Кант зердені (ақыл-ойды) сынауға көшіп, адамның ақыл-ойының дамуын үш кезеңге бөліп көрсетті: 1) Бұл кезеңде ақыл-ойдың бүкіл әлемге әсері күшті болды, ол барлық ғылымдардың ғылымына айналды (Жаңа Дәуір философиясы).
2) Ақыл-ойдың қабілеттеріне деген сенбестік кезеңі (Д.Юм). философияның маңызы төмендеді.
3) Сыншылдық кезеңі – Кант философиясынан басталады. Ол ақыл-ойдың өмірдегі мәнін анықтауға ұмтылды, оны таным теориясының шеңберінен шығарып, практикалық ақыл-ойдың адамгершілік заңдарын қалыптастырудағы рөлін көрсетті.
Ақыл-ойдың дамуына айқындаушы әсер ететін ғылым ретінде Кант философияны атайды. Оның ойынша, адамның ауырып, жазылатыны секілді процесті ақыл да кешеді.
Рухани дамудың қайнар көзі – жүрек тазалығын сақтау адам өмір сүретін әлем салыстырмалы түрде екі әлемге жіктеледі. Оның алғашқысын материалдық болмыс құраса, екіншісі рухани қатынастар, құбылыстар әлемі болып келеді.
Рухани құндылықтар жүйесінің өрбуіне, оның қоғамда өзінің игілікті қызметін атқаруына адамның рухани дамуы негіз болды. Адам рухани тұрғыда жетілген сайын оның рухани құндылықтарға деген сұраныстары ұлғайып, олар бірте-бірте өмірінің мәнді өзегіне айналады. Сондықтан, адамның рухани дамуының кейбір астарларына талдаулар жасау арқылы сан қырлы құрылымдарды ашуға мүмкіндік аламыз.
Адам алдымен өзін-өзі тануы керек, менің білетіндігім – ештеңе білмейтіндігім деген қағиданы өмірдің негізгі құралдарының біріне айналдырды. Әрине, Сократ адамның алған білімі мен ілімін оның ішкі дүниесімен, парасатты ізгілікпен байланыстырды.
Отандық тарихымызға назар аударатын болсақ, ұлы тұлғалардың бірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған әл-Фарабидің ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның адамның рухани дамуына да ерекше көңіл бөлгендігін аңғарамыз.
2. Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі, сананы көру, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз.