Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет10/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68
Сабақ жоспары:
1. Кітаби лексика
2. Сөздердің экспрессивтілгі
3.Сөздің эмоциональдық бояуы
Бақылау сұрақтары:
1 Лексикология дегеніміз не?
2. Сөйлеу тілі лексикасының, оның ішінде қарапайым сөздердің диалектизмдердің, кәсіби сөздердің стилистикадағы орны қандай?
3. Кітаби лексиканың стиль тармақтарына қатысы қандай?
4. Бейтарап лексиканың стиль түрлеріне қатысы қандай?


Глоссарий
Кітаби лексика – ойды дәл, анық беру үшін жазба әдебиетте қалыптасқан тұрақты сөз оралымдары мен қалыпты грамматикалық тұлғалар.
Лексикология – сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілеттілігін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын тексеретін тіл білімінің саласы.
Бейтарап немесе стильаралық лексика – тілдердің барлық функциональдық стильдерінде қолданыла беретін, экспрессиялық реңкі жоқ лексика.
Сөйлеу тілі лексикасы – адамдардың күнделікті қарым-қатынастағы үйреншікті жағдайда қолданатын, сөйлеу тіліне, яғни әдеби тілдің ауызша түріне тән сөздердің жиынтығы.

1. Кітаби лексикаға саяси әлеуметтік терминдер, әр алуан техникалық атаулар т.б. жатады. Бұлар өздерінің стиль түрлеріндегі қолданылу аясына қарай бір-бірінен өзара ерекшеленеді. Мысалы ғылыми стильде, әр түрлі оқулықтар тілінде терминдер, техникамен байланысты сан сала атаулар көбірек ұшырасады. Әрбір стильдің негізгі және қосалқы белгілері болады. Шығармада бастан-аяқ лексикалық құрамдағы байырғы сөздердің мол қолданылатындығы көркем әдебиет стилінің негізгі белгісі. Ғылыми стильдің мұндай негізгі белгісі – термин сөздердің жиілігі. Тілдің сөздік құрамы баяу болса да үнемі өзгеріп отырады. Себебі халықтың әлеуметтік өміріндегі: өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, ғылымдағы және техникадағы, өнер мен мәдениет саласындағы әркезгі даму, олардағы ертелі-кешкі жаңалықтар лексикаға да үнемі ықпалын тигізіп отырады. Осы ретте кейбір сөздердің қолданылу аясы бірте-бірте тари бастайды не кеңи түседі. Ал жеке сөздің қолданудан жалпы шығып қалуы бірден бола қоймайды. Өткен дәуірлерде болған кейбір наным, әр түрлі әдет-ғұрып, күнделікті пайдаланып келген жекелеген үй мүлкі, шарэашылық бұйымдары халық тұрмысында бірте-бірте азайып, кейін ақыры мүлдем жоғалып кетеді. Соларға қатысты сөздер мен атаулар да ескіре бастайды, өте сирек қолданылатын болады. Міне бұлар тілде көнерген сөздер. Көнерген сөздер архаизм және историзм болып екіге бөлінеді. Ел өміріндегі, халық шаруашылығындағы ұдайы болып жататын қарқынды дамуға сәйкес небір жаңа ұғымдар, көптеген тың сөздер қалыптасады. Ал қазіргі көркем әдебиет стиліне, сөйлеу тіліне қатысты жағынан алғанда көнерген сөздер мен неологизмдердің әрқайсысының өзді-өзіне тән ерекшелігі бар. Көнерген сөздер ара-тұра сөйлеу стилінен де кездесіп отырады. Көнерген сөздер әсіресе өткен дәуірдегі оқиғаны суреттейтін, тарихи шығармада жиі ұшырайды. Халықтың бұрынғы өмірі, тұрмыс жағдайы туралы шығарма жазуда автор сол кезгі сөз үлгілеріне, сол уақытқа тән әр түрлі атауларға зер салып, сол өзі суреттеп отырған уақыттың тілімен сөйлетеді. Көркем әдебиет стилінде қолданылатын көне сөздердің мағынасы қазіргі оқушыға, әсіресе жастарға көбінесе түсініксіз болып келеді. Ал неологизмдер көбінесе ғылыми стиль мен публицистикалық стильде жиі ұшырасады. Қоғам дамуы сондай-ақ белгілі дәрежеде адамдардың рухани-эстетикалық жетілуінде де, олардың өздерін қоршаған дүниені экспрессивтік, эмоциональдық тұрғыдан түйсінуіне де, жалпы сөз мағынасына да әсерін тигізеді.


2. Тіліміздегі сөздер өздерінің экспрессивтілігі жағынан да әр түрлі. Демек экспрессивтік сапа белгілі бір сөздерден ғана байқалады. Экспрессивтік бояу – жеке сөздерге де, фразеологиялық оралымдарға да, сөз формаларына да, синтаксистік конструкциялардың қай-қайсысына да тән сипат. Экспрессивтік бояу әдетте екі тұрғыда сөз етіледі. Біріншіден, лексикалық мағынасы әуелден экспрессияға бейім тұратын сөздер, екіншіден, қолдану процесінде жүре келе экспрессивтік бояу алатын есімдер мен етістіктер. Әрбір жазушы белгілі бір образ жасау үстінде өз шығармасының тіл көркемдігін жетілдіре түсу үшін бейнелеу құралының екінші түрін де ретіне қарай пайдалануға тырысады. Экспрессивтік сөз қолдану тәсілі автордың жалпы сөз байлығына емес, сондай-ақ материалды көркемдік мақсатқа сай қаншалықты дәл іріктеп ала білуімен де тікелей байланысты. Сөздің мұндай экспрессивтік қызметі публицистикалық, сөйлеу стильдерінде, әсіресе көркем әдебиет стилінде барынша ерекшелене түседі. Экспрессивтік бояу тілдің жалпы әр түрлі қабатынан-ақ байқалады. Тіл жүйесіндегі стилистикалық бейтарап, яғни ешқандай қосымша реңксіз құралдар қатынас жасаудың барлық саласында кеңінен қолданылады. Олар стилистикалық бояуға ие болмайды. Мысалы, лексикада үй, қол, адам, тау, оқу, т.б. сөздер. Стилистикалық бояуға ие құралдар осындай стилистикалық бейтарап құралдардың аясында ғана айрықша көзге түсіп тұрады. Сондықтан олар стилистикалық нөлдік деңгейді құрайды. Стилистикалық бояудың екі түрі ажыратылады: эмоционалды — экспрессивті және функционалды. Бұл жағдайда, стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарға өздерінің негізгі атаулық, заттық-логикалық, грамматикалық мағыналарына үстемелей, белгілі бір экспрессивті немесе функционалды мағыналарды қоса білдіретін тілдік құралдар жатады. Тілдің ондай қосымша сапа — қасиеттері әлгі құралдардың қолданылу өрісін шектеп, қарым -қатынастың белгілі бір саласында ғана жұмсауға мәжбүр етеді. Мысалы, топастау екен, сүмелек, шаһар, сөлектеу, желкебай, тыраштану т.б. Бұлар эмоционалды-экпрессивті бояуға ие тілдік құралдарға жатады. Функционалды бояуға ие тілдік құралдар да болады. Бірақ олардың ара-жігі экспрессивті бояуға қарағанда ондай айқын емес. Экспрессивті-эмоционалды бояу тілдік тұлғаның табиғи қасиеті болса, функционалды бояу тілдік тұлғаны қарым-қатынас жасаудың белгілі бір саласында көп қолданудан барып пайда болды. Соңғы жағдайда тілдік дәстүрдің де рөлі бар. Тілдің тұлға — бірліктерінің мағыналық-стилистикалық жағы мен оларды белгілі салада көбірек қолдану дәстүрі арасында қатаң тәуелділік бар. Белгілі салада тұрақты қолданудың нәтижесінде тілдік құралдың мағынасы белгілі стилистикалық мәнге, бояуға ие бола бастайды да, кейін тұрақты бекітіледі. Мысалы, ресми стильде қалыптасатын штамптар («жоғары жетістікке жетті», «қаулы қабылдады» т.б.) осындай қолданыстың нәтижесі.
Ескерер бір жай: стилистикалық бояулардың ара-жігі қолдану барысында тұрақты болмай, жылжымалы болып келеді. Стилистикалық бейтарап құралдардың өзі кей кезде белгілі бір контексте стилистикалық өң алады. Ал кейде тілдік құралдың бұрын әбден қалыптасқан стилистикалық бояуы мүлдем басқаша сипат алуы мүмкін. Мысалы, еркелету немесе құптау мағынасы (бояуы) керісінше мысқылды мағынаға (бояуға) айналуы мүмкін, т.б. (Осы жерде «қатын» сөзінің бояуының тарихи өзгеруін еске алуға болады). Сонымен қатар, бір тілдік құрал өзінде әрі эмоционалды-экпрессивті, әрі функционалды бояу сақтауы мүмкін. Мысалы, тілдің публицистикалық (функционалды бояу) құралдары салтанаттылық, поэтикалық, риторикалық немесе ирониялық мазақтау реңктеріне ие болып келеді. Көпшілік жағдайда экспрессивті бояу мен функционалды бояу осылай бірлікте келеді. Енді кей жағдайда тілдік құралда экспрессивті бояу болмағанымен, функционалды бояу бар болып келеді. Мысалы, терминдерде (ғылыми стиль) экспрессивті бояу жоқ, функционалды бояу бар.
Экспрессивті құралдарға тілдің эмоционалды-экспрессивті бояуға ие құралдары жатады. Мысалы, эмоционалды реңкі жағынан олар көтеріңкі салтанаттылықты білдіретін, немесе мысқылды білдіретін, немесе әшкерелеуші реңге ие т.б. құралдар болып қеледі: Бұлар, әсіресе, жекелеген сөздерге тән. Ол бояулар сөздердің контекстен тыс жағдайына да табиғи түрде тән болып келеді. Бұдан грамматикалық тұлға-бірліктерге қарағанда лексиканың эмоционалды-экспрессивті бояуы кең екенін көреміз. Оның үстіне грамматикада лексикадағыдай стилистикалық бояулардың белгілі бір тұлға-бірліктерге тәндігі, айқындығы жоқ. Алайда, бұл грамматикалық құралдардың экспрессивтік мүмкіндігі әлдеқайда шектеулі дегенді білдірмейді. Мысалы, синтаксис бейнелеудің әртүрлі эмоциональды — экспрессивті бояулы мүмкіндіктеріне кеңінен ие. Сөздің мағынасы оның тек заттық ұғымын ғана белгілеп қоймайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет