Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ ЖЫЛДАРДАҒЫ НЕМЕСЕ ФЛУКТУАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІГІ



бет19/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43
ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ ЖЫЛДАРДАҒЫ НЕМЕСЕ ФЛУКТУАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІГІ.
Флуктуация /латын сөзі Fluctuatio – колебание – тербелу, тұрақсыздану/ - өсімдіктер қауымының әртүрлі жылдардағы белгілі бір бағыты жоқ, әртүрлі бейімделген немесе циклді өзгеруі /циклдің ұзақтығы 10 жылдан артық емес/ циклді өзгерудің нәтижесінде өсімдіктер қауымы өзінің бұрынғы жағдайына жақын жағдайға келуі мүмкін.
Флуктуация деген терминді алғашқылардың бірі болып американ фитоценологі Глизон /1939/ қолданды. Флуктуация биоценоздың өсімдік немесе жануарлар компоненттерінің даму ритмикасынан немесе климаттың тұрақсыздығынан тұрады. Өсімдік қауымын әр жылда әр түрлі пайдаланған жағдайда флуктуация адам әрекетіне де байланысты болуы мүмкін. Фитоценоздардың кейбір компоненттерінің биологиялық даму ерекшеліктері де флуктуацияның тууына себеп болуы мүмкін.
Флуктуацияны /тудыратын себептеріне байланысты/ Т.А. Рабатнов /1978/ мынадай типтерге бөледі: 1/ экотопикалық, 2/ антропогендік, 3/ зоогендік, 4/ фитоцклді, 5/ фитопаразитарлық.

  1. Экотопикалық флуктуациялар. Бұл флуктуацияның ең кең тараған типі болып табылады. Климаттың тұрақсыздығынан ортаның біраз қасиеттері /топырақ ылғалдылығы т.б./ өзгереді, ал ол экотоп қасиетінің өзгеруіне әкеліп соғады.

  2. Антропогендік флуктациялар. Өсімдіктерді адамдардың әр жылда әртүрлі пайдаланып әсер етуіне байланысты фитоценоздарда өзгерістер болады.

  3. Зоогендік флуктуациялар. Өсімдіктермен қоректенетін /фитофагтар/ жануарлардың және өсімдіктердің өсу жағдайына өзгеріс енгізетін жануарлардың /жертесерлер т.б./ тағы басқада биоценоздардың зоокомпоненттерінің саны жыл сайын өзгеріп, олардың қызметіне байланысты фитоценоздардң флуктуациясы болатынын байқауға болады. Әсіресе насекомдар –фитофагтар және жертесерлер санының динамикасына байланысты зоогендік флуктуация жиі болып тұрады. Фитофагтар мен жертесерлер жаппай көбейетін жылдарда фитоценоздар өзгерістерге ұшырап бұзылады, ал бұл топтағы жануарлар особьтарның саны аз болған жылдары фитоценоздар бірте-бірте бұрынғы қалпына келеді.

  4. Фитоцклді флуктуцациялар. Флуктуацияның бұл түрі өсімдіктердің дамуының биологиялық циклдарына байланысты. Әсіресе көптеген шөпті өсімдіктердің және бұршақ тұқымдас өсімдіктердің өзгерістерінде бұл құбылыс жақсы байқалады. Шалғындықтарда ауа райының жағдайы қолайлы болып ол биологиялық ритммен сәйкес келетін болса 4-5 жылда бір рет жоңышқа туысының түрлері жаппай дамып “жоңышқалы” жылдардың бар екенін байқауға болады. Шалғындық фитоценоздардың көбісінде жоңышқаның екі түрі – Trifolium pratense, T. Hybridum кездеседі.

  5. Фитопаразитарлық флуктуациялар. Кейбір паразитті консорттардың, өте жиі- паразитті саңырауқұлақтардың /мысалы зең саңырауқұлағы/ жаппай көбеюі фитоценоздың флуктуациясына әкеліп соқтырады. Паразитті саңырауқұлақтардың жаппай көбеюі жайылымдық фитоценоздардан алынатын мал азығының сапасын төмендетеді. Фитопаразитарлық флуктуациялар әр жылдардағы метеорологиялық және гидрологилық жағдайдың өзгеріп тұратындығына тығыз байланысты.

Көптеген фитоценоздарда өсімдік түрлерінің особьтарында сан жағынан және тіршілік жағынан айтарлықтай өзгерістер болады. Өскен ортасы жағдайының жылдан-жылға өзгеруіне өсімдіктің түрлері өздерінің экологиялық жеке сапасына байланысы жауап қайтарады. Бұл әсіресе шөптесін фитоценоздарда жақсы байқалады. Оларда жылдар өткен сайын түрлердің сандық ара қатынастары өзгереді, кейде тіпті бір доминантты түрлердің орнына екіншілері келеді. Флуктуациялар амплитудасына және ұзақтығына байланысты мынадай үш топқа /Работнов, 1978/ бөлінеді:

  1. Жасырын елеусіз /скрытые/, оны дәл есептегенде ғана аңғаруға болады. Мұндай жасырын флуктуациялардың фитоценоз өмірінде елеулі маңызы жоқ. Оларды көзбен шолып байқауға мүмкін емес. Мұндай флуктуациялар жер үстіндегі мүшелері көпжылдық ағаштар, мүктер, қыналар/ фитоценоздарға тән. Олар монодоминантты шөптесін ценоздарда да кездеседі.

  2. Осциляциялық флуктуациялар – фитоценоздар компоненттерінің арақатынасына, өнімділігіне өзгеріс енгізетін, қысқа мерзімді, ұзақтығы 1-2 жылдық өзгерістер. Мұндай өзгерістерді тікелей бақылау арқылы ғана байқауға болады. Осциляцияға доминанттары өзгеріп алмасып тұратын фитоценоздар жатады. Осциляцияға субдоминанттары кезектесіп ауысып тұратын фитоценоздарды де жатқызуға болады. Полидоминантты шөптесін фитоценоздарды жылдар бойында кейбір доминанттардың өзгеруі осциляция типі бойынша, ал басқа доминанттардың өзгеруі циклділікпен жүреді. Мұндай фитоценоздардың флуктуациясы осцилляциялы – циклді деп атайды.

  3. Дигрессивті демутациялық флуктуациялар – фитоценоздардың структурасының айтарлықтай күшті бұзылып 3-10 жыл ішінде алғашқы қалпына келуімен байланысты. Фитоценоздардың бұзылуының себептері: биогеоценоздардың метрологиялық және гидрологиялық жағдайының кенет орташа жағдайынан ауытқуы /күшті ұзақ құрғақшылық, көктемдегі ұзақ уақыт жер бетінде судың жиналуы, қары аз суық қыс болуы / сонымен қатар фитофагтардың және жертесерлердің жаппай көбеюі.

Сонымен біздер фитоценоздардың қайтып орнына келетін өзгерістерінің түрлеріне тоқталып өттік. Фитоценоздардың бұл қасиетін зерттеудің маңызы өте зор. Фитоценоздардың өзгерістерінің маусымдық және флуктуациялық циклдарын дұрыс білмей ассоцияцияларды анықтап бөлу, оған дұрыс диагностика беру және фитоценоздардың өнімділігіне биологиялық және шаруашылық сипаттама беру мүмкін емес. Әсіресе шалғындық өсімдіктерін зерттегенде оның флуктуациялық өзгерістерін ескеру қажет, өйткені ол қасиет оларда айқын байқалады.
Флуктуацияда фитоценоздың мәні өзгермейді, ол оның флоралық құрамын өзгертпейді, сондықтан флуктуация фитоценоздардың қайтып қалпына келмейтін өзгерістеріне /сукцессияға/ қарама-қарсы қойылды.
12-13 ДӘРІС. ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ЭКОЛОГОБИОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ ЖӘНЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет