Филология факультеті



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,85 Mb.
#8140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Cұрақтар мен тапсырмалар
1.Түркі тілдеріндегі синтаксистің зерттелу тарихы туралы не білесіз

2.Тарихи синтаксистің зерттеу обьектісіне нелер кіреді

3.Көне түркі тіліндегі синтаксистік құрылыстың сипаты қандай

4. Жай сөйлемнің қалыптасу тарихы туралы не білесіз

5.Құрмалас  сөйлем  түрлерінің  көне  түркі  тіліндегі  қолданылу  жүйесі 
қандай

                 Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Р.Қордабаев. Тарихи синтаксис мəселелері. Алматы 1990ж.  
2. Н.З.Гаджиева., Б.А.Серебренников. Сравнительно-историческая  
грамматика тюрских языков. Синтаксис. Москва. 1986 
3. Ғ.Мусабаев. Қазақ тілі тарихынан. Алматы. 1995ж. 
Əдеби тілдің анықтамасы. Оны дəуірлеу кезеңдері 
Жоспары: 
1. Əдеби тіл туралы түсінік. 
2. Қазақ əдеби тілі жайындағы пікірлер. 
3. Əдеби тілдің даму дəуірлері. 
4. Əдеби тілдің қызметі. 
 
Тірек  сөздері  Əдеби  тілдің  басты  белгілері,  қазақ  əдеби  тілінің  басталар 
тұсы  жайындағы  пікірлер,  қазақ  əдеби  тілінің  зерттелу  тарихы,  əдеби  тілдің  
коммуникативтік жəне эмоциональды-экспрессивтік қызметтері туралы. 
 
Əдеби тілдің тарихын баяндамас бұрын «əдеби тіл» деген категорияның өзі 
туралы  түсінікті  анықтап  алу  қажет.  Өйткені  əдеби  тіл  дегеннің  мазмұны, 
сипаты  жөнінде  тек  қазақ  тіл  білімінде  емес,  жалпы  лингвистикада  анық, 
айқын, үзілді-кесілді айтылған тұрақты пікір жоқ. Бірқатар ғалымдар əдеби тіл 
дегеніміз  жалпы  халықтық  тілдің  өңделіп,  қырланған  түрі  деп  таныса,  енді 

 
 
69
бірсыпырасы  жалпы  хатқа  түскен  дүниелердің  тілі  əдеби  деп  табады. 
Сондықтан  орыс  əдеби  тілінің  тарихын  сөз  еткен  бірқатар  мамандар  жазусыз 
əдеби  тілдің  болуы  мүмкін  емес  деп  санайды.  Қазақ  тіл  білімінде  «əдеби 
тіл»деген ұғымға тиянақты бір анықтама берілмей келеді. Өйткені қазақ тілінің 
бізге  мəлім  тарихының  ерекшеліктері,  жұмсалу  өрісі  толық  зерттеліп  біткен 
жоқ. Бізде де əдеби тіл статусын жазумен ғана байланыстыру идеясы жоқ емес. 
М.Балақаеві  «Əдеби  тіл-жазба  тіл.  Жазуы  болмаған  халықтың  тілі  əдеби  тіл 
дəрежесіне  көтеріле  алмайды,»-деп  жазады.  Дəл  осындай  тұжырымды 
“.Мусабаев  та  айтадыі  «Əдеби  тіл  ең  əуелі-ақ  жазуға  сүйенеді.  Жазу  стилінсіз 
əдеби тіл болмақ емес»-дейді. Енді бірқатар зерттеушілер қазақтың əдеби тілін 
XIX  ғасырдың  екінші  жартысынан  басталады  деп,  мұны  ұлы  ағартушы-
демократтар  Абай  мен  Ыбырайдың  есімдерімен  байланыстырады.  Тіпті  қазақ 
əдеби тілін Қазан революциясынан кейін ғана пайда болып, дамып отыр деген 
пікірлер де жоқ емес. 
Қазақ  əдеби  тілін  де  біз  қазақ  халқының  ұлт  болып  қалыптаса  бастағанға 
дейінгі  түрі  жəне  ұлттық  түрі  деп  бөліп  қараймыз.  Бұл  екі  кезеңнің  аралық 
тұсы-өткен  ғасырдың  екінші  жартысы,  яғни  қазақтың  ұлттық  əдеби  тілі XIX 
ғасырдың II жартысынан бастап қалыптасты деген тұжырымға келеміз. 
Əдеби  тіл  дегеннің  басты  белгісі-оның  өңделген,  сұрыпталған, 
нормаланған  тіл  болуы,  бұл-бір.  Қызметі  жағынан  сол  халықтың  өмірінде 
ұйымдастырушы,  қоғам  мүшелерінің  басын  қосушы  сипаты,  яғни  жалпыға 
ортақтық  қасиеті  болуға  тиіс.  Əр  нəрсенің,  əр  құбылыстың  заты  салыстыру 
арқылы,  өзге  құбылыстардың  қарама-қарсысына  қою  арқылы  таныла  түседі. 
Əдеби  тілді  тану  үшін  оның  қарама-қарсысына  қойылатын  басты  құбылыс-
ауызекі  сөйлеу  тілі.  Бұл - үшінші  шарт.  Əдеби  тіл  қолданылу  тəжірибесінде 
қоғам сынынан өткен, нормаларын қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған жəне ол 
нормалар барша үлгілерге ортақ болуы шарт. Бұл əдеби тілдің төртінші сипаты. 
Көптеген  зерттеушілер  əдеби  тілді  жазу  арқылы  белгілі  жүйеге  түскен, 
өңделген,  сұрыпталған  жазу  дəстүрі  мен  əр  түрлі  жазба  əдебиетінің  негізінде 
қалыптасқан,  қалыптасқан,  тұрақты,  орныққан  нормалары,  стильдік-жанрлық 
тармақтары  бар,  сол  тілде  сөйлейтін  халықтың  бəріне  де  көпшілігіне  ортақ 

 
 
70
түсініктері,  қоғамдық  қызметі  əр-алуан  жалпы  халықтық  тілдің  екшелген, 
сұрыпталған  түрі  деп  көрсетіп  жүр.  Қазақ  əдеби  тілінің  даму  барысын 
дəуірлерге  бөлу  мəселесінде  де  орныққан  бірыңғай  пікір  жоқ.  Ол  да  түсінікті. 
Өйткені  бұл  тілдің  басталар  тұсы  мен  əрі  қарайғы  даму  бағыты  əрқилы 
танылып  келген  соң,оның  дəуірлерге  бөлінісе  де  болмақ  емес.  Қазақ  əдеби 
тілінің даму көшін дəуірлерге бөлместен бұрын, оның басын қай кезден бастап 
алатындығы жайлы пікірлермен танысу қажет. Мұнда да біркелкілік жоқ. Қазақ 
əдеби  тілінің  басталар  тұсы  жайындағы  көзқарастарды  беске  бөліп 
топтастыруға болады. 
1.  Қазақ  əдеби  тілінің  тарихын  ертеден,  көне  түркі  дəуірінен,  хундар 
мемлекеті кезінен бастайды (Ғ.Мусабаев II ғасырдан, Ə.Марғұлан, Б.Кенжебаев 
V  ғасырдан  т-б) 2. Қазақ  əдеби  тілінің  тарихы XVIII ғасырдан  басталады 
(Қ.Жұмалиев,  М.Балақаев  т.б.)  3. XIX ғасырдың II жартысынан  басталады 
(Қ.Жұбанов,  Н.Сауранбаев,  С.Аманжолов,  І.Кеңесбаев) 4. Қазақ  əдеби  тілі 
Октябрь  революциясынан  кейін  басталады  (Т.Қордабаев)  5. Қазақтың  төл 
əдеби  тілі  ауызша  дамыған  авторлық  поэзия  түрінде  оның  халық  болып 
құралған  кезеңінен, XV-XVI ғасырлардан  басталады,  ал  ескі  жазба  əдеби  тілі 
XVI-XVII  ғасырлардан,  жаңа  ұлттық  жазба  əдеби  тілі XIX ғасырдың  екінші 
жартысынан басталады (Р.Сыздықова, Қ.Өмірəлиев, Б.Əбілқасимов, А.Ысқақов 
т.б.) Қазақ əдеби тілі жайында энциклопедияға жазған мақаласында М.Балақаев 
пен Ə.Құрышжанов оның тарихын мынадай кезеңдерге бөліп қарайдыі 1-кезең-
XVIII  ғасырдың II жартысы,  бұл  қазақ  əдеби  тілініңалғашқы  дəуірі, 2-кезең-
XIX  ғасыр  бұл  ғасырдың II жартысында  жаңа  сапалы  жазба  əдеби  тіл  пайда 
болды. 3-кезең-Октябрь революциясынан кейінгі. 
196I-жылы  жарық  көрген  «Қазақ  əдеби  тілінің  тарихы»  атты  оқу 
құралында  да  əдеби  тіл  тарихын  өзгеше  баяндайтын  зерттеуші  М.Балақаевтің 
концепциясы  негізге  алынғандықтан,  қазақ  əдеби  тілінің  даму  барысын 
мынадай  кезеңдермен  байланысты  қарастырыладыі 1. XVIII-XIX ғасырдағы 
əдеби  тіл. 2.XIX ғасырдың I жартысындағы  əдеби  тіл. 3. XIX ғасыр II 
жартысындағы  əдеби  тіл. 4. XX ғасыр  басындағы  əдеби  тіл. 5. 1920-1930 жж 
əдеби  тіл. 6.1940 жылдан  кейінгі  əдеби  тіл.  Бұл  дəуірлеу  қазақ  əдеби  тілінің 

 
 
71
тарихын  ғылыми  теориялық  тұрғыдан  гөрі,  қазақ  халқының  əлеуметтік 
өмірінің  хронологиялық  мерзімдеріне  қарай  жасалған  шартты  кесте  екенін 
мойындау  керек.  Əдеби  тіл  əрдайым  өзгеріп  отырады.  Ол  өзінің  қызмет  ету 
барысында  көптеген  күрделі  жолдардан  өтеді.  Сондықтан  əдеби  тілдің  даму 
кезеңдерін тарихи тұрғыдан алып қарау керек болады. Қазақ əдеби тілінің даму 
тарихын  ең  алдымен  басты-басты  екі  дəуірге  бөлемізі 1. Қазақ  халқының 
ұлттық  кезеңге  дейінгі  əдеби  тілі. 2.Қазақ  халқының  ұлт  болып  қалыптасқан 
кезеңіндегі  əдеби  тілі.  Алғашқы  дəуірдің  өзін  шартты  түрде  екі  кезеңге  бөліп 
қарастыруға  боладыі 1-кезеңі  Қазан  хандықтарының  құрылуы  мен  қалыптасу 
тұсы,  бұл XV-XVIII ғасырдың I жартысын  қамтиды,  мұны  қазақ 
хандықтарының кезіндегі əдеби тіл деп те атап жүр. 
2-кезеңді  де  күні  бүгінге  дейін  бел  алып  келген  дағды  бойынша XVIII 
ғасырдың II жартысынан XIX ғасырдың II жартысына дейін- гі тұсқа шамалауға 
болады.  Бұл  тұста  қазақ  даласында  хандық  жойылды. 1-дəуір  қазақтардың 
дербес  халық  болып  құралып,  өз  алдына  хандық  тұрған  тұсы-XV  ғасырдан 
басталып, XIX ғасырдың II жартысына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңдегі 
əдеби,  əсіресе  ауызша  дамыған  əдеби  дəстүр  қазақ  халқы  мен  қазақ 
хандығының  құралу  процесіне  үлес  қосқан  үлкен  əлеуметтік  күш  болды. 
Қазақтың  төл  жазба  əдеби  тілінің  алғашқы  нышандары XVI ғасырларда-ақ 
көріне  бастады. (Мысалы,  Жалайыр  Қадырғали  би  жазған  шежіресі,  хандар 
кеңсесінің  əр  алуан  жазбалары  т.б.).  Бұл  кезеңде  жыраулық  мектеппен  қатар 
ақындық дəстүр күшейе түсті. 
2-дəуір  ХIХII  жартысынан  басталады.  Бұл-қазақтың  ұлттық  жаңа  жазба 
əдеби тілінің қалыптасу тұсы болды. Бұл кезеңнің өзін кейде ХIХII жартысынан 
ХХ  ғасырдың  басына  дейінгі,  ХХ  ғасырдың  алғашқы  екі  он  жылдығындағы 
жəне совет дəуірі деп келте кезеңдерге бөліп қарастыру да байқалады. Бұлайша 
дəуірлеу  əдеби  тілдің  өзінің  даму  сатыларына  қарап  айқындау  емес,  қоғам 
өмірінің  əлеуметтік  хал-ақуалына  қарап  бөлшектеу  болып  табылады.  Ал 
шындығында  өткен  ғасырдың  екінші  жартысында  қалыптсып  өмірге  келген 
қазақтың  ұлттық  жаңа  жазба  əдеби  тілі  сапалық  үлкен  өзгеріссіз  бүгінгі  қазақ 
əдеби  тіліне  келіп  ұласып  отыр.  ХIХ  ғасырдың II жартысынан  бермен  қарай 

 
 
72
қазақ халқының əлеуметтік-саяси өмірінде небір өзгерістер, жаңалықтар болып 
өтті, бірақ тіл өзінің негізгі сипатын түбегейлі өзгерткен жоқ, рас сөздік қазына 
молықты,  грамматикалық  нормалар  тұрақтала  түсті,  функционалдық 
стильдердің  жеке  белгілері  айқындала  түсті,  орфоэпиялық  нормаларды  сақтау 
қолға алынды. 
Əдеби  тілдің  қоғамдағы  басты  қызметі-адамдар  арасындағы  қатынас 
құралы  болу.  Сондықтан  жалпы  тілге  тəн  қасиет-коммуникативтік  қызмет-
əдеби  тілге  де  тəн.  Əдеби  тіл  арқылы  айтушының  ойын,  пікірін  ұғамыз, 
сұрағына  жауап  береміз.  Əдеби  тіл  арқылы  өзіміз  көзбен  көрмеген  оқиға 
туралы  мағлумат  аламыз.  Мысалы,  əр  түрлі  ауыз  əдебиетінің  нұсқаларын, 
кейінгі  кезде  нақтылы  тарихи  деректерді  зерттеу  негізінде  жазылған  тарихи 
еңбектерді,  көркем  туындыларды  оқу  арқылы  халқымыздың  өткен 
ғасырлардағы  бастан  кешірген  тарихи  өмірін  біліп,  оларды  көз  алдымызға 
елестете  аламыз.  Былайша  айтқанда  пікір  алысу  яғни  адамдар  арасындағы 
коммуникативтік  қатынас  жалғыз  əдеби  тіл  арқылы  ғана  соны  жеткізу 
адамдардың  бір-бірімен  ұғысуы,  білмегенді  білу,  білім  алу,  тілдің 
коммуникативтік  қызметі  арқылы  жүзеге  аcады.  Əдеби  тіл  коммуникативтік 
қызмет  атқарумен  ғана  шектеліп  қалмайды.  Əдеби  тіл  арқылы  белгілі  бір 
оқиғаны  оқушыға  жеткізіп  ғана  қоймайды,  оқушының  сезіміне  əсер  де  етуге 
болады.  Ол  əдеби  тілдің  екінші  экспрессивтік-эстетикалық  қызметі  болып, 
қызметі  көркем  шығарма  тілінен  анық  байқалып,  образды  ой  білдірумен 
астасып жатады. 
 
                      Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Əдеби тіл дегеніміз не

2. Əдеби тілдің басты белгілерін атап көрсетің 
3. Қазақ əдеби тілінің басталар тұсы жайында қандай көзқарастар бар

4. Қазақ əдеби тілінің зерттелу тарихы туралы не білесіз

5. Əдеби тілдің басты қызметі не

                       Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Р.Сыздықова. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993ж. 

 
 
73
2. С.Исаев. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989. 
3. Ғ.Айдаров., Ə.Құрышжанов., М.Томанов. Көне түркі жазба  
ескерткіштерінің тілі. Алматы, 1993. 
4. Қазақ əдеби тілінің тарихи көздері. Авторлар жинағы. Алматы, 1989. 
 
Ұлттық кезеңге дейінгі əдеби тілдің үлгілері 
Жоспарыі 
1. Көне түркі жазба мұраларының қазақ əдеби тіліне қатысы. 
2. Қараханид кезеңіндегі ескерткіштер тілі-қазақ əдеби тілінің  
қайнар көздерінің бірі. 
3. Алтын Орда дəуірі ескерткіштері тілінің қазақ əдеби тілін  
қалыптастырудағы ролі. 
Тірек  сөздері  Көне  түркі  əдеби  тілінің  қазақ  əдеби  тілінің 
қалыптасуындағы  орны,  көне  түркі  жазба  ескерткіштерінің  тілі,  орта    түркі 
жазба мұраларының тілі, Алтын Орда дəуіріндегі жазба ескерткіштер туралы. 
  
Қазақ  əдеби  тілінің,  оның  дыбыстық-фонетикалық  жүйесіндегі,  сөздік 
құрамындағы  грамматикалық  құрылысы  мен  сөз  тудыру,  сөз  түрлендіру 
жүйесіндегі  негізгі  заңдылықтар  мен  нормалардың  көпшілігі-ақ  көне  түркі 
тілінен мирас болып енді. Əрине, олардың сипаттары да жүйелілігі де біркелкі 
емес.  Оларды  айқынырақ  байқау  үшін  əр  кезеңдегі  көне  түркі  жазба 
ескерткіштерінің тілін қазақ əдеби тілі мен салыстыра қараған жөн. Сонда ғана 
көне түркі əдеби тілінің қазақ əдеби тілінің қалыптасуындағы үлкен бір тарихи 
негізі мен арнасы екендігі айқындалады. 
Орхон-Енисей  жазба  белгілері  бар  тастар  ең  алғаш  рет  ХVII  ғасырдың 
соңғы  кезінен  бастап  Сібірде  зерттеушілердің  көзіне  түсті.  ХIХ  ғасырдың II 
жартысында  Монғолия  жерінен,  Орхон  бассейнінен,  Якутияның  оңтүстігінен 
тасқа  жазылған  жазулар  көптеп  табыла  бастады.  Олардағы  жазуды  танып, 
тұңғыш оқығандар жайында тастағы жазулардың мазмұны, тілі, стилі жөнінде 
В.В.Радлов,  С.Е.Малов,  П.М.Мелиоранский,  В.Котвич,  Г.Рамстедттерден 
бастап  шет  ел  жəне  орыс  ғылымында  соңғы  жүз  жылдық  ішінде  орасан  көп 

 
 
74
айтылып,  зерттеліп,  жазылып  келеді.  Көне  түркі  жазба  ескерткіштерінің  тілі 
жөнінде  қазақ  зерттеушілері  де,  оның  ішінде  əсіресе “.Айдаров,  С.Аманжолов 
сияқты танымал ғалымдар айтарлықтай үлес қосып келеді. 
Көне  түркі  жазбалары  тіліндегі  қазіргі  тілдерге  ұқсастық,  іліктестік 
белгілерін  қазақ  тіліне  қатыстыра  сөз  етсек  мыналарды  айтуға  боладыі 
Дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке болып төрт жұп құрауы а-э(е), ы-й(і), о-е, 
ұ-ү  жəне  олардың  позициялық  орындары  қазақ  тілімен  бірдей  болып  келеді. 
Қазақ тілінде өзге түркі тілдеріндегі ш-мен келетін сөздер с-мен келетін болса, 
көне түркі тілінде екеуі де қатар келгенін көремізі іш-іс, кіші-кісі, йаш-жас, аш-
ас,  барш-барыс,  алтмыш-алтмыс.  Сол  сияқты  е  мен  и  (і)  дыбыстары  да  көне 
түркі тілінде жарыса қолданылған болса (ел-ил, бер-бир) йеті-йіті, кет-кит, кеш-
киш, е мен келгені жалғасын, қазақ, (азербайжан, түрік, өзбек) тілінен табады. 
Енінші буында у(ұ),ү дыбыстарының орнына қысаң ы,і дыбыстарының келуі де 
(үчын-үчін,  тоқуз-тоқыз)  бүгінгі  ізін  казақ  тілінен  көре  алады.  Сонор  р,л,н 
дыбыстарына  аяқталатын  сөздерге  қатаң  дыбастан  басталатын  қосымшаның 
жалғануы  (кенті,  болтым,  анта)  көне  түркілерде  басым  болса,  бұл  заңдылық 
қазақ тілінде тек қалдық ретінде сақталған (шідерті, жиынтық). 
Əрине, көне түркілік сөздердің барлығының тұлғасы қазіргі қазақ тілімен 
бірдей  түсе  бермейді,  бұлардағы  тағ,  бағыр,  меріз,  өгүр  сияқты  ə  дыбысымен 
келетін  сөздер  қазақ  тілінде  бұл  күнде  й  не  у  мен  келетіні  мəлім.  Сол  сияқты 
ескерткіш тілінде д мен келетін тұлғалар қазақ тілінде й мен келетінін білеміз. 
(адырыл-айырыл, ұлғад-ұлғай). 
Орхон  жазбалары  тілінде  орын  алған  сингармонизм  құбылысы  сөз 
буындарының  құрылымдық  типтері,  ғ,  г,  п,  р  дыбыстарының  сөз  басында 
кездес-пейтіндігі-осылардың  барлығы  қазіргі  қазақ  тіліндегі  əдеби  нормаға 
сəйкес келеді. 
Морфология саласындаі тəуелдік категорияның грамматикалық тұлғасы -1, 
2, 3, жақтық тəуелдік жалғаулары, септік жалғауларының көрсеткіштері (ғару, 
геру,  аг,  іг  түрінен басқасы)  қазақ  тіліндегі  көрсеткіштерге  сай  келеді.  Жіктеу 
есімдіктерінің  ман,  біз,  ол,  болып,  сұрау  есімдіктерінің  на,  анча,  өздік 

 
 
75
есімдіктерінің өз, өзүм болып көрінуі де қазіргі түркі тілдерінен көп айырмасы 
жоқ. 
Лексика-тілдің  өте  құбылмалы  саласы  екені  белгілі.  Сондықтан  Орхон-
Енисей  ескерткіштері  тілінің  лексикасы  мен  қазіргі  түркі  тілдері  арасындағы 
өзгешеліктердің  едəуір  болуы  заңды.  Сөйте  тұра  ескерткіштер  тіліндегі  жеке 
сөздердің көпшілігінің мағыналық жəне тұлғалық бітімі жағынан  қазіргі қазақ 
тіліндегі  сөздермен  бірдей  екендігі  байқалады.  Оларды  зерттеушілер  мынадай 
топтарға  бөліп,  олардың  қазақ  тіліне  де  тəн  екендігін,  бірлі-жарым 
фонетикалық  айырмасы  болмаса,  негізінен  сол  қалпында  сақталғандығын 
көрсетеді: 
 1.  Адамдарға  жəне  туыстық  қатнастарға  байланысты  сөздер:  ата,  қатун, 
қыз, іні, сіңлі, келін, йегін (жиен). 
2. Табиғат құбылыстарына қатысты сөздер: йер, тағ, қар, таш, тас, күн, суб 
(су), құм. 
3.  Əлеуметтік  қатыныстарға  байланысты  сөздер:  ел,  іл,  йутр,  қан,  қаған, 
бек, бай, күң, чығай, төрү (төре). 
4. Əскери лексикаға жататын сөздер: су, шерік, уруш, оқ. 
5.  Шаруашылыққа,  тұрмысқа  қатысты  сөздер:  бедіз,  ағыл  (ауыл),  қапығ 
(қақпа), еб (үй). 
6. Жан-жануарлар атаулары:і адғыр, ат, бұқа, тай, бөрі, қой, йылқы, барс, 
інчек (сиыр) 
7. Анатомиялық атаулар:і баш, бас, адақ, көз, қаш, құлақ, сач, тіл. 
Зерттеуші  Ə.Құрышжанов  пен  М.Томанов  орхон-енисей  ескерткіштері 
тіліндегі  қазіргі  қазақ  тілінен  тұлғалық  əрі  мағыналық  жағынан  ұқсастығы 
айқын,  ешқандай  айырмашылығы  жоқ  сөздер  деп 130 сөзді,  ал  қазіргі  қазақ 
тілімен салыстырғанда кейбір фонетикалық ерекшелігі бар сөздер деп 397 сөзді, 
тұлғалық та, мағыналық жағынан ұқсастық таппайтын сөздер деп 311 сөзді тізіп 
көрсетеді. 
Қай  түркі  тілі  болмасын  өздерінің  бүгінгі  лексикалық  қазынасында  көне 
сөздерді  ішінара  сақтап  қалғандығы  да  байқалады.  Мысалы,  қазақ  тілінде 
«мүлік»  мағынасында  көне  түркілік  барым  сөзі, «шақыру»  мағынасында  саб 

 
 
76
«сөз саптау, «кедей» мағынасындағы шығай «шығайбай» деген сөздер тұрақты 
тіркестердің құрамында кездеседі. 
Міне,  осы  көрсетілген  фонетикалық,  грамматкиалық,  лексикалық 
ұқсастықтар  көне  түркі  жазбаларының  тілі-қазақ  əдеби  тілінің  де  бір  арнасы 
екенін дəлелдейді. 
Қараханидтер  династиясы  кезінде  Орта  Азия  мен  Қазақстан  жеріндегі 
халықтардың ана тілі мен əдебиеті өркендеді. Бұл кезде қыпшақ, оғыз, қарлұқ, 
ұйғыр  халықтарының  тілдері  негізінде  араб  графикасындағы  түркі  жазуы 
қалыптасты,  ескерткіштер  дүниеге  келді.  Ол  ескерткіштері  «Құдатғу  білік» 
(ХIғ),  М.Қашқаридың  «Дивани  лұғат  ат-түрк»  атты  еңбегі  (ХIғ),  Йүгнекидің 
«*ибат ул-хакаийк». 
 М.Қашқаридың  «Дивани  лұғат  ит-түрк» (Түркі  тілдерінің  сөздігі)  атты 
еңбегі. ХI ғасырдың ескерткіші. Бұл сөздік тұңғыш рет 1915-1917 жж Түркияда 
үш  том  болып  жарық  көрді.  Кейін  оны  түрік  ғалымы  Б.Аталай  араб  тілінен 
түрік  тіліне  аударып (1939-1941) үш  кітап  етіп  жариялады. 1960, 1961, 1963 
жылдары өзбек ғалымы С.Муталибовтың аудармасымен Қашқари сөздігі өзбек 
тілінде  жарияланды.  Оның  сөздігін,  грамматикасын,  көркемдік  сипатын 
зерттеуге  қазақ  лингвистері  де  ат  салысып  келді.  Қ.Өмірəлиев  Қашқаридағыі 
Алп ер Тоңа өлді му

 Есіз ажун қалды му 

 Өзлек өгүн алды му

 Емті жүрек жыртылур 
 деген өлең жолдарын келтіріп, жоқтау өлең түрінің VII ғасырдан Қашқари 
дəуіріне ауызша жеткенін айта келіп, бұл жырдың қазақтың жоқтау өлеңдеріне 
келіп ұласқанын айтады. Өлеңдегі тармақ  соңындағы сөздердің ұйқасуы қазақ 
өлең  техникасында  да  орын  алатын,  сондай-ақ  құлан-киік  аулау,  еч  ал,  йүрек 
йыртылур,  йағы  отын  өчүрген  (дұшпан  отын  өшірген),  есүз  ажун  қалды  му

(дүние иесіз қалды ма) сияқты тұрақты тіркестердің беретін мағынасы жасалу 
моделі 
компоненттік 
құрамы 
жағынан 
қаз 
іргі 
қазақ 
тіліндегі 
фразеологизмдерге келіп ұласатынын көруге болады. 

 
 
77
Тіпті  ер  Тоңа  жалқы  есімінің  құрылымы  қазақ  əдеби  үлгілерінде  күні 
бүгінге дейін жалғасып келе жатқанын көремізі ер, батыр, қыз, сұлу, сал, сері, 
бай  сияқты  атрибуттар  жалқы  есімнің  тұрақты  компоненті  оның  алдынан  да, 
соңынан да келе беретінін білеміз. 
ХII  орта  кезі  мен  ХIII  ғасырдың  бас  кезінде  өмір  сүрген  А.Йұгнекидің 
«*ибатул-хакаийк» (Ақиқат  сыйы)  атты  дидактикалық  толғаулары  сол  кездегі 
түркі  тілдес  тайпалардың  көбіне  түсінікті  болған.  Қараханид  түркілерінің 
тілінде  жазылған.  Зерттеушілердің  пайымдауынша  дастанның  авторы  теңеу, 
антитеза,  метафора  сияқты  көркемдеуіш  құралдарды  кеңінен  жəне  шебер 
пайдаланған.  Мысалы,  əскер  басы  болған  замандасы  Ыспақсаларды  теңізге, 
өзін  тамшыға,  білімді  адамды  таза  алтынға,  надан  адамды  құны  жоқ  жалған 
ақшаға,  шын  сөзді  балғаға  теңеулері  немесе  білімді-надан,  жомарт-сараң, 
тəкаппар-момын,  адал-арам  сияқты  антитезаларды,  дүниені  керуен  сарай  деп 
ауыстырып  атауы-осылардың  бəрі  А.Йүгнекидің  шебер  ізденістерінің  жемісі. 
Ерте орта ғасырлардағы (ХII ғ) түркі жазба ескерткіштерінің бірі-атақты Қожа 
Ахмед  Йассауидың  «Хикмет» (Парасаттылық)  атты  өлеңдер  жинағы.  Ең 
алдымен  лексика  саласына  келсек,  Йассауи  тілінің  негізіне  оғыз-қыпшақ 
тобында  сөйлеген  ру-тайпалардың  тілі  жататындығы  көрінеді.  Хикметтердің 
сөздік қазынасы үш қабаттан тұрады. Басым қабаты-түрік сөздері, қалғандары 
араб  пен  парсы  сөздері.  Лексикасының  түркі  қабаты  қыпшақ  тілдеріне  оның 
ішінде  ХII  ғасырдағы  жергілікті  халықтың  сөйлеу  тіліне  негізделгенін 
дəлелдейтін  фактілер,  біздіңше  мыналар  сияқтыі 1.Түркі  сөздері  з,д  дыбысты 
емес, й дыбысты тілдікі, мысалыі айақ (азақ,адақ емес), игем (іді емес) қой (қод 
емес,  қөз). 2.Орта  ғасырлық  тіпті  кейінірек  кезеңдерге  жататын 
«Мұхаббатнаме», «Ортазиялық  Тефсир»  сияқты  ескерткіштерде  көбірек 
ұшырасатын  архаизмдер.  Мұнда  кемде-кем  кездеседі.  Олардың  барларыі  біт 
(жаз), ай (айт), ошал, ошбу (осы), қамуғ (барлық), нүчүк (неліктен), арығ (ару) 
деген  тұлғалар.                  3.  Архаистік  тұлғалардың  сол  кезеңдегі  параллельдері 
қатыр кездеседіі Ай\айт, қамуғ\барча, біт\йаз. 4. Түркі сөздері мол фразеология 
қорын  құрайды  жəне  олардың  дені  халықтың  ауызекі  сөйлеу  тіліне  тəн  күні 
бүгінге 
дейін 
қоладынлып 
келе 
жатқандар 
укуні 
байқалады. 

 
 
78
Фразеологизмдердің  ішінде  метафоралық  түрлері  өте  көп.  Мысалыі  қара  йүз 
(қара бет адам), көңіл құшы, ит нəфсі, йуз мың (сансыз көп), иузі қара, қара иер. 
т.б. 
Яссауи  тілінің  лексикасындағы  парсылық  қабатты  А.К.Боровков  Яссауи 
мұрасы  тараған  өлкелер  тұрғындарының  көп  уақыт  бойы  түркі-парсылық  қос 
тілді  болып  келуінің  əсері  деп  қарайды.  Бір  қызығы-Яссауи  мұрасының 
қолжазбаларында  (Мысалы,Самарқанд  нұсқасында)  Қазанда  басылған 
нұсқалары  мен  салыстырғанда  парсы  сөздері  кемірек  кездеседі.  Мысалы, 
1I96жылғы  Қазан  басылымында  ду  алам,  қолжазбада  екі  жиIан,  сол  сияқты 
гүнаIлардың йазуқларың, фарзандым, оғлум т.б. 
«Хикметтер»  тексінде  парсы  тілінің  сын  есімдері  де 1 дəрди  үлкен,  бəд-
жаман,  худ-жақсы,  нəу-жас,  жуван-кəрі,  үстеулері  де  орын  алады.  Яссауи 
тіліндегі фарсизмдердің бірқатары қазақ тілінде бұрыннан қолданыла келе күні 
бүгінге дейін жеткені байқалады. 
 Яссауи мұрасы тілінің үшінші қабатын араб сөздері құрайды. Олар ислам 
дініне  қатысты  жəне  діни  ұғымдарға  қатыссыз  сөздер  болып  екіге  бөлінеді. 
Яссауидің  мұраты-ислам  дінінің  бір  сектасы  сопылықты  насихаттау 
болғандықтан,  мұнда  аят,  хадис,  ахырет,  зикр,  маIшар,  тариқат,  сират,  заһид 
сияқты сөздер жиі қолданылған. Шығарманың лексикалық жəне парсы қабаты 
шамамен 44,I проценттін  қамтиды,  бұл  процент  ішінде  дінге  қатыссыз 
ұғымдарды білдіретін арабизмдер де бар. Соңғы топтың дені дерексіз ұғымды 
білдіретін зат есімдері адаб, афат, уафа, уаIм, умр, жаза, ихлас. 
Яссауи  тілінің  морфологиялық  сипатына  келсек,  мұнда  сөз  жасау,  сөз 
құбылту  амалдарын  білдіруде  «қыпшақтық»та,  қыпшақтық  емес  те  фактілер 
бар. Мысалы, қазіргі қазақ əдебиетінің нормасы сияқты, мұнда да сан есіммен 
тіркескен зат есімдер көптік жалғаусыз келедіі төрт дəфтерім, йуз мың бала, екі 
алам.  Көптік  мағына  мұнда  негізінен  қазіргі  түркі  тілдеріндегідей  -лар,-лер 
аффиксімен беріледі, көне түркілік -ан,-ен. 
Септеу,  жіктеу  парадигмалары  да  «Хикметтер»  тілі  қазақ  тілінен 
алшақтамайды. 

 
 
