Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары



бет9/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67
Байланысты:
Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³ ìåí ?ä³ñ³, íåã³çã³ á?ë³ìäåð³, ?ûçìåò³ æ?íå íåã

Бейнелеудің сатылары:
1) қарапайым бейнелеу – бейнелеудің бұл түрінде субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі).
2) информациялық бейнелеу – бейнеленуші бейнелеушінің бойында белсенді әрекет, өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да кездеседі.
3) әлеуметтік бейнелеу – қоғамдық болмыстың жеке және қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас, идея, теорияларда бейнеленуі.


Сана – ғажап дүние. Бүкіл өнер, дін, әдебиет, философия техника әлемі және ғылым, адам санасының нәтижесі. Сана – құдіретті күш, әлемді билейтін де сана. Сана бүкіл философияда, ғылымда және дінде әртүрлі ой-пікір туғызып, оларды бір-бірімен салыстырып қояды.
Сана – дүние, қоғам, адам, т.б. материя жүйелерінің бәріне нұр төгіп тұр. Биологиялық шарттар:
1. Маймыл тәрізді хайуанаттардың, адамға аз да болса ұқсас биологиялық түрдің пайда болуы.
2. Бастағы ми, нерв жүйесінің күрделенуі. Екінші сигналдың – объективті затты алмастырушы субъективтік бейнелердің сырт белгілерінің (дыбыс, қимыл, т.б.) дамуы.
3. Дене құрылымы, тік тұрып жүруі, аяқ-қолдарының жетілуі, қолдың босап, ойда туғандарды істе тексеру мүмкіндігінің артуы.
Бейнелеудің екі түрі бар:
1) Изоморфизм – объекті мен оның бейнесі арасындағы айнымас ұқсастық
2) Гомоморфизм – объекті мен оның бейнесі арасындағы ұқсатық дәлме-дәл емес, мөлшерлі, жоба түрінде болуы.
Бейнелеудің жоғарғы түрі, биологиялық түрлерде қалыптасады. Зат алмасу бар жерде, тіршілік өмір бар. Физиологиялық процесс, тірі организмнің өмірі тітіркенуден басталады (бір клеткалы құрылымдар, өсімдіктер дүниесі). Тітіркену ең қарапайым және жабайы организмдерден бастап, барлық тірі организмдерге тән қасиет.
Сана қалай пайда болады? Бұл туралы ғылымда пікірталас көп. Адам баласына ой қалай келеді және рухани дүние мен денелік дүниенің арасындағы айырмашылық қандай? Жеткілікті білім болмағандықтан, алғашқы адамдар сананы адам денесінен бөлек өмір сүретін «жанның» қасиеті дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет