Эстетикалық мұрат белгілі бір кезеңнің эстетикалық санасын анықтайтын басылымдылық, доминанта. Эстетикалық мұрат дегеніміз адамзат ұрпағының өз дәуіріне сай армандау, шырқау мүмкіндігі жайлы бүкіл ұғым-түсінігінің жиынтығы.
Эстетикалық мұратты идеалды болу, жүзеге асуға тиістілік деп қарастырса да жөн, өйткені ол қашан да болашаққа меңзейді, жан-жақты жетілген мүлтіксіз сұлулыққа жетелейді.
Эстетикалық сезім – шындық өмір құбылыстарын немесе өнер шығармаларын эстетикалық тұрғыдан қабылдау процесінде болатын көңіл-күй сезімі. Эстетикалық сезім осы қабылдау туғызатын өзіндік ерекшелігі бар күйзеліс болып табылады және әсемдік немесе асқақ, трагикалық немесе комикалық сезім ретінде көрінеді.
Өнер шығармалары эстетикалық сезімді көркем образдар арқылы көрсетіп, идеялық қана емес, сондай-ақ көңіл күй тәрбиесін берудің пәрменді құралы болып табылады, олар адамдар үшін қуаныш пен шабыт көзі болуға тиіс.
Эстетикалық талғам – әртүрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл күй сезімімен бағалау, ең алдымен сұлулықты, әсемдікті ұсқынсыздықтан ажырата білу жөнінде қоғамда практика қалыптастыратын23, 24-ші лекция: Қоғам және мәдениет. Қоғамдық сана феномені: формалары, құрылымы, мәні Жоспар:
1. Қоғам философиялық ұғым ретінде. Қоғамдық және жеке сана, олардың өзара әрекеті. Қоғамдық сана деңгейлері: Әлеуметтік психология және идеология.
2. Антикалық философиясындағы әлеуметтік ой: Платонның идеалды мемлекеті, Аристотельдің «Саясатының» негізгі тұжырымдары. Адам әлеуметтік болмыс ретінде. Августин: «Фәни шаһар» мен «Бақи шаһар».
3. Мәдениет, оның табиғаты мен мәні. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениетжәне коммуникация. Адамның ішкі және жүріс-тұрыс мәдениеті. Этикет.
4. Қазақтың ұлттық мәдениеті – қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және оның «Рухани жаңғыру» жобасы аясында дамуы.
1. Қоғам философиялық ұғым ретінде. Қоғамның түрлері Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа ойщылдар, философиялық мектептер әртүрлі жауап береді. Біреулері бұл – санамен біріккен қауымдастық деп есептейді. Екіншілері, қоғам тірі қалу мақсатымен ұйымдасқан билогиялық жаратылыстардың жиынтығы болып табылады. Үшіншілері, тіршілік ету құралдарын өндіру мақсатында құрылған адамдардың өзара әрекеттесуінің жемісі деп санайды.
Жалпы, түсіндірме мынадай: бұл – адамдардың бірлескен қызметінің ұйымдасқан формасы. Бірлескен өмір тек адамдарға ғана емес, сондай-ақ, өсімдіктер мен жануарларға да тән. Мұндай жағдайда адамдар бірлестігінің өзге өмірдің төменгі формаларындағы бірлестіктерден сапалық айырмашылығы бар ма екен? Бар. Адамзат қоғамы тек биологиялыққа ғана емес, сондай-ақ, мәдени принциптерге де негізделген. Өйткені, адамдардың бірлескен өмірі – бұл тек қорғаныс, тамақ табу мен ұрпақты жалғастыру ғана емес.