
табамыз. 
 ХIХ  ғасырдың I жартысындағы  қазақтың  көркем  əдебиеті  тілінде  араб-
парсы сөздері едəуір мөлшерде кездеседі. Олардың бір тобын бұрынғысынша, 
дерексіз  ұғымдарды  білдіретін  халық  тіліне  енген  сөздер құраса,  келесі  тобын 
ислам дініне қатысты ұғымдар мен дін иелерінің аттары құрайды. Араб-парсы 
сөздік  қабаты  барлық  ақындарда  бірдей  емес,  олар-Махамбет,  Шернияз, 
Алмажан,  Шөже,  Орынбай  т.б.  өлеңдерінде  аз,  барлары  халық  тілінде 

 
 
98
қалыптасқандары. Бұл осы ақындардың тақырыптарына да байланыстыі халық 
көтерілісін,  басшыларын  я  болмаса  қара  басының  хал-жағдайын  сөз  еткен 
өлеңдерде  араб-парсы  сөздері  кемірек  ұшырайды.  Мысалы,  Махамбеттің 
«Ереуіл атқа ер салмай» деген өлеңінде бірде-бір кірме сөз жоқ. 
Өткен  кезеңдердегі  қазақ  тіліндегі  араб-парсы  сөздерін  екіге  бөліп 
талдауға  болады.  Бірі-мұсылманша  діни  ұғымдарды  білдіретін  сөздер  тобы, 
екіншісі-діни ұғымға қатысы жоқ сөздер. 
Діни  лексика  əсіресе  дінді  арнайы  сөз  еткен  қаламгерлерде  көбірек 
кездеседі.  Шортанбай-өзінің  идеологиялық  көзқарасында  мұсылманшылыққа 
иек  артқан  ақын.  Оның  тілінде  тек  ғана  дінге  қатысты  бейіш,  тəркі,  тамұқ, 
зекет, жаббар, мұсылман, ораза деген діни сөздер кездеседі. 
Араб-парсы  сөздерінің  екінші  тобын  дінге  қатысы  жоқ  сөздер  құраса, 
олардың  дені  жалпы  дерексіз  ұғым  атаулары  да  қалғандары  оқу-ағарту, 
мəдениетке  байланысты  енген  сөздер.  ХIХ  ғасырдың I жартысында  мағынасы 
мұсылманша  оқу-ағартуға  қатысты  араб-парсы  тілінен  енген  жеке  сөздердің 
қолданылуымен қатар, осы сөздер арқылы образдар да жасалады. 
ХIХ ғасыр I жартысындағы қазақтың төл əдеби тілінде сөз тудырудың ең 
өнімді  тəсілі-бұрынғыдай  жұрнақ  жалғаушылық.  Одан  қалды,  сөз  мағынасын 
ауыстыру амалы едəуір орын алады. Бұл кезеңдегі ең актив жүрнақ-лық. Оның 
басты қызметі-деркесіз зат есім тудыру. Бұл жұрнақтың қолданылуына қатысты 
екі жағдайға назар аударуға боладыі Бірі-онымен келген дерексіз есімдердің сан 
жағынан  едəуір  көп  қолданылғандығы.  Бұрыннан  тілде  бар  болғанымен, 
ептілік,  даналық,  əділдік,  адалдық,  арамдық,  қайырымсыздық,  тыныштық, 
қорқақтық,  шешендік  сияқты  сөздер  ХIХ  ғасыр  əдеби  тілінде  еркін  жəне 
молырақ  кездесе  бастайды.  Бұл  қатардағы  сөздердің  ішінен  сол  кезде 
жасалғандарын  кесіп  айту  қиын,  дегенмен  қажылық,  төрелік,  міндестік, 
күндестік сияқты бес-он сөзді осы кездің өзінде туған деп топшылауға болады, 
өйткені қазақтардың қажыға баруы-негізінен ХIХ ғасырда басталса керек. 
 -лық  жұрнағымен  келген  деректі  зат  есімдер  де  бар.  Оларі  жаздық, 
кішілік,  мұңдық,  жемтік  сияқты  бірен-саран  сөздер.  Сөз  етіп  отырған 
жұрнақтың  қатыстық  сын  есім  жасайтын  осы  күнгі  өте  актив  қызметі  де  осы 

 
 
99
кезеңнен басталады. Мысалыі тайлық ақша, ақындық қуат, өмірлік жолдас, бір 
қалаштық тиын т.б. Актив қолданылған жұрнақтардық қатарынан бұрынғыдай -
шы,-сыз,-ды,-дай жұрнақтары табылады. 
Сөз тудырудың екінші амалы-сөз мағынасын жаңғырту. Заман, қоғам өмірі 
əкелген  жаңалықтар  жаңа  атуларды  қажет  етті.  Ол  атаулар-пысық,  ұлық, 
атқамінер, аға сұлтан, төре, сайлау, шығын, малай, шаңырақ салығы т.б.сияқты 
сөздер.  Бұлар  қазақ  тілінде  бұрынна  бар  сөздерден  жасалып  жаңа  мағынада 
қолданылғандары.  Пысық,  атқамінер  сөздерін  жаңа  типтегі  əлеумет  топтарын 
атап терминдік мəнге ие бола бастаған элементтер болса, аға сұлтан, елу басы, 
он  басы,  ұлық  сөздері  жаңа  əкімшілік  иелерінің  атаулары,  бұлардың  да 
біркатары бір ғана мағынада тұрақталып, терминдік сапаға ие болған. 
Шортанбай,  Дулаттар  насихат,  жыршы  сияқты  сөздердің  мағынасын 
өзгертіп  қолданғані  насихат-өмірден  түйіп,  білгенін  баяндау,  біршама 
философиялық ойлар өлең-жыр арқылы арттағыларға қалдырар ақыл-үгіт деген 
нақтылы  ұғымдар  қолданылған,  мəселе  кітап-осы  философиялық  ақыл-үгіттің 
баспа  бетіндегі  көрінісі  деген  мағынадағы  атау.  Қысқасы,  ХIХ  ғасырдың    I 
жартысы,  орта  тұсы  мағына  жаңғыртып,  сөз  тудыру  процесінің  активтене 
бастаған кезі болды. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.  ХIХ  ғасырдың I жартысында  қазақ  халқының  қоғамдық-əлеуметтік 
жағдайы қандай болды

2. Осы дəуірдегі қазақтың төл əдеби тілінің сипатын танытатын үлгілерге 
сипаттама берің. 
3. Сөздік құрамға аталған дəуірде орыс тілінен қандай сөздер енген

4.Араб-парсы тілінен енген сөздерге сипттама берің. 
5. Қазақ əдеби тіліндегі сөз тудырудың  қандай тəсілдері болды

     
                 Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Р.Сыздықова. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993. 
2. С.Исаев. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989. 
3. Ə.Қайдаров, М.Оразов. Түркітануға кіріспе. Алматы, 1992. 

 
 
100
 
ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ əдеби тілі                              
Жоспары: 
1.  ХIХ  ғасырдық  екінші  жартысындағы  қазақ  əдеби  тілін  танытатын 
үлгілер. 
2. Əдеби тілдің лексикалық құрамы. 
3. Қазақ əдеби тілінің грамматикалық құрылысы. 
 
Тірек  сөздері  ХIХ  ғасырдың II жартысындағы  қазақ  халқынық  қоғамдық-
əлеуметтік  жағдайы  туралы,  тіл  қолданысын  танытатын  үлгілер,  сөздік 
құрамның  негізгі  үш  қабаты,  төл  сөздер,  орыс  тілінен  жəне  араб-парсы 
тілдерінен енген сөздер, əдеби тілдің грамматикалық сипаты. 
 
 XIX  ғасырдың II жартысында  тіл  қолданысын  танытатын  мынадай 
əдебиет нұсқалары бар. 
1.  Халықтың  ауыз  əдебиеті  шығармалары.  Бұлардың  басым  көпшілігі 
бұрыннан  келе  жатқандар  болды,  бірақ  ауызша  жеткізіліп,  таралуына 
байланысты  осы  кезеңнің  өзінде  жырланған  варианттары  болды.  Ал  кейбір 
жырлар осы дəуірде туды: «Айман-Шолпан», «Бекет-Батыр» т.б. 
2.  Қазақтың  байырғы  поэтикалық  дəстүрін  əрі  қарай  жалғастырған 
ақындардың өлең жырлары. Ол ақындарі Сүйінбай, Күдері, Кемпірбай, Шөже, 
Түбек, Нұрым, Базар, Біржан, Ақан, Жаяу Муса, Жамбыл, Мұрат, Арыстан т.б. 
3.  Қазақтың  ұлттық  əдеби  тілінің  жаңа  кезеңін  бастаушы  Абай  мен 
Ыбырай шығармалары. 
4. Қазақ тіліндегі тұңғыш баспасөз болып саналатын жергілікті əкімшілік 
органдары-«Түркстан 
уалаятының 
газеті» «Торғай 
газеті» «Ауыл 
шаруашылығының листогы» атты газеттер. 
5.  Патша  үкіметінің  əкімшілік  органдары  мен  жергілікті  əкімдердің  қазақ 
тілінде жазысқан ресми-кеңсе қағаздары. 
6.  Шығыстың  классикалық  əдебиетінің  қазақша  еркін  аудармаларыі 
«Шахнаме», «Лейлі-Мажнүн», «Жүсіп-Зылиха» т.б. 

 
 
101
7.  Өткен  ғасырдың II жартысында  тұңғыш  пайда  болған  қазақ  тілінің 
алғашқы  грамматикалары  мен  хрестоматиялары,  оқулықтар  жəне  екі  тілді 
сөздіктері. 
Н.И.Ильминский  «Материалы  к  изучению  киргизкого  наречия»  Казань, 
1861ж.,  А.Е.Алекторов  «Киргизская  хрестоматия»,  Оренбург, 1898ж., 
И.Алтынсарин  «Начальное  руководство  к  обучению  киргиз  русскому  языку». 
1871ж,  Оренбург,  И.Букин  «Русско-киргизкий  и  киргизко-русский  словарь». 
Ташкент, 1883ж т.б. 
Қазақ  əдеби  тілінің XIX ғ II жартысындағы  сөздік  құрамы  үш  қабаттан 
тұрадыі негізгі-жалпы халықтық қазақ тілі лексикасы, екінші топта атаб-парсы 
сөздері, үшінші топта-орыс сөздері. 
 Бұл  кезеңдегі  əдеби  тілдің  сөздік  құрамы  сол  дəуірдегі  қазақ  қоғамы 
өмірінің  əр-алуан  жақтарын  суреттей  алатын  дəрежеде  молығып,  тұрақтала 
бастады. Əсіресе жаңа ұғымдарды білдіретін жаңа сөздер қоғамның əлеуметтік 
құрылысы, ел билеу-сотсистемасы, жаңа экономикалық қарым-қатынастар мен 
сауда-саттық ісі, оқу-ағарту мен ғылым-білім саласында пайда болды. 
Хан,  құл,  төлеңгіт  тəрізді  категорияларға  байланысты  сөздер  мен  сөз 
тіркестердің XIX II жартысындағы  əдеби  тілде  қолданылу  жиілігі  сирей 
бастайды да, тек тарихты баяндау немесе ауыспалы мағынада образ жасау үшін 
қолданылады.  
 Сондай-ақ  сұлтан,  төре,  би  сөздерінің  мағыналары  жартылай  өзгереді. 
Сұлтан  түркі  тілдерінде  əкімшілік  термині  болғанымен,  қазақ  тілінде  актив 
қолданылмаған  ұқсайды,  оның  орнына  төре  сөзі  синоним  болып  жұмсалған. 
Төре  ХIХ  ғасырға  дейін  ақсүйек  нəсілді  адам  болған.  Ал  сөз  болып  отырған 
дəуірде  қара  сүйектен  шыққан  əкімдерді  де,  тіпті  орыс  администрациясы 
өкілдерін  де  атай  бастаған.  Кедей  мен  жарлы  сөзі  бұл  кезеңде  жарыса 
қолданылады,  бірақ  кедей  сөзінің  терминдік  мəн  алып,  жарлы  сөзінің  жалпы 
сындық  мағынада  қалыптасқандығы  байқалады.  Қазақ  жеріне  патша  үкіметі 
сотының келуіне байланысты қазақ тіліне закон, сот, статья, іс, парыз, абақты, 
қараңғы үй сөздері пайда болды. 

 
 
102
Сауда-қазақ  халқы  тұрмысында  көп  жаңалықтар  əкелген  құбылыс. 
Сондықтан ол жаңалықтардың атаулары да сөздік құрамын толықтырғаны аян. 
Талдап  отырған  дəуірде  сауда-сатықтың  əр  алуан  іс-əрекеттеріне  қатысты  бір 
топ жаңа сөздер пайда боладыі алыпсатар, қарыз, борыш, пұл, көтерме, шығын, 
қадақ, пұт, арбашы. 
Егінші,  дихан,  диханшы  сөздері  қатар  қолданылып,  бұл  кəсіппен 
шұғылданғандардың  атауын  білдіреді.  Дихан  сөзі  көбінесе  оңтүстікте 
қалыптасады.  Орақ  ору,  арық  қазу,  шығыр,  масақ  теру,  соқа,  жер  айдау  т.б. 
тəрізді сөздер əдеби тілде көріне бастайды. 
Бұл кездегі қазақтың көркем əдебиетінің тілінде жиі қолданылып, нормаға 
айналған  кітап,  сабақ,  қалам,  сия,  молда,  медресе  сөздерін  кездестіреміз.  Оқу-
ағартуға  қатысты  лексиканың  сан  жағынан  молығып,  біраз  нормаланып 
тұрақталған  күйін  жаңа  жазба  əдеби  тілі  мен  орыс  ғалымдары  шығарған 
хрестоматия, оқулық, сөздіктер жəне алғашқы баспасөзден көреміз. 
Өткен ғасырдың II жартысында қазіргі қазақ əдеби тілінде мол қабат-орыс 
элементтерінің  едəуір  дəрежеде  ене  бастағаны  көрінеді.  Ең  алдымен,  жаңа 
əкімшілік  сот  жүйесін,  оның  əр-алуан  инстанцияларын,  тəртіп-заңдарын 
білдіретін  сөздер  еніп  орын  тебеді.  Олар  сияз,  закон,  майыр,  ояз,  болыс,  шен, 
поштабай,  ауылнай,  көпес,  піркəшік,  бексол,  жəмшік  сөздері.  Бұлар  өте  жиі 
қолданылған жəне барлық ақындарда кездесетін актив сөздер. 
Біржандағы он екі ызбот əн, Ақан серідегі фамильный шай, том, бірлиант, 
серебро,  поклон,  секретной,  сватья,  скажия,  Шəңгерейдегі  империал, 
Біржандағы əрген (оргон-муз.аспап) сөздеріне халықтың сөйлеу тіліне, не əдеби 
тілге  еніп,  қолданылған  элементтер  емес  жеке  ақынның  өз  қалауымен  оқта-
текте қолданылған сөздер. 
Өткен  ғасырда  орыс  элементтерінің  айтарлықтай  мол  қолданылуына  ХIХ 
ғасырдағы  орыс  текстерінің  аудармалары  мен  орыс  үкіметінің  сол  кезгі 
баспасөз  орындары  үлкен  əсер  еткен. «Дала  уалаяты»  газетінде  көркем  əдеби 
тілге енген сөздерден басқа папирос, белосипед, шкаф, стол, облұс, перуатчик, 
участок,  хутор,  залог,  копия,  подписка,  адуакат,  кимназия,  казит,  униурситет, 

 
 
103
студент,  почта,  семинария,  парта,  школ  т.б.  сияқты  орыс  лексемамалары  жиі 
қолданылды. 
 Сондай-ақ  бұл  кездегі  қазақ  тілінде  орыс  сөздерінің  едəуір  көбейгенін 
өткен  ғасырдағы  сөздіктер  мен  оқулық-хрестоматияларда  көреміз.  Мысалы: 
1883-жылғы сөздікте жоғарығы көрсетілгендерден басқа нагредтемек, граница, 
земтемір  (землемер),  қарындаш,  класс,  кантора,  кəмпит,  машина,  румке, 
истакан, өтік, шөтке, яшік сөздері берілген. 
 ХIХ ғасырдың II жартысындағы қазақ əдеби тіліндегі қазақ əдеби тіліндегі 
араб-парсы  сөздері  өткен  дəуірлерге  қарағанда  айтарлықтай  мол  енді.  Бұған 
бірнеше  факторлар  себеп  болған.  Бұл  кезде  ислам  діні  бұқара  арасына  кең 
тарала  бастаған.  Екінші  мұсылманша  оқудың  біраз  жанданғаны  да  оқу-білім, 
мəдениетке  қатысты  көптеген  ұғымдардың  шығыс  тілдеріндегі  атауын  əкелді. 
:шінші,  көркем  əдебиет  өкілдерінің  басым  көпшілігі  мұсылманша  сауатты, 
араб-парсы  тілдерінен  хабары  болды.  Міне,  осы  себептерден  сөз  етіп  отырған 
кезеңдегі  əдеби  тілде  араб-парсы  сөздерінің  бұрыннан  халық  тіліне 
енгендерінен  басқа  көптеген  жаңа  түрлері  қолданылған.  Мысалыі  беһана, 
мехнат,  насихат,  уəж,  қаһар,  лəззат,  пəруана,  нəубет  т.б.  Араб-парсы 
лексикалық  тобы  молырақ  кездесетін  автордың  бірі  Ақан  серінің  кейбір 
шығармаларында («Құлагерде»),  мүлде  жоққа  тəн,  ал  кейбірінде («Ғашыққа») 
көптігі  сондай,  түсініп  оқу  қиын.  Ақанда  жоқарыда  көрсетілгендерден  басқа 
йетарраккі,  мағырып,  заIар,  пырын,  наIмдап  тəрізді  халық  тілінде  мүлде 
қолданылмайтын  сөздер  де  ұшырасады,  тіпті  кейдетұтас  фразалар  арабша 
болып  келедіі  сарбизат  мұқтан  шаIи  т.б.  Керісінше  Сүйінбай,  Шөже,  Біржан 
тəрізді  қаламгерлерде  араб-парсы  сөздері  əлдеқайда  аз,  барларының  көпшілігі 
жалпы халықтық қордағылар. Қазіргі қазақ əдеби тілінің негізгі грамматикалық 
нормалары  өткен  ғасырдың  өзінде  тұрақталған  болатын.  Негізінен  қазіргі 
грамматикалық  нормамыздан  көп  алшақтамағанымен  өткен  ғасырдың  II 
жартысындағы  əдеби  тілдің  морфологиялық  құрылысында  мынадай 
ерекшеліктер  барі 1.Етістік  түбірлі  қимыл  есімін  жасайтын  тұлға  екеуі  -мақ 
жəне -у жұрнақтары; 2.Тұйық етістіктің мақсатты білдіру үшін барыс септікте 
қолданылатын  түрі  де  -у  +ғажəне  -ар  +ға  деген  екі  вариантта  (берерге, 

 
 
104
озарына); 3. Бұйрық райдың II жағы -қын жұрнағын жалғап айтылатын үлгілер 
барі  айтқын,  салғын,  жүрмегін; 4. Таза  көркем  əдебиет  үлгілерінің  тілінде III 
жақтық  етістікке  -лар  жалғауының  жалғануы  жоқ,  шейін,  менен,  жəне,  бірақ 
шылауларының  орнына  бірлəн,  білəн,  һəм  варианттары  қолданылмаған. 
Бұлардың ішінде һəм шылауы ғана некен-саяқ ұшыраса бастайды. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.ХIХ    ғасырдың II жартысындағы  қазақ  халқының  қоғамдық-əлеуметтік 
жағдайы қандай болған

2. Қазақ ұлттық əдеби тілінің негізін салған кімдер

3. Əдеби тілдің сөздік құрамы қандай қабаттардан тұрған

4. Араб-парсы тілінен енген сөздердің жеке авторлар   
шығармалары тілінде қолданылу сипаты қандай болған

5. Əдеби тілдің морфологиялық құрылысында қандай  өзгерістер болды

Пайдаланылған əдебиеттері 
1. Р.Сыздықова. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993. 
2. С.Исаев. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989. 
3. Ə.Қайдаров., М.Оразов. Түркітануға кіріспе. Алматы, 1992. 
 
Махамбет шығармаларының тілі 
Жоспары: 
1. Махамбет Өтемісұлының қазақ əдеби тілін дамытудағы орны. 
2. Ақын шығармаларының лексикалық құрамы. 
3. Махамбет тілінде көне сөздердің қолданысы. 
4. Махамбеттің сөз қолданысындағы əдеби-көркемдеу  тəсілдері. 
Тірек  сөздері  Махамбет-  жырулар  мектебінің  нəрі  мен  барын  алып,  оны 
ақындық  дəстүрге  қиюластырған  ақын,  ақын  шығармаларының  нақтылы 
тақырыптары,  жаугершілікке  қатысты  лексикасы,  ақын  шығармалары  тілінің 
көркемдік ерекшеліктері. 
ХIХ  ғасырдың 60-70 жылдарына  дейінгі  қазақ  көркем  əдебиеті 
бұрынғысынша  поэзия  түрінде  əрі  қарай  жалғасқаны  белгілі.  Бұрынғы 
жыраулар  мектебі  əлсірей  түсіп,  ақындар  бел  алды.  Соған  орай  көркем  сөз 

 
 
105
шеберлері  бұрынғы  өсиет,  ақыл-насиқат,  философиялық  толғаныс  түрінде 
келетін жырлардан гөрі нақты тақырыптарды сөз етуге жиірек бара бастады. 
Махамбет  Өтемісұлы-жыраулар  мектебінің  нары  мен  барын  алып,  оны 
ақындық  дəстүрге  қиюластырған  қаламгер.  Ең  алдымен  Махамбет-нақтылы 
тақырыпты  сөз  еткен  ақын.  Ол  Шалкиіз,  Бұхарлардай  ақылгөй,  кеңесші  емес, 
бұрынғы  жыраулардай  өмір  мен  болмысты,  айналадағы  тұрмыс-тіршілікті 
сырттан  бақылап,  толғаушы  да  емес.  Сол  өмірге  өзі  қоян-қолтық  араласушы, 
осы тіршіліктің өз тұсындағы оқиғалары мен іс-əрекеттеріне тікелей қатысушы. 
Сондықтан  да  Махамбет  жырау  емес,  ақын.  Тақырыбы  көбіне  -көп  нақтылы 
болғандықтан  оның  еншісіне  сол  нақтылыққа  сай  жаңа  образдар  мен  жеке 
сөздерді  əдеби  тілге  қосу  үлесі  тиген.  Бірақ  жаңа  бағытты  беркітіп  жеткізуде 
Махамбет өзіне дейінгі қазақ поэзиясының, оның ішінде жыраулар мектебінің 
ең  жақсы,  ең  күшті  құрал-тəсілдерін  кəдеге  асырады.  Ақын  шығармаларының 
дені  негізінен 7-8 буынды  жыр  өлшемімен  келуі  тегін  емес,  ол-осы 
ұштастықтың  салдары.  Əрине,  бұл  жалғастық  тек  өлең  өлшемінде  ғана  емес, 
сол өлеңдегі ойдың берілу тəсілінде анық көрінеді. Махамбет шығармаларының 
көбінде  нақтылы  тақырыпты  жырлау  үстінде  бұрынғы  Шалкиіз,  Қазтуған, 
Доспамбеттерде  кездесетін  образдар  қайталанады.  Мысалы, «Тайманның  ұлы 
Исатайдың» портретін беретін өлеңдерінің бірінде өзінің негізгі айтпақ ойыі 
 Тайманның ұлы Исатай 
Ағайынның басы еді. 
Алтын ердің қасы еді. 
Исатайды өлтіріп, 
 Қырсық  та  шалған  біздің  ел-  деген  түрінде  ХV-ХVIII  ғасырлар 
поэзиясында  кездесетін  параллельдер  болып  келеді.  Ең  нақтылы  тақырыпқа 
жазылған  «Баймағамбет  сұлтанға  айтқан  сөзі»  деген  шығармасының  өзінде 
Махамбет өткендегі əдеби тіл өрнектерін бір-екі тармақ етіп те, жеке бөліктер 
түрінде де енгізеді. Мысалы, біздің осы күнгі өлең түріне келтіріп жазуымызға 
орай 12 бөлімнен  тұратын  бұл  шығарманың I-бөлімі  түгелімен  дерлік  өткен 
үлгілерден алынған тармақтар, ал қалған бөлімдеріндеі 
Керегесін кескілеп, 

 
 
106
Отын етсем деп едім. 
Туырлығын тілгілеп, 
Тоқым  етсем  деп  едім, -деген  сияқты  жолдар  жыраулар  толғауларымен 
ұштасып  жатыр.  Бұл  Махамбет  поэзиясы  тілінің  еркешелігінің  бірі  болып 
табылады. Осы белгісі арқылы Махамбеттің əдеби тіліміздің даму барысындағы 
орны да ерекше шығады. Оны өзіне дейінгі поэтикалық  дəстүрді жинақтаушы 
ақын  ретінде  танытады.  Махамбет-өзіне  дейінгі  қазақ  поэзиясының  ғасырлар 
бойғы  қалыптасқан,  шыңдалған,  елек  көзінен  өткен  табысын  бір  жерге  түйіп 
тастап, оны əрі қарай жаңа бағытта жалғастыруға бет алған суреткер. 
Ақынның  бұл  қызметі  шығармашылығының  өн  бойынан  сезіледі. 
Махамбет  шығармаларының  лексикалық  сипаты  өзінің  алдындағы  əдеби 
үлгілермен  əуендесі  мұның  да  негізі  қазақтың  төл  сөздері.  Өлеңдерінің  басты 
тақырыбына  орай  Махамбет  те  жаугершілік  лексика  тобын  молынан 
қолданады.  Олар  қару-жарақ,  сауыт-сайман  аттарыі  найза,  қылыш,  мылтық, 
садақ,  жай,  дулыға,  кіреуке,  жебе,  сауыт,  қорамсақ  т.б.  Бұлар  негізінен 
Махамбеттің өзі қатынасқан ұрыс-соғысты суреттеуден гөрі өткен дəуірлерден 
келе  жатқан  əдеби  штамптарды  образ  үшін  пайдаланған  тұстарында  көбірек 
жұмсалған. Мысалы өзінің портретін берген бір өлеңіндеі Белгілі туған ер едім, 
Беліме садақ асынған десе, бұл жердегі садақ сөзі портреттің дəлдігі үшін емес, 
образ  үшін  алынған,  өйткені  оның  беліне  садақ  асыну  бейнелі  тіркесі  ұрысқа 
сай ер-азаматтың символы болып табылады. 
Жаугершілікке  қатысты  тек  есім  сөздер  ғана  емес,  етістіктер  де  ақын 
тілінде  едəуір  орын  алады.  Жəне  олардың  басымы  бұрын  қалыптасқан  жеке 
сөздер мен сөз тіркестері болып келедіі əскер жиып аттану, жауға тию, қамалды 
бұзу,  оқ  ату,  жау  тоқтату  т.б.  Махамбет  тіліндегі  екінші  бір  ерекшелік-көне 
сөздердің  қолданылуы.  Ол  көнелер  бұрыннан  поэзия  тілінен  келе  жатқандар. 
Махамбеттің  өзіне  дейінгі  əдеби  дəстүрмен  іліктестігінің  тағы  бір  айғаға  осы 
жерде ХV-ХVIII ғасырларда Қырым жері мен Азаулы (Азов), Дон, Еділ, Жайық 
бойларында  жасап  өткен  Шалкиіз,  Қазтуған,  Доспамбеттерде  кездесетін  сой 
(асыл  тек),  тарлан,  тарпаң,  арайна,  баттауық,  Еділ-Жайық,  емсеу,  жемсеу 
сияқты  сөздердің  Махамбетте  сақталу  себебі,  бір  жағынан  оның  өткендегі 

 
 
107
əдеби тіл байлығын жақсы пайдалануы болса,екінші жағынан,осы жырауларға 
Махамбеттің  мекен-тұрағы  жағынан  жақындығы  деуге  болады.  Өйткені  осы 
сөздер  осы  жыраулар  дəстүрін  ілгері  апарушы  Бұқарда  кездеспейді  немесе 
ақындық мектебін əрі қарай алып кеткен Дулат, Шортанбай, Шөжелерде де бұл 
көнелер жоқ. Махамбет сөздігінде бұлардан басқа қазірде мағыналары күңгірт 
немесе  өзгеше  болып  келетін  тағы  бір  топ  сөздердің  қолданылғандығын 
көрсетуге  болады.  Мысалы,  қалықпан  (құстың  аты),  ереуіл  (тың  ат),  толағай 
(тақыр бас), керіскен (аң), алаулау (соғысу), қарашы (кеңесші) т.б.сөздер қазіргі 
тілімізде кемде-кем жұмсалатын элементтер. 
Махамбеттің  сөз  қолданысындағы  тағы  бір  ерекшелік  əдеби-көркемдеу 
тəсілдеріне  қатысты.  Ақынның  көптеген  эпитет,  теңеу,  метафоралары  өзіне 
дейінгі  бай  ауыз  əдебиеті  мен  ақын-жыраулар  тілінен  алынған.  Сонымен 
Махамбеттің өзі қосқан тың образдары қазақ поэтикасына əкелген үлесі болды. 
Бір  ғана  ел  қамын  жеген  ердің,  халқы  үшін  күрескен  азаматтың  образын 
білдіретін  теңеулердің  Махамбет  бірнеше  вариантын  ұсынды.  Мысалы, 
қызғыштай  болған  есіл  ер,  таудан  мұнартып  ұшқан  тарланым,  кермиық,  қас 
бəйтерек,  тауда  ойнаған  қарт  марал  дегендердің  барлығы  да  Исатайдай 
батырдың,  оның  соңына  ергендердің  теңеулері  мен  метафоралары.  Исатайдан 
айрылған өзін түбін қазған бəйтерекке теңеуі, көтеріліс жеңіліп, арманда қалған 
күрескер  образын  шарға  шауып  мұқалған  алмасқа  теңеуі  Махамбетке  дейінгі 
поэтика  қазынасында  болмаған  дүниелер.  Сол  сияқты  қалықпандай  қомданып 
жаумен айқасу, ағыны қатты Жайықты тіземен бұзып өту, қырдан қиқу төгілу 
қу толағай бастану сияқты образдар да соны. Бұлар Махамбет жаңалықтары. 
 Ақынның  бұлар  тəрізді  метафоралы,  теңеулі  образдары  қазақ  поэзиясы 
тілін жоғары сатыға көтерді, осындай қолданыс арқылы жаңа образдар жасауда 
қазақ  тілінің  мүмкіншіліктері  орасан  зор  екендігін  танытты.  Махамбет  тілінде 
күнделікті  тұрмыс-тіршілікке  қатысты  сөздер  жоққа  тəн,  бұл  ақынның  негізгі 
тақырыбына  байланысты.  Өлеңдерінің  мазмұны  өзі  қатысқан  көтеріліс,  ханға, 
патшаға  қарсы  күрес  болғандықтан,  тұрмыстың  өзге  жақтары  сөз  болмайды. 
Тіпті  əлеуметтік  саяси  салаға  жататын  хан,  қара,  қарашы,  ақ  сүйек  тəрізді 

 
 
108
сөздерді  ақын  қоғам  тақырыбында  айтқан  өлеңдерінде  емес,  күрес  мазмұнды 
шығармаларында қолданған. 
Сөйтіп,  Махамбет-ХIХ  ғасырдың I жартысындағы  қазақ  əдеби  тілінің  əрі 
қарайғы дамуына үлес қосқан əрі өзіне дейінгі əдеби тіл дəстүрін жинақтап, бар 
қазынасын  кəдеге  асырып,  жаңа  бағытқа  бет  бұрған  суреткер.  Ол  бағыт  Абай 
негізін  салған  ұлттық  жазба  əдеби  тілге  апаратын  принциптерді  ұстағанынан 
көрінеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет