Филология факультеті



Pdf көрінісі
бет11/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,85 Mb.
#8140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

                    Пайдаланылған əдебиеттер 
    1. Р.Сыздықова Абай шығармаларының тілі Алматы, 199Iж. 
    2. Р. Сыздықова Қазақ əдеби тілінің тарихы 1993ж. 
    3. С.Исаева Қазақ əдеби тілінің тарихы Алматы. 1989ж. 
ХХ ғасыр басындағы жазба əдеби тіл 
Жоспары: 
1. ХХ ғасыр басындағы көркем шығармалар тілінің фонетикалық   
ерекшеліктері. 
2. Көркем əдебиет тіліндегі грамматикалық ауытқулар 
3. ХХ ғасыр басындағы көркем əдебиет тілінің лексикалық ерекшеліктері. 
Тірек сөздері  ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының қоғамдық-əлеуметтіқ 
жағдайы,  қазіргі  əдеби  тіліміздің  фонетикалық  құрылымының,  лексика, 
морфология  жəне  синтаксис  жүйесінің  ХХ  ғасыр  бас  кезінде  дамуындағы 
негізгі процестер туралы. 
Бүгінгі  қазақ  əдеби  тіліндегі  фонетикалық,  лексикалық  жəне 
грамматикалық  нормалар  бірден  қалыптаса  қалған  жоқ.  Өткен  кезеңдердегі 
сияқты  ХХ  ғасырдың  басында  да  қазақ  тілінің  өз  табиғатына,  өз 
ерекшелігінелайық  арнайы  алфавиті  болған  жоқ.  Бұл  тұстағы  қаламгерлер 
əдебиетке  ескі  мұсылман  мектептерінен  хат  танып  шығыс  əдебиеттерін  еркін 
оқи  алатын  дəрежеде  келді.  Сонымен  қатар  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  əдебиет 
өкілдері  орыс  əдебиетінің  озық  үлгілерімен  де  жақсы  таныс  болды.  Бұл 
кезеңдегі  қазақ  тіліндегі  үлкенді-кішілі  жазу  нұсқалары  біраз  ретте  татар 
баспасынан  шығып  тұрды.  Қазіргі  əдеби  тіліміздің  фонетикалық,  лексикалық 
жəне  грамматикалық  нормалары  өздерінің  алғаш  пайда  болу,  біртіндеп  даму, 
əбден  тұрақтану  үстінде  өзгеріске  түсті.  Əдеби  тілдік  нормалар  осы  ұзақ 

 
 
132
процестің  нəтижесінде  келе-келе  қалыптасты.  Қазіргі  əдеби  тіліміздің 
фонетикалық  құрылымының,  лексика,  морфология  жəне  синтаксис  жүйесінің 
ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  дамуындағы  негізгі  процестер,  əр  түрлі  өзгерістер 
белгілі  дəрежеде  сол  тұстағы  көркем  əдебиет  тілінен  де,  баспасөз  бен  кейбір 
түрлі əдебиеттер тілінен де айқын көрінеді. 
 Қазақ тілі фонетикасының өз жүйесі, өз заңдылығы бар. Тіліміздегі түбір 
сөзде екі дауыссыз дыбыстың қатар қолданылатын реттері санаулы-ақ. Мысалы 
бүгінгі  қазақ  əдеби  тілінде  бір  буынды  түбір  есімдес  дыбысынан  кейінгі  т 
дыбысының  қолданылу  сирек  байқалады.  Мұндай  қосар  дауыссыздар  қазақ 
тілінде  негізінен  ескі  əдебиеттерде,  əсіресе  хан  жарлықтарының  тілінде,  діни 
əдебиеттерде,  сондай-ақ  ХIХ  ғасырдағы  ақын-жазушылардың  туындыларында 
кездесіп  отырады.  Бұл  дыбыстардың  бір  буынды  сөзде  қатар  жұмсалу  фактісі 
Қазан  алдындағы  көркем  əдебиетте  де  бар.  Мысалыі  «Қамар  сұлудың», «Топ 
жарғанның  «тілінен, «Капитан  қызының»  аудармасынан  фонетикалық  осы 
құбылыс  кездеседі.  Қасеннің  жаны  бірге  досты  (Қамар  сұлу)  Жауы  дост  боп 
табылған соң (Топ жарған). 
С  жəне  т  фонемалары  бірігіп,  есім  сөз  таптырының  ішінде  бір-екі  сөзде 
ғана қолданылады (дост, раст). Онда да көбінесе I жақ тəуелдік жалғауларында 
ғана  Ал  қазіргі  жазба  əдеби  тілде  бұл  екі  дыбыс  бұлайша  қатарластырыла 
айтылмайды  да,  соңғы  фонема  қысқарып  түсіп  қалған.  ХХ  ғасыр  көркем 
əдебиет  тілінен  байқалатын  фонетикалық  екінші  бір  құбылыс  ғ  (кейде  к) 
дауыссызына  байланысты  аңғарылады.  Бұл  фонеманың  сөздің  басында  жəне 
орта  позициясында  қолданылуының  өзі  түрліше  болып  келеді.  Қазіргі  əдеби 
тілімізде ғ дауыссызынан басталатын кейбір сөздердің ғ дыбысы түсіп қалады. 
Мұндай  сөздер  өте  сирек.  Мысалы: «Қамар  сұлуда»  ғүзір  сөзі  үзір  түрінде 
қолданылған.  Алғашқы 20 жыл  ішіндегі  көркем  шығармаларда  ғ  дыбысы 
көбінесе  түсірілмей  қолданылады.  Мысалы,  Қазан  алдындағы  көркем  əдебиет 
тілінде  ғ  фонемасынан  басталатын  сөздер  мыналарі  Жүйрік  деп  ханға  атым 
ғарыз  қылған  (Топ  жарған).  Комендат  аз  ғаскердің  алдында  жүрген  екен 
(Капитан қызы). Бүгінгі əдеби тілімізде осы келтірілген сөздердің қай-қайсысы 
да қолданылады, бірақ олардың бəрінде де ғ дыбысы түсіріліп айтыладыі арыз, 

 
 
133
əскер. «Капитан  қызында»  ғаскер  сөзімен  қатар  қазіргі  əскер  сөзіде 
қолданылған.    Ғ  дыбысының  түбір  сөздің  орта  позициясындағы  қолданылу 
ерекшеліктері де көңіл аударарлық. Сөз ортасындағы ғ дауыссызы қазіргі əдеби 
тілімізде байқалмайды. Ғ  фонемасынан басталатын сөздерден бұлар əлдеқайда 
аз. Уағда қылұп серт етіп қойды (Қыз көрелік) Дүниаға ол оғұл бала келтірүп 
(сонда).  Ғ фонемасы сондай-ақ етістікке байланысты да қолданылып отырған. 
Бірақ  ол  етістіктерде  сөздің  ортасында  тұрады.  Мысалыі  бүлік 
шығарғушылардың  (Капитан  қызы).  Бұл  дəуірдегі  көркем  əдебиет  тілінен 
байқалатын  фонетикалық  кейбір  құбылыстардың  тағы  бір  түріх (I), 
кфонемаларына  байланысты.  Бұлар  ілгеріректе  қазіргі  əдеби  тіліміздегі  біраз 
сөздердің  басында  қолданылған.  Олардың  дені  есім  сөздер.  Жандыбаевтың 
«Жас  ғамырым  яки  жастықта  ғафлəт»  атты  шағын  повесінде  Iеш,Iəр  түрінде 
қолданылған.  Осы  тəріздес  есім  сөздерге  байланысты  фонетикалық  кейбір 
ауытқулар  С.Көбеевтің  «Қалың  мал»  романының  ескі  басылуынан  да,  басқа 
шығармаларда да ұшырасады. Мұндай ерекшелік етістік сөздерде де бар. Бірақ 
осы  күнгі  қолданудағы  əзірле  етістігінің  х  дауыссызы  арқылы,  яғни  хазырла 
болып  айтылуы  Қазан  төңкерісі  алдындағы  көркем  əдебиетте  «Қыз  көрелік» 
пен  «Капитан  қызының»  аудармасы  сияқты  жекелеген  кітаптарда  ғана 
байқалады.  Сондай-ақ,  қазіргі  есеп  сөзі  дже  ол  кезгі  кейбір  шығармаларда  х 
фонемасы  арқылы  хисап  түрінде  қолданылады.  Мысалдарі  ?йықтасам  да  Iеш 
шықпайсың түсімнен (Өткен күндер) Хош иіске салқын Iауа толған шақта (Топ 
жарған). 
ХХ  ғасыр  басындағы  шығармалардың  кейбіреулерінде  қазіргі  ж 
фонемасының  орнына  й  дыбысы  қолданылған.  Бірақ  бұл  да  жүйелілік  ала 
алмағані  Бірде  сөз  басында  й  тұрса,  енді  бір  жерде  ж  айтылады.  Мұндай 
фонетикалық ауытқу сол кезгі əдебиет кітаптарының көбінесе татар баспасынан 
шығуымен байланысты. 
ХХ ғасыр басындағы көркем əдебиет тілінде қазіргіге көп ұқсай бермейтін 
де  формалар  жоқ  емес.  Олардың  бастыларыі  -ар,-ер,-тұғын  (тұғұн), -мыш 
(мыс)-мақ, -мек, -ша, -ше, -а-шақ (-е-шек), -лар, -лер, жəне, бірлəн. 

 
 
134
Етістіктің келер шақ -ар формасы бүгін əдеби тілде жиі айтылады. Бірақ 
ХХ  ғасыр  басындағы  көркем  шығармалардың  бəрінде  -ар  түрінде  ұшыраса 
бермейді.  Мысалы, «Қыз  көрелік»  романында  бұл  форма  бір  сөйлемде  -ұр 
болып жұмсалғані Ана залымларының жауызлығы тисе екі дүниеде обалына біз 
қалурмыз. «Капитан қызында» осы -ар тұлғасы арқылы жасалған тұйық етістік 
көбінесе барыс жалғауында тұрады. Ғарыз берерге жүрсіз бе. 
 ХХ  ғасырдың  басындағы  көркем  əдебиет  тілінде  кездесетін 
морфологиялық көне тұлғалардың бірі -мыш формасы. Бұл тұлға «Үлгілі бала» 
кітабы  мен  «Қамар  сұлуда»  жəне  «Капитан  қызының»  аудармасында  ара-тұра 
қолданылады. -мыш  формасы  көрсетілміш  (көрсетілген  деудің  орнына), 
қайтармыш  (қайтарған)  немесе  қайтарылмыш  (қайтарылған).  Оның  жіңішке 
варианты  -міш  тұлғасы  ешбір  жазба  əдебиетте  кездеспейді.  Ентелеп  тұрған 
құдалар айтылмыш күнде сап ете түсті (Қамар сұлу). 
Осы кезеңдегі туындылардың ішінен бірлəн шылауы əсіресе «Қыз көрелік» 
романы  мен  «Капитан  қызының»  аудармасында  ара-тұра  «Ақыуал  қыяматта» 
едəуір жұмсалып отырады. Бұларда сондай-ақ -мен жалғауымен -менен түрінде 
де байқалып қалады. Марла бірлəн көрістім (Капитан қызы). 
ХХ  ғасыр  басындағы  көркем  əдебиет  тілінде  -лар  қосымшасымен  келетін 
етістіктер кездеседі. Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелігінде», Жандыбаевтың «Жас 
ғұмырымда»,  Капитан  қызының»  аудармасында  -лар  жалғаулы III жақ  етістік 
біраз бар. Мысалыі Бізге жұмыс тапсырады деп ұшеуі де Ғайыс байдың үйіне 
келділер (Қыз көрелік). 
ХХ  ғасыр  басындағы  көркем  əдебиет  тіліне  тəн  кейбір  синтаксистік 
құбылыстар  бүгінгі  əдеби  тілде  байқалмайды.  Ол  тұстағы  көркем 
шығармаларда  көбірек  қолданылған  бірді-екілі  синтаксистік  конструкциялар 
жалғыз-жарым  жалғаулықтар  мен  сөз  тіркестері,  негізінен  мыналар:  соның 
үшін, тұрсын үшін, уа, һəма, ине, лəкин, қайтуға тұрғанда, бермеске қалды т.б. 
Бұлардың қай-қайсысы да қазақтың қазіргі жазбаларында, қазіргі ауызекі тілде 
кездеспейді. Сиыры сүт береді, соның үшін балалары оны жақсы көреді («:лгілі 
бала»).  Жас  шақтарын  босқа  оздырмасқа  тырыссын  үшін  төмендегі  бес-алты 

 
 
135
ауыз  сөзді  жаздым («Жас  ғұмырым»).  Бізде  сенің  сықылды  жас  уақытта 
оқытып едік (Жас ғұмырым). 
ХХ  ғасырдың  басында  жарияланған  көркем  əдебиеттердің  тілінен 
байқалатын лексикалық ерекшеліктер бар. Мұндай лексикалық ерекшеліктердің 
ішінде əсіресе араб, парсы сөздері, көне түркі жəне орыс тілдерінің элементтері 
басым жатады. Енді бір сала сөздері диалектизмдер, қазіргі тілде айтылмайтын 
терминдік атаулар, татар, өзбек жəне басқа да кейбір түркі тілінің элементі. Бұл 
кезеңдегі  көркем  шығармалардың  тілінде  кездесетін  араб  сөздері  мыналарі 
Iəккінда, Iəмма,  бəлиға,  мыхнет,  қаза,  дəріс  т.б.  Бəлиға  басқан  əйел  баланы 
(Қамар сұлу). Дəріске келіп кірді (Жас ғұмырым). 
Осы  аралықта  жазылған  көркем  əдебиет  тілінде  парсы  сөздері,  шағатай 
тілінің  элементі  недəуір.  Мысалыі  шəһəр,  дару,  үшбу,  дауыт,  пəрман  т.б. 
Көркем  шығармаларда  бұлар  фонетикалық  жағынан  көп  өзгеріске  түспей, 
негізінен  осы  күйінде  қолданылады.  Мысалыі  Омск  шəIəрі  екі  жүз  шақырым 
(Қамар сұлу). Саған дару іздеп ауруыңнан жазатын (:лгілі бала кітабы). Егерде 
фəрменіңіз болса (Капитан қызы). 
Бұл  кезде  жазылған  көркем  шығармалардың  тіліндегі  лексикалық 
ерекшеліктердің  ендігі  бір  үлкен  тобы-орыс  тілінен  енген  сөздер.  Бұлардың 
кейбірі қазақ тілінің өз заңдылығына сəйкесті фонетикалық жағынан азды-көпті 
өзгертілініп,  ал  қалған  біразы  сол  орыс  тіліндегі  қалпында  түбір  күйінде 
қолданылады.  Бірді-екілі  орыс  сөзі  тіпті  морфологиялық  тұрғыдан  да  өзгеріп, 
яғни  септеліп  айтылған,  мысалыі  папугайша  (Жас  ғұмырым)  панарыңмын 
(Қамар сұлу)  т.б. 
Оспан  бидің  книгасына  тіркесті  (Қамар  сұлу).  Түрлі  мешіттің  планын 
(формын) салған (сонда) Нанды тұрады да бір горшоктың ішіне салып (Үлгілі 
бала кітабы). 
 XX ғасырдың басындағы көркем шығармалар тілінде кейбір сөздер, фраза 
түріндегі  жекелеген  сөз  орамдары  өздерінің  дағдылу  қолданылу  аясынан 
шығыңқырап,  басқа  мағынада  жұмсалады.  Бұлар  сырт  қарағанда,  жергілікті 
жердегі  диалектілік  ерекшеліктерге  де  ұқсайды.  Бірақ,  шын  мəнінде,  олардың 
ешқайсысы  да  диалектизм  емес.  Екінші  жағынан,  бірді-екілі  сөздердің, 

 
 
136
фразалардың  мұндай  тосын  ыңғайда  қолданылу  реттерін  ауыс  мағына  деп  те 
қарауға  келмейді.  Мысалы,  кейбір  прозаларда  қазіргі  əдеби  тіліміздегі  озған, 
болғанша, тоғызыншы, тоғай, сөздері өзгерек мағыналарда қолданылған. Өткен 
соң,  мейлінше,  тоғызға  аяқ  басқанда,  қыстау,  қоштасып  деудің  орнына  озған-
соң, болғанша, тоғызыншыға, тоғай, амандасып сөздері қолданылған. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының қоғамдық-əлеуметтік жағдайы қандай

2.  Осы    дəуірдегі  шығармалары  тілінің  қандай  фонетикалық  ерекшеліктері 
болды

3.  Көркем  шығармалар  тілінің    лексикалық  құрамында  қандай  өзгерістер 
болды

4.  ХХ  ғасыр  басындағы  көркем  əдебиет  тілінде  қолданылған    қандай 
морфологиялық көне тұлғалар бар

5. Көркем шығармалар тілінің синтаксистік құрылысы қандай сипатта болды

                                  Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Р.Сыздықова. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993. 
2.  М.Балақаев.,  Р.Сыздықова.,  Е.Жанпейісов.  Қазақ  əдеби  тілінің  тарихы. 
Алматы, 1990ж.  
3. С.Исаев. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989. 
4.  Қазақстан  ҒА.  Тіл  білімі  институты.  Авт.  Колл.  Қазақ  əдеби  тілінің  тарихи 
көздері. Алматы, 1989. 
 
ХХ ғасыр басындағы баспасөз тілі 
Жоспары: 
1. ХХ ғасыр басындағы баспасөздің қазақ əдеби тілін дамытудағы орны. 
2. Баспасөз тіліндегі фонетикалық ерекшеліктер. 
3. Баспасөз тіліндегі грамматикалық ерекшеліктер. 
  
Тірек  сөздері  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  баспасөзінің  түрлері  туралы, 
баспасөз  тіліндегі  фонетикалық,  лексикалық,  морфологиялық  ерекшеліктері, 
»Айқап» журналы тілінің қазақ əдеби тілін дамытудағы ролі туралы. 

 
 
137
 
  Өздерінің фонетикалық құрылымының сондай-ақ морфология, синтаксис 
жəне  лексика  жүйесінің  дамуы  жағынан  ХХ  ғасырдың  басындағы  баспасөз 
жəне кейбір əдебиеттер тілінің, көркем əдебиет тілінің бір-бірімен соншалықты 
оқшау  тұрған  айырмашылығы  байқалмайды.  Əрине,  бұл  екі  тілдің  (көркем 
əдебиет  пен  баспасөз)  бір-бірінен  ешқандай  өзгешелігі  жоқ  деп  үзілді-кесілді 
айтуға болмайды. Мысалы, ХХ ғасырдың басындағы саяси -əлеуметтік оянуға, 
ғылыми жəне мəдени дамуға, əсіресе орыс тілінің əсеріне байланысты енді-енді 
көріне бастаған əр түрлі жаңа атаулар, терминдік ыңғайдағы соны ұғымдар, сөз 
мағынасының жаңаруы осы дəуірдегі көркем əдебиет тілінен гөрі баспасөз жəне 
кейбір əдебиеттер тілінде біршама айқынырақ сезіледі. 
ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  əдеби  тілінің  əсіресе  оның  лексика  жүйесінің 
қалыптасу процесін сөз еткенде «Айқап» журналын ерекше атау керек. Өйткені 
əдеби  тілді  дамытуда  осы  кездегі  басқа  барлық  жазба  нұсқалардың  ішінде 
«Айқап»  журналының  ролі  айрықша  болды.  Онда  неше  ғасырлар  бойы 
мешеулік халде өмір сүрген қазақ халқын теңдікке ғылымға, мəдениетке тарту 
керектігі  жиі  сөз  етіледі.  Онда  оқу,  ағарту  жұмыстарын  өрістету, 
отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысу, қала салу, əйелге теңдік əперу 
туралы да проблемалық мəселелер жиі қойылып отырылды. Тарих, этнография, 
археология,  география  пəндеріне  қатысты  ғылымдық  болжаулар,  ғылымның 
басқа салалары жайында материалдар осы «Айқапта» басылды. 
Шын  мəніндегі  көркем  проза  стилінің,  публицистикалық  стилдің,  ресми 
кеңсе  стилінің,  өзіндік  тіл  сипаты  осы  ХХ  ғасыр  басындағы  мерзімді 
баспасөзде,  əсіресе, «Айқапта»  жан-жақты  жетіле  түсті.  Тіпті  ғылыми  стилдің 
алғашқы ізі көбінесе «Айқаптан» басталды. 
 Бұл  кезеңдегі  баспасөз  тілінде  де  фонетикалық  біраз  өзгерістер  бар. 
Мысалыі  қазіргі  əдеби  тілімізде  əдетте  ақыл,  ақылдасу,  əскер,  өмір,  өнер,  үн, 
арыз  түрінде  қолданылып  жүрген  жекелеген  сөздер  бұл  тұстағы  баспасөз 
тілінде  ғ  дыбысы  арқылы,  яғни  араб  тіліндегі  формасында  жұмсалады. 
Мысалы,  Біздің  ойымызша  отырықшы  ғұмырға  қолайлы  жері  бар  (Айқап). 
Біздің қазақ халқының бір жерінде гүні шыққан жоқ. Оңай сөзі баспасөз тілінде 

 
 
138
оңай қалпында да, оңғай болып та қолданылады. Ал ғ дыбысы арқылы келетін 
тұйық етістік үнемі -ш жұрнағына аяқталып отырады. Біздің қазақ халқында іс 
басында тұрғушыларымыз көбірек ауқатты адамдар болады (Айқап). 
Қазіргі  əдеби  тіліміздегі  дұрыс,  расынан,  досқа  сөздері  бұл  кезеңдегі 
баспасөз тілінде дурст, растнан, достқа түрінде жұмсалған. Бізге растнан өтірігі 
көп көрінеді. 
Қосар  дауыссыз  ст  етістік  сөзден  де  аңғарылады.  Ол  қазіргі  əдеби 
тіліміздегі  өсу  сөзі.  Бұл  ара-тұра  туынды  түбір  етістік  ыңғайында,  өстіру 
түрінде  қолданылады.  Мысалы,  Мал  өстіратұғын  поселкаға  лайық  бола  ма? 
(Қазақстан газеті). 
Л  фонемасының  орнына  р  дыбысының  қолданылу  фактісі  ХХ  ғасыр 
басындағы баспасөз тілінде кездеседі. Сондай-ақ з фонемасының орныны т-ның 
айтылуы да əріден келе жатқан құбылыс. Жұртшылық етсек файдасы өзімізге, 
жұртшылықтан қашсақ зарары өзімізге. Бұл ғалымларымыз жақсы ұстаттардан 
оқып шыққан. 
ХХ  ғасыр  басындағы  көркем  əдебиет  тілінінен  кездесетін  қолданылуы 
жағынан  əдеби  тілдегіден  өзгешелеу  морфологиялық  тұлғалардың  көпшілігі 
осы  тұстағы  баспасөз  тілінен  де  байқалады.  Мысалыі  -а-шақ (-е-шек)  арқылы 
келетін  етістік  формасы  бұл  кезеңдегі  баспасөз  тілінде  жиірек  қолданылып 
отырылған. -Ар (-ер) тұлғалы етістік ХХ ғасырдың басындағы көркем əдебиет 
тілінде,  баспасөз  тілінде  көбінесе  керек  модаль  сөзімен,  ара-тұра  үшін 
шылауымен  біріктіріліп,  сөйлемнің  күрделі  бір-ақ  мүшесі  ретінде  де 
қолданылады. 
-ша,-ше  формасы  ХХ  ғасырдың  басындағы  баспасөз  тілінде  де  барыс 
жалғаулы сөздерге, негізінен есімдерге жалғанады. Мысалы, Ол көбінесе барыс 
жалғаулы  күн  сөзіне  жалғанады,  яғни  күнгеше  түрінде  келіп  отырады.  Ал 
бірлəн,  тұғын  тəрізді  морфологиялық  тұлғалар  көркем  əдебиет  тіліндегіге 
қарағанда баспасөз тілінде сирек ұшырасады. 
Бұл  кезеңдегі  баспасөз  тіліндегі  -мыш,-лар  қосымшалардың  қолданылуы 
да осы тұстағы көркем əдебиет тіліндегідей. Мысалыі Бұл ғадет қазақтың көп 

 
 
139
жерлерінде əлі күнгеше  қалған емес(Айқап).  Оларды басар үшін хүкумет көп 
ғаскер жіберді. Газитте русша сөзлерде ара-тұра жазылып тұрашақ екен. 
ХХ  ғасырдың  басындағы  баспасөз  тілінде  осы  кезеңдегі  көркем  əдебиет 
тіліне  қарағанда  жиірек  қолданылатын  морфологиялық  тұлғалардың  бірі  -дүр 
форманты.  Бұл  ауыз  əдебиеті  үлгілерінде,  əсіресе  эпостық  жырларда  жиі 
қолданылатын  тұлға.Əрине,  ХХ  ғасырдың  басындағы  баспасөз  жəне  кейбір 
əдебиеттерде  функционалдық  стильдердің  бір-бірінен  жігі  əлі  де  нақтылы 
ашыла  қоймаған.  Яғни  əрбір  жеке  сөздің  стильдік  бейімділігі,  стильдік  бояуы 
бұл  кезеңде  жете  ажыратыла  бермеді. -Дүр  тəрізді  морфологиялық  көне 
формалардың  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  баспасөзде  жиі  ұшырасуы  осы 
жағдайлармен байланысты. Мысалыі Мен секілді жылаушылар көпдүр. 
Ілік  жалғауындағы  сол  жəне  ол  сілтеу  есімдіктері  мен  үшін  шылауы 
арқылы  жасалатын  соның  үшін,  оның  үшін  конструкциялары  ХХ  ғасыр 
басындағы көркем əдебиет тілінде ғана емес, осы кезеңдегі баспасөз тіліндеде, 
жиі қолданылады. Мысалыі Мен өзім Закаспийски облыстында Адай деген елге 
қараған бір қазақ баласымын. Соның үшін Адай халқының жайынан азырақ сөз 
жазамын (Айқап).  
                         Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. ХХ ғасыр басында Қазақстан шығарылған қандай газет-журналдарды білесіз

2. Баспасөз үлгілері тілінің фонетикалық жүйесінде қандай фонетикалық 
ерекшеліктер кездеседі

3. »Айқап» журналының  қазақ əдеби тілін дамытуда иелеген орны қандай 
болды

4. Журналда қандай тақырыптар бойынша материалдар жиі басылып отырған

5. Баспасөз үлгілерінде алдыңғы дəуір шығармалары тілімен салыстырғанда  
қандай морфологиялық ерекшеліктер байқалады

               Пайдаланылған əдебиеттері 
1. Р.Сыздықова. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993. 
2.  М.Балақаев.,  Р.Сыздықова.,  Е.Жанпейісов.  Қазақ  əдеби  тілінің  тарихы. 
1990ж.  
3. С.Исаев. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1989. 

 
 
140
4. Қазақстан ҒА. Тіл білімі институты. Авт. Колл. Қазақ əдеби тілінің тарихи 
көздері. Алматы, 1989. 
5. Ө. Айтбаев. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. 1988ж. 
 
А.Байтұрсынов жəне қазақ əдеби тілі 
Жоспары: 
1. А.Байтұрсынов-қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамуының бастаушысы.  
2. «Тіл құралы» еңбегі туралы. 
3. «Тіл танытқыш»-қазақ тілі синтаксисі мəселелеріне  арналған тұңғыш  
оқулық. 
4.  А. Байтұрсыновтың терминология саласындағы зерттеулері 
 Тірек 
сөздері 
А.Байтұрсыновтың 
бүгінгі 
қазақ 
тіл 
білімінң 
қалыптасуындағы  алатын  орны  туралы,  ғалымдығы,  түркология  саласындағы 
еңбектері,  қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесі,  сөздердің  тұлғасы,  сөз  таптары, 
синтаксис мəселелері туралы жазылған еңбектеріне шолу. 
А.Байтұрсынов-сегіз қырлы, ой-өрісі, дүниетанымы мейлінше кең, дарқан 
дарын  иесі,  біртуар  кесек  тұлға.  Оның  өмірбаянында,-ғылыми-педагогтік, 
саяси-əлеуметтік 
жұмыстарында, 
ақын-жазушылық, 
аудармашылық, 
журналистік шеберліктерінде тереңдей ұңілуді, жан-жақты ашуды қажет ететін 
жайттар 
мол. 
Бірінші 
тоқталатынымыз-Байтұрсыновтың 
ғалымдығы, 
түркология саласындағы еңбектері. 
А.Байтұрсыновтың  бізге  белгілі  лингвистикалық  еңбектері  ХIХ  ғасырдың 
алғашқы он жылында жарық көріп, үш-төрт жыл өмір сүрген «Айқап» журналы 
бетінен  басталады.  Осы  журнал  басқа  да  көптеген  прогресшіл  пікірлерімен 
қатар  жас  ұрпақтарға  білім  беру  мəселесін  қалай  тиімді  етіп  ұйымдастыруға 
болады,  қайтсек,  жас  ұрпақ  тез  сауаттанып,  білімді  адам  болып  өседі  деген 
сұраулар төңірегінде пікірлер жариялап тұрды. Сондай пікірлер алысуға Ахмет 
Байтұрсынов та қатынасты. Ол журналдың 1912 жылғы 4-санында жарияланған 
мақаласында  балалардың  оқу  саласында  тез  өсіп  жетілуінің  бір  кілті-оларды 
ана тілінде оқыту, ол үшін ана тілінде оқу құралдарын жазу, ал оны жазу үшін 
қазір  қолданылып  жүрген  жазуымызды  (араб  жазуын)  өз  тіліміздің  дыбыстық 

 
 
141
жүйесіне сəйкестендіру, оны сəйкестендіру үшін тілімізде қандай жəне қанша 
дыбыстар  бар  екенін  ашып,  соларға  үйлесімді  əріпті  айқындау  қажет  деп 
есептеді. 
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі болсын, грамматикалық құрылысы болсын 
өткен  ғасырда  орыс  түркологтары  тарапынан  сөз  болғаны, 7-8 оқу  құралдар 
іспеттес, практикалық мəнді еңбектер орыс тілінде жарық көргені, оларда орыс 
тіл  білімі  терминдері  қолданылғаны  белгілі.  Ал  біз  «алғашқы,  тұңғыш»  деген 
сөздерді  қазақ  тілінде  өрбуіне,  зерттелуіне  байланысты  қолданып  отырмыз. 
Осы  тұрғыдан  алғанда  қазақ  тіл  білімін  қалыптастырушы  да,  оның  қазірде 
қолданылып  жүрген  ғылыми  терминдерін  дамытушы  да  Ахмет  Байтұрсынов 
екендігі даусыз. 
 Жоғарыда  аталған  мақаласында  күн  тəртібіне  қойған  «жақсы  оқулықтар 
жазу» мəселесін алғаш орындаушы да Ахаңның өзі болды. Оның «Тіл құралы» 
деп  аталатын  алғашқы  оқулығы 1914 жылы  Орынборда  жарық  көрді.  Бұл 
оқулықта  «Айқап»  журналы  бетінде  қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесі  туралы 
айтқан  пікірлерін  оқулық  таласына  сəйкестендіре  баяндаған,  сөздің  буынға 
бөлінуі, буын мен дыбыс, буын мен сөз деген мəселелер де айқындалған. 
 Қазақ тіліндегі сөздердің тұлғасы, сөздер табы жайында да мол мəліметтер 
береді.  Сөздерді  тұлғасына  қарай  түбір  сөз,  туынды  сөз,  қос  сөз,  қосалқы  сөз 
(шылау),  қосымшалар  деп  бес  түрге  бөледі.  Мұнда  қазіргі  оқулықтардағы 
«қысқарған, біріккен» сөздердің алмауы болмаса, басқасы қазіргідей. 
Бұдан  кейінгі  бөлімінде  қазақ  тіліндегі  сөз  таптарын  талдайды.  Оны 
алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер, одағай деп үшке бөледі де, басқаларын 
осылардың ішінде сөз етеді. 
Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл құралының» екі жылдық деп берілген екінші 
кітабы 1922 жылы  Ташкентте  басылды.  Бұл  басылымда 1914 жылғы 
оқулығында  бастама  мəлімет  түрінде  баяндалған  сөз  табы,  септік,  көптік, 
тəуелдік жалғаулары толығырақ, кеңірек түрде баяндалады. 
 Арнайы айтпауға болмайтын бір жайт-А.Байтұрсыновтың бұл оқулықтары 
қазақ  тіл  білімінің  қазақ  тілінде  алғаш  баяндала  бастаған  заманында,  бұдан I7 
жыл  бұрын  шыққанына  қарамастан,  тілдік  категориялардың  терминдік  атауы 

 
 
142
жағынан  да,  классификациялық  принциптері  жағынан  да  дəл  қазіргі 
еңбектермен 
үйлесіп, 
үндесіп 
жатуы. 
Бұл-автор 
тұжырымдарының 
өміршеңдігін, алғыр ойдан туғандығын байқатса керек. 
Ахмет  Байтұрсыновтың  «Тіл  танытқыш»деп  аталатын  үшінші  оқулығы 
1925  жылы  Орынборда  жарық  көрді.  Бұл  оқулық  синтаксис  мəселелеріне 
арналған.  Мұнда  сөйлем  мен  сөйлеу,  сөйлем  мен  сөз  дегендерді,  сондай-ақ 
қазірде қолданылып жүрген тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер, олардың түрлері, əр 
мүшенің  грамматикалық  белгілері  мен  орналысу  тəртібі,  қай  сөз  таптарынан 
болатындықтары,  жай  сөйлемдердің  өз  ішінен  толымды,  толымсыз,  болымды, 
болымсыз, хабарлы, сұраулы, лепті, тілекті, бұйрықты болып бөлінетіні де сол 
кезден  басталған  жəне  сондай  көрегендік,  тапқырлықпен  тілдік  мысалдар 
арқылы жан-жақты баяндалған. 
Қазақ  тіліндегі  құрмалас  сөйлем  жөнінде  орыс  тілінде  жарық  көрген 
еңбектерде  айтылған  мəнді  пікірдің  жоқтығы  белгілі.  Бұл  мəселенің  кең 
көлемде  сөз  болуы  да  осы  оқулықтан  басталады.  Автор  қазақ  тіліндегі 
сөйлемдер  арасында  екі  түрлі  жақындық  боладі  оның  бірі-  ішкі  мағына 
жақындығы,  екіншісі-  сыртқы  тұлға  жақындығы  дейді  де,  мағына  желісі 
жағынан  жақындығы  ғана  жақындығы  барлары  іргелес  сөйлем  деп  аталады 
дейді. Бұл да тіліміз фактілеріне толық сай келетін ғылыми тұжырым. Кейінгі 
оқулықтарымызда  тырнақшаға  алынбай,  өзіміздікі  деп  қолданылып  жүрген 
қиысқан  құрмалас,  сыйысқан  құрмалас,  іргелес  құрмалас  дегендер  де  осы 
атауларымен Ахаң оқулығында баяндалады. 
 Бүдан  əрі  құрмалас  сөйлемді  салалас  құрмалас,  сабақтас  құрмалас  деп 
жіктейді  де,  бұлардың  бір-бірінен  өзгешілігі-салалас  құрамындағы  жай 
сөйлемдер  өзара  тең  болады,  алсабақтаста  олар  өзара  тең  болмайды  деп 
анықтайды.  Салалас,  сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  өз  іштерінен  бірнеше 
түрге бөлінуі де қазақ тіл білімінде осы оқулықтан басталады. 
 А.Байтұрсынов-қазақ тілін туған тілімізде зерттеудің үлгісін жасап, оның 
ғылыми  терминдерін  қалыптастырған,  сөйтіп,  тіліміз  туралы  ғылымның  берік 
негізін  қалаған  ғалым  ғана  емес,  сонымен  бірге  оның  ілгері  дамуына, 
болашағына бағыт-бағдар сілтеген, игі əсер еткен ғалым. 

 
 
143
А.Байтұрсынов-қазақ  тіл  білімінің  ана  тілімізде  қалыптасып,  дамуының 
бастаушысы. Қазақ тіл білімінің ана тілімізде баяндалу тарихы А.Байтұрсынов 
еңбектерінен  басталады.  Сондықтан  оған  бəрін  айтып  бермедің,  жеріне  жете, 
кең  көлемде  баяндамадың,  практикалық  мүдделерге  қызмет  етуден  ұзақ 
қоймадың  деп  өкпелеу-орынды  да,  əділеттілікте  бола  алмайды.  Ахаң-  шама 
шарқынша  өз  дəуірінің  талап-талғамына  лайықты  еңбек  етті.  Соның  қажетін 
өтеді.  Оның  əрқайсысы  бірнеше  ретпен  қайталанып  басылып  отырылған  бір 
жылдық,  екі  жылдық,  үш  жылдық  «Тіл  құралдары», »Тіл  дамытқыш», »Оқу 
құралы», »Əліпби», »Əдебиет  танытқыш»  атты  оқулықтары  мен  қатар, 
тіліміздің  дыбыстық  жүйесіне,  оқыту  əдістеріне,  оқытудың  «баулу,  төте, 
көрнекі, ұлы» деп аталатын түрлеріне арналған көптеген ғылыми-методикалық 
мақалалары,  түркологиялық  кеңестерде  жасаған  баяндамалары,  сөйлеген 
сөздері баршылық. 
1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандыратын əліппені жазғаннан 
кейін,  көп  ұзамай  енді  мектепте  қазақ  тілін  пəн  ретінде  үйренетін  оқулық 
жазуға  кіріседі. «Біздің  заманымыз-  жазу  заманы...  Сөздің  жүйесін,  қисынын 
келтіріп  жаза  білуге,  сөз  қандай  орында  қалай  өзгеріліп,  қалайша  бір-біріне  
қиындасып,  жалғасын  жүйесін  білу  керек»болғандықтан, «қазақтың  бастауыш 
мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін 
де  үйрету  керек»дегенді  өзіне  міндет  етіп  алады  ды,  сол  міндетті  атқару  үшін 
«Тіл-  құрал»деген  атпен  үш  бөлімнен  тұратын  оқулық  жазуға  кіріседі.  Бұл 
оқулықтың  фонетикаға  арналған  бөлімі 1915 жылы  жарық  көреді,  одан  əрі 
жөнделіп, толықтырылып бірнеше рет басылды. Қазақ тілінің морфологиясына 
арналған  ІІ  бөлімі  бұдан  да  бір  жыл  бұрын 1914 жылы  баспадан  шыққан. 
Синтаксиске арналған бөлімі 1916 жылдан бастап 6 рет басылған. 
«Тіл-құрал»-  қазақ  мəдениетінде  бұрын  болмаған  соны  құбылыс.  Оның 
жалғыз  тіл  емес,  өзге  де  пəндерден  оқып  үйренетін  қазақша  жазылған  кітап, 
құрал  дегендерді  білмей-көрмей  келе  жатқан  қазақ  жұртшылығы  үшін  мүлде 
тың  дүние  екендігін  автордың  өзі  де  ескертеді. «Тіл-құрал»тұңғыш  оқулық 
болумен қатар, бастауыш мектепке, яғни алғашқы 4-5 жыл оқитын шəкірттерге 
арналғанмен,  бұл-  қазақ  тілінің  фонетиклық  жəне  грамматикалық  құрылымын 

 
 
144
талдап,  жүйелеп,  танытып  берген,  қазақ  тіліндегі  тұңғыш  ғылыми  жұмыстың 
басы  болды.  Бұл  оқулықтар- «Қазақ  тіл  білімі»атты  ғылым  саласының  ана 
тіліміздегі  бастамасы  жəне  дұрыс  жазылған,  жақсы  бастамасы.  Өйткені  қазақ 
тілінің дыбыстық құрамының классификациясы да, сөз таптарын ажыратып, сөз 
тұлғаларын  көрсетуде  де,  сөздердің  септелу,  тəуелдену,  жіктелу  тəртібін 
танытуда  да,  сөйлем  түрлерін  ажыратуда  да  күні  бүгінге  дейін 
А.Байтұрсыновтың  аталған  оқулықтарының  негізі  сақталып  келеді.  Тілдік  əр 
категорияның  классификациясынан  бастап,  бүкіл  терминдеріне  дейін  қазіргі 
мектеп  грамматикаларынан  А.Байтұрсыновтың  оқулықтарының  ізін  табуға 
болады. 
Қазақ  тілін  талдап-тануда  Байтұрсыновтың  еңбегін  жəне  бір  тұрғыдан 
ерекше  атау  керекі  ол  -термин  жасаудағы  іс-əрекеті. “алым  қазақ  тілі 
фонетикасы  мен  грамматикасына  қатысты  категориялардың  əрқайсысына 
қазақша  термин  ұсынады.  Осы  күнгі  қолданылып  жүрген  зат  есім,  сын  есім, 
етістік,  есімдік,  одағай,  шылау  деген  сан  алуан  лингвистикалық  ғылыми 
терминдердің  басшысы  А.Байтұрсынов  болды.  Ол  терминология  мəселесіне 
айрықша  назар  аударған.  Ол  тек  тіл  білімі  саласы  емес,  əдебиеттанудың  да 
көптеген  терминдерін  жасаған.  Бұлар  да  өте  сəтті  шыққан  қонымды  атаулар. 
Сондықтан олар күні бүгінге дейін қолданыс тауып келеді. “ылымның тек осы 
саласы  емес,  жалпы  мəдениетке,  тарихқа  қатысты  əлеуметтік    терминдердің 
көпшілігі  Байтұрсынов    қаламынан  туып,  қазір  автор    ұмытылып,  жалпы 
халықтық  кəнігі  сөздер  болып  кеткенін  де  айту    керек.  Бұл  салаларда  оның 
термин  жасаудағы  ұстаған  негізгі  принципі-  ең  алдымен  қазақ  тілінің  өз 
мүмкіншіліктерін  пайдалану  болды.  Кезінде  А.Байтұрсыновты  жау  етіп 
танытуға  күш салғандардың оған тағатын айыптарының бірі- «А.Байтұрсынов 
термин  жасауда  пуристік  бағыт  ұстады,  яғни  қазақ  тіліне  орыс  сөздері  мен 
интернационалдық  терминдерді жолатпауға тырысты»деген пікір болатын. Бұл 
да əрбір іс-əрекеттің байыбына бармай, себебін іздемей берілген солақай баға. 
Егер  əрбір  құбылысты,  əрбір  іс-əрекетті  өз  кезеңіне  қарап,  сол  кезеңдегі  
жағдайға  қарай  тану  керектігін    мойындасақ,  А.Байтұрсыновтың  термин 
жасаудағы  «қазақшылығының»негізі  бар  екендігін  көреміз. ?стаған  принципі 

 
 
145
дұрыс  екендігін  танимыз.  Ол  принцип  жас  ғылым  салаларының  терминдерін 
жасауда қазақ тілінің өз мүмкіндігіне иек артуға негізделеді.  
Сонымен қатар А.Байтұрсынов  интернационалдық терминдерден де мүлде 
бас  тартпағандығын  да  айту  керек.  Мысалы, 1912 жылдың  өзінде  
«Айқаптың»беттеріндегі  мақалаларында  грамматика,  фонетика,  морфология 
деген  халықаралық  сөздерді  қолданған.  Əрі  қарайғы  жазғандарында  көптеген 
интернационалдық  терминдерді  орыс  тіліндегі    қабылдаған  түрінде 
пайдаланғаны  көрінеді.  Мысалы  оның  қаламынан  шыққан    мақалаларда  
проект,  дума,  депутат,  фракция,  доктор,  фельдшер  деген  сөздерді 
кездестіреміз.  Тіпті  орайы  келгенде    өлең  шумағында  да  европалық  термин  
сөзді қолданудан қашпайды. 
Ахмет Байтұрсынов-қазақ əдебиеті ғылымының да негізін қалаушылардың 
бірі, əдебиет теориясын алғаш жазған, Абайдың қазақ топырағында теңдесі жоқ 
ірі  тұлға  екенін  де  алғаш  таныған,  басқаларға  танытқан  адам,  дарынды  ақын, 
шебер аудармашы. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. А.Байтұрсыновтың түркология саласында қандай еңбектері бар

2. »Тіл құралы» атты еңбегі қашан, қай жерде жарық көрді

3. “алымның  қазақ тілінің синтаксисі мəселелеріне арнап жазылған  
еңбегі не деп аталады, қашан жарық көрді

4. А.Байтұрсынов сөйлемдерді қалай топтастырған, қазіргі қазақ тіліндегі  
сөйлем түрлеріне сəйкес келе ме

5. Не үшін А.Байтұрсыновты қаақ əдебиеті ғылымының да негізін  
қалаушылардың бірі деп атаймыз

 
                                Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Т.Қордабаев. Қазақ тіл білімінің мəселері. Алматы, «Рауан». 1991ж. 
2. Т.Қордабаев. Түркология жəне қазақ тіл білімі. Алматы, «Санат». 199Iж 
3. А.Байтұрсынов. Тіл танытқыш. Алматы. 1992ж. 
4. Р.Сыздықова. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993ж. 
 

 
 
146
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
147
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
148
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет