Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет11/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68
Тапсырма
1.Берілген сөйлемдерден кітаби лексиканы тауып, мәнін түсіндіріңіз, қай стильде қолданып тұрғанын айтыңыз.
Көпшілік қышқылдар суда жақсы ериді (Химия). Алғашқы қауымдық құрылыстағы ең көне семья формасы топты некеге негізделген (Х.А.Арғынбаев).
2. Төмендегі мәтін үзінділерінен қайталау тәсілдерінің(анафора, эпифораның) стильдік қолданысына назар аударыңыз, өрнекті сөз үлгілеріне талдау жасаңыз.
Бір мінезің – алты алаш білген мінез,
Етпен қайнап, сүйекке сіңген мінез.
Шын періште секілді құлыныңның
Жас жүрегін, ойласа, тілген мінез.
Бір есекке қосақтап таққан мінез,
Жас қыршынды мал үшін сатқан мінез.
Өз қолыңнан балаңды отқа тастап,
Кҿз жасы мен обалға батқан мінез (Б.Күлеев).
Сол кеште, Әнетке қарай беттеген Базаралы ат үстінде ән салып келе жатқан Балбаланың сымбатты, сұңғақ бойына, қыпша беліне тамашалай қарайды.
Сол кеште, Керімбала мен Оралбай қосылып ән сәндейді. Өзі әнші болмаса да, әнді барынша сүйетін, Керімбаланың ағасы Ҽкімқожа қатар келе жатып, қос әншіге жол бойы ән салғызады.
Сол кеште, жарық айлы, сырқұмар кеште, көп жолдастың қоршауында келе жатып, Әмір мен Үмітей саз қосады. Сол кеште, үлкен өнер, әсерлі әнмен қоштасар кеште, отауда қалған Біржан мен Абай мҽжілісінде тағы Әйгерім ән шырқап отыр (М.Ҽуезов).
3. Мәтін үзінділерінен көнерген сөздердің стильдік мақсатта жұмсалу ерекшеліктерін көрсетіп, талдау жасаңыз.
…1588 жылы наурыз туып, қар сөгіле бастағанда Шығыс Дешті қыпшақтың падишахы Тәуекелдің сауын айтып, шұғыл шақырумен киіз туырлықты қазақ ұлына хүкім жүргізуші қасқа жайсаң атаулы Қаратаудың терістігіндегі Созақ қаласына құрылтайға жиналды. Бұл — төңіректің төрт бұрышына түгел қылыш сермеген Хақ-Назар хан шахид болғалы өткізілмек ең үлкен кеңес еді, ұлыстарды ұстап отырған ақсүйек атаулы сұлтан мен оғлан түгел келді. Бұлардың ішінде өз ұлысына хан болғысы келген қырыс төрелер де бар еді.
...Отыз мың аламан өлген ойранды ұрысты ұмыттыңдар ма? Елу мың аламан өлген сойқанды соғысты ұмыттыңдар ма? Жиырма жылда оңалдың, қырық жылда қайтадан қара нор қол құрадың. Өшкенің жанды, бірақ өлгенің – тірілгені, көне...(сондықтан) соғыстан басқа амалын қараңдар. Ойлаңдар, табыңдар! – деді (М.Мағауин).
Әйтеке би:
– Тегің сұлтан. Басың жас. Көрерің алда. Жігіттің есі кіретін тұсқа енді жеттің. Алаштың алмағайып заманы таусылмас. Төренің бағы – қарашының қайраты. Қарымдыдан құрдас жиғаның жөн екен...(Ә.Кекілбаев).

4. Көркем мәтіннен кейіпкер тіліндегі диалектілік бірліктердің қолданысына назар аударыңыз, стильдік қызметін ашып көрсетіңіз.


Дәт ақсақал:
– Бөтен жақтың аты-жөніңді білмес, ажарыңды танымас адамымен кәйтіп саудаласып, қол соғысып жүресін, Мағаш шырақ. Жасың кіші інім екен екенсің, Абайдың баласына базардан ат іздетіп жүрмей-ақ қоялық. Бұ яқтағы ел де Абайдың елі. Жатын емес, жақының. Аттың орайын Әбсәметтің үйіне барып табамыз. Жүрелі!
Жамбыл Мағаш бәйгіге қосқан Торжорғаға сүйсініп:
– Табанынан жарылған жануар-ай! – деп екі қолын жұдырығын түйе созып көрсетіп. – Айызыңды қандырды-ау! Алматының төресі мен қарасы, шоқы мен шорасы сүйсінгеннен таңдай қақты. Шұлғып қалды ғой мүлдем. Атама, әкем тегі. Әмісе жолың боғай-ақ та. Жақсы ағаның баласы екесің. Атаң да жақсы, атың да жақсы босын десем, десемдей екесің, Мағаш мырза! (М.Әуезов)

8-9 практикалық сабақ тақырыбы: Лексикология және стилистика




Сабақ жоспары:

  1. Сөз және оның мағынасы

  2. Лексикалық құралдардың экспрессивтік стилистикасы

  3. Синонимия, Синонимдердің стилистикалық қызметі

  4. Лексикалық құралдардың антонимия, омонимия, полисемиясы.

  5. Паронимия және парономазия құбылысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет