Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары


Теология (көне грек тілінде teos – Құдай, logos-ілім) немесе конфессионалдық



бет56/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67
Байланысты:
Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³ ìåí ?ä³ñ³, íåã³çã³ á?ë³ìäåð³, ?ûçìåò³ æ?íå íåã

Теология (көне грек тілінде teos – Құдай, logos-ілім) немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio – мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері:

  1. философия діннің адам мен қоғамның рухани өміріндегі құбылыс, қоғамдық сананың формасы ретіндегі мәнін анықтайды;

  2. көзқарастың түрі ретінде зерттейді;

  3. діннің пайда болуының әлеуметтік және гносеологиялық себептерін талдайды;

  1. діннің қоғамда атқаратын функцияларын жіктейді;

  2. сенім мен ақылдың арақатынасы мәселесін қарастырады;

  3. діннің адам бойында адамгершіліктіқалыптастырудағы рөлін көрсетеді;

  4. діни сенім бостандығы мәселесін зерттейді.

Діннің анықтамасы: reiegio – қасиеттілік, құдайылық – Абсолюттік бастаудың, Құдайдың бар екендігінен туындайтын және соған сәйкес мінез-құлық, өмір сүру тәртібін, өмір салтын қалыптастыратын көзқарас, дүниетаным; адамға күш беретін, тірек болатын, өзіне табындыратын тылсым күшпен байланыстылық және оған тәуелділік сезімі.
Дін күрделі жүйе, ол діни сананы, діни институттарды, діни қатынастарды және діни қызметті қамтиды. Дінге:
1) діни ілім;
2) діии сезімдер;
3) діни салттар;
4) діни ұйымдар мен секталар кіреді.
Діннің даму сатылары:
1) табиғи дін – бұл кезеңде табиғи күштер құдайлар сияқты болып көрінді;
2) заңдық сипаттағы дін – діни қағидалар мен ережелерді бұлжытпай орындау талап етілді;
3) ақталу діні, ол Құдайдың алдындағы күнәлілік, бүкіл болмыстың қасіреттілігі және Құдайдың мейірімділігі сезімінен туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет