Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары


Скептицизм – объективтік дүниені танып-білу мүмкіндігіне сенбей, күдікке көп орын беретін философиялық ілім (Пиррон). Релятивизм



бет5/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³ ìåí ?ä³ñ³, íåã³çã³ á?ë³ìäåð³, ?ûçìåò³ æ?íå íåã

Скептицизм – объективтік дүниені танып-білу мүмкіндігіне сенбей, күдікке көп орын беретін философиялық ілім (Пиррон).
Релятивизм (лат. relativus – относительно, салыстырмалы) – объектив-тік болмысты білу мүмкін емес, әрі барлық білімді болжам деп есептейтін философиялық ілім. Релятивизм негізін салушылар негізінен софистер мен скептиктер, ал Жаңа заманда ол позитивизмде дамыды. Олар барлық білімді салыстырмалы принципте түсіндіреді, яғни оның толық еместігін, шарт-тылығын көп айтады да, осының негізінде қандай да болса объективтік шындықты жоққа шығарды.


Диалектика және метафизика. Болмыстың мәні өзгермейтін, тұрақты, қозғалмайтын немесе құбылмалы әрі жылжымалы бола ма? – деген сұрақ-тарды шешу негізінде ол метафизика мен диалектикаға бөлінеді. Бірақ, бұл терминді қолдану біршама қиын, өйткені, олардың әрқайсының қалай болған-да да екі – ежелгі грек және қазіргі замандағы – мәні бар. Сондықтан, оларды қолданған кезде қай мәнде екенін ескерген жөн.
Диалектика – ежелгі грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда – «пікір таласы, әңгіме жүргізу өнері». Бұл термин осы мәнінде ежелгі кезден Жаңа Заманға дейін қолданылды. Термин немістің классикалық философиясында, әсіресе, марксизм философиясында екінші мәнге ие болды. Атап айтқанда: болмыстың ең жалпылама заңдылықтары мен байланысы туралы iлiмге айналды.
Диалектиканың тарихи формалары: стихиялық, идеалистік ж/е материалистік. Стихиялық диалектика күнделікті сезімдік тәжірибеден туындайды, дүниенің мәңгі өзгерісіне, қайтып оралуына сүйенеді. Ол әсіресе Гераклиттің «бәрі ағады, бәрі өзгереді» деген қағидасында анық берілген. Күнделікті өмірде барлық адам осы пікірді ұстанады.
Метафизика грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда – «физикадан кейін» деген ұғым. Бастапқыда метафизика деп – Аристотельдің философиясын, ал орта ғасырдан бастап, жалпы философияны атады. Осы мәнінде бұл термин қазіргі кезде де жиі қолданылады, яғни: «Метафизика» дегеніміз – философия. Жаңа заманда «метафизика» термині қосымша философиялық ілім мәніне ие болды, шексіз әлемнің өзгеруін өзіндік даму ретінде мойындамады яғни, диалектикаға қарама-қарсы ілім болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет