Филология факультеті



жүктеу 5.01 Kb.

бет7/11
Дата06.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.  Көне  түркі  жазба  ескерткіштері  тілінің  қазақ  əдеби  тілі  қалыптасуындағы 
ролі қандай

2.Қараханидтер  дəуірінде  жазылған  тілдік  ескерткіштерге  қай  ескерткіштер 
жатады


 
 
81
3.  М.Қашқаридың  «Дивани  лұғат  ит-түрк»  ескерткішінің  зерттелу  тарихы 
туралы не білесіз

4. Алтын Орда дəуірінде жазылған  ескерткіштер тіліне сипаттама берің. 
5.  Зерттеушілер  ескі  қазақ  тілінде  жазылған  тұңғыш  ескерткіш  деп  қайсы 
ескерткішті атайды

                     Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Р.Сыздықова. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993. 
2. С.Исаев. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989. 
3. Ғ.Айдаров, Ə.Құрышжанов., М.Томанов. Көне түркі жазба  ескерткіштерінің 
тілі. Алматы, 1989. 
4. Қазақ əдеби тілінің тарихи көздері. Авторлар жинағы.  Алматы, 1989. 
 
Шағатай тілі жəне əдеби тіл 
Жоспары: 
1.Шағатай тілі туралы түсінік. 
2.Шағатай тілінің қазақ тіліне қатысы. 
Тірек сөздері Шағатай тілі Орта Азияда ХIV-ХV ғасырларда қалыптасқан 
əдеби  тілге  байланысты  қолданылған,  шағатай  тілімен  байланысты  тіл 
біліміндегі  пікірлерге  сипаттама,  шағатай  тілініің  шарықтау  кезеңі,  түркі  тіл, 
кітаби тіл терминдеріне түсінік. 
 
 Шағатай  тілі  деген  термин  Шағатай  ұлысына  енген  тайпалар  тілі  деген 
түсінікке  пара-пар  болса  да,  негізінен,  ол  Орта  Азияда  ХIV-ХV  ғасырда 
қалыптасқан  əдеби  тілге  байланысты  қолданылатын  атау.  Өзбек  ғалымдары 
шағатай  тілі  деген  терминнің  орнына  көне  өзбек  тілі  терминін  қолданыды. 
Шағатай  тілі  деп  аталатын  ұғымды  кейбір  ғалымдар  өте  кең  ауқымда  түсініп, 
қараханидтер дəуірінен бергі жердегі тілді айтуды ұсынса, екінші бір ғалымдар 
ХIV-ХV  ғасырлар  жазба  тілімен  байланысты  айтылатын  түсінік  деуді  дұрыс 
деп көрсетеді. 

 
 
82
Шағатай  тілі  тарихқа  Атай,  Сакаки,  Лутфи,  Гадаий  сияқты  ақындар 
атымен  байланысты  енген  болса,  оның  ең  шарықтаған  дəуірі-А.Науайы  дəуірі 
деп есептеледі. 
Шағатай  тілімен  байланысты  пікірлерлі  жинақтайтын  болсақ,  мынадай 
қорытындыға  келуге  болады.  Біріншіден,  шағатай  тілі  ғайыптан  пайда  болған 
тіл  емес.  Ол  өзі  қалыптасқан  дəуірдегі  халықтың  тілімен  байланысқан,  сол 
дəуірдің  тіл  байлығын  көрсетіп  бере  алатын  тіл.  Екіншіден,  шағатай  тілінде 
көне түркі тілінің элементі басым болғанымен, араб-парсы тілінің элементтері 
де  мол.  Бұған  сол  дəуірдің  əлеуметтік  жағдайы  да  себепші  болған. :шіншіден, 
шағатай тілінде көне түркі тілінің элементтеті де көп қолданылады. Сондықтан 
оны  көне  түркі  тілінің  заңды  жалғасы  деген  дұрыс.  Төртіншіден,  шағатай  тілі 
уақыт өтуімен байланысты халықтың сөйлеу тілінен қол үзіп, белгілі бір қатаң 
схемаларға  негізделініп  қалыптасқан  кітаби  тіл.  Ол  көркем  əдебиеттің  де, 
ғылымның да жəне кеңсе (іс-қағаздар) тілі. Сондықтан шағатай тілінің бірнеше 
стильдік  тармақтары  болған.  Мысалы,  көркем  жазба  əдебиетке  тəн,  ғылыми 
еңбектерге тəн, іс-қағаздарына, діни еңбектерге байланысты т.б. 
 Тіл 
мамандарының 
көпшілігінің 
айтуынша, 
қазақ 
даласында 
революциядан  бұрын  шыққан  шығармалардың  тілі  таза  қазақ  тілі  емес,  бірде 
шағатай  тілі,  бірде  араб-парсы,  татар,  қазақ  жəне  басқа  түркі  тілдерінің 
қосындысы болып келеді. Бір жағынан, жазба тілде мұндай тілдік фактілардың 
орын алып келгенін ерлелдеп жатудың қажеті жоқ. Сырт қарағанда дұрыс пікір. 
Екінші  жағынан,  тілдің  тарихы,  қазақ  тілінің  тарихы,  қазақтың  əдеби  тілінің 
қалыптасу  тарихы  тұрғысынан  қарастырсақ,  бұл-сыңаржақ  пікір,  өйткені 
шағатай немесе көне өзбек делініп жүрген, ал дұрысында орта ғасырлық түркі 
əдеби  тілінде  қазақ  тілінің  көптеген  элементтері  бар.  Ол  тіл  бір  тайпаның 
болмаса бір елдің ғана тілі емес. Негізінен, оны түркі тілдерінен өзгеше белгілі 
бір  фонетикалық  жүйесі  бар,  өзіндік  грамматикалық  құрылысы  бар  бөлектілі 
дегеннен гөрі жазба əдебиеттегі тілдік дəстүр деп қараған жөн. Қазақ халқының 
арасында  революцияға дейін  жазба əдебиетімізде ол тілдік дəстүр үлкен орын 
алып  келгені  айқын.  Халқымыз  сүйсіне  тыңдайтын  көптеген  хиссалардың, 

 
 
83
жырлардың  көбінің  ресми  қағаздар,  хаттардың  осы  тілдік  дəстүрде  жазылуы 
қазақ даласындағы кездейсоқ құбылыс деп қарауға болмайды. 
Ескі  дəуірдің  фактілеріне  жүгінсек,  шағатай  деп  аталатын  тіл  тек  өзбек 
тілінің мұрасы емес, сонымен қатар қазіргі Орта Азия, Қазақстан жерлеріндегі 
біраз халықтардың мұрасы, ортақ дəстүрі екенін байқауға болады. Осы шағатай 
немесе  көне  өзбек  деген  терминдерді  кейінгі  зерттеушілер  енгізді,  ал 
дұрыстығында  ол  шығармалардың  авторлары  өздері  жазып  отырған  тілді 
«түрки» деп атап отырған. 
Əбілғазы БаIадурхан өзінің шығармасының тілі туралы былай дейдіі «Бұл 
тарихты йақшы уа йаманның баршалары білсін» деп түркі тілмен айттым. Түркі 
болғанда сондай, түсінікті де жеңіл сөздермен жаздым, тіпті бес жасар бала да 
түсінеді. «Түркі»  тілінде  жазылған  шығармалар  түркі  халықтарының  қай-
қайсысына болса да түсінікті, орфографиялық жағынан болсын, грамматикалық 
жағынан болсын біршама қалыптасқан дəстүрі бар еді. Шағатай тілінің де өзіне 
тəн, белгілі нормасы бар. Сондықтан жазу тілінде бұл стильде Абай заманынан 
басталған  жаңа  əдеби  тілмен  қатар  белгілі  бір  дəстүр  бойынша  қалыптасып, 
көне  түркі  тілінің  өзі  бойынша  жазылып  Қазақстан  топырағында  Октябрь 
революциясына дейін қолданыс тапқаны айқын. Сондықтан «кітаби тіл» қазақ 
халқы  жақсы  түсінетін,  бұқараға  кең  тараған  тіл  болды-деген  пікір  айтады 
Ғ.Мусабаев.  Сонымен  қатар  «ол  жыл  өткен  сайын  жаңарып,  ішінара  өзгеріске 
ұшырап  отырған»  кейбір  элементтері  нормаланып,  əдеби  тілдің  қажетіне  сай 
қолданыс тапты да, кейбір тұлғалар мен жекеленген сөздер мүлде ескіріп қалып 
отырды.  Қазақ  тілі  тарихында,  соның  ішінде  қазақтың  əдеби  тілі  тарихында 
кітаби  тіл  деген  ұғымның  орны  анықталмай  жүргендігі  біріншіден,  ол  туралы 
тұрақты  пікірдің  əлі  де  болмай  жүргендігі  біріншіден,  келгендігінде  болса, 
екіншіден XIX ғасырмен XX ғасырдың бас кезіндегі діни-мистикалық сарында 
жазған  ақын-жазушылар  осы  дəстүрді  құрал  етіп,  шығармаларын  халық 
арасында  кең  таратып,  олардың  халық  арасында  беделін  арттырып,  қасиетті 
шығарма қатарына қосу мақсатымен бұрыннан келе жатқан көне жазба дəстүрді 
өз мүдделері үшін барынша пайдаланып бақты 

 
 
84
Махамбет  Өтемісұлының 1839-жылы  жазған  бір  беттік  хатының  кейбір 
тілдік ерекшеліктерін көрейік. 1.Сөз басында ж дыбысы жүйелі түрде й əрпімен 
берілген. 2. Қазіргі  əдеби  тілімізде  с  дыбысы  келетін  орындарда  ш  əрпі 
жазылған. 3. Де етістігі мен одан туынданған етістік формаларында сөз басында 
д  орнына  т  əрпі  жазылған. 4. Кейбір  сын  есім  сөздерінің  соңында  г,ғ,қ,к 
дыбыстары сақталыпотырған. 5. Бол етістігі кей жерде ол түрінде,мен есімдігі 
бен  түрінде  ұшырайды. 6. Еді  етістігі  формасы  жүйелі  түрде  ерді  түрінде 
келеді. 7. Түбірге қосымша қосылғанда қазіргідегідей үндестік заңы сақталмай, 
қосымша  көбінесе  бір  тұлғада  жалғанған. I. Араб  парсы  тілінен  енген  сөздер 
көп  жағдайда  өздерінің  о  бастағы  тұлғаларын  сақтап  жазылған.  Бұл  бірлі-
жарым  ғана  кездесетін  кездейсоқ  құбылыс  емес,  қазақтың  жазба  əдеби  тілі 
тарихынан белгілі орын алған Октябрь революциясына дейін төл əдеби тілмен 
қатар өмір сүріп келген тілдік құбылыс. 
XVI  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  қазақтың  Кіші  Жүзі  мен  Орта 
жүзіндегі хандар мен Ресей империясының сыртқы істер коллегиясы арасында 
əр  алуан  дипломатиялық,  саясаттық  жəне  шаруашылық  жайларына  қатысты 
жазба  қарым-қатынас  күшті  жүре  бастады. XVI-XVII ғасырларда  қазақ 
қауымында  жазба  дəстүрдің  болғандығын,  оны  қазақтардың  өздерінің 
пайдаланғандығын  жақсы  көрсетеді.  Сондай-ақ  жазу  салты  жеке  адамдардың 
бір-бірімен  хат-хабар  алысуында  да  орын  алған.  Оған  мысал  ретінде  қазақ 
сұлтаны Оразмухаметтің XVI ғасырдың соңғы ширегінде қазақ даласын билеп 
тұрған  немере  ағасы  Тəуекел  ханмен  жазысқан  хаттарын  келтіруге  болады. 
Оразмухамет пен Тəуекел хан, сөз жоқ, бір-біріне хатты орыс не өзбек, не татар 
тілдерінде жазыспағандары кəміл. Заманының мұсылманша сауатты адамдары-
хан мен сұлтан сол кезеңнің тəртібін сақтап жалпыға ортақ түркі жазба тілінің 
нормаларын  ұстап,  өздерінше  ана  тілдерінде-қазақ  тілінде  жазыстыі  ол  жазба 
дəстүр, əрине, шағатай тіліне негізделді. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Шағатай тілі терминіне анықтама берің. 

 
 
85
2.Шағатай  тілі  деген  атау  қайсы  дəуір  ескерткіштеріне  байланысты 
қолданылады

3. Шағатай тілімен байланысты қандай пікірлер бар

4. Шағатай тілінде жазылған ескерткіштерге сипаттама берің. 
5. Кітаби тіл, түрки тіл терминдеріне анықтама берің. 
Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Р.Сыздықова. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993. 
2. С.Исаев. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989. 
3. Ə.Қайдаров, М.Оразов. Түркітануға кіріспе. Алматы. 1992 ж. 
 
Ауыз   əдебиетінің үлгілері жəне əдеби тіл 
Жоспарыі 
1. Ауыз əдебиетінің мұралары туралы. 
2. Халық ауыз əдебиеті тілінің əдеби тілге қатысы. 
 
Тірек  сөздері  Ауыз  əдебиеті  үлгілеріне  жалпы  сипаттама,  оғыз-қыпшақ 
тайпалар  тілдеріне  қатысты  эпостардың  топтастырылуы,  ауыз  əдебиеті 
үлгілерінң  тілдік  ерекшеліктері,  қазіргі  қазақ  əдеби  тілін  қалыптастырудағы 
орны туралы. 
Қазақтың  халықтық  ауызша  сөз  өнері  əр  түрлі  жанрға  бөлінген  өте  бай 
үлгілерден  көрінеді.  Қазақ  ауыз  əдебиеті  өз  тарихын  өте  ертеден  бастайды. 
Зерттеушілер  қазақ  эпосының  көне  замандардан,  орхон  жазуларынан  бұрын 
сақ, хун, үйсін дəуірлерінен бастап туғандығын айтады. 
Ə.Марғұлан  оғы-қыпшақ  тайпалар  тілдерінің  эпостарын  мынадай 
дəуірлерге бөліп қарастырадыі 
1. Атам замандарда туған(VI-ХII) 
2. Тарихи дəуірде туған (ХIII-ХIV) 
3.Ноғайлы эпосы (ХIV-ХVI)  
4. Жоңғар соғысымен байланысты туған эпос (ХVIII) 
5. Ішкі қанаушы мен хандарға қарсы күресті суреттейтінэпос  
6. Совет заманындатуған эпос. 

 
 
86
Қазақ  тілі  тарихы  үшін  ноғайлы  жырларының,  яғни  бұрынғы  Дешті 
Қыпшақ  ұлысына  кірген  тайпаларға-бүгінгі  қазақ,  қарақалпақ,  ноғай, 
халықтарына  ортақ.  ХIV-ХVI  ғасырлардағы  тарихи  оқиғаларға  байланысты 
туған  жырлар  мен  аңыз-əңгімелер  тілінің  орны  айрықша.  Ол  жырлар  Шоқан 
Уəлиханов  тыңтануынша, «Едіге», «Ер  Көкше», «Орақ», «Шора  батыр» 
жырлары  жəне  қырғыз  халқының  ұл  ескерткіші  «Манас»  жыры,  Асан  қайғы, 
Əз-жəнібек туралы аңыз-əңгемелер. 
Əдебиетшілердің  соңғы  кездердегі  зерттеулеріне  қарағанда  «Алпамыс», 
«Қамбар», «Қобыланды»  жырлары  түркі  халықтарының  тайпа-ұлыстық 
дəуірінде  өмірге  келген.  Бұлардан  басқа  ноғайлы  жырлары  цикліндегі  «Ер 
Тарғын»  жəне  Абыл,  Нұрым,  Мұрын  жыраулар  арқылы  жеткен  Қырымның 
қырық 
батыры 
туралыжырлар, 
ХV-ХVIIғасырларда 
Жоңғар 
шапқыншыларынан  қазақ  жерін  қорғауға  байланысты  туған. «Ер  Қосай», 
«Қарабек  батыр», «Төрехан  батыр»  жырлары  ауызша  дамыған  қазақ  əдеби 
тілімен  іліктесе  келіп,  бір  жағынан  оның  көркемдік  нəр  алған  қайнар  көзін 
құрайды. 
Өзегі  ертеден  келе  жатқан  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлудан»  өзге  кейінгі 
дəуірлерде,  ХVII-ХIХ  ғасырларда  туып  жырланған  «Қыз  Жібек», »Мақпал 
қыз», »Айман-шолпан», »Сегіз  бен  Мақпал»  сияқты  лирикалық  эпостар  да 
қазақ  көркем  сөзінің  үлгісі  болып,əдеби  тілге  зор  үлес  қосқаны  анық.  Сөйтіп, 
жалпы  қазақ  əдебиеті  дүниесінде  эпос-өте  қомақты  жанр.  Оның  тілінің  əдеби 
тілге, қазақтың ескі жазба тіліне, тіпті осы күнгі жазба əдеби тіліне қайнар көз 
болудағы орны айрықша. Қазақ ауыз əдебиетінің тілі əдеби сипат алған, белгілі 
бір  сөз  жұмсау  нормаларын  қалыптастырған,  көркемдік-эстетикалық  қуаты 
күшті тіл екенін зерттеушілер баса көрсетеді. 
 Ең алдымен поэзия түріндегі үлгілер мен ұйқасты-ырғақты болып келетін 
шешендік сөздердің тілінде өте бай бейнелі фразеология қалыптасқан. 
Қазақ  халқының  өткен  дəуірдегі  негізгі  шаруашылығы  күн  көрісі  малға, 
мал  өсіретін  кеңістік  пен  табиғатқа  қатысты  болғандықтан,  образ  дарының  да 
басымы осы саладан алынады. Оған дəлел ретінде метафора, теңеулердің дені 
мал  оның  ішінде  жүйрік  ат,  нар,  бота,  қозы,  қой  атауларымен  берілетіндігін 

 
 
87
көруге  болады.  Мысалы, «Қобыланды»  жырындағы  Қарлығаш  өзін»  Бөрік 
үстінде шоқтымын, қоңыр шұнақ тоқтымын» деп, ағасы Қобыландыны «Судан 
шыққан  сүйрігім,  суырып  озған  жүйрігім»  десе,  Алпамысты  ағасы  Тортайі 
«жалғыз  ұлы  бар  еді,  жалғыз  да  болса  нар  еді»  деп  бейнелейді.  Теңеудің 
негізінде  белгілі  бір  сөз-образдардың  символға  айналуы  басын  фольклор 
тілінен  алады.  Қазақ  ауыз  əдебиетінде  бөрі  (Тарғындайын  бөріңіз),  арыстан 
(Арыстанымның  барында  оқалы  байпақ  кигенім),  ақ  сұңқар,  алтайы  қызыл 
түлкі,  құмай  жүйрік,  құлын,  бота,  қозы  сияқты  сөздер  символ  ретінде  келіп, 
əбден тұрақталған, дəстүрге айналған элемменттер. 
Халықтың  ауыз  əдебиеті  тіліндегі  образдар  тек  қана  мал  шаруашылығы 
емес,  қазақ  қауымының  тұрмыс-тіршілік  қалпынан  да,  айналаны  қоршаған 
табиғаттан  да  алынады.  Мысалы, «Қобыланды»  жырындағы  аламанға  жел 
берген,  азды  көпке  теңгерген  деген  фразеологизм  халық  қамын  жеп,  халықты 
азаттық үшін күреске шақырған ер дегеннің образы болса, жауды жеңу идеясын 
керегесін  отын  қып,  туырлығын  тілгілеп  деген  образдар  арқылы  білдірсе,  бұл 
тілдік құралдарды Махамбет ақыннан да табамыз. 
Қазақ ауыз əдебиеті тілінде эпитет, теңеу, метафора сияқтылар да нормаға 
айналған  əдеби-тілдік  көрсеткіштер.  Олар  əдеби  тілдің  сөздік  байлығын 
активтендіре  түсетін,  сөз  мағынасының  реңктерін  барынша  пайдалануға 
əкелетін  элементтер,  Батырды  қыран  құсқа,  арыстанға,  еркіндікті  сүйген 
адамды тарпаңға, құланға, сұлулықты аққуға, толған ойға теңеп образ жасауда 
жыраулар  мен  ақындар  қазақтың  өте  ертеден  келе  жатқан  бай  ауыз  əдебиеті 
қазынасына  иек  артқан.  Мысалы, «Ер  Тарғын»  жырында  Тарғын  батыр  бірде 
бөрі,  бірде  арыстан,  бірде  ақ  сұңқар  теңеулерімен  бейнеленеді.  Жауға  шабар 
батырдың, елім деп еңіреген азаматтың образын арыстан, жолбарыс, бөрі, нар, 
тарлан,  сұңқар,  қыранға  теңеп  жырлау- XIX-XX ғасырлардағы  ақын-
жыраулардың ең бір таңдаулы кəнігі амалы. 
 Фольклор тіліндегі жер-су аттары нақтылы мекенді атаудан гөрі, образдық 
элементтер  ретінде  келеді,  сондықтан  олардың  да  көбінесе  бейнелі  эпитеттері 
болдыі Алты айшылық Еділге Тарланды талай салғанмын. Еділ Жайық екі су. 
Еділден шыққан ен Шаған. Қырық қақпалы Қазан т.т. 

 
 
88
Халық,  ру,  ел  аттары  да  тұрақты  эпитетті  болып  келеді.  Мысалы,  тоғыз 
санды  торғауыт,  он  сандайын  оймауыт,  алпыс  үйлі  арғын,  тоқсан  үйлі  тобыр, 
қара қыпшақ т.б. 
 Көркемдік  тəсіл  ретінде  ауыз  əдебиеті  тілі  қолданған  амалдардың  жəне 
бірі-сипаттама үшін өткен шақ есімшемен келген конструкцияларды пайдалану. 
Бұл амал əсіресе іс-əрекет, қимылға қатысты сипаттарда ұтымды қолданылады. 
Мысалыі Алдаспан иуыр қылыш байлаған. Жауырынына қанды көбе сыймаған, 
жағасына  адам  қолы  тимеген  дегендер-батырдың  портреті  болса,  Оза-оза 
зырлаған,  басын  тартса  болмаған,  Ертеңнен  салса  түсте  озған,  ылдидан  салса, 
төске озған дегендер батырдың астындағы тұлпарының сипаттамасы. 
Қазақ  поэзиясы  тілінде  бұл  тəсілдің  фольклор  үлгілерінен  бастап  ақын-
жыраулар тіліне еркін көшіп, күні бүгінге дейін жеткенін байқауға болады. 
Грамматикалық  тұлғалардың  белгілі  бір  стильдік  мақсатта  жұмсалуына 
келгенде  -ып  жұрнақты  өткен  шақ  көсемшенің  орны  айрықша.  Фольклорлық 
поэзия  бұл  тұлғамен  келген  сөздерді  əрі  ұйқасқа  қатыстырып,  əрі  қимыл-
əрекеттің  қалай  орындалғанын  баяндайтын  амал  констатациясы  ретінде 
келтіріп  образ  жасайды.  Мысалыі  Құйысқанын  қысқартып,  Екі  айылын  берік 
тартып, Енді атына мінеді. (Ер Тарғын) 
Белгілі  бір  жай  күйдің,  іс-əрекеттің  формулалары  ретінде  қалыптасқан 
штамптар жыр сайын орын алады. Мысалы, жауынгерлік ийбаттың формуласы, 
буырқанып, бұрсанды, мұздай темір құрсанды, қабағынан қар жауып, кірпігіне 
мүз  тоңып  жауға  аттанудың  формуласыі  қоңыраулы  найза  қолға  алып,  қоңыр 
салқын төске алып... ауыр əскер қол алып, ал қара бас ту алып т.т. болып келеді. 
Міне, осы көрсетілген грамматикалық тұлғаны пайдаланудағы екі амалдың 
екеуі  де  қазақтың  авторлы  поэзиясының  тілінде  де,  фольклор  тіліндегідей  өте 
жиі қолданылған өтімді тəсілдер. 
Қазақтың  ауыз  əдебиеті  тілінде  тыңдаушыға  əсер  ететін  амал  текске 
мағыналық  жағынан  жанаспайтын  бір  сөздің  немесе  тіркестің  қайталануынан 
тұратын өлең тармағы. Мысалыі Бұлғыр, бұлғыр, бұлғыр, тау, Бұлдырап тұрған 
құлғыр тау. Ауан,  ауан, ауан  су. Асудан асу бел дейді. Мұндай қайталауларға 
қатысатын  сөздер  кейде  тіпті  түсініксіз  де  болып  келеді.  Мысалы,  ауан,  ауан, 

 
 
89
ауан  су  дегендегі  ауан  сөзінің  мағынасы  қандай.  Бұл  амалды  да  ақын-
жыраулар ұзақ уақыт бойы пайдаланып келгені Шалкиіздеі Алп, алп, ал сақын. 
Жел, жел есер, жел есер. Асқар, асқар, асқар тау. Есет жыраудаі Мен, мен едім, 
мен едім. Тіпті XIX ғасырдың I жартысында Махамбет ақынның өзіндеі Мінкен 
де, мінкен, мінкен ер. 
  Қысқасы,  қазақтың  ауыз  əдебиеті  мен  ауызша  тараған  авторлы 
əдебиетінің  мазмұн  тарапынан,  яғни  шығарманың  сюжеті,  мотиві,  образдары 
жағынан  аса  бірдей  болмағанмен,  тілдік  көрінісі  тұрғысынан,  яғни  поэтикасы 
жағынан іліктестік бары сөзсіз. Əсіресе, фольклор тіліндегі образдардың тілдік 
көрінісі  ақын-жыраулар  поэзиясы  тілінде  кең  орын  алады.  Бұлардың  ішінде 
ертедегі  Əскери-соғыс  істеріне,  тұрмыс-салтқа  қатысты  фразеологизмдерді 
таңдауда  жəне  орнымен  қолдануда  қазақтың  ауызша  дамыған  əдеби  тілінің 
бірден-бір көзі-ауыз əдебиеті үлгілері болды. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.Қазақ ауыз əдебиетінің тарихы туралы не білесіз

2. Ə.Марғұлан оғыз-қыпшақ тайпалар тілдеріне қатысты қандай дəуірлерге  
бөліп көрсеткен

3.Қазақ  əдеби тілінің қалыптасуында ноғайлы жырларының орны қандай

4. Эпостар тілінде қолданылған фразеологизмдерге сипаттама берің. 
5. Ауыз əдебиеті мұралары  қазақ əдеби тілінің қалыптасуында қандай  
орын иелейді

                Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Р.Сыздықова. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993. 
2. М.Балақаев., Р.Сыздықова., Е.Жанпейісов. Қазақ əдеби тілінің тарихы.  
3. С.Исаев. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989. 
4.  Қазақстан  ҒА.  Тіл  білімі  институты.  Авт.  Колл.  Қазақ  əдеби  тілінің 
тарихи көздері. Алматы, 1989. 
 
ХVIII ғасырдағы қазақ əдеби тілінің қалыптасу құрамы. 
Жоспары: 
1. ХVIII ғасырдағы қазақ тілін сипаттайтын ұлгілер. 

 
 
90
2. Қазақ тілінің төл сөздері. 
3. Араб жəне парсы сөздері. 
4. Əдеби тілдің грамматикалық сипаты. 
Тірек  сөздері  ХVIII  ғасырдағы  қазақ  халқының  қоғамдық-экономикалық 
жағдайы,  осы  дəуірдегі  қазақ  тілінің  сипатын  танытатын  тілдік  мұраларға 
сипаттама, аталған дəуірдегі қазақ əдеби тілінің сөздік құрамы, төл сөздер мен 
кірме сөздер, мұралар тілінің грамматикалық ерекшеліктері. 
 ХVIII  ғасырдағы  қазақ  əдеби  тілінің  қоғамға,  оның  мəдениетіне  жəне 
халық мүддесіне қызмет етуі мен дамуы сол тілді иемденуші халықтың саяси, 
экономикалық жəне мəдени өмірімен тікелей байланысты болды. 
ХVIII  ғасыр  қазақ  халқының  сыртқы  жауларға  жоңғар  басқыншыларына 
қарсы  азаттық  күресінің  кезеңі  болды.  Сондай-ақ  солтүстіктегі  қуатты  көрші-
Ресей империясымен одақтасу ниетін көздеп, Кіші жүз бен орта жүздің Ресейге 
қосыла  бастауы  сияқты  тарихи  оқиғалардың  тұсы  болды.  Бұл  кезде  қазақ 
жерінде  азаматтық  білім  беретін,  ана  тілінде  оқытатын  ұлттық  мектептер  əлі 
жоқ еді. Баспа орындары мен өзге де мəдени ошақтар жəне жоқ болатын. Міне 
осы  жайттардың  баршасы  қазақ  тілінің  тағдырына  да  тікелей  қатысты  болды. 
XVIII ғасырдың өн бойында қазақ даласында баспа орындары, кітап шығару ісі, 
мерзімді  баспа  сөз,  оқу-ғылым  болмағанымен,  осы  кезеңдегі  қоғамға  қызмет 
еткен  тілдің  типтерін,  жай-күйін,  лексикалық-граматикалық  сипатын,  оның 
нормалану процесін танытатын үлгі нұсқалар бар еді. Оларғаі 
1.  Көркем  əдебиет,  оның  ішінде  авторлы  поэзия  үлгілері  жатады.  Бұл 
əдебиеттің  ірі  уəкілдері;  Ақтамберді,  Тəтіғара, :мбетей,  Бұқар  жыраулар  мен 
Шал, Көтеш ақындар. Əрине, үш-төрт ұрпақты қамтитын бір ғасырлық бұл ұзақ 
мерзімнің ішінде қазақ қауымынан шкққан сөз зергерлері бұдан əлдеқайда көп 
болғаны даусыз. 
 2. Бұл дəуірде қазақ ауыз əдебиетінің мол нұсқалары болды. Олар əрине, 
тек сол дəуірдің өзінде пайда болғандар емес. Батырлар жырларының көпшілігі 
Алтын  Орда  дəуірінен  бастап, XIV ғасырдың  соңы  мен XV-XVI ғасырларда 
жасалған ескерткіштер. Ауыз əдебиеті мұраларының XVIII ғасырда жырланған 
варианттары кейбір тілдік-көркемдік элементтерінің көрінуі жағынан осы күнгі 

 
 
91
бізге  жеткен  нұсқаларымен  де,  өздерінің  пайда  болған  кездегі  алғашқы 
үлгілерімен де дəлме-дəл түспейтіні анық. 
3. XVIII ғасырдағы  қазақ  қоғамына  қызмет  еткен  тілді  танытатын 
нұсқалардың  тағы  бірі-ресми  іс-қатынас  қағаздары  болды.  Бұлар  хан-
сұлтандардың,  старшындардың  орыс  патшасына  Ресейдің  əкімшілік 
орындарына 
жəне 
бір-бірлеріне 
жазысқан 
хаттар, 
арыз-өтініштері, 
мəлімдемелері,  үндеулері  т.б.  Бұл  əдебиеттің  құнды  ерекшелігі-хатқа 
түскендігі,  сондықтан  бұлар  жазба  тілдің  белгілі  бір  стилінің  қандай  сипатта 
болғанын қиналмай көрсететін материал болады. 
 4.  Бұл  дəуірде  қазақ  өлкесін  Ресей  үкіметі  тарапынан  танып-білу  əрекеті 
қызу жүрді. Сол кездегі орыс саяхаттшылары мен ғалымдарының жəне қызмет 
бойындағы  кейбір  адамдардың  орыс  тілінде  жазған  материалдарының  ішінде 
жекелеген  қазақ  сөздері  кездеседі.  Бұлар  əңгіме  етіп  отырған  кезеңдегі  қазақ 
тілінің лексикалық құрамын айқындауға септігін тигізеді. 
5.  Соңғы  кездерде  архив  қазыналарынан  іздестіріп  тапқан  материалдарға 
қарағанда, XVIII ғасырдың  соңғы  ширегінде  Ресей  үкіметі  тарапынан  қазақ 
тілінің кейбір сөздерінің орысша жəне өзге тілдердегіше баламасын көрсететін 
шағын  сөздік  іспеттес  тəжірибелер  болғаны  анықталды.  Бұларі 1. Парсы  жəне 
татар диалектілері деп аталатын 10 беттік қолжазба. 2. 49 орыс сөзінің қазақша 
жəне монғолша аудармалары берілген қолжазба. 3. Хиуа, Бұхар, қырғыз, (қазақ) 
жəне  мешер  тілдеріне  аударылған  орыс  сөздерінің  тізімі. 4. 1774-жылы 
жазылған  орысша-қазақша  сөздіктің  қолжазбасы  т.б.  Бұларда  берілген 
материалдар  кейбір  қазақ  сөздерінің  ХVIII  ғасырдағы  берген  мағыналарын, 
кейде  тіпті  фонетикалық  суретін  тануға  көмектеседі,  өйткені  бір  қатар 
сөздіктерде  қазақ  сөздері  орыс  əрпімен  жазылған  немесе  орысша 
транскрипциясы берілген. 
 ХVIII  ғасырдағы  сөздік  құрам  екі  қабаттан  тұрадыі  қазақтың  төл  сөздері 
жəне  кірме  сөздер.  Кірме  қабаттың  дені-араб,  парсы  сөздері.  Орыс  сөздері 
немесе орыс тілі арқылы шет тіл сөздері ХVIII ғасырдағы қазақ көркем əдебиеті 
тілінде  жоққа  тəн.  Тіпті  ауыз  əдебиеті  нұсқаларында  жиі  кездесетін  шəй, 
самаурын,  пəуеске,  тарантас  сөздері  мен  орыс  саудасымен  бірге  келген  киім-

 
 
92
кеншек,  үй-мүлкі,  əр  түрлі  бұйым  атаулары,  мүмкін,  сөйлеу  тіліне  енгенмен, 
сол тұстағы поэзия тілінен орын алмаған. 
Өткен  ғасырлардағыдай,  бұл  дəуірдегі  қазақ  əдеби  тілінің  лексикалық 
құрамының негізі жəне дені-қазақтың төл сөздері. Көркем əдебиеттің тақырыбы 
да негізінен ел қорғау, батырларды мадақтау немесе өлімін жоқтау болып келді. 
Осы себептен мұнда да жаугершілікке қатысты лексика тобы басты орын алды. 
Кіреуке,  сауыт,  найза,  оқ,  дабыл,  дулыға,  берен,  жебе,  қылыш  тəрізді  қару-
жарақ  аттары,  жаулық,  елдік,  бұлу,  біту  сияқты  етістіктер  əлі  де  жиі 
қолданылады.  Жалғыз  қару-жарақ  сауыт-сайман  атаулары  емес,  жалпы 
жаугершілік  мотивтегі  өзге  де  іс-əрекетке,  айнала  болмысқа  қатысты  жеке 
сөздермен  тіркестер  молынан  ұшырасады.  Бұл  кезеңдегі  əдеби  тілде  жиі 
кездесетін жау сөзі де, сондай-ақ ер, ер жігіт, жігіттік, ерлік, қол (əскер), қосын, 
жортуыл, ту, олжа, жауласу, шұбыру, бүлу (ойрандалу) тəрізді семантикасында 
ұрыс,  соғыс  ұғымы  бар  сөздер  де  жалаң  қалыптарында  да,  тіркес  түрінде  де 
дəстүрлі  əдеби  құралдарға  айналған.  Мысалы,  бір  ғана  жау  сөзі  жауға  аттану, 
жау  қашыру,  жауды  аямау,  жау  қысу,  жау  жағадан  алғанда,  жауды  шаншу 
тəрізді  тіркестер  құрайды  да,  бұлар  образды  элементтер  ретінде  актив 
қолданылады. 
Бұрынырақ  жиірек  қолданылып,  көбінесе  образ  жасауға  қатысатын 
бірқатар  сөздер  де  пассивтеніп,  олардың  орнына  өзге  сөздер  немесе 
синонимдері пайдаланыла бастайды. Мысалы, бұрынғы жыраулар «сұлу əйел» 
дегенді  көбінесе  ару  сөзімен  білдірсе,  енді  ақын-жыраулар  сұлу  сөзін 
жұмсайды. 
Бұлттан шыққан ай бетті. 
Айттырса бермес сұлуын. (Ақтамберді) 
Бұл  кезеңе  қазақ  əдебиетінде  жаугершілік  тақырыппен  қатар  əлеуметтік-
қоғамдық  жəне  күнделікті  тұрмыстық  тақырыптардың  сөз  бола  бастауына 
қарай, осы салаларға қатысты лексикалық топтар актив қолданылады. Қазір де 
көнерген хан, құл, ақсүйек, бек, қара, қарашы, күң, ханым тəрізді сөздер ХVIII 
ғасыр  үшын  тура  өз  мағынасында  қолданылатын  актив  элементтер  болып 
келеді. Бұлар осы кездегі лексикалық норманы танытады.  

 
 
93
ХVIII  ғасырдың  екінші  жартысында  қазақ  даласында  сауда-сатық  пен 
егіншілік  кəсібі  жандана  түскенімен,  сол  тұстағы  əдеби  тілде  осы  салаларға 
қатысты  жеке  сөздер  мен  тіркестер  сирек  ұшырайды,  оларі  саудагер,  базар, 
орақ  ору,  масақ  теру,  егін  салу  сияқты  бес-он  сөз  ғана.  Талданып  отырған 
кезеңдегі əдеби тілдің лекси касында көзге түсетін саланың бірі дерексіз ұғым 
атаулары.  Мысалы,  Ақтамберді  жырау  жарлылық,  жалғыздық,  кемшілік, 
қорлық, зорлық, əділдік, бірлік, тірлік, бақыт, дау, күш, талап, үміт, кеңес, ақыл, 
ой, сезім, арман тəрізді түбір сөздерді қолданады. 
Араб  жəне  парсы  сөздерінің  басымы  қазақтың  жалпы  халықтық  сөйлеу 
тіліне  ертеден  еніп,  əбден  сіңіскен  қазақтың  өз  сөздері  болып  кеткендер. 
Мысалы,  ХVIII  ғасырдың  ақын-жырауларында  кездесетін  мейман,  дүние, 
момын, несібе, дəулет, құдай, заман, жаза, уағда, кедей, пана, пейіл, арам, амал, 
қайыр,  құрмет,  ар,  абро,  халық,  əлем,  өмір,  адам,  ажал,  ақырет,  намаз,  бақ, 
мезгіл, дұшпан сияқты сөздер түп негізі араб парсыныкі болған мен ол дəуірден 
көп  бұрын-ақ  халық  тіліне  сіңіп  қазақ  лексикасының  байлығына  əлдеқашан 
айналғандар.  Кірме  сөздердің  көпшілігі  қазақтың  төл  сөзімен  қосақталып,  қос 
сөздер  қатарын  түзеп  кеткені  аман-сау,  амал-айла,  бос  -бекер,  кедей-кепшік. 
Бірқатарынан  туынды  тұлғалар  жасалғані  қайырлы,  қайырсыз,  дұниелік, 
мақүлдау, амандық, несібелі, жалақор, парақор, бақсыз т.б. 
Араб-парсы қабатының екінші тобы өте шағын бөлігі халықтың күнделікті 
сөйлеу  тілінде  көп  қолданылмайтын  негізінен  ислам  дініне  қатысты  сөздер. 
Мысалы,  арсы-күрсі,  төрт  шадияр,  лауқы,  пəни, Iаммет  т.б.  Бірақ  бұлардың 
əдеби тілдегі активтік дəрежесі жоғарыдан көрсетілген топтан əлдеқайда төмен. 
Оқу-ағарту  саласына  қатысты  араб-парсы  сөздерінен  ХVIII  ғасыр  əдеби 
тілінде  кездесетіндері  көп  емес.  Жəне  олардың  қолданылуы  жеке  авторға 
байланысты  тағы  да  Бұқар  мен  Шалда  сия,  дəуіт,  қалам-əлім,  ғалым  деген 
сөздердің  кездесуі  олардың  мұсылманша  көзі  ашық  болғандықтарынан  деп 
білеміз. 
Бұл  кезеңдегі  негізгі  грамматикалық  категориялар  септеу,  жіктеу  жүйесі 
сын  есімнің  шырай  түрлері,  зат  есімнің  көпше  түрде  тұлғалануы  етістіктердің 
рай,  шақ,  етіс  түрлері  сөздерді  байланыстыру  амалдары,  шылаулардың  негізгі 

 
 
94
сөзді  меңгеруі  қазіргі  қазақ  тілі  нормаларымен  сай  келеді.  Алдыңғы 
дəуірлерден  айырмашылығы  ХVIII  ғасыр  текстерінде  ноғайлы  тұлғалар  жоқ 
(менім,  бізім,  жаталар)  сияқты.  Сондай-ақ  шығыс  септіктің  орта  ғасырлық 
жазба  дəстүрінде  кездесетін  -дын  варианты  да  ұшыраспайды. -ғай  жұрнақты 
тұлғаның  өткен  шақ  мағынасында  қолданылуы  да  орын  алмаған.  Демек 
грамматика  саласында  көненің  көздері  заман  озған  сайын  қолданыстан 
ығысатын  заңдылығы  күшіне  енген.  Бірақ  бір  жұрнақтық  екі  түрлі  вариантта 
келуіорын алған. Өткен шақ есімшенің көрсеткіші -тұғын жəне -тын салыстыру 
мағынасын  беретін  жұрнақ  -дай  жəне  -дайын  шылау  жəне  көмектес  септік 
көрсеткіші  -мен  жəне  -менен  варианттарында  келеді.  Ішетұғын  ерлерге 
қымыздан  басқа  бал  бар  ма
?  (Ақтамберді).  Өзге  батыр  қайтса  да  бір 
қайтпайтын. (Тəтіқара).  Жекендейін  сусылдан.  Ор  қояндай  қабақты 
(Ақтамберді).  Етістіктің  етіс  категориясын  беруде  өткен  кездегіден  жəне 
қазіргіден  көп  алшақтық  жоқ.  Бірен-саран  сəттерде  осы  күнгі  -ыңыз, -ғыз 
жұрнақтарымен  келетін  етіс  тұлғасы  -кер, -тір  аффикстерімен  қолданылған. 
Шыны аяқпен іштірген. Жомарттығын өткерген. 
Сөз тудыру саласында сөз жасайтын жұрнақтардың түрлері көбейе түскен. 
Бұл  кезеңде  де  ең  актив  жəне  өнімді  жұрнақ  -лық.  Ол  бұрынғыдай  абстракт 
есімдерді  тудырады  жəне  олардың  дені  қазақтың  төл  сөздерімен  жасалады. 
Билік,  жақсылық,  ұрлық  т.б.  Сонымен  қатар  бұл  кезеңде  -лық  жұрнағының 
сындық мағына білдіру қызметі көріне бастайды. Шешендік жолын тұтындың, 
Жан  шошырлық  жаман  іс  бұл  жұрнақтың  қатыстық  сын  есім  жасайтын  осы 
күнгі  өте  актив  қызметі  басын  ХVIII  ғасырдан  алады  деуге  болады.  ХVIII 
ғасырдың  əдеби  үлгілері  тілінде  -лық  тан  басқа  -лы,-сыз, -шы, -қы,  ақ, -ек, -
шылық, -шілік, тай, -тей, -кер,-улы,-шік,  -шіл, -дас, -ша жұрнақты сөздер бар. 
Бірақ олардың қолданылу аялары тарлау. Мысалы: -шылық жұрнағымен келген 
сөз  бірер  ғана  кемшілік.  Бұл  кезде  əлі  де  тіршілік,  адамгершілік,  жоқшылық 
сөздері  қолданылмайды.  Бұлардың  мағынасы  тірлік,  кісілік,  кедейлік 
сөздерінде  беріледі.  Алдыңғы  кезеңдермен  салыстырғанда  көзге  түсетін  бір 
ерекшелік  есім  тудыруда  -у  жұрнағының  активтене  бастауыі  алланың  жазуы, 
дүниенің өлшеуі т.б. 

 
 
95

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал