Философияның пәндері: 1. Логика, эстетика, этика, ғылыми әдістеме, ғылымдар философи-ясы (математиканың, астрономияның, физиканың, биологияның және т.б. философиялық мәселелері).
2. Антропология философиясы– адам болмысы.
3. Мәдениет философиясы– мәдениет әлемі.
4. Тарих философиясы. 5. Құқық философиясы– мемлекеттік заңдар әлемі.
6. Дін философиясы. Болмыстың бастамасы туралы сұрақ философияның негізгі мәселесі болып саналады. Оны ашық түрде алғашқы анықтаған марксизм, ол монизм, дуализм, плюрализм ұғымдарымен тығыз байланыста болды.
3.Диалектикалық материализм. Маркстік материализм бұрынғы философияға қарағанда мазмұны жағынан да, өзінің қоғамдық өмірдегі рөлі жағынан да сапалы, жан-жақты дамыған. Материализм мен диалектиканың органикалық бірлігіне сүйеніп, қоғамдық құбылыстарды да қамтиды.
Материализмнің әлсіз жағы – сананың белсенді мәнін түсіндірмеуі, толық дәлелдей алмауы.
Идея (гр. түр, көрік). Идеализм – бұл философиядағы бағытта дүниенің, болмыстың негізі ретінде бір идеалдық мән мойындалады. Яғни, рух пен субъектіні негіз, ал материя мен табиғатты – туынды деп санайды. Олардың пікірінше, ғылым ашқан табиғат пен қоғам заңдары, құбылыстар мен процестердің себептері тек санамызда орын алған жүйені білдіреді. Идализмнің екі түрі бар: субъективтік, объективтік идеализм: Субъективтік идеализм – дүниенің, болмыстың негізі ретінде адам-ның санасы, адамның «менін» мойындайды. Бізді қоршаған дүние біздің түй-сіктеріміздің жиынтығы деп санайды.
Объективтік идеализм – бұл философия ағымында дүниенің негізі ретінде объективті өмір сүретін идеалдық мән, яғни, адам санасынан сырт, әрі тәуелсіз өмір сүретін рух (Құдай, Абсолют, Әлемдік ақыл, т.б.) саналады.
Негізгі материализм мен идеализм бағыттарымен бірге аралық, келісімдік ағымдар – пантеизм, деизм, гилозоизм бар:
Гилозоизм – (гр. Hylo және zoe – зат және өмір) материяның әмбебап тіршілігі туралы философиялық ілім. Бүл ілім түсіну және ойлау қабілетін материяның барлық формаларында бар деп есептейді. Шындығында түйсік – жоғарғы дамыған органикалық материяға ғана тән қасиет. Ол Грецияда Фалес пен Гераклит ілімінде пайда болды. Антикалық гилозоизм пантеизмнің теориялық негізі болды.
Философияның негізгі мәселесінің екінші сұрағы, адам санасының дүние-ні тану мүмкіндігіне арналған. Осыған сәйкес агностизм және гносеология пайда болды. Гносеология – (гр. gnosis таным туралы ілім ретінде әлемді тануға болатындығына күмән келтірмейді.
Софизм – ақиқат білімнің барына сенбей, елді өзіне қарату үшін мәселе-ні әдейі шатастырып, жалған қағиданы дәлелдеу мақсатымен құрылған ой қорытындылары.