Болмыс(бытие) категориясы философиялық категориялардың арасындағы ең бастысы. Бұл ұғымға анықтама берсек, болмыс – бар болып отырғанның (сущее), өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін – бар болу нақты өмір сүрудібілдіретін категория.
Болмысқа қарсы категория – «болмыс емес» (небытие) немесе «болмау» (кейбір ғалымдар қазақ тіліндегі философиялық әдебиетте «биболмыс» ұғымын да қолданып жүр). Болмысты жалпы түрдереалдыжәне идеалдыдеп бөлуге болады.
Реалды болмысты өмір сүру, бар болудеп, ал, идеалды болмысты мән атайды. Реалды болмыс кеңістіктік-уақыттық сипатқа ие, қайталанбайтын, индивидуалды заттардың, процестердің, әрекеттердің, адамдардың нақты өмір сүруі. Идеалды болмыс мәңгі, уақытқа тәуелсіз, өзгермейді.
Тірі және өлі табиғаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысынқоршаған орта деген ұғым арқылы бейнелеуге болады.
Болмысты жан-жақты түрде философияның саласы онтология зерттейді. Болмыс, оны құрайтын заттар, құбылыстар, процестер сантүрлі болғанымен. осының бәрін біріктіретін бір бастау болуы мүмкін деген мәселе философтарды ерте заманнан-ақ ойландырды және бұл мәселе бойынша пайымдаушыларды плюрализм, дуализм, монизмілімдерінің өкілдері ретінде бөлуге болады.
Жалқылық пен жалпылық. Болмыстың ішкі астарын ширатып талдауды неден бастауымыз керек? – Әрине, бұл сұраққа жауап беру оңай шаруа емес. Діни философия оны Құдаймен теңестіреді. Идеалистік философияның көрнекті өкілдерінің бірі Г.Гегель өз философиясын «абсолюттік идея» ұғымынан бастайды.
Дүниеге ұқыпты көзбен қараған адам заттар мен құбылыстардың бір-бірімен шытырман байланыста екенін байқайды – ал оның астарында олардың ұқсас жақтары, тектік бірлігі, жалпы қасиеттері жатқан жоқ па? – Әрине, солай. Жалқы заттар мен құбылыстар үне бойы бір-бірімен байланыста, өзара әрекет жасауда, бір-бірін анықтауда.
Жалпылық пен жалқылық Орта ғасырдағы негізгі философиялық мәселеге айналып реализм (realіs, – латын сөзі, – шынайы) мен номинализм (nomіnіs, – латын сөзі, – есім, ат) бағыттарын тудырады.
Жалпылық дегеніміз – заттардың ұқсас жақтарын пайымдаудың негізінде қойылған есімдер ғана деген пікірге келеді. Жаңа дәуірдегі ойшылдар көбіне номинализм бағытына жақынырақ болды.
Тәуелсіздік пен тәуелділік. Жалқы мен жалпы категорияларымен тығыз байланысты, болмыста терең тамырланған ұғымдар – тәуелсіздік пен тәуелділік ұғымдары. Бүгінгі таңда қазақ елі тәуелсіз мемлекет орнатып жатқан кезде, олардың мән-мағынасы күрт өсуде, өйткені, тәуелсіздік – кейбір әдебиетте кездесетіндей, бұрынғы одақтас кеңес республикаларындағы ұлттық элитаның билікке де-ген ұмтылысынан пайда болған құбылыс емес, оның түп-тамыры тереңде – болмыстың өзінде жатыр.
Құбылыс және мән. Дүниедегі сан-алуан өмір сүріп жатқан ерекше, дербес заттар біздің көз алдымызға өзінің сыртқы жақтарымен көрінеді, әртүрлі қырларымен құбылады. Оны біз құбылыс дейміз. Сонымен қатар, қайсыбір зат, я болмаса үрдістің ішкі тұрақты, соның арқасында оның өмір сүруін қамтамасыз ететін жақтары да болады – ол заттың мәнін құрайды.
Сапа мен сан ұғымдары. Жүйе және элемент. Қажеттілік пен кездейсоқтық. Жоғарыда көрсетілгендей, жекелік, дербестік болмыстағы заттардың өмір сүру тәсілі. Әрбір зат, құбылыс – ерекше, шектелген, басқаға ұқсамайды. Тарихи алғашқы адамдар заттардың осы жақтарына өз назарын аударады. Әрбір оның қажеттіктерін өтейтін зат – дара, өзгеше болып көрінеді.
Гегельдің түсінігі бойынша, сапа – қарапайым нақтылық. Бірдеңе өз сапасы арқылы сол, ал, одан айырылса, өзін де жойып, басқаға айналады. Сапа – іштей қайшылыққа толы, ол өз ішінде теңдік пен айырмашылық, шынайылық пен терістеу, шектеулік пен шексіздік, бірдеңе мен өзгені қамтиды. Сапа жөніндегі қазіргі түсініктерге келер болсақ, ол заттың қасиеттерінің жиынтығы арқылы анықталады. Қасиет деп заттың өзгемен қатынасқа түскен кездегі сапасының кейбір жақтарының көрінісін айтамыз. Екінші затпен байланысқа түскен кезде оның басқа қасиеттері көрініс табуы мүмкін.