79
Қазақ  тіліндегі  үстеулердің  жасалуы  да  Яссауи  тілімен  іліктеседіі  көптік 
жалғау арқылы есімнің үстеуге айналуы (кечəлəрі-түнде, сахарлары таңертең), 
қазақ  тілінде  де  бар,  тек  бұл  тəсіл  үстеуден  үстеу  тудырадыі  кешелері, 
биылдары.  Тəуелдік  жалғаудың III жағының  көрсеткішімен (-ы,-і)  үстеудің 
жасалуы (ахиры, бір иолы), жатыс септіктің тұлғасымен жасалуы (Iəр лəхзада, 
Iəр  күнде, Iəр  кезде),  көсемшенің  көне  -у-ү,-ы-і  жұрнақтарымен  жасалған 
үстеулердің  жоқтығы  (өтру-содан  соң,  ашну-бұрын)-осылардың  бəрі 
морфология  саласында  Яссауи  тілінің  қыпшақ  тілдеріне,  оның  ішінде  қазақ 
тіліне жақын екендігін көрсетеді. 
 Сөйтіп,  лексика-грамматикалық  сипатына  қарап,  Яссауи  (Хикметтерінің) 
тілін  қазақ  əдеби  тілдерінің  бастау  көздерінің  бірі,  тіпті  бірегейлі  деп  түюге 
болады. 
Қазақ əдеби тілінің бастау көздерін сөз еткенде ХIII-ХIV ғасырларындағы 
Алтын  Орда  дəуірінің  ескерткіштері- «Хосрау  уа  Ширин»  мен 
«Мухаббатнаме», «Гүлстан», «Жүсіп-Зылиха»  туындыларына  соқпай  кетуге 
болмайды. 
«Хосрау  уа  Ширин»-поэтикалық  туынды,  авторы  Еділ  бойындағы  Сарай 
қаласында туып-өскен Құтб. Тілін бірқатар ғалымдар Алтын Орда уалаятының 
əдеби  тілі  десе  (А.Н.Самойлович),  енді  бірсыпырасы  Орта  Азиядағы  оғыз-
қыпшақ əдеби тілі (Ə.Нəжіп) деп санайды. 
Əдеби  тілдік  белгінің  бірі-бейнелі  жəне  тұрақты  фразеологизмдердің 
дəстүрлі  мол  қоры  болса,  бұл  жөнінен  «Хосрау  уа  Ширин»  тексіндегіі  авара 
қыл (əуре қыл), ай йуз, ант еч, ат қоймақ, ачы сөзлүк, жан берді, жаннан кечті, 
жаны ұчты, иаман ат, йар болды, қан төкті, чічəктек салды (гүлдей солды), екі 
сөзлүг,  ічі  күйді,  ічəнчі  от  түшті  сияқты  тұрақты  тіркестер  халық  тілінде  өте 
əріден  келе  жатқандығын,  бұлардың  қазіргі  тілдерде  жалғасын  тапқандығын 
көреміз.  Сондай-ақ  мағыналары  жағынан  бір-біріне  жуыспайтын  сөздерді 
тіркестіріп  образды  фразеологизмдер  жасау  да  əдебти  тілдің  бір  тəсірі  болса, 
олардың  қазақ  тіліндегі  сынық  көңіл,  көңіл  құсы,  көңілдің  айнасы  сияқты 
типтерін  де  Құтб  дастанынан  табамызі  біліг  қамчысына  елча  алыб  (білім 

 
 
80
қамшысын  қолға  алып)  бағырдан  суғарыб  бу  жан  бағыны  (бауырдан  суарып 
бұл жанның бағын) т.т. 
«Мұхаббатнама»-Алтын  Орда  дəуіріндегі XIV ғасырдың  ескерткіші. 
Авторының  лақаб  аты-Хорезми.  Қазақ  əдебиетшісі  Б.Кенжебаев  бұл  дастанды 
Орта Азия мен Қазақстандағы түркі тілдес халықтарға ортақ мұра деп таниды. 
Дастан  атының  өзі  айтып  тұрғандай,  ғашық  жастардың  сезімдерін, 
ойларын,  айтар  сөздерін  баяндайды.  Бұл  поэма  қазақ  лиро-эпостарымен  үндес 
түседі. Дастанның 11 буынды, екі тармақты өлең тəсілмен берілуі де қазақтың 
11  буынды  өлеңдеріне  ұқсайды.  Мұндағы  көптеген  эпитеттердің  (қылдай  бел, 
толған ай, татлы сөз), теңеулердің, антитезалардың қазақтың көркем сөзінде де 
орын алатындығы əдеби тіл дəстүріміздің бастау көздерінің бірін танытады. 
 Қазақ тіліне біршама қатысы бар деп танылып жүрген жазбалардың жəне 
бірі-«АттуIфа-уз закийа фил луғат ит туркийа». 
(Түркі  тілі  туралы  жазылған  ерекше  сыйлық). «АттуIфаның»  лексикасын 
арнайы  зерттеген  Т.Арынов  мынадай  пікір  айтадыі  «АттуIфаның»  лексикалық 
тұлғасы  басқа  ешбір  тілде  дəл  қазақ  тіліндегідей  өзгеріссіз  сақталмаған, 
мұндағы  сөздердің  үштен  бірі  қазіргі  қазақ  тілінде  сол  күйінде  кездеседі, 
ескерткіштер  тілінің  фонетикалық  ерекшеліктері  қазіргі  қазақ  əдеби  тілінің 
фонетикасымен  бірдей  келеді:  тау,  шөлмек,  шыбын,  шүберек.  Т.Арынов 
«Аттуһфаны»  ескі  қазақ  тілінде  жазылған  тұңғыш  ескерткіш  деп  қарауға 
болады деген пікірге келеді. 
 Жоғарыда  аталған  ескерткіштер  қазақ  əдеби  тілінің  ауызша  да,  жазба  да 
түрлеріне  əсерін  тигізген,  кейбір  тілдік  жəне  көркемдік  модельдерді  ұсынған 
көздер екендігіне ешқандай күмəн жоқ. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет