Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары



бет6/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Философияның қызметіне – оның мақсатын анықтауда қолданылатын дүниетанымдық, әдістемелік, теориялық ойлау, сыни-талап, аксиологиялық, әлеуметтік, гуманитарлық ж/е болжаушылық міндеттерді жатқызамыз.
Философияның дүниетанымдық қызметі – әлемнің тұтастық бейнесін қалыптастырудың мүмкіндігі, оның құрылымы туралы ұғымды, ондағы адамның орнын және бірлесіп әрекет жасау принцптерінің мәнін түсіндіреді.
Философияның әдістемелік (методологиялық) қызметі – бізді қоршаған шындықты тану әдісін жасайды. Философия – танымның ең жалпы әдістерінің және адамның шындықты игеруінің ең түпкі тәсілдері туралы ілім ретінде көрінеді.
Философияның теориялық ойлау қызметінің мәні, әсіресе философия тарихын зерттеудегі даналыққа байланысты.
Философияның сыни-талап қызметі – қоршаған дүниенің және білімнің барлығына күмән келтіру, дүниеде жаңа пайда болғанның ерекшеліктерін іздеу, қайшылықтарын ашу, таным шекарасын кеңейту, білімді модернизациялау ж/е анықтығын ұлғайту.
Философияның аксиологиялық қызметі (гр. axios – құндылық) – бізді қоршаған әлемді, заттар мен құбылыстарды әртүрлі құндылықтар – әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық ж/е т. б. тұрғысынан бағалау.
Философияның әлеуметтік қызметі – қоғамның пайда болу себебін, эволюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементін, қозғаушы күштерін, қайшылықтарын ашу, түсіндіру және дамуды жеңілдету жолдарын көрсетеді.
Философияның гуманитарлық қызметі – гуманистік құндылықтар мен идеяларды адамға және қоғамға енгізеді, моральдің ықпалын нығай-тады, адамның қоршаған ортаға бейімденуін, өз өмірінің мәнін табуды қарастырады.
Философияның болжаушылық қызметі – дүние мен адам туралы философиялық білімге сүйене отырып, материяның, сананың, тану проце-сінің, адамның, табиғаттың және қоғам даму тенденциясының жетістіктерін анықтап, болжайды. Философияның қызметтері бір-бірімен диалектикалық өзара қарым-қатынаста болады.
Философия дүниеге көзқарас қана емес, ол ғылым. Сондықтан, барлық ғылымдар сияқты дүниенің (табиғат, қоғам, сана) заңдары мен заңдылықта-рын ашуға ұмтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет