Филология факультеті



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,85 Mb.
#8140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1988 
2. С.Аманжолов. Вопросы диалектологий и историй казахского языка.  

 
 
56
3. Х.Жұбанов. Исследование по казахскому языку. Алматы. 
4. Ғ.Мусабаев. Қазақ тілі тарихынан. Алматы, Мектеп. 1988. 
 
Етістік жəне оның категорияларының даму тарихы 
Жоспары: 
1. Етістіктер тарихы туралы. 
2. Етістіктің морфологиялық сипаты. 
3. Етістік категорияларының даму тарихы туралы. 
Етістік  морфологиялық  құрылымы  бойынша  болымды,  болымсыз,  рай, 
жақ,  шақ  категориялары  бар,  синтаксистік  жағынан  сөйлем  баяндауышы 
қызметіне  бейім,  лексикалық  мағынасы  -қимыл  мен  əрекет  болатын  сөздердің 
грамматикалық  класы  ретінде  есімдер  тобынан  айрықшаланып  тұрады.  Түркі 
тілдеріндегі  етістіктер  сыпаты  бірыңғай.  Екінші  сөзбен,  қазақ  тіліндегі 
етістіктердің  категориялары,  түбір  мен  туынды  түбір  қалпы  басқа  түркі 
тілдерінде де қайталанып, сол дəрежеде көрінеді. 
Етістіктердің  дербес  грамматикалық  топ  ретінде  жіктелуі  түркі  негіз  тілі 
дəуірінде басталып, кейбір іздері оның жеке тілдерге ыдырау дəуірінен кейін де 
жалғасады. Соның бір көрінісі-қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде-ақ жақтық 
қосымшалар  етістіктер  мен  есімдерге  бірыңғай  жалғанады.  Мысалы,  қазақ 
тілінде инженермін, барамын, инженерсің, барасың. 
 Тарихи-түркологиялық зерттеулер қазіргі тілдердегі етістік тұлғаларының 
арғы  негізі  қимыл  есімдері  деп  дəлелдеді.  Қимыл  есімі  атауы  тарихи 
грамматикада  шығу  тегі,  мерзімі  жағынан  бүкіл  етістіктермен  бірге 
қалыптасқан  топ  деген  мəнде  қолданылады.  Қимыл  есімдері  есім  мен  етістік 
қызметін қоса атқарған синкретикалық түбірлерден жіктеліп шыққан топ, сонда 
көш,  той,  ақ  тəрізді  синкретикалық  түбірлердің  сөйлем  құрамындағы  бір 
қызметінен,  іс-əрекеттің  уақыт-мерзімге  қатысын,  сөйлеушінің  іс-əрекет  пен 
оның  орындаушысы  арасындағы  қатысына  көзқарасын  білдіретін,  екінші 
сөзбен,  шаққа,  райға  жіктелетін  сөздердің  грамматикалық  класы  қалыптасты. 
Қысқасы  қимыл  есімдері  шақ  пен  рай  тұлғаларының  семантикалық  көп 
түрлілігіне  негіз  болды.  Қысқасы,  қимыл  есімдері  шақ  пен  рай  тұлғаларының  

 
 
57
семантикалық көп түрлілігіне  негіз болды. Түркі тілдерінің  тарихынан белгілі 
қимыл  есімдері  тұлғалары  да  есім  мен  етістік    қызметтерінде  қатар 
қолданылады. 
Тілдің даму барысында қимыл мен күйдің атауы болған қимыл есімдерінен 
қосымшасыз  түбір  тұлғалы  етістіктер II жақ  бұйрық  мəнін  беретін 
семантикалық топ  болып жіктеліп  шықты. Мұның нəтижесінде тіл құрамында 
атау  тұлғасына  негізделген  есімдер  мен II жақ    бұйрық  рай  тұлғасына 
негізделген  етістіктер  жүйелері  сараланды,  ал  етістіктің  өз  ішінде  бұйрық  рай 
мен  ашық  рай  жүйесі  жіктелді.  Кейінгі  даму  барысында II жақ  бұйрық  рай 
тұлғасы, яғни, қосымшасыз тұлға басқа рай түрлеріне негіз болды. 
Қимыл  есімдерінің  ашық  райлы  етістік  ретінде  біржолата  қалыптасуында 
екі  түрлі  құбылыс  себеп  болды.  Ол,  біріншіден,  сөз  қолданудың  қатаң  орын 
тəртібі  немесе  сөздердің  позициялық  қолданыс  заңдылығы.  Тілдің  əлі  балаң 
дəуірінде тіркестер есімдер негізінде құралды да, компоненттерінің арасындағы 
қатынас  сыпаты  сөздердің  орналасуы,  орын  тəртібі  жəне  айтылу  интонациясы 
арқылы  айқындалды.  Қимыл  есімдері  зат,  сын  атауларымен  салыстырғанда 
семантикалық  жағынан  предикативтілікті  білдіруге  əлдеқайда  бейім  болды. 
Ондай  сөздердің  семантикалық  осы  айрықшалығы  сөйлем  соңында  тұрақты 
қолданылу арқылы предикатив қызметінде бекінуіне себеп болды. Сөйтіп, бұл 
жерде  сөздің  семантикасы  мен  оның  қолданыс  орны  тұтасып  келіп 
вербализацияға 
негіз 
болды. 
Қимыл 
есімдерін 
предикативтілікте 
тұрақтандырған  екінші  құбылыс-  оларға  жіктеу  есімдіктерінің  тіркесуі. 
Сөйлемнің  жақтық  мəні  оның  соңында  айтылған  жіктеу  есімдіктері  арқылы 
белгіленген.  Предикатив  қызметіндегі  қимыл  есімінің  грамматикалық 
көрсеткіші  қызметінде  айтылған  жіктеу  есімдіктері  айтылу  интонациясының 
əсерімен  тұлғалық  өзгерістерге  түсіп,  қымыл  есім  құрамына  еніп,  жақ  пен 
санды  білдіретін  тəсіл  болып  қалыптасты.  Сөйтіп  бұл  процесс  қимыл  есімін 
қимыл  мен  əрекет  мəнінің  белгілі  бір  уақыт  пен  жаққа  қатысын  білдіретін 
сөздердің  грамматикалық  класына  айналдырды,  екінші  сөзбен,  ашық  райлы 
етістік немесе етістіктің жіктелетін тобы қалыптасты. 

 
 
58
Тілдің  даму  барысында  есім  мен  етістіктің  ара  жігін  ашып,  таза  етістік 
қасиетін  молайта  түсетін  жаңа  категориялар  қалыптасты,  болымды-
болымсыздық  категориясы,  сабақтылық  пен  салттық  мəннің  грамматикалық 
тəсілдер  арқылы  жіктелуі,  қимыл-əрекеттің  обьектілік  жəне  субьектілік 
қатынасы,  таза  етістік  жасайтын  аффикстер  тобы,  т.б.  категориялар  жіктеліп 
жүйеге  айналды.  Сонымен  қатар,  қимыл  есімдері  де  предикатив  қызметінде 
тұрақты да актив қолданылумен қатар, есім мəнін де жойған жоқ. Қазіргі тілдегі 
есімшелердің басым көпшілігі есімдерше түрленеді, сонымен Берге предикатив 
қызметін  атқарады,  етістіктерге  тəн  тұлғалар  бойынша  өзгереді.  Оған  орай 
есімшелердің  синтаксистік  қызметі  де  көп  түрліі  есімдерге  тəн  қызметте  де, 
етістіктерге тəн қызметтерде де қолдана алады. 
Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда, көне түркі тілдерінде көсемшелік 
тұлғалар  сан  жағынан  көп  болған.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  қатты  сын  есімінің 
құрамындағы-ты V-VIII ғасыр  жазбалары  тілінде  көсемшелік  формант  жəне 
осы  шақты  білдіргені  қатығды-қатды-қатты.  Бірақ  сөз  құрамында  ғана 
сақталып,  өзінің  бұрынғы  шақтық  мəнінен  түгелдей  ажырап  қалған. V-VIII 
ғасыр жазбаларында көсемшенің мына тəрізді форманттары қолданылғані 1.-а, -
еі  уча,  тута, -ы,-йі  іти,  алы,-у,-үі  өлү,  аплайу, -геліі  өлгелі,-ты,  сақынматы. 2.-
пан,-пен,-пі олурыпан. Көне түркі ескерткіштері тілінде де көсемше тұлғалары 
дербес  күйінде  емес,  күрделі  етістік  құрамында  бағыныңқы  сөйлемнің 
баяндауышы 
қызметінде, 
сондай-ақ 
əр 
түрлі 
көмекші 
сөздермен, 
форманттармен бір тіркес құрамында қолданылған. 
Көне түркі тілінде есімшелік тұлғалар сан жағынан əлдеқайда көп. Кейбір 
есімшелік форманттар қазіргі түркі тілдерінде сол күйінше қолданыс тапса, бір 
тобы жеке сөздер құрамында өлі қосымша болып сақталып қалған-мыш. Орхон-
Енисей жазбаларында, кейінгі орта ғасыр жазбалары тілінде де есімшенің өткен 
шағын  жасаған  аффиксі  қалмыш  (қалған)  тегміш  (түйіскен)  қазіргі  қазақ 
тіліндегі  -ған  аффиксінің  қызметін  атқарған.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  өткен  шақ 
жасайтын  -ған  тұлғасы  көне  түркі  тілінде  кездеспейді,  бірақ  М.Қашқари 
сөздігінен бастап аса жиі қолданылған. -ған этимологиялық жағынан құранды -

 
 
59
ға  қимыл  есім  тұлғасы  да,  соңғы  -н  қосымшасы  қазіргі  чуваш  тілінде  осы 
мағынасында қолданылады. 
-р, -ар, -ер  есімшесі  қазіргі  түркі  тілдерінде  келер  шақ  мəнін  беретін 
арнаулы грамматикалық тəсіл. Келер шақ көрсеткіші есебінде бұл тұлға V-VIII 
ғасыр  жазбаларында  мынадай  қызметте  қолданылғані  есімше  яғни  өзінің  тура 
мəніндеі  көрүр  көзім,  осы  шақ  мəніндеі  берур,  барыр,  келер  шақ  мəніндеі 
барырмен. 
-мақ,-мек V-VIII ғасыр жазбаларында есімдік тəрізді бір-екі сөз құрамында 
ғана ұшырайды. Ал орта ғасырлық жазбаларда жиі қолданылған. 
 Қазіргі қазақ тілінде етістіктің бес түрлі райы бар деп қаралады. Етістіктің 
жалаң түрі деп түркі тілдерінде бұйрық райдың II жақ анайы тұлғасы айтылады. 
Cонда  қазақ  тіліндегі  бұйрық  райдың  екінші  жақ  тұлғасы  дегеніміз  сонымен 
бірге  етістіктің  түбірі  деп  те  ұғынылады.  Бұйрық  райдың III жағы  -зун,-зүн 
қосымшасы арқылы берілгені Сү басы Инел қаған Тардуш шад барзун тіді. Осы 
тұлғалар  орта  ғасыр  жазбаларында  да  қайталанады.  Қазіргі  қазақ  тілінде III 
жақтық бұйрық рай деп танылып жүрген тұлғаның контекстік қолданылуында 
кейде бұйрықтан гөрі ұйғару, шешім мəні басым болып отырады. 
 Бұйрық  раймен  семантикалық  та,  грамматикалық  та  тығыз  байланысты 
болып келетін - қалау рай. Контексте кейде бұйрық рай тұлғасы қалау райлық 
мəнде  қолданылады. V-VIII ғасыр  ескерткіштері  тілінде  қалау  райдың  бірінші 
жағы-айын, -ейін, -йын, -йін - жекеше, -алым, -лым көпше аффикстері арқылы 
жасалған.  Осы  аффикстер  еш  өзгеріссіз  орта  ғасыр  жазбаларында  да 
ұшырасады. Қалау райдың бірінші жақ көпше, жекеше түрлерін салыстырғанда, 
айырмашылық тек соңғы элементтерінде ғана (ын, ық) екені анық, ал алдыңғы 
элементтердің  бірдейлігі  көрінеді.  Сөйтіп  қалау  рай  жасайтын  қосымша  бұл 
ыңғайда  біреу  ғана,  жекелік,  көптік  мəн  арнаулы  аффикстер  арқылы  беріледі. 
Көне түркі тілінде, сондай-ақ қазіргі кейбір түркі тілдерінде бірінші жақ көпше 
мəн беретін -алым қазақ тілінде осы сипатта ұшыраспайды. 
 Шартты рай тұлғасы -са, -се тұлғасы V-VIII ғасыр ескерткіштерінде -сар, -
сер  түрінде  ұшырасады.  Бұл  тұлғаның  қазіргі  тілдегі  осындай  тұлғадан 

 
 
60
айырмашылығы -тəуелдік жалғауларды қабылдамаған. М.Қашқари сөздігінде -
сар соңғы -ы-сыз кездеседі. 
Салт жəне сабақты етістіктердің қазіргі дифференциалдық белгілері тарихи 
ежелгі құбылыс па дейтін сұраққа  жауап беруде екі ерекшелікті ескеру керекі 
біріншіден, қазіргі тілімізде  қолданылатын бірсыпыра етістіктер түбір күйінде 
əрі  салт,  əрі  сабақтылық  мəн  береді.  Екіншіден  салт  жəне  сабақты  етістіктер 
бір-біріне ауысып жатады. Қазіргі тілдегі оқы, жаз, ұрыс, жүр, өт, ойна, қақ, жүз 
т.б.  етістіктер  əрі  салт  əрі  сабақты  қызметінде  жұмсала  алады.  Салт  жəне 
сабақты  мəндердің  айқын  жіктеліп  сараланбаған  кезінің  қалдығы  деп  қазіргі 
тілдегі  бір  ғана  етістіктің  екі  түрлі  грамматикалық  мағынада  қолданылуын 
айтуға болады. Қазіргі тілде түбір етістіктердің бір тобы тек ғана салт мəнінде, 
екінші  тобы  сабақтылық  мəнде  қолданылады.  Мұндай  тұрақтылық  белгілі  бір 
синтаксистік  қоршауда  жиі  қолданылудың  нəтижесі.  Етістіктердің  салт, 
сабақты  болып  жіктелуінің  морфологиялық  тəсілі  міндетін  етіс  қосымшалары 
атқарған.  Салт,  сабақты  етістіктердің  қалыптасуы,  жіктелуі  жайын  былай  деп 
жобалауға боладыі ең əуелі бейтарап түбірлердің контекстік қоршау ыңғайында 
салт  не  сабақты  ретінде  қолданылуы,  содан  кейін  етіс  аффикстерінің 
қалыптасуы, солар арқылы етістіктердің сабақтыға не салтқа айналуы. 
Өздік  етіс  қосымшасы  ескерткіштердің  қайсысында  да  -нтүрінде  немесе 
түбір  сөз  дауыссыз  дыбысқа  аяқталса,  қысаң  дауыстылармен (-ын,-ін,-ун,-үн) 
қолданылған. V-VIII ғасыр  ескерткіштері  тілінде  -н  аффиксі  мынадай 
орындарда жұмсалғані өзінің тура мəнінде, яғни іс-əрекет иесі сөйлеушінің өзі 
екендігін  білдіреді  өзім  сақынтым.  Кейде  ырықсыз  етіс  мəнін  де  білдіргені  не 
басыналым, тегелім-тідім. Несі бар, басып аламыз, шабамыз-дедім. 
 Ырықсыз  етіс  қосымшасы  -л (-ыл,-іл) V-VIII ғасыр  ескерткіштерінде 
мынадай  орындарда  өзінің  тура  мəнінде  қолданылғані  Табғачта  адырылты, 
қанланты. Өздік етіс мəнінде қолданылғані Табғачіліңе қылынтым. 
 Өзгелік  етіс  қосымшасы  -т,-ут,-үт,-ыт,-іт,-р,-ур,-үр,-тур,-түр,-з,-тыз,-кіт,-
гір  тұлғаларында  ұшырасады.  Ескерткіштері  тілінде  қолданысы  қазіргі 
мағынасынан  алшақ  кетпейді.  Қазіргі  қазақ  тілінде  өзгелік  етіс  жасайтын 
қосымшалар  -р,-з  жəне  -дыр,-дір,-қыз,-кіз.-р  жəне  -з  қосымшалары  басқаларға 

 
 
61
қарағанда  əлдеқайда  байырғы  қосымшалар  да,  соңғылары  екі  түрлі 
қосымшаның бірігуінен барып шыққан. 
Ескі,  жаңа  түркі  тілдерінің  қайсысында  да  тұлғалық  жағынан  бірыңғай 
болып  келетін-ортақ  етіс.  Ортақ  етіс  қосымшасы  ескі  жазбаларда  да,  қазіргі 
түркі  тілдерінде  де  бір  ғана  вариантта  ш(с)  ш>c  ұшырасады. V-VIII ғасыр 
жазбалары  тілінде  ортақ  етіс  қосымшасы  істің  істелуі  бірнеше  субьектінің 
ортақ  əрекеті  арқылы  болғанын,  істі  істеуге  бірнеше  субьектінің 
қатынасқандығын білдіреді. 
М.Қашқари  -ш\-с  аффиксінің  қолданылуы  туралы  былай  деп  жазадыі  ш 
əрпі  бұл  етістіктер  құрамында  бірнеше  мəнді  білдіреді.  Мысалыі  Ер  тавар 
қапты-кісі дүниені тартып алды, ол аны тіпті-ол оны тепті. Бұл етістіктерге -ш 
қосылып,  іс  екі  не  бірнеше  кісілер  арасында  олардың  қатысуымен  болғанын 
білдіреді.  Мəселен,  Ол  менің  бірле  тепішді-ол  менімен  бірлесті.  Қашқари 
көрсеткен  -ш,-с  аффиксінің  мағыналарының  ішінде  қазіргі  қазақ  тілінде  кең 
етек  алып,  тұрақталып  қалғандары-бірлестікті  жəне  істі  істеуге  екі  не  одан  да 
көп субьектінің қатынасқандығын білдіру мəндері. 
                          Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1988. 
2.Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.Алматы 1971. 
3. Х.Жұбанов. Исследование по казахскому языку. Алматы. 
4. Ғ.Мусабаев. Қазақ тілі тарихынан. Алматы, 1988. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.  Түркі  тілдеріндегі  етістіктердің  қолданылу  сипатында  қандай 
ұқсастықтар бар

2.  Морфологиялық  құрылымы  жағынан  етістіктер  қандай  топтарға 
бөлінеді

3.Етістіктің  грамматикалық  категорияларының  тарихи    қалыптасу  жүйесі 
қандай болған

4.Ескі түркі тілінде  қандай көсемшелік тұлғалар қолданылған

5.Ескі түркі тілінде есімшелік мағынада актив қолданылған тұлға қайсы


 
 
62
6.Етіс  категориясы  туралы  М.Қашқари  сөздігінде  қандай  пікірлер 
қолданылған

7.  Етістік  тудырушы  аффикстердің    қалыптасуындағы  өзгерістерге 
сипаттама берің. 
Тарихи синтаксис. Сөйлемнің дамуы 
Жоспары: 
1. Тарихи синтаксистің зерттеу обьектісі. 
2. Синтаксистікқұрылыстағы кейбір құбылыстар. 
3. Құрмалас сөйлемніңдамуындағы ерекшеліктер. 
Тірек  сөздер:  Қазақ  тілі  синтаксисінің  тарихы  дегеніміз-  тіліміздің 
синтаксистік  құрылысының  дамуы,  өзгеріп  жетілуі  жəне  толығуы.Тарихи 
синтаксистің  зерттеу  обьектісіне  мыналар  кіредіі  сөз  тіркестері,  сөйлем 
мүшелері,  сөйлемдер  құрылыстар,  олардың  мағыналық  жəне  структуралық 
типтері. 
 Тарихи  синтаксис-бүкіл  түркологиядағы  тың  жатқан  мəселе.  Тілдің 
ертерек замандағы синтаксистік құрылысын зерттеуде көне жазу нұсқаларының 
бəрі  бірдей  кəдеге  аса  бермейді.  Синтаксистік  зерттеу  үшін  қажеттісі  жəне 
құндысы-текстік, текстік болғанда да синтаксистік элементтердің өз дəуіріндегі 
алуан түрлерін қамти аларлықтай көлемді текстен құралған ескерткіш. Өйткені 
тілдің  синтаксистік  құрылысындағы  əр  түрлі  құбылыстарды  өзекті,  желілі, 
көлемді  ескерткіштер  ғана  қамтып  көрсете  алады.  Жазба  ескерткіштер  ішінде 
синтаксистік  зерттеу  үшін  ең  бағалысы  көркем  проза.  Қандай  құбылыстың, 
оқиғаның болмасын тарихы дегеніміз-оның даму, өзгеру жолыдеген сөз. Даму, 
өзгеру  жоқ  жерде  тарих  та  жоқ.  Олай  болса  қазақ  тілі  синтаксисінің  тарихы 
дегеніміз  де  тіліміздің  синтаксистік  құрылысының  дамуы,  өзгеріп  жетілуі, 
толығуы болмақ. 
Қай  тілде  болмасын  тілдік  категорияларды  тарихи  тұрғыдан  зерттеудегі 
көзделетін  мақсат  зерттеу  обьектісі  болып  отырған  категорияның  зерттеліп 
отырған  дəуірлер  ішіндегі  өзгеру,  даму  жолындағы  заңдылықты,  оның  өзгеру 
себептерін ашу, алғашқы категория, норма неге өзгерді, оның орнын не басты, 
соңғының  алғашқыдан  артықшылығы  несінде  дегендер  тəріздес  сұрауларға 

 
 
63
жауап беру болмақ. Қазақ тілітарихи синтаксисінің міндеті де осы айтылғандар 
тəріздес міндет. Дəлірек айтқанда, қазақ тілі тарихи синтаксисі белгілі дəуірлер 
ішінде  қазақ  тілінің  синтаксистік  құрылысында  қандай  өзгерістердің 
болғандығын, 
қандай 
синтаксистік 
конструкциялардың 
жойылып, 
қандайларының 
жаңадан 
пайда 
болғандығын 
айқындайды, 
ескі 
конструкцияның  ескілігі,  көнелігі  несінде,  жаңаның  жаңалығы,  прогрестігі 
қайсы екендігін ашып көрсетеді. 
 Тілдің синтаксистік құрылысындағы мұндай өзгерістер өткен дəуірлерден 
сақталған жазба ескерткіштер тілінің синтаксистік құрылысын зерттеу, оларды 
қазіргі  əдеби  тіліміздің  синтаксистік  құрылысымен  салыстыра  қарау  арқылы 
айқындалады. 
 Тілдің  əр  дəуірдегі  синтаксистік  құрылыс  ерекшелігін  қала  берді, 
сөйлемдердің  структурасын  дұрыс  ашуда  сөйлем  құрамына  енген  сөздердің 
атқаратын  синтаксистік  функциялардың  шешуші  мəні  бар.  Сөйлем 
құрамындағы сөздер, яғни сөйлем мүшелері сөйлемді сөйлем ететін ең негізгі, 
ең  қажетті  элемент.  Сөйлем  мүшесінсіз  ешқандай  сөйлемнің  болуы  мүмкін 
емес.  Сөйлемдегі  болатын  структуралық  өзгеріс,  жаңалық  бəрінен  бұрын 
сөздердің  сөйлем  мүшелік  қызметіндегі  өзгерістерге,  олардың  бір-бірімен 
қарым-қатынас түрлеріне тікелей байланысты жəне соның негізінде ғана туып, 
қалыптасады.  Міне,  сондықтан  сөздердің  синтаксистік  функциялары,  сөйлем 
мүшелері,  олардың  түрлері,  өзара  қарым-қатынастары  тарихи  синтаксистің 
қарауына жататын елеулі обьектінің бірі болып табылады. 
Сонымен,  айтылғандарды  жинақтап  келгенде,  тарихи  синтаксис  жазба 
ескерткіштер  тілінің  синтаксистік  құрылысын  зерттегенде,  төмендегі  негізгі 
мəселелертұрғысынан қарау керек. Оларі 
1. Сөз тіркестері, олардың тіркесу амал-тəсілдері. 
2.  Сөйлем  мүшелері,  олардың  формалық  құбылыстары,  құрамдары, 
орналасу, басқа мүшелермен байланысу жолдары. 
 3. 
Сөйлемдер 
құрылыстары, 
олардың 
мағыналық 
жəне 
структуралықтиптері. (Жай жəне құрмалас сөйлемдер, т.б.) 

 
 
64
Қазіргі  əдеби  тіліміз  синтаксисіндегі  сөйлем  мүшелері,  сөйлемнің 
көптеген  түрлері,  сөйлем  мүшелерінің  бір-бірімен  байланысу  жолдары  онша 
көп өзгеріссіз-ақ сонау көне жазу нұсқаларында да кездеседі. Ол жазбаларда да 
қазіргі  тіліміздегі  сияқты  бастауышы  бұрын,  баяндауышы  одан  кейін  келіп 
отырады.  Оларда  да  қазірдегі  анықтауыш  пен  толықтауыш  өздерінің 
анықтайтын  немесе  толықтайтын  сөзінен  негізінде,  бұрын  орналасып  келген. 
Мысалыі  Алтун  қағанлұғ  тұлұм  қара  құшман. (Алтын  қанаттыжыртқыш  қара 
құспын).  Бұл  мысалдың  тек  лексикалық  жағында  болмаса,  сөйлем 
құрылысында,  сөйлем  мүшелерінің  орналасу  тəртібінде  қазіргі  тілдегіден 
ешқандай өзгешеліктері жоқ.  
 Тіл  фактілері  қазақ  тілі  синтаксистік  құрылысындағы  өзгерістердің, 
жаңалықтардың  бірте-бірте  пайда  болған  ұзақ  замандар  жемісі  екендігін 
көрсетеді.  Тіліміздің  синтаксистік  құрылысы  бұрыннан  бар  амал-тəсілдердің, 
элементтердің,  фактілердің,  бірден-бірге  толығуы,  жетілуі,  айқындала  түсуі 
арқылы  да,  немесе  олардың  ескіріп,  жойылуы,  жойылғандардың  орнына  жаңа 
амал-тəсілдердің,  конструкциялардың,  элементтердің  бірте-бірте  еніп, 
орнығуы, қалыптасуы арқылы да байып, жетіліп отырған. 
Қазіргі əдеби тіліміздің синтаксисінде кездесетін жай сөйлемдердің негізгі 
түрлерінің  бəрі  дерлік  ертеректегі  жазу  нұсқаларында  да  қолданылған.  Бірақ 
құрылыстары  жағынан  олар  барлық  дəуірде  бірдей  емес,  анағұрлым  арғы 
заманға  қарай  кетсек,  соғұрлым  сөйлемнің  аз  сөзді,  жабайы,  ықшамды  жəне 
бір-бірімен  нашар  ұштасқан,  келте-келте  қайтарылып  отырылатын  сөйлемдер 
болып  келетіні  байқалады.  Мұндай  сөйлемдердің  баяндауыштары,  əдетте  жақ 
жағынан да, шақ жағынан да бірыңғай, біртектес, көпшілік жағдайда бір сөздің 
не бір тұлғалы сөздің қайталап айтыла беруінен болады. 
 Сөйлемнің  мұндай  түрлері  ХV-ХVII  ғасырлардан  сақталған  шежірелерде 
жиі  кездеседі.  Мысалыі  Қадырғали  Қошымұлының  «Жамиғ-ат-тауарих»  атты 
шежіресінде мұндай сөйлемдер өте көп. Біріне-бірі тіркесіп, ұзақ сонар болып 
кете  беретін  ықшамды  жай  сөйлемдер  Əбілғазы  БаIадурханның»Шежіре 
түрк»атты  еңбегінде  де  көп  кездеседі.  Тек  ескеретін  бір  нəрсе,  соңғы  аталған 
еңбекте  сөйлем  алдыңғы  еңбектегі  сөйлемнен  азмаз  болс  ада  жайылыңқылау 

 
 
65
жəне  баяндауышы  түрге  байлау  болып  келеді.  Жалпы  түркі  тілдерінде 
жазылған  көнерек  шығармалардың  көпшілігінде  еді,  ерді  көмекшісіне 
аяқталған  ықшамды  сөйлемдер  тіркесі  өте  жиі  жəне  ұзақ-ұзақ  кездесіп 
отырады. 
Құрылысы  жағынан  көлемдірек,  жайылыңқырақ  болғанымен  ылғи  еді 
көмекшісіне  аяқталып  келетін  сөйлемдердің  ұзақ  желілі  түрі  ХIХ  ғасырда 
жиналып  бастырылған  фольклорлық  шығармаларда  да  кездесіп  отырады. 
»Батырлар  жырынан»  мысал  келтірейікі  Шұбар  тұлпар  деген  дөнен  жасты 
тұлпар  бар  еді.  Анасы  жəй  жылқы  болса  да,  атасы  тұлпар  еді.  Өзі  бір  затты 
туып,  жасағанның  артық  жаратқан  бір  малы  еді.  Оның  сұлулығына, 
жүйріктігіне ешбір жылқы баласы тең келмейтін еді. Жүйріктігі атқан оқтай еді. 
Бұл  мысалдар  сөйлемдерді  тиянақтауда  жəне  оларды  бір-біріне  тіркеп,  ой 
желісін  үзбей  жалғасиырып  отыруда  еді  етсітігінің  ертеректе  шешуші  роль 
атқарғандығын байқатады. 
 Ертеректегі  жазу  нұсқалары  синтаксисінетəн  тағы  бір  жайт-жоғарыда 
келтірілгендер  тəріздес  бір-біріне  байланыс  жоқ  сөйлемдер  тіпті  кейде  жаңа 
абзацтан  басталуға  тиісті  сөйлемдер  басында  һəм,  уа,  жəне  (яна),  тахы, 
дегендер  тəріздес  жалғаулықтардың  немесе  жалғаулық  мəнді  сөздердің  келіп 
отыратындағы. 
Мөлшермен  алғанда  ХVIII  ғасырдан  бері  қарайғы  жазба  материалдары 
синтаксисінің  құрылысында  жоғарғы  айтылғандардан  бірсыпыра  өзгешеліктер 
байқалады.  Бұлардағы  сөйлемнің  негізгі  түрлері  жоқарыда  келтірілгендей 
ықшамды,  келте  сөйлемдер  болмай,  шұбалаңқы  ұзақ  сөйлемдер,  кесек-кесек 
периодтар болып келеді. 
Құрылысы жағынан алғанда жай сөйлемнің бұл түрі осының алдында ғана 
айтылғандарға  қарама-қарсы  деуге  болады.  Егерде  жай  сөйлемнің  жоғарыда 
айтылғантүрінде  есімшелі,  көсемшелі  тіркестер  арқылы-ақ  беріле  салатын 
мағыналарды,  пікірді  жеке-жеке  сөйлеммен  беру  тəсілі  басым  болса,  мұнда 
керісінше  бірнеше  сөйлемдерге  бөліп,  ықшамдап  беруге  боларлық  пікірді  бір 
сөйлемге сыйғызып беруге тырысушылыық күшті. 

 
 
66
 Мұндай ұзақ периодтардың пайда болуы, біздіңше, көсемше етістіктердің 
синтаксистік  функциясы  жағынан  күрделенуіне,  оның  жай  сөйлемдерді,  басқа 
да  синтаксистік  единицаларды  бір-бірімен  ұштастыратын  дəнекерлік  мəнге  ие 
болуына  байланысты.  Көсемше  етістіктердің  осындай  синтаксистік  функцияға 
ие  болуы  арқасында  бұрынырақта  еді  көмекшісі  арқылы  бір-бірімен 
синтаксистік  единицалар  енді  көсемше  формалары  арқылы  байланысатын 
болғанда,  еді  етістігінің  қолданылу  аясы  бірте-бірте  тарайған.  Мысалыі  ХVI 
ғасырға  дейінгі  тіпті  ХVI  ғасырдың  өзінде  жазылған  материалдарда  да 
көсемшелі  күрделі  тіркестер  кездеспейтін  болса,  ХVII  ғасырда  жазылған 
Əбілғазы БаIадурханның «Шежіре түркінде» бірді-екілі жерде болса да, ондай 
тіркестер кездеседі. 
Өткен ғасырлардан сақталған жазу нұсқалары синтаксисінің тағы бір көзге 
түсер  жағы-сөйлем  құраудағы  еркіндік,бұрын  айтатынды  кейін,  кейін 
айтатынды  бұрын  айту  сияқты  ауытқушылық.  Мұндай  ауытқушылық,  əсіресе, 
ХVIII-ХIХ  ғасырлада  жазылған  материалдарда,  мерзімді  баспасөз  тілдерінде 
көбірек  кездеседі.  Олардың  көпшілігінде  жазу  тілінде  болуға  тиісті 
стилистикалық  жауапкершілік  берік  сақталмайды,  сөйлеу  тілінде  болатындай 
еріктілік, »жауапсыздық  «күштірек  болып  келеді,  сөйлем  тиянақсыз  формалы 
сөздерге  де  аяқтала  салады.  Мысалыі  Шол  мазкөр  (белгілі,  əйгілі)  ішлəрні 
тəфтіш қылұп текшерсеңіз болор ерді кімнің мағқұл, кімнің тентек еркəні. Əуел 
салынған  мазкөр  малларны  қайтарып  бер  мəклік  арзандұр,  көпкішілəр  алған 
болса  да,  бізнің  тарафқа  яхшылық  ішлəріңіз  болынса.  Сөйлемнің  мұндай 
құрылыстары  қазіргі  əдеби  тіліміз  синтаксисіне  тəн  емес.  сондықтан  ондай 
сөйлемдер кездеспейді де. 
 Ертеректен  сақталған  көне  жазу  нұсқалары  синтаксисіне  тəн  тағы  бір 
жайт,  сөйлемнің  əсіресе,  күрделі  баяндауышты  сөйлемнің  көбірек  кездесетін 
түрі-есім  баяндауышты  сөйлем.  Ал  қазіргі  тіліміздегі  сияқты  кілең  етістіктен 
болған  күрделі  баяндауышты  сөйлем  өте  сирек  ұшырайды.  Мұның  негізгі 
себебі тағы да көсемшелердің синтаксистік синтаксистік қызметтеріне, көмекші 
етістіктер санының аздығына байланысты тəрізді. Өйткені ХV-ХVII ғасырларда 
жазылған  шежірелерде,  əсіресе,  Қадырғали  Қошымұлының  парсы  тілінен 

 
 
67
аударған  «Жами-ат-тауарих»  атты  еңбегінде,  бірінші  жағынан,  көсемше 
формаларының  дəнекерлігі  арқылы  жасалған  күрделі  етістік  жоқтың  қасында 
болса, екінші жағынан, онда көмекшілік қызметте қызметте ерді, тұрор, болғай 
дегендер сияқты 4-5 етістік қана қолданылған. 
Қазіргі  əдеби  тілімізге  қарағанда,  ертеректе  шыққан  жазба  ескерткіштер, 
əсіресе осының алдында ғана аталған шежіре, сөйлемнің тиянақты баяндауышы 
қызметінде  қолданылған  етістік  түріне  бай  емес.  Мұнда  баяндауыш 
қызметіндегі етістіктер жедел өткен шақ пен -ар,-ор,-ұр жəне -ғай,-гəй формалы 
түрде,  кейде  бұйрық  рай  формалы  ғана  қолданылған.  Есімшелер  мен 
көсемшелердің қазіргі əдеби тіліміздегі жіктеле айтылып, сөйлем баяндауышы 
болатын түрлері, əлдеқалай бірді-екілі түрі ғана болмаса, кездеспейді. 
 Қазіргі əдеби тілімізде етістіктің үшінші жағында айтылған баяндауыш өз 
бастауышымен көпше түрде қиыспайтын болса, ертеректегіжазу нұсқаларында, 
одан бергі, тіпті үстіміздегі ғасырдың алдыңғы он-он бес жылдарында шыққан 
материалдарда да ондай қиысу үздіксіз кездесіп отырады. 
 Осындай  көптік  қиысу  ХV-ХVII  ғасырларда  шыққан  шежірелерде  сан 
есімнен  болған  анықтауышпен  анықталушы  мүше  арасында  да  ұшырайды. 
Қазіргі əдеби тіліміздің синтаксистік құрылысына қиысудың бұл түрі де жат. 
Айтылғандар  тəріздес  біраз  өзгешеліктер  құрмалас  сөйлем  синтаксисінде 
де  кездеседі.  Ең  алдымен,  құрмалас  сөйлемнің  паратаксис  жолымен  жасалған 
түрінің  басымдығы  бірден  көзге  түседі.  Жай  сөйлемдердің  ешбір  жалғауыш 
категориясыз-ақ  бір-біріне  тіркесе  айтылуы  арқылы  жасалатын  құрмалас 
сөйлемдерде  компоненттердің  бір-бірімен  байланысы,  көпшілік  жағдайда, 
қазіргі  тіліміздегі  жалғаулықсыз  салалас  сөйлем  компоненттерінен  гөрі  нашар 
байланысқан  дербестіктері  күштірек  болып  келеді,  Бұлардағы  компоненттері 
негізінде  бір  бастауышқа  ортақтасып  айтылулары  арқылы,  немесе  есімдік 
анафора арқылы байланысып тұрады. 
Қазіргі  əдеби  тілімізге  қарағанда  аталған  дəуірлерде  кездесетін 
жалғаулықты  салалас  сөйлемнің  аясы  əлдеқайда  тар.  Жай  сөйлемдерді 
құрмаластыру  қызметінде  қолданылатын  қазіргі  көптеген  жалғаулықтар 
кездеспейді.  Оның  есесіне  қазіргі  тілімізде  құрмалас  сөйлем  жасауда 

 
 
68
қолданылмайтын  Iəм,  уа,  лəкін,  аның  үшін,  кім  дегендер  тəріздес 
жалғаулықтар  қолданылған.  Ол  кездегі  жалғаулықтар  көп  мағыналы,  көп 
функциялы болған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет