серпінділік – әлеуметтік формалар мен құрылымдардың қозғалғыштығы мен өзгергіштігі;
даму – қоғамның прогрессивті немесе регрессивті бағытқа қарай күрделі бағытталған өзгерістері;
заңдылық – қоғамның танып-білуге және адамдардың әлеуметтік өмірін жетілдіру үшін пайдаланылуы мүмкін белгілі бір объективті заңдарға бағынуы.
Кез келген қоғам тірі адам индивидтерінен құралады. Индивидтердің белгілі жиынтығы қоғамның өмір сүруінің алғышарты болып табылады, алайда, ол толыққанды қоғам емес. Индивидтер қоғам құру үшін, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуі және сол қоғамның өзі орнықтылық және жүйелілік сипат алуы қажет.
Кез келген қоғамға: а)бірге өмір сүрумен аумақты игерудің белгілі бір формасы;
ә) шындық өмірді өндіру (және қайта өндіру): өмір сүруге қажет құралдар өндіру мен бала туу жолымен адам өмірін жалғастыру тәсілі;
б) әлеуметтік нормалар мен құндылықтардың белгілі бір жүйесімен әлеуметтік мәртебелер мен рөлдердің соларға сай бөлінуімен бекітілген орнықты (берік) байланыстар мен қатынастардың болуы;
в) белгілі бір түсінімдер мен идеяларда, өмір құндылықтарында, дүниетанымда, мәдениетте және т.б. өрнектелетін өзінің тұтастық ретіндегі бірлігін, өзінің дербестігі мен бірегейлігін сезіну тән.Осылайша, қоғам – бұл демографиялық, өндірістік, әлеуметтік және рухани жүйе – оны құрайтын индивидтердің қауымдастығы.
Қоғамдық болмыс – бұл қызметтің саналуан түрлерінің жиынтығынан тұратын адамның нақты өмірі және өмір жабдықтарының қоғамдық өндірісі. Сонымен, бір уақытта ол материалдық (физилогиялық) және рухани жаратылыс ретінде адамның өзін қайта өндіруі болып табылады.
Қоғамдық сана – бұл қоғамның өз болмысын ой елегінен, сана-сезімімен өткізуі. Басқа бір тәсілге сәйкес әлеуметтік құрылым қоғам өмірінің негізгі: рухани, саяси, экономикалық және әлеуметтік салары арқылы зерделенеді.
Күнделікті өмірде қоғам ұғымы кең түрде және әртүрлі мағынада қолданылады. Мәселен,
1) тандаулы адамдардың қоғамы,
2) театр өнерін сүюшілер қоғамы;
3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы;
4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар.
Көп уақытқа дейін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған итальяндық ғалым Н.Макиавелли болды.